Whirlpool F 103GP.1 (WH) F /HA Руководство пользователя

Тип
Руководство пользователя

Это руководство также подходит для

KZ
ПЕШ
Мазмұны
Орнату, 41-42
Орналастыру
Токқа жалғау
Деректер кестесі
Құрылғы сипаттамасы, 43
Жалпы шолу
Басқару тақтасы
Қосу және пайдалану, 44
Басқару тақтасы
DEMO режимі
Сағат пен таймерді қою
Пешті қосу
Тағам дайындау режимдері, 45-48
Қолмен пісіру режимдері
Автоматты пісіру режимдері
Тағам дайындау режимін орнату
Тағам дайындау бойынша кеңес
Тағам әзірлеу бойынша кеңес кестесі
Сақтандырулар мен кеңестер, 49
Жалпы қауіпсіздік
Жою
Қоршаған ортаны сақтау және қорғау
Күтім және пайдалану, 50-51
Құрылғыны өшіру
Құрылғыны тазалау
Пеш есігін тазалау
Шамды ауыстыру
Сырғымалы тартпалар жиынын орнына салу
FAST CLEAN (ЖЫЛДАМ ТАЗАЛАУ) функциясымен
автоматты түрде тазалау
Көмек, 52
Қазақ тілінде, 40
KZ
Пайдалану нұсқаулығы
FQ 103 GP.1 F /HA
FZ 103 GP.1 F /HA
FZ 103 GP.1 IX F /HA
FQ 103 GP.1 /HA
FZ 103 GP.1 IX /HA
FZ 1032 GP.1 IX F /HA
F 1039 GP.1 IX F /HA
F 1039 GP.1 F /HA
F 103 GP.1 IX F /HA
F 103 GP.1 F /HA
FH 1039P /HA
FH 1039P IX /HA
FH 103 P /HA
FH 103 P IX/HA
41
KZ
! Құрылғыны іске қоспастан бұрын осы нұсқаулық
кітапшасын мұқият оқып шығыңыз. Мұнда
құрылғыны қауіпсіз қолдану, орнату және оны күту
туралы маңызды ақпараттар қамтылған.
! Келешекте анықтама ретінде қарау үшін пайдалану
нұсқаулығын сақтап қойыңыз. Оны құрылғының кез
келген жаңа иесіне беріңіз.
Орналастыру
! Орау материалдарын балалардың қолы жетпейтін
жерде сақтаңыз. Тынысы тарылу немесе тұншығып
қалу қаупін туғызуы мүмкін («Сақтандырулар мен
кеңестер» бөлімін қараңыз).
! Құрылғыны берілген нұсқаулыққа сүйене отырып
білікті маман орнатуы қажет. Құрылғы дұрыс
орнатылмаған жағдайда, адамдар мен жануарлар
өміріне қауіп төндіруі немесе мүлікті зақымдауы
мүмкін.
Бекітілген құрылғы
Құрылғының дұрыс жұмыс жасайтынын тексеру үшін
қолайлы шкафты қолданыңыз.
Пешке жақын қабырғалар ыстыққа төзімді
материалдан жасалған болуы қажет.
Сыртқы қабығы бар шкафтарды жинағанда 100°C
температураға төзетін желімдер қолданылуы
қажет.
Пешті ас үй үстелінің астына (сызбаны қараңыз)
немесе ас үй жиһазының ішіне орнату үшін
шкафтың өлшемдері төмендегідей болуы қажет:
! Құрылғы орнатылған кезде кез келген электрлі
заттардан алыс болуы қажет.
Негізгі деректер кестесінде берілген пайдалану
ортасының көрсеткіштері осы орнату түрі үшін
есептелген.
Желдету
Лайықты желдетудің орнатылғанын тексеру үшін
шкафтың артқы қабырғасын алып тастау қажет.
Пешті екі ағаш тақтайға немесе кемінде 45 x 560 мм
ашық тұрған тегіс жерде орналастыру ұсынылады
(сызбаны қараңыз).
Ортаға қою және бекіту
Пештің бүйірлеріндегі 4 құлақша сыртқы
жақтаулардың 4 тесігіне сәйкес келетіндей етіп
орнатыңыз. Құлақшаларды төменде көрсетілгендей
шкаф бүйірінің қалыңдығына қарай лайықтаңыз:
қалыңдығы 20 мм:
құлақшаның жылжымалы
бөлігін алып тастаңыз
(сызбаны қараңыз).
қалыңдығы 18 мм: зауытта
орнатылған бірінші тілікті
пайдаланыңыз (сызбаны
қараңыз).
қалыңдығы 16 мм: екінші
тілікті пайдаланыңыз
(сызбаны қараңыз).
Пештің есігін ашып, 4 бұрандалы бекіткішті сыртқы
жақтаудың 4 тесігіне кіргізіп, құрылғыны шкафқа
бекітіңіз.
! Құрылғының қауіпсіз жұмыс істеуін қамтамасыз
ететін барлық бөліктері арнайы құралдардың
көмегімен ғана алынуы тиіс.
595 мм.
595 мм.
24 мм.
545 мм.
5 мм.
567 мм.
23 мм.
593 мм.
45 мм.
558 мм.
547 мм мин.
Орнату
560 мм.
45 мм.
42
KZ
ТЕХНИКАЛЫҚ СИПАТТАМАЛАР КЕСТЕСІ
Өлшемдері
ені 43,5 см
биіктігі 32 см
тереңдігі 40 см
Көлемі 56 л
Өлшемдері *
ені 43,5 см
биіктігі 32 см
тереңдігі 41,5 см
Көлемі * 58 л
Электр
қосылымдары
кернеуі: 220 - 240 В ~ 50 Гц ең
көп тұтынылатын қуат – 2800 Вт
ҚУАТ ЗАТБЕЛГІСІ **
Электр пештерінің белгісіндегі
2002/40/EC нұсқауы. EN 50304
нормативі
Мәжбүрлі конвекция класы
– қыздыру күйіне арналған
мәлімденген қуат тұтынуы:
Гратин
Бұл құрылғы Еуропа
экономикалық
қауымдастығының келесі
нұсқауларына сай келеді:
12.12.2006 жылғы 2006/95/EEC
(төмен кернеу) және кейінгі
өзгертулері – 15.12.2004 жылғы
2004/108/EEC (Электрмагнитті
үйлесімділік) және кейінгі
өзгертулері – 22.07.1993
жылғы 93/68/EEC және кейінгі
өзгертулері.
