Whirlpool 7OFK 838J X RU/HA, 7OFK 837J X RU/HA, 7OFK 838J C(AN)RU/HA, 7OFK 838J CX RU/HA, FK 83 X/HA, FK 837 J X/HA, FK 932 C X/HA, FK 939J X/HA Руководство пользователя

  • Привет! Я — чат-бот, который прочитал инструкцию по эксплуатации духовых шкафов Whirlpool. Я могу ответить на ваши вопросы о режимах работы, функциях, технике безопасности и уходе за прибором. В инструкции описаны различные модели, включая FK 83/HA, FK 83 X/HA и другие. Спрашивайте — я готов помочь!
  • Как включить духовку?
    Как использовать функцию гриля?
    Как очистить дверцу духовки?
    Что делать при возникновении неисправности?
KZ
59
ПЕШ
FK 83 /HA
FK 83 X /HA
7OFK 838J X RU/HA
7OFK 838J RU/HA
7OFK 837J X RU/HA
7OFK 837J RU/HA
7OFK 838JC X RU/HA
7OFK 838JC RU/HA
FK 837J X /HA
FK 837J /HA
FK 93J X /HA
FK 93J /HA
FK 939J X /HA
FK 939J /HA
FK 932C X /HA
FK 932C /HA
Мазмұны
Орнату, 60-61
Орналастыру
Токқа жалғау
Деректер кестесі
Құрылғы сипаттамасы, 62
Жалпы шолу
Басқару тақтасы
Қосу және пайдалану, 63
Пешті қосу
Электрондық тағам дайындау
бағдарламасы, 64
Режимдер, 65-67
Тағам дайындау режимдері
Тағам дайындау бойынша кеңес
Тағам дайындау бойынша кеңес кестесі
Сақтандырулар мен кеңестер, 68
Жалпы қауіпсіздік
Қоқысқа тастау
Қоршаған ортаны сақтау және қорғау
Күтім көрсету және техникалық қызмет
көрсету, 69
Құрылғыны өшіру
Құрылғыны тазалау
Пеш есігін тазалау
Шамды ауыстыру
Сырғымалы сөрелер жиынын құрастыру
Көмек
Пайдалану нұсқаулығы
Italiano, 1 Français, 24
Espanol, 35 Portuges, 47
English,13
IT
KZ
FR
ES PT
GB
60
KZ
! Бұл нұсқаулық кітапшасын кейін қарау үшін
жоғалып қалмайтындай бір жерге сақтап қойыңыз.
Құрылғы сатылса, тегін берілсе немесе жылжытылса,
нұсқаулық кітапша машинамен бірге болатынын
қамтамасыз етіңіз, солайша оның жаңа иесі
нұсқаулықтың ішіндегі кеңестерді пайдалана алады.
! Осы нұсқаулықты мұқият оқып шығыңыз: онда
орнату, қолдану және қауіпсіздік туралы маңызды
ақпараттар бар.
Орналастыру
! Балаларға орама материалымен ойнауға
рұқсат етпеңіз; оны жергілікті бөлек қоқыс
жинау стандарттарына сәйкес тастау қажет
(«Сақтандырулар мен кеңестер» бөлімін қараңыз).
! Құрылғыны берілген нұсқаулыққа сүйене отырып
білікті маман орнатуы қажет. Қате орнату мүлікті
зақымдап, адамдарға немесе жануарларға зиянын
тигізуі мүмкін.
Бекітілген құрылғылар
Құрылғының дұрыс жұмыс жасайтынын тексеру үшін
қолайлы шкафты қолданыңыз.
Пешке жақын қабырғалар ыстыққа төзімді
материалдан жасалған болуы қажет.
Сыртқы қабығы бар шкафтарды жинағанда 100°C
температураға төзетін желімдер қолданылуы қажет.
Пешті ас үй үстелінің астына (сызбаны қараңыз)
немесе ас үй жиһазының ішіне орнату үшін
шкафтың өлшемдері төмендегідей болуы қажет:
590 мм.
595 мм.
22,5 мм.*
20,5 мм.
550 мм.
570 мм.
20 мм.
575-585 мм.
45 мм.
560 мм.
550 мм.
мин.
* Тек тот баспайтын болаттан жасалған үлгілер
! Құрылғы орнатылған кезде кез келген электрлі
заттардан алыс болуы қажет.
Негізгі деректер кестесінде берілген пайдалану
ортасының көрсеткіштері осы орнату түрі үшін
есептелген.
