AEG 4705RVS-WN Руководство пользователя

Тип
Руководство пользователя

Это руководство также подходит для

Қолдану туралы нұсқаулары 2
Инструкция по эксплуатации 36
KK
RU
4705RVS-WN
4705RVS-MN
МАЗМҰНЫ
1. САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ....................................................................................... 3
2. ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЛАРЫ............................................................................ 5
3. БҰЙЫМ СИПАТТАМАСЫ................................................................................. 8
4. БІРІНШІ ҚОЛДАНҒАНҒА ДЕЙІН.......................................................................9
5. ПЕШТІҢ ҮСТІ - КҮНДЕЛІКТІ ПАЙДАЛАНУ..................................................... 9
6. ПЕШТІҢ ҮСТІ - ПАЙДАЛЫ АҚЫЛ-КЕҢЕС.....................................................10
7. ПЕШТІҢ ҮСТІ - КҮТІП ҰСТАУ ЖӘНЕ ТАЗАЛАУ...........................................11
8. ТҰМШАПЕШ - КҮНДЕЛІКТІ ПАЙДАЛАНУ ....................................................12
9. ТҰМШАПЕШ - САҒАТ ФУНКЦИЯЛАРЫ........................................................ 14
10. ТҰМШАПЕШ - ПАЙДАЛЫ АҚЫЛ-КЕҢЕС.................................................... 16
11. ТҰМШАПЕШ - КҮТІП ҰСТАУ ЖӘНЕ ТАЗАЛАУ...........................................30
12. АҚАУЛЫҚТЫ ТҮЗЕТУ...................................................................................32
13. ОРНАТУ......................................................................................................... 34
ТАМАША НӘТИЖЕГЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗУ ҮШІН
AEG өнімін таңдағаныңызға рахмет. Бұл өнімді тұрмыс-тіршілікті жеңілдету
үшін инновациялық технологияны - қатардағы құрылғыларда бола бермейтін
функцияларды қолдана отырып, сізге жылдар бойы мүлтіксіз көмек көрсету
үшін арнайы жасадық. Құрылғының мүмкіншіліктерін барынша толық қолдану
үшін бірнеше минутыңызды бөліп, осы ақпаратты оқып шығыңыз.
Біздің веб-сайтқа барып келесіні қараңыз:
Қолдануға қатысты кеңестер, кітапшалар, ақаулықты түзету, қызмет
көрсету туралы ақпарат:
www.aeg.com
Сізге барынша жақсы қызмет көрсету үшін өніміңізді мына жерге тіркеңіз:
www.registeraeg.com
Құрылғыңызға қажетті керек-жарақтарды, шығынды материалдарды және
фирмалық қосалқы бөлшектерді сатып алу үшін:
www.aeg.com/shop
ТҰТЫНУШЫҒА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
Фирмалық заттарды қолдануды ұсынамыз.
Қызмет көрсету орталығына хабарласқанда келесі деректердің дайын
болуын қамтамасыз етіңіз. Үлгісі, Өнім нөмірі, Сериялық нөмірі.
Деректерді техникалық ақпарат тақтайшасынан алуға болады.
Ескерту / Қауіп-қатерден сақтандыру ақпараты
Жалпы ақпарат және ақыл-кеңес
Қоршаған ортаға қатысты ақпарат
Өндіруші ескертусіз өзгеріс енгізу құқығына ие.
www.aeg.com2
1. САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ
Құрылғыны орнатып іске қолданар алдында бірге
жеткізілген нұсқауларды мұқият оқып шығыңыз.
Құрылғыны дұрыс орнатпау мен дұрыс пайдаланбау
нәтижесінде адам жарақат алса және ақаулық орын
алса өндіруші жауапты емес. Нұсқаулықты
келешекте қарап жүру үшін үнемі сақтап қойыңыз.
1.1 Балалар мен дәрменсіз адамдардың
қауіпсіздігі
НАЗАРЫҢЫЗДА БОЛСЫН!
Тұншығып қалу, жарақат алуы немесе кемтар
болып қалу қаупі бар.
Бұл құрылғыны 8 жастан асқан балалар мен
денесіне, сезім жүйесіне не ақыл-есіне зақым
келген адамдар не тәжірибесі аз адамдар өз
қауіпсіздіктерін қамтамасыз ететін адамның
қадағалауы немесе құрылғыны қауіпсіз қолдану
бойынша берген нұсқауына сүйеніп, дұрыс
қолданбау салдарын түсінсе қолдануына болады.
Балаларға құрылғымен ойнауға рұқсат бермеңіз.
Орам материалдарының барлығын балалардан
алыс ұстаңыз.
Құрылғы жұмыс істеп тұрғанда немесе ол суып
тұрғанда, балалар мен үй жануарларын оған
жақындатпаңыз. Қол жететін бөлшектері ыстық.
Балалар тазалау және күтім көрсету жұмыстарын
басқаның бақылауынсыз орындамауға тиіс.
1.2 Қауіпсіздік туралы жалпы ақпарат
Тек білікті маман ғана осы құрылғыны орнатып,
сымын ауыстыруға тиіс.
Құрылғыны сыртқы таймермен немесе бөлек
қашықтан басқару жүйесімен басқармаңыз.
Май немесе өсімдік майы қосылған тағамды пештің
үстіне қараусыз қалдыру қауіпті және өрт шығуы
мүмкін.
ҚАЗАҚ 3
Өртті ешқашан сумен сөндіруге әрекет жасамаңыз,
бұндай жағдайда құрылғыны сөндіріп, содан кейін
жалынды қақпақ немесе өрт басқыш көрпе тәрізді
затпен жабыңыз.
Пісіру алаңына зат сақтамаңыз.
Құрылғыны бумен тазалау құралын пайдаланып
тазаламаңыз.