2002/96/EEC
* Есігінің ішінде бекітілген шыны панелі бар
** Алмалы бағыттауыш сырғытпалары жоқ
Токқа жалғау
! Үш ұялы электр кабелі бар пеш айнымалы ток
кернеуімен және құрылғыда орналасқан негізгі
деректер кестесінде көрсетілген жиілікпен жұмыс
істеу үшін жасақталған (төменде берілген).
Электр кабелін орнату
1. Қақпақтың бүйір
құлақшаларына
бұрауышты тығып,
дәнекер қалқаншаны
ашыңыз. Бұрауышты
төмен басқанда
қақпақты ашатындай
тұтқа түрінде
пайдаланыңыз
(сызбаны қараңыз).
2. Бұрауышты тұтқа
түрінде пайдаланып,
қыспа бұранданы
босатыңыз және алып
тастаңыз (сызбаны
қараңыз).
3. Үш сымды
L-N- байланыс
бұрандаларын алып
тастап, түстеріне сай
сымдарды бұранда
бастарының астына
бекітіңіз: Көк (N), Қоңыр
(L) және Сары-жасыл
( ).
Электр кабелін желіге қосу
Деректер кестесінде көрсетілген жүктемеге сәйкес
стандартты айырғышты орнатыңыз (кестені қараңыз).
Құрылғы тікелей электр желісіне құрылғы мен электр
желісі арасында орнатылған 3 мм ашық кішкене
байланыс бар бірнеше каналды айырып-қосқыш
арқылы қосылуы қажет. Айырып-қосқыш көрсетілген
жүктемеге лайықты және ағымдағы ток реттеуіне
сәйкес болуы қажет (жерге қосылған сым айырып-
қосқыштан ажыратылмауы тиіс). Электр кабелін кез
келген нүктесі 50°C-тан жоғары температурамен
түйіспейтіндей етіп орналастыру қажет.
! Орнатушы дұрыс ток байланысын орнатқанына
және оның қауіпсіздік ережелеріне сәйкес екендігіне
сенімді болуы қажет.
Құрылғыны токқа қоспастан бұрын төмендегілерді
тексеріңіз:
Құрылғы жерге қосылған және айырғыш заңға
сәйкес болып табылады.
Розетка негізгі деректер кестесінде көрсетілген
құрылғының ең жоғарғы күшіне төзімді (төменде
берілген).
Кернеу деректер кестесінде көрсетілген мән
аралығы аумағында болады (төменде берілген).
Розетка құрылғының айырғышына сәйкес келеді.
Розетка айырғышына сәйкес болмаса, өкілетті
маманнан оны ауыстырып беруді өтініңіз.
Бірнеше розеткалар мен ұзартқыш сымдарын
пайдаланбаңыз.
! Құрылғы орнатылғаннан кейін электр кабелі мен
розетка жақын жерде болуы қажет.
! Кабель майыстырылмауы немесе қысылмауы
қажет.
! Кабель жиі тексеріліп, тек білікті маманның
көмегімен ғана алмастырылуы тиіс («Көмек» бөлімін
қараңыз).
! Қауіпсіздік шаралары сақталмаған жағдайда
өндіруші жауапкершілікті өз мойнына алудан бас
тартады.
43
KZ
Құрылғы
сипаттамасы
Жалпы шолу
Басқару тақтасы
Басқару тақтасы
ГРИЛЬ
ТАБА
Сырғымалы
сөрелерге
арналған
СЫРҒЫТПАЛАР
5-позиция
4-позиция
3-позиция
2-позиция
1-позиция
44
KZ
! Алғаш пайдаланғанда, құрылғыны бос күйінде
есігін жауып, ең жоғарғы температурада кемінде
жарты сағаттай қыздырыңыз. Пешті өшіріп, оның
есігін ашпастан бұрын, бөлменің жақсы желденетінін
тексеріңіз. Өндіру кезінде қолданылған қорғағыш
заттардың жанып кетуіне байланысты жеңіл
жағымсыз иіс шығуы мүмкін.
! “Басқару тақтасын құрсаулау” мен “DEMO режимі”
функцияларын тіпті басқару тақтасы сөндірулі тұрған
кезде де іске қосуға/ажыратуға болады.
Басқару тақтасы
Пештің басқару элементтерін құрсаулау үшін
түймесі мен түймесін қатар басыңыз. Дыбыстық
белгі естіледі де, TEMPERATURE (температура)
бейнебетінде “Loc” сөзі шығады.
Басқару элементтерінің құрсауын ағыту үшін
қайтадан басыңыз. “STOP” түймесі әрқашан іске
қосулы.
DEMO режимі
Пеш DEMO режимінде жұмыс істей алады: барлық
қыздырғыш элементтер ажыратылады, ал басқару
элементтері жұмыс істейді.
DEMO режимін іске қосу үшін “+”, және “START”
түймелерін қатар басыңыз. Дыбыстық белгі естіледі
де, TIME (уақыт) бейнебетінде “DEMO” сөзі шығады.
DEMO режимін іске қосу үшін “+” және “START”
түймелерін қатар басыңыз. Дыбыстық белгі естіледі
де, “DEMO” хабары бейнебеттен ғайып болады.
Сағат пен таймерді қою
Электр тогы желісіне қосқаннан кейін немесе электр
тогы ажыратылғаннан кейін УАҚЫТ дисплейіндегі
түймесі мен сандар жыпылықтайды.
Уақытты қою үшін:
1. Сандар тез айналып, реттеуді оңайлату үшін “+”
және “-”; түймелерін басып ұстап тұрыңыз.
2. Дәл уақыт мәндеріне жеткен кезде, ол жадыда
сақталу үшін 10 секунд күте тұрыңыз да, реттеуді
бекіту мақсатында түймесін қайтадан басыңыз.
Қажетті өзгерістерді енгізу үшін түймесін басу
арқылы басқару тақтасын сөндіріңіз де, түймесін
басып, көрсетілген қадамдарды жасаңыз.
Орнатылған уақыт өткен кезде, таймер дыбыстық
белгі береді де, 6 секундтан кейін немесе басқару
тақтасындағы кез келген белсенді белгіше басылған
кезде ол өздігінен тоқтайды.
