Electrolux RXB2AF82S Руководство пользователя

  • Привет! Я прочитал инструкцию по эксплуатации холодильника Electrolux модели RXB2AF82S. Готов ответить на ваши вопросы о его установке, использовании, уходе, решении проблем и других аспектах. В инструкции подробно описаны функции, рекомендации по экономии энергии и хранению продуктов, а также пошаговые инструкции по устранению неполадок.
  • Как отрегулировать температуру в холодильнике?
    Что делать, если холодильник не работает?
    Как часто нужно чистить холодильник?
    Как заменить лампочку в холодильнике?
RXB2AF82S
KK Тоңазытқыш Қолдану туралы нұсқаулары 2
RU Холодильник Инструкция по эксплуатации 17
UK Холодильник Інструкція 34
МАЗМҰНЫ
1. ҚАУІПСІЗДІК АҚПАРАТЫ................................................................................. 2
2. ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЛАРЫ............................................................................ 5
3. ОРНАТУ............................................................................................................. 7
4. БАСҚАРУ ПАНЕЛІ.............................................................................................8
5. ӘРКҮНДІК ҚОЛДАНУ........................................................................................9
6. АҚЫЛ-КЕҢЕС.................................................................................................... 9
7. КҮТУ МЕНЕН ТАЗАЛАУ................................................................................. 10
8. АҚАУЛЫҚТЫ ТҮЗЕТУ.....................................................................................12
9. ШУЫЛ ТҮРЛЕРІ.............................................................................................. 15
10. ТЕХНИКАЛЫҚ ДЕРЕКТЕР............................................................................15
11. СЫНАҚ ИНСТИТУТТАРЫНА АРНАЛҒАН АҚПАРАТ..................................15
СІЗ ОЙЫМЫЗДА БОЛДЫҢЫЗ
Electrolux құрылғысын сатып алғаныңызға рахмет. Сіз ондаған жылдар
бойғы кәсіби тәжірибе мен инновацияға сүйеніп жасалған құрылғыны
таңдадыңыз. Тапқырлықтың туындысы болған, көз тартарлық бұл құрылғыны
жасау барысында сіз ойымызда болдыңыз. Сондықтан, қолданған сайын
тамаша нәтижеге қол жеткізе алатыныңызға сенімді болыңыз.
Electrolux әлеміне қош келдіңіз.
Біздің веб-сайтқа барып келесіні қараңыз:
Пайдалануға қатысты кеңесті, кітапша, ақаулықты түзету, қызмет көрсету
және жөндеу туралы ақпаратты мына жерден алыңыз:
www.electrolux.com/support
Сізге барынша жақсы қызмет көрсету үшін өніміңізді мына жерге тіркеңіз:
www.registerelectrolux.com
Құрылғыңызға қажетті керек-жарақтарды, шығынды материалдарды және
фирмалық қосалқы бөлшектерді сатып алу үшін:
www.electrolux.com/shop
ТҰТЫНУШЫҒА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
Фирмалық заттарды қолдануды ұсынамыз.
Қызмет көрсету орталығына хабарласқанда келесі деректердің дайын
болуын қамтамасыз етіңіз. Үлгісі, Өнім нөмірі, Сериялық нөмірі.
Деректерді техникалық ақпарат тақтайшасынан алуға болады.
Ескерту / Қауіп-қатерден сақтандыру ақпараты
Жалпы ақпарат және ақыл-кеңес
Қоршаған ортаға қатысты ақпарат
Өндіруші ескертусіз өзгеріс енгізу құқығына ие.
1. ҚАУІПСІЗДІК АҚПАРАТЫ
Құрылғыны орнатып іске қолданар алдында бірге
жеткізілген нұсқауларды мұқият оқып шығыңыз.
www.electrolux.com2
Дұрыс орнатпау немесе пайдаланбау нәтижесінде
орын алған жарақат немесе зақымға өндіруші
жауапты емес. Нұсқаулықтарды кейін қарап жүру
үшін әрқашан қауіпсіз және қол жетімді жерде
сақтаңыз.
1.1 Балалар мен әлсіз адамдардың қауіпсіздігі
Бұл құрылғыны 8 жастан асқан балалар мен
денесіне, сезім жүйесіне не ақыл-есіне зақым
келген не тәжірибесі аз адамдар өз қауіпсіздіктерін
қамтамасыз ететін адамның қадағалауы не
құрылғыны қауіпсіз қолдану бойынша берген
нұсқауына сүйеніп, дұрыс қолданбау салдарын
түсінсе, онда қолдануына болады.
3 және 8 жас арасындағы балаларға тиісті
нұсқаулар берілсе, оларға құрылғыны толтыруға
және босатуға рұқсат етіледі.
Бұл құрылғыны мүмкіндіктері өте шектеулі мүгедек
адамдар тиісті нұсқаулар алған болса пайдалана
алады.
3 жасқа толмаған балаларды үнемі қарап
отырмаған жағдайда құрылғыдан алыс ұстау керек.
Балаларға құрылғымен ойнауға рұқсат бермеңіз.
Балалар құрылғыны жөндеу және тазалау
жұмыстарын бақылаусыз орындамауы керек.
Барлық орам материалдарын балалардан алыс
ұстап, қоқысқа тиісті түрде тастау керек.
1.2 Қауіпсіздік туралы жалпы ақпарат
Бұл құрылғы үйде не сол сияқты төменде аталған
жерлерде пайдалану үшін жасалған:
Фермадағы үйлердің; дүкендердегі, кеңселер
мен басқа жұмыс орындарындағы
қызметкерлерге арналған ас бөлмелерде;
Қонақ үйлерде, мотельдерде, төсек және таңғы
аспен қамтамасыз ететін қонақжайларда және
басқа тұрғынды жерлерде.
