Whirlpool ECOT7F 1292 (EU) Руководство пользователя

  • Привет! Я прочитал инструкцию по эксплуатации стиральной машины Hotpoint-Ariston ECOT7F 1292 и готов ответить на ваши вопросы. В инструкции подробно описаны все функции машины, включая различные программы стирки, настройку температуры и скорости отжима, а также советы по уходу и устранению неполадок. Спрашивайте!
  • Как настроить отложенный старт?
    Как очистить лоток для моющих средств?
    Что делать, если машина сильно вибрирует во время отжима?
    Какие программы стирки доступны?
KZ
61
Мазмұны
Орнату, 62-63
Қаптамадан алу және түзулеу
Ток пен суды қосу
Бірінші жуу циклы
Техникалық деректері
Кір жуғыш машина сипаттамасы және
жуу циклын бастау, 64-65
Басқару тақтасы
Индикатор шамдары
Барабанды ашу және жабу тәсілі
Жуу циклын бастау
Жуу циклдары, 66
Жуу циклдарының кестесі
Жекешелендіру, 67
Температураны орнату
Сығу жылдамдығын орнату
Функциялар
Жуғыш заттар мен кірлер, 68
Жуғыш зат тартпасы
Ағарту циклы
Кірлерді дайындау
Арнайы күтімді қажет ететін киімдер
Жүкті теңестіру жүйесі
Сақтандырулар мен кеңестер, 69
Жалпы қауіпсіздік
Қоқысқа тастау
Қуатты үнемдеу және қоршаған ортаны құрметтеу
Күтім көрсету және техникалық қызмет
көрсету, 70
Су мен токты өшіру
Кір жуғыш машинаны тазалау
Құрылғы есігі мен барабанына күтім көрсету
Сорғыны тазалау
Судың кіріс түтігін тексеру
Жуғыш зат диспенсерін тазалау тәсілі
Ақаулықтарды жою, 71
Қызмет көрсету, 72
ECOT7F 1292
Пайдалану нұсқаулығы
КІР ЖУҒЫШ МАШИНА
Қазақша
KZ
62
KZ
Орнату
! Бұл нұсқаулықты кейін қарау үшін жоғалып қалмайтындай
бір жерге сақтап қойыңыз. Құрылғы сатылса, тасымалданса
немесе көшірілсе, нұсқаулық құрылғымен бірге болатынын
қамтамасыз етіңіз, солайша жаңа иесі оның жұмысы мен
мүмкіндіктерімен танысады.
! Осы нұсқаулықты мұқият оқып шығыңыз: оның ішінде
орнату, пайдалану және қауіпсіздік туралы ақпарат бар.
Қаптамадан алу және түзулеу
Қаптамадан алу
1. Кір жуғыш машинаны
қаптамасынан алыңыз.
2. Кір жуғыш машина
тасымалданған кезде
зақымдалмағанын
тексеріңіз. Зақымдалған
болса, оны орнатпаңыз
және сатушыға
хабарласыңыз.
3. Құрылғының артқы
жағында орналасқан 4
қорғаныш бұрандасын
және тиісті төсемі бар
резеңке тығырықты
алып тастаңыз (суретті
қараңыз).
4. Тесіктерді бірге берілген пластикалық тығындармен
жабыңыз.
5. Барлық бөлшектерді сақтап қойыңыз: кір жуғыш
машина басқа жерге тасымалданатын болса, олар
керек болады.
Ескерту: бұрандалар қайта қолданылатын болса,
жоғарғы жақтағы қысқа бұрандаларды бекітуді
ұмытпаңыз.
! Қаптама материалдарын балалардың ойыншығы
ретінде қолдануға болмайды.
! Ораушы және жеке оның элементтерi азықпен
байланысу үшiн арналмаған.
Түзулеу
Алдыңғы екі аяғы дұрыс реттелмеген болса, кір
жуғыш машина бірталай шуыл шығаруы мүмкін.
1. Кір жуғыш машинаны
қ а б ыр ғ а ға , жи һ а з ғ а,
шкафқа немесе басқа затқа
сүйемей, тегіс әрі қалыпты
еденге орнатыңыз.
2. Еден түзу болмаса, алдыңғы
аяқтарды қатайту немесе
босату арқылы құрылғыны
түзулеңіз (суретті қараңыз);
құрылғының үстіңгі жағымен
салыстырып өлшенген еңкею бұрышы 2°-тан аспауы керек.
Құрылғыны дұрыс түзулеу оған тұрақтылық береді және
жұмыс істеген кезде дірілдеуіне, шуыл шығаруына және
қозғалуына жол бермейді. Кір жуғыш машина бекітілген
немесе бос жатқан кілемге қойылса, аяқтарын оның астында
вентиляция үшін жеткілікті орын болатындай реттеу керек.
Электр және су қосылымдары
Судың кіріс түтігін жалғау
1. Су жеткізу түтігін суық
су шүмегіне 3/4 газдық
бұранда қосылымын
пайдалана отырып
бұрап жалғаңыз (суретті
қараңыз).
Жалғамас бұрын су
тап-таза болғанша, оны
ағызып алыңыз.
2. Кіріс түтігінің екінші
жағын кр жуғыш
машинаның артқы
жағының жоғарғы оң
жағында орналасқан су
кірісіне бұрау арқылы
жалғаңыз (суретті
қараңыз).
3. Түтікте ешқандай қиылыстар немесе майысулар
жоқ екеніне көз жеткізіңіз.
! Шүмектегі су қысымы Техникалық мәліметтер
кестесінде көрсетілген мәндер аралығында болуы
тиіс (келесі бетте).
! Кіріс түтігінің ұзындығы жеткіліксіз болса,
мамандырылған дүкенге немесе куәландырылған
қызмет көрсету маманына хабарласыңыз.