Таймерді реттеу үшін түймесін басыңыз да,
сағатты реттеу үшін пайдаланылған рәсімді
орындаңыз. Қосылған түймесі таймердің іске
қосылғанын көрсетеді.
! Таймер пешті қоспайды және өшірмейді.
Пешті қосу
1. түймесін басып басқару тақтасын қосыңыз.
2. Қалаған пісіру режиміне сәйкес келетін түймені
басыңыз. TEMPERATURE бейнебеті пісіру режимінің
температурасын көрсетеді; TIME бейнебеті ағымдық
уақытты көрсетеді.
3. Пісіруді бастау үшін “START” түймесін басыңыз.
4. Пешті алдын ала қыздыру сатысы басталады,
ағымдық температура айғақтауыштары температура
көтерілген кезде жарықтанады. Температураны “+”
және “-” түймелерін басу арқылы реттеуге болады.
5. Алдын ала қыздыру аяқталғанда, дыбыстық
белгі естіледі де, ағымдық температура
айғақтауыштарының барлығы жанады: содан кейін
тағамды пешке салуға болады.
6. Тағам дайындау кезінде әрқашан мына
әрекеттерді орындауға болады:
- температураны “+” және “-” түймелерін басу
арқылы реттеу;
- Пісіру режимінің ұзақтығын реттеу (“Пісіру
режимдері” бөлімін қараңыз);
- “STOP” түймесін басу арқылы пісіруді тоқтату.
7. Электр тогы ажыратылған жағдайда автоматты
жүйе тоқтаған жерінен іске қосылады және берілген
пештің температурасы белгілі деңгейден түспейді.
Қосылмаған бағдарламаға енгізілген режимдер
қалпына келтірілмейді және бағдарламаны қайта
орнату керек болады.
! Барбекю (BARBECUE) режимінде алдын ала
қыздыру сатысы жоқ.
! Ешқашан пештің астыңғы жағына зат қоймаңыз,
бұл эмальді қабатты зақымдайды.
! Әрқашан асхана ыдыстарын берілген тартпа(лар)
ға қойыңыз.
Салқындату желдеткіші
Пештің сыртқы температурасын салқындату үшін
салқындату желдеткіші басқару тақтасы мен пеш
есігінің арасында салқын ауа ағынын өткізеді. FAST
CLEAN (ЖЫЛДАМ ТАЗАЛАУ) режимінде салқындату
желдеткіші төменгі жылдамдықта жұмыс істейді.
! Тағам дайын болғаннан кейін де пеш толық
салқындағанша желдеткіш жұмыс істеп тұрады.
Пештің шамдары
Пеш жұмыс істемей тұрғанда шамды кез келген
уақытта пештің есігін ашу арқылы жағуға болады.
Қосу және
пайдалану
45
KZ
Қолмен пісіру режимдері
! Барлық пісіру режимдерінің әдепкі орнатылған
пісіру температурасы бар, оны 40°C пен 250°C
аралығында қолдан реттеуге болады.
Барбекю (BARBECUE) режимінде әдепкі қуат деңгейі
пайызбен (%) көрсетіледі және оны да қолмен
реттеуге болады.
КӨПДЕҢГЕЙЛІ режим
Барлық қыздыру элементтері мен желдеткіш іске
қосылады. Пештің қызуы тұрақты болғанда ауа
тағамды біркелкі қызартып пісіреді. Бір уақытта ең
көбі екі тартпаны пайдалануға болады.
БАРБЕКЮ режимі
Үстіңгі қыздыру элементі мен бұрылмалы істік (егер
болса) іске қосылады. Басқару тақтасының сол
жағындағы “+” және “-” түймелерін басу арқылы,
реттеуге болатын қуат деңгейлері TEMPERATURE
(температура) бейнебетінде пайда болады; олар
5% бен 100% аралығында өзгереді. Грильдің
жоғарғы және тіке температурасы қабаттың жоғарғы
температурасын қажет ететін тағамдар үшін
ұсынылады. Бұл режим пайдаланылғанда пештің
есігі әрдайым жабық тұруы қажет.
ГРАТИН режимі
Жоғарғы қыздыру элементі мен гриль-бар істігі (бар
болса) іске қосылады да, желдеткіш жұмыс істей
бастайды. Айналу кезінде айналдырып қыздыру
элементі де іске қосылады. Осы мүмкіндіктердің
жиыны пештегі ауаның күшейтілген айналымы
арқылы ысыту элементтерінің бір бағытқа жылылық
бөлуінің тиімділігін арттырады.
Бұл тағамды күйіп кетуден сақтауға көмектеседі
және жылудың тағамның ішкі жағына енуіне
мүмкіндік береді. Бұл режим пайдаланылғанда
пештің есігі әрдайым жабық тұруы қажет.
LOW TEMPERATURE
(ТӨМЕНГІ ТЕМПЕРАТУРА) режимі
Пісірудің бұл түрі тексеру, йогурт дайындау,
қажетті уақытта тамақты ысыту және төменгі
температурада ақырын ас пісіру үшін қолданылады.
Температураның опциялары: 40, 65, 90 °C.
Істікте қуыру *
Гриль істігін іске қосу
үшін (сызбаны қараңыз)
төмендегі әрекеттерді
орындаңыз:
1. Тұтқалы табаны бірінші позицияға
орналастырыңыз.
2. Гриль тірегін үшінші позицияға орналастырып,
істікті пештің артқы қабырғасындағы тесікке кіргізіңіз.
3. Істікте қуыру функциясын немесе
режимдерін таңдау арқылы іске қосыңыз.
! режимі іске қосылған кезде есік ашылса, істік
тоқтайды.
Автоматты пісіру режимдері
! Температура мен пісіру ұзақтығы алдын ала
орнатылған мәндер, олар әрқашан да автоматты
түрде тамаша нәтиже алатыныңызға кепілдік береді.
Бұл мәндер C.O.P.® (Бағдарламаланған оңтайлы
пісіру) жүйесін пайдалану арқылы реттеледі.
Пісіру үрдісі автоматты түрде тоқтап, пеш тамақтың
піскенін көрсетеді. Пештің алдын ала қыздырылған-
қыздырылмағанынан тәуелсіз, пісіруге кірісуіңізге
болады.
