Zanussi ZCG55EGW Руководство пользователя

  • Привет! Я прочитал руководство пользователя для газовой плиты Zanussi ZCG55EG. Готов ответить на ваши вопросы об использовании варочной панели и духовки, очистке и устранении неполадок. В руководстве подробно описаны функции, советы по приготовлению различных блюд, а также меры безопасности.
  • Как зажечь конфорку на варочной панели?
    Что делать, если пламя в духовке гаснет?
    Как очистить варочную панель?
    Как снять дверцу духовки для очистки?
KK
Қолдану туралы
нұсқаулары
2
RU
Инструкция по
эксплуатации
21
UK
Інструкція 42
Пеш
Кухонная плита
Плита
ZCG55EG
KZ
RU
UA
Мазмұны
Сақтық шаралары _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 2
Қауіпсіздік нұсқаулары _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 3
Бұйым сипаттамасы _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 6
Бірінші қолданғанға дейін _ _ _ _ _ _ _ _ 7
Пештің үсті - Күнделікті пайдалану _ _ _ 7
Пештің үсті - Пайдалы ақыл-кеңес _ _ _ 8
Пештің үсті - Күтіп ұстау жəне тазалау
_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 9
Тұмшапеш- Күнделікті пайдалану _ _ _ _ 9
Тұмшапеш - Керек-жарақтарды қолдану
_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 10
Тұмшапеш - Пайдалы ақыл-кеңес _ _ _ 11
Тұмшапеш - Күтіп ұстау жəне тазалау _ 14
Не істерсіңіз, егер... _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 15
Орнату _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 16
Қоршаған ортаға зиян келдірмеу туралы
мағлұматтар _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 20
Өндіруші ескертусіз өзгеріс енгізу құқығына ие.
Сақтық шаралары
Құрылғыны орнатып іске қолданар алдында бірге жеткізілген
нұсқауларды мұқият оқып шығыңыз. Құрылғыны дұрыс
орнатпау мен дұрыс пайдаланбау нəтижесінде адам жарақат
алса жəне ақаулық орын алса өндіруші жауапты емес.
Нұсқаулықты келешекте қарап жүру үшін үнемі сақтап
қойыңыз.
Балалар мен дəрменсіз адамдардың қауіпсіздігі
Назарыңызда болсын! Тұншығып қалу, жарақат алуы
немесе мүгедек болып қалу қаупі бар.
Бұл құрылғыны 8 жасқа толған жəне одан асқан балалар
жəне кемтар, сезім немесе ой-қабілетіне нұқсан келген
адамдар немесе тəжірибесі немесе білімі аз адамдар, өз
қауіпсіздіктерін қамтамасыз ететін адамның бақылауында
болса пайдалана алады.
Балаларға құрылғымен ойнауға рұқсат бермеңіз.
Орам материалдарының
барлығын балалардан алыс
ұстаңыз.
Құрылғы жұмыс істеп тұрғанда немесе ол суып тұрғанда,
балалар мен үй жануарларын оған жақындатпаңыз.
Қолжетімді бөлшектері ыстық болады.
Егер құрылғы бала қауіпсіздігінің құралымен жабдықталса,
оны іске қосуды ұсынаыз.
2
www.zanussi.com
Балалар тазалау жəне күтім көрсету жұмыстарын басқаның
бақылауынсыз орындамауға тиіс.
Қауіпсіздік туралы жалпы ақпарат
Құрылғы мен оның қол жететін жердегі бөлшектері қолдану
барысында ысып тұрады. Қыздырғыш элементтерін
ұстамаңыз.
Құрылғыны сыртқы таймермен немесе бөлек қашықтан
басқару жүйесімен басқармаңыз.
Май немесе өсімдік майы қосылған тағамды пештің үстіне
қараусыз қалдыру қауіпті жəне өрт шығуы мүмкін.
Өртті ешқашан сумен сөндіруге əрекет жасамаңыз, бұндай
жағдайда құрылғыны сөндіріп, содан кейін жалынды
қақпақ
немесе өрт басқыш көрпе тəрізді затпен жабыңыз.
Пісіру алаңына зат сақтамаңыз.
Құрылғыны бумен тазалайтын құралмен тазаламаңыз.
Пышақ, шанышқы, қасық жəне қақпақ тəрізді темір
заттарды пештің үстіне қоймаңыз, себебі ысып кетеді.
Ашатын кезде қақпаққа төгілген затты тазалаңыз. Қақпақты
жабар алдында пештің үстін салқындатып алыңыз.
Шыны есікті тазалау үшін қатты жеміргіш
заттарды немесе
өткір темір құралдарды пайдаланбаңыз, себебі сызат түсіп,
шыны шытынап кетуі мүмкін.
Қауіпсіздік нұсқаулары
Орнату
Назарыңызда болсын! Бұл
құрылғыны тек білікті маман ғана
орнатуға тиіс.
Орам материалдарының барлығын
алыңыз.
Бүлінген құрылғыны орнатпаңыз немесе
пайдаланбаңыз.
Құрылғымен бірге берілген орнату
бойынша нұсқауларды орындаңыз.
Құрылғыны жылжытқан кезде үнемі абай
болыңыз, себебі салмағы ауыр.
Əрқашан қорғаныс қолғабын киіңіз.
Құрылғыны тұтқасынан тартпаңыз.
Осы құрылғы мен басқа құрылғылардың,
заттардың арасындағы минимум
қашықтықты сақтаңыз.
Құрылғының үсті мен жан-жағын
қоршаған конструкциялардың қауіпсіз
болуын қамтамасыз етіңіз.
3
www.zanussi.com
Құрылғының жан-жағын биіктігі осы
құрылғының биіктігімен бірдей
құрылғылармен жанастырып қою керек.
Құрылғыны тағанға қоймаңыз.
Құрылғыны есікке жақын жерге терезенің
астына қоймаңыз. Бұл есік немесе
терезе ашылған кезде ыстық ыдыс
құрылғыдан құлап кетпеу үшін қажет.
Газға қосу
Газға қосу жұмыстарының барлығын
білікті маман ғана іске асыруға тиіс.
Құрылғының айналасында ауаның
айналуын қамтамасыз
етіңіз.
Газбен жабдықтау туралы ақпарат
техникалық ақпарат тақтайшасында
берілген.
