FDG 8640BS EU

HOTPOINT/ARISTON FDG 8640BS EU Руководство пользователя

  • Привет! Я прочитал руководство по эксплуатации стирально-сушильной машины Hotpoint Ariston FDG 8640 и готов ответить на ваши вопросы. В руководстве подробно описаны все этапы установки, различные программы стирки и сушки, функции отложенного старта и автоматической очистки, а также способы устранения типичных неисправностей. Спрашивайте!
  • Как установить стиральную машину?
    Какие программы стирки доступны?
    Что делать, если машина сильно вибрирует во время отжима?
    Как очистить внутренние части стиральной машины?
49
KZ
Қазақша
KZ
! Бұл таңба осы пайдаланушы нұсқаулығын
оқуды еске салады.
Мазмұны
Орнату, 50-51
Қаптамадан алу және түзулеу
Ток пен суды қосу
Бірінші жуу циклы
Техникалық деректері
Күтім көрсету және техникалық қызмет
көрсету, 52
Су мен токты өшіру
Кір жуғыш машинаны тазалау
Жуғыш зат тартпасын тазалау
Құрылғының есігі мен барабанына күтім көрсету
Сорғыны тазалау
Судың кіріс түтігін тексеру
Сақтық шаралары мен кеңес, 53
Жалпы қауіпсіздік
Қоқысқа тастау
Есікті қолмен ашу
Кір жуғыш машина сипаттамасы, 54-55
Басқару тақтасы
Дисплей
Жуу циклын немесе кептіру циклын іске қосу»
тарауын қараңыз, 56
Жуу циклдары мен опциялары, 57
Жуу циклдарының кестесі
Жуу опциялары
Жуғыш заттар мен кірлер, 58
Жуғыш зат тартпасы
Кірлерді дайындау
Арнайы жуу циклдары
Жүкті теңестіру жүйесі
Ақаулықтарды жою, 59
Қызмет көрсету, 60
FDG 8640
Пайдалану нұсқаулығы
КІР ЖУҒЫШ-КЕПТІРГІШ МАШИНА
50
KZ
Құрылғы дұрыс түзулеу оған тұрақтылық береді,
дірілдеу мен шамадан тыс шуылдың болмауына
көмектеседі және жұмыс істеген кезде қозғалуына
жол бермейді. Құрылғы кілемге немесе кілемшеге
қойылса, аяқтарын оның астында вентиляция үшін
жеткілікті орын болатындай реттеу керек.
Ток пен суды қосу
Судың кіріс түтігін жалғау
1. Су жеткізу түтігін суық
су шүмегіне 3/4 газдық
бұранда қосылымын
пайдалана отырып бұрап
жалғаңыз (суретті
қараңыз).
Жалғамас бұрын су
тап-таза болғанша, оны
ағызып алыңыз.
2. Кіріс түтігін кір жуғыш
машинаның артқы
жағының жоғарғы оң
жағында орналасқан
тиісті су кірісіне бұрап
жалғаңыз (суретті
қараңыз).
3. Түтік бүктелмегеніне немесе майыстырылмағанына
көз жеткізіңіз.
! Шүмектегі су қысымы Техникалық деректер
кестесінде көрсетілген мәндер ауқымында болуы тиіс
(келесі бетті қараңыз).
! Кіріс түтігінің ұзындығы жеткіліксіз болса,
мамандырылған дүкенге немесе куәландырылған
маманға хабарласыңыз.
! Бұрын қолданылған түтіктерді пайдаланушы
болмаңыз.
! Құрылғымен бірге берілген түтіктерді қолданыңыз.
Орнату
! Бұл нұсқаулықты кейін қарау үшін жоғалып
қалмайтындай бір жерге сақтап қою керек. Кір жуғыш
машина сатылса, тасымалданса немесе көшірілсе,
нұсқаулық құрылғымен бірге болатынын қамтамасыз
етіңіз, солайша жаңа иесі оның жұмысы мен
мүмкіндіктерімен танысады.
! Осы нұсқаулықты мұқият оқып шығыңыз: оның
ішінде құрылғыны қауіпсіз орнату және қолдану
туралы маңызды ақпараттар қамтылған.
Қаптамадан алу және түзулеу
Қаптамадан алу
1. Кір жуғыш машинаны қаптамасынан алыңыз.
2. Тасымалдау барысында кір жуғыш машина
зақымдалмағанын тексеріңіз. Ол зақымдалған
болса, сатушыға хабарласыңыз және орнату үдерісін
тоқтатыңыз.
3. Құрылғының артқы
жағында орналасқан 4
қорғаныш бұрандасын
(тасымалдау кезінде
қолданылады) және
тиісті төсемі бар резеңке
тығырықты алып
тастаңыз (суретті
қараңыз).
4. Тесіктерді бірге берілген пластикалық тығындармен
жабыңыз.
5. Барлық бөлшектерді сақтап қойыңыз: кір жуғыш
машинаны басқа жерге тасымалданатын болса, олар
керек болады.
! Қаптама материалдарын балалардың ойыншығы
ретінде қолдануға болмайды.
! Ораушы және жеке оның элементтерi азықпен
байланысу үшiн арналмаған.
Түзулеу
1. Кір жуғыш машинаны қабырғаға, жиһазға, шкафқа
немесе басқа кез келген затқа сүйемей, тегіс әрі
қалыпты еденге орнатыңыз.
2. Еден түзу болмаса,
алдыңғы аяқтарды қатайту
немесе босату арқылы
құрылғыны түзулеңіз
(суретті қараңыз);
құрылғының үстіңгі
жағымен салыстырып
өлшенген еңкею бұрышы
ан аспауы керек.
51
KZ
Ағызу түтігін жалғау
Ағызу түтігін
майыстырмай,
еденнен 65-100 см
жоғары орналасқан
ағызу құбырына
немесе қабырғадағы
канализация құбырына
жалғаңыз;
немесе, оны ваннаға,
шұңғылшаға немесе
шылапшынға салып,
берілген түтікті шүмекке
бекітіңіз (суретті
қараңыз). Түтіктің шеті
су астында болмауы
тиіс.
! Түтікті ұзартуға қарсымыз; бірақ басқа амалы
болмаса, ұзарту түтігінің диаметрі бастапқы түтіктің
диаметрімен бірдей болуы және оның ұзындығы 150
см-ден аспауы керек.
