Electrolux EHH56240IK Руководство пользователя

Тип
Руководство пользователя
EHH56240IK
Қолдану туралы
нұсқаулары
Пісіру алаңы
KK 2
Инструкция по
эксплуатации
Варочная панель
RU 19
electrolux.com/register
СІЗ ОЙЫМЫЗДА БОЛДЫҢЫЗ
Electrolux құрылғысын сатып алғаныңызға рахмет. Сіз ондаған жылдар бойғы кәсіби
тәжірибе мен инновацияға сүйеніп жасалған құрылғыны таңдадыңыз. Тапқырлықтың
туындысы болған, көз тартарлық бұл құрылғыны жасау барысында сіз ойымызда
болдыңыз. Сондықтан, қолданған сайын тамаша нәтижеге қол жеткізе
алатыныңызға сенімді болыңыз.
Electrolux әлеміне қош келдіңіз.
Біздің веб-сайтқа барып келесіні қараңыз:
Пайдалануға қатысты кеңесті, кітапша, ақаулықты түзету, қызмет көрсету және
жөндеу туралы ақпаратты мына жерден алыңыз:
www.electrolux.kz/support
Сізге барынша жақсы қызмет көрсету үшін өніміңізді мына жерге тіркеңіз:
www.registerelectrolux.com
Құрылғыңызға қажетті керек-жарақтарды, шығынды материалдарды және
фирмалық қосалқы бөлшектерді сатып алу үшін:
www.part33.ru
ТҰТЫНУШЫҒА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
Фирмалық заттарды қолдануды ұсынамыз.
Қызмет көрсету орталығына хабарласқанда келесі деректердің дайын болуын
қамтамасыз етіңіз. Үлгісі, Өнім нөмірі, Сериялық нөмірі.
Деректерді техникалық ақпарат тақтайшасынан алуға болады.
Ескерту / Қауіп-қатерден сақтандыру ақпараты
Жалпы ақпарат және ақыл-кеңес
Қоршаған ортаға қатысты ақпарат
Өндіруші ескертусіз өзгеріс енгізу құқығына ие.
МАЗМҰНЫ
1. ҚАУІПСІЗДІК АҚПАРАТЫ..............................................................................................2
2. ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЛАРЫ.........................................................................................5
3. ОРНАТУ..........................................................................................................................7
4. БҰЙЫМ СИПАТТАМАСЫ..............................................................................................9
5. ӘРКҮНДІК ҚОЛДАНУ...................................................................................................10
6. АҚЫЛ-КЕҢЕС...............................................................................................................12
7. КҮТУ МЕНЕН ТАЗАЛАУ..............................................................................................14
8. АҚАУЛЫҚТЫ ТҮЗЕТУ................................................................................................. 14
9. ТЕХНИКАЛЫҚ ДЕРЕК................................................................................................. 16
10. ҚУАТ ТИІМДІЛІГІ........................................................................................................16
1. ҚАУІПСІЗДІК АҚПАРАТЫ
Құрылғыны орнатып іске қолданар алдында бірге
жеткізілген нұсқауларды мұқият оқып шығыңыз. Дұрыс
2 ҚАЗАҚ
орнатпау немесе пайдаланбау нәтижесінде орын алған
жарақат немесе зақымға өндіруші жауапты емес.
Нұсқаулықтарды кейін қарап жүру үшін әрқашан қауіпсіз
және қол жетімді жерде сақтаңыз.
1.1 Балалар мен әлсіз адамдардың қауіпсіздігі
Бұл құрылғы дене, сезім немесе ақыл-ой қабілеттері
шектеулі не тәжірибесі және білімі жоқ адамдардың
(соның ішінде балалардың) пайдалануына арналмаған.
Қауіпсіздігіне жауапты адам құрылғы пайдалануын
қадағаласа немесе нұсқаулар беріп тұрса ғана олар
құрылғыны пайдалана алады.
Балалардың құрылғымен және бар мобильді
құрылғылармен ойнамауын қадағалау керек.
Барлық орам материалдарын балалардан алыс ұстап,
қоқысқа тиісті түрде тастау керек.
ЕСКЕРТУ: Құрылғы жұмыс істеп тұрғанда немесе ол
суып жатқанда, балалар мен үй жануарларын оған
жақындатпаңыз. Қолжетімді бөлшектер пайдалану
кезінде ыстық болуы мүмкін.
Құрылғыда бала қауіпсіздігінің құралы бар болса, оны
белсендіру керек.
Балалар құрылғыны жөндеу және тазалау жұмыстарын
бақылаусыз орындамауы керек.
1.2 Қауіпсіздік туралы жалпы ақпарат
ЕСКЕРТУ: Құрылғы мен оның қолжетімді бөліктері
пайдалану кезінде қызады. Қыздырғыш элементтерге
тиіп кетпеу үшін абайлау керек.
ЕСКЕРТУ: Май немесе өсімдік майы қосылған тағамды
әзірлеу бетіне қараусыз пісірсе, қауіпті болуы және өрт
шығуы мүмкін.
Өртті ЕШҚАШАН сумен сөндіруге әрекет жасамаңыз,
оның орнына құрылғыны сөндіріп, жалынды қақпақ
немесе өртке төзімді көрпе, т.б. тәрізді затпен жабыңыз.
ҚАЗАҚ 3
ЕСКЕРТУ: Құрылғыны таймер сияқты сырттан қосатын
құралмен жабдықтамау немесе жиі қосылып және сөніп
тұратын желілерге қоспау керек.
САҚТЫҚ ЕСКЕРТУ: Пісіру барысын қадағалап отыру
керек. Пісіру барысы қысқа болса, үздіксіз қадағалап
отыру керек.
ЕСКЕРТУ: Өрт қаупі бар: Заттарды әзірлеу беттерінде
сақтамаңыз.
Пышақ, шанышқы, қасық және қақпақ тәрізді темір
заттарды әзірлеу бетіне қоймаңыз, себебі ысып кетеді.
Құрылғыны кіріктіріп орнату алдында қолданбаңыз.
Құралды тазарту үшін бумен тазартқышты
пайдаланбаңыз.
Пайдаланып болғаннан кейін әзірлеу бетінің элементін,
ыдыс анықтағышқа сүйенбей, оның басқару тетігімен
сөндіріңіз.