Бұл құрылғы жану өнімдерін тартып
əкететін құрылғыға жалғанбаған.
Құрылғыны ағымдық орнату
ережелеріне сай орнатыңыз. Желдету
талаптарының дұрыс орындалуына көз
жеткізіңіз.
Қолданылуы
Назарыңызда болсын! Жарақат алу,
күйіп қалу немесе электр тоғының
қатеріне ұшырау қаупі бар.
Бұл тұрмыста қолдануға арналған
құрылғы.
Бұл құрылғының техникалық
сипаттамасын өзгертпеңіз.
Желдеткіш саңылаулардың бітеліп
қалмағанына көз жеткізіңіз.
Жұмыс істеп тұрған құрылғыны назардан
тыс қалдырмаңыз.
Құрылғыны пайдаланып болған сайын
тоқтан ажыратыңыз.
Жұмыс істеп тұрған құрылғының ішкі
жағы ысып кетеді. Құрылғының ішіндегі
қыздырғыш элементтерге қол тигізбеңіз.
Тұмшапештің керек-жарақтарын немесе
тұмшапеш ыдыстарын алып-салған
кезде үнемі қолғап киіңіз.
Жұмыс істеп тұрған құрылғының есігін
ашқан кезде
абай болыңыз. Ыстық ауа
шығуы мүмкін.
Құрылғыны су қолмен іске қоспаңыз
немесе суға тиіп тұрған құрылғыны
пайдаланбаңыз.
Ашық тұрған құрылғы есігіне күш
салмаңыз.
Жұмыс істеп тұрған құрылғының есігін
үнемі жабық ұстаңыз.
Пісіру алаңдарына ас құралдарын
немесе кəстрөлдердің қақпақтарын
қоймаңыз. Қызып кетуі мүмкін.
Құрылғыны қолданып болғаннан кейін
"off" (сөндіру) қалпына қойыңыз.
Құрылғыны жұмыс орны немесе зат
сақтайтын орын ретінде
қолданбаңыз.
Құрылғы орнатылған бөлменің жақсы
желдетілуін қамтамасыз етіңіз.
Пішімі дұрыс, диаметрі оттықтың
диаметрлерінен үлкен орнықты
ыдыстарды ғана пайдаланыңыз.
Тетікті ең үлкен қалпынан ең кіші
қалпына дейін жылдам бұраған кезде,
жалынның өшіп қалмайтынына көз
жеткізіңіз.
Ыдыстардың шеңберлердің ортасына
орнатылғанына жəне пісіруге арналған
беттің жиектеріне жабысып
қалмайтынына көз жеткізіңіз.
Құрылғымен бірге жеткізілген керек-
жарақтарды
ғана қолданыңыз.
Оттыққа жалын шашыратқышты
орнатпаңыз.
Назарыңызда болсын! Өрт немесе
жарылыс шығу қаупі бар.
Тоңмайларды немесе майды қыздырған
кезде тұтанғыш бу пайда болады.
Тоңмайға немесе майға тамақ пісірген
кезде қызған заттарды немесе оттың
жалынын алыс ұстаңыз.
Қатты қызған майдан бөлініп шығатын
бу, кенет жарылыстың орын алуына
себеп болады.
Құрамында тағам қалдықтары бар
қолданылған май, бірінші рет
қолданылып отырған майға қарағанда,
4
www.zanussi.com
төмен температурада өрт пайда болуға
əкелуі мүмкін.
Тұтанғыш заттарды немесе ішіне
тұтанғыш зат салынған дымқыл
заттарды құрылғының ішіне, қасына
немесе үстіне қоймаңыз.
Есікті ашқан кезде құрылғыға от
жарқылын немесе ашық отты
жақындатпаңыз.
Құрылғының есігін абайлап ашыңыз.
Алкоголь қосылған қоспаларды
қолданғанда, ауа мен алкоголь қоспасы
пайда болуы мүмкін.
Назарыңызда болсын! Құрылғыны
бүлдіріп алуыңыз мүмкін.
Құрылғының эмаль қаптамасы бүлініп
немесе өңі кетпес үшін:
пештің ыдыстарын немесе басқа
заттарды құрылғының табанына тура
қоймаңыз.
алюминий жұқалтырды құрылғының
табанына тура қоймаңыз.
суды ыстық құрылғыға тура қоймаңыз.
тамақ пісіріп болғаннан кейін дымқыл
ыдыс пен тағамды құрылғының ішінде
ұстамаңыз.
керек-жарақтарды алғанда немесе
орнатқанда абай болыңыз.
Құрылғының эмаль қаптамасының
түсінің өзгеруі
құрылғы жұмысына əсер
етпейді. Бұл кепілдік заңына сəйкес
қарастырылатын ақаулық емес.
Сулы қоспадан жасалған тортты пісіру
үшін шұңғыл табақты қолданыңыз.
Жеміс шырындарынан кетпейтін дақ
қалуы мүмкін.
Басқару панеліне ыстық ыдыс қоймаңыз.
Ыдысты ішіндегісі сарқылғанша
қайнатпаңыз.
Құрылғының үстіне зат немесе ыдыс
құлап кетуге жол бермеңіз. Құрылғының
бетіне зақым келуі мүмкін.
Пісіру алаңдарын бос
ыдыс қойып
немесе ешбір ыдыс қоймай іске
қоспаңыз.
Құрылғының үстіне алюминий жұқалтыр
қоймаңыз.
Құйылған шойын, алюминий немесе
астына нұқсан келген ыдыстар шыны
керамика бетке сызат түсіруі мүмкін.
Бұндай заттарды құрылғының бетінде
үнемі көтеріп жылжыту керек.
Қақпақ
Қақпақтың техникалық сипаттамасын
өзгертпеңіз.
Қақпақты мезгілімен тазалаңыз.
Қақпақтың бетіне нəрсе шашыраған
кезде ашпаңыз.
Қақпақты жабар алдында оттықтардың
барлығын сөндіріңіз.
Пештің үсті мен тұмшапеш
əбден
суымайынша қақпақты жаппаңыз.
Шыны қақпақ (егер бар болса) жарылып
кетуі мүмкін.
Күту менен тазалау
Назарыңызда болсын! Жарақат алу,
өрт қаупі жəне құрылғыны бүлдіріп алу
қаупі бар.
