Samsung MW733KU-S Руководство пользователя

Тип
Руководство пользователя

Это руководство также подходит для

мүмкіндіктерді елестет
Samsung компаниясының бұл өнімін сатып
алғаныңызға рахмет.
Өніміңізді мына сайтқа тіркеңіз:
www.samsung.com/register
Микротолқынды пеш
Пайдаланушы нұсқаулығы және тағам
пісіруге қатысты нұсқаулар

MW733KU_BWT_03915B-01_KZ.indd 1 2011-03-15  8:29:24

 
 ЕСІК
 ЖЕЛДЕТКІШ САҢЫЛАУЛАР
 ШАМ
 БЕЙНЕБЕТ
 ЕСІК БЕКІТПЕЛЕРІ
 БҰРЫЛМАЛЫ ТАБАҚ
 ЖАЛҒАСТЫРҒЫШ
 АЙНАЛМАЛЫ ШЫҒЫРЫҚ
 ҚАУІПСІЗДІК БЕКІТПЕСІ
САҢЫЛАУЛАРЫ
 ЕСІКТІ АШУ ТҮЙМЕШІГІ
 БАСҚАРУ ПАНЕЛІ
Пеш .......................................................................................................2
Басқару панелі ......................................................................................3
Керек-жарақтары .................................................................................3
Осы пайдаланушы нұсқаулығын қолдану ..........................................4
Қауіпсіздікке қатысты маңызды нұсқаулар ..........................................4
Белгішелер мен белгілердің түсіндірмесі ...........................................4
Асқын микротолқын қуатының әсеріне ұшырамау үшін сақтық
шараларын орындаңыз. .......................................................................5
Қауіпсіздік туралы маңызды нұсқаулар ..............................................5
Микротолқынды пешті орнату .............................................................9
Уақытты орнату ....................................................................................9
Ақаулық туындаса немесе күмән пайда болса не істеу керек ..........10
Пісіру / қыздыру .....................................................................................10
Қуат мәндері .........................................................................................11
Пісіруді тоқтату .....................................................................................11
Пісіру уақытын реттеу ...........................................................................11
Қуатты үнемдеу режимін орнату .........................................................11
Орыс дәстүрімен пісіру функциясын қолдану ..................................12
Жылдам орыс дәстүрі бойынша пісіру /пісіру .....................................12
Автоматты түрде жылдам жібіту функциясын қолдану .....................18
Автоматты түрде жылдам жібіту функциясы .....................................18
Ыдыстың жарамдылығын анықтау .....................................................18
Көп циклді пісіру ...................................................................................20
Микротолқынды пешті тазалау ............................................................21
Техникалық параметрлері ...................................................................21

MW733KU_BWT_03915B-01_KZ.indd 2 2011-03-15  8:29:24


Құрылғының қандай үлгісін таңдап алғаныңызға қарай, онымен бірге
әр түрлі жолмен қолдануға болатын бірнеше керек-жарақ жеткізіледі.
 , пештің табанындағы мотордың
білікшесіне орнатылып жеткізіледі.
 Жалғастырғыш бұрылмалы табақты
айналдырады.
 , пеш табанының
ортасына қойылады.
 Айналмалы шығырық бұрылмалы
табақты ұстап тұрады.
 , айналмалы шығырықтың
ортасындағы тетік арқылы жалғастырғышқа
қойылады.
 Бұрылмалы табақ тамақ пісіретін
негізгі орын болып табылады: оны
тазалау үшін оңай алуға болады.
Микротолқынды пешті айналмалы шығырық пен бұрылмалы
табақсыз .

 БЕЙНЕБЕТ
 АВТОМАТТЫ ТҮРДЕ
ЖЫЛДАМ ЖІБІТУ
ФУНКЦИЯСЫН ТАҢДАУ
 АВТОМАТТЫ ҚЫЗДЫРУ/
ПІСІРУ ФУНКЦИЯСЫН
ТАҢДАУ
 МИКРОТОЛҚЫН
РЕЖИМІ ТҮЙМЕШІГІ
 УАҚЫТТЫ ОРНАТУ ТҮЙМЕШІГІ
 ҚУАТТЫ ҮНЕМДЕУ ТҮЙМЕШІГІ
 САЛМАҚТЫ ТАҢДАУ
 САҒАТ ПАРАМЕТРІН ОРНАТУ
 +30с ТҮЙМЕШІГІ
 БАСТАУ ТҮЙМЕШІГІ
 ТОҚТАТУ/БОЛДЫРМАУ
ТҮЙМЕШІГІ

MW733KU_BWT_03915B-01_KZ.indd 3 2011-03-15  8:29:24


Сіз SAMSUNG микротолқынды пешін жаңа ғана сатып алдыңыз.
Қолыңыздағы пайдаланушы нұсқаулығында, микротолқынды пеште
тағам пісіруге қатысты маңызды ақпараттар қамтылған:
Қауіпсіздік нұсқаулары
Жарамды ыдыс-аяқ пен керек-жарақтар
Тағам пісіруге қатысты пайдалы кеңес
Тағам пісіруге қатысты ақыл-кеңес






Құрылғыны тек осы пайдаланушы нұсқаулығында көрсетілген
мақсатта ғана қолданыңыз. Бұл пайдаланушы нұсқаулығында
көрсетілген "Ескертулер" мен "Қауіпсіздік нұсқауларында",
орын алуы ықтимал жағдайлар мен оқиғалардың барлығы
бірдей қамтылмаған. Құрылғыны абайлап, сақтықпен орнатуға,
күтім көрсетуге, іске қосуға өзіңіз міндеттісіз.
Себебі төменде көрсетілген нұсқауларда құрылғының әр түрі
қамтылғандықтан, сіздің микротолқынды пешіңіздің техникалық
сипаттамасы, осы нұсқаулықта көрсетілген құрылғылардан сәл
өзгеше болуы және ескерту белгілерінің барлығы бірдей сізге
қатысты болмауы мүмкін. Толғандырып жүрген мәселе немесе
сұрағыңыз болса, жақын орналасқан жергілікті қызмет көрсету
орталығына хабарласыңыз немесе www.samsung.com веб-
сайтынан ақпарат және көмек алыңыз.
Бұл микротолқынды пеш тағам ысытуға арналған. Бұл тек үйде
ғана қолдануға арналған. Матаны немесе дән толтырылған
жастықшаларды қыздырмаңыз, жанып кетуі және өртке ұласуы
мүмкін. Құрылғыны дұрыс немесе тиісті түрде қолданбау
нәтижесінде бірнәрсе бүлінсе, өндіруші жауапкершілік
көтермейді.
Пешті таза ұстамаған жағдайда, оның бетінің сапасы кетіп,
құрылғының қолданыс мерзімінің уақытынан бұрын аяқталуына
әсер етуі және қатерлі жағдайлар орын алуы мүмкін.


Ауыр жарақат немесе өлімге әкелетін 
.