ҚАЗАҚ 3
Тағам ластанбас үшін келесі нұсқауларды
орындаңыз:
есікті ұзақ уақыт бойы ашпаңыз;
тағаммен және қол жетімді су ағатын
жүйелерімен жанасатын беттерді үнемі
тазалаңыз;
шикі ет пен балықты басқа азық-түліктерге тиіп,
сөлдері ағып кетпес үшін қолайлы
контейнерлерге салып тоңазытқышта сақтаңыз.
ЕСКЕРТУ: Құрылғының корпусындағы немесе
кіріктірілген элементіндегі желдеткіш
саңылауларды бітемей, ашық ұстаңыз.
ЕСКЕРТУ: Өндіруші ұсынысынан басқа,
механикалық құрылғыларды немесе басқа
құралдарды еріту үрдісін жылдамдату үшін
пайдаланбаңыз.
ЕСКЕРТУ: Салқындатқыш жүйенің контурын
зақымдамаңыз.
ЕСКЕРТУ: Өндіруші ұсынған үлгіге сәйкес
келмейтін электр жабдықтарын құрылғының азық-
түлік сақтайтын бөліктерінде қолданбаңыз.
Құрылғыны тазалау үшін сулы спрейді және буды
қолданбаңыз.
Құрылғыны дымқыл жұмсақ шүберекпен
тазалаңыз. Тек бейтарап жуғыш заттарды
қолданыңыз. Жеміргіш заттарды, түрпілі жөкелерді,
еріткіштерді немесе металл заттарды
пайдаланбаңыз.
Құрылғы ұзақ уақыт бойы бос тұрса, оны сөндіріңіз,
жібітіңіз, тазалап, құрғатыңыз және құрылғының
ішінде зең пайда болмас үшін есікті ашық
қалдырыңыз.
Бұл құрылғыда жанғыш заты бар аэрозольдық
баллондар сияқты жарылыс қауіпті заттарды
сақтамаңыз.
Егер қуат cымына зақым келсе, қатерден сақтану
үшін оны өндіруші немесе уәкілетті қызмет көрсету
www.electrolux.com4
орталығы немесе сол сияқты білікті маман
ауыстыруға тиіс.
2. ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЛАРЫ
2.1 Орнату
ЕСКЕРТУ!
Бұл құрылғыны тек білікті
маман ғана орнатуға тиіс.
Орам материалдарының барлығын
алыңыз.
Бүлінген құрылғыны орнатпаңыз
немесе іске қоспаңыз.
Қауіпсіздік техникасына
байланысты құрылғыны кіріктіріп
орнату алдында қолданбаңыз.
Құрылғымен бірге жеткізілген
орнату нұсқауларын орындаңыз.
Құрылғы ауыр болғандықтан,
орнынан жылжытқан кезде әрқашан
абай болыңыз. Әрқашан қауіпсіздік
қолғабы мен бітеу аяқ киім киіңіз.
Құрылғының айналасында ауа
айналып тұруын қамтамасыз етіңіз.
Алғаш рет орнатқаннан кейін не
есіктің орнын ауыстырғаннан кейін
құрылғыны тоққа қосу алдында
кемінде 4 сағат күтіңіз. Бұл майдың
компрессорға қайта құйылуына
мүмкіндік беру үшін қажет.
Құрылғыға қатысты қандай да бір
жұмыс орындау алдында (мысалы,
есіктің орнын ауыстырғанда) ашаны
розеткадан ағытыңыз.
Құрылғыны радиаторға немесе
пештерге, тұмшапешке не пештің
үстіне жақын орнатпаңыз.
Құрылғыны жаңбырға шығармаңыз.
Құрылғыны күннің жарығы тура
түсетін жерге қоймаңыз.
Бұл құрылғыны тым ылғал немесе
тым суық жерге орнатпаңыз.
Құрылғыны жылжытқан кезде,
еденге сызат түсіріп алмау үшін
алдыңғы бұрышынан ұстап
көтеріңіз.
2.2 Электртоғына қосу
ЕСКЕРТУ!
Өрт және электр қатеріне
ұшырау қаупі бар.
ЕСКЕРТУ!
Құрылғыны орнатқанда
қуат сымының кептеліп
немесе оған нұқсан
келмегеніне көз жеткізіңіз.
ЕСКЕРТУ!
Көп тармақты адаптерлер
мен ұзартқыш сымдарды
қолданбаңыз.
Құрылғыны міндетті түрде жерге
тұйықтау қажет.
Техникалық ақпарат тақтасындағы
параметрлердің негізгі қуатпен
жабдықтау желісіндегі электр
параметрлеріне сәйкес келетініне
көз жеткізіңіз.
Әрқашан дұрыс орнатылған,
соққыға төзімді розетканы
қолданыңыз.
Электр бөлшектеріне зақым
келтірмеңіз (мысалы, ашасына,
сымына, компрессорға). Электр
бөлшектерін ауыстыру үшін қызмет
уәкілетті көрсету орталығына
немесе электршіге хабарласыңыз.
Қорек сымы ашаның деңгейінен
төмен орналасуға тиіс.
Құрылғының ашасын розеткаға тек
құрылғыны орнатып болғаннан
кейін ғана қосыңыз. Орнатып
болғаннан кейін ашаның қол
жететін жерде тұрғанына көз
жеткізіңіз.
Құрылғыны ажырату үшін электр
сымынан тартпаңыз. Әрдайым
қорек ашаны қолмен тартып
шығарыңыз.
2.3 Қолдану
ЕСКЕРТУ!
Жарақат алу, күйіп қалу,
электр тоғының қатеріне
ұшырау не өрт шығу қаупі
бар.