Құрылғыны жөндеу алдында электр
желісінен ағытып, ашасын розеткадан
суырыңыз.
Құрылғының салқын тұрғанына көз
жеткізіңіз. Шыны панелі сынып қалуы
мүмкін.
Есіктің шыныларына зақым келсе дереу
ауыстырыңыз. Қызмет көрсету
орталығына хабарласыңыз.
Құрылғының есігін алған кезде абай
болыңыз. Есіктің салмағы ауыр
!
Құрылғының қаптамасының сапасы
түспес үшін мезгіл-мезгіл тазалаңыз.
5
www.zanussi.com
Құрылғының ішінде қалған майдың
немесе тағамның қалдығынан өрт
шығуы мүмкін.
Құрылғыны дымқыл, жұмсақ шүберекпен
тазалаңыз. Тек бейтарап тазартқыш
заттарды қолданыңыз. Жеміргіш
заттарды, түрпілі жөкені, еріткіштерді
немесе темір заттарды пайдаланбаңыз.
Тұмшапеш бүріккішін қолдансаңыз, оның
орамында көрсетілген сақтық
шараларын орындаңыз.
Каталитті эмаль қаптаманы (егер бар
болса) ешбір жуғыш затпен
тазаламаңыз.
Оттықтарды ыдыс жуғыш машинада
жумаңыз.
Құрылғыны
тастау
Назарыңызда болсын! Жарақат алу
немесе тұншығып қалу қаупі бар.
Құрылғыны электр желісінен
ажыратыңыз.
Қуат сымын кесіп алыңыз да, қоқысқа
тастаңыз.
Балалар мен жануарлар құрылғыға
қамалып қалмас үшін есіктің бекітпесін
алыңыз.
Қызмет көрсету
Құрылғыны жөндету үшін
тұтынушыларға қызмет көрсету
орталығына хабарласыңыз. Фирмалық
қосалқы бөлшектерді ғана қолдануды
ұсынамыз.
Бұйым сипаттамасы
Жалпы көрінісі
3
1
2
3
4
4
1 2
1
Пеш үстінің тетіктері
2
Тұмшапеш функцияларының тетігі
3
Техникалық ақпарат тақтайшасы
4
Сөре деңгейлері
6
www.zanussi.com
Пісіру алаңдарының көрінісі
2
1
3
4
1
Жартылай жылдам оттық
2
Жартылай жылдам оттық
3
Қосымша оттық
4
Жылдам оттық
Керек-жарақтары
Тұмшапеш сөресі
Ыдыс, торт қалыптарын қою, тағам
қуыруға арналған.
Тегіс пісіру науасы
Торттар мен печеньелерге арналған.
Сақтау бөлігі
Тұмшапештің төменгі жағында сақтау
бөлігі орналастырылған.
Бөлікті қолдану үшін астыңғы жақтағы
алдыңғы есікті көтеріп, одан кейін оны
төмен басыңыз.
Назарыңызда болсын! Құрылғы
жұмыс істеп тұрғанда сақтау бөлігі
ысып кетуі мүмкін.
Бірінші қолданғанға дейін
Назарыңызда болсын! Қауіпсіздік
тарауларын қараңыз.
Сақтандыру туралы ескерту!
Тұмшапештің есігін ашу үшін,
тұтқасын əрқашан ортасынан ұстаңыз.
Алғашқы тазалау
Құрылғы ішіндегі керек-жарақтардың
барлығын алыңыз.
Құрылғыны алғаш рет пайдаланар
алдында тазалаңыз.
Сақтандыру туралы ескерту!
Жеміргіш жуғыш заттарды
қолданбаңыз! Құрылғының бетіне нұқсан
келтіруі мүмкін. "Күтіп ұстау жəне тазалау"
тарауын қараңыз.
Алдын ала қыздыру
Пештің ішінде қалған қалдықты күйдіріп
жіберу үшін, ең жоғары температураны
орнатыңыз да, бос пешті 45 минут
қыздырыңыз. Пештің керек-жарақтары
қалыпты жағдайда пайдаланған кездегіден
де қызып кетуі мүмкін. Осы кезде иіс
шығуы ықтимал. Бұл қалыпты жағдай.
Бөлменің жақсы желдетілетініне көз
жеткізіңіз.
Пештің үсті - Күнделікті пайдалану
Назарыңызда болсын! Қауіпсіздік
тарауларын қараңыз.
7
www.zanussi.com
Оттықты тұтату
Назарыңызда болсын! Ас үйде ашық
отты пайдаланған кезде өте абай
болыңыз. Жалынды дұрыс пайдаланбау
жағдайлары үшін өндіруші жауапкершілік
көтермейді
Оттықты əрқашан ыдысты қоймай
тұрып жағыңыз.
Оттықты жағу үшін:
1. Оттыққа жалынды жақындатыңыз.
2. Тиісті басқару тетігін басып, оны сағат
бағытына қарсы бұрап ең үлкен мəнге
қойыңыз.
3. Жалынды бірқалыпты жанғаннан кейін
реттеңіз.
Егер бірнеше əрекеттен кейін оттық
жанбаса, шілтер мен қақпақтың дұрыс
тұрғанын тексеріңіз.
2
1
1
Оттық табақшасы
2
Оттық шілтері
Назарыңызда болсын! Егер оттық 10
секундтан кейін жанбаса, басқару
тетігін босатыңыз, оны өшірулі қалыпқа
бұраңыз да, кем дегенде 1 минуттан кейін
оттықты тағы бір рет жағып көріңіз.
Егер оттық кездейсоқ сөніп қалса,
басқару түймешесін сөндірулі қалыпқа
бұраңыз да, кем дегенде 1 минуттан кейін
оттықты тағы бір рет жағып көріңіз.
Оттықты сөндіру
Отты сөндіру үшін
түймешені мына белгіге
бұраңыз:
.
Назарыңызда болсын! Кəстрөлдерді
оттықтан алардан бұрын үнемі отты
азайтыңыз немесе сөндіріп қойыңыз.
Пештің үсті - Пайдалы ақыл-кеңес
Қуат үнемдеу
Егер мүмкіндік болса, кəстрөлдердің
қақпағын əрдайым жабыңыз.