KZ
63
Ағызу түтігін жалғау
Ағызу түтігін
майыстырмай,
еденнен 65-100 см
жоғары орналасқан
ағызу құбырына
немесе қабырғадағы
канализация құбырына
жалғаңыз;
немесе, оны ваннаға
салып, берілген түтікті
шүмекке бекітіңіз (суретті
қараңыз). Түтіктің шеті су
астында болмауы тиіс.
! Түтікті ұзартуға қарсымыз; бірақ басқа амалы
болмаса, ұзарту түтігінің диаметрі бастапқы түтіктің
диаметрімен бірдей болуы және оның ұзындығы 150
см-ден аспауы керек.
Электр қосылымдары
Құрылғыны розеткаға қоспас бұрын, мына
жағдайларға көз жеткізіңіз:
• розетка жерге тұйықталған және қолданыстағы
заңды ережелерге сәйкес келеді;
• розетка Техникалық деректер кестесінде
көрсетілген құрылғының ең жоғарғы қуатына төзімді
(жанындағы ақпаратты қараңыз);
• қуат көзінің кернеуі Техникалық деректер
кестесіндегі мәндер ауқымында (жанындағы
ақпаратты қараңыз);
• розетка кір жуғыш машинаның айырына сәйкес
келеді. Олай болмаса, розетканы немесе айырды
ауыстырыңыз.
! Жабық жер болса да, кір жуғыш машинаны сыртта
орнатпау қажет. Құрылғыны жаңбыр, боран және басқа
да ауа-райы жағдайларында қалдыру аса қауіпті.
! Кір жуғыш машина орнатылғаннан кейін розеткаға
оңай қол жеткізу мүмкін болуы тиіс.
65 - 100 cm
! Бірнеше розеткалар мен ұзартқыш сымдарын
пайдаланбаңыз.
! Сымды майыстыруға немесе оған қысым салуға
болмайды.
! Ток сымын тек өкілетті мамандар ауыстыруы тиіс.
Ескерту! Осы ережелер сақталмаған жағдайда,
компания жауапты болмайды.
Бірінші жуу циклы
Құрылғы орнатылғаннан кейін және оны алғаш рет
пайдаланбас бұрын, 2-жуу циклын қолдана отырып,
жуғыш затпен кірлерді салмай-ақ, жуу циклын іске
қосыңыз.
Техникалық сипаттамалары
Моделі
ECOT7F 1292
Көлемі
ені 40 ñì
биіктігі 85 ñì
тереңдігі 60 ñì
Толтыру
1 - 7 êã
Электрлік
параметрлері
машинадағы электрлік параметрлері
көрсетілген паспорттық табличканы
қараңыз
Гидравликалық
параметрлері
max қысым 1 Ìïà (10 áàð)
min қысым 0,05 Ìïà (0,5 áàð)
барабанның көлемі 42 ë
Сығу
жылдамдығы
1200 мин/айн дейін
EN 60456
нормативіне сəйкес
бақылау
программалары
программа 2; температура 60°C;
7 кг дейін толтырған кезде.
Машина Еуропалық Экономикалық
қауымдастықтың мынадай
Директиваларына сəйкес келеді:
- 2004/108 /ЕС (электромагниттік
үйлесімділік)
- 2006/95/CE (төмен кернеулі)
- 2012/19/EU
64
KZ
индикатор шамы өшсе, есікті ашуға болады.
Жуу циклын тоқтатылған жерінен бастау үшін осы
түймені тағы бір рет басыңыз.
Күту режимі
Осы кір жуғыш машина, жаңа қуатты үнемдеу
ережелеріне сәйкес, ешбір әрекет байқалмаса,
шамамен 30 минуттан кейін қосылатын автоматты
күту жүйесімен жабдықталған. ҚОСУ-ӨШІРУ түймесін
аз уақыт басып, құрылғының іске қосылуын күтіңіз.
Индикатор шамдары
Индикатор шамдары маңызды ақпаратты береді.
Олар мына жағдайларды білдіруі мүмкін:
Жуу циклы кезеңінің индикатор шамдары
ЖУУ ЦИКЛЫ тұтқасы бұралған кезде индикатор
шамдары жанады, олар таңдалған жуу циклына
сәйкес құрылғы орындайтын кезеңдерді көрсетеді.
Қажетті жуу циклы таңдалып, басталғаннан кейін,
индикатор шамдары бірінен кейін бірі жанып,
циклдың қай кезеңі орындалып жатқанын білдіреді.
Функция түймелері және оларға сәйкес келетін
индикатор шамдары
Функция таңдалған кезде, оған сәйкес келетін
индикатор шамы жанады. Таңдалған функция
бағдарламаланған жуу циклымен үйлесімді болмаса,
тиісті индикатор шамы жыпылықтайды, дыбысты
сигнал беріледі және функция қосылмайды. Бұрын
таңдалған функциямен үйлесімді емес функция
таңдалса, тек ең соңғы таңдау белсенді болады.
Шаю
Сығу
Ағызу
Жуу циклының соңы
Кір жуғыш машина сипаттамасы
және жуу циклын бастау
ТЕМПЕРАТУРА
түймесі
ЖУУ ЦИКЛЫНЫҢ
ОРЫНДАЛУ БАРЫСЫ
Индикатор шамдары бар
ФУНКЦИЯ
түймелері
Индикатор шамы бар
ҚОСУ/ӨШІРУ
түймесі
СЫҒУ ЖЫЛДАМДЫҒЫ
түймесі
ҚАҚПАҚ ҚҰЛЫПТАУЛЫ
индикатор шамы
Индикатор шамы бар БАСТАУ/
ТОҚТАТА ТҰРУ
түймесі
Басқару тақтасы
ЖУУ ЦИКЛЫ
тұтқасы
ДИСПЛЕЙ
Индикатор шамы бар БАСҚАРУ
ТАҚТАСЫН ҚҰЛЫПТАУ түймесі
Индикатор шамы бар ҚОСУ/ӨШІРУ түймесі:
құрылғыны қосады және өшіреді. Индикатор шамы
жанып тұрса, демек құрылғы қосылған.
