1.2 ҚАУІПСІЗДІК БОЙЫНША НҰСҚАУЛЫҚТАР
Бұл аспап шығарылу мақсатына сай ғана қолданылуы тиіс, яғни үй
жағдайында тамақ дайындау үшін. Аспапты қандай-да бір басқа мақсат
үшін қолдану (мысалы, бөлмені жылыту үшін) қолданысқа сай емес деп
саналады, жəне ол зиян келтіруі мүмкін.
Аспапты белгіленген мақсатқа сай қолданбау барысында келтірілген
зиян үшін, сонымен қатар аспапты қолдану нұсқаулығына сəйкес
қолданбаған кезде өндіруші кəсіпорын жауапкершілікті өз мойнына
алмайды. Электраспаппен жұмыс жасау барысында бірнеше негізгі
қауіпсіздік сақтау ережелерін сақтаған жөн:
- Қол жетімді бөлшектердің барлығы аспаптың жұмыс істеу барысында
қатты қызатындықтан абай болыңыз, қолыңызды тигізбеңіз.
- Ашаны розеткадан шығару үшін, ток көзінің сымынан тартпаңыз.
- Ылғал немесе су қолмен, не аяқпен духовканы ұстамаңыз.
- Егер жалаңаяқ болсаңыз, онда пешті қолдануға болмайды.
- Бақылаусыз духовканы балалардың немесе ауру адамдардың
қолдануына жол бермеңіз.
- Адаптер, үшайыр немесе ұзартқышты қолданбаған жөн.
- Духовка жерге құлаудың нəтижесінде пайда болған ахау немесе
қарапайым жұмыс тəртібінен ауытқыған жағдайда духовканы
өшіргеніңіз жөн жəне духовкаға қолыңызды тигізбеңіз.
- Қуат бауы зақымданған жағдайда, кейінге қалдырмай оны ауыстырған
жөн, ол үшін мына төмендегі берілгендерді орындаңыз:
Клеммалар қорабының қақпағын ашыңыз, қуат бауын ағытыңыз да оны
қажетті ұзындықтағы жəне аспапты қуаттылығына сəйкес сыммен
ауыстырыңыз (сымның түрлері HO5RR-F, HO5VV-F, HO5V2V2-F). Бұл
жұмыс білікті маман арқылы жүзеге асырылуы тиіс. Жерге қосу сымы
(сарғыш-жасыл) міндетті түрде қалған сымдардан 10 мм ұзынырақ
болуы тиіс.
Жөндеу жұмыстарын қосалқы бөлшектері бар арнайы қызмет көрсету
орталықтарында жүргізген жөн. Жоғарыда берілген ережелерді
орындамау аспапқа зиян келтіруі мүмкін.
Аспаптың белгілі техникалық сипаттамалары бар, сондықтан оған
өзгерістер енгізуге болмайды.
- Жоғары қысымды бумен тазалағыш аспаптарын қолдануға болмайды.
- Духовкаға жанғыш заттарды салуға болмайды. Кездейсоқ духовканы
қосқанда олар өртеніп кетуі мүмкін.
- Духовканың есігіне сүйкенуге немесе баланы отырғызуға болмайды.
- Духовкаға ыдысты немесе қосалқы жабдықтарды салу не алу үшін
арнайы қолғаптарды қолданыңыз.
- Аспап физикалық, сенсорлық жəне сана-сезімі шектеулі (соның ішінде
балалар) адамдардың қолдануы үшін жасалмаған, алайда олар
жауапты адамдардың бақылауымен ғана қолдана алады. (cəйкес
1. ЖАЛПЫ НҰСҚАУЛЫҚТАР
Духовканы қолдануда жоғарғы нəтижелерге жету үшін аталмыш нұсқаулықты мұқият оқып шығыңыз. Өйткені бұл нұсқаулықта жабдықты
орнату, қолдану, жөндеу жəне тазалау, сонымен қатар пешті тиімді қолдану туралы маңызды ескертулер мен нұсқаулықтар берілген. Аспапты
қолдану барысында туындайтын кез-келген сұрақтарға жауап алу мақсатында осы нұсқаулықты ұқыптап сақтаңыз. Аспапты орнату алдында
төменде берілген кестеге оның сериялық нөмірін жазыңыз, өйткені қызмет көрсету орталығымен хабарласар алдында осы нөмірді
хабарлауыңызға тура келеді.
