Whirlpool OS 997D C IX/HA Руководство пользователя

Тип
Руководство пользователя

Это руководство также подходит для

OS 89D IX/HA
OS 99D C IX/HA
OS 997D C IX/HA
OS 992D C IX/HA
KZ
ПЕШ
Мазмұны
Орнату, 62-63
Орналастыру
Токқа жалғау
Техникалық деректері
Құрылғы сипаттамасы, 64
Жалпы шолу
Басқару тақтасы
Дисплей
Пештің құрылымы, 65
Қосу және пайдалану, 66-72
Сағатты орнату
Таймерді орнату
ExtraLarge Space
Small Space
Main Space
Small Space және Main Space камераларын бір
уақытта пайдалану
Пісіру үрдісін орнату
Тағам дайындау бойынша кеңес
ExtraLarge Space мүмкіндігі бар пештерге арналған
тағам дайындау бойынша кеңестер кестесі
Small Space мүмкіндігіне арналған тағам дайындау
бойынша кеңестер кестесі
Main Space мүмкіндігіне арналған тағам дайындау
бойынша кеңестер кестесі
Small Space және Main Space камераларын бір
уақытта пайдалануға арналған тағам дайындау
бойынша кеңестер кестесі
Сақтандырулар мен кеңестер, 73
Жалпы қауіпсіздік
Жою
Қоршаған ортаны сақтау және қорғау
Күтім және пайдалану, 74
Құрылғыны ажырату
Құрылғыны тазалау
Пеш есігін тазалау
Шамды ауыстыру
Сырғымалы тартпалар жиынын орнына салу
Көмек, 75
Ағылшынша, 61
KZ
Пайдалану нұсқаулығы
62
KZ
Желдету
Лайықты желдетудің орнатылғанын тексеру үшін
шкафтың артқы қабырғасын алып тастау қажет.
Пешті екі ағаш тақтайға немесе кемінде 45 x 560 мм
ашық тұрған тегіс жерде орналастыру ұсынылады
(
сызбаны қараңыз
).
Ортаға қою және бекіту
Пештің бүйірлеріндегі 4 құлақша сыртқы
жақтаулардың 4 тесігіне сәйкес келетін етіп
орнатыңыз. Құлақшаларды төменде көрсетілгендей
шкаф бүйірінің қалыңдығына қарай лайықтаңыз:
қалыңдығы 20 мм:
құлақшаның жылжымалы
бөлігін алып тастаңыз
(
сызбаны қараңыз
).
қалыңдығы 18 мм: зауытта
орнатылған бірінші тілікті
пайдаланыңыз (
сызбаны
қараңыз
).
қалыңдығы 16 мм: екінші
тілікті пайдаланыңыз
(
сызбаны қараңыз
).
Пеш есікті ашып, 4 бұрандалы бекіткішті сыртқы
жақтаудың 4 тесігіне кіргізіп құрылғыны шкафқа
бекітіңіз.
! Құрылғының қауіпсіз жұмыс істеуін қамтамасыз
ететін барлық бөліктері арнайы құралдардың
көмегімен ғана алынуы тиіс.
! Құрылғыны іске қоспастан бұрын нұсқаулық
кітапшасын мұқият оқып шығыңыз. Мұнда
құрылғыны қауіпсіз қолдану, орнату және оны күту
туралы маңызды ақпараттар қамтылған.
! Келешекте анықтама ретінде қарау үшін пайдалану
нұсқаулығын сақтап қойыңыз. Оны құрылғының кез
келген жаңа иесіне беріңіз.
Орналастыру
! Орау материалдарын балалардың қолы жетпейтін
жерде сақтаңыз. Тынысы тарылу немесе тұншығып
қалу қаупін туғызуы мүмкін (
«Сақтандырулар мен
кеңестер» бөлімін қараңыз
).
! Құрылғыны берілген нұсқаулыққа сүйене отырып
білікті маман орнатуы қажет. Қате орнату мүлікті
зақымдап, адамдарға немесе жануарларға зиянын
тигізуі мүмкін.
Бекітілген құрылғы
Құрылғының дұрыс жұмыс жасайтынын тексеру үшін
қолайлы шкафты қолданыңыз.
Пешке жақын қабырғалары ыстыққа төзімді
материалдан жасалған болуы қажет.
Сыртқы қабығы бар шкафтар 100°C
температураға төзетін желімдермен құрылуы
қажет.
Пешті ас үй үстелінің астына (
сызбаны қараңыз
)
немесе ас үй жиһазының ішіне орнату үшін
шкафтың өлшемдері төмендегідей болуы қажет:
! Құрылғы орнатылған кезде кез келген электрлі
заттардан алыс болуы қажет.
Негізгі деректер кестесінде берілген пайдалану
ортасының көрсеткіштері осы орнату түрі үшін
есептелген.
Орнату
63
KZ
ҚҰРЫЛҒЫНЫҢ ТЕХНИКАЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ
ExtraLarge Space
өлшемдері
ені – 43,4 см
биіктігі – 39,5 см
тереңдігі – 40,8 см
ExtraLarge Space көлемі 70 л
ExtraLarge Space
ЭНЕРГИЯ БЕЛГІСІ
Электр пештерінің белгісіндегі
2002/40/EC нұсқауы.
EN 50304 стандарты
Мәжбүрлі конвекция класы
– қыздыру күйіне арналған
мәлімденген қуат тұтынуы:
Гратин.
Main Space өлшемдері
ені – 43,4 см
биіктігі – 39,5 см
тереңдігі – 40,8 см
Main Space көлемі 48 л
Main Space ЭНЕРГИЯ
БЕЛГІСІ
Электр пештерінің белгісіндегі
2002/40/EC нұсқауы.
EN 50304 стандарты
Мәжбүрлі конвекция класы
– қыздыру күйіне арналған
мәлімденген қуат тұтынуы:
Әмбебап.
Электр қосылымдары
кернеуі: 220 - 240 В ~ 50 Гц ең
көп тұтынылатын қуат – 2600 Вт
(техникалық деректер тақтасын
қараңыз)
Бұл құрылғы Еуропа
экономикалық қауымдастығының
келесі нұсқауларына сай келеді:
12.12.2006 жылғы 2006/95/EEC
(төмен кернеу) және кейінгі
өзгертулері – 03.05.1989 жылғы
89/336/EEC (Электрмагнитті
үйлесімділік) және кейінгі
өзгертулері – 22.07.1993
жылғы 93/68/EEC және кейінгі
өзгертулері.
2002/96/EEC
Токқа жалғау
! Үш ұялы электр кабелі бар пеш айнымалы ток
кернеуімен және құрылғыда орналасқан негізгі
деректер кестесінде көрсетілген жиілікпен жұмыс
істеу үшін жасақталған (
төменге қараңыз
).
Электр кабелін орнату
1. Қақпақтың бүйір
құлақшаларына
бұрауышты тығып,
дәнекер қалқаншаны
ашыңыз. Бұрауышты
төмен басқанда
қақпақты ашатындай
тұтқа түрінде
пайдаланыңыз
(
сызбаны қараңыз
).
2. Бұранданы бекітуге
арналған қысқыш пен
үш желілі L-N-
байланыс бұрандасын
босату арқылы электр
кабелін орнатыңыз.
Кабельді сәйкес
өткізгіштерге жалғаңыз:
көк сымды (N) деп
белгіленген өткізгішке,
қоңыр сымды (L) деп
белгіленген өткізгішке,
ал сары/жасыл сымды
(
сызбаны қараңыз
) деп белгіленген өткізгішке
жалғаңыз.
3. Қыспа бұранданы нығайтып, кабельді бекітіңіз.
4. Дәнекер қалқаншаның қақпағын жабыңыз.
Электр кабелін желіге қосу
Негізгі деректер кестесінде көрсетілген жүктемеге
сәйкес стандартты айырғышты орнатыңыз (
кестені
қараңыз
).