ЖУУ ЦИКЛЫ тұтқасы: жуу циклдарын бағдарламалайды.
Жуу циклы барысында тұтқа қозғалмайды.
СЫҒУ ЖЫЛДАМДЫҒЫ түймесі: сығу жылдамдығын
орнатады немесе сығу циклын толығымен алып
тастайды («Жекешелендіру» тарауын қараңыз).
ТЕМПЕРАТУРА түймесі: температураны немесе суық жуу
циклын орнатады («Жекешелендіру» тарауын қараңыз).
ДИСПЛЕЙ: орындалып жатқан жуу циклының
соңына дейін қалған уақытты және, кешіктіріп бастау
бағдарламаланған болса, жуу циклының басталуына
дейін қалған уақытты көрсетеді.
Индикатор шамы бар БАСҚАРУ ТАҚТАСЫН
ҚҰЛЫПТАУ түймесі: басқару тақтасының құлпын
қосады немесе өшіреді.
Индикатор шамдары бар ФУНКЦИЯ түймелері: бар
функцияларды таңдау үшін қолданылады. Таңдалған
функцияға сәйкес келетін индикатор шамы жанып тұрады.
ЖУУ ЦИКЛЫНЫҢ ОРЫНДАЛУ БАРЫСЫ
индикатор
шам
дары: жуу циклының орындалуын бақылау үшін
қолданылады. Жанған индикатор шамы қай кезең
орындалып жатқанын білдіреді.
ЕСІК ҚҰЛЫПТАУЛЫ индикатор шамы: есікті ашуға
болатынын не болмайтынын білдіреді (келесі бетті қараңыз).
Индикатор шамы бар БАСТАУ/ТОҚТАТА ТҰРУ
түймесі: жуу циклдарын бастайды немесе уақытша
тоқтатып қояды.
Ескертпе: Орындалып жатқан жуу циклын тоқтатып
қою үшін осы түймені басыңыз; тиісті индикатор шамы
қызғылт сары түспен жыпылықтайды, ал ағымдағы жуу
циклының кезеңіне сәйкес келетін индикатор шамы
қалыпты түрде жанып тұрады. Егер ЕСІК ҚҰЛЫПТАУЛЫ
Жуу
KZ
65
1-сурет
2-сурет
3-сурет
4-сурет
А) Ашу (1-сурет):
Сыртқы қақпақты көтеріп, оны толығымен ашыңыз.
B) Барабанды ашу (Жайлап ашу):
Бір саусақпен 2-суретте көрсетілген түймені
басыңыз, сонда барабан жайлап ашылады.
C) Кір жуғыш машинаға кірлерді салу (3-сурет).
D) Жабу (4-сурет):
- алдымен алдыңғы есікті, одан кейін артқы есікті
жабу арқылы барабанды толығымен жабыңыз;
- одан кейін алдыңғы есіктегі ілмектер артқы есіктің
негізіне толығымен отырғанына көз жеткізіңіз;
- ілмектер орындарына «тық» етіп отырғаннан
кейін босап кетпеуін қамтамасыз ету үшін екі есікті
жай ғана төмен қарай басыңыз;
- соңында сыртқы қақпақты жабыңыз.
Жуу циклын бастау
1. Кір жуғыш машинаны
ҚОСУ/ӨШІРУ түймесін басу арқылы қосыңыз. Барлық
индикатор шамдары бірнеше секундқа жанады, одан
кейін таңдалған бағдарлама параметрлеріне қатысты
индикатор шамдары жанып тұрады, ал БАСТАУ/
ТОҚТАТА ТҰРУ индикатор шамы жыпылықтайды.
2. Кірлерді салып, есік пен қақпақты жабыңыз.
3. ЖУУ ЦИКЛЫ тұтқасын қажетті бағдарламаға
орнатыңыз.
4. Жуу температурасын орнатыңыз
(«Жекешелендіру» тарауын қараңыз).
5. Сығу жылдамдығын орнатыңыз («Жекешелендіру»
тарауын қараңыз).
6. Жуғыш зат пен жуғыш қосындыларды өлшеңіз
(«Жуғыш заттар мен кірлер» тарауын қараңыз).
7. Қажетті функцияларды таңдаңыз.
8. Жуу циклын БАСТАУ/ТОҚТАТА ТҰРУ түймесін
басу арқылы бастаңыз, сонда тиісті индикатор шамы
қалыпты түрде жасыл түспен жанып тұрады.
Орнатылған жуу циклын доғару үшін БАСТАУ/
ТОҚТАТА ТҰРУ түймесін басу арқылы құрылғыны
тоқтатып қойыңыз да, жаңа циклды таңдаңыз.
9. Жуу циклының соңында индикатор шамы
жанады. ҚАҚПАҚ ҚҰЛЫПТАУЛЫ индикатор шамы
сөнеді, яғни есікті ашуға болады. Кірлерді шығарып,
барабан толығымен кебуі үшін құрылғы есігін сәл
ашық қалдырыңыз.
ҚОСУШІРУ түймесін басу арқылы кір жуғыш машинаны
өшіріңіз.
Температура индикатор шамы
Температура мәні таңдалған кезде, оған
сәйкес келетін индикатор шамы жанады.
Сығу индикатор шамы
Сығу мәні таңдалған кезде, оған сәйкес
келетін индикатор шамы жанады.
Басқару тақтасының құлпы индикатор шамы
Басқару тақтасының құлпын қосу үшін түймені
шамамен 2 секунд басып ұстап тұрыңыз. Индикатор
шамы жанғанда, басқару тақтасы құлыпталады. Яғни,
жуу циклдарын кездейсоқ түрде өзгертуден қорғауға
болады, әсіресе, үйде балалар болса.