Егер шыны керамика бет / шыны сынса, электр қатері
пайда болмас үшін құрылғыны сөндіріңіз және ток
көзінен ағытыңыз. Құрылғы ток көзіне электр корапшасы
арқылы қосылған болса, құрылғыны тоқтан ағыту үшін
сақтандырғышты алыңыз. Осы жағдайларда уәкілетті
қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
Егер қуат cымына зақым келген болса, қатерден сақтану
үшін оны өндіруші немесе уәкілетті техник немесе сол
сияқты білікті маман ауыстыруға тиіс.
ЕСКЕРТУ: Пісіру құрылғысының өндірушісі жасаған пеш
қорғағыштарды ғана немесе құрылғы өндірушісі
пайдаланушы нұсқаулығында арнайы көрсеткен немесе
құрылғының өзіне орнатылған қорғағыштарды ғана
қолданыңыз. Сай келмейтін қорғағыштарды
пайдалансаңыз, оқыс жағдай орын алуы мүмкін.
4 ҚАЗАҚ
2. ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЛАРЫ
2.1 Орнату
ЕСКЕРТУ!
Осы құрылғыны тек білікті
маман ғана орнатуға тиіс.
ЕСКЕРТУ!
Жарақат алу немесе
құрылғыны бүлдіріп алу қаупі
бар.
Орам материалдарының барлығын
алыңыз.
Бүлінген құрылғыны орнатпаңыз
немесе іске қоспаңыз.
Құрылғымен бірге жеткізілген орнату
нұсқауларын орындаңыз.
Құрылғылар мен заттардың
арасындағы минимум қашықтықты
сақтаңыз.
Құрылғы ауыр болғандықтан, орнынан
жылжытқан кезде әрқашан абай
болыңыз. Әрқашан қауіпсіздік қолғабы
мен бітеу аяқ киім киіңіз.
Кесілген беттерге ылғал кіріп үлкейтіп
жібермес үшін тығыздағышпен бітеңіз.
Құрылғының астыңғы жағын бу мен
ылғалдан қорғаңыз.
Құрылғыны есіктің жанына немесе
терезенің астына қоймаңыз. Бұл есік
немесе терезе ашылған кезде ыстық
ыдыстар құрылғыдан құлап кетпеу үшін
қажет.
Әр құрылғының астыңғы жағында өз
желдеткіштері бар.
Егер құрылғы тартпаның үстіне
орнатылса:
Желдеткішке кіріп кетуі мүмкін
кішкене қағаздарды немесе
парақтарды сақтамаңыз, себебі
олар салқындатқышқа зақым
келтіруі немесе салқындату жүйесін
зақымдауы мүмкін.
Құрылғының астыңғы жағы мен
тартпада сақталған заттардың
арасына кемінде 2 см орын
қалдырыңыз.
Құрылғының астыңғы жағында
орналасқан кез келген бөлгіш панельді
алыңыз.
2.2 Электртоғына қосу
ЕСКЕРТУ!
Өрт және электр қатеріне
ұшырау қаупі бар.
Электртоғына қосу жұмыстарының
барлығын білікті электрші ғана іске
асыруы керек.
Құрылғыны міндетті түрде жерге
тұйықтау қажет.
Қандай да бір жұмысты іске асырмай
тұрып, құрылғының электр желісінен
ажыратылғанына көз жеткізіңіз.
Техникалық ақпарат тақтасындағы
параметрлердің негізгі қуатпен
жабдықтау желісіндегі электр
параметрлеріне сәйкес келетініне көз
жеткізіңіз.
Құрылғының дұрыс орнатылғаныа көз
жеткізіңіз. Босап қалған және дұрыс
жалғанбаған электр сымы немесе
ашасы (бар болса) ағытпаны өте
ысытып жіберуі мүмкін.
Дұрыс электр сымын пайдаланыңыз.
Электр сымдарының оратылуына жол
бермеңіз.
Электр қатерінен сақтандыру
құралының орнатылғанына көз
жеткізіңіз.
Сымды тартылудан босататын
қапсырманы пайдаланыңыз.
Құрылғыны жақын тұрған розеткаға
жалғаған кезде электр сымы немесе
ашасы (бар болса) ыстық құрылғыға
немесе ыстық ыдысқа тиіп кетпес үшін
абай болыңыз.
Көп тармақты адаптер мен ұзартқыш
сымды қолданбаңыз.
Құрылғының сымына немесе ашасына
(бар болса) зақым келтірмеу үшін абай
болыңыз. Зақым келген электр сымын
ауыстырту үшін біздің уәкілетті қызмет
көрсету орталығына немесе электршіге
хабарласыңыз.
Ток жүріп тұрған және гидроизоляциясы
бар бөлшектерді электр қатерінен
қорғау үшін құралсыз алынбайтын етіп
мықтап орнату керек.
ҚАЗАҚ 5
Құрылғының ашасын розеткаға тек
құрылғыны орнатып болғаннан кейін
ғана қосыңыз. Орнатып болғаннан кейін
ашаның қол жететін жерде тұрғанына
көз жеткізіңіз.
Егер розетка бекітілмеген болса,
ашаны жалғамаңыз.
Құрылғыны ажырату үшін электр
сымынан тартпаңыз. Әрдайым қорек
ашаны қолмен тартып шығарыңыз.
Тек дұрыс оқшаулағыш құралдарды
қолданыңыз: желіні қорғайтын
ажыратқыштарды, сақтандырғыштарды
(ұстатқыштан алынған бұрандалы
сақтандырғыштар), жерге тұйықталудан
қорғау тетіктері мен тұйықтағыштарды
пайдаланыңыз.
Электр қондырғысында құрылғыны кез
келген ток полюстерінен ажыратуға
мүмкіндік беретін оқшаулағыш құрылғы
болуы керек. Оқшаулағыш құрылғыда
кеңдігі 3 мм-ден кем емес саңылау болу
керек.
2.3 Пайдалану
ЕСКЕРТУ!
Жарақат алу, күйіп қалу және
тоқ соғу қаупі бар.
Алғаш пайдалану алдында барлық
орамдарын, жапсырмалары мен
қорғағыш таспасын (бар болса)
алыңыз.
Бұл тұрмыстық (жай ішінде) мақсатта
ғана пайдалануға арналған құрылғы.