! Пісіру сатысына жеткен кезде, пештің дыбыстық
белгісі естіледі.
! Пештің есігін ашпаңыз, себебі бұл пісіру уақыты
мен температураны бұзуы мүмкін.
MEAT (ЕТ) режимі
Сиыр етін, шошқа етін және қой етін пісіру үшін осы
функцияны пайдаланыңыз. Етті салқын пештің ішіне
салыңыз. Тамақты алдын ала қыздырылған пешке
де салуға болады.
ПІСІРІЛГЕН БӘЛІШ режимі
Бұл функция табиғи ашытқы, қопсытқыш қосылып
дайындалатын тәттілерді, сондай-ақ ашытқысыз
дайындалатын тәттілерді пісіру үшін тамаша
жарайды. Тамақты пешке ол әлі қызбаған кезде
салыңыз. Тамақты алдын ала қыздырылған пешке
де салуға болады.
Тағам дайындау
режимдері
* Тек белгілі модельдерде болады.
46
KZ
ПИЦЦА (PIZZA) режимі
Бұл функцияны пицца пісіру үшін пайдаланыңыз.
Қосымша мәліметтерді келесі тараудан қараңыз.
НАН режимі
Бұл функцияны нан пісіру үшін пайдаланыңыз.
Қосымша мәліметтерді келесі тараудан қараңыз.
ПИЦЦА режимі
Барынша жақсы нәтижеге жету үшін төмендегі
нұсқауларды мұқият орындауға кеңес береміз:
Рецепт бойынша жасаңыз.
The weight of the dough should be between 500 g
and 700 g.
Тұтқалы табаға шамалы май жағыңыз.
ПИЦЦА рецепті:
1 тұтқалы табаны төменгі сөренің деңгейіне, ыстық
немесе салқын пешке қойыңыз
Салмағы шамамен 550 г 3 пиццаның рецепті: 1000 г
ұн, 500 мл су, 20 г тұз, 20 г қант, 100 мл зәйтүн майы,
20 г ашытқы (немесе 2 қалта ашытқы ұнтағы)
Бөлме температурасында ашыту: 1 сағат.
Ыстық немесе салқын пешке қойыңыз.
PIZZA (пицца) пісіру режимін іске қосыңыз.
НАН режимі
Барынша жақсы нәтижеге жету үшін төмендегі
нұсқауларды мұқият орындауға кеңес береміз:
Рецепт бойынша жасаңыз.
Тұтқалы табаға арналған ең үлкен салмақтан
асырмаңыз.
5-ші позициядағы пеш табағына 100 мл суық
су құюды ұмытпаңыз.
Қамырды бөлме температурасында көтерілгенше
1 – 1 ½ сағат (бөлменің температурасына қарай)
немесе қамырдың көлемі екі есе үлкейгенше
қалдырыңыз.
НАННЫҢ рецепті:
Ең көбі 1000 грамға арналған 1 тұтқалы таба, төмен
деңгей
Ең көбі 1000 грамға арналған 2 тұтқалы таба,
ортаңғы және төмен деңгейлер
1000 г қамырға арналған рецепт: 600 г ұн, 360 г су,
11 г тұз, 25 г табиғи ашытқы (немесе 2 қалта ашытқы
ұнтағы)
Дайындау әдісі:
Ұн мен тұзды үлкен тегеште араластырыңыз.
Ашытқыны жылы суға (шамамен 35 градус) езіңіз.
Үйілген ұнның ортасында кішкене ойық жасаңыз.
Су мен ашытқы қоспасын құйыңыз.
Қамырды біркелкі және онша жабысқақ емес
қоспаған айналғанша екі қолмен олай-былай
созып, қайта бүктеп, 10 минуттай илеңіз.
Қамырды домалақтап, үлкен тегенеге салыңыз
да, қамыр кеуіп кетпеу үшін бетін мөлдір
пластмасса орағышпен жабыңыз. Пеште қолдан
ТӨМЕН ТЕМПЕРАТУРА (LOW TEMPERATURE)
функциясын таңдаңыз да, температураны 40°C
етіп орнатыңыз. Тегешті пештің ішіне қойып,
көтерілу үшін шамамен 1 сағат қалдырыңыз
(қамырдың көлемі екі есе үлкеюге тиіс).
Қамырды мөлшері бірдей бөлкелерге бөліңіз.
Оларды тұтқалы табадағы пеш қағазының үстіне
салыңыз.
Бөлкелердің бетіне ұн себіңіз.
Бөлкелердің бетінде тіліктер жасаңыз.
5-ші позициядағы пеш табағына 100 мл суық
су құюды ұмытпаңыз; Тазалау үшін су немесе
сірке суын пайдаланған дұрыс.
Нанды салқын пештің ішіне салыңыз.
BREAD (НАН) пісіру режимін іске қосыңыз.
Піскеннен кейін бөлкелерді гриль сөрелерінің
бірінде әбден суығанша қалдырыңыз.
47
KZ
Пісіру ұзақтығын бағдарламалау
1. түймесін басыңыз; түймесі және УАҚЫТ
(TIME) бейнебетіндегі сандар жыпылықтайды.
2. Ұзақтықты реттеу үшін “+” және “-” түймелерін
басыңыз; сандар тез айналып, реттеуді оңайлату
үшін басып ұстап тұрыңыз.
3. Қалаған ұзақтық параметріне жеткен кезде, ол
жадыда сақталу үшін 10 секунд күте тұрыңыз да,
реттеуді бекіту мақсатында түймесін қайтадан
басыңыз.
4. Таңдалған уатық өткенде, ТЕМПЕРАТУРА
(TEMPERATURE) бейнебетінде END пайда болады
да, дыбыстық белгі естіледі.
Мысалы: қазір сағат 9:00 делік және уақыт 1 сағат
15 минутқа орнатылсын. Бағдарлама сағат 10:15
болғанда автоматты түрде тоқтайды.
Пісіруді кідіртуді бағдарламалау
1. түймесін басып ұзақтық параметрі
сипатталғандай 1-ден 3-ке дейінгі қадамдарды
қайталаңыз.
2. Содан кейін түймесін басыңыз да, “+” және “-”
түймелерін басу арқылы пісіру аяқталатын уақытты
орнатыңыз; сандар тез айналып, реттеуді оңайлату
үшін басып ұстап тұрыңыз.