Адамға кішігірім жарақат әкелетін немесе мүлікке
зиян келтіретін қатерлі жағдайлар немесе қауіпті
әрекеттер.
Ескерту; Өрт қатері Ескерту; Бет жағы ыстық
Ескерту; Тоқ Ескерту; Жарылғыш зат
Әрекет ЕТПЕҢІЗ.
Нұсқауларды тура
орындаңыз.
БҰЗБАҢЫЗ.
Ашаны розеткадан
суырыңыз.
Қол ТИГІЗБЕҢІЗ.
Электр тоғының қатеріне
түспес үшін құрылғыны
жерге қосыңыз.
Қызмет көрсету
орталығына хабарласып
көмек алыңыз.
Ескерім
Маңызды
MW733KU_BWT_03915B-01_KZ.indd 4 2011-03-15  8:29:24




Төмендегі сақтық шаралары орындалмаса, микротолқын қуатының
қатеріне ұшырауыңыз мүмкін.
(a) Ешқашан есігі ашық тұрған пешті іске қосам деп әрекет
жасауға немесе қауіпсіздік тетігін (есіктің бекітпесі) бұзуға
немесе қауіпсіздік тетігінің саңылауларына бөгде зат сұғуға
болмайды.
(b) Пештің есігі мен алдыңғы жағының арасына ештеңе
қыстырмаңыз немесе тығыздағыштарға тағам немесе
тазалағыш заттың қалдықтары жиналуына жол бермеңіз. Есік
пен есік тығыздағышының беттерін, пешті қолданып болғаннан
кейін дымқыл шүберекпен сүртіп, содан кейін жұмсақ, құрғақ
шүберекпен тазалаңыз.
(c) Пеш бұзылып қалса, оны өндіруші тарапынан
микротолқынды пешті жөндеу бойынша дайындықтан өткізілген
техник жөндемейінше іске қоспаңыз. Пеш есігінің дұрыс
жабылуы мен төмендегілерге еш нұқсан келмеудің ерекше
маңызы бар:
(1) Есік (майысқан)
(2) Есіктің топсалары (сынық немесе босап қалған)
(3) есіктің тығыздағышы және тығыздағыш беттер
(d) Бұл пешті өндіруші тарапынан микротолқынды пешті
жөндеу бойынша дайындықтан тиісті түрде өткізілген техниктен
басқа адам жөндеуге тиіс емес.
Бұл 2-ші топтағы, B санатына жататын ISM құрылғысы. 2-ші
топқа радио-жиіліктегі қуатты электромагнитті сәуле ретінде,
материалдарды өңдеу үшін арнайы шығаратын ISM құрылғыларының
барлығы, сондай-ақ EDM және доғамен дәнекерлейтін құрылғылар
да жатады.
B санатына тұрмыста қолдануға арналған немесе төмен кернеулі
желіге тіке жалғанған тұрғын үй кешендерінде қолданылатын
құрылғылар жатады.

Осы қауіпсіздік нұсқауларының орындалуына әрқашан назар
аударыңыз.

Микротолқынды пешті тек білікті маман ғана
өзгертуге немесе жөндеуге тиіс.
Тұмшаланып жабылған сауыттардағы
сұйық заттарды және басқа тағамдарды
қыздырмаңыз.
Өз қауіпсіздігіңізді қамтамасыз ету үшін,
жоғары қысымдағы су бүріккіш немесе бумен
тазалайтын құралдарды қолданбаңыз.
Бұл құрылғыны қыздырғыштың, тұтанғыш
заттың қасына орнатпаңыз; ылғалды,
майлы немесе шаңды жерге қойып немесе
күн сәулесі тура түсетін және су ағатын
немесе газ шығатын жерге; тегіс емес жерге
қоймаңыз.
Бұл құрылғыны жергілікті және мемлекеттік
ережелерге сай дұрыс жерге қосу керек.
Құрылғының ашасы қосылатын ағытпалар
мен контакттарын, шаң немесе су тәрізді
басқа заттардан құрғақ шүберекті қолданып
мезгіл-мезгіл тазалап отырыңыз.
Қуат сымын тартпаңыз немесе қатты
майыстырмаңыз немесе үстіне ауыр зат
қоймаңыз.
Газ шығып кеткен кезде (мысалы, пропан,
сұйылтылған газ т.с.с.) құрылғы ашасына қол
тигізбей, бөлмені дереу желдетіңіз.
Ашаны дымқыл қолмен ұстамаңыз.
Іске қосылып тұрған құрылғыны ашасынан
тартып электр желісінен ағытуға болмайды.
MW733KU_BWT_03915B-01_KZ.indd 5 2011-03-15  8:29:25

Саусақтарыңызды немесе бөгде затты
құрылғыға сұқпаңыз, егер оған бөгде зат,
мысалы су кіріп кеткен жағдайда, ашаны
розеткадан суырыңыз да, жақын қызмет
көрсету орталығына хабарласыңыз.
Құрылғыға шамадан тыс күш салмаңыз
немесе баспаңыз.
Пешті раковина немесе шыны тәрізді
осал заттардың үстіне қоймаңыз. (Ас үй
қаптамасына қойылатын үлгі ғана)
Құрылғыны бензол, сұйылтқыш, алкоголь,
бумен тазалағыш немесе жоғары қысыммен
тазалағыш заттармен тазаламаңыз.
Кернеу, жиілік және тоқ параметрлерінің,
өнімнің техникалық параметрлеріне сай
келетініне көз жеткізіңіз.
Ашаны розеткаға мықтап сұғыңыз. Көп ашалы
адаптерді, ұзартқыш сымды немесе электр
трансформаторын қолданбаңыз.
Қуат сымын темір затқа ілмеңіз, оны
заттардың арасынан өткізіп төсеңіз немесе
құрылғының артынан өткізіңіз.
Бүлінген ашаны, бүлінген қорек сымын
немесе босап қалған розетканы қолданбаңыз.
Құрылғының ашасы немесе қорек сымы
бұзылса, жақындағы қызмет көрсету
орталығына хабарласыңыз.
Бұл құрылғылар жеке тұрған таймер немесе
қашықтан басқару құралының көмегімен
басқарылмайды.
Пешке су құюға немесе суды тура бүркуге
болмайды.
Пештің үстіне, ішіне немесе есігінің үстіне зат
қоюға болмайды.
Құрт-құмырысқаларды құртуға арналған
бүріккіш тәрізді тұтанғыш затты пештің бетіне
шашпаңыз.
Балаларды құрылғымен ойнамас үшін
қадағалап отыру керек
Бұл құрылғы көлік құралдарына, ұзақ
жолсапар көліктеріне немесе сол сияқты
көліктерге орнатуға арналмаған.
Пештің ішіне тұтанғыш зат салып сақтауға
болмайды. Құрамында спирті бар тағамдарды
немесе сусындарды қыздырған кезде өте сақ
болыңыз, себебі спирттің буы пештің ыстық
бөлігіне тиіп кетуі мүмкін.
Микротолқынды пешті тек ас үй
қаптамасының үстіне қойып пайдалану керек,
микротолқынды пешті жиһаздың ішіне қоюға
болмайды.
(Ас үй қаптамасына қойылатын үлгі ғана)
Құрылғы мен оның қол жететін
бөліктері, құрылғыны іске қосқан кезде
қызып тұрады. Қыздырғыш элементтерге
қол тиіп кетпес үшін абай болу керек. 8
жасқа толмаған балаларды, үнемі байқап
отырмаған жағдайда құрылғыдан алыс ұстау
керек.
 Балаларға пешті дұрыс
қолданбағанда қатерлі жағдайлардың
орын алатындығын түсіндіріп, оларға тиісті
нұсқаулар бергеннен кейін микротолқынды
пешті қауіпсіз қолдана алса ғана, ешкімнің
қадағалауынсыз пайдалануға рұқсат етіңіз.
Бұл құрылғыны 8 жасқа толған және
одан асқандар ғана қолдануға тиіс және
кембағал, сезім мүкістігі бар немесе ақыл-
есі кем, құрылғыны қолдану тәжірибесі жоқ
не қолдана білмейтін адамдар құрылғыны
қауіпсіз қолдану, қатерлі жағдайлар
туралы нұсқау алса немесе тиісті адамның
қадағалауы бойынша пайдалануға
тиіс. Балалар құрылғымен ойнамауға
тиіс. Балалар үлкендердің қарауынсыз
тазалау немесе күтім көрсету жұмыстарын
орындамауға тиіс.
MW733KU_BWT_03915B-01_KZ.indd 6 2011-03-15  8:29:27