Пышақ, шанышқы, қасық және қақпақ тәрізді темір
заттарды пештің үстіне қоймаңыз, себебі ысып
кетеді.
Егер шыны керамика бетке сызат түссе / шыны
сынса, электр қатері пайда болмас үшін құрылғыны
сөндіріңіз.
Жұмыс істеп тұрған құрылғының ішкі жағы ысып
кетеді. Құрылғының ішіндегі қыздырғыш
элементтерге қол тигізбеңіз. Керек-жарақтарды
немесе ыдыстарды алып-салған кезде үнемі қолғап
киіңіз.
Күтім көрсетер алдында электр желісінен
ажыратыңыз.
Электр қатеріне ұшырамау үшін шамды ауыстырар
алдында құрылғыны сөндіріп қойыңыз.
Шыны есікті тазалау үшін қатты жеміргіш заттарды
немесе өткір темір құралдарды пайдаланбаңыз,
себебі сызат түсіп, шыны шытынап кетуі мүмкін.
Егер қуат cымына зақым келсе, қатерден сақтану
үшін оны өндіруші немесе уәкілетті қызмет көрсету
орталығы немесе сол сияқты білікті маман
ауыстыруға тиіс.
Сақтау тартпасын ұстаған кезде абай болыңыз.
Ысып тұрады.
Сөре сырғытпаларын алу үшін әуелі сөре
сырғытпасының алдыңғы жағын, содан кейін артқы
жағын бүйірлік қабырғадан тартыңыз. Сөре
сырғытпаларын кері реттілікпен салыңыз.
Сөндіруге арналған құралдарды электр сымдарын
тарту ережелеріне сай, тұрақты орнатылған сымға
орнату керек.
www.aeg.com4
2. ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЛАРЫ
2.1 Орнату
НАЗАРЫҢЫЗДА БОЛСЫН!
Бұл құрылғыны тек білікті
маман ғана орнатуға тиіс.
Орам материалдарының барлығын
алыңыз
Бүлінген құрылғыны орнатпаңыз
немесе іске қоспаңыз.
Құрылғымен бірге берілген орнату
бойынша нұсқауларды орындаңыз.
Құрылғыны жылжытқан кезде үнемі
абай болыңыз, себебі салмағы
ауыр. Әрқашан қорғаныс қолғабын
киіңіз.
Құрылғыны тұтқасынан тартпаңыз.
Ас үй қаптамасы мен ұясының
өлшемдері құрылғыға сай келуге
тиіс.
Осы құрылғы мен басқа
құрылғылардың, заттардың
арасындағы минимум қашықтықты
сақтаңыз.
Құрылғының үсті мен жан-жағын
қоршаған конструкциялардың
қауіпсіз болуын қамтамасыз етіңіз.
Құрылғының бөлшектерінде кернеу
бар. Құрылғының қауіпті
бөлшектеріне қол тиіп кетпес үшін
оны ас үй қаптамасымен жабыңыз.
Құрылғының жан-жағын биіктігі осы
құрылғының биіктігімен бірдей
құрылғылармен жанастырып қою
керек.
Құрылғыны тағанға қоймаңыз.
Құрылғыны есікке жақын жерге
терезенің астына қоймаңыз. Бұл
есік немесе терезе ашылған кезде
ыстық ыдыс құрылғыдан құлап
кетпеу үшін қажет.
Құрылғы аударылып кетпес үшін
оны орнықты етіп орнататын
құралдарды орнатыңыз. Орнату
тарауын қараңыз.
2.2 Электртоғына қосу
НАЗАРЫҢЫЗДА БОЛСЫН!
Өрт шығу және электр
қатеріне ұшырау қаупі бар.
Электртоғына қосу жұмыстарын
білікті электрші ғана іске асыруға
тиіс.
Құрылғыны міндетті түрде жерге
тұйықтау қажет.
Техникалық ақпарат
тақтайшасындағы электр
параметрлерінің электр желісіндегі
параметрлерге сай келетініне көз
жеткізіңіз. Сай келмесе электршіге
хабарласыңыз.
Әрқашан дұрыс орнатылған,
қатерден сақтандырылған
розетканы қолданыңыз.
Көп тармақты адаптерлер мен
ұзартқыш сымдарды қолданбаңыз.
Электр сымдарын құрылғының
есігіне, әсіресе ыстық тұрған есікке
тигізуге болмайды.
Тоққа қосулы тұрған және
оқшаулағышы бар бөлшектердің
электр қатерінен сақтандырғышын,
саймансыз алынбайтын етіп бекітіп
қою керек.
Құрылғының ашасын розеткаға тек
құрылғыны орнатып болғаннан
кейін ғана жалғаңыз. Орнатып
болғаннан кейін ашаның қол
жететін жерде тұрғанына көз
жеткізіңіз.
Егер розетка босап тұрса, оған
ашаны сұқпаңыз.
Құрылғыны тоқтан ажырату үшін
сымынан тартпаңыз. Әрқашан
ашасынан тартып суырыңыз.
Дұрыс оқшаулағыш құралдарды
ғана қолданыңыз. желіні қорғайтын
ажыратқыштар, сақтандырғыштар
(ұстатқыштан алынған бұрандалы
сақтандырғыштар), жерге
тұйықталудан қорғау тетіктері мен
тұйықтағыштар.
Электр жүйесі құрылғыны кез
келген полюсте ажыратуға
мүмкіндік беретін оқшаулағыш
құралмен жабықталуға тиіс.
Оқшаулағыш құралдың контакт ара
қашықтығы кем дегенде 3 мм
болуға тиіс.
Ашаны розеткаға қосар алдында
құрылғының есігін толық жабыңыз.
ҚАЗАҚ 5
2.3 Пайдалану
НАЗАРЫҢЫЗДА БОЛСЫН!
Жарақат алу және күйіп қалу
қаупі бар. Электр қатеріне
ұшырау қаупі бар.