Бұл құрылғының техникалық
сипаттамасын өзгертпеңіз.
Желдету саңылауларының
бітелмегенін тексеріңіз.
Жұмыс істеп тұрған құрылғыны
назардан тыс қалдырмаңыз.
Пісіру алаңын пайдаланып болған
сайын "off" қалпына қойыңыз.
Ыдыс анықтағышқа сенбеңіз.
Пісіру алаңдарына ас құралдарын
немесе кәстрөлдердің қақпақтарын
қоймаңыз. Қызып кетуі мүмкін.
Құрылғыны дымқыл қолдармен немесе
суға тиіп тұрғанда пайдаланбаңыз.
Құрылғыны жұмыс беті немесе сақтау
беті ретінде пайдаланбаңыз.
Егер құрылғының беті жарылса,
құрылғыны қуат желісінен дереу
ажыратыңыз. Бұл ток соғуын
болдырмау үшін істеледі.
Құрылғы жұмыс істеп тұрғанда,
жүрекширатқышы бар пайдаланушылар
индукциялық пісіру аймақтарынан
кемінен 30 см аралықта болуы қажет.
Тағамды ыстық майға салғанда, май
шашырауы мүмкін.
ЕСКЕРТУ!
Өрт және жарылыс пайда болу
қаупі бар
Қыздырғанда майлардан тұтанғыш
булар бөлінуі мүмкін. Майлармен
пісіргенде, отты немесе қыздырылған
заттарды алыс ұстаңыз.
Өте ыстық майдан бөлінетін булар
өздігінен өртенуі мүмкін.
Құрамында тамақ қалдықтары болуы
мүмкін пайдаланылған май бірінші рет
пайдаланылған майға қарағанда
төменірек температурада өртенуі
мүмкін.
Тұтанғыш өнімдерді немесе тұтанғыш
өнімдермен ылғалдандырылған
заттарды құрылғының ішіне, жанына
немесе үстіне қоймаңыз.
ЕСКЕРТУ!
Құрылғыны бүлдіріп алуыңыз
мүмкін.
Басқару панеліне ыстық ыдыс
қоймаңыз.
Ыстық табаның қақпағын пештің ыстық
әйнек бетіне қоймаңыз.
Ыдыстың ішіндегісі сарқылғанша
қайнатпаңыз.
Құрылғының үстіне зат немесе ыдыс
құлап кетуге жол бермеңіз. Құрылғының
бетіне зақым келуі мүмкін.
Пісіру алаңдарын бос ыдыс қойып
немесе ешбір ыдыс қоймай іске
қоспаңыз.
Құрылғының үстіне алюминий жұқалтыр
қоймаңыз.
Құйылған шойыннан, алюминийден
жасалған немесе астына нұқсан келген
ыдыстар, шыны / шыны керамика бетке
сызат түсіреді. Бұндай заттарды
құрылғының бетінде үнемі көтеріп
жылжыту керек.
Бұл тек тағам пісіруге арналған
құрылғы. Басқа мақсатта, мысалы
6 ҚАЗАҚ
бөлмені қыздыру үшін қолдануға
болмайды.
2.4 Күту менен тазалау
Құрылғының бетіндегі материалдың
сапасы түспес үшін мезгіл-мезгіл
тазалаңыз.
Құрылғыны тазалардан бұрын сөндіріп,
суығанша қойыңыз.
Құрылғыны тазалау үшін сулы спрейді
және буды қолданбаңыз.
Құрылғыны дымқыл жұмсақ
шүберекпен тазалаңыз. Бейтарап
жуғыш заттарды ғана қолданыңыз.
Жеміргіш заттарды, түрпілі жөкелерді,
еріткіштерді немесе металл заттарды
пайдаланбаңыз.
2.5 Қызмет
Құрылғыны жөндеу үшін уәкілетті
қызмет көрсету орталығына
хабарласыңыз. Тек түпнұсқалық
қосалқы бөлшектерді пайдаланыңыз.
Осы өнімнің ішіндегі шам(дар) мен
шамдардың қосалқы бөлшектері жеке
сатылады: Бұл шамдар температура,
діріл, ылғалдылық сияқты төтенше
физикалық жағдайларға тұрмыстық
құрылғылардың қарсы тұруына немесе
құрылғының жұмыс жағдайы туралы
сигнал беруге арналған. Олар басқа
қолданбаларда пайдалануға
арналмаған және тұрғын үйлерді
жарықтандыруға сәйкес келмейді.
2.6 Қоқысқа тастау
ЕСКЕРТУ!
Жарақат алу немесе тұншығып
қалу қаупі бар.
Құрылғыны утилизациялау жолы
туралы ақпарат алу үшін дилерге,
өндірушінің уәкілетті тұлғасына немесе
жергілікті қатты тұрмыстық қалдықтар
операторына хабарласыңыз.
Құрылғыны электр желісінен
ажыратыңыз.
Құрылғыға жақын орналасқан электр
сымын кесіп, қоқысқа тастаңыз.
3. ОРНАТУ
ЕСКЕРТУ!
Қауіпсіздік тарауларын
қараңыз.
3.1 Орнату алдында
Пешті орнату алдында, техникалық
ақпарат тақтайшасынан төмендегі
ақпаратты жазып алыңыз. Техникалық
ақпарат тақтайшасы пештің төменгі
жағында орналасқан.
Сериялық нөмірі ......................
3.2 Кіріктірілген пештер
Кіріктірілген пештерді, аспапты дұрыс
қондырылған пештерге және стандартты
талаптарға сай келетін жұмыс беттеріне
құрастырғаннан кейін ғана пайдаланыңыз.
3.3 Қосылым кабелі
Плита қосылым кабелімен
пайдаланылады.
Нұқсан келген қуат сымын ауыстыру
үшін мына кабель түрін қолданыңыз:
H05V2V2-F 90°C немесе одан жоғары
температураға төзімді. Уәкілетті қызмет
көрсету орталығына хабарласыңыз.
Қосылым кабелін тек білікті электрші
ауыстыруы керек.
ҚАЗАҚ 7
3.4 Жалғау сызбасы
220V-240V
N N
220V-240V
220V-240V
PE
L L
220V-240V 1N
220V-240V
N PE
L
400V 2N
220V-240V
220V-240V
N
L1
L2
PE
Шунттарды бұрандалардың арасында суретке сәйкес салыңыз.