ҚАЗАҚ 5
Құрылғының құрамында жылдам
тұтанатын изобутон (R600a), қоршаған
ортамен сыйысымдылығы өте жоғары
табиғи газ бар. Изобутоны бар
салқындатқыш жүйеге зақым келтіріп
алмас үшін абай болыңыз.
Бұл құрылғының техникалық
сипаттамасын өзгертпеңіз.
Электр құрылғыларын (мысалы,
балмұздақ жасағыш құрылғы) егер
өндірушісі арнайы көрсетпесе,
құрылғыға салуға болмайды.
Егер салқындатқыш жүйеге зақым
келсе, бөлмеде ешбір оттың
жалыны және тұтануға себеп
болатын көздердің болмауын
қамтамасыз етіңіз. Бөлмені
желдетіңіз.
Ыстық заттарды құрылғының
пластик бөліктеріне тигізбеңіз.
Құрылғыда тұтанғыш газ бен
сұйықтықты сақтамаңыз.
Тұтанғыш заттарды немесе ішіне
тұтанғыш зат салынған дымқыл
заттарды құрылғының ішіне, қасына
немесе үстіне қоймаңыз.
Компрессорға немесе
конденсаторға қол тигізбеңіз. Олар
ыстық.
2.4 Ішкі жарықтама
ЕСКЕРТУ!
Электр қатері бар.
Осы өнімнің ішіндегі шам(дар) мен
шамдардың қосалқы бөлшектері
жеке сатылады: Бұл шамдар
температура, діріл, ылғалдылық
сияқты төтенше физикалық
жағдайларға тұрмыстық
құрылғылардың қарсы тұруына
немесе құрылғының жұмыс
жағдайы туралы сигнал беруге
арналған. Олар басқа
қолданбаларда пайдалануға
арналмаған және тұрғын үйлерді
жарықтандыруға сәйкес келмейді.
2.5 Күту менен тазалау
ЕСКЕРТУ!
Жарақат алу немесе
құрылғыны бүлдіріп алу
қаупі бар.
Құрылғыны жөндеу алдында электр
желісінен ағытып, ашасын
розеткадан суырыңыз.
Бұл құрылғының салқындатқыш
жүйесінде көмірсутек бар. Жүйеге
күтім көрсету және оны қайта
толтыру жұмыстарын тек білікті
маман ғана іске асыруға тиіс.
Құрылғының су төгетін түтіктерін
уақытылы тексеріңіз, егер тазалау
керек болса тазалаңыз. Су ағатын
түтік бітелсе, еріген су құрылғының
табанына жиналады.
2.6 Сервис
Құрылғыны жөндеу үшін уәкілетті
қызмет көрсету орталығына
хабарласыңыз. Тек ғана фирмалық
қосалқы бөлшектерді қолданыңыз.
Өз бетінше жөндеу немесе кәсіби
емес жөндеу қауіпті және кепілдіктің
күшін жоюға әкелуі мүмкін екенін
ескеріңіз.
2.7 Құрылғыны тастау
ЕСКЕРТУ!
Жарақат алу немесе
тұншығып қалу қаупі бар.
Құрылғыны электр желісінен
ажыратыңыз.
Қуат сымын кесіп алыңыз да,
қоқысқа тастаңыз.
Балалар мен жануарлар құрылғы
ішіне қамалып қалмас үшін есікті
ағытып алыңыз.
Құрылғының салқындатқыш жүйесі
мен изоляция материалдарының
озонға зияны жоқ.
Изоляция көбігінің құрамында
тұтанғыш газ бар. Құрылғыны
қоқысқа дұрыс тастауға қатысты
ақпаратты жергілікті әкімшілік
мекемеге хабарласып алыңыз.
Салқындатқыш жүйенің қызу
алмастырғышқа жақын орналасқан
жеріндегі бөлігіне зақым
келтірмеңіз.
www.electrolux.com6
3. ОРНАТУ
ЕСКЕРТУ!
Қауіпсіздік тарауларын
қараңыз.
ЕСКЕРТУ!
Құрылғыны орнату үшін
орнату туралы
нұсқаулықты қараңыз.
ЕСКЕРТУ!
Құрылғы орнықсыз болмас
үшін құрылғыны орнату
туралы нұсқаулыққа сәйкес
бекітіңіз.
3.1 Өлшемдер
H1
H2
W1
D1
W2
D2
D3
W3
9
Жалпы өлшемдер ¹
H1 мм 819
W1 мм 560
D1 мм 547
¹ құрылғының тұтқасыз және
табандарсыз биіктігі, ені және тереңдігі
Пайдалану кезінде қажет кеңістік ²
H2 мм 820
W2 мм 560
D2 мм 550
² тұтқаны қосқанда, құрылғының
биіктігі, ені және тереңдігі, плюс
салқындату ауасының еркін
айналымына қажетті кеңістік
Қолдануға қажетті жалпы кеңістік ³
H2 мм 820
W3 мм 560
D3 мм 1083
³ тұтқаны қосқанда, құрылғының
биіктігі, ені және тереңдігі, плюс
салқындату ауасының еркін
айналымына қажетті кеңістік, плюс
барлық ішкі жабдықтарды алып
тастауға мүмкіндік беретін минималды
бұрышқа дейін есікті ашуға қажетті
кеңістік
3.2 Орналасуы
Құрылғы жақсы жұмыс істеуі үшін
құрылғыны жылу көзіне жақын жерде
(тұмшапеш, пеш, радиатор немесе
плита) немесе күн сәулесі тура түсетін
жерге орнатпаңыз. Ауаның корпустың
ҚАЗАҚ 7
артқы жағында еркін айналатынына
көз жеткізіңіз.
Бұл құрылғыны құрғақ, жақсы
желдетілетін жерге орнату керек.
Бұл құрылғы 10°C бастап 43°C дейінгі
қоршаған орта температурасында
пайдалануға арналған.