Басқару тақтасының құлпын өшіру үшін түймені
шамамен 2 секунд басып ұстап тұрыңыз.
Қақпақ құлыптаулы индикатор шамы
Бұл индикатор шамы жанса, демек кездейсоқ
ашылуға жол бермеу үшін құрылғы есігі құлыпталған;
кез келген зақымды болдырмау үшін, құрылғы есігін
ашпас бұрын индикатор шамының сөнуін күтіңіз
(бұған шамамен 3 минут кетеді).
Ескертпе: КЕШІКТІРУ ТАЙМЕРІ функциясы іске
қосылған болса, есікті ашу мүмкін болмайды; оны
ашу керек болса, БАСТАУ/ТОҚТАТА ТҰРУ түймесін
басу арқылы құрылғыны тоқтатып қойыңыз.
! БАСТАУ/ТОҚТАТА ТҰРУ индикатор шамы (қызғылт
сары) функцияның индикатор шамымен бірге
жылдам жыпылықтап тұрса, демек ақаулық орын
алған («Ақаулықтарды жою» тарауын қараңыз).
Барабанды ашу және жабу тәсілі
66
KZ
Жуу циклдары
Жуу циклдарының кестесі
Программалар
Программалардың сипаттамасы
Ең жоғ.
темпе-
ратура
Макс.
жылд.
(айн/
мин)
Кір жуғыш құралдар
Макс.
жүктеу
(кг)
Циклдің
ұзақтығы
Алдын
ала жуу
Жуу Шайғыш Ағартқыш
Күнделікті программалар
Жуу циклдарының мерзімін дисплейде көруге болады.
1
АЛДЫН АЛА ЖУУ + МАҚТА 90°С: қатты кірлеген ақ киім.
90° 1200
- 7
2
СТАНДАРТТЫ МАҚТА 60° (1): қатты кірлеген ақ және мықты боялған
түрлі-түсті бұйым.
60°
(Max.
90°)
1200 -
7
3
СТАНДАРТТЫ МАҚТА 40° (2): қатты кірлеген ақ және нәзік түрліүсті бұйым.
40° 1200 -
7
4
СИНЕТЕТИКА: қатты кірлеген мықты боялған түрлі-түсті бұйым.
60° 800 -
3
5
АРАЛАС 15’: Аз ластанған киімдерді жылдам жуып алу үшін (жүннен
немесе жібектен жасалған және қолмен жууды қажет ететін киімдер үшін
жарамайды).
30° 800 -
- 1,5
Арнайы программалар.
6
ТҮНГІ ЦИКЛ: қатты кірлемеген биязы түрлі-түсті киім.
40° 800 -
4
7
ЖЕЙДЕЛЕР
40° 600 -
- 2
8
ЖІБЕК / ПЕРДЕЛЕР: жібек, вискозадан жасалған бұйымдар және іш
киім үшін
30° 0 -
- 1
9
ЖҮН: жүн, кашемир және т.б. үшін
40° 800 -
- 1
Эко циклдар
10
Стандартты мақта 20°C: қатты кірлеген ақ және нәзік түрліүсті бұйым.
20° 1200 -
7
11
МАҚТА Суық су
1200 -
- 7
12
СИНЕТЕТИКА Суық су
800 -
- 2,5
13
ЖƏНЕ ЖЫЛДАМ ЖУУ Суық су
800 -
- 2,5
Қосымша программалар
A
Шаю
- 1200 - -
7
B
Сығу
- 1200 - - - - 7
C
Сығусыз суын ағызу
- 0 - - - - 7
Аралас 15’ (5-жуу циклы) – бұл жуу циклы аз кірленген киімдерді жылдам жууға арналған: оның мерзімі – 15 минут,
сондықтан қуат пен уақытты үнемдейді. Бұл жуу циклын таңдау арқылы (5, 30°C) ең көп 1.5 кг салып, әртүрлі маталарды
бірге жууға болады (жүн мен жібек заттарынан басқа).
Түнгі цикл (6-жуу циклы). Ток бағасы төмен түнгі кезде іске қосуға болатын дыбыссыз цикл. Жуу циклы мақта мен
синтетика үшін жасалған. Циклдың соңында, барабанда әлі су болғанда құрылғы тоқтайды; кірлерді сығу және суды
ағызу үшін БАСТАУ/ТОҚТАТА ТҰРУ түймесін басыңыз; немесе, құрылғы 8 сағаттан кейін автоматты түрде сығу циклын
орындап, суды ағызады.
Стандартты Мақта 20°C (10 бағдарлама) циклы қатты кірленген мақта жүктемелеріне тамаша қолайлы. 40°-та жууға
салыстыруға болатын төмен температураларда қол жеткізілетін тиімді өнімділік деңгейлері ауыспалы жылдамдықта
қайталанбалы әрі жиі жоғары жүктемемен орындалатын механикалық әрекеттермен қамтамасыз етіледі.
Эко циклдар
Эко циклдар суды жылытуды қажет етпей қуат үнемдеуді қамтамасыз етеді, ал бұл ток шоттарыңызға және қоршаған ортаға
пайдалы болады. Бұл инновациялық Эко бағдарламаларын ақта 11, Синтетика 12 және Жылдам жуу 13) әртүрлі маталар
мен киімдердің әртүрлі мөлшеріне қолдануға болады; олар тіпті төмен температурада жақсы тазалауға кепілдік беруге
арналған және оларды аздан орташа деңгейге дейін кірленген заттарға пайдалануға болады. Эко циклдар қарқынды жуу
әрекеттерінің, суды үнемдеудің арқасында ең жақсы нәтижеге қол жеткізеді және стандартты циклдың орташа уақытында
орындалады. Эко циклдармен ең жақсы нәтижеге қол жеткізу үшін сұйық жуғыш затты қолданған абзал.