Электр қосылымдары
Құрылғыны розеткаға қоспас бұрын, мына
жағдайларға көз жеткізіңіз:
розетка жерге тұйықталған және қолданыстағы
заңды ережелерге сәйкес келеді;
розетка Техникалық деректер кестесінде
көрсетілген құрылғының ең жоғарғы қуатына төзімді
(жанындағы ақпаратты қараңыз);
қуат көзінің кернеуі Техникалық деректер
кестесіндегі мәндер ауқымында (жанындағы
ақпаратты қараңыз);
розетка кір жуғыш машинаның айырына сәйкес келеді.
Олай болмаса, розетканы немесе айырды ауыстырыңыз.
! Жабық жер болса да, кір жуғыш машинаны сыртта
орнатпау қажет. Құрылғыны жаңбыр, боран және басқа
да ауа-райы жағдайларында қалдыру аса қауіпті.
! Кір жуғыш машина орнатылғаннан кейін розеткаға
оңай қол жеткізу мүмкін болуы тиіс.
! Бірнеше розеткалар мен ұзартқыш сымдарын
пайдаланбаңыз.
65 - 100 cm
! Сымды майыстыруға немесе оған қысым салуға
болмайды.
! Ток сымын тек өкілетті мамандар ауыстыруы тиіс.
Ескерту! Осы стандарттар сақталмаған жағдайда,
компания жауапты болмайды.
Бірінші жуу циклы
Құрылғы орнатылғаннан кейін және оны алғаш рет
пайдаланбас бұрын, "Өзін-өзі тазалау" жуу циклын
қолдана отырып, жуғыш затпен кірлерді салмай-ақ,
жуу циклын іске қосыңыз («Кір жуғыш машинаны
тазалау»).
Техникалық деректері
Үлгі FDG 8640
Өлшемдері
ені 59,5 см
биіктігі 85 см
тереңдігі 60,5 см
Сыйымдылығы
жуу бағдарламасы үшін 1-8 кг;
кептіру бағдарламасы үшін 1-6 кг
Электр
қосылымдары
құрылғыға бекітілген техникалық
деректер тақтасын қараңыз
Су қосылымдары
ең жоғары қысым 1 МПа (10 бар)
ең төмен қысым 0,05 МПа (0,5 бар)
барабан сыйымдылығы 62 литр
Айналдыру
жылдамдығы
1400 айналым/мин мәніне дейін
Қуатты есептеу
бағдарламалары
мына
стандартқа сәйкес:
EN 50229
Жуу: 4 бағдарламасы; температура
60°C; 8 кг жүкті қолдана отырып.
Кептіру: Аз жүктемені «A1» (Үтіктеу)
кептіру деңгейін таңдау арқылы кептіру
керек (2kg). Жүктеме 2 ақжаймадан, 1
жастыққаптан және 1 қол орамалынан
тұруы тиіс; жүктеменің қалғанын «A4»
(Қосымша) кептіру деңгейін таңдау
арқылы кептіру қажет.
Бұл құрылғы төмендегі ЕО
директиваларына сәйкес келеді:
- 2004/108/ЕС (Электр магниттік
үйлесімділік)
- 2006/95/EC (Төмен кернеу)
- 2012/19/EU
52
KZ
Құрылғының есігі мен барабанына
күтім көрсету
• Жағымсыз иістер пайда болмауы үшін есікті
әрқашан сәл ашып қою керек.
Сорғыны тазалау
Кір жуғыш машина ешбір техникалық қызмет
көрсетуді қажет етпейтін, өзін-өзі тазалайтын
сорғымен жабдықталған. Кейде кіші заттар (тиындар
немесе түймелер сияқты) сорғының астындағы
алдыңғы қорғау камерасына түсіп кетуі мүмкін.
! Жуу циклы аяқталғанына көз жеткізіңіз де,
құрылғыны розеткадан ағытыңыз.
Алдыңғы камераға қол жеткізу үшін:
1. Қақпақ панелін
алдымен ортасынан басу
және одан кейін шығарып
алынатындай оны екі
жағынан ұстап төмен
қарай тарту арқылы
панельді шешіп алыңыз
(суреттерді қараңыз).
2. Қақпақты сағат тіліне
қарсы бағытта бұру
арқылы бұрап шығарып
алыңыз (суретті
қараңыз): кішкене су
ағып кетуі мүмкін. Бұл
қалыпты жағдай.
3. Ішін жақсылап тазалаңыз.
4. Қақпақты орнына бұраңыз.
5. Құрылғыға итеріп салмас бұрын, ілмектері орнына
мықтап отырғанына көз жеткізіп, панельді орнына
қойыңыз.
Судың кіріс түтігін тексеру
Кіріс түтігін кем дегенде жылына бір рет тексеріңіз.
Шатынаған болса, оны дереу ауыстыру керек: жуу
циклдарының барысында су қысымы өте жоғары
болады және шатынаған түтік жарылып кетуі әбден
мүмкін.
! Бұрын қолданылған түтіктерді пайдаланушы
болмаңыз.
Күтім көрсету және техникалық
қызмет көрсету
Су мен токты өшіру
• Әрбір жуу циклынан кейін су шүмегін жауып
отырыңыз. Бұл кір жуғыш машинаның ішіндегі
гидравликалық жүйенің тозуын шектейді және су
ағып кетудің алдын алуға көмектеседі.
• Кір жуғыш машинаны тазалаған кезде және
техникалық қызмет көрсету жұмыстарын орындаған
кезде оны токтан ажыратыңыз.
Кір жуғыш машинаны тазалау
Құрылғының сыртқы жақтары мен резеңкеден
жасалған құрамдас бөліктерін жылы сабынды сумен
суланған жұмсақ шүберекпен тазалауға болады.
Еріткіштерді немесе абразивті заттарды қолданбаңыз.
• Кір жуғыш машинада ішкі бөлшектеріне арналған
«Өзін-өзі тазалау» бағдарламасы бар, оны барабанға
ешбір зат салмай іске қосу керек.
Бұл циклды оңтайландыру үшін кір жуғыш машинаны
тазалау мақсатында жуғыш затты (қатты ластанған
киімдер үшін берілген мөлшердің 10%) немесе
арнайы қосымша заттарды пайдалануға болады.
