Electrolux RFB3AF12S Руководство пользователя

  • Привет! Я прочитал инструкцию по эксплуатации холодильника Electrolux RFB3AF12S и готов ответить на ваши вопросы. В инструкции описаны функции управления температурой, функция быстрого замораживания, рекомендации по уходу и полезные советы по использованию. Задавайте вопросы!
  • Как включить холодильник?
    Как работает функция FastFreeze?
    Что делать, если холодильник не работает?
    Как часто нужно размораживать холодильник?
    Как заменить лампочку?
RFB3AF12S
KK Тоңазытқыш Қолдану туралы нұсқаулары 2
RU Холодильник Инструкция по эксплуатации 22
UK Холодильник Інструкція 43
МАЗМҰНЫ
1. ҚАУІПСІЗДІК АҚПАРАТЫ................................................................................. 2
2. ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЛАРЫ............................................................................ 5
3. ОРНАТУ............................................................................................................. 7
4. БАСҚАРУ ПАНЕЛІ.............................................................................................9
5. ӘРКҮНДІК ҚОЛДАНУ......................................................................................10
6. АҚЫЛ-КЕҢЕС.................................................................................................. 12
7. КҮТУ МЕНЕН ТАЗАЛАУ................................................................................. 14
8. АҚАУЛЫҚТЫ ТҮЗЕТУ.....................................................................................16
9. ШУЫЛ ТҮРЛЕРІ.............................................................................................. 20
10. ТЕХНИКАЛЫҚ ДЕРЕК...................................................................................20
11. СЫНАҚ ИНСТИТУТТАРЫНА АРНАЛҒАН АҚПАРАТ..................................20
СІЗ ОЙЫМЫЗДА БОЛДЫҢЫЗ
Electrolux құрылғысын сатып алғаныңызға рахмет. Сіз ондаған жылдар
бойғы кәсіби тәжірибе мен инновацияға сүйеніп жасалған құрылғыны
таңдадыңыз. Тапқырлықтың туындысы болған, көз тартарлық бұл құрылғыны
жасау барысында сіз ойымызда болдыңыз. Сондықтан, қолданған сайын
тамаша нәтижеге қол жеткізе алатыныңызға сенімді болыңыз.
Electrolux әлеміне қош келдіңіз.
Біздің веб-сайтқа барып келесіні қараңыз:
Пайдалануға қатысты кеңесті, кітапша, ақаулықты түзету, қызмет көрсету
және жөндеу туралы ақпаратты мына жерден алыңыз:
www.electrolux.com/support
Сізге барынша жақсы қызмет көрсету үшін өніміңізді мына жерге тіркеңіз:
www.registerelectrolux.com
Құрылғыңызға қажетті керек-жарақтарды, шығынды материалдарды және
фирмалық қосалқы бөлшектерді сатып алу үшін:
www.electrolux.com/shop
ТҰТЫНУШЫҒА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
Фирмалық заттарды қолдануды ұсынамыз.
Қызмет көрсету орталығына хабарласқанда келесі деректердің дайын
болуын қамтамасыз етіңіз. Үлгісі, Өнім нөмірі, Сериялық нөмірі.
Деректерді техникалық ақпарат тақтайшасынан алуға болады.
Ескерту / Қауіп-қатерден сақтандыру ақпараты
Жалпы ақпарат және ақыл-кеңес
Қоршаған ортаға қатысты ақпарат
Өндіруші ескертусіз өзгеріс енгізу құқығына ие.
1. ҚАУІПСІЗДІК АҚПАРАТЫ
Құрылғыны орнатып іске қолданар алдында бірге
жеткізілген нұсқауларды мұқият оқып шығыңыз.
www.electrolux.com2
Дұрыс орнатпау немесе пайдаланбау нәтижесінде
орын алған жарақат немесе зақымға өндіруші
жауапты емес. Нұсқаулықтарды кейін қарап жүру
үшін әрқашан қауіпсіз және қол жетімді жерде
сақтаңыз.
1.1 Балалар мен әлсіз адамдардың қауіпсіздігі
Бұл құрылғыны 8 жастан асқан балалар мен
денесіне, сезім жүйесіне не ақыл-есіне зақым
келген не тәжірибесі аз адамдар өз қауіпсіздіктерін
қамтамасыз ететін адамның қадағалауы не
құрылғыны қауіпсіз қолдану бойынша берген
нұсқауына сүйеніп, дұрыс қолданбау салдарын
түсінсе, онда қолдануына болады.