Құрылғы мен желі арасында орнатылған 3 мм ашық
кішкене байланыс бар жан-жақты айырып-қосқышты
пайдалану арқылы құрылғы тікелей электр желісіне
қосылуы қажет. Айырып-қосқыш анықталған
жүктемеге лайықты және ағымдағы ток реттеуіне
сәйкес болуы қажет (жерге көмілген сым айырып-
қосқыштан ажыратылмауы тиіс). Электр кабелін кез
келген нүктесі 50°C-тан жоғары температурамен
байланыспайтындай етіп орналастыру қажет.
! Орнатушы дұрыс ток байланысын жасағанына
және оның қауіпсіздік шараларына сәйкес екендігіне
сенімді болуы қажет.
Құрылғыны токқа қоспастан бұрын төмендегілерді
тексеріңіз:
Құрылғы жерге қойылған және айырғыш заңға
сәйкес болып табылады.
Розетка негізгі деректер кестесінде көрсетілген
құрылғының ең жоғарғы күшіне төзімді (төменге
қараңыз).
Кернеу негізгі деректер кестесінде көрсетілген мән
аралығы аумағында (төменге қараңыз).
Розетка құрылғы айырғышына сәйкес келеді.
Розетка айырғышына сәйкес болмаса, өкілетті
маманнан оны ауыстырып беруді өтініңіз. Бірнеше
розеткалар мен ұзартқыштарды пайдаланбаңыз.
! Құрылғы орнатылғаннан кейін электр кабелі мен
розетка жақын жерде болуы қажет.
! Кабель иілмеуі немесе қысылмауы қажет.
! Кабель жиі тексеріліп, тек өкілетті маманның
көмегімен ғана алмастырылуы тиіс (
«Көмек» бөлімін
қараңыз
).
! Қауіпсіздік шаралары сақталмаған жағдайда
өндіруші жауапкершілікті өз мойнына алудан
бас тартады.
64
KZ
Құрылғы
сипаттамасы
Жалпы шолу
Басқару тақтасы
Дисплей
EXTRALARGE
ФУНКЦИЯСЫ
тұтқасы
ТЕМПЕРАТУРАНЫ
ОРНАТУ/ТАЙМЕР
тұтқасы
ДИСПЛЕЙ
ТАЙМЕРДІ
ОРНАТУ
түймесі
ОРЫНДЫ ТАҢДАУ
түймесі
MAIN SPACE
ФУНКЦИЯСЫ
тұтқасы
SMALL SPACE
ФУНКЦИЯСЫ
тұтқасы
ТЕМПЕРАТУРА жəне
УАҚЫТ сандары
ПІСІРУ АЯҚТАЛДЫ
белгішесі
ҰЗАҚТЫҚ
белгішесі
ТАЙМЕР
белгішесі
ОРЫН ТАҢДАЛДЫ
белгішесі
65
KZ
Openspace пешінің сыйымдылығы 70 литр және
пайдаланушыларға бір уақытта 4 тартпада пісіру
опцияларын немесе кәдімгі пеште пісіру мүмкін
болмайтын молырақ ас пісіруді ұсынады.
ExtraLarge Space мүмкіндіктерінің арқасында
Openspace пеші он ас пісіру функциясын ұсынады,
олардың алтауы әмбебап және ас пісірудің кез
келген түріне келеді, ал қалған 4 функция кез келген
рецептте жақсы нәтиже алу үшін пайдаланылатын
автоматты бағдарлама болып табылады.
Openspace пеші барлық талаптарға 4 әртүрлі
опциялармен бірге жоғарғы деңгейдегі
ыңғайлылықты ұсынады: пеш үлкен бір камера,
бірақ әртүрлі өлшемдегі бөлек орындарға бөлінеді,
әрқайсысында жеке температура мен ұзақтықты
Пештің құрылымы
басқару элементтері бар.
Бұл ExtraLarge камерасын екі түрлі өлшемдегі
камераларға бөлетін жылуды оқшаулаушы БӨЛГІШ
арқылы жасалады: Main Space және Small Space
камералары.
Екі Main және Small Space камералары әртүрлі
тағамдарды жылдам пісіру үшін бір уақытта
немесе тек қажетті орын қолданылатындай бөлек
пайдаланылады.
Екі камера бір уақытта пайдаланылған кезде
әрқайсысының пісіру температурасы 50° мен
250° аралығындағы мәнге реттеледі. Әртүрлі
тағамдардың иістерін араластырмастан пісіруге
болатын екі жер арасында 100°-тық температура
айырмашылығы болады.
Төмендегі кесте орнатылатын температураның
мәндерін көрсетеді.
Орнатуларды болдырмау үшін Small Space немесе Main Space функциясы тұтқасын «0» позициясына
бұраңыз.
Дисплей екі орынның температурасын реттеуге
пайдаланылатын процедура арқылы нұсқау береді.
ТАРТПА
ТАБА
ТАРТПА
ТАРТПА
EXTRALARGE
SPACE
ExtraLarge Space: 4 сөре деңгейлерінде пісіру
ТАРТПА немесе ТАБА
ТАБА
(3 сөреде пісіру)
«Б» бөлгіші (бекітілген позиция)
ТАРТПА (3 сөреде пісіру)
ТАРТПА (3 сөреде пісіру)
SMALL
SPACE
MAIN
SPACE
ТАБА
(3 сөреде пісіру)
«Б» бөлгіші (бекітілген позиция)
ТАРТПА (3 сөреде пісіру)
ТАРТПА (3 сөреде пісіру)
SMALL
SPACE
MAIN
SPACE
Main және Small Space: қатар режимдегі жұмыс
ТАРТПА немесе ТАБА
«Б» бөлгіші
(бекітілген позиция)
SMALL
SPACE
MAIN
SPACE
Тек Small Space камерасын пайдаланып пісіру
Тек Main Space камерасын пайдаланып пісіру: 3 сөре деңгейлерінде пісіру
Бірінші қуыстағы температура
(Негізгі немесе кішкене орын)
Екінші қуыстағы температура
(Кішкене немесе негізгі орын)
40°C пен 150°C аралығы Таңдалған бірінші қуыстағы температураға қатысты
температураның айырмашылығы 50°C–тан жоғары емес
Мысалы: Егер бір қуысты 90°C етіп қойсаңыз,
Басқасы үшін мәнді 40°C (90°C-50°C) және 140°C (90°C+50°C) аралығына орнатуыңызға болады.
155°C пен 200°C аралығы Таңдалған бірінші қуыстағы температураға қатысты
температураның айырмашылығы 70°C–тан жоғары емес
Мысалы: Егер бір қуысты 180°C етіп қойсаңыз,
Басқасы үшін мәнді 110°C (180°C-70°C) және 250°C (180°C+70°C) аралығына орнатуыңызға болады.
205°C пен 250°C аралығы Таңдалған бірінші қуыстағы температураға қатысты
температураның айырмашылығы 100°C–тан жоғары емес
Мысалы: Егер бір қуысты 210°C етіп қойсаңыз,
басқасы үшін мәнді 110°C (210°C-100°C) және 250°C (ең жоғарғы температураны орнату) аралығына орнатуыңызға болады.
66
KZ
! Құрылғыны алғаш рет пайдаланғанда оны бос
күйінде есігін жауып, ең жоғарғы температурада
кемінде жарты сағаттай қыздырыңыз. Пешті өшіріп,
оның есігін ашпастан бұрын бөлмені желдетіп
алыңыз. Құрылғыдан оны өндіру кезінде күйдірілген
қорғағыш заттарының жеңіл жағымсыз иісі шығуы
мүмкін.
! Ешқашан пештің астына зат қоймаңыз; бұл эмальді
қабаттың зақымдануын болдырмайды.
! Әрқашан асхана ыдыстарын берілген тартпа(лар)
ға қойыңыз.
Салқындату желдеткіші
Пештің сыртқы температурасын салқындату үшін
салқындату желдеткішінен басқару тақтасы мен пеш
есігінің арасына леп соғады.
! Пісіріп болғаннан кейін де пеш толық
салқындағанша желдеткіш жұмыс істеп тұрады.
Сағатты орнату
! Пеш өшіп тұрған кезде ғана сағатты орнатуға
болады.