 Егер есік немесе есік
тығыздағыштарына нұқсан келсе,
микротолқынды пешті уәкілетті техник маман
жөндегенше іске қосуға болмайды.
Микротолқын қуатынан қорғайтын
қақпақты алуды қажет ететін жөндеу немесе
техникалық күтім көрсету жұмыстарын, білікті
маманнан басқа адамдар жүзеге асырса, бұл
олар үшін қатерлі.
Электр қатеріне түсіп қалмас
үшін, құрылғы шамын ауыстырар алдында
оның электр желісінен ағытулы екеніне көз
жеткізіңіз.
Сұйық тағамдар мен басқа да
тағамды тұмшаланып жабылған сауыттарда
қыздыруға болмайды, себебі олар жарылуы
мүмкін.
 Құрылғы жұмыс істеп тұрғанда
қол жететін бөлшектері қызып тұруы мүмкін.
Жас балалар күйіп қалмас үшін оларды
құрылғыдан алыс ұстаңыз.
 Микротолқынды пеште
сусындарды қыздырған кезде кенет тасып
кетуі мүмкін, сондықтан да, сауытты абайлап
ұстау керек; Бұндай жағдайдың алдын алу
үшін, оларды ӘРҚАШАН пешті сөндіргеннен
кейін, температура біркелкі болуы үшін
кем дегенде 20 секунд пештің ішіне қоя
тұрыңыз. Қажет болса, қыздырып жатқанда
араластырыңыз және ӘРҚАШАН қыздырып
болғаннан кейін араластырыңыз.
Бу шалып кетсе, төмендегі әрекеттерді
орындап, АЛҒАШҚЫ ЖӘРДЕМ көрсетіңіз:
Бу шалып кеткен жерді кем дегенде 10 минут
суық суға малыңыз.
Таза, құрғақ дәкемен жабыңыз.
Ешбір крем, май немесе лосьон жақпаңыз.
Құрылғы іске қосылып тұрғанда қызып кетеді.
Пештің ішіндегі қыздырғыш элементтерге қол
тиіп кетпес үшін абай болу керек.
 Баланы тамақтандыратын
шөлмектің және балалар тағамы салынған
қалбырлардың ішіндегісін берер алдында
араластыру немесе шайқау керек және күйіп
қалмас үшін температурасын тексеру керек;
Бұл құрылғы кембағал, сезім мүкістігі бар
немесе ақыл-есі кем, құрылғыны қолдану
тәжірибесі жоқ не қолдана білмейтін адамдар
(балаларды қоса алғанда) қолдануға
арналмаған. Олар осы құрылғыны өз
қауіпсіздігін қамтамасыз ететін адамның
нұсқауы немесе қадағалауы бойынша
пайдалануға тиіс.
Пештің камерасына және басқару панеліне
қол оңай жету үшін, оны дұрыс бағытта және
биіктікте орнату керек.
Пешті ең алғаш рет іске қосар алдында,
пештің ішіне су қойып 10 минут қосу керек,
содан кейін қолдана беруге болады.
Микротолқынды пешті оның ашасына қол
жететіндей етіп орнату керек.
Егер пештен тосын шуыл, көңірсіген немесе
түтін иісі шықса, ашаны дереу розеткадан
суырыңыз да, жақын қызмет көрсету
орталығына хабарласыңыз.
тазалаған кезде құрылғының беті
бұрыңғысынан да қатты ысып кетуі мүмкін,
балаларды алыс ұстау керек (Тазалау
функциясы бар үлгіге ғана қатысты)
Жиналып қалған қоқысты тазалмай тұрып
арылтып, пешті тазалаған кезде оның ішінде
қалдыруға болатын ыдыстарды пеш ішінде
қалдыра беруге болады. (Тазалау функциясы
бар үлгіге ғана қатысты)
Орнатып болғаннан кейін құрылғыны
электр желісінен ағыту мүмкін болуға тиіс.
Құрылғыны желіден ағыту үшін оның ашасы
қол жететін жерде тұруға тиіс немесе сымға
қолданыстағы ережеге сай айырып-қосқыш
орнатылуға тиіс. (Кіріктірілген үлгілерге ғана
қатысты.)
MW733KU_BWT_03915B-01_KZ.indd 7 2011-03-15  8:29:28


Тек микротолқынды пеште қолдануға болатын
ыдыс-аяқтарды ғана қолданыңыз; металл
сауыттардың ешқайсысын, жиектері алтын
немесе күміспен жалатылған ас ыдыстарын,
істік, шанышқыларды т.с.с. ешқашан
ҚОЛДАНБАҢЫЗ;
Қағаз немесе пластик қалталардың
сымтемірден жасалған бауларын алыңыз.
Себебі : Электр жарқылы немесе тұйығы
пайда болып, пешті бүлдіруі мүмкін.
Тағамды пластик немесе қағаз сауыттарға
салып қыздырған кезде, пештен көз алмаңыз,
бұндай заттар тұтанып кетуі мүмкін.
Микротолқынды пешті қағаз немесе киім
кептіру үшін қолданбаңыз.
Аз тағамды қыздырған кезде қатты ысып
және күйіп кетпес үшін қысқа қыздыру
уақытын қолданыңыз.
Егер түтін шыққаны байқалса, құрылғыны
сөндіріңіз немесе оны электр желісінен
ағытыңыз да, жалын шыққаны байқалса оны
басу үшін есікті ашпаңыз;
Пешті мезгіл-мезгіл тазалап, тағамның
қалдықтарын алып отыру керек;
Қорек сымы немесе ашасын суға
батырмаңыз, қорек сымын қызу көзінен алыс
ұстаңыз.
Қабығы аршылмаған немесе бітеулей
пісірілген жұмыртқаны микротолқынды
пеште қыздыруға болмайды, себебі олар
жарылып кетуі, тіптен қыздырып болғаннан
кейін де жарылуы мүмкін; Сондай-ақ, ауа
өткізбейтін немесе тұмшаланып жабылған
шөлмектерді, қалбырларды, сауыттарды,
бітеу жаңғақтарды, қызанақтарды т.с.с.
қыздырмаңыз.
Желдеткіш саңылауларды киіммен немесе
қағазбен бітемеңіз. Пештен ыстық ауа
шығатындықтан, бұндай заттар өртенуі
мүмкін. Сондай-ақ, пеш қатты қызып кетіп,
автоматты түрде сөніп, әбден суығанша
сөнген қалпы тұруы мүмкін.
Байқаусызда күйіп қалмас үшін, тағамды
пештен алар кезде әрқашан пешке арналған
қолғапты қолданыңыз.
Пештің қыздырғыш элементтеріне немесе
ішкі қабырғасына ешқашан пеш суығанша қол
тигізбеңіз.
Сұйық заттарды қыздырудың орта тұсына
келгенде немесе қыздырып болғаннан кейін
араластырыңыз және қыздырып болғаннан
кейін кенет тасып кетпес үшін 20 секунд қоя
тұрыңыз.
Пештің есігін ашқан кезде, ыстық ауа немесе
буға күйіп қалмас үшін қолдың ұзындығындай
жерде алыс тұрыңыз.
Бос тұрған микротолқынды пешті іске
қоспаңыз. Қауіпсіздікті сақтау мақсатында
микротолқынды пеш автоматты түрде 30
минутқа сөнеді. Микротолқынды пеш кенет
іске қосылып кетсе микротолқын қуатын сіңіру
үшін оның ішіне әрқашан бір стакан су қойып
қоюды ұсынамыз.
Түрпілі тазалағыш заттар немесе өткір
металл қырғыштарды пеш есігінің шынысын
тазалау үшін пайдаланбаңыз, себебі бұндай
заттар шыны бетіне сызат түсіріп оның
шытынап кетуіне алып келеді.
Пешті осы нұсқаулықта көрсетілген
қашықтықтарды сақтай отырып орнатыңыз
(Микротолқынды пешті орнату тарауын
қараңыз)
Пештің қасында орналасқан розеткаларға
басқа электр құрылғыларын жалғаған кезде
абай болыңыз.
MW733KU_BWT_03915B-01_KZ.indd 8 2011-03-15  8:29:29