Дұрыс температура
ауқымында пайдаланғанда
ғана құрылғы жұмысының
дұрыс болатынына кепілдік
беріледі.
Құрылғыны орнататын
жерді дұрыс анықтай
алмасаңыз, сатушыға,
сатып алушыға қызмет
көрсету немесе жақын
жердегі уәкілетті қызмет
көрсету орталығына
хабарласыңыз.
Құрылғыны электр
желісінен ажырату
мүмкіндігі болуы керек.
Орнатқаннан кейін ашаға
қол жету оңай болу керек.
3.3 Электртоғына қосу
Токқа қоспас бұрын техникалық
ақпарат тақтайшасында көрсетілген
кернеу мен жиіліктің үйдегі қуат
көзіне сәйкес келетіндігін тексеріңіз.
Құрылғыны міндетті түрде жерге
тұйықтау қажет. Бұл үшін қуат
кабелінің ашасы контактпен
қамтамасыз етілген. Егер қуатпен
жабдықтау жүйесінің розеткасы
жерге тұйықталмаса, құрылғыны
білікті электршіден кеңес алып,
қолданыстағы ережелерді орындай
отырып, жерге жеке тұйықтау керек.
Жоғарыда көрсетілген қауіпсіздік
шаралары сақталмаса, өндіруші
жауапкершіліктен бас тартады.
Бұл құрылғы E.E.C. ережелеріне
сай келеді.
3.4 Желдету талаптары
АБАЙЛАҢЫЗ
Қажетті желдетуді
қамтамасыз ету үшін
құрылғыны орнату
нұсқауына сәйкес орнату
керек.
3.5 Есіктің ашылатын жағын
өзгерту
Есікті орнату және ашылатын жағын
өзгерту жөніндегі нұсқаулықтары бар
жеке құжатқа жүгініңіз.
АБАЙЛАҢЫЗ
Есікті басқаша ашылатын
етіп өзгерту кезінде еденге
сызаттан қорғайтын
материал төсеңіз.
4. БАСҚАРУ ПАНЕЛІ
4.1 Іске қосу
1. Ашаны розеткаға сұғыңыз.
2. Температура тетігін сағат тілінің
бағытымен бұрап орташа
температураға қойыңыз.
4.2 Сөндіру
Құрылғыны сөндіру үшін температура
тетігін "O" қалпына бұраңыз.
4.3 Температураны реттеу
Температура автоматты түрде
реттеледі. Дегенмен, құрылғының ішкі
температурасын өзіңіз орнатуыңызға
болады.
Параметрді құрылғы ішіндегі
температураның төмендегі
жағдайларға тәуелді екенін ескеріп
таңдаңыз:
бөлме температурасы,
есікті ашу жиілігі,
сақталған тағамның мөлшері,
құрылғының орналасқан орны.
www.electrolux.com8
Әдетте орташа суықтықты таңдаған
дұрыс.
Құрылғыны қосу үшін:
1. Құрылғының ішіндегі
температураны төмендету үшін
температура тетігін сағат тілінің
бағытымен бұраңыз.
2. Құрылғының ішіндегі
температураны жоғарлату үшін
температура тетігін сағат тілінің
бағытына қарсы бұраңыз.
5. ӘРКҮНДІК ҚОЛДАНУ
АБАЙЛАҢЫЗ
Бұл тоңазытқыш құрылғы
тағамдарды мұздатуға
жарамайды.
5.1 Есіктің сөрелерін
орналастыру
Әр түрлі мөлшерде оралған
тағамдарды орналастыру үшін есіктегі
сөрелерді түрлі биіктікке қоюға
болады.
1. Сөрені алынғанша баяу тартыңыз.
2. Қажеттілікке қарай орнын
ауыстырыңыз.
Бұл үлгі бүйір жақтарға қарай
қозғауға болатын жылжымалы
тартпамен жабдықталған.
5.2 Жылжымалы сөрелер
Тоңазытқыштың қабырғасында
сөрелерді қалауыңызша
орналастыруға арналған бірнеше
бағыттауыш бар.
Ауаның дұрыс айналымын
қамтамасыз ету үшін,
көкөніс салынатын
тартпаның бетіндегі шыны
сөрені алмаңыз.
5.3 Көкөніс тартпасы
Құрылғының төменгі бөлігінде
жемістер мен көкөністерді сақтауға
арналған арнайы тартпа бар.
6. АҚЫЛ-КЕҢЕС
6.1 Қуатты үнемдеу туралы
кеңестер
Энергияны ең тиімді пайдалану
тартпалар құрылғының төменгі
бөлігінде және сөрелер біркелкі
таратылған болатын
конфигурацияда қамтамасыз
етіледі. Есік себеттерінің орналасуы
энергияны тұтынуға әсер етпейді.
Есікті жиі ашпаңыз немесе оны
қажеттіден ұзағырақ ашық
қалдырмаңыз.
Тағамның сипаттамалары қажет
етпесе, қуатты үнемдеу үшін тым
жоғары температураны
орнатпаңыз.
Егер қоршаған орта температурасы
жоғары болса және температураны
басқару тетігі төмен температураға
орнатылса және құрылғы
толығымен жүктелген болса,
компрессор үздіксіз жұмыс істеуі,
бұл буландырғышта аяз немесе
мұздың пайда болуына әкелуі
мүмкін. Бұл жағдайда автоматты
түрде ерітуге және осылайша
ҚАЗАҚ 9
энергияны үнемдеуге мүмкіндік
беру үшін температураны басқару
тетігін жоғарырақ температураға
орнатыңыз.
Тиісті желдетуді қамтамасыз етіңіз.
Желдеткіш торларды немесе
тесіктерді жаппаңыз.