1. Дисплейде бірінші сан жыпылықтай бастағанша
түймесін басыңыз, , және белгішелері
өшеді.
2. Сағаттың мәнін дұрыстау үшін ТАЙМЕР
ТҰТҚАСЫН «+» және «-» белгілеріне қарай
бұраңыз.
3. түймесін қайта басыңыз, сонда басқа екі сан
ДИСПЛЕЙДЕ жыпылықтай бастайды.
4. Минуттың мәнін дұрыстау үшін ТАЙМЕР
ТҰТҚАСЫН «+» және «-» белгілеріне қарай бұраңыз.
5. Растау үшін түймесін қайта басыңыз.
Таймерді орнату
! Бұл функция ас пісіруге кедергі жасамайды және
пешке әсер етпейді; ол белгіленген уақыт өткен
кезде дыбысты сигнал беру үшін пайдаланылады.
1. ДИСПЛЕЙДЕ белгішесі мен үш сан шыққанша
түймесін басыңыз.
2. Минуттың мәнін дұрыстау үшін ТАЙМЕР
ТҰТҚАСЫН «+» және «-» белгілеріне қарай
бұраңыз.
3. Растау үшін түймесін қайта басыңыз.
Дисплейде кері саналып жатқан уақыт көрсетіледі.
Осы уақыт кезеңі аяқталған кезде дыбысты сигнал
беріледі.
ExtraLarge Space
Пешті қосу
1. EXTRALARGE SPACE ФУНКЦИЯСЫ тұтқасын
бұрау арқылы қажетті пісіру функциясын таңдаңыз.
Егер белгішесі дисплейде жанса, ExtraLarge
Space функциясының таңдалғанын және ExtraLarge
Space функциясына сәйкес параметрлер ғана
қолданылатынын көрсетеді.
2. Пеш алдын ала қыздыру сатысын бастайды.
Температура ТЕМПЕРАТУРАНЫ ОРНАТУ тұтқасын
бұрау арқылы өзгертіледі.
3. Дыбыс сигналы ойнағанда алдын ала қыздыру
сатысы аяқталады: енді пешке тағамды салуыңызға
болады.
4. Пісіру кезінде әрқашан мыналарды орындауға
болады:
- EXTRALARGE SPACE ФУНКЦИЯСЫ тұтқасын
бұрау арқылы қажетті пісіру функциясын таңдау.
- ТЕМПЕРАТУРАНЫ ОРНАТУ тұтқасын қолданып
температураны реттеу (тек әмбебап пісіру
функциялары үшін).
- Ұзақтық (тек әмбебап пісіру функциялары үшін)
пен пісірудің аяқталу уақытын орнату.
- EXTRALARGE SPACE ФУНКЦИЯСЫ тұтқасын «0»
позициясына бұрап, пісіру үрдісін тоқтату.
5. Егер пеш жұмыс істеп тұрғанда ток болмай
қалса, құрылғының ішіндегі автоматты жүйе
температура белгілі бір деңгейден түспей тұрып
пісіру функциясын тоқтаған жерінен бастап
қалпына келтіреді. Қосылмаған бағдарламаға
енгізілген режимдер қалпына келтірілмейді және
бағдарламаны қайта орнату керек болады.
! Пешті ExtraLarge конфигурациясында пайдаланған
кезде Main және Small Space мүмкіндіктері
қолданылмайды: SMALL SPACE және MAIN SPACE
ФУНКЦИЯСЫ тұтқасы жұмыс істемейді.
Әмбебап пісіру функциялары
! Барлық функциялардың әдепкі пісіру
температурасын 40°C пен 250°C арасындақолмен
реттеуге болады.
БАРБЕКЮ функциясы үшін әдепкі қуат деңгейінің
мәні (%) пайыздық көрсеткішпен көрсетіледі және
қолмен де реттеуге келеді.
КӨПДЕҢГЕ Йфункциясы
Барлық қыздыру элементтері мен желдеткіш іске
қосылады. Пештің қызуы тұрақты болғандықтан ауа
тағамды біркелкі қызартып, пісіреді. Бір уақытта
барлық төрт тартпаны пайдалануға болады. Егер
бірнеше тартпаларды бір уақытта пайдаланып
жатсаңыз, астыңғы тартпаға таба қоюға кеңес
Қосу және пайдалану
67
KZ
Автоматты пісіру функциялары
! Температура мен пісіру ұзақтығы әрқашан
автоматты түрде керемет нәтижеге кепілдік беретін
алдын ала анықталған мәндер болып табылады. Бұл
мәндер C.O.P (Алдын ала көрсетілген оңтайлы
пісіру) жүйесінің көмегімен орнатылады. Пісіру үрдісі
автоматты түрде тоқтап, пеш тамақтың піскенін
көрсетеді. Пісіру ұзақтығын төмендегі жекелеген
функциялардың сипаттамасында көрсетілгендей
бірнеше минуттық кезеңге өзгертуге болады.
ҚУЫРУ функциясы
Бұзау, шошқа, қой және сиыр етін пісіру үшін осы
функцияны пайдаланыңыз. Тамақты қыздырылмаған
пештің ішіне салыңыз. Тамақты алдын ала
қыздырылған пешке де салуға болады. Ұзақтықты
-10/+10 минутқа ғана реттеуге болады.
ПІСІРІЛГЕН БӘЛІШ функциясы
Бұл — бәліш пісіру үшін тамаша функция. Тамақты
қыздырылмаған пештің ішіне салыңыз. Тамақты
алдын ала қыздырылған пешке де салуға болады.
Ұзақтықты -10/+15 минутқа ғана реттеуге болады.
НАН функциясы
Бұл функцияны нан пісіру үшін пайдаланыңыз. Рецепт
пен қосымша мәліметтерді келесі тараудан қараңыз.
Ықтимал үздік нәтижелерге қол жеткізу үшін
төмендегі нұсқауларды мұқият орындауға кеңес
беріледі:
Рецепт бойынша жасаңыз.
7-позицияға салынатын нан пісіретін науаға
150 г (150 мл) салқын су құюды ұмытпаңыз.
Тамақты қыздырылмаған пештің ішіне салыңыз. Егер
тамақты алдын ала қыздырылған пешке салғыңыз
келсе, жоғары температуралы пісіру бағдарламасынан
кейін температура 4градусқа түскенше дисплейде
бірден «Hot» («Ыстық») деген мәтін көрінеді. Осы
кезде нанды пешке салуға болады.
ПИЦЦА функциясы
Бұл функцияны пицца пісіру үшін пайдаланыңыз.
Қосымша мәліметтерді келесі тараудан қараңыз.
Ұзақтықты -5/+12 минутқа ғана реттеуге болады.
Жақсы нәтижелерге қол жеткізу үшін төмендегі
нұсқауларды мұқият орындауға кеңес беріледі:
Рецепт бойынша жасаңыз.
Қамырдың салмағы 350 г мен 500 г аралығында
болуы тиіс.
Таба мен нан пісіретін науаларды аздап
майлаңыз.
Тамақты қыздырылмаған пештің ішіне салыңыз. Егер
тамақты алдын ала қыздырылған пешке салғыңыз
келсе, жоғары температуралы пісіру бағдарламасынан
кейін температура 120° градусқа түскенше дисплейде
береміз. Егер бір уақытта 4 тартпада да ас
пісіріп жатсаңыз, үшінші, бесінші және алтыншы
тартпаларға сөрелер, ал бірінші тартпаға таба қоюға
кеңес береміз.
ГРАТИН функциясы
Жоғарғы қыздыру элементі мен гриль-бар істігі (бар
болса) іске қосылады да, желдеткіш жұмыс істей
бастайды. Айналу кезінде айналдырып қыздыру
элементі де іске қосылады. Осы мүмкіндіктердің
жиыны пештің күшейтілген ауа айналымы мен
қыздыру элементі арқылы берілетін бір бағыттағы
жылу бөлу тиімділігін арттырады.
Бұл тағамның күйіп кетпеуін алдын алуға
көмектеседі және тағамды қыздыру мүмкіндігін
береді. Есігі жабық пеште ас пісіргенде әрқашан осы
режимді қолданыңыз.