3. Пісіру аяқталатын уақыт мәніне жеткен кезде, ол
жадыда сақталу үшін 10 секунд күте тұрыңыз да,
реттеуді бекіту мақсатында түймесін қайтадан
басыңыз.
4. Бағдарламалау үрдісін құптау үшін “START”
түймесін басыңыз.
5. Таңдалған уатық өткенде, ТЕМПЕРАТУРА
(TEMPERATURE) бейнебетінде END пайда болады
да, дыбыстық белгі естіледі.
Мысалы: қазір таңертеңгі сағат 9:00 және
уақыт 1 сағат 15 минутқа бағдарламаланған,
ал аяқталатын уақыт 12:30 болып орнатылған.
Бағдарлама сағат таңертеңгі 11:15:00 болғанда
автоматты түрде басталады.
Бағдарламалық режимі орнатылғандығын хабарлап
және түймелері жанады. Бағдарламалаудан
кейін пісіру басталардың алдындағы уақытта, TIME
бейнебеті пісіру ұзақтығы мен аяқталатын уақытты
кезек көрсетеді.
Бағдарламалау рәсімін болдырмау үшін “STOP”
түймесін басыңыз.
! Пісіру режимін таңдаған кезде, түймесі іске
қосылады, ал түймесі қосылмайды. Пісіру
уақытын реттеген кезде, түймесі жарықтанады
да, пісіруді кідіртуді бағдарламалауға болады.
Тағам дайындау бойынша кеңес
! Желдетіп пісіру кезінде сөрелерді 1-ші және 5-ші
позицияларға қоймаңыз. Себебі, тым қатты тура
бағытталған қызу ыстыққа сезімтал тағамды күйдіріп
жіберуі мүмкін.
! БАРБЕКЮ (BARBECUE) ЖӘНЕ ГРАТИН (GRATIN)
пісіру режимдерінде, әсіресе бұрылмалы істікті
пайдаланған кезде, тағамның қалдықтарын (май
және (немесе) тоң май) жинау үшін тұтқалы табаны
1-ші позицияға қойыңыз.
КӨПДЕҢГЕЙЛІ
2-ші және 4-ші позицияларды пайдаланыңыз,
көбірек қызуды қажет ететін тағамдарды 2-шісіне
қойыңыз.
Тұтқалы табаны астыңғы жаққа, ал сөрені үстіңгі
жаққа орнатыңыз.
БАРБЕКЮ
Гриль сөресін 2 немесе 4-позицияға қойыңыз.
Тағамды сөренің ортасына орналастырыңыз.
Қуат деңгейін ең жоғарғы мәнге орнату
ұсынылады. Үстіңгі ысыту элементі термостат
арқылы реттеледі және тұрақты күйде жұмыс
істемеуі мүмкін.
ПИЦЦА
Жеңіл алюминийден жасалған пицца табасын
пайдаланыңыз. Оны қамтамасыз етілген тартпаға
орналастырыңыз.
Сыртын қытырлақ етіп пісіру үшін тұтқалы табаны
пайдаланбаңыз, себебі ол пісіру мерзімін ұзарту
арқылы қытырлақ болуына кедергі жасайды.
Пиццаның беті көп құрамды болғанда пісіру
үрдісінің ортасында пиццаның үстіне моцарелла
ірімшігін қосу ұсынылады.
48
KZ
Тағам әзірлеу бойынша кеңес кестесі
Тағам
дайындау
режимдері
Тағамдар Салмақ
(кг)
Тартпа позициясы Алдын
ала
қыздыру
Ұсынылатын
температура
(°C)
Пісіру
ұзақтығы
(минут)
стандартты
бағыттауыш
сырғытпалар
жылжымалы
бағыттауыш
сырғытпалар
Көпдеңгей* Пицца - 2 сөреде
Екі сөреде бәліштер/2 сөреде кекстер
Ашыған қамыр бәліші 2 сөреде (тұтқалы табада)
Қуырылған тауық еті + картоп
Жас қой еті
Макрель
Лазанья
Крем салынған бәліш – 2-сөреде
Печенье – 2-тартпада
Ірімшік салынған қаттама - 2 -сөреде
Хош иісті бәліш
1+1
1
1
1
2 және 4
2 және 4
2 және 4
1 және 2/3
2
1 не 2
2
2 және 4
2 және 4
2 және 4
1 және 3
1 және 3
1 және 3
1 және 3
1 және 3
1
1
1
1 және 3
1 және 3
1 және 3
1 және 3
Иә
Иә
Иә
Иә
Иә
Иә
Иә
Иә
Иә
Иә
Иә
220-230
180
170
200-210
190-200
180
190-200
190
190
210
200
20-25
30-35
20-25
65-75
45-50
30-35
35-40
20-25
10-20
20-25
20-30
Барбекю* Макрель
Палтус пен каракатица
Кальмар мен асшаян кебабы
Нәлім белдемесі
Грильде пісірілген көкөністер
Бұзау етінен пісірілген стейк
Шұжықтар
Гамбургер
Қыздырылған сэндвич (немесе тост)
Бұрылмалы істікке (егер болса) пісірілген тауық еті
Бұрылмалы істікке (егер болса) пісірілген қой еті
1
0.7
0.7
0.7
0.5
0.8
0.7
4 не 5
4 не 6
1
1
4
4
4
4
3 не 4
4
4
4
4
-
-
3
3
3
3
2 не 3
3
3
3
3
-
-
Жоқ
Жоқ
Жоқ
Жоқ
Жоқ
Жоқ
Жоқ
Жоқ
Жоқ
Жоқ
Жоқ
100%
100%
100%
100%
100%
100%
100%
100%
100%
100%
100%
15-20
10-15
8-10
10-15
15-20
15-20
15-20
10-12
3-5
70-80
70-80
Гратин* Грильде пісірілген тауық еті
Каракатица
Бұрылмалы істікке (егер болса) пісірілген тауық еті
Бұрылмалы істікке (егер болса) пісірілген үйрек еті
Қуырылған бұзау немесе сиыр еті
Қуырылған шошқа еті
Жас қой еті
1.5
1
1.5
1.5
1
1
1
2
2
-
-
2
2
2
2
2
-
-
2
2
2
Жоқ
Жоқ
Жоқ
Жоқ
Жоқ
Жоқ
Жоқ
210
200
210
210
210
210
210
55-60
30-35
70-80
60-70
60-75
70-80
40-45
Төмен
температура
Еріту
Тексеру
Тағамды ысыту
Пастеризация
2 не 3
2 не 3
2 не 3
2 не 3
2
2
2
2
Жоқ
Жоқ
Жоқ
Жоқ
-
-
-
-
-
60-90
-
-
Автоматты
түрде пицца
пісіру
Пицца (рецептті қараңыз)
Фокачча (нан қамыры)
1
1
2
2
2
2
Жоқ
Жоқ
-
-
23-33
23-33
Автоматты
түрде нан
ұнтақтарына
аунату
Нан (рецептті қараңыз) 1 2 2 Жоқ - 55
Автоматты
түрде
пісірілген
бәліш
Ашыған қамырдан пісірілген кекстер 1 2 не 3 2 Жоқ - 35-55
Автоматты
түрде қақтау
Қақталған ет 1 2 не 3 2 Жоқ - 60-80
* Жоғарыдағы тізімде көрсетілген пісіру уақыттары тек нұсқау ретінде берілген және оларды жеке қалауға қарай өзгертуге болады. Пешті алдын ала
қыздыру уақыты стандарт бойынша орнатылған және оларды қолмен өзгертуге болмайды.