3 және 8 жас арасындағы балаларға тиісті
нұсқаулар берілсе, оларға құрылғыны толтыруға
және босатуға рұқсат етіледі.
Бұл құрылғыны мүмкіндіктері өте шектеулі мүгедек
адамдар тиісті нұсқаулар алған болса пайдалана
алады.
3 жасқа толмаған балаларды үнемі қарап
отырмаған жағдайда құрылғыдан алыс ұстау керек.
Балаларға құрылғымен ойнауға рұқсат бермеңіз.
Балалар құрылғыны жөндеу және тазалау
жұмыстарын бақылаусыз орындамауы керек.
Барлық орам материалдарын балалардан алыс
ұстап, қоқысқа тиісті түрде тастау керек.
1.2 Қауіпсіздік туралы жалпы ақпарат
Бұл құрылғы үйде не сол сияқты төменде аталған
жерлерде пайдалану үшін жасалған:
Фермадағы үйлердің; дүкендердегі, кеңселер
мен басқа жұмыс орындарындағы
қызметкерлерге арналған ас бөлмелерде;
Қонақ үйлерде, мотельдерде, төсек және таңғы
аспен қамтамасыз ететін қонақжайларда және
басқа тұрғынды жерлерде.
ҚАЗАҚ 3
Тағам ластанбас үшін келесі нұсқауларды
орындаңыз:
есікті ұзақ уақыт бойы ашпаңыз;
тағаммен және қол жетімді су ағатын
жүйелерімен жанасатын беттерді үнемі
тазалаңыз;
шикі ет пен балықты басқа азық-түліктерге тиіп,
сөлдері ағып кетпес үшін қолайлы
контейнерлерге салып тоңазытқышта сақтаңыз.
ЕСКЕРТУ: Құрылғының корпусындағы немесе
кіріктірілген элементіндегі желдеткіш
саңылауларды бітемей, ашық ұстаңыз.
ЕСКЕРТУ: Өндіруші ұсынысынан басқа,
механикалық құрылғыларды немесе басқа
құралдарды еріту үрдісін жылдамдату үшін
пайдаланбаңыз.
ЕСКЕРТУ: Салқындатқыш жүйенің контурын
зақымдамаңыз.
ЕСКЕРТУ: Өндіруші ұсынған үлгіге сәйкес
келмейтін электр жабдықтарын құрылғының азық-
түлік сақтайтын бөліктерінде қолданбаңыз.
Құрылғыны тазалау үшін сулы спрейді және буды
қолданбаңыз.
Құрылғыны дымқыл жұмсақ шүберекпен
тазалаңыз. Тек бейтарап жуғыш заттарды
қолданыңыз. Жеміргіш заттарды, түрпілі жөкелерді,
еріткіштерді немесе металл заттарды
пайдаланбаңыз.
Құрылғы ұзақ уақыт бойы бос тұрса, оны сөндіріңіз,
жібітіңіз, тазалап, құрғатыңыз және құрылғының
ішінде зең пайда болмас үшін есікті ашық
қалдырыңыз.
Бұл құрылғыда жанғыш заты бар аэрозольдық
баллондар сияқты жарылыс қауіпті заттарды
сақтамаңыз.
Егер қуат cымына зақым келсе, қатерден сақтану
үшін оны өндіруші немесе уәкілетті қызмет көрсету
www.electrolux.com4
орталығы немесе сол сияқты білікті маман
ауыстыруға тиіс.
2. ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЛАРЫ
2.1 Орнату
ЕСКЕРТУ!
Бұл құрылғыны тек білікті
маман ғана орнатуға тиіс.
Орам материалдарының барлығын
алыңыз.
Бүлінген құрылғыны орнатпаңыз
немесе іске қоспаңыз.
Қауіпсіздік техникасына
байланысты құрылғыны кіріктіріп
орнату алдында қолданбаңыз.
Құрылғымен бірге жеткізілген
орнату нұсқауларын орындаңыз.