БАРБЕКЮ функциясы
Жоғарғы қыздыру элементімен гриль-бар істігі
(бар болса) іске қосылады. ТЕМПАРАТУРАНЫ
ОРНАТУ тұтқасы арқылы орнатылатын әртүрлі қуат
деңгейлері дисплейге шығады; бұл 5% және 100%
аралығында болады. Грильдің жоғарғы және тікелей
температурасы қабаттың жоғарғы температурасын
қажет ететін тағамдар үшін ұсынылады. Есігі
жабық пеште ас пісіргенде әрқашан осы режимді
қолданыңыз.
ТӨМЕНГІ ТЕМПЕРАТУРА функциясы
Пісірудің бұл түрі тексеру, йогурт дайындау,
қажетті уақытта тамақты ысыту және төменгі
температурада ақырын ас пісіру үшін қолданылады.
Температураның опциялары: 40, 65 және 90 °C.
Істікте қуыру (тек белгілі модельдерде
қолданылады)
Істікте қуыру функциясын іске қосу үшін (сызбаны
қараңыз) былай істеңіз:
1. Табаны бірінші позицияға орналастырыңыз.
2. Гриль-барды
үшінші позицияға
орналастырып, істікті
пештің артқы тесігіне
кіргізіңіз.
3. немесе
функцияларын таңдау
арқылы істікте қуыруды
бастаңыз.
68
KZ
бірден «Hot» («Ыстық») деген мәтін көрінеді. Осы
кезде пиццаны пешке салуға болады.
ПИЦЦА рецепті:
3 немесе 4 пицца жасау үшін: 1000 г ұн, 500 мл су,
20 г тұз, 20 г қант, 100 мл зәйтүн майы, 20 г ашытқы
(немесе 2 қалта ашытқы ұнтағы)
Бөлме температурасында ашыту: 1 сағат немесе
қолмен орнатылатын ТӨМЕНГІ ТЕМПЕРАТУРА
функциясы үшін 40° градус қойылған. Шамамен
30-45 минут көтерілгенше күтіңіз.
Тамақты қыздырылмаған пештің ішіне салыңыз.
ПИЦЦА пісіру режимін қосыңыз.
НАН рецепті (қамырдың ең көп мөлшері):
Құрамы:
1,3 кг ұн
700 г су
25 г тұз
50 г нан ашытқысы немесе 4 қалта құрғақ ашытқы
ұнтағы.
Дайындау әдісі:
Ұн мен тұзды үлкен кеседе араластырыңыз.
Ашытқыны жылымшы суға (шамамен 35 градус)
ерітіңіз.
Үйілген ұнның ортасында кішкене ойық жасаңыз.
Су мен ашытқы қоспасын құйыңыз.
Қамырды алақанмен созып, өзіне-өзін бүктеу
арқылы ол біртекті болып, жабысқақтығы
кеткенше 10 минут илеңіз.
Қамырды домалақтап, үлкен тегенеге салыңыз да,
қамыр кеуіп кетпеу үшін бетін мөлдір пластмасса
орағышпен жабыңыз. Тегенені пешке салып,
қолмен орнатылатын ТӨМЕНГІ ТЕМПЕРАТУРА
функциясының көмегімен 40° градусқа қойыңыз
да, шамамен 30–45 минут көтерілгенше күтіңіз.
Не болмаса, бөлме температурасында шамамен
1 сағатқа (қамырдың көлемі екі еселенгенше)
қойыңыз.
Қамырды жеңіл илей отырып, бірнеше бөлке етіп
бөліңіз.
Оларды тартпаның үстіндегі нан пісіретін қағазға
(немесе нандарды әр түрлі сөрелерде пісіргіңіз
келген жағдайда 2 немесе 3 тартпаларға)
қойыңыз да, аздап ұн себіңіз.
Өткір жүзбен үстіне бірнеше өрнек салыңыз.
Тартпаны тек бір деңгейді пайдаланған жағдайда
пештегі 2-деңгейдегі сөреге немесе екі деңгейді
пайдаланған жағдайда екі тартпаны 1 және
4-деңгейлердегі сөрелерге, не болмаса үш
деңгейді пайдаланған жағдайда үш тартпаны 1, 3
және 5-деңгейлердегі сөрелерге қойыңыз.
Табаны 7-деңгейдегі сөреге қойып, 150 г суық
су құйыңыз.
Тамақты қыздырылмаған пештің ішіне салыңыз.
НАН автоматты функциясын қосыңыз.
Пісіру аяқталған кезде толық салқындағанша
нандарды тартпада қалдырыңыз.
Small Space
Пешті қосу
1. Екі қыстырғышты қолданып және көрсеткілерді
пештің астыңғы жағына қаратып БӨЛГІШТІ «Б»
БӨЛГІШ сөресіне бекітіңіз. Бұл дұрыс бекітілгеннен
кейін БӨЛГІШ жақтауының алдыңғы жағында
«OPENSPACE» мәтінін көресіз. Дауыс сигналы
БӨЛГІШТІҢ дұрыс орнатылғандығының расталуы
туралы дыбыс береді; бұл содан соң екі негізгі Main
және Small space камерларын бөлек немесе бір
уақытта пайдалануға мүмкіндік береді.
! EXTRALARGE SPACE ФУНКЦИЯСЫ тұтқасы
жұмыс істемейді.
2. EXTRALARGE SPACE ФУНКЦИЯСЫ тұтқасын
бұрау арқылы қажетті пісіру функциясын таңдаңыз.
3. Пеш алдын ала қыздыру сатысын бастайды.
Температура ТЕМПЕРАТУРАНЫ ОРНАТУ тұтқасын
бұрау арқылы өзгертіледі.
4. Дыбыс сигналы ойнағанда алдын ала қыздыру
сатысы аяқталады: енді пешке тағамды салуыңызға
болады.
5. Пісіру кезінде әрқашан мыналарды орындауға
болады:
- SMALL SPACE ФУНКЦИЯСЫ тұтқасын бұрау
арқылы қажетті пісіру функциясын таңдау.
- ТЕМПЕРАТУРА тұтқасын бұрау арқылы
температураны өзгерту.
- Пісіруді аяқтау уақытына қоса пісірудің ұзақтығын
орнату.
- SMALL SPACE ФУНКЦИЯ тұтқасын «0»
позициясына бұрап, пісіру үрдісін тоқтату.
6. Егер пеш жұмыс істеп тұрғанда ток болмай қалса,
құрылғының ішіндегі автоматты жүйе температура
белгілі деңгейден түспей тұрып пісіру функциясын
тоқтаған жерінен бастап қалпына келтіреді.
Қосылмаған бағдарламаға енгізілген режимдер
қалпына келтірілмейді және бағдарламаны қайта
орнату керек болады.
Пісіру функциясы
ГРИЛЬ функциясы
Жоғарғы қыздыру элементі қосулы. ТЕМПАРАТУРАНЫ
ОРНАТУ тұтқасы арқылы орнатылатын әртүрлі қуат
деңгейлері дисплейге шығады; бұл 5% және 100%
аралығында болады. Грильдің жоғарғы және тіке
температурасы қабаттың жоғарғы температурасын
қажет ететін тағамдар үшін ұсынылады. Бұл функция
тағамды қуыруға, гратиндерді пісіруге, сэндвич
жасауға және кепкен етті отқа қақтауға ыңғайлы болып
табылады. Есігі жабық пеште ас пісіргенде әрқашан
осы режимді қолданыңыз.
69
KZ
ЖЫЛДАМ ПІСІРУ функциясы
Бұл функция пештің қайтадан қыздырылуын қажет
етеді. Бұл функция алдын ала оралған (қатырылған
немесе алдын ала пісірілген) тағамды жылдам
пісіруге ыңғайлы болып табылады.