Тазалау бағдарламасын әр 40 жуу циклында бір рет
іске қосқан абзал.
Бағдарламаны іске қосу үшін A түймесін басып 5
секунд ұстап тұрыңыз (Кестені қараңыз).
Бағдарлама автоматты түрде қосылады және
шамамен 70 минут орындалады. Циклды тоқтату үшін
START/PAUSE түймесін басыңыз.
Жуғыш зат тартпасын тазалау
Диспенсерді көтеріп,
тарту арқылы шығарып
алыңыз (суретті
қараңыз).
Оны су ағыны астында
жуыңыз; бұл әрекетті жиі
қайталап тұру керек.
1
2
A
53
KZ
Сақтандырулар мен
кеңестер
! Бұл кір жуғыш машина халықаралық қауіпсіздік
ережелеріне сай өңделіп шығарылған. Төмендегі
ақпарат қауіпсіздік ережелерін ескерту мақсатында
берілген және оны мұқият оқып шығу қажет.
Жалпы қауіпсіздік
Бұл құрылғыны қауіпсіз түрде қолдану
бойынша кеңес не нұсқау берілген
және ықтимал қауіп-қатерлерді түсінетін
жағдайда, оны 8-ге толған балалар мен
дене, сезіну немесе ой қабілеті төмен
немесе тәжірибесі мен білімі жеткіліксіз
адамдар қолдана алады.
- Кептіргіш ішінде жуылмаған заттарды
кептірмеңіз.
- Ас майы, ацетон, спирт, бензин,
керосин, дақ кетіргіштер, скипидар,
балауыз бен балауыз кетіргіштері
сияқты заттармен кірленген нәрселерді
кептіргіште кептіруден бұрын көбірек
жуғыш зат қосып, ыстық суда жуу керек.
- Пенопласт (латекс көбігі), душ қалпақтары,
су өткізбейтін маталар, резеңке қосылған
маталар мен киімдер немесе пенопласт
төсемдері бар жастықтарды кептіргіште
кептіруге болмайды.
- Кондиционерлерді немесе оған ұқсас
өнімдерді кондиционер нұсқауларына
сәйкес қолдану керек.
- Кептіргіш циклының соңғы
бөлігі қызусыз орындалады
(салқындату циклы), солайша заттар
зақымдалмайтын температурада
ұсталатыны қамтамасыз етіледі.
ЕСКЕРТУ: Барлық заттар жылдам алынып,
қызу шашылып кететіндей таратылмаса,
кептіру циклы аяқталмағанша кептіргішті
тоқтатушы болмаңыз.
• Бұл құрылғы тек үйде пайдаланылуға арналған.
• Құрылғыны жалаң аяқ немесе қолыңыз немесе
аяғыңыз ылғал болғанда ұстамаңыз.
• Құрылғыны розеткадан ағытқан кезде ток кабелінен
ұстап тартпаңыз. Айырды ұстап тартыңыз.
• Құрылғы жұмыс істеп тұрған кезде жуғыш зат
тартпасын ашпаңыз.
• Ағызылған суға тимеңіз, себебі оның
температурасы өте жоғары болуы мүмкін.
• Есікті күштеп тартпаңыз. Әйтпесе, кездейсоқ
ашудан қорғауға арналған қауіпсіздік құлпы
механизмі зақымдалуы мүмкін.
• Құрылғы бұзылып қалса, ешбір жағдайда өз
бетіңізбен жөндеу мақсатында ішкі бөліктерге тиюші
болмаңыз.
• Әрқашанда балаларды құрылғыдан алыс ұстаңыз.
• Жуу циклы барысында есік қатты қызып кетуі мүмкін.
• Құрылғыны жылжыту керек болса, екі немесе үш
адамнан тұратын топпен жұмыс істеңіз және де
өте абай болыңыз. Мұны жалғыз өзіңіз орындаушы
болмаңыз, себебі құрылғы өте ауыр.
• Кірлерді кір жуғыш-кептіргіш машинаға салмас
бұрын, барабан бос екеніне көз жеткізіңіз.
Кептіру кезеңі барысында есік өте қызып кетуі мүмкін.
Жанғыш еріткіштермен (мысалы,
трихлорэтилен) жуылған киімдерді кептіру
үшін құрылғыны пайдаланбаңыз.
Құрылғыны пенопластты немесе оған
ұқсас эластомерлерді кептіру үшін
қолданбаңыз.
Кептіру циклдары барысында су шумегі ашық
екеніне көз жеткізіңіз.
Қалталардан барлық заттарды алып
тастаңыз, мысалы шақпақтар немесе сіріңке.
Әрдайым бақылап отырмаған жағдайда,
3-ке толмаған балаларды
құрылғыдан аулақ ұстау керек.
Қоқысқа тастау
• Орама материалдарын қоқысқа тастау: ораманың
қайта пайдаланылуы мүмкін болатындай жергілікті
ережелерді орындаңыз.
Электр және электроникалық құралдардың
қалдықтарына қатысты 2012/19/EU Еуропа заңнамасына
сәйкес үй құрылғылары қалыпты сортталмаған қалалық
қалдық ағымымен бірге жойылмауы тиіс. Қоршаған орта
мен адам денсаулығына тиетін зиянның алдын ала
отырып, ескі құрылғылар қайта пайдалануды және қайта
өңдеуді оңтайландыру мақсатында бөлек жиналуы
керек. Өнімдегі сызылған «доңғалақты қоқыс жәшік»
сізге құрылғыны тастаған уақытта бөлек жиналуы
туралы есіңізге салады. Ескі құрылғыларды дұрыс
тастау жөнінде ақпарат алу үшін пайдаланушылар
жергілікті өкілдеріне немесе сатушыларына
хабарласулары керек.
Есікті қолмен ашу
Ток өшіп қалғанға байланысты есікті ашу мүмкін
болмаса және кірлерді алғыңыз келсе, төмендегі
әрекеттерді орындаңыз:
1. айырды розеткадан ағытыңыз.
2. құрылғы ішіндегі судың деңгейі есік саңылауынан
төмен екеніне көз жеткізіңіз; олай болмаса, ағызу
түтігінің көмегімен, суретте көрсетілгендей, артық
суды шелекке ағызып алыңыз.