3.5 Құрастыру
Құрылғыны ауа тартқыштың астына
орнатсаңыз, құрылғылардың арасындағы
мин. қашықтықты орнату нұсқауларынан
қараңыз.
min.
50mm
min.
500mm
Құрылғы тартпаның үстіне орнатылса,
пештің желдеткіші тағам пісіру барысында
тартпадағы заттарды жылытуы мүмкін.
Төмендегі сызбада көрсетілген толық
атауды теру арқылы «Electrolux
индукциялық плитасын орнату әдісі —
жұмыс үстеліне орнату» видео оқулығын
қараңыз.
www.youtube.com/electrolux
www.youtube.com/aeg
How to install your Electrolux
Induction Hob - Worktop installation
8 ҚАЗАҚ
4. БҰЙЫМ СИПАТТАМАСЫ
4.1 Әзірлеу бетінің орналасуы
210 mm
145 mm
180 mm
145 mm
1
1
1 1
2
1
Индукциялық пісіру алаңы
2
Басқару панелі
4.2 Басқару панелінің көрінісі
1 32 4 5
Құрылғыны іске қосу үшін сенсорлық өрістерді пайдаланыңыз. Бейнебеттер,
индикаторлар мен дыбыстық сигналдар қай функциялардың жұмыс жасайтынын
көрсетеді.
Сенсор
лық
өріс
Функция Түсіндірме
1
ҚОСУ/СӨНДІРУ Пештің үстін қосуға және сөндіруге арналған.
2
Құлыптау / Бала қауіпсіздігі
құрылғысы
Басқару панелін құрсаулайды/құрсауын ағытады.
3
- Пісіру алаңын таңдауға арналған.
4
- Қыздыру параметрінің бейнебеті Қыздыру параметрін көрсетуге арналған.
5
/
- Қызу параметрін орнатуға арналған.
4.3 Қызу параметрінің бейнебеттері
Дисплей Сипаттамасы
Пісіру алаңы сөндірулі.
ҚАЗАҚ 9
Дисплей Сипаттамасы
-
Пісіру алаңы жұмыс істейді.
PowerBoost жұмыс істейді.
+ сан
Ақаулық орын алды.
Пісіру алаңы әлі ыстық (қалдық қызу).
Құлыптау / Бала қауіпсіздігі құрылғысы жұмыс істейді.
Пісіру алаңына жарамсыз ыдыс немесе тым кішкене ыдыс қойылған не мүлдем
ыдыс қойылмаған.
Автоматты түрде өшіру жұмыс істейді.
4.4 Қалдық қызу индикаторы
ЕСКЕРТУ!
Индикатор жанып тұрғанда
қалдық ыстықтан күйіктер алу
қаупі бар.
Индукциялық әзірлеу аймақтары әзірлеу
процесі үшін қажет қызуды тікелей
ыдыстың төменгі жағында тудырады.
Шыны керамика ыдыстың қызуымен
қызады.
индикаторы пісіру аймағы ыстық кезде
көрінеді.
Сондай-ақ бұл индикатор мына жағдайда
көрінуі мүмкін:
тіпті пайдаланып жатпасаңыз да,
іргелес әзірлеу аймақтары үшін,
суық әзірлеу аймағына ыстық ыдыс
қойылғанда,
плита белсенсіздірілгенде, бірақ
әзірлеу аймағы әлі ыстық кезде.
Бұл индикатор әзірлеу аймағы суығанда
жоғалады.
5. ӘРКҮНДІК ҚОЛДАНУ
ЕСКЕРТУ!
Қауіпсіздік тарауларын
қараңыз.
5.1 Іске қосу және сөндіру
Пештің үстін қосу немесе сөндіру үшін
белгісін 1 секунд түртіңіз.
5.2 Автоматты түрде өшіру
Функция пештің үстін төмендегі
жағдайларда автоматты түрде
сөндіреді:
барлық пісіру алаңдары сөндірулі
болса,
пештің үстін іске қосқан соң қызу
параметрін орнатпасаңыз,
басқару панеліне бір нәрсе төгіліп
қалса немесе ол 10 секундтан артық
(ыдыс, киім т.с.с.) жабық қалса.
Дыбыстық сигнал естіліп, пештің үсті
сөнеді. Заттарды алыңыз немесе
басқару панелін тазалаңыз.
пештің үсті қатты қызып кетсе (мысалы,
кәстрөлдің ішіндегісі сарқылғанша
қайнаса). Пешті қайтадан қолданар
алдында, пісіру алаңын суытыңыз.
егер сай келмейтін ыдыс
пайдаланылса. белгісі жанып, пісіру
алаңы 2 минуттан кейін автоматты
түрде сөнеді.
10 ҚАЗАҚ
пісіру алаңын сөндірмесеңіз немесе
қызу параметрін өзгертпесеңіз. Аздан
кейін жанады да, пештің үсті сөнеді.
Пештің үстін сөндіргеннен кейінгі уақыт
пен қызу параметрінің арасындағы
байланыс:
Қызу параметрі Пештің үсті мына
уақыттан кейін
сөнеді:
, 1 - 2
6 сағат
3 - 4 5 сағат
5 4 сағат
6 - 9 1,5 сағаттан кейін
5.3 Пісіру алаңын таңдау
Пісіру алаңын таңдау үшін тиісті алаңға
сәйкес келетін сенсорлық өрісті
басыңыз. Бейнебетте қызу параметрі
көрсетіледі (
).
5.4 Қызу параметрі
Пісіру алаңын орнатыңыз.
Қызу параметрі мәнін көбейту үшін
белгісін түртіңіз. Қызу параметрі мәнін
азайту үшін
белгісін түртіңіз. Пісіру
алаңын сөндіру үшін және белгісін
бір уақытта басыңыз.
5.5 PowerBoost
Бұл функция индукциялық пісіру
алаңдарына көп қуат береді. Бұл функция
индукциялық пісіру алаңын қысқа уақытқа
ғана қосуға арналған. Осы уақыттан кейін
индукциялық пісіру алаңы автоматты
түрде ең жоғары қызу параметріне
қойылады.
"Техникалық ақпарат" тарауын
қараңыз.
Функцияны пісіру алаңы үшін
қосқыңыз келсе: алдымен пісіру алаңын
орнатыңыз да, ең көп қызу параметрін
орнатыңыз. түймешігін жанғанша
түртіңіз.