Main Space
Пешті қосу
1. Екі қыстырғышты қолданып және көрсеткілерді
пештің астыңғы жағына қаратып БӨЛГІШТІ «Б»
БӨЛГІШ сөресіне бекітіңіз. Бұл дұрыс бекітілгеннен
кейін БӨЛГІШ жақтауының алдыңғы жағында
«OPENSPACE» мәтінін көресіз. Дауыс сигналы
БӨЛГІШТІҢ дұрыс орнатылғандығының расталуы
туралы дыбыс береді; бұл содан соң екі негізгі Main
және Small space камерларын бөлек немесе бір
уақытта пайдалануға мүмкіндік береді.
! EXTRALARGE SPACE ФУНКЦИЯСЫ тұтқасы
жұмыс істемейді.
2. EXTRALARGE SPACE ФУНКЦИЯСЫ тұтқасын
бұрау арқылы қажетті пісіру функциясын таңдаңыз.
3. Пеш алдын ала қыздыру сатысын бастайды.
Температура ТЕМПЕРАТУРАНЫ ОРНАТУ тұтқасын
бұрау арқылы өзгертіледі.
4. Дыбыс сигналы ойнағанда алдын ала қыздыру
сатысы аяқталады: енді пешке тағамды салуыңызға
болады.
5. Пісіру кезінде әрқашан мынаны орындауға
болады:
- ТЕМПЕРАТУРА тұтқасын бұрау арқылы
температураны өзгерту.
- Пісіруді аяқтау уақытына қоса пісірудің ұзақтығын
орнату.
- MAIN SPACE ФУНКЦИЯ тұтқасын «0»
позициясына бұрап, пісіру үрдісін тоқтату.
6. Егер пеш жұмыс істеп тұрғанда ток болмай қалса,
құрылғының ішіндегі автоматты жүйе температура
белгілі деңгейден түспей тұрып пісіру функциясын
тоқтаған жерінен бастап қалпына келтіреді.
Қосылмаған бағдарламаға енгізілген режимдер
қалпына келтірілмейді және бағдарламаны қайта
орнату керек болады.
Пісіру функциясы
ӘМБЕБАП функциясы
Барлық қыздыру элементтері мен желдеткіш іске
қосылады. Пештің қызуы тұрақты болғанда ауа
тағамды біркелкі қызартып пісіреді. Бір уақытта
барлық үш тартпаны пайдалануға болады. Егер
бірнеше тартпаны бір уақытта пайдаланып
жатсаңыз, табаны 1 деңгейдегі сөреге қоюға кеңес
береміз. Сол уақытта 3-деңгейде пісіріп жатсаңыз,
сөрелерді 3 және 5-тартпаларға, ал табаны
1-тартпаға қоюды ұсынамыз.
Small Space және Main Space
камераларын бір уақытта пайдалану
Пешті қосу
1. Екі қыстырғышты қолданып және көрсеткілерді
пештің астыңғы жағына қаратып БӨЛГІШТІ «Б»
БӨЛГІШ сөресіне бекітіңіз. Бұл дұрыс бекітілгеннен
кейін БӨЛГІШ жақтауының алдыңғы жағында
«OPENSPACE» мәтінін көресіз. Дауыс сигналы
БӨЛГІШТІҢ дұрыс орнатылғандығының расталуы
туралы дыбыс береді; бұл содан соң екі негізгі Main
және Small space камераларын бөлек немесе бір
уақытта пайдалануға мүмкіндік береді.
! EXTRALARGE SPACE ФУНКЦИЯСЫ тұтқасы
ажыратылады.
2. Әр орын үшін SMALL SPACE ФУНКЦИЯСЫ мен
MAIN SPACE ФУНКЦИЯСЫ тұтқаларын бұрау
арқылы қалаған пісіру функциясын таңдаңыз.
белгішесі Small Space камерасының таңдалғанын
және әрі қарай Small Space параметрлерін реттеуге
болатындығын білдіреді; дисплейде жанатын
белгішесі Main Space камерасының таңдалғанын
және әрі қарай Main Space параметрлерін реттеуге
болатындығын білдіреді.
3. Екі пеш те алдын ала қызу сатысын бастайды.
Температура ТЕМПЕРАТУРАНЫ ОРНАТУ тұтқасын
бұрау арқылы өзгертіледі.
4. Дыбыс сигналы ойнағанда алдын ала қыздыру
сатысы аяқталады: енді пешке тағамды салуыңызға
болады.
5. Дисплейдегі сандар қай орын реттеліп
жатқандығын көрсету үшін анығырақ жанады.
Басқа орынға параметрді өзгерту үшін
түймесін басыңыз. Small Space және Main Space
параметрлері бір уақытта пісіргенде өзгертіледі:
- SMALL SPACE ФУНКЦИЯСЫ мен/немесе MAIN
SPACE ФУНКЦИЯСЫ тұтқасын бұрау арқылы пісіру
функциясын өзгерту.
- ТЕМПЕРАТУРА тұтқасын бұрау арқылы
температураны өзгерту.
- Пісіруді аяқтау уақытына қоса пісірудің ұзақтығын
орнату.
- SMALL SPACE ФУНКЦИЯСЫ мен MAIN SPACE
ФУНКЦИЯ тұтқасын «0» позициясына бұрап, пісіру
үрдісін тоқтату.
6. Егер пеш жұмыс істеп тұрғанда ток болмай
қалса, құрылғының ішіндегі автоматты жүйе
температура белгілі бір деңгейден түспей тұрып
пісіру функциясын тоқтаған жерінен бастап
қалпына келтіреді. Қосылмаған бағдарламаға
енгізілген режимдер қалпына келтірілмейді және
бағдарламаны қайта орнату керек болады.
70
KZ
Пісіру бойынша пайдалы кеңес
КӨПДЕҢГЕЙ функциясы
1, 3, 5 және 6-позицияларды пайдаланыңыз.
Табаны астына, ал тартпаны үстіне қойыңыз.
БАРБЕКЮ
Пешті 5 минут қыздырып алыңыз.
Осы режимде пісірген кезде пештің есігін жауып
қойыңыз.
Табаны 3-деңгейдегі сөреге қойыңыз. Тартпаны
тамақтың үлкендігіне қарай 4 пен 7 аралығындағы
позицияға қойып, тамақтың тартпаның ортасында
болуын тексеріңіз. Мысалдар: сиыр қабырғалары
4-деңгейдегі сөреде, ал бекон 6 немесе
7-деңгейдегі сөреде пісірілуі тиіс.
ПИЦЦА немесе ФОКАЧЧА
Диаметрінің үлкендігі 30 см болатын жеңіл
алюминий науаны пеш жинағына кіретін тартпаға
қойыңыз.
Егер пиццаны көп азық-түлікпен дайындап
жатсаңыз, пісіру үрдісінің ортасында пиццаның
үстіне моцарелла ірімшігін қосуға кеңес беріледі.
ГРИЛЬ
Пешті 5 минут қыздырып алыңыз.
БӨЛГІШТІ «Б» БӨЛГІШ тартпасына бекітіңіз.
Осы режимде пісірген кезде пештің есігін жауып
қойыңыз.
Тартпаны 7-позицияға орналастырыңыз.
Тағамды тартпаның ортасына салыңыз. Табаны
6-деңгейдегі сөреге орналастырыңыз.
Бұл функция тағамды қуыруға, гратиндерді
пісіруге, сэндвич жасауға және кепкен етті отқа
қақтауға ыңғайлы болып табылады.
Қуаттың деңгейін ең жоғарғыға орнатуға кеңес
береміз. Жоғарғы қыздыру элементі термостат
арқылы реттеледі және тұрақты күйде жұмыс
істемейді.
ЖЫЛДАМ ПІСІРУ
Пешті қыздырып алыңыз және табаның
6-деңгейдегі сөреде екенін тексеріңіз.
Мұздатылған тағамдарды пісірген кезде әрқашан
орамадағы нұсқаулыққа сүйеніңіз.
Пісіру үрдісін орнату
! Бағдарламалаудан бұрын пісіру функциясы таңдап
алынуы керек.
Бағдарламалау пештің барлық
конфигурацияларында жасалады: EXTRALARGE,
MAIN және SMALL SPACE камераларында,
соңғы екеуі бір уақытта пайдаланылып жатса да
жасалады.