Желдету
Лайықты желдетудің орнатылғанын тексеру үшін
шкафтың артқы қабырғасын алып тастау қажет.
Пешті екі ағаш тақтайға немесе кемінде 45 x 560 мм
ашық тұрған тегіс жерде орналастыру ұсынылады
(суретті қараңыз).
Ортаға қою және бекіту
Құрылғыны шкафқа бекітіңіз:
Пештің есігін ашыңыз.
Жақтаудағы бекіту тесіктерін жауап тұрған 2
резеңке тығынды алып тастаңыз.
Пешті шкафқа 2 ағаш бұрандамен бекітіңіз.
Резеңке тығындарды орнына салыңыз.
! Құрылғының қауіпсіз жұмыс істеуін қамтамасыз
ететін барлық бөліктері арнайы құралдардың
көмегімен ғана алынуы тиіс.
560 mm.
45 mm.
Орнату
KZ
61
ҚҰРЫЛҒЫНЫҢ ТЕХНИКАЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ
Өлшемдері
ені 43,5 см
биіктігі 32 см
тереңдігі 41,5 см
Көлемі
58 л
Электр
қосылымдары
220-240 В ~ 50/60 Гц немесе 50
Гц ең көп тұтынылатын қуат –
2800 Вт (техникалық деректер
тақтасын қараңыз)
ҚУАТ
БЕЛГІСІ
Электр пештерінің белгісіндегі
2002/40/ЕEC нұсқауы.
EN 50304 стандарты
Табиғи конвекция класы–қыздыру
күйіне арналған қуат тұтыну:
Дағдылы режим
Мəжбүрлі конвекция класы –
қыздыру күйіне арналған
мəлімденген қуат тұтынуы:
Пісіру.
Бұл құрылғы төмендегі ЕЭО
директиваларына сəйкес келеді:
12.12.2006 жылғы 2006/95/EEC
(төмен кернеу) жəне кейінгі
өзгертулері – 15.12.2004 жылғы
2004/108/EEC (Электромагнитті
үйлесімділік) жəне кейінгі
өзгертулері – 22.07.1993 жылғы
93/68/EEC жəне кейінгі өзгертулері.
2002/96/ЕEC жəне одан кейінгі
түзетулер.
Токқа жалғау
! Үш ұялы электр кабелі бар пеш айнымалы ток
кернеуімен және құрылғыда орналасқан негізгі
деректер кестесінде көрсетілген жиілікпен жұмыс
істеу үшін жасақталған (төменнен қараңыз).
Электр кабелін орнату
1. Қақпақтың бүйір
құлақшаларына
бұрауышты тығып,
дәнекер қалқаншаны
ашыңыз. Қақпақты
ашу үшін, бұрауышты
төмен басып, тұтқа
түрінде пайдаланыңыз
(суретті қараңыз).
2. Бұранданы бекітуге
арналған қысқыш пен
үш желілі L-N-
байланыс бұрандасын
босату арқылы электр
кабелін орнатыңыз.
Кабельді сәйкес
өткізгіштерге жалғаңыз:
көк сымды (N) деп
белгіленген өткізгішке,
қоңыр сымды (L) деп
белгіленген өткізгішке,
ал сары/жасыл сымды
(сызбаны қараңыз)
деп белгіленген өткізгішке жалғаңыз.
3. Қыспа бұранданы нығайтып, кабельді бекітіңіз.
4. Дәнекер қалқаншаның қақпағын жабыңыз.
Электр кабелін желіге қосу
Деректер кестесінде көрсетілген жүктемеге сәйкес
стандартты айырғышты орнатыңыз (кестені қараңыз).
Құрылғы мен желі арасында орнатылған 3 мм ашық
кішкене байланыс бар жан-жақты айырып-қосқышты
пайдалану арқылы құрылғы тікелей электр желісіне
қосылуы қажет. Айырып-қосқыш анықталған
жүктемеге лайықты және ағымдағы ток реттеуіне
сәйкес болуы қажет (жерге қосылған сым айырып-
қосқыштан ажыратылмауы тиіс). Электр кабелін кез
келген нүктесі 50°C-тан жоғары температурамен
байланыспайтындай етіп орналастыру қажет.
! Орнатушы дұрыс ток байланысын жасағанына
және оның қауіпсіздік шараларына сәйкес екендігіне
сенімді болуы қажет.