Барлық тестілеу институттары үшін:
1) EN 60456 Директивасына сәйкес басқару программалары: 60°С температурамен 2-программаны қосыңыз.
2) М/м бұйымдарына арналған ұзақ программа: 40°С температурамен 3-программаны қосыңыз.
Дисплейде немесе осы кітапшада көрсетілген циклдың мерзімі тек шамамен берілген және ол стандартты жұмыс жағдайларына сәйкес есептеледі. Нақты мерзім су температурасы
мен қысымы, қолданылған жуғыш зат мөлшері, салынған кірлердің мөлшері мен түрі, жүктің теңестірілуі және таңдалған кез келген опциялар сияқты ықпалдарға байланысты болады.
KZ
67
Температураны орнату
Жуу температурасын орнату үшін ТЕМПЕРАТУРА түймесін басыңыз (Жуу циклдарының кестесін қараңыз).
Температураны азайтуға немесе тіпті суық сумен жууды орнатуға болады ( ).
Кір жуғыш машина әрбір жуу циклы үшін орнатылған ең көп мәннен жоғары температураны таңдауға автоматты
түрде кедергі жасайды.
! Қиыс жағдай: 2 бағдарламасы таңдалса, температураны 90°C-қа дейін көтеруге болады.
Сығу жылдамдығын орнату
Таңдалған жуу циклына сығу жылдамдығын орнату үшін СЫҒУ ЖЫЛДАМДЫҒЫ түймесін басыңыз.
Әрбір жуу циклында қолдануға болатын ең жоғары сығу жылдамдықтары мынадай:
Жуу циклдары Ең жоғары сығу жылдамдығы
Мақта киімдер 1200 айн/мин
Синтетика 800 айн/мин
Жүн 800 айн/мин
Жібек тек ағызу
таңбасын таңдау арқылы сығу жылдамдығын төмендетуге немесе толығымен алып тастауға болады.
Кір жуғыш машина әрбір жуу циклы үшін орнатылған ең көп мәннен жоғары сығу жылдамдығын таңдауға
автоматты түрде кедергі жасайды.
Функциялар
Осы кір жуғыш машинадағы әртүрлі жуу функциялары әрдайым қажетті нәтижелерге жетуге көмектеседі.
Функцияларды іске қосу үшін:
1. Қажетті функцияға сәйкес келетін түймені басыңыз;
2. тиісті индикатор шамы жанғанда функция қосылады.
Ескертпе: Индикатор шамы жылдам жыпылықтаса, демек осы нақты функцияны таңдалған жуу циклымен бірге
таңдау мүмкін емес.
Кешіктіру таймері
Таңдалған жуу циклы үшін кешіктіріп бастауды орнату үшін қажетті кешіктіру уақыты көрсетілгенше (ол 1 сағат пен
24 сағат аралығында болуы мүмкін), түймені қайта-қайта басыңыз.
Функцияны өшіру үшін мәтіні көрсетілгенше түймені басыңыз.
Ескертпе: БАСТАУ/ТОҚТАТА ТҰРУ түймесі басылғаннан кейін, кешіктіру уақытын өзгерту керек болса, оны тек азайтуға
болады.
! Бұл опция барлық бағдарламаларда қосылған.
Супер жуу
Циклдың бастапқы кезеңінде көп мөлшерде су қолданылатындықтан және ұзақ цикл мерзіміне байланысты бұл
функция жоғары тиімділікті жууды ұсынады.
! 1, 5, 8, 9, 11, 12, 13, B, C, жуу циклдарымен қолдануға болмайды.
Қосымша шаю
Бұл функцияны таңдау арқылы шаюдың тиімділігі артады және жуғыш затты оңтайлы түрде шығару орындалады.
Ол әсіресе сезімтал тері үшін пайдалы.
! Бұл функцияны 5, 13, B, C, жуу циклдарымен қолдануға болмайды.
Оңай үтіктеу
Бұл функцияны таңдау арқылы жуу және сығу циклдары тыртыстардың пайда болуын азайтатындай өзгертіледі.
Циклдың аяғында кір жуғыш машинаның барабаны баяу айналады.
ЖІБЕК жуу циклы үшін кірлер суға салынып тұрғанда цикл аяқталады, ОҢАЙ ҮТІКТЕУ және БАСТАУ/ТОҚТАТА ТҰРУ
индикатор шамдары жыпылықтайды (қызғылт сары түспен) және ШАЮ кезеңі тұрақты түрде жанып тұрады. Кірлерді
алу мақсатында суды ағызу үшін БАСТАУ/ТОҚТАТА ТҰРУ түймесін немесе ОҢАЙ ҮТІКТЕУ түймесін басыңыз.
! Бұл функцияны 5, 6, 9, 11, 12, 13, A, B, C, жуу циклдарымен қолдануға болмайды.
Жекешелендіру
68
KZ
Жуғыш заттар мен кірлер
Жуғыш зат тартпасы
Жақсы жуу нәтижесіне қол жеткізу жуғыш заттың
дұрыс мөлшеріне де байланысты болады: тым
көп жуғыш зат қосылса, жуу міндетті түрде
тиімдірек болмайды және шынында құрылғы ішінде
қалдықтардың түзілуіне және қоршаған ортаны
ластауға әкелуі мүмкін.
Жуғыш зат диспенсерін
ашып, жуғыш затты
немесе кондиционерді
төмендегідей құйыңыз.
1-бөлік: Алдын ала жууға арналған жуғыш зат
2-бөлік: Жуу циклына арналған жуғыш зат (ұнтақ
немесе сұйықтық)
Тиісті мөлшершеу ыдысын қолдана отырып сұйық
жуғыш затты тікелей бөлікке құйған жөн.
3-бөлік: Қосындылар (кондиционерлер және т.б.)
3-бөлікке кондиционерді құйған кезде белгіленген
«max» деңгейінен асып кетпеңіз.