Сұйықтық қайнай бастағанда, оны
ақырындап қайнату үшін отты
азайтыңыз.
Назарыңызда болсын! Түбі
оттықтың өлшеміне дəл келетін
табалар мен кəстрөлдерді пайдаланыңыз.
Пеш тақтасының шетінен шығып тұратын
қазан-кəстрөлдерді қолданбаңыз.
8
www.zanussi.com
Оттық Тамақ пісіретін ыдыстың
диаметрі
Жылдам 160 - 220 мм
Жартылай
жылдам
140 - 220 мм
Оттық Тамақ пісіретін ыдыстың
диаметрі
Қосымша 120 - 180 мм
Түбі барынша қалың əрі мүмкіндігінше тегіс
ыдысты қолданыңыз.
Пештің үсті - Күтіп ұстау жəне тазалау
Назарыңызда болсын! Қауіпсіздік
тарауларын қараңыз.
Назарыңызда болсын! Құрылғыны
тазалардан бұрын сөндіріңіз де,
суығанша күтіңіз.
Назарыңызда болсын! Қауіпсіздік
мақсатында құрылғыны бумен
тазалағыш немесе жоғары қысыммен
тазалағыш құралдармен тазаламаңыз.
Назарыңызда болсын! Түрпілі
тазартқыш, болат сымнан жасалған
ысқыш немесе қышқылдарды
қолданбаңыз, олар құрылғыны бүлдіруі
мүмкін.
Эмальмен қапталған бөліктерін, қақпағы
мен шілтерін тазалау үшін жылы сабын
сумен жуыңыз
.
Тот баспайтын болат бөліктерін сумен
жуыңыз да, жұмсақ шүберекпен
құрғатыңыз.
Ыдыс тірегіштер ыдыс жуғыш машинада
жууға төзімді емес; оларды қолмен жуу
керек.
Тазалап болғаннан кейін таба
тағандарын дұрыс орнатуды ұмытпаңыз.
Оттықтар дұрыс жануы үшін таба
тағандарының тармақтары оттықтың
ортасында тұрғанына көз жеткізіңіз.
Пештің үстін бүлдіріп алмас үшін таба
тағандарын орнына қойған кезде
абай
болыңыз.
Тазалап болғаннан кейін құрылғыны
жұмсақ шүберекпен құрғатыңыз.
Тұмшапеш- Күнделікті пайдалану
Назарыңызда болсын! Қауіпсіздік
тарауларын қараңыз.
Тұмшапеш функциялары
Тұмшапеш функциясы Қолданылуы
Сөндіру қалпы Құрылғыны сөндіруге арналған.
Газ барынша көп
беріледі
Тұмшапештің температурасын реттеуге арналған - ең жоғары
параметр.
Пицца Пицца дайындауға арналған.
Газ барынша аз
беріледі
Тұмшапештің температурасын реттеуге арналған - ең төмен
параметр.
9
www.zanussi.com
Газ тұмшапеште тамақ пісіру
Газ пештің оттығын тұтату:
1. Тұмшапештің есігін ашыңыз.
2. Отты тұмшапеш ішінің түбіндегі
тесіктің жанында ұстап тұрыңыз.
3. Осы кезде тұмшапештің
функцияларының тетігін басып, сағат
тілінің бағытына қарсы бұрап ең үлкен
мəнге қойыңыз.
4. Жалын шыққан кезде, газ пешінің
басқару тетігін шамамен 15 секунд
басып ұстап тұрыңыз.
Тұтатқаннан кейін:
1. Тетікті босатыңыз.
2. Тұмшапештің есігін жабыңыз.
3. Тұмшапеш функцияларының тетігін
қажетті параметрге қойыңыз.
Тұмшапеш қауіпсіздігі құралы:
Тұмшапеші термоэлементпен
жабдықталған. Ол жалын сөніп қалғанда,
газдың берілуін тоқтатады.
Егер тұмшапештің газ оттығы от
алмаса немесе кенет сөніп қалса:
1. Тұмшапеш функцияларын басқару
тетігін босатып, “off” қалпына қойыңыз.
2. Тұмшапештің есігін ашыңыз.
3. Бір минуттан кейін, оттықты қайта
тұтатып көріңіз.
Газ тетігін пайдалану
Жалынның ұзындығын қажетті
деңгейге қою үшін тұмшапештің тетігін
келесі сызбада көрсетілген орынның біріне
қойыңыз.
MAX
MIN
7 mm
6 mm
5 mm
3 mm
Тұмшапештің оттығын сөндіру
Отты сөндіру үшін тетікті "off" қалпына
бұраңыз.
Тұмшапеш - Керек-жарақтарды қолдану
Назарыңызда болсын! Қауіпсіздік
тарауларын қараңыз.
Пісірме табақты салу
Табақты тұмшапештің ішінің ортаңғы
жағына, алдыңғы жəне артқы қабырғаның
ортасына қойыңыз. Бұл қызу пісірме
табақтың алдыңғы жəне артқы жағында
айналуына мүмкіндік береді. Табақты
суретте көрсетілгендей, қисық жағын артқа
қаратып салыңыз.
10
www.zanussi.com
Назарыңызда болсын! Пісірме
табақты тұмшапештің артқы
қабырғасына тигенше итермеңіз. Себебі
бұлай істегенде табақтың айналасына
қызу келуге кедергі жасайды. Тағамның
əсіресе табақтың артқы жағындағы бөлігі
күйіп қалуы мүмкін.
Тұмшапеш - Пайдалы ақыл-кеңес
Сақтандыру туралы ескерту! Өте
сулы қоспадан жасалған тортты пісіру
үшін шұңғыл табақты қолданыңыз.
Жемістің шырыны эмаль қаптамаға
кетпейтін дақ қалдыруы мүмкін.
Пештің сөре қойылатын төрт қатары
бар. Сөре қатарлары құрылғының
астыңғы жағынан бастап саналады.
Құрылғының ішіне немесе есігінің
шынысына бу тұруы мүмкін. Бұл
қалыпты жағдай. Тамақ пісірген кезде
есікті əрқашан артқа шегініп барып
ашыңыз
. Бу аз жиналуы үшін тамақ
пісірер алдында пешті 10 минут іске
қосып қойыңыз.