3. бұрағыштың көмегімен, кір жуғыш машинаның
алдыңғы төмен бөлігіндегі қақпақ панелін алып
тастаңыз (суретті қараңыз).
4. пластикалық арқалық өзінің тоқтау позициясынан
босағанша, суретте көрсетілгендей, ілмектің
көмегімен сыртқа қарай тартыңыз; төмен қарай
тартып, бір уақытта есікті ашыңыз.
5. құрылғыға итеріп салмас бұрын, ілмектері орнына мықтап
отырғанына көз жеткізіп, панельді орнына қойыңыз.
20
54
KZ
Кір жуғыш машина сипаттамасы
Басқару тақтасы
ТЕМПЕРАТУРА
түймесі
ЖУУ
ЦИКЛЫН
ТАҢДАУ
ТҰТҚАСЫ
Жуғыш зат тартпасы
ON/OFF
түймесі
СЫҒУ
түймесі
START/PAUSE
түймесі және
индикатор шамы
ДИСПЛЕЙ
Опция
түймелері
және индикатор
шамдары
Жуғыш зат тартпасы: жуғыш заттар мен жуғыш
қосындыларды енгізу үшін пайдаланылады («Жуғыш
заттар мен кірлер» тарауын қараңыз»).
ON/OFF түймесі: оны құрылғыны қосу немесе
өшіру үшін аз уақыт басыңыз. START/PAUSE
индикатор шамы жасыл түспен баяу жыпылықтап
тұрса, демек құрылғы қосылған. Жуу циклы
барысында кір жуғыш машинаны өшіру үшін, түймені
шамамен 3 секунд басып ұстап тұрыңыз; егер
түйме аз уақыт немесе кездейсоқ басылса, құрылғы
өшпейді. Құрылғы жуу циклы барысында өшірілсе,
бұл жуу циклы доғарылады.
ЖУУ ЦИКЛЫН ТАҢДАУ ТҰТҚАСЫ: қажетті
жуу циклын орнату үшін пайдаланылады
Бағдарламалар мен жуу циклдарының кестесін»
қараңыз).
ОПЦИЯ түймелері және индикатор шамдары: бар
опцияларды таңдау үшін басыңыз. Таңдалған опцияға
сәйкес келетін индикатор шамы жанып тұрады.
ЖУУ ТӘРТІБІ түймесі : жуу циклының қажетті
қарқындығын таңдау үшін басыңыз.
ТЕМПЕРАТУРА түймесі: температураны азайту
немесе толығымен алып тастау үшін басыңыз; мәні
дисплейде көрсетіледі.
СЫҒУ түймесі: сығу циклын азайту немесе
толығымен алып тастау үшін басыңыз; мәні
дисплейде көрсетіледі.
КЕПТІРУ түймес түймесі: кептіруді азайту немесе
алып тастау үшін басыңыз, таңдалған құрғақтық
деңгейі немесе кептіру уақыты дисплейде көрсетіледі.
START/PAUSE түймесі және индикатор шамы:
жасыл индикатор шамы баяу жыпылықтап тұрғанда,
жуу циклын бастау үшін түймені басыңыз. Цикл
басталғаннан кейін индикатор шамы бір қалыпта
жанып тұрады. Жуу циклын тоқтата тұру үшін, түймені
тағы бір рет басыңыз; индикатор шамы сарғылт
түспен жыпылықтайды. таңбасы жанып тұрмаса,
демек есікті ашуға болады. Жуу циклын тоқтатылған
жерінен бастау үшін түймені тағы бір рет басыңыз.
БАСҚАРУ ТАҚТАСЫН ҚҰЛЫПТАУ түймесі: басқару
тақтасының құлпын қосу үшін түймені шамамен 2
секунд басып ұстап тұрыңыз. таңбасы жанғанда,
басқару тақтасы құлыпталады. Яғни, жуу циклдарын
кездейсоқ түрде өзгертуден қорғауға болады, әсіресе,
үйде балалар болса. Басқару тақтасының құлпын
өшіру үшін түймені шамамен 2 секунд басып ұстап
тұрыңыз.
Күту режимі
Осы кір жуғыш машина, жаңа қуатты үнемдеу
ережелеріне сәйкес, ешбір әрекет байқалмаса,
шамамен 30 минуттан кейін қосылатын автоматты
күту жүйесімен жабдықталған. ҚОСУ-ӨШІРУ түймесін
аз уақыт басып, құрылғының іске қосылуын күтіңіз.
түймесі
ЖУУ ТӘРТІБІ
БАСҚАРУ
ТАҚТАСЫН
ҚҰЛЫПТАУ
түймесі
КЕПТІРУ
түймесі
56
KZ
Жуу циклын немесе кептіру циклын
іске қосу» тарауын қараңы
1. ҚҰРЫЛҒЫНЫ ҚОСЫҢЫЗ. түймесін басыңыз;
START/PAUSE индикатор шамы жасыл түспен баяу
жыпылықтайды.
2. КІРЛЕРДІ САЛЫҢЫЗ. Есікті ашыңыз. Келесі беттегі
бағдарламалар мен жуу циклдарының кестесінде
көрсетілген ең көп жүк мәнінен асып кетпеуге назар
аударып, кірлерді салыңыз.
3. ЖУҒЫШ ЗАТТЫ ӨЛШЕҢІЗ. Жуғыш зат тартпасын ашып,
«Жуғыш заттар мен кірлер» тарауында айтылғанмен
сәйкес жуғыш затты тиісті бөлікке салыңыз.
4. ЕСІКТІ ЖАБЫҢЫЗ.
5. ЖУУ ЦИКЛЫН ТАҢДАҢЫЗ. Қажетті жуу циклын таңдау
үшін ЖУУ ЦИКЛЫН ТАҢДАУ тұтқасын қолданыңыз. Әрбір
жуу циклы үшін температура мен сығу жылдамдығы
орнатылған; бұл мәндерді реттеуге болады. Дисплейде
циклдың мерзімі көрсетіледі.
