2. Delay түймешігін бейнебетте орнатқыңыз
келген кешіктіріп бастау уақыты (1- 24
сағат) көрсетілгенше қайта-қайта
басыңыз.
3. Кері санақ автоматты түрде басталады.
Кері санақ аяқталған кезде. Бағдарлама
басталады.
Құрылғы жұмыс істеп тұрған кезде
есікті ашу
Есікті ашсаңыз, құрылғы тоқтайды. Есікті
жапқаннан кейін, құрылғы тоқтаған жерінен
бастап жұмыс істейді.
Кері санақ жұмыс істеп тұрған кезде
кешіктіріп бастау функциясын
біржола тоқтату
1. Program және Option түймешіктерін
орнатылған бағдарламаның ұзақтығы
көрсетілгенше қатар басып ұстап
тұрыңыз.
2. Бағдарламаны бастау үшін Start
түймешігін басыңыз.
Кешіктіріп бастау функциясын
біржола тоқтатқан кезде орнатылған
функциялар да (Multitab
функциясынан басқа) біржола
тоқтайды. Start түймешігін баспай
тұрып функциялардың қайта
орнатылғанына көз жеткізіңіз.
Бағдарламаны біржола тоқтату
Program және Option түймешіктерін бірнеше
секунд қатар басып ұстап тұрыңыз.
Жаңа бағдарламаны бастар
алдында, жуғыш зат үлестіргіште
жуғыш заттың бар екеніне көз
жеткізіңіз.
Бағдарламаның соңы
Бағдарлама аяқталған кезде бейнебетте 0:00
көрсетіледі.
• Цикл индикаторлары сөнеді.
• Бағдарламаның индикаторы
жыпылықтауын жалғастырады.
1. Қосу/сөндіру түймешігін басыңыз немесе
Auto Off функциясының құрылғыны
автоматты түрде сөндіруін күтіңіз.
2. Судың шүмегін жабыңыз.
Маңызды
• Ыдыс-аяқтарды құрылғыдан суығаннан
кейін ғана алыңыз. Ыстық ыдыстар осал
келеді.
• Алдымен астыңғы себеттегі, содан кейін
үстіңгі себеттегі ыдысты алыңыз.
• Құрылғының қабырғалары мен есігіне су
тұруы мүмкін. Тот баспайтын болат, ыдыс-
аяққа қарағанда тез салқындайды.
8. АҚЫЛ-КЕҢЕС
8.1 Су жұмсартқыш
Кермек судың құрамында құрылғыға нұқсан
келтіруі және жуу нәтижесіне жаман әсер етуі
мүмкін минералдар өте көп мөлшерде
кездеседі. Су жұмсартқыш бұл минералдарды
бейтарап етеді.
Ыдыс жуғыш машинаға арналған тұз су
жұмсартқышты таза, жақсы қалыпта ұстайды.
Су жұмсартқыштың дұрыс деңгейін орнатқан
маңызды. Бұл су жұмсартқыштың ыдыс
жуғыш машина тұзы мен суды дұрыс
мөлшерде қолдануын қамтамасыз етеді.
8.2 Себеттерді толтыру
Себеттерді толтыру мысалдары
көрсетілген парақшаны қараңыз.
• Құрылғыны ыдыс жуғыш машинада жууға
болатын заттарды жуу үшін ғана
қолданыңыз.
• Ағаш, мүйіз, алюминий, қалайы және
мыстан жасалған заттарды құрылғыға
салмаңыз.
• Құрылғыға су сіңіретін заттарды (жөке, ас
үй шүберектері) салмаңыз.
• Заттарға жабысқан тағам қалдықтарын
алыңыз.
• Күйіп жабысып қалған тағамды оңай
тазалау үшін кәстрөлдер мен табаларды
құрылғыға салмай тұрып, суға салып
жібітіңіз.
• Шұңғыл ыдыстардың (мысалы, кесе, стакан
және кәстрөл) аузын төмен қаратып
салыңыз.
ҚАЗАҚ 13