Пешті тегіс, жазық, еденнен 85 см биік жерге қойыңыз. Пеш
қойылатын бет, пештің салмағын еш қауіпсіз көтере алатындай
мықты болуға тиіс.
 Пешті орнатқан кезде, пештің артқы жағы мен
екі жақ жанынан кем дегенде 10 см (4 дюйм),
пештің үстінен 20 см (8 дюйм) ашық орын
қалдырыңыз.
 Пештің ішіндегі орам материалдарының
барлығын алыңыз.
Айналмалы шығырық пен бұрылмалы табақты
орнатыңыз.
Бұрылмалы табақтың еркін айнала
алатындығына көз жеткізіңіз.
 Микротолқынды пешті оның ашасына қол жететіндей етіп орнату
керек.
Қорек сымына зақым келсе, оның орнына арнайы сым немесе
жинақты, өндіруші немесе дилерден алып салу керек.
Өз қауіпсіздігіңізді қамтамасыз ету үшін қорек сымын 3-істікшелі,
230 В, 50Гц, жерге қосылған АТ розеткасына жалғау керек.
Құрылғының қорек сымына зақым келсе, орнына арнайы сым ғана
салынуға тиіс.
Микротолқынды пешті кәдімгі пеш немесе радиатордың қасы
тәрізді ыстық немесе ылғалды жерге қоймаңыз. Пешті қуат көзіне
қосуға байланысты параметрлерін орындау керек, ұзартқыш сым
қолданылса, ол да пеш сымының стандартына сай келу керек.
Микротолқынды пешті ең алғаш іске қоспас бұрын, пештің іші мен
тығыздағышын дымқыл шүберекпен тазалаңыз.

Сіздің микротолқынды пешіңізге сағат орнатылған. Қуат көзіне
қосылған кезде, бейнебетте “12:00” автоматты түрде пайда болады.
Ағымдық уақытты орнатыңыз. Уақытты 24- сағат немесе 12-сағаттық
режим бойынша көрсетуге болады. Сағатты келесі жағдайларда
орнату керек:
Микротолқынды пешті алғаш орнатқанда
Электр қуаты өшіп қалғанда
Жазғы және қысқы уақыттарды ауыстырған кезде сағатты қайта
орнатуды ұмытпаңыз.
 Сағатты келесі
режимге қою үшін ...
Содан кейін 
 түймешігін
басыңыз ...
24-сағаттық режим
12-сағаттық режим
Бір рет
Екі рет
 Сағатты  түймешігімен, минутты 
 түймешігімен орнатыңыз.
 Дұрыс уақыт көрсетілген кезде, сағат жұмыс
істей бастау үшін  түймешігін қайта
басыңыз.
 Микротолқынды пешті қолданбаған
кезде, уақыт әрқашан көрсетіліп
тұрады.
артқы
жағынан
10 см
жоғарыдан
20 см
жанынан
10 см
еденнен 85
см биік
MW733KU_BWT_03915B-01_KZ.indd 9 2011-03-15  8:29:30




Төмендегі ақаулықтардың бірі орын алса, көрсетілген шешімдерді
қолданып түзетіп көріңіз.

 Пештің ішінде конденсат пайда болады.
 Есіктің айналасы мен корпустың сыртынан жел үрлейді.
 Есіктің айналасы мен корпус сыртында жарық шағылысады.
 Есіктің маңайы мен саңылаулардан бу шығады.


 Есік әбден жабылды ма?

 Таймерді дұрыс орнаттыңыз ба және/не  (
)
түймешігін бастыңыз ба?
 Есік жабық тұр ма?
 Электр желісінің жүктемесін арттырғандықтан, сақтандырғыш
жанып немесе айырып-қосқыш іске қосылған жоқ па?

 Тағамның түріне сай келетін пісіру уақыты орнатылды ма?
 Сай келетін қуат мәні таңдалды ма?

 Металл жиегі бар ыдысты қолдандыңыз ба?
 Шанышқы немесе басқа металл ас құралы пештің ішінде қалып
қойған жоқ па?
 Алюминий фольга пештің ішкі қабырғасына тым жақын
орналасқан жоқ па?

 Пеш жұмыс жасап тұрған кезде теледидар мен радиода аздаған
бөгеуіл пайда болуы мүмкін. Бұл қалыпты жағдай. Бұндай
бөгеуілді азайту үшін, пешті теледидар, радио және антеннадан
алыс орнатып көріңіз.
 Пештің микропроцессоры бөгеуіл барын анықтаса, бейнебет
параметрлерін қайта орнату қажет болуы мүмкін. Бұл ақаулықты
түзету үшін ашаны розеткадан суырыңыз да, қайта жалғаңыз.
Уақытты қайта орнатыңыз.
Жоғарыда көрсетілген ақыл-кеңес ақаулықты түзетуге көмектеспесе,
жергілікті дилер немесе SAMSUNG тұтынушыға қызмет көрсету
орталығына хабарласыңыз.

Төменде тағамды қалай пісіруге немесе қыздыруға болатындығы
туралы айтылған.
Пешті қараусыз қалдырардың алдында ӘРҚАШАН пісіру
параметрлерін тексеріңіз.
Алдымен, тағамды бұрылмалы табақтың ортасына қойыңыз да, есікті
жабыңыз.
  түймешігін басыңыз.
 800 Вт (макс. пісіру қуаты)
көрсетіледі:
Тиісті қуат мәнін 
 түймешігін, бейнебетте
тиісті қуат мәні көрсетілгенше қайта
басыңыз. Қуат мәндерін келесі
беттегі кестеден қараңыз.
 Пісіру уақытын , 
және  түймешігін басып таңдаңыз.
  (
) түймешігін басыңыз.
 Пештің шамы жанады және
бұрылмалы табақ айнала бастайды.
Тағам пісе бастайды, пісіп болған
кезде пеш төрт рет сигнал береді.
Бос тұрған микротолқынды пешті ешқашан қоспаңыз.
MW733KU_BWT_03915B-01_KZ.indd 10 2011-03-15  8:29:30


Төмендегі қуат мәндерінің ішінен қажетін таңдауыңызға болады.
 
ЖОҒАРЫ 800 Вт
ОРТАША ЖОҒАРЫ 600 Вт
ОРТАША 450 Вт
ОРТАШАДАН ТӨМЕН 300 Вт
ЖІБІТУ (
)
180 Вт
ТӨМЕН 100 Вт
Жоғарырақ қуат мәнін таңдасаңыз, пісіру уақытын азайту керек.
Азырақ қуат мәнін таңдасаңыз, пісіру уақытын ұзарту керек.

Тағам пісіруді кез келген уақытта тоқтатып, тағамды тексеруіңізге
болады.
 Уақытша тоқтату үшін;
Есікті ашыңыз.
 Пісіру тоқтайды. Қайта жалғастырып
пісіру үшін, есікті жабыңыз да, 
 (
) түймешігін қайта
басыңыз.
 Мүлдем тоқтату үшін;
 (
) түймешігін басыңыз.
 Пісіру үрдісі тоқтайды.
Пісіру параметрлерін біржола
тоқтатқыңыз келсе, 
(
) түймешігін қайта басыңыз.
Кез келген параметрді тағам пісіруді бастамай тұрып, 
( ) түймешігін басып тоқтатуыңызға болады.

Пісіру уақытын, әрбір қосқыңыз келген 30 секунд үшін 
түймешігін бір рет басып ұзартуыңызға болады.
 Әрбір қосқыңыз келген 30 секунд үшін 
түймешігін бір рет басыңыз.
  (
) түймешігін басыңыз.