6. ЖУУ ЦИКЛЫН ӨЗГЕРТІҢІЗ. Тиісті түймелерді қолданыңыз:
Температура және/немесе сығу жылдамдығын
өзгерту. Таңдалған циклдың ең жоғарғы температурасы
мен сығу жылдамдығының мәндерін немесе, таңдалған
циклмен үйлесімді болса, ең соңғы рет қолданылған
параметрлерді құрылғы автоматты түрде көрсетеді.
түймесін басу арқылы температураны суық сумен жуу
циклының «OF параметріне жеткенше төмендетуге
болады. түймесін басу арқылы сығу жылдамдығын
толығымен өшірілгенше, біртіндеп төмендетуге болады
(«OFF» параметрі). Бұл түймелер тағыда басылса, ең
жоғарғы мәндер қалпына келеді.
! Қиыс жағдай 4 бағдарламасы таңдалса,
температураны 90°C-қа (+ Алдынала жуу) дейін
көтеруге болады.
Кептіру циклын орнату
түймесі алғаш рет басылған кезде құрылғы
таңдалған жуу циклымен үйлесімді максималды кептіру
циклын автоматты түрде таңдайды. Одан кейін басқан
кезде кептіру деңгейі мен кептіру уақыты азайтылады,
соңында цикл толығымен өшіріледіOFF»).
Кептіруді төмендегідей орнатуға болады:
A- кірлердің қажетті құрғақтық деңгейі негізінде:
Үтіктеу «А1»: кейін үтіктелетін киімдер үшін
қолайлы. Қалған ылғалдық қыртыстарды жұмсартып,
оларды кетіруді жеңілдетеді.
Ілгекке ілінетіндей құрғақ «А2»: толығымен кептіруді
қажет етпейтін киімдер үшін қолайлы.
Шкафқа қойылатындай құрғақ «А3»: үтіктемей
шкафқа қоятын заттар үшін қолайлы.
Қосымша «А4»: губкалар мен халаттар сияқты
толығымен кептірілуі тиіс киімдер үшін қолайлы.
B - орнатылған уақыт аралығы негізінде: 30180 минут.
Жуылып кептірілетін кірлердің салмағы белгіленген ең көп
салмақтан едәуір көп болса, жуу циклын орындаңыз және
цикл аяқталған кезде, киімдерді топтарға бөліп, кейбіреуін
барабанға қайта салыңыз. Осы жерде, «Тек кептіру»
циклы үшін берілген нұсқауларды орындаңыз. Қалған
киімдер үшін осы үдерісті қайталаңыз. Әрбір кептіру
циклының соңына әрқашан салқындау мерзімі қосылады.
Тек кептіру
Мата түріне сәйкес кептіру циклын (12-13-14) таңдау
үшін цикл таңдау тұтқасын қолданыңыз. Қажетті кептіру
деңгейін немесе уақытын КЕПТІРУ түймесімен де
орнатуға болады.
Бағдарламаны реттеу тұтқасының көмегімен
және «Эко» түймесін басу арқылы мақта кептіру
циклы таңдалғанда, ауа температурасы мен цикл
ұзақтығының оңтайлы бірігуінің арқасында қуат
үнемдеуді қамтамасыз ететін автоматты кептіру циклы
іске қосыладыn; Дисплейде «А2» ілгекке ілетіндей
құрғақ құрғақтық деңгейі көрсетіледі
Жуу циклының қажетті қарқындығын орнату.
түймесі маталардың ластану дәрежесі мен
жуу циклының қажетті қарқындығына қарай
жууды оңтайландыруға мүмкіндік береді. Жуу
бағдарламасын таңдаңыз: цикл автоматты
түрде «Normal» (Қалыпты) тәртібіне қойылады,
себебі ол ластану дәрежесі орташа киімдерге
оңтайландырылған (бұл параметр «Жүн» циклы үшін
қолданылмайды, ол автоматты түрде “Delicate (Нәзік)
тәртібіне қойылады). Қатты ластанған киімдер үшін
түймесін “Intensive” (Қарқынды) тәртібі шыққанша
басыңыз. Циклдың бастапқы кезеңінде судың көп
мөлшері қолданылатындықтан және барабан тез
айналатындықтан бұл дәреже өнімділігі жоғары жууды
қамтамасыз етеді. Ол қиын кетірілетін дақтарды
тазарту үшін қолайлы. Оны ағартқышпен немесе
ағартқышсыз пайдалануға болады.
Ағартқышты қолданғыңыз келсе, 1-бөлікке қосымша
құрылғымен бірге берілетін 4-бөлікті салыңыз. Ағартқышты
құйған кезде ортаңғы өзекте белгіленген «max» деңгейінен
асып кетпеуге назар аударыңыз (58-беттегі кестені
қараңыз). Аз ластанған киімдер үшін немесе маталарды
нәзік түрде өңдеу қажет болса, түймесінDelicate
(Нәзік) дәрежесіне жеткенше басыңыз. Нәзік киімдер
үшін керемет нәтижеге қол жеткізуді қамтамасыз ету үшін
циклда барабан баяу айналады.
Цикл параметрлерін өзгерту.
Опцияны қосу үшін түймені басыңыз; түймеге
сәйкес келетін индикатор шамы жанады.
Опцияны өшіру үшін түймені тағы бір рет басыңыз;
индикатор шамы сөнеді.
! Таңдалған опция орнатылған жуу циклымен
үйлесімді болмаса, индикатор шамы жыпылықтайды
және опция қосылмайды.
! Таңдалған опция оған дейін таңдалған опциямен үйлесімді
болмаса, таңдалған бірінші функцияға тиісті индикатор шамы
жыпылықтайды және тек екінші опция қосылады; қосылған
функцияға сәйкес келетін индикатор шамы жанады.
! Опциялар ұсынылатын жүк мәніне және/немесе
циклдың мерзіміне әсер етуі мүмкін.
7. ЖУУ ЦИКЛЫН БАСТАҢЫЗ. START/PAUSE түймесін
басыңыз. Тиісті индикатор шамы жасыл түспен
қалыпты түрде жанып тұрады және есік құлыпталады
(ЕСІК ҚҰЛЫПТАУЛЫ таңбасы жанады). Орындалып
жатқан жуу циклын өзгерту үшін START/PAUSE
түймесінің көмегімен кір жуғыш машинаны тоқтатып
қойыңыз (START/PAUSE индикатор шамы сарғылт
түспен баяу жыпылықтайды); одан кейін қажетті
циклды таңдап, START/PAUSE түймесін тағы бір
рет басыңыз. Цикл орындалып жатқан кезде есікті
ашу үшін START/PAUSE түймесін басыңыз; ЕСІК
ҚҰЛЫПТАУЛЫ таңбасы өшсе, есікті ашуға болады.