49
KZ
Сақтандырулар
мен кеңестер
! Бұл құрылғы халықаралық қауіпсіздік
стандарттарына сай өңделіп шығарылған. Төмендегі
ескертулер қауіпсіздік салдары үшін берілген және
оны мұқият оқып шығу қажет.
Жалпы қауіпсіздік
Құрылғы үйде қолдануға арналған, оны
коммерциялық немесе өндірістік тұрғыда
қолдануға болмайды.
Жабық жер болса да, құрылғыны сыртта
қолданбау қажет. Құрылғыны қорғаусыз жаңбыр
мен боранда қалдыру аса қауіпті.
Құрылғыны жылжытқанда немесе
орналастырғанда пештің бүйіріндегі тұтқаларды
пайдаланыңыз.
Құрылғыны жалаң аяқ немесе ылғал не дымқыл
қолмен, аяқпен түртпеңіз.
Құрылғыны кітапшада берілген нұсқауларға
сай, тек ересек адамдар ғана тағам дайындау
мақсатында пайдалануы тиіс.
Құрылғыны пайдаланған уақытта қыздыру
элементтерін немесе пеш есігінің белгілі
бөліктерін ұстамаңыз, бұл бөліктер қатты
қызады. Құрылғыны балалар қолы жетпейтін
жерге қойыңыз.
Басқа электр құрылғыларына арналған
электр кабельдері пештің ыстық бөліктеріне
жақындамайтынын тексеріңіз.
Желдету және ыстықты салқындатуға арналған
ашық жерлерді ешқашан жаппау керек.
Пеш есігінің тұтқасын әрқашан ортасынан
ұстаңыз, шеттері ыстық болуы мүмкін.
Пешке асханалық ыдысты қоярда немесе
оны алған кезде әрдайым пеш қолғаптарын
пайдаланыңыз.
Пеш түбін туралау үшін алюминий фольганы
пайдаланбаңыз.
Пешке жанғыш заттарды қоймаңыз. Егер
байқаусызда құрылғы қосылса, бұл заттардың
жануы мүмкін.
Құрылғыны өшіргенде айырғышты әрдайым
желі розеткасынан алыңыз, кабельден тартып
суырмаңыз.
Құрылғыны электр желісінен ажыратпастан,
ешқашан тазалау немесе күтім көрсету
жұмыстарын жасамаңыз.
Егер құрылғы істен шыққан болса, ешбір жағдайда
жөндеу жұмысын өзіңіз жасамаңыз. Тәжірибесіз
адам тарапынан жасалған жөндеу жұмыстарынан
құрылғының істен шығуы немесе жарамсыз болып
қалуы мүмкін. Қызмет көрсету орталығымен
байланысыңыз («Көмек» бөлімін қараңыз).
Ашық пештің есігіне ауыр заттарды қоймаңыз.
Құрылғыны физикалық, сезімталдық және
психикалық қабілеттері төмен адамдар (балалар
да кіреді), тәжірибесіз немесе өнімнен хабары
жоқ кез келген адамның қолданбауы тиіс.
Мұндай адамдарға, кем дегенде, қауіпсіздіктерін
қамтамасыз ететін біреулер жетекші болуы керек
немесе құрылғының жұмысына қатысты кіріспе
нұсқаулары берілуі тиіс.
Балаларға құрылғымен ойнауға рұқсат етпеңіз.
Жою
Орау материалдарын тастаған кезде: орама қайта
пайдаланылуы мүмкін болатындай жергілікті заңды
қадағалаңыз.
Электр және электроникалық құралдардың
қалдықтарына (WEEE) қатысты 2002/96/EC Еуропа
заңнамасына сәйкес үй құрылғылары қалыпты
толық қалалық қалдық айналымын пайдаланып
жойылмауы тиіс. Қоршаған орта мен халық
денсаулығына тиетін зиянның алдын ала отырып,
жарамсыз құрылғылар қайта пайдалану мен машина
ішіндегі материалдарды өңдеу құнын оңтайландыру
мақсатында бөлек жиналуы керек. Барлық
өнімдердегі сызылған қоқыс жәшігі өнім иесінің
бөлектелген қоқыс жинауға қатысты міндетін еске
салады.
Жарамсыз үй құрылғыларын дұрыс жоюға қатысты
қосымша ақпарат алу үшін өнім иелері халыққа
қызмет көрсету орталығына немесе олардың
жергілікті өкілдеріне хабарласа алады.
Қоршаған ортаны сақтау және қорғау
Пешті таңертең ерте немесе түстен кейін кешірек
пайдалану арқылы электр қуатын қамтамасыз
етуші желілік компаниялардың ең жоғары
жүктемесін азайтуға көмектесе аласыз.. Пісіру
функциясын бағдарламалау параметрлері –
әсіресе, «кейінге қалдырылған пісіру» режимі
(Пісіру функциялары» бөлімін қараңыз) және
«кейінге қалдырылған автоматты түрде тазалау»
режимі («Күтім және пайдалану» бөлімін қараңыз)
– пайдаланушының уақытын тиімді пайдалануға
мүмкіндік береді.