Құрылғыны токқа қоспастан бұрын төмендегілерді
тексеріңіз:
құрылғы жерге қосылған және айырғыш заңға
сәйкес болып табылады;
розетка негізгі деректер кестесінде көрсетілген
құрылғының ең жоғарғы күшіне төзімді (астын
қараңыз);
кернеу негізгі деректер кестесінде көрсетілген мән
аралығы аумағында (төменге қараңыз);
розетка құрылғының айырына сәйкес келеді.
Розетка штепсельдік ұшқа сәйкес болмаса,
өкілетті маманнан оны ауыстырып беруді өтініңіз.
Бірнеше розеткалар мен ұзартқыш сымдарын
пайдаланбаңыз.
! Құрылғы орнатылғаннан кейін электр кабелі мен
розетка жақын жерде болуы қажет.
! Кабель иілмеуі немесе қысылмауы қажет.
! Кабель жиі тексеріліп, тек өкілетті маманның көмегімен
ғана алмастырылуы тиіс (Көмек бөлімін қараңыз).
! Қауіпсіздік шаралары сақталмаған жағдайда
өндіруші жауапкершілікті өз мойнына алудан бас
тартады.
62
KZ
* Тек белгілі модельдерде болады.
Құрылғы сипаттамасы
Жалпы шолу
Басқару тақтасы
РЕТТЕУ
тұтқасы
ТЕРМОСТАТ
тұтқасы
ТЕРМОСТАТ
индикатор шамы
ЭЛЕКТРОНДЫҚ
бағдарламалаушы*
Басқару тақтасы
ГРИЛЬ
ТАБА
Сырғымалы сөрелерге
арналған СЫРҒЫТПАЛАР
5-позиция
4-позиция
3-позиция
2-позиция
1-позиция
KZ
63
! Құрылғыны алғаш рет пайдаланғанда оны бос
күйінде есігін жауып, ең жоғарғы температурада
кемінде жарты сағаттай қыздырыңыз. Пешті
өшіріп, оның есігін ашпастан бұрын бөлменің
жақсы желдетілгенін тексеріңіз. Өндіру кезінде
қолданылған қорғағыш заттардың жанып кетуіне
байланысты жеңіл жағымсыз иіс шығуы мүмкін.
Пешті қосу
1. СЕЛЕКТОР тұтқасын бұрау арқылы қажетті тағам
дайындау режимін таңдаңыз.
2. ТЕРМОСТАТ тұтқасы көмегімен қажетті
температураны таңдаңыз. Тағам дайындау
режимдері және ұсынылған тағам дайындау
температуралары туралы мәліметті қамтитын тізімді
«Тағам дайындау бойынша кеңестер» кестесінен
табуға болады («Тағам дайындау режимдері»
бөлімін қараңыз).
3. ТЕРМОСТАТ индикатор шамы пештің орнатылған
температураға дейін ысып келе жатқанын көрсетеді.
4. Тағам дайындау кезінде әрқашан мына
әрекеттерді орындауға болады:
- РЕТТЕУ тұтқасын бұрау арқылы қажетті тағам
дайындау режимін өзгерту;
- ТЕРМОСТАТ тұтқасын бұрап, температураны
реттеу;
- СЕЛЕКТОР тұтқасын «0» позициясына бұрап,
тағам дайындауды тоқтату.
! Ешқашан пештің астына зат қоймаңыз; бұл эмальді
қабаттың зақымдануын болдырмайды.
! Әрқашан асхана ыдыстарын берілген тартпа(лар)
ға қойыңыз.
Салқындату желдеткіші
Пештің сыртқы температурасын салқындату үшін
салқындату желдеткіші басқару тақтасы мен пеш
есігінің арасында, сондай-ақ, пеш есігінің астына
қарай салқын ауа ағынын өткізеді.
! Пісіріп болғаннан кейін де пеш толық
салқындағанша желдеткіш жұмыс істеп тұрады.
Пештің шамдары
РЕТТЕУ тұтқасының көмегімен
мәні таңдалғанда
пештің шамы жанады. Тағам дайындау режимі
таңдалғанда осы шам жанып тұрады.
Қосу және пайдалану
64
KZ
Электрондық бағдарламалауыш
ДИСПЛЕЙ
УАҚЫТТЫ
ОРНАТУ түймесі
ПІСІРУ АЯҚТАЛДЫ
белгішесі
САҒАТ белгішесі
ҰЗАҚТЫҚ
белгішесі
ТАЙМЕР
белгішесі
УАҚЫТТЫ
АЗАЙТУ
түймесі
УАҚЫТТЫ
КӨБЕЙТУ
түймесі
•• ••
Сағатты орнату
! Сағат пеш қосулы немесе ажыратулы тұрған кезде
орнатылады және пісіру режимінің аяқталу уақытын
алдын ала белгіленген кезде орнатады.