Жуу циклын тоқтатылған жерінен қайта бастау үшін
START/PAUSE түймесін тағы бір рет басыңыз.
8. ЖУУ ЦИКЛЫНЫҢ СОҢЫ. Мұны дисплейдегі
«СОҢЫ» мәтіні білдіреді; ЕСІК ҚҰЛЫПТАУЛЫ
таңбасы өшкенде есікті ашуға болады. Есікті ашып,
кірлерді алыңыз да, құрылғыны өшіріңіз.
! Басталып қойған циклды доғару қажет болса, түймесін
басып ұстап тұрыңыз. Цикл тоқтатылады және құрылғы өшеді.
57
KZ
Жуу циклдары мен
опциялары
Жуу опциялары
! Таңдалған опция орнатылған жуу циклымен
үйлесімді болмаса, индикатор шамы жыпылықтайды
және опция қосылмайды.
! Таңдалған опция оған дейін таңдалған опциямен
үйлесімді болмаса, таңдалған бірінші функцияға тиісті
индикатор шамы жыпылықтайды және тек екінші
опция қосылады; қосылған функцияға сәйкес келетін
индикатор шамы жанады.
Eco
Қуатты үнемдеу функциясы кір жууға арналған суды
қыздырмау арқылы қуатты үнемдейді яғни, қоршаған
ортаға және шығындарыңызды азайтуға көмектеседі.
Оның орнына, қарқынды жуу әрекеті мен суды оңтайлы
қолдану арқылы стандартты циклдың орташа уақытымен
бірдей уақытта керемет жуу нәтижесіне қол жеткізіледі.
Ең жақсы жуу нәтижесіне қол жеткізу үшін сұйық
жуғыш затты пайдаланған абзал.
Кептіру функциясын таңдау арқылы да жуу циклының
соңында автоматты кептіру циклы автоматты түрде
іске қосылады – ол да ауа температурасы мен цикл
ұзақтығының оңтайлы бірігуінің арқасында қуат
үнемдеуге мүмкіндік береді.
! Оны 4- және 5-бағдарламалардың көмегімен іске
қосуға болады.
Жуу циклдарының кестесі
Барлық сынақ мекемелері үшін:
1) Жуу циклын EN 50229 стандартына сәйкес тексеріңіз: 4 жуу циклын 60°C температурасымен таңдаңыз.
2) Мақтадан жасалған заттарға арналған ұзақ жуу циклы: 5 жуу циклын 40 температурасымен таңдаңыз.
Дисплейде немесе осы кітапшада көрсетілген циклдың мерзімі тек шамамен берілген және ол стандартты жұмыс жағдайларына сәйкес есептеледі. Нақты мерзім су температурасы
мен қысымы, қолданылған жуғыш зат мөлшері, салынған кірлердің мөлшері мен түрі, жүктің теңестірілуі және таңдалған кез келген опциялар сияқты ықпалдарға байланысты болады.
Кешіктіріп бастауды орнату.
Таңдалған цикл үшін кешіктіріп бастауды орнату үшін,
қажетті кешіктіру мерзіміне дейін жеткенше тиісті
түймені қайта-қайта басыңыз. Бұл опция қосылғанда,
тиісті индикатор шамы жанып тұрады. Кешіктіріп бастау
функциясын алып тастау үшін дисплейде «OFF» мәтіні
көрсетілгенше түймені басыңыз.
* бағдарламасын таңдап, сығу циклын алып тастасаңыз, құрылғы сықпай, тек суды ағызады.
Жуу циклдары
Жуу циклының сипаттамасы
Ең жоғ.
темп.
(°C)
Ең жоғ. жылдамдық
(айн/мин)
Кептіру
Жуғыш заттар
Ең жоғ. жүк
(кг)
Цикл
мерзімі
Алдынала
жуу
Негізгі жуу
Ағартқыш
Мата
кондиционері
CLEAN Plus
1 Даққа қарсы
40° 1400
-
-
5
2 Дақтарды жылдам кетіру
40° 1200
-
-
4,5
3 Ақ киімдер
60° 1400
-
-
5
4
Cтандартты Мақта 60°C: өте лас ақ және қатты түрлі-түсті кір.
60° 1400
-
8
4 Cтандартты Мақта (+ Алдынала жуу): өте қатты кірленген ақ киімдер.
90° 1400
-
8
5
Cтандартты Мақта 40°C (2): өте лас ақ және күтіммен жуылатын түрліүсті кір.
40° 1400
-
8
6 Синтетика: қатты ластанған төзімді түрлі түсті кірлер.
60° 800
-
4
SPECIALS
7 Антиаллергиялық
60° 1400
-
5
8 Жүн: жүн, кашемир және т.б. үшін.
40° 800
-
-
2
9 Нәзік киімдер
30° 0
-
-
1
10
Аралас 30’: аз ластанған киімдерді жылдам жуып алу үшін (жүннен немесе
жібектен жасалған және қолмен жууды қажет ететін киімдер үшін жарамайды).
30° 800
-
-
-
3,5
11 Жуу мен кептіру 45’
30° 1400
-
-
1
DRYING
12 Мақта
- -
- - - - 6
13 Синтетика
- -
- - - - 4
14 Жүн
- -
- - - - 2
Толық емес циклдар
Шаю
- 1400
- - -
8
Сығу + Ағызу
- 1400
- - - - 8
Тек Ағызу *
- OFF - - - - - 8
Жуу циклдарының мерзімін дисплейде көруге болады.
58
KZ
Жуғыш заттар мен кірлер
Жуғыш зат тартпасы
Ойдағыдай жуу нәтижесіне қол жеткізу жуғыш заттың
дұрыс мөлшеріне де байланысты болады: тым көп
жуғыш зат қосылса, жуу міндетті түрде тиімдірек
болмайды және шынында құрылғы ішінде қалдықтардың
түзілуіне және қоршаған ортаны ластауға әкелуі мүмкін.