Бұл құрылғыны үйде ғана
пайдаланыңыз.
Бұл құрылғының техникалық
сипаттамасын өзгертпеңіз.
Желдеткіш саңылаулардың бітеліп
қалмағанына көз жеткізіңіз.
Жұмыс істеп тұрған құрылғыны
назардан тыс қалдырмаңыз.
Құрылғыны пайдаланып болған
сайын тоқтан ажыратыңыз.
Жұмыс істеп тұрған құрылғының
есігін ашқан кезде абай болыңыз.
Ыстық ауа шығуы мүмкін.
Құрылғыны су қолмен іске қоспаңыз
немесе суға тиіп тұрған құрылғыны
пайдаланбаңыз.
Құрылғыны жұмыс орны немесе зат
сақтайтын орын ретінде
қолданбаңыз.
Құрылғының бетіне сызат түссе,
дереу тоқ көзінен ағытыңыз. Бұл
әрекет электр қатеріне ұшырап
қалуға жол бермейді.
НАЗАРЫҢЫЗДА БОЛСЫН!
Өрт және жарылыс пайда
болу қаупі бар
Тоңмайларды немесе майды
қыздырған кезде тұтанғыш бу пайда
болады. Тоңмайға немесе майға
тамақ пісірген кезде қызған
заттарды немесе оттың жалынын
алыс ұстаңыз.
Қатты қызған майдан бөлініп
шығатын бу, кенет жарылыстың
орын алуына себеп болады.
Құрамында тағам қалдықтары бар
қолданылған май, бірінші рет
қолданылып отырған майға
қарағанда, төмен температурада
өрт пайда болуға әкелуі мүмкін.
Тұтанғыш заттарды немесе ішіне
тұтанғыш зат салынған дымқыл
заттарды құрылғының ішіне, қасына
немесе үстіне қоймаңыз.
Есікті ашқан кезде құрылғыға от
жарқылын немесе ашық отты
жақындатпаңыз.
Құрылғының есігін абайлап
ашыңыз. Алкоголь қосылған
қоспаларды қолданғанда, ауа мен
алкоголь қоспасы пайда болуы
мүмкін.
НАЗАРЫҢЫЗДА БОЛСЫН!
Құрылғыны бүлдіріп
алуыңыз мүмкін.
Құрылғының эмаль қаптамасы
бүлініп немесе өңі кетпес үшін:
пештің ыдыстарын немесе
басқа заттарды құрылғының
табанына тура қоймаңыз.
суды ыстық құрылғыға тура
қоймаңыз.
тамақ пісіріп болғаннан кейін
дымқыл ыдыс пен тағамды
құрылғының ішінде ұстамаңыз.
керек-жарақтарды алғанда
немесе орнатқанда абай
болыңыз.
Құрылғының эмаль қаптамасының
түсінің өзгеруі құрылғы жұмысына
әсер етпейді. Бұл кепілдік заңына
сәйкес қарастырылатын ақаулық
емес.
Сұйық қоспадан жасалатын тортты
пісіру үшін шұңғыл табаны
қолданыңыз. Жеміс шырындарынан
кетпейтін дақ қалуы мүмкін.
Басқару панеліне ыстық ыдыс
қоймаңыз.
Ыдыстың ішіндегісі сарқылғанша
қайнатпаңыз.
Құрылғының үстіне зат немесе
ыдыс құлап кетуге жол бермеңіз.
Құрылғының бетне зақым келуі
мүмкін.
Пісіру алаңдарын бос ыдыс қойып
немесе ешбір ыдыс қоймай іске
қоспаңыз.
Алюминий жұқалтырды құрылғыға
немесе құрылғының астыңғы
бөлігіне тура қоймаңыз.
Құйылған шойын, алюминий немесе
табанына нұқсан келген ыдыстар
құрылғының бетіне сызат түсіруі
мүмкін. Бұндай заттарды
құрылғының бетінде үнемі көтеріп
жылжыту керек.
Бұл тек тағам пісіруге арналған
құрылғы. Басқа мақсатта, мысалы
бөлмені қыздыру үшін қолдануға
болмайды.
www.aeg.com6
2.4 Күту менен тазалау
НАЗАРЫҢЫЗДА БОЛСЫН!
Жарақат алу, өрт қаупі
немесе құрылғыны бүлдіріп
алу қаупі бар.
Күтім көрсетер алдында құрылғыны
сөндіріңіз.
Ашаны розеткадан суырып алыңыз.
Құрылғының салқын тұрғанына көз
жеткізіңіз. Шыны панелі сынып
қалуы мүмкін.
Есіктің шыныларына зақым келсе
дереу ауыстырыңыз. Қызмет
көрсету орталығына хабарласыңыз.
Құрылғының есігін алған кезде абай
болыңыз. Есіктің салмағы ауыр!
Құрылғының қаптамасының сапасы
түспес үшін мезгіл-мезгіл
тазалаңыз.
Құрылғының ішінде қалған майдың
немесе тағамның қалдығынан өрт
шығуы мүмкін.
Құрылғыны дымқыл, жұмсақ
шүберекпен тазалаңыз. Тек
бейтарап тазартқыш заттарды
қолданыңыз. Жеміргіш заттарды,
түрпілі жөкені, еріткіштерді немесе
темір заттарды пайдаланбаңыз.
Тұмшапеш бүріккішін қолдансаңыз,
оның орамында көрсетілген сақтық
шараларын орындаңыз.
Каталитті эмаль қаптаманы (егер
бар болса) ешбір жуғыш затпен
тазаламаңыз.
2.5 Ішкі жарық шамы
Осы құрылғыда тек тұрмыстық
құрылғыларға ғана арналған
жарықтама шам немесе галоген
шамы қолданылған. Оны бөлмені
жарықтандыру үшін қолданбаңыз.