Құрылғы электр желісіне жалғанғаннан немесе қуат
уақытша ажыратылғаннан кейін ДИСПЛЕЙДЕГІ
белгішесі мен төрт сан жыпылықтай бастайды.
1.
түймесін дисплейде белгішесі мен төрт сан
жыпылықтағанша бірнеше рет басыңыз.
2. Уақытты реттеу үшін «+» және «-» түймелерін
пайдаланыңыз; егер түймелердің бірін басып ұстап
тұрсаңыз, дисплей қалаған мәнді орнатуды оңай әрі
жылдам ете отырып, мәндер бойымен жылдамырақ
айналады.
3. 10 секунд күтіңіз немесе реттеуді аяқтау үшін
түймесін қайта басыңыз.
Таймерді орнату
! Бұл функция ас пісіруге кедергі жасамайды және
пешке әсер етпейді; ол белгіленген уақыт өткен
кезде дыбысты сигнал беру үшін пайдаланылады.
1.
түймесін дисплейде белгішесі мен үш сан
жыпылықтағанша бірнеше рет басыңыз.
2. Уақытты реттеу үшін «+» және «-» түймелерін
пайдаланыңыз; егер түймелердің бірін басып ұстап
тұрсаңыз, дисплей қалаған мәнді орнатуды оңай әрі
жылдам ете отырып, мәндер бойымен жылдамырақ
айналады.
3. 10 секунд күтіңіз немесе реттеуді аяқтау үшін
түймесін қайта басыңыз.
Дисплейде кері саналып жатқан уақыт көрсетіледі.
Осы уақыт кезеңі аяқталған кезде дыбысты сигнал
беріледі.
Пісіруді бағдарламалау
! Тағам дайындау режимі бағдарламалау
басталардан бұрын таңдалуға тиіс.
Пісіру ұзақтығын орнату
1.
түймесін ДИСПЛЕЙ бетінде белгішесі
мен үш сан жыпылықтай бастағанша бірнеше рет
басыңыз.
2. Уақытты реттеу үшін «+» және «-» түймелерін
пайдаланыңыз; егер түймелердің бірін басып ұстап
тұрсаңыз, дисплей қалаған мәнді орнатуды оңай әрі
жылдам ете отырып, мәндер бойымен жылдамырақ
айналады.
3. 10 секунд күтіңіз немесе реттеуді аяқтау үшін
түймесін қайта басыңыз.
4. Белгіленген уақыт өткенде ДИСПЛЕЙ бетінде
«END» («Аяқталды») деген мәтін шығып, пеш
пісіруді тоқтатады да, дыбыстық сигнал ойнайды.
Тоқтату үшін кез келген түймені басыңыз.
Мысалы: қазір сағат 9:00 делік және уақыт 1 сағат
15 минутқа орнатылсын. Бағдарлама сағат 10:15
болғанда автоматты түрде тоқтайды.
Тағам дайындау режимінің аяқталу уақытын орнату
! Пісірудің аяқталу уақыты белгіленбей тұрып, пісіру
ұзақтығын орнату керек.
1. Ұзақтықты жоғарыда сипатталғандай орнату үшін
1-ден 3-қадамға дейін орындаңыз.
2. Содан кейін,
түймесін, ДИСПЛЕЙ бетіндегі
белгішесі мен төрт сан жыпылықтай бастағанша,
басыңыз.
3. Уақытты реттеу үшін «+» және «-» түймелерін
пайдаланыңыз; егер түймелердің бірін басып ұстап
тұрсаңыз, дисплей қалаған мәнді орнатуды оңай әрі
жылдам ете отырып, мәндер бойымен жылдамырақ
айналады.
4. 10 секунд күтіңіз немесе реттеуді аяқтау үшін
түймесін қайта басыңыз.
5. Белгіленген уақыт өткенде ДИСПЛЕЙ бетінде
«END» («Аяқталды») деген мәтін шығып, пеш
пісіруді тоқтатады да, дыбыстық сигнал ойнайды.
Тоқтату үшін кез келген түймені басыңыз.
Бағдарламалау орнатылып болғанда,
және
түймелері жанады. ДИСПЛЕЙ пісірудің аяқталу
уақыты мен пісіру ұзақтығын алма-кезек көрсетіп
тұрады.