! Қолмен жууға арналған жуғыш заттарды
қолданбаңыз;; олар тым көп көбік түзеді.
Жуғыш зат тартпасын
ашып, жуғыш затты
немесе жуғыш қосындыны
төмендегідей салыңыз.
1-бөлік: Алдын-ала
жууға арналған жуғыш
зат (ұнтақ)
Жуғыш затты салмас
бұрын, қосымша 4-бөлік
алынғанына көз жеткізіңіз.
2-бөлік: Жуғыш зат (ұнтақ немесе сұйық)
Сұйық жуғыш зат пайдаланылса, дұрыс мөлшерлеу
үшін ауыстырмалы пластикалық А өлшеу бөлігін
қолданған жөн. Ұнтақ жуғыш зат пайдаланылса,
бөлікті B ұясына қойыңыз.
3-бөлік: Қосындылар (кондиционерлер және т.б.)
Кондиционер белгіден асып кетпеуі керек.
Қосымша 4-бөлік: Ағартқыш
Кірлерді дайындау
Кірлерді мына жағдайларға байланысты бөліңіз:
- мата түрі/жапсырмадағы таңба
- түстер: түрлі-түсті киімдерді ақ киімдерден бөліңіз.
Қалталарды босатып, түймелерді тексеріңіз.
«Жуу циклдарының кестесі» атты кестедегі
мәндерден асырып жібермеңіз, онда кірлердің
құрғақ кездегі салмағы берілген.
Кірлердің салмағы қандай?
1 ақжайма 400-500 г
1 жастыққап 150-200 г
1 асжаулық 400-500 г
1 монша халаты 900-1200 г
1 орамал 150-250 г
Арнайы жуу циклдары
Даққа қарсы: Бұл бағдарлама төзімді түстері
бар қатты ластанған киімдер үшін қолайлы. Ол
стандартты сыныптан жоғары жуу сыныбын
қамтамасыз етеді (А деңгейі). Бағдарламаны
іске қосқан кезде түстері әртүрлі киімдерді
араластырмаңыз. Ұнтақ жуғыш затты қолданған
абзал. Кетпей қоятын дақтар бар болса арнайы
қосымша заттармен алдын ала өңдеген жөн.
Кептіру функциясы таңдалса, жуу циклының соңында
күн сәулелерінен сарғаюдан қорғап, ауадағы шаңға
байланысты ақ түстің жоғалуын болдырмау сияқты
басымдылықтарына ие, ауада кептіргенге ұқсайтын
кептіру циклы автоматты түрде іске қосылады.
Кептіру циклдарын тек деңгей негізінде таңдауға
болады. «А2» құрғақтық деңгейін қолданған жөн.
Дақтарды жылдам кетіру: бұл бағдарлама сағатта
кетпей қоятын күнделікті дақтарды жуып кетіруге
қолайлы. Ол жуу барысында киімдерге күтім
көрсетеді, сондықтан аралас маталар мен түрлі-түсті
киімдер үшін қолайлы.
Кептіру функциясы таңдалса, жуу циклының соңында
күн сәулелерінен сарғаюдан қорғап, ауадағы шаңға
байланысты ақ түстің жоғалуын болдырмау сияқты
басымдылықтарына ие, ауада кептіргенге ұқсайтын
кептіру циклы автоматты түрде іске қосылады.
Кептіру циклдарын тек деңгей негізінде таңдауға
болады. «А2» құрғақтық деңгейін қолданған жөн.
Ақ киімдер: бұл циклды ақ киімдерді жуу үшін 3
қолданыңыз. Бағдарлама ақ киімдердің ашықтығын
сақтау үшін арналған. Ең жақсы нәтижеге қол жеткізу
үшін ұнтақ жуғыш затты пайдаланыңыз.
Кептіру функциясы таңдалса, жуу циклының соңында
күн сәулелерінен сарғаюдан қорғап, ауадағы шаңға
байланысты ақ түстің жоғалуын болдырмау сияқты
басымдылықтарына ие, ауада кептіргенге ұқсайтын
кептіру циклы автоматты түрде іске қосылады. Кептіру
циклдарын тек деңгей негізінде таңдауға болады.
Антиаллергиялық: Тозаң, кенелер немесе мысық
пен ит жүні сияқты негізгі аллергендерді жою үшін 7
бағдарламасын қолданыңыз.
Жүн: Осы құрылғының «Жүн» жуу циклы киім
жапсырмасындағы нұсқауларды және осы кір
жуғыш машина өндірушісінің нұсқауларын орындау
шартымен, The Woolmark Company тарапынан
«қолмен жуу» деп белгіленген жүн киімдерін жууға
расталған. (M1127)
Нәзік киімдер: Асыл тас немесе жарқылдақтар
тігілген өте нәзік киімдерді жуу үшін 9 бағдарламасын
қолданыңыз.
Жібек киімдерді және перделерді жуу үшін циклды
таңдап, “Delicate (Нәзік) тәртібіндегі 9 қосымша
қызметін іске қосыңыз .
Жуудан бұрын киімдердің ішін сыртқа қарату және
кіші заттарды арнайы нәзік киімдерді жууға арналған
сөмкеге салу жөн. Ең жақсы нәтижеге қол жеткізу үшін
сұйық жуғыш затты пайдаланыңыз.
Тек уақытқа негізделген кептіру функциясын
таңдаған кезде абайлап өңдеу мен су ағынының
температурасын тиісті түрде басқару арқасында аса
нәзік болатын жуу циклының соңында кептіру циклы
орындалады.
Ұсынылған мерзімдер мынадай:
1 кг синтетикалық киімдер --> 150 мин
1 кг синтетикалық және мақта киімдер --> 180 мин
1 кг мақта киімдер --> 180 мин
Құрғақтық деңгейі жүктеме мен мата құрамына
байланысты болады.
Жуу мен кептіру 45': аз ластанған киімдерді (мақта
және синтетикалық) аз уақытта жуып, кептіру үшін 11
бағдарламасын таңдаңыз. Бұл циклды 1 кг-ға дейінгі
кірді 45 минутта жуып, кептіру үшін қолдануға болады.