Функцияны сөндіру үшін: түймешігін
басыңыз.
5.6 Құлыптау
Басқару панелін пісіру алаңдары жұмыс
істеп тұрғанда бұғаттауға болады. Ол қызу
параметрінің кездейсоқ өзгеруіне жол
бермейді.
Әуелі қыздыру параметрін орнатыңыз.
Функцияны қосу үшін:
түртіңіз.
белгішесі 4 секундқа жанады.
Функцияны сөндіру үшін: түймешігін
басыңыз. Алдыңғы қыздыру параметрі
жанады.
Пешті сөндірген кезде, осы
функция да тоқтайды.
5.7 Бала қауіпсіздігі құрылғысы
Бұл функция пеш үстінің кездейсоқ
қосылып кетуіне жол бермейді.
Функцияны қосу үшін: пештің үстін
көмегімен қосыңыз. Қызу параметрін
орнатпаңыз.
белгішесін 4 секунд
басыңыз. жанады. Пешті көмегімен
сөндіріңіз.
Функцияны сөндіру үшін: пештің үстін
көмегімен қосыңыз. Қызу параметрін
орнатпаңыз. белгішесін 4 секунд
басыңыз. жанады. Пешті көмегімен
сөндіріңіз.
Функцияны бір пісіру уақыты үшін ғана
болдырмау үшін: пештің үстін
көмегімен қосыңыз. жанады.
белгішесін 4 секунд басыңыз. Қызу
параметрін 10 секунд ішінде
орнатыңыз. Пештің үстін іске қосуға
болады. Пешті
көмегімен сөндірген
кезде, функция қайтадан іске қосылады.
5.8 Қуатты басқару
Егер бірнеше аймақ белсенді болып,
тұтынатын қуат қуат көзінің шектеуінен
асып кетсе, бұл функция қолжетімді
ҚАЗАҚ 11
қуатты барлық пісіру аймақтары арасында
бөледі. Плита тұрғын жайда орнатылған
сақтандырғыштарды қорғау мақсатында
қызу параметрлерін реттейді.
Пісіру аймақтары пештің фазаларының
орналасуына және нөміріне сәйкес
топтастырылған. Әр фазаның ең
жоғары электр қуатының жүктемесі бар
(3300 Вт). Егер плита бір фазадағы
барынша қолжетімді қуат шегіне жетсе,
пісіру аймақтарының қуаты автоматты
түрде азаяды.
Үнемі соңғы таңдалған пісіру
аймағының қызу параметріне
басымдық беріледі. Қалған қуат бұрын
белсендірілген пісіру аймақтары
арасында таңдаудың кері ретімен
бөлінеді.
Қуаты азайған аймақтардың қызу
параметрін көрсететін дисплей
бастапқыда таңдалған қызу параметрі
мен азайтылған қызу параметрі
арасында өзгереді.
Дисплей жыпылықтауын тоқтатқанша
күтіңіз немесе соңғы таңдалған пісіру
аймағының қызу параметрін
азайтыңыз. Пісіру аймақтары
азайтылған қызу параметрімен жұмыс
істей береді. Егер қажет болса, пісіру
аймақтарының қызу параметрлерін
қолмен өзгертіңіз.
Қуатты пісіру аймақтары арасында
таратудың ықтимал түрлері бойынша
суретті қараңыз.
6. АҚЫЛ-КЕҢЕС
ЕСКЕРТУ!
Қауіпсіздік тарауларын
қараңыз.
6.1 Ыдыс-аяқ
Индукциялық пісіру алаңдары
үшін күшті электромагниттік
өріс ыдысты тез қыздырады.
Индукциялық пісіру алаңдарын тиісті
ыдыстармен қолданыңыз.
Ыдыстың түбі мүмкіндігінше қалың
және тегіс болуы керек.
Плитаның үстіне қоюдан бұрын
табақтың таза және құрғақ болуын
қамтамасыз етіңіз.
Сызылуды болдырмас үшін кастрюльді
керамикалық әйнекке сырғытпаңыз
немесе ысқыламаңыз.
Ыдыс-аяқ материалы
дұрыс: шойын, темір, эмальмен
қапталған болат, тоттанбайтын темір,
табаны көп қабаттан тұратын ыдыс
(өндіруші тарапынан дұрыс таңба
салынған).
дұрыс емес: алюминий, мыс, жез,
шыны, керамика, фарфор.
Мына жағдайларда ыдыс индукциялық
плита үшін жарамды:
су ең жоғары қызу параметріне
орнатылған аймақта өте тез қайнайды.
магнит ыдыстың түбіне тартылып
түседі.
Ыдыс өлшемдері
Индукциялық пісіру алаңдары ыдыстың
түбінің өлшеміне автоматты түрде
бейімделеді.
Пісіру алаңының тиімділігі ыдыстың
диаметріне байланысты. Диаметрі
көрсетілген ең кіші диаметрден кіші
болған ыдыс, пісіру алаңынан бөлінетін
қуаттың бір бөлігін ғана алады.
12 ҚАЗАҚ
Қауіпсіздік мақсатында және пісірудің
оңтайлы нәтижелері үшін «Пісіру
алаңдарының сипаттамасында»
көрсетілген өлшемдерден үлкен болған
ыдысты пайдаланбаңыз. Пісіру
барысында ыдысты басқару панеліне
жақын қоймаңыз. Бұл басқару панелінің
жұмысына әсер етуі немесе плитаның
функцияларын кездейсоқ іске қосуы
мүмкін.
«Техникалық сипаттама»
бөлімін қараңыз.
6.2 Жұмыс барысындағы шуыл
Егер мынаны естісеңіз:
сыртылдаған дыбыс естісеңіз: ыдыс әр
түрлі материалдардан жасалған (көп
қатпарлы құрылма).
ысқырған дыбыс: пісіру алаңының
қуаты өте жоғары және ыдыс әр түрлі
материалдан жасалған (сэндвич
тәсілімен).
гуілдеу: жоғары қуат деңгейін
пайдаланғансыз.
шыртылдау: электр желісінің қосылуы.
ысылдау, ызыңдау: желдеткіш жұмыс
істейді.
Шуылдың болуы қалыпты жағдай және
бұлар ешбір ақауды білдірмейді.