Мысалы: қазір сағат 9:00 делік және уақыт 1
сағат орнатылсын. 12:30 аяқталу уақыты ретінде
орнатылады. Бағдарлама сағат 11:30 болғанда
автоматты түрде іске қосылады.
Әрекетті болдырмау
Әрекетті болдырмау үшін:
түймесін болдырмайтын параметрге сәйкес
келетін белгіше мен дисплейдегі сандар
жыпылықтауын тоқтатқанша басыңыз. «-»
түймесін дисплейде 00:00 сандары көрінгенше
басыңыз.
«+» және «-» түймелерін басып тұрыңыз; бұл
алдыңғы таңдалған параметрлерді, сондай-ақ,
таймер параметрлерін да болдырмайды.
KZ
65
Тағам дайындау режимдері
! Келесіден басқа тағам дайындау режимдерінің
барлығына 60°C пен МАКС (Ең жоғары) аралығында
кез келген температура мәні орнатылуы мүмкін:
ГРИЛЬ (кеңес: тек МАКС (Ең жоғары) деңгейін
орнатыңыз)
ГРАТИН (кеңес: 200°C-тан асырмаңыз).
ЕРІТУ режимі
Пештің түбіндегі желдеткіш бөлме температурасындағы
ауаны тағам айналасында айналдырып отырады. Бұл
режим тағамның кез келген түрін еріту үшін қолайлы,
әсіресе қыздыруға болмайтын нәзік тағамдар, мысалы:
балмұздақ торттары немесе тәтті крем, крем немесе жеміс
қосылған торттар. Еріту уақыты шамамен екі есе азаяды.
Ет, балық немесе нан еріткен кезде «көпдеңгейлі» режимді
таңдап, температураны 80-100 °C аралығында орнату
арқылы процессті жылдамдатуға болады.
TRADITIONAL OVEN (ДАҒДЫЛЫ ПЕШ) режимі
Үстіңгі және астыңғы қыздыру элементтері қосылады.
Тағам дайындаудың дағдылы режимін пайдаланғанда
тек бір тағам дайындау тартпасын қолданған дұрыс
болады. Бірден көп тартпа қолданылғанда пеш
ішіндегі температура бірдей болмауы мүмкін.
BAKING (ПІСІРУ) режимі
Артқы қыздыру элементі және желдеткіш іске қосылып,
жылудың бүкіл пешке жұмсақ әрі біркелкі түрде
таралуын қамтамасыз етеді. Бұл режим температураға
сезімтал болатын тағамдарды (мысалы, көтерілуді
қажет ететін торт сияқты тағамдар) және ұннан
жасалған «бір тістем» кондитерлік өнімдерді 3
тартпада бірдей дайындауға арналған.
FAST COOKING (ЖЫЛДАМ ПІСІРУ) режимі
Артқы қыздыру элементі мен желдеткіш іске
қосылады да, жылудың бүкіл пешке жұмсақ әрі
біркелкі түрде таралуын қамтамасыз етеді.
Бұл пісіру режиміне алдын ала қыздыру қажет емес.
Бұл функция алдын ала оралған атырылған немесе
алдын ала пісірілген) тағамды жылдам пісіруге
ыңғайлы болып табылады. Жақсы нәтижеге бір тағам
дайындау тартпасын пайдалану арқылы қол жеткізесіз.
MULTILEVEL (КӨПДЕҢГЕЙЛІ) режимі
Барлық қыздыру элементтері (үстіңгі, астыңғы және
айналмалы) қосылады және желдеткіш жұмыс істей
бастайды. Пештің қызуы тұрақты болғанда ауа
тағамды біркелкі қызартып пісіреді. Бір уақытта ең
көбі екі тартпаны пайдалануға болады.
ПИЦЦА режимі
Дөңгелек қыздыру элементтері және пештің түбіндегі
элементтер қосылады және желдеткіш жұмыс істей
бастайды. Бұл қосынды, әсіресе астыңғы элементке
байланысты, жоғары мөлшерде жылу шығарып,
пешті жылдам қыздырады. Бір жолда бірден көп
тартпа қолданылатын болса, тағам дайындау үрдісінің
ортасында табақтардың орындарын алмастырыңыз.
GRILL (ГРИЛЬ) режимі
Үстіңгі қыздыру элементі және гриль істігі (бар
болса) іске қосылады. Грильдің жоғарғы және тіке
температурасы қабаттың жоғарғы температурасын
қажет ететін тағамдар үшін ұсынылады. Есігі жабық
пеште ас пісіргенде әрқашан осы режимді қолданыңыз.