Пештің қуатты үнемдеу режимі бар. Бұл функция пеш іске қосылмай
тұрған кезде электр тоғын үнемдейді.
 Пеш 5 минут қолданылмай тұрса, қуатты үнемдеу режиміне
өздігінен қойылады. Пеш қуатты үнемдеу режимінде тұрғанда,
бейнебет ағарып тұрады, әрі пеш іске қосылмайды.
 Қуатты үнемдеу режимінен шығу үшін, есікті ашыңыз, сонда
бейнебетте “0”пайда болады. Пеш іске қосуға дайын.
 Егер қуатты үнемдеу режимін қолданғыңыз
келсе, қуатты үнемдеу түймешігін басыңыз.
MW733KU_BWT_03915B-01_KZ.indd 11 2011-03-15  8:29:30



Келесі кестеде әр түрлі орыс дәстүрімен жылдам пісіру/пісіру
бағдарламалары, тағамның мөлшері, қоя тұру уақыты мен тиісті
ұсыныстар берілген.

  



1  200 г Кебір орыс ботқасы «Геркулес» – 30 г
Қант – 5 г
Тұз – 0,5 г
Қайнаған су – 150 мл
Суық сүт – 50 мл

Шыныаяқ тәрізді ыдысқа құрғақ ботқаны, қант пен
тұзды салыңыз. Қайнап тұрған судан қосып, жақсылап
араластырыңыз. Сай келетін пластик қақпақпен жабыңыз.
Пісіре бастаңыз. Тұмшапештен сигнал естілген кезде ботқаны
салыңыз. Сүт қосып, жақсылап араластырыңыз. Қақпақ жауып,
пісіруді жалғастырыңыз.
2  200 г Қарақұмық – 100 г
Тұз – 2г
Қайнаған су – 250мл

Шыныаяқ тәрізді ыдысқа қарақұмық мен тұзды салыңыз. Қайнап
тұрған судан қосып, жақсылап араластырыңыз. Сай келетін
қақпақпен жабыңыз. Пісіре бастаңыз.
3


1 дана Жұмыртқа – 1 дана
Су – 150 мл
Орыс сіркесуы 9% – 10-15 мл

Су және сіркесу құйылған шараны тұмшапешке қойыңыз. Суды
қайнатыңыз. Тұмшапештен сигнал естілген кезде, қайнаған су
және сіркесуы бар шараны алыңыз. Шанышқымен сүйемелдеп
тұрып, қабығы жоқ жұмыртқаны шараға салыңыз. Пісіру үрдісін
жалғастырыңыз.


Орыс дәстүрімен пісіру функциясын қолданғанда тағам пісіру уақыты
автоматты түрде қойылады, әрі Бастау түймешігін басудың қажеті
жоқ. Үстелге тартылатын тағам мәзірі санын тиісті Орыс дәстүрімен
пісіру функциясының түймешігін қажетінше басып реттеуіңізге
болады.
Алдымен, тағамды бұрылмалы табақтың ортасына қойыңыз да, есікті
жабыңыз.
  (
) (Орыс дәстүрімен
пісіру) түймешігін қажетті сан көрсетілгенше
басыңыз.
  (
)
 Бұл режим аяқталған кезде:
1) Пеш төрт рет сигнал береді.
2) Пісіру аяқталғанын ескертетін
сигнал 3 рет естіледі.
(минутына бір рет)
3) Ағымдық уақыт қайта көрсетіледі.
Микротолқынға төзімді ыдыстарды ғана қолданыңыз.
MW733KU_BWT_03915B-01_KZ.indd 12 2011-03-15  8:29:30


  



4




Шұжық –
2 дана,
Ыстық
бұрыш
-132 г
Шұжықтар – 2 дана, әрбірі 50 г
Сарымай – 5 г
Қалбырдағы бұрыш –135 г
(құрғақ салмағы)

Шараға терісі тесілген шұжықтарды салыңыз, бетіне қақпақ
жаппаңыз, жанына сәл сарымай салыңыз. Майдың үстіне
қалбырдағы бұрышты салыңыз. Пісіре бастаңыз.
5  130 г
-135 г
Жұмыртқа – 3 дана / Сүт – 30 мл / Тұз
– 2 г

Жұмыртқаға сүт пен тұз қосып көпіршітіп, табаққа
құйыңыз. Пісіре бастаңыз.
6  180 г Қант – 45 г / Ваниль шекері – 5 г
Сарымай – 40 г / Жұмыртқа – 1/2 бөлігі
Сүт -30 мл / Қопсытқыш ұнтақ - 3 г
Бидай – 100 г

Қант, ваниль шекері мен сарымайды жақсылап араластырыңыз.
Көпіршітілген жұмыртқаны қосыңыз. Қалған құраластардың
барлығын қосыңыз. Сарымай жағылған шараға салыңыз. Пісіре
бастаңыз. Шарадан алмай тұрып суытып алыңыз.
7 


190 г
(5 дана)
Бидай – 100 г / Сарымай – 50 г
Қант – 40 г / Жұмыртқаның сарысы –
1дана
Жылы су – 1 ас қасық
Лимон қабығы / Үстін әрлеуге:
Жұмыртқаның сарысы – 1 дана /
Безендіргіш қант – 3-5г

Барлық құраластарды жақсылап араластырыңыз. Бес
булочка жасаңыз. Балауыз қағазға қойыңыз. Пісіре
бастаңыз. Тұмшапештен сигнал естілген кезде, булочканың
үстіне жұмыртқаның сарысын жағып, қанттан сеуіп, пісіруді
жалғастырыңыз. Суыту үшін қоя тұрыңыз.

  



1  340 г (1)Туралған қызылша - 50 г
Ұзыншалап туралған қырыққабат – 20 г
Туралған сәбіз -15 г
Ұзыншалап туралған пияз - 10 г
Қызанақ езбесі - 15 г
Қант - 5 г
Қайнаған су - 300 мл
(2) Сиыр етінің сорпасы немесе құрғақ
концентрат қосылған су - 300 мл
Лавр жапырағы -1дана
Орыс сіркесуы 9%- 5 мл, егер қаласаңыз

Үлкен шараға құраластардың (1) барлығын салыңыз да,
қайнаған судан құйыңыз. Пісіре бастаңыз. Тұмшапештен сигнал
естілген кезде жақсылап араластырып, ет сорпасын құйып, лавр
жапырағын(2) салыңыз. Содан кейін пісіруді жалғастырыңыз.
2  340 г (1) Ұзыншалап туралған пияз – 45 г
Сиыр етінің сорпасы немесе құрғақ
концентрат қосылған су -350 мл
(2) Каперс түйірлері – 7 г
Тұздалған, туралған қияр – 50 г
Қызанақ езбесі – 10 г / Қара зәйтүн – 16 г
Қара зәйтүн сұйығы – 20 мл
Лавр жапырағы -1 дана / Ет жинағы – 30 г
Сиыр етінің сорпасы немесе құрғақ
концентрат қосылған су - 415 мл

Үлкен шараға пияздан салып, қайнап тұрған сорпаны (1)
құйыңыз. Пісіре бастаңыз. Тұмшапештен сигнал естілген кезде
келесі құраластарды (2) салыңыз. Жақсылап араластырып,
сорпадан құйып, лавр жапырағын салыңыз да, жалғастырып
пісіріңіз.
MW733KU_BWT_03915B-01_KZ.indd 13 2011-03-15  8:29:30


  



3




350 г
Вермишель – 10 г / Тауықтың қоң еті – 50 г
Туралған сәбіз – 15 г / Ұзыншалап туралған
пияз – 10 г
Тауық сорпасы немесе құрғақ концентрат
қосылған су - 440 мл

Үлкен шараға вермишельді салыңыз да, қайнаған сорпаны
құйыңыз. Қалған құраластардың барлығын қосыңыз. Жақсылап
араластырыңыз да, пісіре бастаңыз.
4