Аспапты қораптан шығарған соң, онда ақау жоқ екеніне көз жеткізіңіз. Кішігірім болсын ахау бар екені жайлы күдік пайда болған жағдайда оны
қолданбастан, бірден қызмет көрсету орталығымен хабарласыңыз.
Полиэтилен қапшығы, пенопласт бөлшектері немесе шегелер сияқты барлық қаптама материалдарды балалардың қолы жетпейтін жерге алып
қойғаныңыз жөн, өйткені олар балалар үшін қауіпті болып табылады.
Барлық қол жетімді бөлшектер аспап жұмыс істеп тұрған кезде қатты қызады, абай болыңыз оларға қолыңызды тигізбеңіз. Пешті алғаш
қосқанда өткір иісті түтін пайда болуы мүмкін. Бұл духовканың термоқаптағышының бірінші қызуына байланысты болады, жəне бұл қарапайым
құбылыс. Түтін шығуы тоқтаған соң, духовкаға дайындайтын тағамды салуға болады. Жұмыс барысында духовка қатты қызады, əсіресе есіктің
шынысы. Сондықтан жұмыс істеп тұрған духовкаға балалардың жақындауына тыйым салыңыз, əсіресе гриль бағдарламасын қолданған кезде.
Федералдық заңның №261-Ф3 23.11.09 жəне РФ Үкіметінің Қаулысы №1222 31.12.09 ж., талаптарына сəйкес аталмыш тауар орыс тілінде
тауардың классы, энергетикалық тиімділігі жазылған арнайы сипаттамалы заттаңбамен белгіленген, тұтынушыларға сатылатын жерде ол
аспаптың алдыңғы жағында орналастырылған.
1.1 СƏЙКЕСТІК ТУРАЛЫ МАҒЛҰМДАМА
1.3 ОРНАТУ
1.4 АСХАНА ГАРНИТУРЫНА ДУХОВКА
ШКАФТЫ ОРНАТУ.
Духовканы белгіленген орынға қойыңыз; ол столдың үстіне, сонымен
қатар тік шкафқа да орнатылуы мүмкін. Жақтаудағы арнайы бекітетін
саңылау арқылы аспапты бекітіңіз (соңғы беттен көріңіз). Бекіту
саңылауын табу үшін, есікті ашып, ішіне қараңыз. Белгіленген ауа
алмасу үрдісіне қол жеткізу үшін, соңғы беттегі диаграммада берілген
параметр жəне қашықтық бойынша нұсқаулық мүлткісіз орындалуы
тиіс. Назар аударыңыз: пісіру тетігі қиыстырылған духовка пештеріне
үшін, пісіру тетігінің ережелерін қатал сақтау қажет.
ГОСТ МЭК 60335-1-2008)
- Балалардың духовкамен ойнауына жол бермеңіз.
Духовканың ішкі бөлігін алюмин фольгамен немесе шаруашылық
дүке н д е рд е с а тыла т ы н бір қ олд а н ы стық қ а птам а
материалдармен жаппаңыз. Алюмин фольгасы немесе басқа да
қаптама материал ыстық эмальды жермен байланысқа түскенде
ериді жəне эмальды қаптаманың зақымдануына əкеп соқтырады.
Аспапты орнату сатып алушының есебінен жүргізіледі. Аталмыш
қызмет бойынша өндіруші кəсіпорын жауапкершілікті өз мойнына
алмайды. Орнату кезіндегі олқылықтарға байланысты жөндеу
жұмыстарына кепілдеме таралмайды, жəне өндіруші кəсіпорын оның
құнын толтырмайды.