FAN GRILLING (ЖЕЛДЕТКІШІ БАР ГРИЛЬ)
режимі
Үстіңгі қыздыру элементі, сондай-ақ, желдеткіш және
гриль істігі (бар болса) іске қосылады. Осы мүмкіндіктердің
жиыны пештегі ауаның күшейтілген айналымы арқылы
қыздыру элементтерінің көмегімен қамтамасыз етілетін
бір бағытқа жылылық бөлінудің тиімділігін арттырады.
Бұл тағамның күйіп кетуін болдырмауға көмектеседі және
жылудың тағамның ішкі жағына енуіне мүмкіндік береді.
Бұл режим пайдаланылғанда пештің есігі әрдайым жабық
тұруы қажет.
Гриль істігі (тек белгілі модельдерде қолданылады)
Гриль істігін іске қосу үшін ((сызбаны қараңыз)
төмендегі әрекеттерді орындаңыз:
1. Тұтқалы табаны бірінші позицияға орналастырыңыз.
2. Гриль-бар
тірегін 3-позицияға
орналастырып,
істікті пештің артқы
қабырғасындағы тесікке
кіргізіңіз.
3.
немесе
режимін таңдау
мақсатында тұтқаны
пайдаланып, гриль
функциясын қосыңыз.
Тағам дайындау бойынша кеңес
! Желдеткіш көмегімен тағам дайындау барысында
сөрелерді бірінші және бесінші позицияларға
орналастырмаңыз. Шамадан тыс жылу температураға
сезімтал тағамдарды күйдіріп жіберуі мүмкін.
! GRILL (ГРИЛЬ) және GRATIN (ГРАТИН)
режимдерінде тағамның қалдықтарын (май сияқты)
жинау үшін тұтқалы табаны бірінші позицияға
орналастырыңыз.
КӨПДЕҢГЕЙЛІ
Молырақ жылуды талап ететін тағамды екінші
позициядағы сөреге салып, екінші және төртінші
позицияларды қолданыңыз.
Тұтқалы табаны астыңғы жаққа, ал тартпаны
үстіңгі жаққа орнатыңыз.
Режимдер
66
KZ
ГРИЛЬ
Тартпаны 2 немесе 4-позицияға қойыңыз.
Тағамды тартпаның ортасына орналастырыңыз.
Қуат деңгейін ең жоғарғы мәнге орнату
ұсынылады. Үстіңгі қыздыру элементі термостат
арқылы реттеледі және тұрақты күйде жұмыс
істемеуі мүмкін.
ПИЦЦА ПЕШІ
Жеңіл алюминийден жасалған пицца табасын
пайдаланыңыз. Оны қамтамасыз етілген тартпаға
орналастырыңыз.
Сыртын қытырлақ етіп пісіру үшін мерзімін
ұзартатын әрі қытырлақ болуына кедергі
жасайтын тұтқалы табаны пайдаланбаңыз.
Пиццаның беті көп құрамды болғанда пісіру
үрдісінің ортасында пиццаның үстіне моцарелла
ірімшігін қосу ұсынылады.
68
KZ
Сақтандырулар мен кеңестер
! Бұл құрылғы халықаралық қауіпсіздік
стандарттарына сай жасақталып, дайындалған.
Төмендегі ескертулер қауіпсіздік ережелерін ескерту
мақсатында берілген және оны мұқият оқып шығу
қажет.
Жалпы қауіпсіздік
Құрылғы үйде қолдануға арналған, оны
коммерциялық немесе өндірістік тұрғыда
қолдануға болмайды.
Жабық жер болса да, құрылғыны сыртта
қолданбау қажет. Құрылғыны қорғаусыз жаңбыр
мен боранда қалдыру аса қауіпті.
Құрылғыны жылжытқанда немесе
орналастырғанда пештің бүйіріндегі тұтқаларды
пайдаланыңыз.
Құрылғыны жалаң аяқ немесе қол-аяғыңыз ылғал
болғанда ұстамаңыз.
Құрылғыны кітапшада берілген нұсқауларға
сай, тек ересек адамдар ғана тағам дайындау
мақсатында пайдалануы тиіс. Құрылғыны
басқа түрде пайдалану (мысалы, бөлмені
жылыту үшін) дұрыс емес әрі қауіпті.