Кондиционер соңғы жуу кезінде құрылғыға автоматты
түрде қосылады. Жуу бағдарламасының соңында,
3-бөлікте біраз су қалады. Бұл тығыздылығы
жоғары кондиционерлерді құрылғыға енгізу үшін
қолданылады, яғни концентрленген кондиционерлерді
сұйылту үшін. 3-бөлікте көп су қалса, демек босату
құралы бітелген. Тазалау нұсқауларын «Күтім
көрсету және техникалық қызмет көрсету» тарауынан
қараңыз.
4-бөлік: Ағартқыш
Ағарту циклы
Ағартуды тек 2, 3, 4, 6, 10, A, жуу циклдарымен бірге
орындауға болады.
Ағартқышты 4-бөлікке құйыңыз; жуғыш зат пен
кондиционерді тиісті бөліктерге құйыңыз, одан кейін
жоғарыда айтылған жуу циклдарының бірін таңдаңыз.
Бұл опция тек өте қатты кірленген мақта киімдерге
ұсынылады.
Кірлерді дайындау
• Кірлерді мына жағдайларға байланысты бөліңіз:
- мата түрі/жапсырмадағы таңба
- түстер: түрлі-түсті киімдерді ақ киімдерден бөліңіз.
• Қалталарды босатып, түймелерді тексеріңіз.
• Құрғақ кірге арналған барабанды жүктеудің ең
жоғарғы нормасынан аспаңыз.
Кірлердің салмағы қандай?
1 ақжайма 400-500 г
1 жастыққап 150-200 г
1 асжаулық 400-500 г
1 монша халаты 900-1200 г
1 орамал 150-250 г
Арнайы күтімді қажет ететін киімдер
Көйлектер: әртүрлі матадан жасалған және әртүрлі
түсті көйлектерді жуу үшін арнайы 7 жуу циклын
қолданыңыз. Ол киімдерге барынша күтім көрсетілетінін
қамтамасыз етеді және қыртыстардың пайда болуын
азайтады.
Жібек: жібек киімдерді жуу үшін арнайы 8уу циклын
қолданыңыз. Нәзік киімдерді жууға арналған арнайы
жуғыш заттарды пайдаланған абзал.
Перделер: перделерді бүктеп, жастыққапқа немесе тор
сөмкеге салыңыз. 8 жуу циклын қолданыңыз.
Жүн: Осы Hotpoint-Ariston машинасының «Жүн» жуу
циклы киім жапсырмасындағы нұсқауларды және осы
кір жуғыш машина өндірушісінің нұсқауларын орындау
шартымен, The Woolmark Company тарапынан қолмен
жуулатын деп белгіленген жүн киімдерін жууға тексеріліп,
құпталған. Hotpoint-Ariston жуу өнімділігі және қуат пен
су тұтынуы бойынша The Woolmark Company тарапынан
«Apparel Care- Platinum» аттестатына сәйкес келетіні
расталған алғаш кір жуғыш машина бренді.
Жүкті теңестіру жүйесі
Әрбір сығу циклынан бұрын, шамадан тыс дірілдеудің
алдын алу және жүкті біркелкі түрде тарату үшін,
барабан жуу кезіндегі айналу жылдамдығын сәл
көбірек жылдамдықпен айналып тұрады. Егер бірнеше
әрекеттен кейін жүк дұрыс теңестірілмесе, құрылғы
төмендетілген сығу жылдамдығында айналдырады.
Егер жүк тым теңестірілмеген болса, құрылғы сығу
орнына тарату үдерісін орындайды. Жүктің таралуы мен
теңестірілуін жақсарту үшін кіші және үлкен киімдерді
аралас салуды ұсынамыз.
KZ
69
Сақтандырулар мен кеңестер
! Бұл кір жуғыш машина халықаралық қауіпсіздік
ережелеріне сай өңделіп шығарылған. Төмендегі
ақпарат қауіпсіздік ережелерін ескерту мақсатында
берілген және оны мұқият оқып шығу қажет.
Жалпы қауіпсіздік
• Бұл құрылғы тек үйде пайдаланылуға арналған.
• Бұл құрылғы қауіпсіздіктеріне жауапты адам құрылғыны
қолдану бойынша кеңес не нұсқау бермеген жағдайда,
дене, сезіну немесе ой қабілеті төмен немесе
тәжірибесі мен білімі жеткіліксіз адамдармен ның
ішінде балалармен) қолданылуға арналмаған. Балалар
құрылғымен ойнамауы үшін оларды бақылау керек.
• Құрылғыны жалаң аяқ немесе қолыңыз немесе
аяғыңыз ылғал болғанда ұстамаңыз.
• Құрылғыны розеткадан ағытқан кезде ток кабелінен
ұстап тартпаңыз. Айырды ұстап тартыңыз.
• Ағызылған суға тимеңіз, себебі оның
температурасы өте жоғары болуы мүмкін.
• Есікті күштеп тартпаңыз. Әйтпесе, кездейсоқ
ашудан қорғауға арналған қауіпсіздік құлпы
механизмі зақымдалуы мүмкін.
• Құрылғы бұзылып қалса, ешбір жағдайда өз бетіңізбен
жөндеу мақсатында ішкі бөліктерге тиюші болмаңыз.
• Әрқашанда балаларды құрылғыдан алыс ұстаңыз.
• Құрылғыны жылжыту керек болса, екі немесе үш
адамнан тұратын топпен жұмыс істеңіз және де
өте абай болыңыз. Мұны жалғыз өзіңіз орындаушы
болмаңыз, себебі құрылғы өте ауыр.
• Кірлерді кір жуғыш машинаға салмас бұрын, барабан
бос екеніне көз жеткізіңіз.
Қоқысқа тастау
Орама материалдарын қоқысқа тастау: ораманың
қайта пайдаланылуы мүмкін болатындай жергілікті
ережелерді орындаңыз.