НАЗАРЫҢЫЗДА БОЛСЫН!
Электр қатеріне ұшырау
қаупі бар.
Шамды ауыстырар алдында
құрылғыны тоқтан ажыратыңыз.
Техникалық параметрлері сай
келетін шамдарды ғана
қолданыңыз.
2.6 Құрылғыны тастау
НАЗАРЫҢЫЗДА БОЛСЫН!
Жарақат алу немесе
тұншығып қалу қаупі бар.
Құрылғыны электр желісінен
ажыратыңыз.
Қуат сымын кесіп алыңыз да,
қоқысқа тастаңыз.
Балалар мен жануарлар құрылғыға
қамалып қалмас үшін есіктің
бекітпесін алыңыз.
ҚАЗАҚ 7
3. БҰЙЫМ СИПАТТАМАСЫ
3.1 Жалпы көрінісі
8
5
4
3
2
1
6
7
10
1 3 4
5
2
9
1
Тұмшапеш функцияларының тетігі
2
Электронды бағдарламалағыш
3
Температура тетігі
4
Температура шамы / белгісі /
индикаторы
5
Пеш үстінің тетіктері
6
Қыздырғыш элемент
7
Шам
8
Сөренің алмалы сырғытпалары
9
Желдеткіш
10
Сөре деңгейлері
3.2 Пісіру алаңдарының көрінісі
170 mm
265 mm
145 mm
145 mm
140/210 mm
1 32
456
1
Пісіру алаңы 1200 Вт
2
Бу шығатын саңылаулар - мөлшері
мен орны үлгі түірне байланысты
3
Пісіру алаңы 1500 / 2400 Вт
4
Пісіру алаңы 1200 Вт
5
Қалдық қызу индикаторы
6
Пісіру алаңы 1000 / 2200 Вт
3.3 Керек-жарақтары
Торкөз сөре
Ыдыс, торт қалыптарын қою, тағам
қуыруға арналған.
Пісірме табақ
Торттар мен печеньелерге
арналған.
Гриль- / Қуыру науасы
Пісіру мен қуыруға немесе май
жинайтын таба ретінде қолдануға
арналған.
Өте шұңғыл таба (кей үлгілерде
ғана бар)
Муссака дайындауға арналған.
Сырғытпа жолдар
Сөрелер мен науаларға арналған.
Зат сақтау суырмасы
Тұмшапештің астыңғы жағында зат
сақтау суырмасы орналасқан.
www.aeg.com8
4. БІРІНШІ ҚОЛДАНҒАНҒА ДЕЙІН
НАЗАРЫҢЫЗДА БОЛСЫН!
Қауіпсіздік тарауларын
қараңыз.
4.1 Алғашқы тазалау
Құрылғыдан керек-жарақтардың
барлығын және алмалы сөре
сырғытпаларын алыңыз.
"Күту менен тазалау"
тарауын қараңыз.
Құрылғыны алғаш рет пайдаланар
алдында тазалаңыз.
4.2 Уақытты орнату
Тұмшапешті іске қосар алдында
уақытты орнату керек.
Тәулік уақытының индикаторы
құрылғыны электр қуатына қосқан
кезде, тоқ сөніп қалғанда немесе
таймер орнатылмаған кезде
жыпылықтайды.
Дұрыс уақытты орнату үшін
немесе
түймешігін басыңыз.
Шамамен бес секунд өткеннен кейін
жыпылықтау тоқтайды да, бейнебетте
сіз орнатқан тәулік уақыты көрсетіледі.
4.3 Уақытты өзгерту
Егер Ұзақтық немесе
Соңы функциялары
жұмыс істесе, тәулік
уақытын өзгерте алмайсыз.
түймешігін тәулік уақытының
индикаторы жыпылықтағанша қайта-
қайта басыңыз.
Жаңа уақытты орнату үшін "Уақытты
орнату" тарауын қараңыз.
4.4 Батырма тетіктер
Құрылғыны іске қосу үшін басқару
тетігін басыңыз. Басқару тетігі бері
шығады.
4.5 Алдын ала қыздыру
Қалған майды күйдіріп жіберу үшін бос
құрылғыны алдын ала қыздырыңыз.
1. функциясы мен ең үлкен
температураны орнатыңыз.
2. Құрылғыны 1 сағат қосып қойыңыз.
3. функциясы мен ең үлкен
температураны орнатыңыз.
4. Құрылғыны 15 минут қосып
қойыңыз.
5. функциясы мен ең үлкен
температураны орнатыңыз.
6. Құрылғыны 15 минут қосып
қойыңыз.
Керек-жарақтар бұрыңғыдан да ыстық
болып кетеді. Құрылғыдан иіс және
түтін шығады. Бұл қалыпты жағдай.
Ауаның жеткілікті түрде айналып
тұрғанына көз жеткізіңіз.
5. ПЕШТІҢ ҮСТІ - КҮНДЕЛІКТІ ПАЙДАЛАНУ
НАЗАРЫҢЫЗДА БОЛСЫН!
Қауіпсіздік тарауларын
қараңыз.
5.1 Қызу параметрі
Белгіше
лер
Функция
Сөндіру қалпы
Қос алаң
ҚАЗАҚ 9
Белгіше
лер
Функция
Жылы ұстау
1 - 9 Қызу параметрлері
(1 - ең төмен қыздыру
параметрі; 9 - ең жоғары
қыздыру параметрі)
Қуат тұтынуды азайту үшін
қалдық қызуды
пайдаланыңыз. Пісіру алаңын
тағам пісіруді аяқтауға
шамамен 5 - 10 минут
қалғанда сөндіріңіз.
Тетікті қажетті қыздыру параметріне
бұраңыз.
Тағам пісіруді аяқтау үшін басқару
тетігін "оff" қалпына койыңыз.