Құрылғыны тиісті, дұрыс және саналы түрде
пайдаланбау нәтижесінде пайда болған кез
келген зақымға өндіруші жауапты болмайды.
Құрылғыны пайдаланған уақытта қыздыру
элементтерін немесе пеш есігінің белгілі
бөліктерін ұстамаңыз, бұл бөліктер қатты
қызады. Құрылғыны балалар қолы жетпейтін
жерге қойыңыз.
Басқа электр құрылғыларының кабельдері пештің
ыстық бөліктеріне тимейтінін тексеріңіз.
Желдету және қызуды шашу саңылауларын
ешқашан жабуға болмайды.
Пеш есігінің тұтқасын әрқашан ортасынан
ұстаңыз: шеттері ыстық болуы мүмкін.
Пешке асханалық ыдысты қоярда немесе
оны алған кезде әрдайым пеш қолғаптарын
пайдаланыңыз.
Пеш түбін туралау үшін алюминий фольганы
пайдаланбаңыз.
Пешке жанғыш заттарды қоймаңыз. егер
байқаусызда құрылғы қосылса, бұл заттардың
жануы мүмкін.
Құрылғыны қолданбаған кезде түймешіктерінің
«»/«
» орнында екенін тексеріңіз.
Құрылғыны өшіргенде айырғышты әрдайым
желі розеткасынан алыңыз, кабельден тартып
суырмаңыз.
Құрылғыны электр желісінен ажыратпастан
ешқашан тазалау немесе күтім көрсету
жұмыстарын жасамаңыз.
Ақаулық болған кезде, ешбір жағдайда жөндеу
жұмысын өзіңіз жасамаңыз. Өкілетті қызмет
көрсету орталығына хабарласыңыз («Көмек»
бөлімін қараңыз).
Ашық пештің есігіне ауыр заттарды қоймаңыз.
Құрылғыны физикалық, сезімталдық және
психикалық қабілеттері төмен адамдар (балалар
да кіреді), тәжірибесіз немесе өнімнен хабары
жоқ кез келген адамның қолданбауы тиіс.
Мұндай адамдарға, кем дегенде, қауіпсіздіктерін
қамтамасыз ететін біреулер жетекші болуы керек
немесе құрылғының жұмысына қатысты кіріспе
нұсқаулары берілуі тиіс.
Балаларға құрылғымен ойнауға рұқсат етпеңіз.
Қоқысқа тастау
Орау материалдарын тастаған кезде: ораманың
қайта пайдаланылуы мүмкін болатындай
жергілікті заңды қадағалаңыз.
Электр және электроникалық құралдардың
қалдықтарына (WEEE) қатысты 2002/96/EC
Еуропа заңнамасына сәйкес үй құрылғылары
қалыпты толық қалалық қалдық айналымын
пайдаланып жойылмауы тиіс. Қоршаған орта мен
халық денсаулығына тиетін зиянның алдын ала
отырып, жарамсыз құрылғылар қайта пайдалану
мен машина ішіндегі материалдарды өңдеу
құнын оңтайландыру мақсатында бөлек жиналуы
керек. Барлық өнімдердегі сызылған қоқыс жәшігі
өнім иесінің бөлектелген қоқыс жинауға қатысты
міндетін еске салады.
Жарамсыз үй құрылғыларын дұрыс жоюға
қатысты қосымша ақпарат алу үшін өнім иелері
тиісті халыққа қызмет көрсету орталығына немесе
олардың жергілікті өкілдеріне хабарласа алады.
Қоршаған ортаны сақтау және қорғау
Пешті таңертең ерте немесе түстен кейін кешірек
пайдалану арқылы электр қуатын қамтамасыз
етуші желілік компаниялардың ең жоғары
жүктемесін азайтуға көмектесе аласыз.
GRILL (ГРИЛЬ) және GRATIN (ГРАТИН) режимдері
пайдаланылғанда пеш есігін әрқашан жауып қою
қажет. бұл энергияны сақтай отырып (шамамен
10%), жақсы нәтижеге жеткізеді.
Есік тығыздағыштарын жиі тексеріңіз, олар есікке
тығыз келетіндей етіп, қалдық болмауы үшін
тазалап сүртіп тұрыңыз, осылайша ыстықтың
сыртқа шығуын болдырмайсыз.
KZ
69
Құрылғыны өшіру
Кез келген бір жұмысты бастамастан бұрын
құрылғыны тоқтан ажыратыңыз.