Пісіру ұзақтығын орнату
1. түймесін ДИСПЛЕЙ бетінде гі белгішесі
мен үш сан жыпылықтай бастағанша бірнеше рет
басыңыз.
2. Ұзақтықты реттеу үшін ТАЙМЕР ТҰТҚАСЫН «+»
және «-» бағытына қарай бұраңыз.
3. Растау үшін түймесін қайта басыңыз.
4. Белгіленген уақыт өткенде ДИСПЛЕЙ бетінде
«END» («Аяқталды») деген мәтін шығып, пеш
пісіруді тоқтатады да, дыбыстық сигнал ойнайды.
Мысалы: сағат 9:00 болғанда ас пісіру ұзақтығы
1 сағат 15 минутқа орнатылады. Функция сағат
10:15 болғанда автоматты түрде тоқтайды.
Пісіру режимінің аяқталу уақытын орнату
! Пісірудің аяқталу уақыты белгіленбей тұрып, пісіру
ұзақтығын орнату керек.
1. Ұзақтықты жоғарыда сипатталғандай орнату үшін
1-ден 3-қадамға дейін орындаңыз.
2. Содан кейін, түймесін ДИСПЛЕЙ бетіндегі
белгішесі мен үш сан жыпылықтай бастағанша
басыңыз.
3. Сағаттың мәнін дұрыстау үшін ТАЙМЕР
ТҰТҚАСЫН «+» және «-» белгілеріне қарай бұраңыз.
4. Басқа екі сан ДИСПЛЕЙДЕ жыпылықтай
бастағанша түймесін қайта басыңыз.
5. Минуттың мәнін дұрыстау үшін ТАЙМЕР
ТҰТҚАСЫН «+» және «-» белгілеріне қарай
бұраңыз.
6. Растау үшін түймесін қайта басыңыз.
7. Белгіленген уақыт өткенде ДИСПЛЕЙ бетінде
«END» («Аяқталды») деген мәтін шығып, пеш
пісіруді тоқтатады да, дыбыстық сигнал ойнайды.
және белгішелері жыпылықтағанда
бағдарлама орнатылады. ДИСПЛЕЙ пісірудің
аяқталу уақыты мен пісіру ұзақтығын алма-кезек
көрсетіп тұрады.
Бағдарламадан бас тарту үшін ФУНКЦИЯ тұтқасын
«0» позициясына бұраңыз.
71
KZ
ExtraLarge Space қуысы бар пештерге арналған тағам әзірлеу бойынша кеңестер кестесі
Функция Азық-түліктер Салмақ
(кг)
Пайдаланылатын
сөрелер №
Тартпа позициясы Алдын
ала
қыздыру
Ұсынылатын
температура
(°C)
Пісіру
ұзақтығы
(минут)
Таба 1-тартпа 2-тартпа 3-тартпа
Көпдеңгей* Бәліштер/торттар 1
2
3
4
2 немесе 3
1-2
1
1
3-5
3
3
5
5 6
Иә
Иә
Иә
Иә
190
180
180
180
25-30
35-45
40-50
45-55
Шайқалған қаймақты
бәліш
1
2
3
4
2 немесе 3
1-2
1
1
3-5
3
3
5
5 6
Иә
Иә
Иә
Иә
190
190
190
190
25-35
25-35
30-40
30-40
Пицца 1
2
3
4
2 немесе 3
1-2
1
1
3-5
3
3
5
5 6
Иә
Иә
Иә
Иә
220
220
220
220
15-25
20-30
25-35
30-40
Печеньелер 1
2
3
4
2 немесе 3
1-2
1
1
3-5
3
3
5
5 6
Иә
Иә
Иә
Иә
180
180
180
180
15-25
15-25
20-30
20-30
Тәтті нан өнімдері 1
2
3
2 немесе 3
2
1
5
4 6
Иә
Иә
Иә
200
200
200
30-40
35-45
40-50
«Кремді карамель»
(буға пісіргіш)
1
2
3
2 немесе 3
2
1
5
4 6
Иә
Иә
Иә
170
170
170
35-45
35-45
40-50
Панеттоне (Тәтті
нан)
1 1 немесе 2 Иә 160 45-60
Йогуртты бисквит 1
2
2 немесе 3
1 4 немесе 5
Иә
Иә
160
160
60-75
60-75
Бисквит 1
2
3
2 немесе 3
2
1
5
4 6
Иә
Иә
Иә
190
190
190
30-35
35-40
40-45
Үлкен ет кесегі 1 1 2 Иә 160 90-240
Гратин* Қуырылған ет 1 2 3 Жоқ 200 35-75
Гратин 1 3 немесе 4 Жоқ 190 40-60
Үлкен қуырылған ет
кесегі
1 1 2 Жоқ 200 90-120
Үлкен қуырылған ет
кесегі
1 1 2 Жоқ 200 90-120
Барбекю* Сиыр қабырғалары 1 3 4 немесе 5 Иә 100% 20-30
Шұжықтар 1 3 5-7 Иә 100% 10-20
Шошқа қабырғалары 1 3 5-7 Иә 100% 15-25
Бекон 1 3 5-7 Иә 100% 3-6
Төменгі
температура
Тексеру /
Еріту
1 2 Жоқ 40
Ақ зефир 4 1 3 5 6 Жоқ 65 8-12 сағат**
Ет/балық 3 1 3 5 Жоқ 90 90-180**
Автоматты түрде
нан ұнтақтарына
аунату
Нан (рецептті
қараңыз)
2
2
2
1
2
3
7***
7***
7***
2
1
1
4
3 5
Жоқ
Жоқ
Жоқ
Автоматты түрде
қақтау
Қуырылған ет 1 2 3 Жоқ 60-90**
Автоматты түрде
пісірілген бәліш
Бәліштер 1
2
2
2 5
Жоқ
Жоқ
35-60**
35-60**
Автоматты түрде
пицца пісіру
Пицца (рецептіні
қараңыз)
1
2
3
4
2
2
1
1
5
3
3
5
5 6
Жоқ
Жоқ
Жоқ
Жоқ
23-30**
25-35**
30-35**
35-40**
* Жоғарыдағы тізімде көрсетілген пісіру уақыттары тек нұсқау ретінде берілген және оларды жеке қалау бойынша өзгертуге болады. Пешті алдын ала қыздыру уақыты
стандарт бойынша орнатылған және оларды қолмен өзгертуге болмайды.
** Автоматты пісіру функцияларының ұзақтығы әдепкі бойынша орнатылған. Кестедегі мәндер әдепкі мәнді басталу нүктесі ретінде ала отырып пайдаланушы өзгерте алатын
ең қысқа және ең ұзын ұзақтықты білдіреді.
*** Рецептте көрсетілгендей табаға 150 г су құйыңыз.
72
KZ
Small Space мүмкіндігіне арналған тағам дайындау бойынша кеңестер кестесі
Функция Азық-түліктер Салмақ
(кг)
Пайдаланылатын
сөрелер №
Тартпа позициясы Алдын ала
қыздыру
Ұсынылатын
температура
(°C)
Пісіру ұзақтығы
(минут)
Таба 1-тартпа Бөлгіш
Жылдам
пісіру*
Балық филесі 1 6 Б Иә 160-180 20-30
Ет филесі 1 6 Б Иә 180-200 30-40
Мұздатылған пицца 1 6 Б Иә
Мұздатылып алдын ала
дайындалған тағам
1 6 Б Иә
Гриль Қуырылған нан 1 - 6 Б Иә 100% 3-5
Бекон 1 6 7 Б Иә 100% 3-6
Шошқа еті 1 6 7 Б Иә 100% 15-25
* Жоғарыдағы тізімде көрсетілген пісіру уақыттары тек нұсқау ретінде берілген және оларды жеке қалау бойынша өзгертуге болады. Пешті алдын ала
қыздыру уақыты стандарт бойынша орнатылған және оларды қолмен өзгертуге болмайды.
