Әрқашан қорғаныс қолғабын киіңіз.
Құрылғыны тұтқасынан тартпаңыз.
• Құрылғыны орнату барысында оның
қуат көзінен ажыратылғанына көз
жеткізіңіз (егер қажет болса).
• Басқа аспаптармен және
құрылғылармен арада ең кіші
қашықтықты сақтаңыз.
• Құрылғыны тағанға қоймаңыз.
Электртоғына қосу
• Құрылғыны тек білікті электрші орнатып,
электр желісіне қосуға тиіс. Уәкілетті
қызмет көрсету орталығына
хабарласыңыз. Бұл құрылғының
бөлшектерінің бүлінуіне немесе
адамның жарақаттануына жол бермейді.
• Құрылғыны міндетті түрде жерге қосу
қажет.
• Техникалық ақпарат тақтайшасындағы
электр параметрлерінің электр
желісіндегі параметрлерге сай
келетініне көз жеткізіңіз.
• Кернеу туралы ақпарат техникалық
ақпарат тақтайшасында көрсетілген.
• Сізде дұрыс оқшаулағыш құралдар
болуға тиіс: желіні қорғайтын
ажыратқыштар, сақтандырғыштар
(ұстатқыштан алынған бұрандалы
сақтандырғыштар), жерге тұйықталудан
қорғау тетіктері мен тұйықтағыштар.
• Электрлік қондырғыда оқшаулағыш
құрылғы болуға тиіс, ол құрылғыны
барлық магниттік полюстерде желіден
ажыратуға мүмкіндік береді.
Оқшаулағыш құрылғының ені кем
дегенде 3 мм түйіспе саңылауы болуға
тиіс.
• Тоқ соғуынан қорғайтын бөліктер
құралсыз ажыратуға болмайтында етіп
орнатылуға тиіс.
• Әрқашан дұрыс орнатылған, электр
қатерінен сақтандырылған розетканы
қолданыңыз.
• Электр құрылғыларын розеткаларға
қосқан кезде, қорек сымдарын
құрылғының ыстық есігіне тигізбеңіз
немесе жақындатпаңыз.
• Көп істікшелі ашаларды,
жалғастырғыштар мен ұзартқыш
сымдарды қолданбаңыз. Өрт шығу қаупі
бар.
• Құрылғының арт жағындағы электр
ашасы (егер қолданылса) мен қорек
сымының жаншылып немесе бүлініп
қалмағанына көз жеткізіңіз.
• Орнатып болғаннан кейін электр
розеткасының қол жететін жерде
тұрғанына көз жеткізіңіз.
• Құрылғыны ажырату үшін қуат сымынан
тартпаңыз. Әрқашан ашасынан (егер
болса) тартып ажыратыңыз.
• Қорек сымын ауыстырмаңыз немесе
өзгертпеңіз. Қызмет көрсету орталығына
хабарласыңыз.
Газға қосу
• Құрылғыны тек білікті газ орнатушы
орнатып, желіге қосуға тиіс. Уәкілетті
қызмет көрсету орталығына
хабарласыңыз. Бұл құрылғының
бөлшектерінің бүлінуіне немесе
адамның жарақаттануына жол бермейді.
• Құрылғының айналасындағы ауа
айналымы жақсы екеніне көз жеткізіңіз.
Ауаның жеткілікті берілмесе, оттегі
жетіспеуі мүмкін.
• Газбен жабдықтау туралы ақпарат
техникалық ақпарат тақтайшасында
берілген.
• Бұл пеш жану өнімдерін тартатын
құрылғыға жалғанбаған. Бұл пешті
қолданыстағы орнату ережелеріне сай
орнатып, желіге қосу қажет. Желдетуге
қатысты талаптардың орындалуына
ерекше назар аудару керек.
• Газға тамақ пісіру құрылғысын
пайдаланған кезде оны орнатқан бөлме
ысып кетеді және ылғал түзіледі. Ас
үйдің жақсы желдетілуін қамтамасыз
етіңіз: табиғи жолмен желдететін
саңылауларды ашып қойыңыз не
механикалық желдету құралын
3