Құрылғыны тазалау
Тот баспайтын болат немесе эмальданған сыртқы
бөліктер және резеңке тығыздағыштар жылы
суға малынып, түссіз сабын жағылған губкамен
тазартылады. Қиын дақтарды кетіру үшін арнайы
өнімдерді пайдаланыңыз. Жуып болған соң оны
шайып, мұқият құрғатыңыз. Қатты ұнтақтарды
немесе таттандыратын заттарды пайдаланбаңыз.
Пештің іші әрбір қолданғаннан кейін жылы кезінде
мұқият тазалануы тиіс. Ыстық су мен тазартқышты
пайдаланыңыз, одан кейін шайып, жұмсақ шүберекпен
құрғатып сүртіңіз. Қырғыш заттарды пайдаланбаңыз.
Сырғымалы тартпалардан басқа барлық керек-
жарақтар күнделікті ыдыстар сияқты жуылуы мүмкін,
тіпті оларды ыдыс жуғыш машинаға жууға болады.
! Құрылғыда ешқашан бу тазартқышты немесе
шаңсорғышты пайдаланбаңыз.
Пеш есігін тазалау
Пеш есігінің әйнегін ысқышпен және қырғыш емес
тазартқыш құралдармен тазалап, жұмсақ шүберекпен
мұқият құрғатыңыз. Қатты қырғыш затты немесе өткір
темір қырғыштарды пайдаланбаңыз, себебі олар
әйнек бетін тырнап, оның сынуына әкелуі мүмкін.
Пеш есігін мұқият тазалау мақсатында оны шығарып
алуыңызға болады.
1. Пеш есігін толық ашыңыз (суретті қараңыз).
2. Шығарып алу үшін бұрағышты пайдаланыңыз
және F екі ілгекке орналасқан(суретті қараңыз)
кішкентай тұтқаларды бұраңыз.
3. Есікті екі жағынан қатты
ұстап, жартылай жабыңыз.
Оны өзіңізге қарай орнынан
көтере тартыңыз (сызбаны
қараңыз). Есікті орнына қою
үшін осы іс ретін соңғысынан
бастап орындаңыз.
Тығыздағыштарды тексеру
Пештегі есік тығыздағыштарын жиі тексеріп
тұрыңыз. Егер тығыздағыштар зақымдалған
болса, жақын жердегі қызмет көрсету орталығына
хабарласыңыз («Көмек» бөлімін қараңыз).
Тығыздағыштар ауыстырылғанға дейін пешті
пайдаланбауды ұсынамыз.
Шамды ауыстыру
Пештің шамын ауыстыру үшін:
1. Шам ұясының шыны қақпағын алыңыз.
2. Шамды бұрап
алып, оны ұқсас
басқа шаммен
ауыстырыңыз:
Қуаты 25 Вт,
цоколі E 14.
3. Шыны қақпақты
орнына қойыңыз
(сызбаны
қараңыз).
Сырғымалы сөрелер жиынын құрастыру
Сырғымалы тартпаларды құрастыру үшін:
1. Екі жақтауды A
бөлгіштерінен алысырақ
көтеріп, шығарыңыз (сызбаны
қараңыз).
2. Сырғымалы
тартпамен қайсы сөренің
пайдаланылатынын
таңдаңыз. Сырғымалы
тартпа шығарылып алынатын
бағытқа назар аудара отырып,
B ілмегін, одан кейін С ілмегін
жақтауға орналастырыңыз.
3. Пеш қабырғаларындағы
тесіктерді пайдаланып,
бағыттаушы жолдардың
көмегімен бекітіңіз (сызбаны
қараңыз). Сол жақ жақтауға
арналған тесіктер жоғарыда,
ал оң жақ жақтау үшін тесіктер
төменде орналасқан.
4. Ең соңында жақтауларды
A бөлгіштеріне
орналастырыңыз.
! Сырғымалы тартпаларды
5-позицияға қоймаңыз.
Көмек
! Рұқсаты жоқ адамның қызметін ешқашан
қабылдамаңыз.
Келесі мәліметтерді оңай жерде ұстаңыз:
Туындаған проблема түрі.
Құрылғының моделі (Мод.).
Сериялық нөмірі (С/н).
Мәліметтердің соңғы екі бөлігін құрылғының
деректер тақтасынан көре аласыз.
Күтім көрсету және техникалық
қызмет көрсету
F
A
B
C
Сол жақ
бағыттауыш
сырғытпа
Оң жақ
бағыттауыш
сырғытпа
Шығару бағыты
D
/