Main Space мүмкіндігіне арналған тағам дайындау бойынша кеңестер кестесі
Функция Азық-түліктер Салмақ
(кг)
Пайдаланылатын
сөрелер №
Тартпа позициясы Алдын ала
қыздыру
Ұсынылатын
температура
(°C)
Пісіру ұзақтығы
(минут)
Таба 1-тартпа Бөлгіш
Әмбебап* Бәліштер/торттар 1
2
2
1 3
Б
Б
Иә
Иә
200
200
30-40
35-45
Шайқалған қаймақты
бәліш
1
2
2
1 3
Б
Б
Иә
Иә
190
190
25-35
25-35
Пицца 1
2
2
1 3
Б
Б
Иә
Иә
220
220
15-25
20-30
Печеньелер 1
2
2
1 3
Б
Б
Иә
Иә
180
180
15-25
15-25
Тәтті нан өнімдері 1
2
2
1 3
Б
Б
Иә
Иә
200
200
30-40
35-45
«Кремді карамель» (буға
пісіргіш)
1 2 Б Иә 170 35-45
Йогуртты бисквит 1 2 Б Иә 160 60-75
Бисквит 1
2
2
1 3
Б
Б
Иә
Иә
190
190
30-35
35-40
Жұқа қуырылған ет 1 2 3 Б Иә 210 30-60
* Жоғарыдағы тізімде көрсетілген пісіру уақыттары тек нұсқау ретінде берілген және оларды жеке қалау бойынша өзгертуге болады. Пешті алдын ала
қыздыру уақыты стандарт бойынша орнатылған және оларды қолмен өзгертуге болмайды.
Small Space және Main Space камераларын бір уақытта пайдалануға арналған тағам дайындау
бойынша кеңестер кестесі
Small Space
Функция Азық-түліктер Салмақ
(кг)
Пайдаланылатын
сөрелер №
Тартпа позициясы Алдын ала
қыздыру
Ұсынылатын
температура
(°C)
Пісіру ұзақтығы
(минут)
Таба 1-тартпа Бөлгіш
Жылдам
пісіру*
Балық филесі 1 6 Б Иә 180-200 20-30
Ет филесі 1 6 Б Иә 180-200 30-40
Мұздатылған пицца 1 6 Б Иә
Мұздатылып алдын ала
дайындалған тағам
1 6 Б Иә
«Пилаф» күріші 1 6 Б Иә 180-200 30-45
Гриль Қуыру 1 6-7 Б Иә 100% 3-6
Main Space
Функция Азық-түліктер Салмақ
(кг)
Пайдаланылатын
сөрелер №
Тартпа позициясы Алдын ала
қыздыру
Ұсынылатын
температура
(°C)
Пісіру ұзақтығы
(минут)
Таба 1-тартпа Бөлгіш
Әмбебап* Торттар/бәліштер 1
2
2
1 және 2 5-7
Б
Б
Иә
Иә
200
200
30-40
35-45
Печеньелер 1
2
2
1 және 2 3-5
Б
Б
Иә
Иә
180
180
15-25
15-25
«Кремді карамель» (буға
пісіргіш)
1 2 Б Иә 160 45
Пицца 1
2
2
1 және 2 3-5
Б
Б
Иә
Иә
220
220
15-25
20-30
Картоп гратині 1 2 Б Иә 200 60
Қуырылған ет 1 2 Б Иә 200 60-90
Ұнмен қапталған тағамдар 1 2 Б Иә 200 35-45
* Жоғарыдағы тізімде көрсетілген пісіру уақыттары тек нұсқау ретінде берілген және оларды жеке қалау бойынша өзгертуге болады. Пешті алдын ала
қыздыру уақыты стандарт бойынша орнатылған және оларды қолмен өзгертуге болмайды.
73
KZ
Сақтандырулар
мен кеңестер
! Бұл құрылғы халықаралық қауіпсіздік
стандарттарына сай жасақталып, дайындалған.
Төмендегі ескертулер қауіпсіздік салдары үшін
берілген, оны мұқият оқу керек.
Жалпы қауіпсіздік
Құрылғы үйде қолдану үшін жасақталған, ол
коммерциялық немесе өндірістік қолданыстарға
арналмаған.
Құрылғыны жабық жер болса да, сыртта қолданбау
керек. Құрылғыны қорғаусыз жаңбыр мен боранда
қалдыру барынша қауіпті болып табылады.
Құрылғыны жылжытқанда немесе орналастырғанда
пештің бүйіріндегі тұтқаларды пайдаланыңыз.
Құрылғыны жалаң аяқ немесе ылғал не дымқыл қолмен,
аяқпен түртпеңіз.
Құрылғыны кітапшада берілген нұсқауларға сай тек
тағам дайындау мақсатында ғана үлкендер пайдалануы
тиіс.
Қыздыру элементтерін немесе пеш есігінің кейбір
бөліктерін ұстамаңыз; бұл бөліктер қатты қызады.
Балаларды одан алыс ұстаңыз, өзіңіз де ыстық
жерлерін ұстамаңыз.
Басқа электр құрылғыларының кабельдері пештің ыстық
бөліктеріне тимейтінін тексеріңіз.
Ыстықты желдету мен тозаңдандыруға арналған ашық
жерлерді ешқашан жаппау керек.
Пеш есігінің тұтқасын әрқашан ортасынан ұстаңыз:
шеттері ыстық болуы мүмкін.
Пешке асханалық ыдысты қоярда немесе оны алған
кезде әрқашан пеш қолғаптарын пайдаланыңыз.
Пеш түбін туралау үшін алюминий фольганы
пайдаланбаңыз.
Пешке жанғыш заттарды қоймаңыз: Егер байқаусызда
құрылғы қосылса, заттар жануы мүмкін.
Құрылғыны қолданбаған кезде түймешіктерінің “”/“
орнында екенін тексеріңіз.
Құрылғыны ажыратқанда айырғышты әрқашан желі
розеткасынан алыңыз, кабельден тартып суырмаңыз.
Құрылғыны электр желісінен ажыратпастан ешқашан
тазалауға не жөндеуге болмайды.
Егер құрылғы істен шықса, өзіңіз жөндеуге тура келетін
кездер болады. Тәжірибесіз адам жасаған жөндеу
жұмыстарынан құрылғының істен шығуы немесе
жарамсыз болып қалуы мүмкін. Қызмет көрсету
орталығымен байланысыңыз (
«Көмек» бөлімін қараңыз
).
Ашық пештің есігіне ауыр заттарды қоймаңыз.
Құрылғыны физикалық, сезімталдық және ойлау
қабілеттері төмен адамдар (балаларды қоса),
тәжірибесіз немесе өнімнен хабары жоқ кез келген
адамның қолданбауы тиіс. Мұндай адамдарға
қауіпсіздіктерін қамтамасыз ететін біреулер жетекші
болуы керек немесе құрылғының жұмысына қатысты
кіріспе нұсқаулар алғаны жөн.
Балаларға құрылғымен ойнауға рұқсат етпеңіз.
Жою
Орау материалдарын тастаған кезде: жергілікті заңға
шолу жасаңыз, орама қайта пайдаланылуы мүмкін.
Электр және электроникалық құралдардың
қалдықтарына (WEEE) қатысты 2002/96/EC Еуропа
заңнамасына сәйкес үй құрылғылары қалыпты толық
қалалық қалдық айналымын пайдаланып жойылмауы
тиіс. Қоршаған орта мен халық денсаулығына тиетін
зиянның алдын ала отырып, жарамсыз құрылғылар
қайта пайдалану мен машина ішіндегі материалдарды
өңдеу құнын оңтайландыру мақсатында бөлек жиналуы
керек. Барлық өнімдердегі сызылған қоқыс жәшігі өнім
иесінің бөлектелген қоқыс жинауға қатысты міндетін
еске салады.
Жарамсыз үй құрылғыларын дұрыс жоюға қатысты
қосымша ақпарат алу үшін өнім иелері тиісті халыққа
қызмет көрсету орталығына немесе олардың жергілікті
өкілдеріне хабарласа алады.
Қоршаған ортаны сақтау және қорғау.