Құрылғы ауыр болғандықтан,
орнынан жылжытқан кезде әрқашан
абай болыңыз. Әрқашан қауіпсіздік
қолғабы мен бітеу аяқ киім киіңіз.
Құрылғының айналасында ауа
айналып тұруын қамтамасыз етіңіз.
Алғаш рет орнатқаннан кейін не
есіктің орнын ауыстырғаннан кейін
құрылғыны тоққа қосу алдында
кемінде 4 сағат күтіңіз. Бұл майдың
компрессорға қайта құйылуына
мүмкіндік беру үшін қажет.
Құрылғыға қатысты қандай да бір
жұмыс орындау алдында (мысалы,
есіктің орнын ауыстырғанда) ашаны
розеткадан ағытыңыз.
Құрылғыны радиаторға немесе
пештерге, тұмшапешке не пештің
үстіне жақын орнатпаңыз.
Құрылғыны жаңбырға шығармаңыз.
Құрылғыны күннің жарығы тура
түсетін жерге қоймаңыз.
Бұл құрылғыны тым ылғал немесе
тым суық жерге орнатпаңыз.
Құрылғыны жылжытқан кезде,
еденге сызат түсіріп алмау үшін
алдыңғы бұрышынан ұстап
көтеріңіз.
2.2 Электртоғына қосу
ЕСКЕРТУ!
Өрт және электр қатеріне
ұшырау қаупі бар.
ЕСКЕРТУ!
Құрылғыны орнатқанда
қуат сымының кептеліп
немесе оған нұқсан
келмегеніне көз жеткізіңіз.
ЕСКЕРТУ!
Көп тармақты адаптерлер
мен ұзартқыш сымдарды
қолданбаңыз.
Құрылғыны міндетті түрде жерге
тұйықтау қажет.
Техникалық ақпарат тақтасындағы
параметрлердің негізгі қуатпен
жабдықтау желісіндегі электр
параметрлеріне сәйкес келетініне
көз жеткізіңіз.
Әрқашан дұрыс орнатылған,
соққыға төзімді розетканы
қолданыңыз.
Электр бөлшектеріне зақым
келтірмеңіз (мысалы, ашасына,
сымына, компрессорға). Электр
бөлшектерін ауыстыру үшін қызмет
уәкілетті көрсету орталығына
немесе электршіге хабарласыңыз.
Қорек сымы ашаның деңгейінен
төмен орналасуға тиіс.
Құрылғының ашасын розеткаға тек
құрылғыны орнатып болғаннан
кейін ғана қосыңыз. Орнатып
болғаннан кейін ашаның қол
жететін жерде тұрғанына көз
жеткізіңіз.
Құрылғыны ажырату үшін электр
сымынан тартпаңыз. Әрдайым
қорек ашаны қолмен тартып
шығарыңыз.
2.3 Қолдану
ЕСКЕРТУ!
Жарақат алу, күйіп қалу,
электр тоғының қатеріне
ұшырау не өрт шығу қаупі
бар.
ҚАЗАҚ 5
Құрылғының құрамында жылдам
тұтанатын изобутон (R600a), қоршаған
ортамен сыйысымдылығы өте жоғары
табиғи газ бар. Изобутоны бар
салқындатқыш жүйеге зақым келтіріп
алмас үшін абай болыңыз.
Бұл құрылғының техникалық
сипаттамасын өзгертпеңіз.
Электр құрылғыларын (мысалы,
балмұздақ жасағыш құрылғы) егер
өндірушісі арнайы көрсетпесе,
құрылғыға салуға болмайды.
Егер салқындатқыш жүйеге зақым
келсе, бөлмеде ешбір оттың
жалыны және тұтануға себеп
болатын көздердің болмауын
қамтамасыз етіңіз. Бөлмені
желдетіңіз.
Ыстық заттарды құрылғының
пластик бөліктеріне тигізбеңіз.
Алкогольсыз сусындарды
мұздатқыш бөлікке қоймаңыз.
Себебі сусынның ыдысында қысым
пайда болады.
Құрылғыда тұтанғыш газ бен
сұйықтықты сақтамаңыз.
Тұтанғыш заттарды немесе ішіне
тұтанғыш зат салынған дымқыл
заттарды құрылғының ішіне, қасына
немесе үстіне қоймаңыз.