Электр және электроникалық құралдардың
қалдықтарына қатысты 2012/19/EU Еуропа
заңнамасына сәйкес үй құрылғылары қалыпты
сортталмаған қалалық қалдық ағымымен бірге
жойылмауы тиіс. Қоршаған орта мен адам
денсаулығына тиетін зиянның алдын ала отырып,
ескі құрылғылар қайта пайдалануды және қайта
өңдеуді оңтайландыру мақсатында бөлек жиналуы
керек. Өнімдегі сызылған «доңғалақты қоқыс
жәшік» сізге құрылғыны тастаған уақытта бөлек
жиналуы туралы есіңізге салады.
Ескі құрылғыларды дұрыс тастау жөнінде ақпарат
алу үшін пайдаланушылар жергілікті өкілдеріне
немесе сатушыларына хабарласулары керек.
Қуатты үнемдеу және қоршаған ортаны
құрметтеу
Жуғыш затты, суды, қуатты және уақытты үнемдеу
Қор көздерін ырысап қылмау үшін кір машинаны
толығымен жүктеп пайдаланған жөн. Жартылай
жүктеудің орнына толық жүктеу 50%-ға дейін
қуатты үнемдеуге мүмкіндік береді.
Алдын ала жуу циклы тек өте қатты ластанған
киімдерді жуу үшін қажет. Оны пайдаланбау жуғыш
затты, уақытты, суды және 5-15% қуатты үнемдейді.
Жуудан бұрын дақтарды дақ кетіргіш затпен өңдеу
немесе суға салып қою жоғары температурада
жуудың қажеттілігін жояды. 90°C орнына 60°C-тағы
бағдарлама немесе 60°C орнына 40°C-тағы
бағдарлама 50%-ға дейін қуатты үнемдейді.
Ысырап қылмау және қоршаған ортаны қорғау
үшін су қаттылығына, киімдердің ластануына және
кірлердің мөлшеріне байланысты жуғыш заттың
дұрыс мөлшерін пайдаланыңыз: биологиялық
түрде ыдырайтын болса да, жуғыш заттар
табиғаттың тепетеңдігіне әсер етуі мүмкін заттарды
қамтиды. Оған қоса, кондиционерді мүмкін
болғанша қолданбауға тырысыңыз.
Кір жуғыш машинаны түстен кейінгі уақыттан
таң атқанға дейінгі уақытта пайдалансаңыз,
ток таратушы компанияның ең жоғары жүгін
азайтуға көмектесесіз. Кешіктіру таймері опциясы
жуу циклдарын тиісті түрде ұйымдастыруға
көмектеседі.
Кірлерді кептіргіште кептіру керек болса,
жоғары сығу жылдамдығын таңдаңыз. Кірлерде
мүмкіндігінше аз су қалдыру кептіру үдерісі
барысында уақыт пен қуатты үнемдейді.
70
KZ
Күтім көрсету және техникалық
қызмет көрсету
Су мен токты өшіру
Әрбір жуудан кейін су шүмегін жабыңыз. Бұл
құрылғының су жүйесінің тозуын шектейді және
судың ағып кетуіне жол бермейді.
Құрылғыны тазалаған кезде және техникалық
қызмет көрсету жұмыстарын орындаған кезде оны
токтан ажыратыңыз.
Құрылғыны тазалау
Құрылғының сыртқы жақтары мен резеңкеден
жасалған бөліктерін жылы сабынды сумен суланған
жұмсақ шүберекпен тазалауға болады. Еріткіштерді
немесе абразивті заттарды қолданбаңыз.
Құрылғы есігі мен барабанына күтім
көрсету
Жағымсыз иістер пайда болмауы үшін құрылғы
есігін әрқашан сәл ашып қою керек.
Сорғыны тазалау
Кір жуғыш машина ешбір техникалық қызмет
көрсетуді қажет етпейтін, өзін-өзі тазалайтын
сорғымен жабдықталған. Кейде кіші заттар (тиындар
немесе түймелер сияқты) сорғының төменгі
жағындағы, оны қорғайтын алдыңғы камераға түсіп
кетуі мүмкін.
! Жуу циклы аяқталғанына көз жеткізіңіз де,
құрылғыны розеткадан ағытыңыз.
Жуғыш зат диспенсерін тазалау тәсілі
Тазалау:
Одан кейін диспенсерді шімек астына қойып (3-сурет)
ескі мәсуекпен тазалаңыз, ал 1- және 2-бөліктің жоғарғы
жағына салынған сифондар алынғаннан кейін (4-сурет)
олардың бітеліп қалмағанын тексеріңіз де, шайып
алыңыз.
Қайта құру:
Сифондарды арнайы
корпустарына салуды
ұмытпаңыз және
диспенсерді «тық» еткізіп
орнына орналастырыңыз
(4-, 2- және 1-суреттер).
Бөдшектеу:
Жуғыш зат диспенсерінің
алдыңғы жағындағы үлкен
түймені жай ғана басып,
диспенсерді жоғары қарай
тартыңыз (1-, 2-суреттер).
Алдыңғы камераға түсіп кеткен заттарды алу үшін:
1. кір жуғыш машинаның
алдыңғы төменгі
жағындағы тақтаны
жанынан қолмен тарту
арқылы шығарып алыңыз
(суретті қараңыз);
2. қақпақты сағат тіліне
қарсы бағытта бұру
арқылы бұрап шығарып
алыңыз (суретті қараңыз):
кішкене су ағып кетуі
мүмкін. Бұл қалыпты
жағдай;
3. ішін жақсылап
тазалаңыз;
4. қақпақты орнына
бұраңыз;
5. құрылғыға итеріп
салмас бұрын, ілмектері
орнына мықтап
отырғанына көз жеткізіп,
панельді орнына
қойыңыз.