Пешті таңертең ерте немесе түстен кейін кешірек
пайдалану арқылы электр қуатын қамтамасыз етуші
желілік компаниялардың ең жоғары жүктемесін
азайтуға көмектесе аласыз. Пісіру функциясын
бағдарламалау параметрлері – әсіресе, «кейінге
қалдырылған пісіру» режимі (
Пісіру функциялары»
бөлімін қараңыз
) және «кейінге қалдырылған автоматты
түрде тазалау» режимі (
Күтім және пайдалану»
бөлімін қараңыз
) – пайдаланушының уақытын тиімді
пайдалануға мүмкіндік береді.
БАРБЕКЮ және ГРАТИН режимдерін пайдаланғанда
пеш есігін әрқашан жауып қойыңыз. бұл энергияны
сақтай отырып (шамамен 10%-ға), жақсартылған
нәтижеге жеткізеді.
Есік тығыздағыштарын жиі тексеріңіз, олар есікке
дұрыс келетіндей етіп, қалдық болмауы үшін тазалап,
сүртіп тұрыңыз, осылайша ыстықтың сыртқа шығуын
болдырмайсыз.
74
KZ
Күтім және пайдалану
Құрылғыны ажырату
Құрылғыда бір жұмысты бастамас бұрын оны токтан
ажыратыңыз.
Құрылғыны тазалау
Тот баспайтын болат немесе эмальданған сыртқы
бөліктер және резеңке тығыздағыштар салқын
суға малынып, түссіз сабын жағылған губкамен
тазартылады. Қиын дақтарды кетіру үшін арнайы
өнімдерді пайдаланыңыз. Жуып болған соң, оны
шайып, мұқият құрғатыңыз. Қатты ұнтақтарды
немесе өткір заттарды пайдаланбаңыз.
Пештің іші әрбір қолданғаннан кейін жылы
кезінде мұқият тазалануы тиіс. Ыстық су мен
тазартқышты пайдаланыңыз, одан кейін шайып,
жұмсақ матамен құрғатып сүртіңіз. Қырғыш
заттарды пайдаланбаңыз.
Сырғымалы тартпалардан басқа барлық
жабдықтар күнделікті ыдыстар сияқты жуылады,
сондай-ақ оларды ыдыс жуғыш аппаратты
пайдаланып жусаңыз да болады.
! Құрылғыда ешқашан бу тазартқышты немесе
шаңсорғышты пайдаланбаңыз.
Пеш есігін тазалау
Пеш есігінің әйнекті бөлігін губкамен және
қырмайтын тазартқыш құралдармен тазалап, жұмсақ
матамен мұқият құрғатыңыз. Қатты қырғыш затты
немесе өткір темір қырғыштарды пайдаланбаңыз,
себебі олар әйнек бетін тырнап, оның сынуына
әкелуі мүмкін.
Пеш есігін мұқият тазалау мақсатында оны шығарып
алуыңызға болады.
1. Пеш есігін толық ашыңыз (
сызбаны қараңыз
).
2. Шығарып алу үшін бұрағышты пайдаланыңыз
және F екі ілгекке орналасқан (
сызбаны қараңыз
)
кішкентай тұтқаларды бұраңыз.
3. Есікті екі жағынан қатты
ұстап, жартылай жабыңыз.
Оны өзіңізге қарай орнынан
көтере тартыңыз (
сызбаны
қараңыз
). Есікті орнына қою
үшін осы іс ретін соңғысынан
бастап орындаңыз.
Тығыздағыштарды тексеру
Пештегі есік тығыздағыштарын жиі тексеріп
тұрыңыз. Егер тығыздағыштар зақымдалған болса,
жақын жердегі Сатудан кейін қызмет көрсету
орталығына хабарласыңыз (
«Көмек» бөлімін
қараңыз
). Тығыздағыштар ауыстырылмайынша
пешті пайдаланбауды ұсынамыз.
Шамды ауыстыру
Пештің шамын
ауыстыру үшін:
1. Шам ұясының
шыны қақпағын
алыңыз.
2. Шамды алып,
оны сондай
басқа шаммен
ауыстырыңыз:
галогенді шам
230 В, 25 Вт, G 9.
3. Шыны қақпақты орнына қойыңыз (
сызбаны
қараңыз
).
! Шамды бірден қолыңызбен ұстамаңыз.
Сырғымалы тартпалар жиынын
құрастыру
Сырғымалы тартпаларды
құрастыру үшін:
1. Екі жақтауды A
бөлгіштерінен алысырақ
көтеріп, шығарыңыз (
сызбаны
қараңыз
).
2. Сырғымалы
тартпамен қайсы сөренің
пайдаланылатынын
таңдаңыз. Сырғымалы
тартпа шығарылып алынатын
бағытқа назар аудара отырып,
B ілмегін, одан кейін С ілмегін
жақтауға орналастырыңыз.
3. Пеш қабырғаларындағы
тесіктерді пайдаланып,
бағыттаушы жолдардың
көмегімен бекітіңіз (
сызбаны
қараңыз
). Сол жақ жақтауға
арналған тесіктер жоғарыда,
ал оң жақ жақтау үшін тесіктер
төменде орналасқан.
4. Ең соңында жақтауларды A бөлгіштеріне
орналастырыңыз.
B
C
Сол жақ
бағыттаушы
жол
Оң жақ
бағыттаушы
жол
Шығару бағыты
қақпақ
шам
орын
75
KZ
Ескерту:
Құрылғы кез келген дұрыс жұмыс істемеуін анықтайтын автоматты диагностикалық жүйе арқылы реттеледі.
Дұрыс жұмыс істемеу хабарлардың төмендегі түрімен бейнеленеді: “F сандардың алдында келеді.
Дұрыс жұмыс істемеген кезде техникалық қолдау көрсету орталығына хабарласыңыз.
! Рұқсаты жоқ адамның қызметін ешқашан қабылдамаңыз.
Келесі мәліметтерді оңай жерде ұстаңыз:
Туындаған проблема түрі.
Құрылғының моделі (Мод.).
Сериялық нөмірі (С/Н).
Кейінірек мәліметтердің екі бөлігін құрылғының деректер тақтасынан көре аласыз.
Көмек
  • Page 1 1
  • Page 2 2
  • Page 3 3
  • Page 4 4
  • Page 5 5
  • Page 6 6
  • Page 7 7
  • Page 8 8
  • Page 9 9
  • Page 10 10
  • Page 11 11
  • Page 12 12
  • Page 13 13
  • Page 14 14
  • Page 15 15
  • Page 16 16
  • Page 17 17
  • Page 18 18
  • Page 19 19
  • Page 20 20
  • Page 21 21
  • Page 22 22
  • Page 23 23
  • Page 24 24
  • Page 25 25
  • Page 26 26
  • Page 27 27
  • Page 28 28
  • Page 29 29
  • Page 30 30
  • Page 31 31
  • Page 32 32
  • Page 33 33
  • Page 34 34
  • Page 35 35
  • Page 36 36
  • Page 37 37
  • Page 38 38
  • Page 39 39
  • Page 40 40
  • Page 41 41
  • Page 42 42
  • Page 43 43
  • Page 44 44
  • Page 45 45
  • Page 46 46
  • Page 47 47
  • Page 48 48
  • Page 49 49
  • Page 50 50
  • Page 51 51
  • Page 52 52
  • Page 53 53
  • Page 54 54
  • Page 55 55
  • Page 56 56
  • Page 57 57
  • Page 58 58
  • Page 59 59
  • Page 60 60
  • Page 61 61
  • Page 62 62
  • Page 63 63
  • Page 64 64
  • Page 65 65
  • Page 66 66
  • Page 67 67
  • Page 68 68
  • Page 69 69
  • Page 70 70
  • Page 71 71
  • Page 72 72
  • Page 73 73
  • Page 74 74
  • Page 75 75
  • Page 76 76

Whirlpool OS 997D C IX/HA Руководство пользователя

Тип
Руководство пользователя
Это руководство также подходит для

Задайте вопрос, и я найду ответ в документе

Поиск информации в документе стал проще с помощью ИИ