6.2 Жаңа тағамды тоңазытуға
қатысты ақыл-кеңес
Орташа температура параметрі,
жаңа тағамды жақсы сақтайды.
Құрылғы ішіндегі жоғары
температура параметрі, тағамның
жарамдылық мерзімінің қысқаруына
әкеледі.
Балғындығы мен хош иісін сақтау
үшін тағамның бетін жауып
қойыңыз.
Әрқашан бөлікте иіс немесе хош иіс
болмас үшін сұйықтықтар мен
тағамға арналған жабық
контейнерлерді пайдаланыңыз.
Дайын тағам мен шикі тағам
құрамындағы заттар бір-біріне
араласып кетпес үшін дайын
тағамның бетін жауып, шикі
тағамнан жеке қойыңыз.
Тағамды тоңазытқыштың ішінде
жібіту ұсынылады.
Құрылғының ішіне ыстық тағам
қоймаңыз. Тоңазытқышқа қою
алдында оның бөлме
температурасында салқындағанына
көз жеткізіңіз.
Тағам қалдықтарын болдырмас
үшін жаңа азық-түлік қоры, әрқашан
ескі қордың артқы жағына
орналастырылуы керек.
6.3 Тағамды тоңазыту туралы
кеңестер
Жаңа тағам бөлімі деп
белгіленген (техникалық ақпарат
тақтайшасында).
Ет (барлық түрлері): жарамды
орауышқа орап, көкөніс
тартпасының үстіңгі жағындағы
шыны сөреге қойыңыз. Етті ең көп
1-2 күн сақтаңыз.
Жемістер мен көкөністер: мұқият
тазалаңыз (топырақты кетіріңіз)
және арнайы тартпаға (көкөніс
тартпасы) салыңыз.
Банан, манго, папайя, т.б
экзотикалық жемістерді
тоңазытқышта сақтамаған жөн.
Қызанақ, картоп, пияз және
сарымсақ сияқты көкөністерді
тоңазытқышта сақтауға болмайды.
Май және ірімшік: ауа өткізбейтін
арнайы сауытқа салу немесе ауаны
мүмкіндігінше кіргізбеу үшін
алюминий таспаға орау не
полиэтилен қалтаға салу керек.
Бөтелкелер: қақпақ жауып, есіктің
шөлмек сөресіне немесе шөлмек
сөресіне (бар болса) қойыңыз.
Әрқашан қанша уақыт
сақталатынын білу үшін өнімдердің
жарамдылық мерзімін қараңыз.
7. КҮТУ МЕНЕН ТАЗАЛАУ
ЕСКЕРТУ!
Қауіпсіздік тарауларын
қараңыз.
7.1 Пештің ішін тазалау
Құрылғыны ең алғаш пайдалану
алдында, іші мен барлық ішкі керек-
жарақтарын, аздап бейтарап сабын
қосылған жылы сумен жуып, ондағы
әдетте жаңа затқа тән келетін иісті
жуып, содан кейін мұқият құрғатыңыз.
АБАЙЛАҢЫЗ
Жуғыш заттарды, жеміргіш
ұнтақтарды, хлор немесе
май қосылған жуғыш
заттарды пайдаланбaңыз,
қаптаманы бүлдіреді.
АБАЙЛАҢЫЗ
Құрылғының керек-
жарақтарын және
бөліктерін ыдыс жуғыш
машинамен жууға
болмайды.
www.electrolux.com10
7.2 Мерзімді тазалау
Құрылғыны жиі тазалап отыру керек:
1. Құрылғының іші мен керек-
жарақтарын, аздап бейтарап
сабын қосылған жылы сумен
жуыңыз.
2. Есіктің тығыздағыштарын
уақытылы тексеріп, таза және
қоқыссыз болуын қамтамасыз ету
үшін сүртіңіз.
3. Шайыңыз да, жақсылап
құрғатыңыз.
7.3 Тоңазытқышты жібіту
Әдепкі пайдалану кезінде қырау
тоңазытқыш камерасының
буландырғышынан автоматты түрде
шығады. Еріген су науа арқылы
құрылғының артқы жағында, мотор
компрессорының үстінде орналасқан
арнайы сауытқа жиналады да, сол
жерде буға айналады.
Салат салатын суырмалардың
астыңғы жағындағы еріген су ағатын
тесікті, су ішке қарай ағып, тағамға
тамшыламас үшін мезгіл-мезгіл
тазалап отыру қажет.
Ол үшін құрылғымен бірге жеткізілген
түтік тазартқышты қолданыңыз.
7.4 Ауа өткізетін
саңылауларды тазалау
1. Жақтаушаны (A), содан кейін
желдеткіш торды (B) алыңыз.
C AB
2. Желдеткіш торкөзді тазалаңыз.
("Желдеткіш сүзгіні тазалау"
тарауын қараңыз. )
3. Ауа дефлекторын (C) еппен тартып
шығарыңыз, онда еріген мұздың
суы жиналмағанын тексеріңіз.
4. Құрылғының астыңғы жағын
шаңсорғышпен тазалаңыз.
7.5 Желдеткіш сүзгіні тазалау
Сүзгіні алып, жууға болады.
Бұл құрылғының желдеткіш торы ауа
соратын сүзгімен (1) және ауа
шығаратын түтікшемен (2)
жабдықталған.
2
1
A
B
1. (A) және (B) тілшелерін саусақпен
қысыңыз.
2. Сүзгіні төмен тартыңыз.
3. Сүзгіні шығарып алыңыз.
4. Сүзгіні орнына салу үшін осы
әрекеттерді керісінше орындаңыз.
ҚАЗАҚ 11
7.6 Құрылғыны қолданбаған
кезде
Құрылғыны ұзақ уақыт бойы
қолданбаған кезде мына сақтық
шараларын орындаңыз:
1. Құрылғыны электр желісінен
ажыратыңыз.