БАРБЕКЮ және ГРАТИН режимдері
пайдаланылғанда пеш есігін әрқашан жауып қою
қажет. Бұл энергияны сақтай отырып (шамамен
10%), жақсы нәтижеге жеткізеді.
Есік тығыздағыштарын жиі тексеріңіз, олар есікке
тығыз келетіндей етіп, қалдық болмауы үшін
тазалап сүртіп тұрыңыз, осылайша ыстықтың
сыртқа шығуын болдырмайсыз.
50
KZ
Құрылғыны өшіру
Кез келген бір жұмысты бастамастан бұрын
құрылғыны тоқтан ажыратыңыз.
Құрылғыны тазалау
Тот баспайтын болат немесе эмальданған сыртқы
бөліктер және резеңке тығыздағыштар салқын
малынып, түссіз сабын жағылған губкамен
тазартылады. Қиын дақтарды кетіру үшін арнайы
өнімдерді пайдаланыңыз. Жуып болған соң оны
шайып, мұқият құрғатыңыз. Қатты ұнтақтарды
немесе таттандыратын заттарды пайдаланбаңыз.
Пештің іші әрбір қолданғаннан кейін жылы
кезінде мұқият тазалануы тиіс. Ыстық су мен
тазартқышты пайдаланыңыз, одан кейін шайып,
жұмсақ шүберекпен құрғатып сүртіңіз. Қырғыш
заттарды пайдаланбаңыз.
Сырғымалы тартпалардан басқа барлық керек-
жарақтар күнделікті ыдыстар сияқты жуылуы
мүмкін, тіпті оларды ыдыс жуғыш машинаға жууға
болады.
Тазартқыш заттарды басқару тақтасына тура
бүрікпей, ысқыш шүберекті қолданып тазалаған
дұрыс.
! Құрылғыны тазалауға ешқашан бу тазартқыштарын
немесе қысым тазартқыштарын пайдаланбаңыз.
Пеш есігін тазалау
Пеш есігінің әйнегін ысқышпен және қырғыш
емес тазартқыш құралдармен тазалап, жұмсақ
шүберекпен мұқият құрғатыңыз. Қатты қырғыш затты
немесе өткір темір қырғыштарды пайдаланбаңыз,
себебі олар әйнек бетін тырнап, оның сынуына
әкелуі мүмкін.
Пеш есігін мұқият тазалау мақсатында оны шығарып
алуыңызға болады.
1. Пеш есігін толық ашыңыз (сызбаны қараңыз).
2. Екі ілмекте орналасқан тұтқаларды көтеріп,
бұрыңыз (сызбаны қараңыз).
3. Есікті екі жағынан қатты
ұстап, жартылай жабыңыз.
Оны өзіңізге қарай орнынан
көтере тартыңыз (сызбаны
қараңыз). Есікті орнына
қою үшін осы іс ретін кері
орындаңыз.
Шыны есік
Тығыздағыш
Шам
Пештің
камерасы
Тығыздағыштарды тексеру
Пештегі есік тығыздағыштарын жиі тексеріп
тұрыңыз. Егер тығыздағыштар зақымдалған болса,
жақын жердегі сатудан кейінгі қызмет көрсету
орталығына хабарласыңыз («Көмек» бөлімін
қараңыз). Тығыздағыштар ауыстырылғанға дейін
пешті пайдаланбауды ұсынамыз.
Шамды ауыстыру
Пештің шамын
ауыстыру үшін:
1. Бұрағыштың көмегімен шыны қақпақты шешіп
алыңыз.
2. Шамды алып, оны сондай басқа шаммен
ауыстырыңыз: Ваттағы қуаты 15 Вт, цоколі E 14.
Шыны қақпақты орнына қойыңыз, оның дұрыс
орнағанын тексеріңіз (сызбаны қараңыз).
Сырғымалы тартпалар жиынын
орнына салу
Сырғымалы сөрелерді құрастыру үшін:
1. Екі жақтауды
A бөлгіштерінен
алысырақ көтеріп,
шығарыңыз (сызбаны
қараңыз).
2. Сырғымалы
тартпамен
қайсы сөренің
пайдаланылатынын
таңдаңыз. Сырғымалы
тартпа шығарылып
алынатын бағытқа
назар аудара отырып,
B ілмегін, одан кейін
С ілмегін жақтауға
орналастырыңыз.
Күтім және пайдалану
A
B
C
Сол жақ
бағыттауыш
сырғытпа
Оң жақ
бағыттауыш
сырғытпа
Шығару
бағыты
51
KZ
3. Пеш
қабырғаларындағы
тесіктерді пайдаланып,
бағыттаушы жолдардың
көмегімен бекітіңіз
(сызбаны қараңыз). Сол
жақ жақтауға арналған
тесіктер жоғарыда,
ал оң жақ жақтау үшін
тесіктер төменде
орналасқан.
4. Ең соңында жақтауларды A бөлгіштеріне
орналастырыңыз.
! Сырғымалы тартпаларды 5-позицияға қоймаңыз.
FAST CLEAN (ЖЫЛДАМ ТАЗАЛАУ)
функциясымен автоматты түрде
тазалау
FAST CLEAN (ЖЫЛДАМ ТАЗАЛАУ) режимімен
пештің ішкі температурасы 500°C-қа дейін жетеді.
Пиролитикалық цикл қосылады және тағамдар
мен күйе қалдықтар жанып кетеді. Автоматты
түрде тазарту кезінде құрылғының беті ыстық
болатындықтан балаларды одан алыс жерде
ұстаңыз.
Автоматты түрде тазарту кезінде құрылғының
беті ыстық болатындықтан балаларды одан алыс
жерде ұстаңыз. Өздігінен болатын жану процесіне
байланысты бөлшектер пештің ішінде жанып
кетуі мүмкін. Қобалжудың қажеті жоқ: бұл процесс
қалыпты және қауіпті емес.
FAST CLEAN (ЖЫЛДАМ ТАЗАЛАУ) режимін іске
қоспастан бұрын:
Ылғал губканың көмегімен пештің ішінен үлкен
тағам қалдықтарын алып тастаңыз. Тазалау
сұйықтығын пайдаланбаңыз.