5.2 Сыртқы шеңберлерді
іске қосу және сөндіру
Шеңбердің бетін қолданылатын
ыдыстың өлшемдеріне сай келтіре
аласыз.
Сыртқы шеңберді іске қосу үшін:
шамның тетігін сағат тілінің
бағытымен, шамалы кедергі пайда
болғанша қалпына бұраңыз. Содан
кейін қажетті қыздыру параметрін
реттеу үшін тетікті сағат тілінің
бағытына қарсы бұраңыз.
Сыртқы шеңберді сөндіру үшін:
әрекетті қайта орындаңыз. Индикатор
сөнеді.
5.3 Қалдық қызу
индикаторы
НАЗАРЫҢЫЗДА БОЛСЫН!
Қалдық қызуға күйіп қалу
қаупі бар.
Пісіру алаңы ыстық тұрған кезде
индикатор жанады.
6. ПЕШТІҢ ҮСТІ - ПАЙДАЛЫ АҚЫЛ-КЕҢЕС
НАЗАРЫҢЫЗДА БОЛСЫН!
Қауіпсіздік тарауларын
қараңыз.
6.1 Ыдыс-аяқ
Ыдыстың түбі барынша
қалың әрі мүмкіндігінше
жайпақ болуға тиіс.
Эмальмен қапталған
темірден және алюминий
немесе мыстан жасалған
ыдыстар шыны керамика
беттің түсін өзгертуі мүмкін.
6.2 Қуат үнемдеу
Егер мүмкіндік болса, ыдысқа
әрқашан қақпақ жабыңыз.
Пісіру алаңын ыдысты үстіне
қойғаннан кейін ғана іске қосыңыз.
Тағамды жылы ұстау немесе жібіту
үшін қалдық қызуды пайдаланыңыз.
Ыдыстың табаны мен пісіру
алаңдарының көлемі бірдей болуға
тиіс.
6.3 Тағам пісіру
бағдарламаларының
үлгілері
Кестедегі деректер
жалпылама нұсқау ретінде
ғана берілген.
www.aeg.com10
Қызу
параметрі
Пайдалану: Уақыт Ақыл-кеңес
- 1
Піскен тағамды жылы
ұстаңыз
қажетін
е орай
Ыдыстың қақпағын жабыңыз
1 - 2 Голланд тұздығы,
балқытылған: сары май,
шоколад, желатин
5 - 25
мин
Ара-тұра араластырыңыз
1 - 2 Қойылту: шайқалған омлет,
піскен жұмыртқа
10 - 40
мин
Қақпағын жауып пісіру керек
2 - 3 Күріш және сүтке пісірілген
тағамдарды, дайын
тағамдарды жылыту
25 - 50
мин
Күріштен кем дегенде екі есе
артық су құйыңыз, сүт
тағамдарын арасында
араластырыңыз
3 - 4 Буға піскен көкөніс, балық, ет 20 - 45
мин
Бірнеше ас қасық сұйықтық
қосыңыз
4 - 5 Буға піскен картоптар 20 - 60
мин
750 г картопқа ең көбі ¼ л су
пайдаланыңыз
4 - 5 Көп мөлшердегі тағамдар,
бұқтырылған тағамдар мен
көже пісіру
60 - 150
мин
3 литрге дейін су және
құраластар
6 - 7 Баппен қуыру: эскалоп,
"кордон блё" бұзау еті,
риссоль, котлет, шұжық,
бауыр, майға қуырылған ұн,
жұмыртқа, құймақ, бауырсақ
қажетін
е орай
Орта тұсында аударыңыз
7 - 8 Қатты қуыру, қуырылған
картоп, қоң ет, стейктер
5 - 15
мин
Орта тұсында аударыңыз
9 Суды қайнату, макарон пісіру, етті қызартып қуыру (гуляш, бұқтырып
пісіру), фри
7. ПЕШТІҢ ҮСТІ - КҮТІП ҰСТАУ ЖӘНЕ ТАЗАЛАУ
НАЗАРЫҢЫЗДА БОЛСЫН!
Қауіпсіздік тарауларын
қараңыз.
7.1 Жалпы ақпарат
Пештің үстін пайдаланған сайын
тазалаңыз.
Ыдысты қолданғанда табаны
әрқашан таза болсын.
Пештің үстіне түскен сызаттар
немесе қошқыл дақтар оның
жұмысына ешқандай әсер етпейді.
Шыныға арналған арнайы
қырғышты қолданыңыз.
Пештің үстін тазалауға жарамды
арнайы тазалағышты
пайдаланыңыз.
7.2 Пештің үстін тазалау
Дереу тазалаңыз: балқыған
пластмасса, пластик фольга және
қант қосылған тағам. Дереу
тазаламасаңыз, пештің үстін
бүлдіріп алуыңыз мүмкін.
Қырғышты шыны бетке арнайы
ҚАЗАҚ 11
сүйір бұрыш жасап қойып, жүзін
жылжыта отырып тазалаңыз.
Пештің үсті жеткілікті түрде
суыған кезде алыңыз: әк дақтары,
су дақтары, май дақтары, металдың
жылтыраған дақтары. Пешті
дымқыл шүберекпен, шамалы
жуғыш зат қосып тазалаңыз.
Тазалап болғаннан кейін пештің
үстін жұмсақ шүберекпен
құрғатыңыз.
8. ТҰМШАПЕШ - КҮНДЕЛІКТІ ПАЙДАЛАНУ
НАЗАРЫҢЫЗДА БОЛСЫН!
Қауіпсіздік тарауларын
қараңыз.
8.1 Желдеткіш
Құрылғы жұмыс істеп тұрған кезде,
құрылғының беттерін салқын ұстау
үшін желдеткіш автоматты түрде
қосылады. Құрылғыны сөндірсеңіз,
желдеткіш құрылғы салқындағанша
жұмыс істеп тұра береді.