6.3 Тағам пісіру
бағдарламаларының үлгілері
Пісіру алаңының қызу параметрі мен
қуатты тұтыну мәні өзара тура
байланысты емес. Қызу параметрін
көбейткен кезде, пісіру алаңы
пайдаланатын қуат мәні пропорциональды
түрде көбеймейді. Сондықтан орташа қызу
параметрін қолданатын пісіру алаңы, өз
қуатының жартысынан азын жұмсайды.
Кестедегі деректер жалпылама
нұсқау ретінде ғана берілген.
Қызу
параметрі
Пайдалану: Уақыт
(мин.)
Ақыл-кеңес
- 1
Піскен тағамды жылы ұстаңыз. қажет
болған
жағдайда
Ыдыстың қақпағын жабыңыз.
1 - 2 Голланд тұздығы, балқытылған:
сары май, шоколад, желатин.
5 - 25 Ара-тұра араластырыңыз.
1 - 2 Қойылту: шайқалған омлет, піскен
жұмыртқалар.
10 - 40 Қақпағын жауып пісіру керек.
2 - 3 Күріш және сүтке пісірілген
тағамдарды баяу қайнату, дайын
тағамдарды жылыту.
25 - 50 Кемінде күріштен екі есе көп сұйық
қосыңыз, сүт тағамдарын пісірудің
ортасына келгенде араластырыңыз.
3 - 4 Буға піскен көкөністер, балық, ет. 20 - 45 Бірнеше ас қасық сұйықтық
құйыңыз.
4 - 5 Буға піскен картоптар. 20 - 60 750 г картопқа ең көбі ¼ л су
пайдаланыңыз.
4 - 5 Көп мөлшердегі тағамдар,
бұқтырылған тағамдар мен көже
пісіру.
60 - 150 3 литрге дейін су және құраластар.
6 - 7 Баппен қуыру: эскалоп, "кордон блё"
бұзау еті, котлет, риссоль, шұжық,
бауыр, майға қуырылған ұн,
жұмыртқа, құймақ, бауырсақ.
қажет
болған
жағдайда
Уақыттың жартысы өткенде
аударыңыз.
ҚАЗАҚ 13
Қызу
параметрі
Пайдалану: Уақыт
(мин.)
Ақыл-кеңес
7 - 8 Қатты қуыру, қуырылған картоп, қоң
ет, бифштекстер.
5 - 15 Уақыттың жартысы өткенде
аударыңыз.
9 Суды қайнату, макарон пісіру, етті қызартып қуыру (гуляш, бұқтырып пісіру), фри қуыру
үшін.
Суды көп мөлшерде қайнатыңыз. PowerBoost қосылады.
7. КҮТУ МЕНЕН ТАЗАЛАУ
ЕСКЕРТУ!
Қауіпсіздік тарауларын
қараңыз.
7.1 Жалпы ақпарат
Плитаны әр пайдаланудан кейін
тазалаңыз.
Әрқашан табаны таза ыдысты
пайдаланыңыз.
Беттегі сызаттар немесе қара дақтар
плитаның жұмысына әсер етпейді.
Пештің бетіне арналған арнайы
тазалағышты пайдаланыңыз.
Шыныға арналған арнайы қырғышты
пайдаланыңыз.
7.2 Пештің үстін тазалау
Дереу тазалаңыз: еріген пластик,
пластик жұқалтыр, қант және қанты бар
тағам немесе қоқыстар пештің бетіне
зақым келтіруі мүмкін. Күйіп қалмау
үшін абай болыңыз. Қырғышты шыны
бетке арнайы сүйір бұрыш жасап
қойып, оны жылжыта отырып
тазалаңыз.
Пештің үсті жеткілікті түрде суыған
кезде алыңыз: әк дақтары, су дақтары,
май дақтары, металдың жылтыраған
дақтары. Пештің бетін дымқыл
шүберекпен және жеміргіш емес жуғыш
затпен тазалаңыз. Тазалап болғаннан
кейін пештің үстін жұмсақ шүберекпен
сүртіңіз.
Жылтыраған металл дақтарын
кетіріңіз: сірке суы қосылған су
ерітіндісін пайдаланып, әйнек бетін
шүберекпен тазалаңыз.
8. АҚАУЛЫҚТЫ ТҮЗЕТУ
ЕСКЕРТУ!
Қауіпсіздік тарауларын
қараңыз.
8.1 Не істерсіз, егер...
Мәселе Ықтимал себебі Шешім
Плитаны іске қоса немесе
пайдалана алмайсыз.
Плита электр жүйесіне
қосылмаған немесе ол дұрыс
жалғанбаған.
Плитаның электр жүйесіне дұрыс
қосылғанын тексеріңіз.
14 ҚАЗАҚ
Мәселе Ықтимал себебі Шешім
Сақтандырғыш күйіп кеткен. Ақаулыққа сақтандырғыштың себеп
болмағанын тексеріңіз.
Сақтандырғыш қайта-қайта күйіп
кете берсе, білікті электр маманына
хабарласыңыз.
Сіз қыздыру параметрін 10
секундқа орнатпайсыз.
Плитаны қайта қосып, 10 секундқа
жетпей қыздыру параметрін
орнатыңыз.
Сіз бір уақытта 2 немесе одан да
көп сенсорлық өрістерді түрттіңіз.
Тек бір сенсор өрісін түртіңіз.
Басқару панелінде су немесе май
дақтары бар.
Басқару панелін тазалаңыз.
Акустикалық сигнал дыбысы
естіліп, плита сөнеді.
Плита сөнген кезде
акустикалық сигнал естіледі.
Сіз бір немесе бірнеше сенсорлық
өріске бірдеңе қоясыз.
Сенсорлық өрістердегі затты алып
тастаңыз.
Плита сөнеді.
Сіз сенсорлық өріске бір нәрсе
қойғансыз.
Сенсорлық өрістегі затты алып
тастаңыз.
Қалдық жылу индикаторы
жанбай тұр.
Аймақ ыстық емес, себебі ол аз
уақыт ғана қосылып тұрған не
сенсордың ақауы бар.
Егер аймақ ыситындай ұзақ уақыт
жұмыс істесе, уәкілетті қызмет
көрсету орталығына хабарласыңыз.
Қыздыру параметрі екі деңгей
арасында өзгереді.