Құрылғыны пайдаланып болғаннан кейін
ылғал жерлерін сүртіп отырыңыз.
Заттарды құрылғының табанына тура
қоймаңыз жəне тағам пісірген кезде
құрылғының бөлшектерін алюминий
фольгамен жаппаңыз. Бұл пісіру
нəтижесіне əсер етіп, пештің эмаль
қаптамасын бүлдіруі мүмкін.
Торт пісіру
Пісіруді бастамай тұрып тұмшапешті 10
минут қыздырып алыңыз.
Пісіру уақытының 3/4 мөлшері өтпейінше
тұмшапештің есігін ашпаңыз.
Балық пен етті пісіру
Салмағы 1 кг-нан аз етті пісірмеңіз. Етті
тым аз мөлшерде пісіргенде, ол тым
құрғақ болып піседі.
Өте майлы тағамды пісірген кезде,
пеште кетпейтін дақ қалып қоймас үшін
май жинайтын табаны қолданыңыз.
Еттің сөлі ағып кетпес үшін, оны турамай
тұрып 15 минуттай қоя
тұрыңыз.
Тағамды қуырған кезде пештің іші қатты
түтіндеп кетпес үшін, май жинағыш
табаға аздап су құйыңыз. Түтін жиналып
қалмас үшін суы сарқылған сайын
үстінен су құйып отырыңыз.
Пісіру уақыттары
Пісіру уақыты тағамның түріне,
құрылымына жəне мөлшеріне
байланысты.
Бастапқы кезде, тағамның қалай
пісірілетініне назар аударыңыз. Осы
құрылғыны қолданған кезде, ыдысқа,
рецептілерге жəне тағамның мөлшеріне
барынша
сай келетін параметрлерді (қызу
параметрі, пісіру уақыты т.с.с.) табыңыз.
11
www.zanussi.com
Пісіру кестесі
Тағам
Науа түрі мен сөренің
деңгейі
Алдын ала
қыздыру
уақыты
(минут)
1)
Жалынн
ың
ұзынды
ғы
2)
Пісіру
уақыты
(минут)
Тəтті таспалар (250 г) алюминиймен қапталған, 3-
ші деңгейде
15 3 - 4 20 - 30
Тəтті таспалар (250 г) эмальмен қапталған, 3-ші
деңгейде
15 3 - 4 20 - 25
Жалпақ торт (1000 г) алюминиймен қапталған, 3-
ші деңгейде
10 5 30 - 40
Жалпақ торт (1000 г) эмальмен қапталған, 3-ші
деңгейде
10 5 30 - 35
Алма қосылған ашыған
ұннан жасалған торт (2000 г)
алюминиймен / эмальмен
қапталған, 3-ші деңгейде
10 6 40 - 50
Алма бəліші (1200 + 1200 г) Алюминиймен қапталған 2
дөңгелек табақ (диаметрі:
20 см), 3-ші деңгей
10 6 60 - 70
Кішкене кекстер (500 г) алюминиймен қапталған, 3-
ші деңгейде
10 5 30 - 40
Кішкене кекстер (500 г) эмальмен қапталған, 3-ші
деңгейде
10 5 25 - 35
Майсыз бисквит торт (350 г) 1 дөңгелек табақ (диаметрі:
26 см), 3-ші деңгей
10 5 30 - 40
Майсыз бисквит торт (350 г) 1 дөңгелек табақ (диаметрі:
26 см), 3-ші деңгей
10 5 30 - 35
Май таба торты (1500 г) алюминиймен / эмальмен
қапталған, 3-ші деңгейде
- 5
50 - 60
3)
Бүтін тауық (1400 г) тұмшапештің сөресі 3-ші
деңгейде
4)
- 7 50 - 60
Флан наны (800 г) алюминиймен / эмальмен
қапталған, 3-ші деңгейде
20 7 10 - 15
Толтырылған ашыған қамыр
кексі (1200 г)
алюминиймен қапталған, 3-
ші деңгейде
15 6 40 - 50
Толтырылған ашыған қамыр
кексі (1200 г)
эмальмен қапталған, 3-ші
деңгейде
15 6 35 - 45
Пицца (1000 г) алюминиймен қапталған, 3-
ші деңгейде
10 7 25 - 35
Пицца (1000 г) эмальмен қапталған, 3-ші
деңгейде
10 7 20 - 30
Чизкейк (2600 г) алюминиймен / эмальмен
қапталған, 3-ші деңгейде
- 5 90 - 100
Алма қосылған ашық бəліш
(1900 г)
алюминиймен / эмальмен
қапталған, 3-ші деңгейде
15 6 - 7 50 - 60
12
www.zanussi.com
Тағам
Науа түрі мен сөренің
деңгейі
Алдын ала
қыздыру
уақыты
(минут)
1)
Жалынн
ың
ұзынды
ғы
2)
Пісіру
уақыты
(минут)
Рождество торты (2400 г) алюминиймен / эмальмен
қапталған, 3-ші деңгейде
15 5
60 - 70
5)
Киш лорен (1000 г) Алюминиймен қапталған 1
дөңгелек табақ (диаметрі:
26 см), 2-ші деңгей
15 6 - 7 40 - 50
Киш лорен (1000 г) 1 дөңгелек эмальмен
қапталған табақ (диаметрі:
26 см), 2-ші деңгей
15 6 - 7 30 - 40
Шаруа наны (750 + 750 г) 2 алюминий табақ
(ұзындығы: 20 см), 3-ші
деңгей
15 6 50 - 60
Румын торты (600 + 600 г) 2 алюминий табақ
(ұзындығы: 25 см), 3-ші
деңгей
10 5 30 - 40
Швейцария орамасы (500 г) алюминиймен / эмальмен
қапталған, 3-ші деңгейде
10 5 20 - 30
Меренга (400 г) алюминиймен / эмальмен
қапталған, 3-ші деңгейде
- 4 45 - 55
Кішкене Choux (500 г) алюминиймен қапталған, 3-
ші деңгейде
10 6 30 - 40
Кішкене Choux (500 г) эмальмен қапталған, 3-ші
деңгейде
10 6 25 - 35
Үгілмелі торт (1500 г) алюминиймен қапталған, 3-
ші деңгейде
15 6 - 7 35 - 45
Үгілмелі торт (1500 г) эмальмен қапталған, 3-ші
деңгейде
15 6 - 7 30 - 40
Қопсыма торт (600 г) алюминиймен қапталған, 3-
ші деңгейде
10 5 30 - 40
Қопсыма торт (600 г) эмальмен қапталған, 3-ші
деңгейде
10 5 30 - 35
Майлы торт (600 г) алюминиймен қапталған, 3-
ші деңгейде
15 5 - 6 30 - 40
Майлы торт (600 г) эмальмен қапталған, 3-ші
деңгейде
15 5 - 6 30 - 35
1) Тұмшапештің тетігі алдын ала қыздыру жəне пісіру үшін бір орынға қойылады.