Аспапты орнату нұсқаулыққа сəйкес білікті маман арқылы жүзеге
асырылуы тиіс. Аспапты дұрыс орнатпау, адамдар мен жануарларға
жарақат əкелуі мүмкін, сонымен қатар мүлікке зиян келтіреді, осы
үшін өндіруші кəсіпорын жауапкершілікті өз мойнына алмайды.
Духовка орнатылатын жиһаз жоғары температураға шыдамды
материалдан жасалуы тиіс.
Духовканы столдың үстіңгі тақтайына да, бағана ретінде де орнатуға
болады. Орнатудан бұрын: аспап орнатылатын бөлмеде ауа алмасу
үрдісі жақсы болуы керек, бұл аспаптың ішкі бөлшектерінің тез
сууына жəне ауаның алмасуына септігін тигізеді. Ол үшін арнайы
саңылау ойластырған жөн. (соңғы беттен көруіңізге болады).
Осы өнімге таңбаламасын түсіре отырып, біз өз
жауапкершілігімізге, өнімдердің осы түрі үшін заңнамада көзделген
барлық Еуропалық қауіпсіздік, денсаулық қорғау нормаларына жəне
экологиялық талаптарға сəйкестігі туралы мəлімдейміз.
Бұл бұйым Кедендік Одақтың төмендегі техникалық
регламенттеріне сəйкес келеді:
- КО ТР 004/2011 "Төмен вольтті жабдықтың сəйкестігі
туралы"
- КО ТР 020/2011 "Техникалық құралдардың электромагниттік
үйлесімдігі"
Бұйым "РОСТЕСТ-МОСКВА" өнімдер мен қызметтерді сертификаттау
жөніндегі органында сертификатталған, Мəскеу қаласы.
Сіз сəйкестік сертификатының көшірмесін тауар сатып алынған
дүкеннен немесе, candymow@candy.ru электрондық поштасына
сұрау жолдау арқылы алуыңызға болады.
Пештің дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін ас үйдегі жиһаз
лайықты болуы керек. Пеш жанындағы ас үй жиһазының панельдері
жылылыққа төзімді материалдан жасалуы тиіс. Шереленген ағаштан
жасалған жиһаздың желімі кем дегенде 120°C шамасындағы
температураға шыдай алатынына көз жеткізіңіз. Мұндай
температураларға шыдай алмайтын пластик немесе желім жиһазды
балқытып, оның деформациясына апарып соғады. Пеш жиһаз ішіне
кіріктірілген соң, электрлік бөлшектерді толықтай оқшаулап жіберу
керек болады. Бұл – заңмен талап етілетін қауіпсіздік шарасы.
Барлық қорғауыштар арнайы құралдарды пайдаланбай шығарыла
алмайтындай етіп өз орнына нық бекітілуі тиіс.
Пеш айналасында ауаның жеткілікті ағынын қамтамасыз ету үшін ас
үй жиһазының артқы жағын алып тастаңыз. Пеш қақпағының кем
дегенде 45 мм артқы қуысы болуы керек.
1.5 МАҢЫЗДЫ
Д У Х О В К А Н Ы О Р Н АТ У А Р Н А Й Ы Қ Ы З М Е Т К Ө Р С Е Т У
ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ АРҚЫЛЫ НЕМЕСЕ МАМАН
АРҚЫЛЫ, НЕ БІЛІКТІ МАМАН АРҚЫЛЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУЫ ТИІС.
Бұл аспап қолданыстағы ережелер мен талаптарға сəйкес
орнатылуы тиіс.
Ондай ережелер мен талаптарды орындамаған жағдайда өндіруші
кəсіпорын жауапкершілікті өз мойнына алмайды.
Духовка қауіпсіздік талаптарына жəне белгіленген ережелерге сай
жерге қосу полюсі берік, үш полюсті ашасы бар қуат бауы арқылы
1.6 ҚУАТ КӨЗІНЕ ҚОСУ
KZ 11