Қуатты басқару жұмыс істейді. «Күнделікті қолдану» бөлімін
қараңыз.
Сенсор өрістері ысиды. Ыдыс тым үлкен немесе оны
басқару элементтеріне тым жақын
қойғансыз.
Мүмкін болса, үлкен ыдыстарды
артқы пісіру аймақтарына қойыңыз.
жанады.
Бала қауіпсіздігі құрылғысы
немесе Құлыптау жұмыс істейді.
«Күнделікті қолдану» бөлімін
қараңыз.
жанады.
Аймақта ешбір ыдыс жоқ. Ыдысты аймаққа қойыңыз.
Ыдыс сай келмейді. Сәйкес келетін ыдысты қолданыңыз.
«Сөзкөмектер және кеңестер»
бөлімін қараңыз.
Ыдыс түбінің диаметрі аймақ үшін
тым кішкене.
Дұрыс өлшемдері бар ыдысты
қолданыңыз. «Техникалық
сипаттама» бөлімін қараңыз.
және сан пайда болады.
Плитада қате бар. Плитаны сөндіріңіз де, қайта 30
секундтан кейін іске қосыңыз. Егер
қайта жанса, пешті ток көзінен
ағытыңыз. 30 секундтан кейін
плитаны қайта қосыңыз. Ақаулық
жойылмаса уәкілетті қызмет көрсету
орталығына хабарласыңыз.
Тұрақты сигнал дыбысын
естисіз.
Электрлік байланыс дұрыс емес. Плитаны электр желісінен
ажыратыңыз. Білікті электр
маманына хабарласып, оның
орнатылуын тексертіңіз.
ҚАЗАҚ 15
8.2 Егер шешім табылмаса...
Ақаулықты өзіңіз түзете алмасаңыз,
дилеріңізге неуәкілетті қызмет көрсету
орталығына хабарласыңыз. Зауыттық
тақтайшадағы деректерді беріңіз. Шыны
керамиканың үш цифрлық-әріптік кодын
(шыны беттің бұрышында орналасқан)
және пайда болған қате туралы хабарды
да беріңіз. Плита дұрыс пайдаланылғанын
тексеріңіз. Егер осы шарттар
орындалмаса, сервистік техниктің немесе
дилердің қызметі кепілдік мерзімінде де
ақылы түрде орындалады. Кепілдік мерзімі
мен уәкілетті қызмет көрсету орталықтары
туралы ақпарат кепілдік кітапшасында
көрсетілген.
9. ТЕХНИКАЛЫҚ ДЕРЕК
9.1 Зауыттық тақтайша
Үлгісі EHH56240IK Өнім нөмірі (PNC) 949 492 093 04
Түрі 63 B4A 00 AA 220 - 240 В / 400 В 2N 50 - 60 Гц
Индукция 6.6 кВт Румынияда жасалған
Сер.№. ................. 6.6 кВт
ELECTROLUX
9.2 Пісіру аймақтарының сипаттамасы
Пісіру аймағы Номинальды
қуат (ең жоғары
қызу параметрі)
[Вт]
PowerBoost [Вт] PowerBoost ең
көп ұзақтық
[мин]
Ыдыстың
диаметрі [мм]
Алдыңғы сол жақ 2300 2800 10 180 - 210
Артқы сол жақ 1200 - - 125 - 145
Алдыңғы оң жақ 1200 1800 4 125 - 145
Артқы оң жақ 1800 - - 145 - 180
Пісіру аймақтары қуатының ауқымы
кестедегі деректерден аздап басқаша
болуы мүмкін. Ол ыдыстың материалына
және өлшемдеріне қарай өзгеріп отырады.
Жақсы пісіру нәтижелеріне жету үшін
диаметрі кестеде көрсетілгеннен үлкен
емес ыдысты қолданыңыз.
10. ҚУАТ ТИІМДІЛІГІ
10.1 Өнім туралы ақпарат*
Үлгі идентификаторы EHH56240IK
Плита түрі Кірістірілген плита
Әзірлеу аймақтарының саны 4
16 ҚАЗАҚ
Қыздыру технологиясы Индукция
Дөңгелек әзірлеу аймақтарының диаметрі (Ø) Алдыңғы сол жақ
Артқы сол жақ
Алдыңғы оң жақ
Артқы оң жақ
21,0 см
14,5 см
14,5 см
18,0 cм
Әр пісіру аймағының пайдаланатын қуат мөлшері
(EC electric cooking)
Алдыңғы сол жақ
Артқы сол жақ
Алдыңғы оң жақ
Артқы оң жақ
190,1 Вт / кг
181,0 Вт / кг
181,0 Вт / кг
181,6 Вт / кг
Плитаның пайдаланатын қуат мөлшері (EC electric hob) 183,4 Вт / кг
* Еуропалық Одақ үшін EU 66/2014 стандартына сай. Беларусь үшін STB 2477-2017 стандартының A
қосымшасына сай. Украина үшін 742/2019 стандартына сай.
EN 60350-2 - Тағам пісіретін тұрмыстық электр құрылғылары — 2-бөлім: Плиталар — өнімділікті өлшеу
әдістері
10.2 Қуатты үнемдеу
Төмендегі кеңестерді орындасаңыз,
күнделікті тағам пісірген кезде қуатты
үнемдеуге болады.
Суды тек қажетті мөлшерде ғана
ысытыңыз.
Егер мүмкін болса, ыдысқа әрқашан
қақпақ жабыңыз.
Пісіру алаңын іске қосу алдында оған
ыдыс қойыңыз.
Шағын ыдысты шағын пісіру
алаңдарына қойыңыз.
Ыдыстарды пісіру алаңының тура
ортасына қойыңыз.
Тағамды жылы ұстау немесе жібіту
үшін қалдық қызуды пайдаланыңыз.
11. ҚОРШАҒАН ОРТАҒА ҚАТЫСТЫ ЖАҒДАЙЛАР
Белгі салынған материалдарды қайта
өңдеуден өткізуге тапсырыңыз. Орам
материалдарын қайта өңдеуден өткізу
үшін тиісті контейнерлерге салыңыз.