2. Тағамдардың барлығын
шығарыңыз.
3. Құрылғыны және оның керек-
жарақтарының барлығын
тазалаңыз.
4. Жағымсыз иіс пайда болмас үшін
есікті ашық қалдырыңыз.
8. АҚАУЛЫҚТЫ ТҮЗЕТУ
ЕСКЕРТУ!
Қауіпсіздік тарауларын
қараңыз.
8.1 Не істерсіз, егер...
Мәселе Ықтимал себептері Шешімі
Құрылғы жұмыс істемейді Құрылғы өшірулі. Құрылғыны қосыңыз.
Қуат ашасы қуат
розеткасына дұрыс
қосылмаған.
Қуат ашасын қуат
розеткасына дұрыс
қосыңыз.
Қуат розеткасында
кернеу жоқ.
Қуат розеткасына басқа
электр құрылғысын
жалғаңыз. Білікті
электршімен
байланысыңыз.
Құрылғы шулы. Құрылғы дұрыс
тірелмеген.
Құрылғының орнықты
тұрғанына көз жеткізіңіз.
Компрессор толассыз
жұмыс істеуде.
Температура дұрыс
орнатылмаған.
"Басқару панелі" тарауын
қараңыз.
Бір мезгілде тым көп
тағам қойылған.
Бірнеше сағат күтіңіз де,
содан кейін
температураны қайта
тексеріңіз.
Бөлме температурасы
тым жоғары.
"Орнату" тарауын
қараңыз.
Құрылғыға салынған
тағам өнімдері тым
жылы.
Тағам өнімдерін
сақтаудан бұрын бөлме
температурасына дейін
салқындатып алыңыз.
Есік дұрыс жабылмаған. "Есікті жабу" бөлімін
қараңыз.
Есік дұрыс тураланбаған
немесе оған желдету
торы кедергі жасап тұр.
Құрылғы деңгейленбеді. Орнату нұсқаулығын
қараңыз.
www.electrolux.com12
Мәселе Ықтимал себептері Шешімі
Есік оңай ашылмайды. Есікті жапқаннан кейін
дереу қайта ашуға әрекет
еттіңіз.
Есікті жауып, содан кейін
қайта ашқанша бірнеше
секунд күтіңіз.
Шам жұмыс істемейді. Шам күту режимінде. Есікті жауып, ашыңыз.
Шамда ақау бар. "Шамды ауыстыру"
бөлімін қараңыз.
Тым көп аяз және мұз
бар.
Есік дұрыс жабылмаған. "Есікті жабу" бөлімін
қараңыз.
Сальник
деформацияланған
немесе лас.
"Есікті жабу" бөлімін
қараңыз.
Тағам өнімдері дұрыс
орнатылмаған.
Тағам өнімдерін
жақсырақ ораңыз.
Температура дұрыс
орнатылмаған.
"Басқару панелі" тарауын
қараңыз.
Құрылғы толығымен
жүктеліп, ең төменгі
температураға
орнатылған.
Жоғарырақ
температураны
орнатыңыз. "Басқару
панелі" тарауын қараңыз.
Құрылғыда орнатылған
температура тым төмен
және қоршаған орта
температурасы тым
жоғары.
Жоғарырақ
температураны
орнатыңыз. "Басқару
панелі" тарауын қараңыз.
Су тоңазытқыштың артқы
тақтасына ағады.
Автоматты түрде жібіту
кезінде артқы
тақтайшадағы аяз ериді.
Бұл дұрыс.
Тоңазытқыштың артқы
жағында
конденсацияланған су
тым көп.
Есік тым жиі ашылған. Есікті қажет кезде ғана
ашыңыз.
Есік толық жабылмаған. Есіктің толық жабылуын
қамтамасыз етіңіз.
Сақталған тағамдар
оралмаған.
Тағамды құрылғыда
сақтау алдында тиісті
орағышпен ораңыз.
Су тоңазытқыштың ішіне
ағуда.
Тағам өнімдері судың су
коллекторына қарай
ағуына бөгет жасайды.
Тағам өнімдерінің артқы
тақтаға тиіп тұрмағанына
көз жеткізіңіз.
Су шығысы бітеліп
қалған.
Су шығысын тазалаңыз.
ҚАЗАҚ 13
Мәселе Ықтимал себептері Шешімі
Су еденге ағады. Еріген су шығысы
құрылғының астындағы
буландырғыш науаға
қосылмаған.
Еріген су шығатын жерді
буландырғыш науаға
жалғаңыз.
Құрылғыдағы
температура тым
төмен/тым жоғары.
Температура дұрыс
орнатылмаған.
Жоғарырақ/төменірек
температураны
орнатыңыз.
Есік дұрыс жабылмаған. "Есікті жабу" бөлімін
қараңыз.
Тағам өнімдерінің
температурасы тым
жоғары.
Тағам өнімдерін сақтау
алдында
температурасын бөлме
температурасына дейін
азайтыңыз.
Бір уақытта көптеген
тағам өнімдері сақталған.
Бір уақытта азырақ тағам
өнімдерін сақтаңыз.
Есік жиі ашылған. Есікті қажет кезде ғана
ашыңыз.
Құрылғыда салқын ауа
айналымы жоқ.
Құрылғыда салқын ауа
айналымының бар
екеніне көз жеткізіңіз.
"Ақыл-кеңестер және
ұсыныстар" тарауын
қараңыз.
Егер берілген кеңес
қажетті нәтижені бермесе,
ең жақын орналасқан
Уәкілетті қызмет көрсету
орталығына қоңырау
шалыңыз.
8.2 Шамды ауыстыру
Құрылғы қолданыс мерзімі
ұзақ LED ішкі жарықтама
шамымен жабдықталған.