8.2 Тұмшапешті іске қосу
және сөндіру
Тетік белгішесі,
индикаторы немесе шамы
(үлгіге байланысты -
құрылғының
сипаттамасын қараңыз):
Тұмшапеш қызғанда
индикатор жанады.
Тұмшапеш іске
қосылғанда шам жанады.
Белгіше арқылы тетіктің
пісіру алаңдарының,
тұмшапеш
функцияларының
қайсысын басқаратыны
не оның температураны
басқаратыны көрсетіледі.
1. Тұмшапештің функциясын таңдау
үшін тұмшапеш функцияларының
тетігін бұраңыз.
2. Температураны таңдау үшін
температура тетігін бұраңыз.
3. Тұмшапешті сөндіру үшін
температура және тұмшапеш
функцияларына арналған
тетіктерді сөндіру қалпына бұрап
қойыңыз.
8.3 Тұмшапештің функциялары
Белгіше Тұмшапеш
функциясы
Қолданылуы
Сөндіру қалпы Құрылғы сөндірулі.
Ыстық желдеткішпен
пісіру
Тағамды 2 сөреде қатар пісіруге және кептіруге
арналған.
www.aeg.com12
Белгіше Тұмшапеш
функциясы
Қолданылуы
Дәстүрлі пісіру Тағамды 1 сөреде пісіруге және қуыруға
арналған.
Пицца параметрі Тағамды қатты қызартып, түбін қытырлақ ету
үшін 1 сөреде пісіруге арналған.
Турбо-гриль Үлкенірек ет кесектерін немесе сүйегі бар құс
етін 1 сөреге қойып, қуыруға арналған. Сондай-
ақ гратин жасауға және қызарғанша қуыруға
арналған.
Жылдам гриль жасау Жалпақ етіп көп мөлшерде дайындалған
тағамнан гриль жасау және тост жасау үшін.
Жеңіл пісіру Қалбырда пісіруге және сөреге қойып төмен
температурада кептіруге арналған.
Жібіту Мұздатылған тағамды жібітуге арналған.
Тұмшапештің шамы Шамды пісіру функциясынсыз жарықтандыруға
арналған.
8.4 Тұмшапештің керек-
жарақтарын салу
Шұңғыл таба:
Шұңғыл табаны сөре сырғытпасының
бағыттағыштарының арасына салып
итеріңіз.
Торкөз сөре мен шұңғыл табаны
бірге қолдану:
Шұңғыл табаны сөре сырғытпасының
бағыттағышының және торкөз сөренің
бағыттағыштарының арасына салып
жылжытыңыз.
Барлық керек-жарақтардың
үстіңгі оң және сол
жақтарында, қауіпсіздікті
арттыру үшін шығыңқы
элементтер салынған.
Шығыңқы тұстар
құралдардың аударылып
қалуына жол бермейтін
қауіпсіздік құралдары болып
табылады. Сөренің биік
жиектемесі ыдыстардың
сырғып кетуіне жол
бермейтін сақтық құралы
болып табылады.
ҚАЗАҚ 13
8.5 Сырғытпа жолдар -
тұмшапештің керек-
жарақтарын салу
Сырғытпа жолдарды орнату
нұсқауларын кейін
пайдалану үшін сақтап
қойыңыз.
Сырғытпа жолдардың көмегімен
сөрелерді оңай алып-салуға болады.
Төркөз сөренің тіректерін төмен
қаратып сырғытпа жолдарға қойыңыз.
Пісірме табақты немесе шұңғыл
табаны сырғытпа жолдарға қойыңыз.
Торкөз сөрені шұңғыл табаның үстіне
қойыңыз. Торкөз сөре мен шұңғыл
табаны сырғытпа жолдарға қойыңыз.
9. ТҰМШАПЕШ - САҒАТ ФУНКЦИЯЛАРЫ
9.1 Бейнебет
A B C
A) Функция индикаторлары
B) Уақыт бейнебеті
C) Функция индикаторы
www.aeg.com14
9.2 Түймешіктер
Түймешік Функция Сипаттама
МИНУС Уақытты қоюға арналған.
САҒАТ Сағат функциясын орнатуға арналған.
ПЛЮС Уақытты қоюға арналған.
9.3 Сағат функцияларының кестесі
Сағат функциясы Қолданылуы
Тәулік уақыты Тәулік уақытын орнатуға, өзгертуге немесе қарауға
арналған.
Минут
операторы
Кері санақ уақытын қоюға арналған. Бұл функция
құрылғының жұмысына әсер етпейді.
Ұзақтық Тұмшапеште пісіру уақытын орнатуға арналған.
Соңы Тұмшапеш сөндірілуге тиіс уақытты орнатуға арналған.
Ұзақтық және Аяқтау
функцияларын қолданып,
құрылғының жұмыс істейтін
және сөндірілетін
уақыттарын орнатуға
болады. Бұл құрылғыны
кешіктіру уақытын
пайдаланып қосуға мүмкіндік
береді. Әуелі Ұзақтық
функциясын, содан кейін
Аяқтау функциясын
орнатыңыз.
9.4 Сағат функцияларын
орнату
Ұзақтық және Аяқтау функциялары
үшін
тұмшапеш функциясы мен
пісіру температурасын орнатыңыз. Бұл
Минут операторы
функциясы үшін
қажет емес.
1. түймешігін қажетті сағат
функциясының индикаторы
жыпылықтай бастағанша қайта-
қайта басыңыз.
2. Қажетті сағат функциясын орнату
үшін немесе түймешігін
басыңыз.
Сағат функциясы жұмыс істейді.
Бейнебетте орнатылған сағат
функциясының индикаторы
көрсетіледі.
Минут операторы
қолданылғанда, дисплейде
қалған уақыт көрсетіледі.