Электрлік және электроникалық
құрылғылардың қалдығын қайта өңдеуден
өткізу арқылы, қоршаған ортаға және
адамның денсаулығына зиын келтіретін
жағдайларға жол бермеуге өз үлесіңізді
қосыңыз. Белгі салынған
құрылғыларды тұрмыстық қалдықтармен
бірге тастамаңыз. Өнімді жергілікті қайта
өңдеу орталығына өткізіңіз немесе
жергілікті мекемеге хабарласыңыз.
ҚАЗАҚ 17
Осы өнімнің өндірілген күні сериялық нөмірде көрсетілген, оның
нөмірінің бірінші саны өндірілген жылдың соңғы санына, екінші
және үшінші сандар аптаның реттік нөміріне сәйкес келеді.
Мысалы, 14512345 сериялық нөмірі өнім 2021 жылдың қырық
бесінші аптасында өндірілгенін білдіреді.
Өндіруші: Electrolux Appliances AB, St. Göransgatan 143, 105
45 Stockholm, Швеция
Импорттаушы және өндірушінің уәкілетті ұйымы:
OOO «Электролюкс Рус», Кожевнический проезд 1, 115114,
Мәскеу/Москва, тел.: 8-800-444-444-8
Румыния жасалған
18 ҚАЗАҚ
МЫ ДУМАЕМ О ВАС
Благодарим вас за приобретение прибора Electrolux. Вы выбрали изделие, за
которым стоят десятилетия профессионального опыта и инноваций. Уникальное и
стильное, оно создавалось с заботой о вас. Поэтому когда бы вы ни
воспользовались им, вы можете быть уверены: результаты всегда будут
превосходными.
Добро пожаловать в Electrolux!
На нашем веб-сайте вы сможете:
Найти рекомендации по использованию изделий, руководства по эксплуатации,
мастер устранения неисправностей, информацию о техническом обслуживании:
www.electrolux.ru/support
Зарегистрировать свое изделие для улучшения обслуживания:
www.promo.electrolux.ru
Приобрести дополнительные принадлежности, расходные материалы и
фирменные запасные части для своего прибора:
www.electrolux-1.ru
ПОДДЕРЖКА ПОТРЕБИТЕЛЕЙ И СЕРВИСНОЕ ОБСЛУЖИВАНИЕ
Мы рекомендуем использовать оригинальные запчасти.
При обращении в сервисный центр следует иметь под рукой следующую
информацию: модель, продуктовый номер (PNC), серийный номер.
Данная информация находится на табличке с техническими данными.
Внимание / Важные сведения по технике безопасности.
Общая информация и рекомендации
Информация по охране окружающей среды
Право на изменения сохраняется.
СОДЕРЖАНИЕ
1. СВЕДЕНИЯ ПО ТЕХНИКЕ БЕЗОПАСНОСТИ........................................................... 19
2. УКАЗАНИЯ ПО БЕЗОПАСНОСТИ..............................................................................22
3. УСТАНОВКА.................................................................................................................25
4. ОПИСАНИЕ ПРИБОРА............................................................................................... 27
5. ЕЖЕДНЕВНОЕ ИСПОЛЬЗОВАНИЕ...........................................................................28
6. ПОЛЕЗНЫЕ СОВЕТЫ................................................................................................. 30
7. УХОД И ЧИСТКА......................................................................................................... 32
8. УСТРАНЕНИЕ НЕИСПРАВНОСТЕЙ..........................................................................33
9. ТЕХНИЧЕСКИЕ ДАННЫЕ...........................................................................................34
10. ЭНЕРГЕТИЧЕСКАЯ ЭФФЕКТИВНОСТЬ................................................................. 35
1. СВЕДЕНИЯ ПО ТЕХНИКЕ БЕЗОПАСНОСТИ
Перед установкой и эксплуатацией прибора внимательно
ознакомьтесь с этой Инструкцией. Изготовитель не несёт
РУССКИЙ 19
ответственность за какие-либо травмы или ущерб,
возникшие вследствие неправильной установки или
эксплуатации. Всегда храните эту Инструкцию под рукой в
надежном месте для последующего использования.
1.1 Безопасность детей и лиц с ограниченными
возможностями
Прибор не предназначен для использования лицами
(включая детей) с пониженными физическими,
сенсорными или умственными способностями или при
отсутствии у них жизненного опыта или знаний, если
они не находятся под присмотром или не
проинструктированы об использовании прибора лицом,
ответственным за их безопасность.
Дети должны находиться под присмотром для
недопущения игр с прибором.
Храните все упаковочные материалы вне досягаемости
детей и утилизируйте их надлежащим образом.
ВНИМАНИЕ! Не подпускайте детей и домашних
животных к прибору во время его использования, а
также после использования, когда прибор ещё не успел
остыть. Открытые элементы прибора сильно
нагреваются во время эксплуатации.
Если прибор оснащен устройством защиты детей, его
следует включить.
Очистка и доступное пользователю техническое
обслуживание прибора не должнo производиться
детьми без присмотра.
1.2 Общие правила техники безопасности
ВНИМАНИЕ! Прибор и его открытые элементы сильно
нагреваются во время эксплуатации. Будьте осторожны!
Не прикасайтесь к нагревательным элементам.
ВНИМАНИЕ! Не оставляйте на плите без присмотра
продукты, готовящиеся на жире или масле, это может
представлять опасность и привести к пожару.
20 РУССКИЙ
  • Page 1 1
  • Page 2 2
  • Page 3 3
  • Page 4 4
  • Page 5 5
  • Page 6 6
  • Page 7 7
  • Page 8 8
  • Page 9 9
  • Page 10 10
  • Page 11 11
  • Page 12 12
  • Page 13 13
  • Page 14 14
  • Page 15 15
  • Page 16 16
  • Page 17 17
  • Page 18 18
  • Page 19 19
  • Page 20 20
  • Page 21 21
  • Page 22 22
  • Page 23 23
  • Page 24 24
  • Page 25 25
  • Page 26 26
  • Page 27 27
  • Page 28 28
  • Page 29 29
  • Page 30 30
  • Page 31 31
  • Page 32 32
  • Page 33 33
  • Page 34 34
  • Page 35 35
  • Page 36 36
  • Page 37 37
  • Page 38 38
  • Page 39 39
  • Page 40 40

Electrolux EHH56240IK Руководство пользователя

Тип
Руководство пользователя

Задайте вопрос, и я найду ответ в документе

Поиск информации в документе стал проще с помощью ИИ