250 г
(1) Шошқаның мойыны – 150 г
Туралған сәбіз - 20 г
Ұзыншалап туралған пияз – 20 г
Тауық сорпасы немесе құрғақ концентрат
қосылған су - 100 мл
(2) Тұздыққа арналған қоспа: Бидай – 5 г
Дижон қышасы – 20 г
Қышқыл қаймақ – 30 г / Су – 50 мл

Етті ұзыншалап турап, көкөністерді дайындап, тауық сорпасын(1)
қосыңыз. Жақсылап араластырыңыз да, пісіре бастаңыз. Тұздыққа(2)
қосылатын құраластардың барлығын дайындаңыз. Тұмшапештен
сигнал естілген кезде, еті бар сорпаға құраластарды салып
араластырыңыз да, жалғастырып пісіріңіз.
5  220 г
(1 )Тартылған ет (сиырдың немесе шошқаның)-
120 г (үш бөлікке бөліңіз)
Пісірілген кәдімгі күріш – 40 г / Тұз – 1 г
Қара ұнтақ бұрыш – ½ г
Ұзыншалап туралған пияз - 20 г
Туралған сарымсақ – 3 г
Тауық сорпасы немесе құрғақ концентрат
қосылған су - 75 мл
(2) Тұздыққа арналған қоспа:
Бидай – 5 г / Қызанақ езбесі – 10 г / Су – 40 мл

Күрішті тартылған етке қосыңыз. Дәмдеуіштер салып, қолыңызбен
жақсылап араластырыңыз. Үш котлета жасаңыз. Пияз мен сарымсақты
шара іспетті табаққа салыңыз. Котлеталарды осыған салып, үстіне
сорпадан құйыңыз. Табақты пешке салыңыз.(1) Пісіре бастаңыз.
Тұздыққа(2) араластырылатын құраластардың барлығын дайындаңыз.
Тұмшапештен сигнал естілген кезде, котлеталар салынған еттің
сорпасына құраластарды араластырыңыз. Аударыстырып, пісіруді
жалғастырыңыз.
  



6 


200 мл Кептірілген абрикос – 25 г
Қара өрік –20 г
Кептірілген алма – 15 г
Қант – 10 г
Лимон қышқылы – 2 шөкім
Қайнаған су – 450мл

Үлкен шараға құраластардың барлығын салыңыз да, қайнаған
судан құйыңыз. Пісіре бастаңыз.
7 

350 г Мұздатылған көкөніс – 150 г
Көкөніс сорпасы немесе құрғақ концентрат
қосылған су -250 мл

Үлкен шараға құраластардың барлығын салыңыз да, қайнаған
сорпаны құйыңыз. Пісіре бастаңыз.
8  185 г (15
дана)
Мұздатылған тұшпара – 15 дана
(10 г -12 г, біреуінде)
Тауық сорпасы немесе құрғақ концентрат
қосылған су - 500 мл
Бүтін қара бұрыш – 3-5 дана.
Лавр жапырағы – 1 дана.

Үлкен шара тәрізді табаққа құраластардың барлығын салыңыз
да, қайнаған сорпаны құйыңыз. Әбден араластырыңыз. Сай
келетін пластик қақпақпен жабыңыз. Пісіре бастаңыз.
MW733KU_BWT_03915B-01_KZ.indd 14 2011-03-15  8:29:30



  



1




325 г
2 дана.
Ұзыншалап туралған пияз – 15 г
Ұзыншалап туралған сәбіз – 20 г
Тауықтың сирақтары – 2 дана.
(160-180 г)
Қара өрік – 5-7 дана. (50 г)
Тауық сорпасы немесе құрғақ
концентрат қосылған су - 200 мл

Пияз мен сәбізді шара іспетті табаққа салыңыз. Тауық
сирақтарын үстіне салыңыз да, қара өрікті салып, үстіне
сорпа құйыңыз. Табақты микротолқынды пешке салыңыз.
Пісіре бастаңыз. Тұмшапештен сигнал естілген кезде,
аударыңыз да, пісіруді жалғастырыңыз.
2



315 г Күркетауық қоң еттері -150 г
Ұзыншалап туралған асқабақ - 50 г
Ұзыншалап туралған пияз – 15 г
Ұзыншалап туралған сәбіз – 20 г
Тауық сорпасы немесе құрғақ
концентрат қосылған су - 150 мл

Үлкен шара іспетті табаққа құраластардың барлығын
салыңыз да, қайнаған сорпаны құйыңыз. Пісіре бастаңыз.
Тұмшапештен сигнал естілген кезде, аударыңыз да,
көкөністерді араластырып пісіруді жалғастырыңыз.
3


140-180 г
1-2 дана
Ірі картоп – 160 г -200 г 1 -2 дана

Картоптарды жуып, қабығын шанышқымен тесіңіз.
Микротолқынды пешке салыңыз. Пісіре бастаңыз. Үстелге
тартар алдында сарымай немесе қышқыл қаймақ немесе
ірімшік не т.с.с. қосыңыз.
  



4

260г Текшелеп туралған асқабақ– 100 г
Текшелеп туралған сәбіз – 60 г
Текшелеп туралған болғар
бұрышы – 75 г
Текшелеп туралған пияз – 45 г
Туралған сарымсақ– 6 г / Қызанақ
езбесі – 10г
(дәмдеу үшін орегано және
базилик)
Көкөніс сорпасы немесе құрғақ
концентрат қосылған су - 130 мл

Барлық құраластарды шара іспетті табаққа салыңыз.
(Орегано және базиликті қосыңыз). Жақсылап
араластырыңыз. Пісіре бастаңыз.
5




340 г (1)Ұзыншалап туралған қызылша
– 30 г
Ұзыншалап туралған сәбіз – 30 г
Ұзыншалап туралған пияз – 15 г
Балық\Тауық сорпасы немесе
құрғақ концентрат қосылған су -
200 мл
(2) Тұздыққа арналған қоспа:
Бидай – 10 г / Қызанақ езбесі – 10
г
Қышқыл қаймақ – 30 г / Су – 50 мл
(3)Сазан немесе алабұға қоң еті
– 150 г
Лавр жапырағы – 1 дана

Үлкен шара іспетті табаққа құраластардың барлығын
салыңыз да, қайнаған сорпаны құйыңыз.(1) Пісіре бастаңыз.
Тұмшапештен сигнал естілген кезде, „тұздықтың қоспасын“
көкөністермен бірге сорпаға қосыңыз. Балық пен лавр
жапырағын қосыңыз(3). Пісіру үрдісін жалғастырыңыз.
MW733KU_BWT_03915B-01_KZ.indd 15 2011-03-15  8:29:30



 




1 


270 г (1) Шампиньон – 30 г
Алабұғаның қоң еті - 150 г / Май – 5 г
(2) Қышқыл қаймақ –15г
(3) Дөңгелектеп туралған, тұмшапеште
пісірілген картоп – 2 дана, әр 60-70г үшін /
Қышқыл қаймақ –15 г / Тұз – 5г
Ақ ұнтақ бұрыш – ½ г / Үгілген ірімшік – 25 г

Шыныаяқ тәрізді ыдысқа саңырауқұлақтарды салып, жанына балықты
салыңыз. Үстіне май тамызыңыз(1). Пісіре бастаңыз. Тұмшапештен
сигнал естілген кезде басқа шара тәрізді табақтың ортасына қышқыл
қаймақтың жартысын салыңыз (ортасына) (2). Үстіне пісірілген
саңырауқұлақтарды салыңыз. Оның үстіне балықты салыңыз. Дәм-
татымын келтіріңіз. Айналасына балық пен туралған картопты салыңыз.
Картоптың үстіне ірімшікті салыңыз(3). Пісіру үрдісін жалғастырыңыз.
2




480-
500 г
2 дана
(1) Болгар бұрышы – 2дана, әр 80г үшін
Тартылған ет (сиырдың немесе шошқаның).-
150-190г (екі бөлікке бөліңіз)
Пісірілген кәдімгі күріш – 10-20г
Тұз – 5г / Қара ұнтақ бұрыш – ½ г
Сиыр етінің сорпасы немесе құрғақ концентрат
- 150мл
(2) Тұздыққа арналған қоспа:
Бидай – 5г / Қызанақ езбесі – 10г / Су – 50мл

Күрішті тартылған етке қосыңыз. Дәмдеуіштер салып, қолыңызбен
жақсылап араластырыңыз. Бұрыштың өзегі мен дәндерін алыңыз.
Бұрышқа ет толтырыңыз. Шараға салып, сорпаны құйыңыз(1). Пісіре
бастаңыз. Тұздыққа(2) араластырылатын құраластардың барлығын
дайындаңыз. Тұмшапештен сигнал естілген кезде, тұздықты ет
толтырылған бұрыштар салынған сорпаға құйыңыз. Аударыстырып,
пісіруді жалғастырыңыз.
  