2) Газбен жабдықтаудың болжалды параметрі (1 - биіктігі 3 мм болатын қысқа жалын, 8 - биіктігі 7
мм болатын үлкен жалын).
3) Құрылғыны сөндіргеннен кейін тортты 7 минут тұмшапеште ұстаңыз.
4) Пісірме табақты тұмшапештің сөресінің астына, 2-ші деңгейге қойыңыз.
5) Құрылғыны сөндіргеннен кейін тортты 10 минут тұмшапеште ұстаңыз.
Пицца пісірген кезде тамаша нəтижеге
қол жеткізу үшін, тұмшапеш
функцияларының тетігін Пицца қалпына
қойыңыз.
13
www.zanussi.com
Тұмшапеш - Күтіп ұстау жəне тазалау
Назарыңызда болсын! Қауіпсіздік
тарауларын қараңыз.
Құрылғының алдыңғы жағын жуғыш
сұйық қосылған жылы суға батырылған
жұмсақ шүберекпен тазалаңыз.
Құрылғының металл беттерін əдетте
қолданылатын жуғыш заттармен
тазалаңыз
Тұмшапештің ішін əр пайдаланып
болған сайын тазалап отырыңыз.
Осылайша ластықты оңай тазалайсыз,
əрі күйіп кетуіне жол бермейсіз.
Оңай тазаланбайтын қалдықтарды
арнайы пеш тазалағыштармен
тазалаңыз.
Тұмшапештің керек-жарақтарының
(
жуғыш зат қосылған жылы суға
батырылған шүберекпен) бəрін əр
пайдаланып болған сайын тазалаңыз
да, құрғатыңыз.
Тұмшапештің керек-жарағына ластық
тұрмайтын болса, жеміргіш затпен, өткір
қырлы құралмен тазаламаңыз немесе
ыдыс жуғыш машинада жумаңыз. Бұл
оның ластық тұрмайтын қаптамасын
бүлдіреді!
Тұмшапештің есігін тазалау
Пештің есігінде бірінің артында бірі
орнатылған екі шыны панель бар. Тазалау
жұмысын жеңілдету үшін тұмшапештің
есігін алыңыз.
Назарыңызда болсын! Есік əлі
орнатылып тұрғанда ішкі қабатты
шығарып алуға əрекет жасаған болсаңыз,
тұмшапештің есігі жабылып қалуы мүмкін.
Назарыңызда болсын! Шыны есікті
тазаламас бұрын, шыны қабаттардың
салқын болуын тексеріңіз. Шынының
сынып кету қаупі бар.
Назарыңызда болсын! Есіктің шыны
қабаттары зақымданған немесе
жарылған кезде, олар əлсіз болып, сынып
кетуі мүмкін. Мұны болдырмау
үшін
оларды ауыстыру қажет. Қосымша
нұсқауларды алу үшін жергілікті қызмет
көрсету орталығымен байланысыңыз.
Пештің есігі мен шыны қабатты
шығарып алу
1
Есікті шегіне
дейін ашып, есіктің
екі топсасын
ұстаңыз.
2
Екі топсадағы
тетіктерді көтеріңіз
жəне бұраңыз.
3
Тұмшапештің
есігін бірінші ашу
күйіне (жол
ортасына дейін)
дейін жабыңыз.
Алға қарай тартып,
ұясынан шығарып
алыңыз.
1
1
4
Есікті жұмсақ
матамен қорғалған
ыңғайлы жерге
қойыңыз.
Есіктің төменгі
жағындағы 2
бұранданы алу
үшін бұрағышты
пайдаланыңыз.
Өте маңызды!
Бұрандаларды
жоғалтып алмаңыз.
14
www.zanussi.com
3
2
2
5
Ішкі есікті ашу
үшін ағаштан,
пластиктен немесе
осыларға балама
заттан жасалған
қалақшаны
пайдаланыңыз.
Сыртқы есікті ұстап
тұрып, ішкі есікті
есіктің жоғарғы
шетіне қарай
итеріңіз.
6
Ішкі есікті
көтеріңіз.
7
Есіктің ішкі
жағын тазалаңыз.
Шыны панельді
сабын сумен
жуыңыз. Жақсылап
құрғатыңыз.
Назарыңызда болсын! Шыны
панельді тек сумен жəне сабынмен
тазалаңыз. Түрпілі тазалағыш құралдарды,
дақ кетіргіштерді жəне өткір заттарды
(мыс., пышақтар немесе қырғыштар)
қолданбаңыз, шыныға зақым келтіруі
мүмкін.
Есік пен шыны панельді орнату
Тазалау рəсімі аяқталғаннан кейін есікті
орнына салыңыз. Мұны орындау үшін
əрекеттерді кері ретпен орындаңыз.
4
4
5
5
6
Не істерсіңіз, егер...
Ақаулық Ықтимал себебі Шешімі
Тұмшапештің жалыны тұтатқан
бетте дереу сөніп қалады.
Қыздырғыш элемент жеткілікті
қызбайды.
От жанғаннан кейін тетікті
шамамен 10 секунд басып
ұстап тұрыңыз.
Газ шеңбері біркелкі
жанбайды.
Оттықтың шілтерін тағам
қалдығы бітеп тастаған.
Инжектордың бітеліп
қалмағанын жəне оттық
шілтерінің тағам қалдығынан
бос екенін тексеріңіз.
Бу мен конденсат тағамның
үстіне жəне тұмшапештің ішіне
жиналады.
Тағам тұмшапеш ішінде ұзақ
уақыт қалып қойған.
Тағамды пісіріп болғаннан
кейін тұмшапеш ішінде 15-20
минуттан артық қалдырмаңыз.
