Құралды қолданар алдында, осы нұсқауды ықыласпен оқып шығыңыз, әрі болашақта қолдануға
сақтап қойыңыз.
Құралды қосар алдында, құралда көрсетілген вольтаж, жергілікті қамтамасыз етілетін
волтажбен сәйкес келетіндігін тексеріп алыңыз.
Құралдың тоқ сымы, шанышқысы, немесе құралдың өзі зақымдалған болса, оны қолдануға
болмайды.
Егер осы құралдың тоқ сымы зақымдалған болса, қауіпті жағдай туғызбас үшін, тек Филипс
немесе Филипс әкімшілік берген қызмет орталығында немесе сол тәріздес деңгейі бар
маман ғана оларды алмастыруы тиіс.
Құралды балалардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз
Суды немесе басқа сұйықтықты соруға болмайды. Жануы жеңіл заттарды соруға болмайды,
ал күлді сору үшін, оның суығанын күтіңіз.
Шлангыны көзіңізге, құлағыңызға бағыттамаңыз, және де шаң сорғыш тоққа қосылулы
тұрғанда, ал шланг шаң сорғышқа қосылулы тұрғанда, аузыңызға салуға болмайды.
Шаң сорғышты ұсақ шаңды сору үшін қолданғанда, шаң дорбасының тесікшелері бітіп
қалуы мүмкін, нәтижесінде, шаң дорбасы арқылы ауа өтуі мүмкіндігі болмай қалады.
Сондықтан шаң дорбасы толы деген көрсеткіш шаң дорбасын алмастыру қажет дегенді
білдіреді. Шаң дорбасы толы болмаса да, оны алмастыру қажет болады.
Бұл құралды мотор қорғауыш фильтірісіз қолдануға болмайды. Бұл моторға зақым келтіріп,
құралдың қызмет ететін өмірін қысқартуы мүмкін.
Тек Philips қос қабатты қағаз шаң дорбаларын немесе қосымша қамтамасыз етілген қайта
қолдануға болатын шаң дорбаларын ғана қолданыңыз.
Шу деңгейі: Lc = 82 dB [A]
Осы Philips құралы Электрмагниттік өріске (ЭМӨ) байланысты барлық стандарттарға сәйкес
келеді. Егер осы құралды қосымша берілген нұсқауға сәйкес етіп ұқыпты қолданған болса, онда
бұл құрал, бүгінгі таңдағы белгілі ғылыми зерттеулер бойынша, қолдануға қауіпсіз болып келеді.
1 Шлангыны қосу үшін, оны құралға итеріп, сағат бағытында бұраңыз (Cурет 1).
Шлангыны босату үшін, оны сағат бағытынан кері бұрап, құралдан тартып суырып алыңыз.
1 Құбырларды бір біріне және шлангының қол сабына байланыстыру үшін, тар бөлігін кең
бөлігіне кішкене бұрап отырып кіргізіңіз. Қыстырғышы бар құбыр ол төменгі
құбыр (Cурет 2).
Қосымша бөлшектерді байланыстыру үшін осы әдісті қолдануыңызға болады.
Құбырларды және қосымша бөлшектерді ажырату үшін, кішкене бұрап отырып тартыңыз.
Комбинациялы саптамасын кез келген кілем үшін (қылшықты лентасын ішіне кіргізіп) қолдануға
немесе қатты еден үшін (қылшықты лентасын сыртқа шығарып) қолдануға болады:
1 Комбинациялы саптама төбесіндегі ықтырмалы қосу түймесін аяғыңызбен басып, қатты
едендерді тазалау үшін, қылшықты лентаны саптама орнынан шығарып
алыңыз. (Cурет 3)
2 Ықтырмалы қосу түймесінің екінші жағын басу арқылы қылшықты лентаны саптама
орнына кіргізесіз. (Cурет 4)
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-