Тек түпнұсқа қосалқы
бөлшектерді пайдалануды
қатаң ескертеміз.
LED шамдарын ғана (E14
негізгі) пайдаланыңыз. Ең
үлкен қуат мәні шам
элементінде көрсетіледі.
АБАЙЛАҢЫЗ
Ашаны розеткадан
ағытыңыз.
1. Шамның қақпағындағы бұранданы
бұранда бұрағышпен алыңыз.
2. Шамның қақпағын көрсеткі
бағытымен алыңыз.
3. Шамның орнына тұрмыстық
құрылғыларға ғана арналған, қуат
параметрлері дәл сондай бір шам
салыңыз.
www.electrolux.com14
4. Шамның қақпағын орнына қайта
салыңыз.
5. Шамның қалпағын бұрандамен
қатайтыңыз.
6. Ашаны розеткаға сұғыңыз.
7. Есікті ашыңыз.
Шамның қосылатынына көз
жеткізіңіз.
8.3 Есікті жабу
1. Есіктің тығыздағыштарын
тазалаңыз.
2. Қажет болса, есікті реттеңіз.
Орнату нұсқаулықтарын қараңыз.
3. Қажет болса, зақым келген
тығыздағыштарды өзгертіңіз.
Уәкілетті қызмет көрсету
орталығына хабарласыңыз.
9. ШУЫЛ ТҮРЛЕРІ
SSSRRR!
CLICK!
HISSS!
BRRR!
BLUBB!
10. ТЕХНИКАЛЫҚ ДЕРЕКТЕР
Техникалық ақпарат құрылғының ішкі
жағындағы техникалық ақпарат
тақтайшасында және қуат
жапсырмасында көрсетілген.
Кернеу Жиілік
220 - 240 В 50 Гц
11. СЫНАҚ ИНСТИТУТТАРЫНА АРНАЛҒАН АҚПАРАТ
Құрылғы EcoDesign тексерісінен өте
алу үшін EN 62552 стандартына сай
орнатылуы және жасалуы керек.
Желдетуге қойылатын талаптар,
ҚАЗАҚ 15
құрылғының арты мен қабырға
арасындағы саңылаудың ең аз
өлшемдері Пайдаланушы нұсқауының
3--тарауда көрсетілгендей болуы тиіс.
Құрылғыны толтыру және басқа
қосымша ақпараттар үшін өндірушіге
хабарласыңыз.
12. ҚОРШАҒАН ОРТАҒА ҚАТЫСТЫ ЖАҒДАЙЛАР
Белгі салынған материалдарды
қайта өңдеуден өткізуге тапсырыңыз.
Орам материалдарын қайта өңдеуден
өткізу үшін тиісті контейнерлерге
салыңыз. Электрлік және
электроникалық құрылғылардың
қалдығын қайта өңдеуден өткізу
арқылы, қоршаған ортаға және
адамның денсаулығына зиын
келтіретін жағдайларға жол бермеуге
өз үлесіңізді қосыңыз. Белгі
салынған құрылғыларды тұрмыстық
қалдықтармен бірге тастамаңыз.
Өнімді жергілікті қайта өңдеу
орталығына өткізіңіз немесе жергілікті
мекемеге хабарласыңыз.
Осы өнімнің өндірілген күні сериялық нөмірде көрсетілген,
оның нөмірінің бірінші саны өндірілген жылдың соңғы
санына, екінші және үшінші сандар аптаның реттік нөміріне
сәйкес келеді. Мысалы, 14512345 сериялық нөмірі өнім 2021
жылдың қырық бесінші аптасында өндірілгенін білдіреді.
Өндіруші: Electrolux Appliances AB, St. Göransgatan 143, 105
45 Stockholm, Швеция
Импорттаушы және өндірушінің уәкілетті ұйымы:
OOO «Электролюкс Рус», Кожевнический проезд 1, 115114,
Мәскеу/Москва, тел.: 8-800-444-444-8
Венгрияда жасалған
www.electrolux.com16
СОДЕРЖАНИЕ
1. СВЕДЕНИЯ ПО ТЕХНИКЕ БЕЗОПАСНОСТИ...............................................18
2. УКАЗАНИЯ ПО БЕЗОПАСНОСТИ................................................................. 20
3. УСТАНОВКА.................................................................................................... 22
4. ПАНЕЛЬ УПРАВЛЕНИЯ................................................................................. 24
5. ЕЖЕДНЕВНОЕ ИСПОЛЬЗОВАНИЕ.............................................................. 25
6. ПОЛЕЗНЫЕ СОВЕТЫ.....................................................................................25
7. УХОД И ОЧИСТКА.......................................................................................... 26
8. ПОИСК И УСТРАНЕНИЕ НЕИСПРАВНОСТЕЙ............................................28
9. ШУМЫ ПРИ РАБОТЕ......................................................................................32
10. ТЕХНИЧЕСКИЕ ДАННЫЕ............................................................................ 32
11. ИНФОРМАЦИЯ ДЛЯ ТЕСТИРУЮЩИХ ОРГАНИЗАЦИЙ...........................32
МЫ ДУМАЕМ О ВАС
Благодарим вас за приобретение прибора Electrolux. Вы выбрали изделие,
за которым стоят десятилетия профессионального опыта и инноваций.
Уникальное и стильное, оно создавалось с заботой о вас. Поэтому когда бы
вы ни воспользовались им, вы можете быть уверены: результаты всегда
будут превосходными.
Добро пожаловать в Electrolux!