6



125 г Көбелек тәрізді арқан балық стейгі
– 150-170 г
Тұз – 1 г / Су -20 г
(Лимон/Апельсин – 10г (шырыны
сығылған) өз қалауыңыз бойынша)

Арқан балық стейгін дәмдеңіз. Табаққа салып, су қосыңыз.
(Қаласаңыз балшырын қосыңыз). Микротолқынды пешке
салып, пісіре бастаңыз.
7 




120 г + 53
г тұздық
Нәлім филесі – 140-150 г (немесе
сазан-алабұға филесі)
Лимон – 10 г (шырынын сығыңыз)
Тұз – 1 г
Су -20 г
Лавр жапырағы – 1 дана
Тұздық:
Қайнатылған жұмыртқа -20г (1\2
бөлігі)
Туралған балдыркөк – 3-5 г
Сарымай – 30 г (Микротолқын 800
Вт– 1мин)

Балық филесінің дәмін келтіріңіз. Табаққа салып, су
қосыңыз. Микротолқынды пешке салып, пісіре бастаңыз.
Тұздықты жеке дайындаңыз. Жұмыртқаны пісіріп, кішкене
текшеге бөліңіз. Балдыркөкті турап, сарымайды ысытыңыз.
Барлық қоспаларды араластырып, балықтың үстіне
салыңыз.
MW733KU_BWT_03915B-01_KZ.indd 16 2011-03-15  8:29:31


 




3 


210 г
-240 г
Сарымай – 10 г (2 x 5 г)
Ұзыншалап туралған сәбіз – 35 г
Ұзыншалап туралған пияз – 25 г
Туралған сарымсақ -3 г
Туралған сельдерей жапырақтары – 5 г
Бақтақ – 1 дана – 220-250 г
Тұз – 1 г / Ақ ұнтақ бұрыш – ½ г
Сарымай – 5 г

Балауызды қағаздың ортасын майлаңыз. Сәбіз, пияз, сарымсақ және
сельдерейді үстіне салыңыз. Көкөністердің үстіне дәм-татымы келтірілген
бақтақты салыңыз. Балықтың үстіне май салыңыз. Қақпақ жабыңыз.
Микротолқынды пешке салып, пісіре бастаңыз.
4 


150 г
-170 г
Сүйегі мен терісі алынбаған арқан балық
филесі – 200 -250 г / Тұз – 1 г
Лимон – 15 г (шырынын сығыңыз) / Су - 20г

Арқан балық стейгін дәмдеңіз. Табаққа салып, су қосыңыз.
Микротолқынды пешке салып, пісіре бастаңыз.
5  250 г (1)Туралған шошқаның мойыны -170 г
Ұзыншалап туралған пияз – 20 г
Тауық сорпасы немесе құрғақ концентрат
қосылған су - 100 мл
(2) Тұздыққа арналған қоспа:
Бидай – 5г / Қызанақ езбесі – 15г
Су – 50мл / Тұздалған, туралған қияр – 30 г

Шара іспетті табаққа ет пен пиязды салыңыз да, сорпаны құйыңыз.
(1) Пісіре бастаңыз. Тұмшапештен сигнал естілген кезде, аударыңыз
да, „тұздыққа арналған қоспаларды“(2) көкөніс, сорпа және етке
араластырыңыз. Араластырып, пісіруді жалғастырыңыз.
 




6 



150 г Алабұға филесі – 80-100 г (немесе сазан)
Майонез – 10 г / Тұз – 1 г
Дөңгелектеп туралған қызанақ – 50 г
Үгілген ірімшік – 20 г

Балық филесіне майонез жағыңыз, тұздаңыз. Үстіне қызанақ салыңыз, тіс
тазалағыш істікшені қолданыңыз. Үстіне ірімшік қойыңыз. Табаққа салып,
пісіре бастаңыз.
Тіс тазалағыш істікшені алыңыз.
7 

200 мл Мұздатылған мүкжидек – 50г
Қант – 35г / Су – 200мл

Мұздатылған мүкжидекті тартыңыз. Барлық құраластарды шараға
салыңыз. Пісіре бастаңыз. Суытып, сорғытыңыз.
8  160 г
(2 г x80
г)
Бидай – 85 г / Безендіргіш қант – 25 г
Сарымай – 50 г / Жұмыртқа – 1/2 бөлігі
Тұз – 1 г

Бидай, безендіргіш қант пен сарымайды жақсылап араластырыңыз. Тұз
бен жұмыртқаны қосыңыз. Жақсылап араластырыңыз. Екі дөңгелек
қалыпқа салыңыз. Балауызды қағазға салып, гриль торына қойыңыз.
Пісіре бастаңыз.
MW733KU_BWT_03915B-01_KZ.indd 17 2011-03-15  8:29:31



Келесі кестеде әртүрлі автоматты түрде жылдам жібіту
бағдарламалары, тағамның мөлшері, қоя тұру уақыты мен тиісті
ұсыныстар берілген.
Тағамды жібітудің алдында орам материалдарының барлығын
алыңыз. Ет, құс еті, балық, жеміс/жидекті керамика табаққа салыңыз.
  


 200-
1500 г
20-90
мин
Шеттерін алюминий фольгамен
жабыңыз. Пеш сигнал берген кезде
етті аударыңыз.
Бұл сиыр, қой, шошқа етін, стейк,
туралған ет, фаршталған етті пісіруге
жарайтын бағдарлама.
 200-
1500 г
20-90
мин
Сирақтары мен қанаттарының ұшын
алюминий фольгамен жабыңыз.
Пеш сигнал берген кезде құс етін
аударыңыз. Бұл бүтін тауықты да,
сонымен қатар бөлшектелген тауық
етін де пісіруге жарайтын бағдарлама.
 200-
1500 г
20-80
мин
Бүтін балықтың құйырығын алюминий
фольгамен жабыңыз. Пеш сигнал
берген кезде балықты аударыңыз.
Бұл бүтін балықты да, балық филесін
де пісіруге жарайтын бағдарлама.


100-
600 г
5-20 мин Жемістерді шыны табаққа біркелкі
таратып салыңыз.
Бұл жемістердің барлық түрлеріне
сай келетін бағдарлама.

Микротолқынды пеште тағам пісіру үшін, микротолқындар ыдысқа
шағылыспай немесе ыдысқа сіңбей тағамнан өте алатындай болуға
тиіс. Сондықтан да, ыдыс-аяқты дұрыс таңдау қажет. Микротолқынға
төзімді деген белгісі бар ыдысты алаңсыз қолдана беруге болады.
Келесі кестеде әр түрлі ыдыс түрлері және оларды микротолқынды
пеште қалай қолдануға болатындығы көрсетілген.