Судың кіріс түтігін тексеру
Судың кіріс түтігін кем дегенде жылына бір рет
тексеріңіз. Кез келген шатынауларды байқасаңыз,
дереу ауыстырыңыз: жуу циклдарының барысында
су қысымы өте жоғары болады және шатынаған түтік
жарылып кетуі әбден мүмкін.
! Қолданылған түтіктерді пайдаланушы болмаңыз.
1-сурет 2-сурет
3-сурет
4-сурет
KZ
71
Ақаулықтарды жою
Кір жуғыш машина жұмыс істемей қалуы мүмкін. Техникалық көмек көрсету орталығына хабарласпас бұрын («Көмек»
тарауын қараңыз), төмендегі тізімді қолдана отырып ақаулықты оңай шешу мүмкін емес екендігіне көз жеткізіңіз.
Ақаулық:
Кір жуғыш машина қосылмайды.
Жуу циклы басталмайды.
Кір жуғыш машина су алмайды
(жуу циклының бірінші кезеңінің
индикатор шамы жылдам
жыпылықтайды).
Кір жуғыш машина сумен толып,
оны ағызып тұра береді.
Кір жуғыш машина суды ағызбайды
не сықпайды.
Кір жуғыш машина сығу циклы
барысында көп дірілдейді.
Кір жуғыш машинадан су ағады.
БАСТАУ/ТОҚТАТА ТҰРУ индикатор
шамы (қызғылт сары) және
функцияның индикатор шамы
жылдам жыпылықтайды.
Тым көп көбік болады.
Ықтимал себептері / шешімдері:
• Құрылғы розеткаға толығымен қосылмаған немесе түйіспейді.
• Үйде ток жоқ.
• Құрылғы қақпағы дұрыс жабылмаған.
• ҚОСУ/ӨШІРУ түймесі басылмаған.
• БАСТАУ/ТОҚТАТА ТҰРУ түймесі басылмаған.
• Су шүмегі ашылмаған.
• Кешіктіріп бастау орнатылған («Жекешелендіру» тарауын қараңыз).
• Судың кіріс түтігі шүмекке қосылмаған.
• Түтік майыстырылған.
• Су шүмегі ашылмаған.
• Үйде су жоқ.
• Қысым тым төмен.
• БАСТАУ/ТОҚТАТА ТҰРУ түймесі басылмаған.
• Ағызу түтігі еденнен 65-100 см биіктікте орналастырылмаған («Орнату»
тарауын қараңыз).
• Түтіктің бос шеті су астында («Орнату» тарауын қараңыз).
• Қабырғадағы канализация жүйесі сапун құбырымен жабдықталмаған.
Осы тексерулерден кейін де проблема шешілмесе, су шүмегін жауып,
құрылғыны өшіріңіз де, Көмек беру қызметіне хабарласыңыз. Егер
ғимараттың жоғарғы қабаттарының бірінде тұратын болсаңыз, суды ағызуға
байланысты проблемалар болуы мүмкін, оның нәтижесінде кір жуғыш
машина сумен толып, оны ағызып тұра беруі мүмкін. Дүкендерде арнайы
ағызуға қарсы клапандар бар, олар бұл проблеманы шешуге көмектеседі.
• Жуу циклында ағызу жоқ: кейбір жуу циклдары ағызу кезеңінің қолмен
басталуын қажет етеді.
• ОҢАЙ ҮТІКТЕУ функциясы қосылған: Циклды аяқтау үшін БАСТАУ/
ТОҚТАТА ТҰРУ түймесін басыңыз («Жекешелендіру»).
• Ағызу түтігі майысқан («Орнату» тарауын қараңыз).
• Ағызу түтігі бітелген.
• Орнату кезінде барабанның бұғаты дұрыс алынбаған («Орнату»
тарауын қараңыз).
• Кір жуғыш машина түзу емес («Орнату» тарауын қараңыз).
• Кір жуғыш машина шкафтар мен қабырғалар арасына қойылған
(«Орнату» тарауын қараңыз).
• Судың кіріс түтігі дұрыс бұралып мықталмаған Орнату» тарауын қараңыз).
• Жуғыш зат тартпасы бітелген (оны тазалау туралы нұсқауларды «Күтім
көрсету және техникалық қызмет көрсету» тарауынан қараңыз).
• Ағызу түтігі дұрыс бекітілмеген («Орнату» тарауын қараңыз).
• Құрылғыны өшіріп, оны токтан ағытыңыз, одан кейін шамамен 1 минут
күтіңіз де, оны қайтадан қосыңыз.
Проблема шешілмесе, Техникалық көмек көрсету қызметіне хабарласыңыз.
• Жуғыш зат кір жуғыш машинаға қолайлы емес (онда «кір жуғыш
машиналарға арналған», «қолмен жууға және кір жуғыш машинаға
арналған» немесе осыған ұқсас жазу болуы керек).
• Тым көп жуғыш зат қолданылған.
72
KZ
Қызмет көрсету
Техникалық қолдау орталығына хабарласпас бұрын:
• Ақаулықты өзіңіз шеше алатыныңызды тексеріңіз («Ақаулықтарды жою» тарауын қараңыз);
• Ақаулық шешілгенін тексеру үшін бағдарламаны қайтадан бастаңыз;
• Олай болмаса, кепілдік куәлігінде берілген телефон нөмірі бойынша өкілетті Техникалық көмек беру
орталығына хабарласыңыз.
! Тек уәкілетті мамандардан көмек сұраңыз.
Келесі мәліметтерді оңай жерде ұстаңыз:
ақаулықтың түрі;
құрылғының моделі (Мод.);
сериялық нөмірі (С/н).
Бұл ақпаратты кір жуғыш машинаның артқы жағына бекітілген техникалық деректер тақтасынан табуға болады.
195109164.02
10/2013 - Xerox Fabriano
/