Оңтайлы нәтижелерге қол жеткізу үшін сұйық жуғыш
затты қолданыңыз, сондай-ақ, жеңдерді, жағаларды
және дақтарды алдын ала өңдеңіз.
Жүкті теңестіру жүйесі
Әрбір сығу циклынан бұрын, әрбір сығудан бұрын
шамадан тыс дірілдеудің алдын алу және жүкті
біркелкі түрде тарату үшін, барабан жуу кезіндегі
айналу жылдамдығын сәл көбірек жылдамдықпен
айналып тұрады. Егер бірнеше әрекеттен кейін
жүк дұрыс теңестірілмесе, құрылғы төмендетілген
сығу жылдамдығында айналдырады. Егер жүк
тым теңестірілмеген болса, құрылғы сығу орнына
тарату үдерісін орындайды. Жүктің таралуы мен
теңестірілуін жақсарту үшін кіші және үлкен киімдерді
аралас салуды ұсынамыз.
M
AX
1
2
4
3
A
B
59
KZ
Ақаулықтарды жою
Кір жуғыш машина кейде жұмыс істемей қалуы мүмкін. Техникалық көмек көрсету қызметіне хабарласпас бұрын («Қызмет
көрсету» тарауын қараңыз), төмендегі тізімді қолдана отырып ақаулықты оңай шешу мүмкін емес екендігіне көз жеткізіңіз.
Ақаулық:
Кір жуғыш машина қосылмайды.
Жуу циклы басталмайды.
Кір жуғыш машинаға су
толтырылмайды («H2O» мәтіні
дисплейде жыпылықтайды).
Кір жуғыш машина сумен толып,
оны ағызып тұра береді.
Кір жуғыш машина суды
ағызбайды не сықпайды.
Кір жуғыш машина сығу циклы
барысында көп дірілдейді.
Кір жуғыш машинадан су ағады.
«Опция» және START/PAUSE
индикатор шамдары жылдам
жыпылықтайды және дисплейде қате
коды көрсетіледі (мысалы, F-01, F-..).
Тым көп көбік болады.
Кір жуғыш-кептіргіш машина
кептірмейді.
Ықтимал себептері / шешімдері:
• Құрылғы розеткаға толығымен қосылмаған немесе түйісу үшін жеткілікті емес.
• Үйде ток жоқ.
• Кір жуғыш машина есігі дұрыс жабылмаған.
• ON/OFF түймесі басылмаған.
• START/PAUSE түймесі басылмаған.
• Су шүмегі ашылмаған.
• Кешіктіріп бастау орнатылған.
• Судың кіріс түтігі шүмекке қосылмаған.
• Түтік майыстырылған.
• Су шүмегі ашылмаған.
• Үйде су жоқ.
• Қысым тым төмен.
• START/PAUSE түймесі басылмаған.
• Ағызу түтігі еденнен 65-100 см биіктікте орналастырылмаған («Орнату»
тарауын қараңыз).
• Түтіктің бос шеті су астында («Орнату» тарауын қараңыз).
• Қабырғадағы канализация жүйесі сапун құбырымен жабдықталмаған.
Осы тексерулерден кейін де проблема шешілмесе, су шүмегін жауып,
құрылғыны өшіріңіз де, Техникалық көмек беру қызметіне хабарласыңыз.
Егер ғимараттың жоғарғы қабаттарының бірінде тұратын болсаңыз, суды
ағызуға байланысты проблемалар болуы мүмкін, оның нәтижесінде кір жуғыш
машина сумен толып, оны ағызып тұра беруі мүмкін. Дүкендерде арнайы
ағызуға қарсы клапандар бар, олар бұл проблеманы шешуге көмектеседі.
Жуу циклында ағызу жоқ: кейбір циклдар үшін суды ағызу үзерісін қолмен қосу қажет.
• Ағызу түтігі майысқан («Орнату» тарауын қараңыз).
• Ағызу түтігі бітелген.
• Орнату кезінде барабанның бұғаты дұрыс алынбаған («Орнату» тарауын қараңыз).
• Кір жуғыш машина түзу емес («Орнату» тарауын қараңыз).
• Кір жуғыш машина шкафтар мен қабырғалар арасына қойылған
(«Орнату» тарауын қараңыз).
• Судың кіріс түтігі дұрыс бұралып мықталмаған («Орнату» тарауын қараңыз).
• Жуғыш зат тартпасы бітелген (оны тазалау туралы нұсқауларды «Күтім
көрсету және техникалық қызмет көрсету» тарауынан қараңыз).
• Ағызу түтігі дұрыс бекітілмеген («Орнату» тарауын қараңыз).
• Құрылғыны өшіріп, оны токтан ағытыңыз, одан кейін шамамен 1 минут
күтіңіз де, оны қайтадан қосыңыз.
Проблема шешілмесе, Техникалық көмек көрсету қызметіне хабарласыңыз.
• Жуғыш зат кір жуғыш машинаға қолайлы емес (онда «кір жуғыш
машиналарға арналған», «қолмен жууға және кір жуғыш машинаға
арналған» немесе осыған ұқсас жазу болуы керек).
• Тым көп жуғыш зат қолданылған.
Құрылғы розеткаға қосылмаған немесе түйісу үшін жеткілікті емес.
Ток өшкен.
Құрылғы есігі дұрыс жабылмаған.
Кешіктіріп бастау орнатылған.
КЕПТІРУ
түймесі
OFF параметріне қойылған.
60
KZ
Қызмет көрсету
Техникалық көмек көрсету қызметіне хабарласпас бұрын:
Ақаулықты өзіңіз шеше алатыныңызды тексеріңіз («Ақаулықтарды жою» тарауын қараңыз).
Ақаулық шешілгенін тексеру үшін жуу циклын қайтадан бастаңыз.
Олай болмаса, өкілетті Техникалық көмек беру орталығына хабарласыңыз.
! Тек уәкілетті мамандардан көмек сұраңыз.
Келесі мәліметтерді оңай жерде ұстаңыз:
ақаулықтың түрі;
құрылғының моделі (Мод.);
сериялық нөмірі (С/н).
Бұл ақпаратты кір жуғыш машинаның артқы жағына бекітілген және есікті ашу арқылы құрылғының алдынан
көруге болатын техникалық деректер тақтасынан табуға болады.
/