Автоматты түрде жылдам жібіту функциясы ет, құс еті, балық немесе
жеміс/жидекті тез жібітуге көмектеседі.
Жібіту уақыты мен қуат мәні автоматты түрде орнайды. Тек
бағдарлама мен салмақты таңдасаңыз жеткілікті.
Тек микротолқынға төзімді ыдыстарды ғана қолданыңыз.
Алдымен, мұздатылған тағамды бұрылмалы табақтың ортасына
қойыңыз да, есікті жабыңыз.
  (
) түймешігін
басыңыз.
 Бейнебетте келесі көрсетіледі:
 (
) түймешігін, жібітілетін
тағамның түріне қарай бір немесе бірнеше рет басыңыз. Қосымша
ақпарат алу үшін, келесі беттегі кестеге қараңыз.
 Тағамның салмағын  түймешігін
басып таңдаңыз. Максимум 1500 г салмақты
орнатуға болады.
  (
) түймешігін басыңыз.

Жібіту басталады.
Пеш тағам жібітудің орта тұсына
келгенде сигнал береді де, тағамды аударатын
уақыт келгенін хабарлайды.
Тағам жібітуді аяқтау үшін (
)
түймешігін қайта басыңыз.
Сонымен қатар, тағамды қолдан жібітуге де болады. Ол үшін
микротолқынмен пісіру/қыздыру функциясын, 180 Вт қуат мәніне
қойып таңдаңыз. Қосымша ақпаратты 10-ші беттегі “Пісіру / Қыздыру”
тарауынан алыңыз.
MW733KU_BWT_03915B-01_KZ.indd 18 2011-03-15  8:29:31








✓ ✗
Тағамның осал жерлері қатты пісіп кетпес
үшін, кішкене қағаздармен жабыңыз.
Фольга пештің қабырғасына тым
жақын қойылса немесе тым көп фольга
қолданылса электр жарқылы пайда
болуы мүмкін.


Сегіз минуттан артық қыздырмаңыз.


Фарфор, керамика, безендірілген
керамика мен қатты фарфор ыдыстарды,
жиегі металл болмаса әдетте қолдана
беруге болады.




Кейбір мұздатылған тағамдар осындай
ыдыстарға оралады.


 Полистирол
кеселер мен
сауыттар
Тағамды жылыту үшін қолдануға болады.
Қатты қыздырса, полистирол еріп кетуі
мүмкін.
 Қағаз қалта
немесе газет
Өртеніп кетуі мүмкін.
 Өңдеуден
өткізілген
қағаз немесе
ыдыстың
металл жиегі
Электр жарқылы пайда болуы мүмкін.

 Пеш-үстел
ыдыстары
Металл жиегі болмаса, қолдана беруге
болады.
 Осал шыны
ыдыс
Тағам немесе сусындарды жылыту үшін
қолдануға болады. Осал шыны ыдыс
кенет қыздырған кезде сынып немесе
жарылып кетуі мүмкін.




 Шыны банка
Қақпағын алу керек. Тек тағамды
жылытуға жарайды.

 Ыдыстар
Электр жарқылы немесе өрт шығуы
мүмкін.
 Тоңазытқышта
тұратын тағам
қалтасын
қыстырғыш

 Табақ, кесе,
майлық және
ас үй қағазы
Тағамды аз уақыт пісіру немесе жылыту
үшін. Сонымен қатар, артық ылғалды
сіңіру үшін.
 Өңделген
қағаз
Электр жарқылы пайда болуы мүмкін.

 Сауыттар
Қызуға төзімді термопластик болса
әсіресе сай келеді. Кейбір пластиктер
жоғары температурада майысып, түсі
өзгеріп кетуі мүмкін. Меламин пластигін
қолданбаңыз.
 Жылтыр
қағаз
Ылғалды ұстап тұру үшін қолдануға
болады. Тағамға тигізбеу керек. Жылтыр
қағазды алғанда абай болыңыз, ыстық бу
шарпуы мүмкін.
 Тоңазытқыш
қалталар
✓ ✗
Қайнатуға немесе пешке төзімді болса.
Ауа өткізбейтін болмауға тиіс. Қажет
болса, шанышқымен тесіңіз.



Тағам шашырамас үшін және ылғалды
ұстап тұру мақсатында қолдануға
болады.

✓✗


MW733KU_BWT_03915B-01_KZ.indd 19 2011-03-15  8:29:31



Микротолқынды пештің келесі бөлшектерін май және тағам
қалдықтары жиналып қалмас үшін мерзімді түрде тазалап отыру
керек:
Ішкі және сыртқы беттері
Есігі және тығыздағыштары
Бұрылмалы табақ пен айналмалы шығырық
Есік тығыздағыштарының таза екенін, әрі есіктің дұрыс жабылатын-
жабылмайтынын  тексеріп отырыңыз.
Пешті таза ұстамасаңыз, оның бетінің сапасы кетіп, құрылғы
жұмысына теріс әсер етіп, нәтижесінде қатерлі жағдайлар орын алуы
мүмкін.
 Сыртқы беттерін жұмсақ шүберекпен, жылы әрі сабынды сумен
жуыңыз. Шайыңыз да, құрғатыңыз.
 Құрылғының ішкі беттеріндегі немесе айналмалы шығырығындағы
шашырандыларды не дақтарды сабын сіңірілген шүберекпен
тазалаңыз. Шайыңыз да, құрғатыңыз.
 Қатып қалған тағам қалдықтарын жұмсарту және жағымсыз иісті
кетіру үшін, бір кесе сұйылтылған лимон шырынын бұрылмалы
табаққа қойыңыз да, қуатты ең үлкен мәнге қойып он минут
қыздырыңыз.
 Ыдыс жуғыш машинада жууға болатын табақты қажет кезде
жуыңыз.
Саңылауларға су . Жеміргіш заттар немесе
химиялық еріткіштерді ЕШҚАШАН қолданбаңыз. Есіктің
тығыздағыштарын тазалағанда келесіні ескеріңіз:
Ешбір қоқыс жиналып қалмасын
Қоқыс есіктің жабылауына кедергі жасамасын

SAMSUNG компаниясы әрқашан өз өнімдерін үздіксіз жақсартып
отыруды көздейді. Сондықтан да, дизайн спецификациялары мен
пайдаланушы нұсқаулықтары еш ескертусіз өзгертіледі.
 
 230 В ~ 50 Гц

Микротолқын 1150 Вт
 100 Вт / 800 Вт (IEC-705)
 2450 МГц
 OM75S(31)
 Желдеткіштің моторы

Сырты
Пештің іші
489 x 275 x 320 мм
330 x 211 x 309 мм
 20 литр

Нетто шамамен 11 кг
Қалыпты жағдайда
қолдануға арналған
Қолдану мерзімі: 7 жыл
MW733KU_BWT_03915B-01_KZ.indd 21 2011-03-15  8:29:31
  • Page 1 1
  • Page 2 2
  • Page 3 3
  • Page 4 4
  • Page 5 5
  • Page 6 6
  • Page 7 7
  • Page 8 8
  • Page 9 9
  • Page 10 10
  • Page 11 11
  • Page 12 12
  • Page 13 13
  • Page 14 14
  • Page 15 15
  • Page 16 16
  • Page 17 17
  • Page 18 18
  • Page 19 19
  • Page 20 20
  • Page 21 21
  • Page 22 22
  • Page 23 23
  • Page 24 24
  • Page 25 25
  • Page 26 26
  • Page 27 27
  • Page 28 28
  • Page 29 29
  • Page 30 30
  • Page 31 31
  • Page 32 32
  • Page 33 33
  • Page 34 34
  • Page 35 35
  • Page 36 36
  • Page 37 37
  • Page 38 38
  • Page 39 39
  • Page 40 40
  • Page 41 41
  • Page 42 42
  • Page 43 43
  • Page 44 44
  • Page 45 45
  • Page 46 46
  • Page 47 47
  • Page 48 48

Samsung MW733KU-S Руководство пользователя

Тип
Руководство пользователя
Это руководство также подходит для

Задайте вопрос, и я найду ответ в документе

Поиск информации в документе стал проще с помощью ИИ