3. Уақыт аяқталған кезде сағат
функциясының индикаторы
жыпылықтайды және дыбыстық
сигнал естіледі. Сағат функциясын
тоқтату үшін түймешікті басыңыз.
4. Тұмшапеш функциясының тетігін
және температура тетігін "off"
(сөндірулі) қалпына қойыңыз.
Ұзақтық және Аяқтау
функцияларында құрылғы
автоматты түрде сөнеді.
ҚАЗАҚ 15
9.5 Сағат функцияларын
біржола тоқтату
1. түймешігін қажетті функцияның
индикаторы жыпылықтағанша
қайта-қайта басыңыз.
2. түймешігін басып ұстап
тұрыңыз.
Сағат функциясы бірнеше секундтан
кейін сөнеді.
10. ТҰМШАПЕШ - ПАЙДАЛЫ АҚЫЛ-КЕҢЕС
НАЗАРЫҢЫЗДА БОЛСЫН!
Қауіпсіздік тарауларын
қараңыз.
Кестелердегі температура
мен пісіру уақыттары тек
нұсқау ретінде беріледі.
Олар рецептерге, олардың
құрамының сапасы мен
мөлшеріне байланысты
болады.
10.1 Пісіру
Тұмшапешіңіз бұрыңғы
құрылғыңызға қарағанда басқаша
пісіруі немесе қуыруы мүмкін.
Әдетте қолданатын
параметрлеріңізді (температура,
пісіру уақыттары) және сөре
деңгейлерін кестедегі мәндерге сай
келтіріңіз.
Өндіруші тұмшапешті ең алғаш рет
қолданғанда төмен температураны
қолдануды ұсынады.
Арнайы рецептіге сай келетін
параметрлерді таба алмасаңыз,
соған ұқсас параметрлерді іздеңіз.
Егер торттарды бірнеше деңгейге
қойып пісірсеңіз, пісіру уақыттарын
10 - 15 минутқа созуға болады.
Кекстер мен пісірілген нандар
басында әр түрлі биіктікте бірдей
қызармауы мүмкін. Бұл жағдай
орын алса, температура параметрін
өзгертпеңіз. Айырмашылықтар
пісіру барысында бір деңгейге
келеді.
Пісіру уақыты ұзақ болса,
тұмшапешті пісіру уақытының
аяқталуына 10 минут қалғанда
сөндіріп, содан кейін қалған қызуды
қолданыңыз.
Мұздатылған тағамды пісірген кезде,
тұмшапештің науалары майысып
қалуы мүмкін. Науалар суыған кезде
майысқаны қалпына келеді.
10.2 Пісіруге қатысты кеңестер
Пісіру нәтижелері Ықтимал себебі Шешімі
Торттың астыңғы жағы
жеткілікті қызармаған.
Сөре дұрыс деңгейге
қойылмаған.
Тортты төменірек
орналасқан сөреге
қойыңыз.
Торт басылып қалды
немесе шикі, жентектеліп,
құрылымы біркелкі болмай
піседі.
Тұмшапештің
температурасы тым
жоғары.
Келесі жолы сәл төменірек
тұмшапеш
температурасын таңдап
пісіріңіз.
Торт басылып қалды
немесе шикі, жентектеліп,
құрылымы біркелкі болмай
піседі.
Пісіру уақыты тым қысқа. Ұзағырақ пісіру уақытын
орнатыңыз. Пісіру
уақыттары жоғарырақ
пісіру температураларын
таңдағанда азаймайды.
www.aeg.com16
Пісіру нәтижелері Ықтимал себебі Шешімі
Торт басылып қалды
немесе шикі, жентектеліп,
құрылымы біркелкі болмай
піседі.
Қоспаға тым көп сұйықтық
қосылған.
Сұйықтықты аз қосыңыз.
Әсіресе араластырғыш
машинаны қолданған кезде
араластыру уақытына
назар аударыңыз.
Торт тым кебір. Тұмшапештің
температурасы өте төмен.
Келесі жолы сәл
жоғарырақ тұмшапеш
температурасын таңдап
пісіріңіз.
Торт тым кебір. Пісіру уақыты тым ұзақ. Келесі жолы пісіру уақытын
сәл қысқартыңыз.
Торт біркелкі қызармайды. Тұмшапештің
температурасы өте жоғары
және пісіру уақыты тым
қысқа.
Тұмшапештің
температурасын
төмендетіп, пісіру уақытын
ұзартыңыз.
Торт біркелкі қызармайды. Қоспа біркелкі
таратылмаған.
Қоспаны пісірме науасына
біркелкі таратып салыңыз.
Торт көрсетілген уақытта
пісіп үлгермейді.
Тұмшапештің
температурасы өте төмен.
Келесі жолы сәл жоғары
тұмшапеш
температурасын таңдап
пісіріңіз.
10.3 Жеңіл пісіру
Қалбырда пісіруге және бір сөреге
қойып төмен температурада
кептіруге арналған.
Бір уақытта тек бір ғана қалбырға
немесе науаға салып пісіріңіз.
Тағам Температура (°C) Уақыт (мин.)
Печеньелер 180 - 190
10 - 20
1)
Кондитерлік тағамдар:
Пирожный
180 - 190 30 - 40
Кондитерлік тағамдар:
Шала ашыған қамырдан
180 - 190 25 - 35
Меренга 80 - 100 120 - 150
1)
Тұмшапешті алдын ала қыздырыңыз.
ҚАЗАҚ 17
10.4 Ыстық желдеткіш
Тұмшапештің бірінші деңгейінде
пісіру
Қалбырда пісіру
Тағам Сөренің
орналасуы
Температура (°C) Уақыт (мин.)