На нашем веб-сайте вы сможете:
Найти рекомендации по использованию изделий, руководства по
эксплуатации, мастер устранения неисправностей, информацию о
техническом обслуживании:
www.electrolux.ru/support
Зарегистрировать свое изделие для улучшения обслуживания:
www.promo.electrolux.ru
Приобрести дополнительные принадлежности, расходные материалы и
фирменные запасные части для своего прибора:
www.electrolux-1.ru
ПОДДЕРЖКА ПОТРЕБИТЕЛЕЙ И СЕРВИСНОЕ
ОБСЛУЖИВАНИЕ
Мы рекомендуем использовать оригинальные запчасти.
При обращении в сервис-центр следует иметь под рукой следующую
информацию: модель, продуктовый номер (PNC), серийный номер.
Данная информация находится на табличке с техническими данными.
Внимание / Важные сведения по технике безопасности.
Общая информация и рекомендации
Информация по охране окружающей среды
Право на изменения сохраняется.
РУССКИЙ 17
1. СВЕДЕНИЯ ПО ТЕХНИКЕ БЕЗОПАСНОСТИ
Перед установкой и эксплуатацией прибора
внимательно ознакомьтесь с приложенным
руководством. Производитель не несет
ответственность за какие-либо травмы или ущерб,
возникшие вследствие неправильной установки или
эксплуатации. Всегда храните эту Инструкцию под
рукой в надежном месте для последующего
использования.
1.1 Безопасность детей и лиц с ограниченными
возможностями
Данный прибор может эксплуатироваться детьми
старше 8 лет и лицами с ограниченными
физическими, сенсорными или умственными
способностями и с недостаточным опытом или
знаниями только при условии нахождения под
присмотром лица, отвечающего за их
безопасность, или после получения
соответствующих инструкций, позволяющих им
безопасно эксплуатировать электроприбор и
дающих им представление об опасности,
сопряженной с его эксплуатацией.
Детям в возрасте от 3 до 8 лет разрешается
загружать и разгружать прибор при условии
надлежащего инструктажа.
Допускается использование прибора лицами с
ярко выраженными и комплексными нарушениями
здоровья при условии надлежащего инструктажа.
Детям младше 3 лет запрещается находиться
рядом с прибором, если только за ними не
обеспечивается постоянный надзор взрослых.
Не позволяйте детям играть с прибором.
Очистка и доступное пользователю техническое
обслуживание прибора не должно производиться
без присмотра - детьми.
www.electrolux.com18
Храните все упаковочные материалы вне
досягаемости детей и утилизируйте материалы
надлежащим образом.
1.2 Общие правила техники безопасности
Прибор предназначен для домашнего бытового и
аналогичного применения, например:
В сельских жилых домах; в помещениях,
служащих кухнями для обслуживающего
персонала в магазинах, офисах и на других
рабочих местах;
Для использования клиентами отелей, мотелей
мини-гостиниц типа «ночлег и завтрак» и других
мест проживания.
Во избежание загрязнения продуктов соблюдайте
следующие инструкции:
не оставляйте дверцу открытой на долгое
время;
регулярно очищайте поверхности, которые
могут контактировать с пищей и доступными
частями систем слива;
при хранении в холодильнике сырых мяса и
рыбы подбирайте им подходящие контейнеры
так, чтобы они не касались других продуктов и
не закапывали их.
ВНИМАНИЕ: Не перекрывайте вентиляционные
отверстия в корпусе прибора или в мебели, в
которую он встроен.
ВНИМАНИЕ: Не используйте механические
устройства или любые другие средства, кроме
рекомендованных производителем, для ускорения
процесса размораживания.
ВНИМАНИЕ: Не допускайте повреждения контура
холодильника.
ВНИМАНИЕ: Не используйте внутри отсеков для
хранения пищевых продуктов электрические
приборы, если они не рекомендованы
производителем.
РУССКИЙ 19
Не используйте для очистки прибора подаваемую
под давлением воду или пар.
Протирайте прибор мягкой влажной тряпкой.
Используйте только нейтральные моющие
средства. Не используйте абразивные средства,
жесткие губки, растворители и металлические
предметы.
При оставлении прибора пустым в течение
длительного времени выключите его, разморозьте,
очистите, вытрите и оставьте дверцу открытой во
избежание образования плесени внутри прибора.
Не используйте прибор для хранения
взрывоопасных веществ, таких как аэрозольные
баллоны с взрывоопасным газом-вытеснителем.
В случае повреждения шнура питания во
избежание несчастного случая он должен быть
заменен изготовителем, авторизованным
сервисным центром или специалистом с
аналогичной квалификацией.
2. УКАЗАНИЯ ПО БЕЗОПАСНОСТИ
2.1 Установка
ВНИМАНИЕ!
Установка прибора должна
осуществляться только
квалифицированным
специалистом!
Удалите всю упаковку.
Не устанавливайте и не
подключайте прибор, если он имеет
повреждения.
Не эксплуатируйте прибор до его
установки в мебель, в которую он
должен быть встроен, в целях
соблюдения мер безопасности.
Следуйте приложенной к прибору
Инструкции по установке.
Никогда не забывайте о мерах
предосторожности при его
перемещении: прибор имеет
большой вес. Всегда используйте
защитные перчатки и закрытую
обувь.
Убедитесь, что вокруг прибора
имеется достаточная вентиляция.
Перед первой установкой или
перевешиванием дверцы
подождите не мене 4 часов, прежде
чем подключать прибор к сети
электропитания. Это необходимо
сделать для того, чтобы масло
могло вернуться в компрессор.
Перед выполнением любой
операции с прибором (например,
перевешивание дверцы) выньте
вилку из сетевой розетки.
Не устанавливайте прибор рядом с
радиаторами отопления, кухонными
плитами, духовыми шкафами или
варочными панелями.
Не подвергайте прибор
воздействию дождя.
Не устанавливайте прибор там, где
на него может падать прямой
солнечный свет.
Не устанавливайте прибор в
слишком влажных или холодных
местах.
www.electrolux.com20
/