Ақаулықты түзету шешімін өзіңіз таба
алмасаңыз, дилеріңізге не қызмет көрсету
орталығына хабарласыңыз.
Қызмет көрсету орталығына қажетті
ақпарат техникалық ақпарат
тақтайшасында көрсетілген. Техникалық
ақпарат тақтайшасы пеш корпусының
алдыңғы жақтауында орналасқан.
Оларды мына жерге жазып қоюды ұсынамыз:
Үлгі (MOD.) .........................................
Өнім нөмірі (PNC) .........................................
15
www.zanussi.com
Сериялық нөмірі (S.N.) .........................................
Орнату
Назарыңызда болсын! Қауіпсіздік
тарауларын қараңыз.
Құрылғы орнатылатын жер
BD
A
CC
Ең аз қашықтық
Өлшемдері мм
A 690
B 150
Өлшемдері мм
C 20
D 540
Техникалық сипаттама
Өлшемдері
Биіктігі 850 мм
Ені 500 мм
Тереңдігі 535 мм
Газ санаты II2H3B/P
Газбен жабдықтау G20 (2H) 13 мбар
G20 (2H) 20 мбар
G30/31 (3B/P) - 30/30
мбар
Байпас диаметрлері
Оттық Ø Байпас, 1/100 мм.
Қосымша 29
Жартылай жылдам 32
Жылдам 42
Тұмшапеш 44
Газ оттықтары
Оттық Қалыпты
қуаты
Азайтылған
қуаты
Газдың түрі Қысым
ы
Инжектор
диаметрі
Қолданылуы
кВт кВт мбар мм г/сағ
Қосымша
оттық
1,00 0,40 Табиғи газ
G20
13 0,82 -
1,00 0,35 Табиғи газ
G20
20 0,70 -
1,00 0,35 Бутан G30 28 - 30 0,50 72,71
0,85 0,31 Пропан G31 28 - 30 0,50 60,70
16
www.zanussi.com
Оттық Қалыпты
қуаты
Азайтылған
қуаты
Газдың түрі Қысым
ы
Инжектор
диаметрі
Қолданылуы
кВт кВт мбар мм г/сағ
Жартылай
жылдам
оттық
2,00 0,50 Табиғи газ
G20
13 1,11 -
2,00 0,43 Табиғи газ
G20
20 0,96
2,00 0,43 Бутан G30 28 - 30 0,71 145,43
1,70 0,38 Пропан G31 28 - 30 0,71 121,40
Жылдам
оттық
2,60 0,78 Табиғи газ
G20
13 1,24 -
2,60 0,72 Табиғи газ
G20
20 1,13
2,50 0,72 Бутан G30 28 - 30 0,77 181,78
2,20 0,63 Пропан G31 28 - 30 0,77 157,11
Тұмшапеш 2,70 0,90 Табиғи газ
G20
13 1,30 -
2,70 0,90 Табиғи газ
G20
20 1,20 -
2,70 0,90 Бутан G30 28 - 30 0,80 196,33
2,35 0,78 Пропан G31 28 - 30 0,80 167,82
Газға қосу
Қолданыстағы ережелерге сəйкес тұрақты
қосылым сымдарын немесе тот баспайтын
болатпен қапталған иілгіш түтікті
таңдаңыз. Егер иілгіш металл түтіктерді
пайдаланатын болсаңыз, олардың
жылжымалы бөлшектерге жанаспауын
немесе қысылып қалмауын қадағалаңыз.
Металл емес иілгіш түтіктер қосылымы
Егер газ қосылымын түгелдей оңай
басқаруға мүмкіндік бар болса, иілгіш
түтікті пайдалануға болады. Иілгіш түтікті
қапсырмалардың көмегімен мықтап бекіту
керек.
Түтік ұстағышты
пайдаланып орнатыңыз.
Түтік ұстағышты тығыздағышқа мықтап
орнатып, содан кейін газ қосылымын
орнатуды жалғастырыңыз. Иілгіш түтік
мына жағдайда дұрыс орнатылады:
Бөлме температурасынан немесе 30 °C
градустан артық қызбаса.
Ұзындығы 1500 мм-ден аспаса.
Сығымдалмаса.
Тартып не бұрап майыстыруға болмаса.
Өткір жиектерге немесе бұрыштарға
тимесе.
Түтіктің күйін тексеру үшін оны оңай
қарап шығу мүмкіндігі болса.
Иілгіш түтікті сақтау үшін мына
жағдайларды мезгіл-мезгіл тексеріп тұру
керек:
Екі ұшында жəне ұзына бойында
жарылған, кесілген, күйген жерлер
болмауға тиіс;
Материал дұрыс иілетін жəне
қатаймайтын болуға тиіс.
Бекіткіш
қапсырмаларын тот баспай
тұруға тиіс;
Жарамдылық мерзімі өтіп кетпеген
болуға тиіс.
Егер бір немесе бірнеше ақауы бары
байқалса түтікті жөндемей, ауыстыру
керек.
17
www.zanussi.com
Өте маңызды! Əбден орнатып болғаннан
кейін сабынды суды пайдаланып, от
жалынын пайдаланбай, түтік фитинглерінің
берік нығыздалып салынғанын тексеріңіз.
Газбен жабдықтау бағыттауышы басқару
панелінің артында орналасқан.
Назарыңызда болсын! Газбен
жабдықтау жүйесіне қосар алдында
газбен жабдықтау клапанын жабыңыз.
BC
DE
A
A) Газ жүйесіне жалғанатын жер
(құрылғының тек бір жерін ғана газға
жалғауға болады)
B) Тығыздағыш
C) Реттемелі қосылым
D) Табиғи газға арналған түтік ұстатқыш
E) Сұйылтылған газға арналған түтік
ұстатқыш
Құрылғыға əдепкі газ параметрлері
орнатылған, параметрді өзгерту үшін
тізімнен түтік ұстатқышты таңдаңыз.
Əрқашан тығыздағышты қолданыңыз.
Пешті газдың басқа түрлеріне лайықтау
Назарыңызда болсын! Пешті газдың
басқа түріне сай лайықтау
жұмысын
тек өкілетті маманға ғана тапсырыңыз.