Дөңгелек кекс
немесе тоқаш
2 150 - 160 50 - 70
Мадейра торты/
жеміс-жидек торты
1 - 2 140 - 160 50 - 90
Майсыз бисквит
торт
3
150 - 160
1)
25 - 40
Жидек салынған
ашық бәліш -
үгілмелі пирожный
2
170-180
1)
10 - 25
Жидек салынған
ашық бәліш -
бисквит қоспа
2 150 - 170 20 - 25
Алма бәліші
(2қалбыр Ø20см,
көлденеңінен
қойылған)
2 - 3 160 60 - 90
1)
Тұмшапешті алдын ала қыздырыңыз
Пісірме табаларға қойылған торттар / кондитер өнімдері / нандар
Тағам Сөренің
орналасуы
Температура (°C) Уақыт (мин.)
Бетіне үкпе
себілген торт
(құрғақ)
3 150 - 160 20 - 40
Жемісті ашық
бәліштер (ашыған
қамырдан / бисквит
қоспадан
жасалған)
1)
3 150 35 - 55
Үгілме қамырдан
жасалған жемісті
ашық бәліштер
3 160 - 170 40 - 80
1)
Шұңғыл табаны қолданыңыз
www.aeg.com18
Печеньелер
Тағам Сөренің
орналасуы
Температура (°C) Уақыт (мин.)
Үгілме қамыр
негізіндегі
бисквиттер
3 150 - 160 10 - 20
Шала ашыған
қамыр наны/тәтті
таспалар
3 140 20 - 35
Бисквит қоспадан
жасалған
бисквиттер
3 150 - 160 15 - 20
Жұмыртқаның ағын
қосып жасалған
пирожныйлар,
меренгалар
3 80 - 100 120 - 150
Бадам печеньесі 3 100 - 120 30 - 50
Ашыған қамырдан
жасалған
бисквиттер
3 150 - 160 20 - 40
Қабат-қабат
қамырдан жасалған
кондитерлік өнімдер
3
170 - 180
1)
20 - 30
Булочкалар 3
160
1)
10 - 35
Кішкентай
пирожныйлар (әр
науада 20)
3
150
1)
20 - 35
1)
Тұмшапешті алдын ала қыздырыңыз
Пісірмелер және гратиндер кестесі
Тағам Сөренің
орналасуы
Температура (°C) Уақыт (мин.)
Үстінен
балқытылған
ірімшік салған
багета
1
160 - 170
1)
15 - 30
Толтырма салынған
көкөніс
1 160 - 170 30- 60
1)
Тұмшапешті алдын ала қыздырыңыз
ҚАЗАҚ 19
Көп деңгейде пісіру
Пісірме табаларға қойылған торттар / кондитер өнімдері / нандар
Тағам Сөренің
орналасуы
Температура (°C) Уақыт (мин.)
2-ші деңгей
Кремді бәліш /
Эклер
2/4
160 - 180
1)
25 - 45
Құрғақ штрудель 2/4 150 - 160 30 - 45
1)
Тұмшапешті алдын ала қыздырыңыз
Печенье/small cakes/кондитер өнімдері/булочка
Тағам Сөренің
орналасуы
Температура (°C) Уақыт (мин.)
2-ші деңгей
Үгілме қамыр
негізіндегі
бисквиттер
2/4 150 - 160 20 - 40
Шала ашыған
қамыр наны/тәтті
таспалар
2/4 140 25 - 45
Бисквит қоспадан
жасалған
бисквиттер
2/4 160 - 170 25 - 40
Жұмыртқаның ағы
қосылған
бисквиттер,
меренгалар
2/4 80 - 100 130 - 170
Бадам печеньесі 2/4 100 - 120 40 - 80
Ашыған қамырдан
жасалған
бисквиттер
2/4 160 - 170 30 - 60
Қабат-қабат
қамырдан жасалған
кондитерлік
өнімдер
2/4
170 - 180
1)
30 - 50
Булочкалар 2/4
180
1)
25- 40
Кішкентай
пирожныйлар (әр
науада 20)
2/4
150
1)
20 - 40
1)
Тұмшапешті алдын ала қыздырыңыз
www.aeg.com20
  • Page 1 1
  • Page 2 2
  • Page 3 3
  • Page 4 4
  • Page 5 5
  • Page 6 6
  • Page 7 7
  • Page 8 8
  • Page 9 9
  • Page 10 10
  • Page 11 11
  • Page 12 12
  • Page 13 13
  • Page 14 14
  • Page 15 15
  • Page 16 16
  • Page 17 17
  • Page 18 18
  • Page 19 19
  • Page 20 20
  • Page 21 21
  • Page 22 22
  • Page 23 23
  • Page 24 24
  • Page 25 25
  • Page 26 26
  • Page 27 27
  • Page 28 28
  • Page 29 29
  • Page 30 30
  • Page 31 31
  • Page 32 32
  • Page 33 33
  • Page 34 34
  • Page 35 35
  • Page 36 36
  • Page 37 37
  • Page 38 38
  • Page 39 39
  • Page 40 40
  • Page 41 41
  • Page 42 42
  • Page 43 43
  • Page 44 44
  • Page 45 45
  • Page 46 46
  • Page 47 47
  • Page 48 48
  • Page 49 49
  • Page 50 50
  • Page 51 51
  • Page 52 52
  • Page 53 53
  • Page 54 54
  • Page 55 55
  • Page 56 56
  • Page 57 57
  • Page 58 58
  • Page 59 59
  • Page 60 60
  • Page 61 61
  • Page 62 62
  • Page 63 63
  • Page 64 64
  • Page 65 65
  • Page 66 66
  • Page 67 67
  • Page 68 68
  • Page 69 69
  • Page 70 70
  • Page 71 71
  • Page 72 72
  • Page 73 73
  • Page 74 74
  • Page 75 75
  • Page 76 76

AEG 4705RVS-WN Руководство пользователя

Тип
Руководство пользователя
Это руководство также подходит для

Задайте вопрос, и я найду ответ в документе

Поиск информации в документе стал проще с помощью ИИ