Барлық керек-жарақтарды алып тастаңыз.
Пештің тұтқасына шәйнек тұтқышты қоймаңыз.
! Егер пеш өте ыстық болса, пиролитикалық цикл
қосылмайды. Пештің суығанын күтіңіз.
! Бағдарлама тек пештің есігі жабылған кезде ғана
іске қосылады.
Жылдам тазалау режимін іске қосу үшін
түймесін басыңыз; ТЕМПЕРАТУРА дисплейі «nor»
деп көрсетіп тұрғанда УАҚЫТ дисплейі әдепкі
ұзақтықты 1сағат 30 минут (қалыпты цикл) етіп
көрсетеді. «+» түймесін басу 2 сағатқа созылатын
«int» қарқынды циклын іске қосады, «-» түймесін
басу 1 сағатқа созылатын «eco» үнемдеу циклын
іске қосады.
D
Қауіпсіздік құрылғылары
Температура белгілі мәннен асқан кезде есік
автоматты түрде жабылады.
Егер дұрыс жұмыс істемеу байқалса, қыздыру
элементтері өшеді.
Пештің есігі жабылғаннан кейін ұзақтықты және
уақыт параметрін өзгерте алмайсыз.
! Бағдарламалау тек FAST CLEAN (ЖЫЛДАМ
ТАЗАЛАУ) режимін таңдағаннан кейін жасалады.
Бағдарламалау автоматты түрде тазалауды
кейінге қалдырды
1. түймесін басыңыз; түймесі және УАҚЫТ
(TIME) бейнебетіндегі сандар жыпылықтайды.
2. Ұзақтықты реттеу үшін “+” және “-” түймелерін
басыңыз; сандар тез айналып, реттеуді оңайлату
үшін басып ұстап тұрыңыз.
3. Пісіру аяқталатын уақыт мәніне жеткен кезде ол
жадыда сақталу үшін 10 секунд күте тұрыңыз да,
реттеуді бекіту мақсатында түймесін қайтадан
басыңыз.
4. Таңдалған уатық өткенде, ТЕМПЕРАТУРА
(TEMPERATURE) бейнебетінде END пайда болады
да, дыбыстық белгі естіледі.
Мысалы: Сағат 9:00 және Economy (ECO)
(Үнемдеу) FAST CLEAN (ЖЫЛДАМ ТАЗАЛАУ)
режимінің деңгейі таңдалды: әдепкі орнатылған
уақыт 1 сағат. 12:30 аяқталу уақыты ретінде
орнатылады. Бағдарлама сағат 11:30 болғанда
автоматты түрде іске қосылады.
Бағдарламалау реттелгенде, және
түймелері жыпылықтайды. Бағдарламалаудан кейін
Fast Clean (Жылдам тазалау) режимі басталмастан
бұрын УАҚЫТ дисплейі ұзақтықты және Fast Clean
(Жылдам тазалау) режимінің аяқталуын алма кезек
көрсетіп тұрады.
Бағдарламалау рәсімін болдырмау үшін “STOP”
түймесін басыңыз.
Автоматты түрде тазалау циклі аяқталғанда
Пештің есігін ашпастан бұрын оның ішіндегі
температураның суығанын күтуіңіз керек. Пештің
түбінен және жанынан ақ тұнба қалдықтарды
байқайсыз. Оларды пеш толық суығаннан кейін
ылғал губкамен алып тастаңыз. Қызған пешті
оның ішінен тұнба қалдықтарды алмастан
пайдалануыңызға болады. Олар зиян емес және
тағамға әсер етпейді.
52
KZ
Ескерту:
Құрылғы кез келген дұрыс жұмыс істемеуін анықтайтын автоматты диагностикалық жүйе арқылы реттеледі.
Дұрыс жұмыс істемеу хабарлардың төмендегі түрімен бейнеленеді: “ER” әрпінен кейін сандар келеді.
Дұрыс жұмыс істемеген кезде техникалық қолдау көрсету орталығына хабарласыңыз.
Техникалық қолдау орталығына хабарласпас бұрын:
Ақаулықты өзінің түзете алатыныңызды тексеріңіз.
Ақаулықтың жойылғанын тексеру үшін бағдарламаны қайта бастаңыз.
Егер жойылмаса, Уәкілетті техникалық қолдау орталығына хабарласыңыз.
! Рұқсаты жоқ адамның қызметін ешқашан қабылдамаңыз.
Келесі мәліметтерді оңай жерде ұстаңыз:
ТЕМПЕРАТУРА дисплейінде көрсетілетін хабар.
Құрылғының моделі (Мод.).
Сериялық нөмірі (С/н).
Кейінірек мәліметтердің екі бөлігін құрылғының деректер тақтасынан көре аласыз.
Көмек
05/2009 - 195068285.02
XEROX FABRIANO
  • Page 1 1
  • Page 2 2
  • Page 3 3
  • Page 4 4
  • Page 5 5
  • Page 6 6
  • Page 7 7
  • Page 8 8
  • Page 9 9
  • Page 10 10
  • Page 11 11
  • Page 12 12
  • Page 13 13
  • Page 14 14
  • Page 15 15
  • Page 16 16
  • Page 17 17
  • Page 18 18
  • Page 19 19
  • Page 20 20
  • Page 21 21
  • Page 22 22
  • Page 23 23
  • Page 24 24
  • Page 25 25
  • Page 26 26
  • Page 27 27
  • Page 28 28
  • Page 29 29
  • Page 30 30
  • Page 31 31
  • Page 32 32
  • Page 33 33
  • Page 34 34
  • Page 35 35
  • Page 36 36
  • Page 37 37
  • Page 38 38
  • Page 39 39
  • Page 40 40
  • Page 41 41
  • Page 42 42
  • Page 43 43
  • Page 44 44
  • Page 45 45
  • Page 46 46
  • Page 47 47
  • Page 48 48
  • Page 49 49
  • Page 50 50
  • Page 51 51
  • Page 52 52

Whirlpool F 103GP.1 (WH) F /HA Руководство пользователя

Тип
Руководство пользователя
Это руководство также подходит для

Задайте вопрос, и я найду ответ в документе

Поиск информации в документе стал проще с помощью ИИ