Бұл құрылғы табиғи газбен жұмыс
істеуге арналған.
Дұрыс инжекторлар қолданылса,
сұйылтылған газды да қолдануға болады.
Назарыңызда болсын!
Инжекторларды ауыстырар алдында,
газ тетіктерінің сөндірулі қалпында
тұрғанына көз жеткізіңіз. Құрылғы əбден
суығанша күтіңіз. Жарақат алу қаупі бар.
Инжекторларды ауыстыру
Газ түрін ауыстырғанда инжекторларды
ауыстырыңыз.
1. Таба тағандарын алыңыз.
2. Оттықтың қақпақтары мен шілтерін
алыңыз.
3. 7-ші сомынкілттің көмегімен
инжекторларды алыңыз да, өзіңіз
қолданатын газ түріне
арналған
инжекторлармен ауыстырыңыз.
4. Бөлшектерді құрастыру үшін жоғарыда
көрсетілген қадамдарды орындаңыз.
5. Атаулы мəндер затбелгісін (ол газ
келетін түтіктің жанында) жаңа газбен
жабдықтау түрінің затбелгісімен
ауыстырыңыз. Бұл затбелгіні сіз
құрылғымен бірге жеткізілген
қапшықтан таба аласыз.
Егер газбен жабдықтау қысымы өзгермелі
немесе қажетті қысымнан басқаша болса,
газбен жабдықтау түтігіне қолданылатын
қысым өтпелігін орнату қажет.
Ең кіші деңгейді
лайықтау
Оттықтардың ең төменгі деңгейін баптау
үшін:
1. Оттықты жағыңыз.
2. Тетікті ең кіші қалыпқа бұраңыз.
3. Басқару тетігін алыңыз.
4. Жіңішке бұрағыштың көмегімен
орағытпа бұранданы реттеп (A)
бұраңыз.
18
www.zanussi.com
A
Табиғи газды сұйылтылған газға
ауыстырсаңыз, реттегіш бұранданы
шегіне дейін қатайтыңыз.
Егер сұйылтылған газды табиғи газға
ауыстырсаңыз, орағытпа бұранданы
шамамен айналымның 1/4 дейін
босатыңыз.
Назарыңызда болсын! Тетікті ең
үлкен қалпынан ең кіші қалпына дейін
жылдам бұраған кезде, жалынның өшіп
қалмайтынына көз жеткізіңіз.
Тұмшапештің инжекторын ауыстыру
1. Тұмшапеш қуысының астыңғы
пластинкасын (A) газ пеші оттығына
(B) қол жеткізу үшін алып тастаңыз.
2. Оттықты ұстап тұрған бұранданы (C)
босатыңыз.
3. Оттықты инжектор тағанынан (D) ептеп
алыңыз.
Ақырын солға қарай жылжытыңыз.
Оттық шілтерінің оттық аузында
тұрғанына көз жеткізіңіз.
Термоэлементтің жалғастырғышына
күш салмаңыз (F).
4. Инжекторды (D) 7 мм сомын кілттің
көмегімен ағытып алыңыз. Орнына
қажетті инжекторды салыңыз.
5. Оттықты құрастыру үшін, осы
əрекеттерді кері ретпен орындаңыз.
6. Газбен жабдықтау бағыттауышының
жанында орналасқан газ түрінің
жапсырмасының орнына жаңа газ
түріне қатысты жапсырманы
қолданыңыз.
Газ пеші оттығын
ең төменгі деңгейге
орнату:
1. Тұмшапешті басқару тетігін алыңыз.
2. Жалпақ бұранда бұрағышпен (A)
реттегіш бұранданы реттеп бұраңыз.
A
Газ түрінің
өзгертілуі
Реттегіш
бұранданы
лайықтау
Табиғи газдан
сұйылтылған газға
Айналма
бұранданы
түгелдей қатайтып
бұраңыз.
Сұйылтылған
газдан табиғи газға
Реттегіш
бұранданы
шамамен
айналымның 3/4
мөлшеріне дейін
босатыңыз.
3. Тұмшапешті басқару тетігін салыңыз.
4. Тұмшапештің оттығын жағыңыз. "Газ
пеште тамақ пісіру: Газ пештің оттығын
тұтату" тарауын қараңыз.
19
www.zanussi.com
5. Тұмшапештің басқару тетігін ең үлкен
мəнге қойыңыз да, тұмшапешті кем
дегенде 10 минут қыздырыңыз.
6. Тұмшапештің басқару тетігін ең үлкен
мəннен ең кішкене мəнге қойыңыз.
Жалынды бақылаңыз. Жалын сөніп қалса,
1-6 аралығындағы қадамдарды
қайталаңыз. Тұмшапеш оттығының
шілтерінен жалын аз мөлшерде тұрақты
шығып тұруға тиіс.
Бұл қауіпсіздік шаралары
орындалмаса, өндіруші ешбір
жауапкершілік көтермейді.
Қоршаған ортаға зиян келдірмеу туралы мағлұматтар
Бұйымдағы немесе бұйым
қорапшасындағы
белгісі осы бұйым
кəдімгі үй қалдығы емес екенін көрсетіп
білдіреді. Сондықтан оны ескі электр жəне
электроникалық бұйымдарды жинап
утилизация үшін арнайы контейнерлерге
салуыңыз керек. Осы бұйымды дұрыс
түрде утилизация арқылы Сіз қоршаған
орта менен адам денсаулығына түсіп
пайда бола алатын зиянын болдыртпауын
үшін үлес қоса аласыз; осы зиян бұл
бұйымды дұрыс емес қолданғанда пайда
болуы мүмкін
. Осы бұйымның
утилизациясы туралы көбірек білуіңіз үшін
жергілікті əкімшілігіңізбен, қалдықтарды
жинап əкететін мекемеңізбен немесе осы
бұйымды Өзіңізге сатқан дүкенімен
хабарласыңыз.
Орам материалдары
Орам материалдары қоршаған ортаға
зиян келтірмейді жəне оларды қайта
өңдеуге болады. Пластик бөлшектер PE,
PS, т.б. сияқты халықаралық
таңбаламамен белгіленген: Орам
материалдарын жергілікті қалдық жинау
мекемесі орнатқан тиісті қоқыс жəшіктеріне
тастаңыз.
20
www.zanussi.com
/