Компрессорға немесе
конденсаторға қол тигізбеңіз. Олар
ыстық.
Қолыңыз су немесе дымқыл болса
мұздатқыш бөліктегі заттарды
алмаңыз немесе ұстамаңыз.
Жібіген тағамды қайта
мұздатпаңыз.
Мұздатылған тағамның
орамындағы тағам сақтау
нұсқауларын орындаңыз.
Тағамды мұздатқыш бөлікке салмас
бұрын, басқа тағамға тимес үшін
материалмен ораңыз.
2.4 Ішкі жарықтама
ЕСКЕРТУ!
Электр қатері бар.
Осы өнімнің ішіндегі шам(дар) мен
шамдардың қосалқы бөлшектері
жеке сатылады: Бұл шамдар
температура, діріл, ылғалдылық
сияқты төтенше физикалық
жағдайларға тұрмыстық
құрылғылардың қарсы тұруына
немесе құрылғының жұмыс
жағдайы туралы сигнал беруге
арналған. Олар басқа
қолданбаларда пайдалануға
арналмаған және тұрғын үйлерді
жарықтандыруға сәйкес келмейді.
2.5 Күту менен тазалау
ЕСКЕРТУ!
Жарақат алу немесе
құрылғыны бүлдіріп алу
қаупі бар.
Құрылғыны жөндеу алдында электр
желісінен ағытып, ашасын
розеткадан суырыңыз.
Бұл құрылғының салқындатқыш
жүйесінде көмірсутек бар. Жүйеге
күтім көрсету және оны қайта
толтыру жұмыстарын тек білікті
маман ғана іске асыруға тиіс.
Құрылғының су төгетін түтіктерін
уақытылы тексеріңіз, егер тазалау
керек болса тазалаңыз. Су ағатын
түтік бітелсе, еріген су құрылғының
табанына жиналады.
2.6 Сервис
Құрылғыны жөндеу үшін уәкілетті
қызмет көрсету орталығына
хабарласыңыз. Тек ғана фирмалық
қосалқы бөлшектерді қолданыңыз.
Өз бетінше жөндеу немесе кәсіби
емес жөндеу қауіпті және кепілдіктің
күшін жоюға әкелуі мүмкін екенін
ескеріңіз.
2.7 Құрылғыны тастау
ЕСКЕРТУ!
Жарақат алу немесе
тұншығып қалу қаупі бар.
Құрылғыны электр желісінен
ажыратыңыз.
Қуат сымын кесіп алыңыз да,
қоқысқа тастаңыз.
Балалар мен жануарлар құрылғы
ішіне қамалып қалмас үшін есікті
ағытып алыңыз.
www.electrolux.com6
Құрылғының салқындатқыш жүйесі
мен изоляция материалдарының
озонға зияны жоқ.
Изоляция көбігінің құрамында
тұтанғыш газ бар. Құрылғыны
қоқысқа дұрыс тастауға қатысты
ақпаратты жергілікті әкімшілік
мекемеге хабарласып алыңыз.
Салқындатқыш жүйенің қызу
алмастырғышқа жақын орналасқан
жеріндегі бөлігіне зақым
келтірмеңіз.
3. ОРНАТУ
ЕСКЕРТУ!
Қауіпсіздік тарауларын
қараңыз.
ЕСКЕРТУ!
Құрылғыны орнату үшін
орнату туралы
нұсқаулықты қараңыз.
ЕСКЕРТУ!
Құрылғы орнықсыз болмас
үшін құрылғыны орнату
туралы нұсқаулыққа сәйкес
бекітіңіз.
3.1 Өлшемдер
B
A
H1
W1
D1
W2
D2
W3
D3
9
ҚАЗАҚ 7
Жалпы өлшемдер ¹
H1 мм 1218
W1 мм 548
D1 мм 549
¹ құрылғының тұтқасыз және
табандарсыз биіктігі, ені және тереңдігі
Пайдалану кезінде қажет кеңістік ²
H2 (A+B) мм 1261
W2 мм 548
D2 мм 551
A мм 1225
B мм 36
² тұтқаны қосқанда, құрылғының
биіктігі, ені және тереңдігі, плюс
салқындату ауасының еркін
айналымына қажетті кеңістік
Қолдануға қажетті жалпы кеңістік ³
H3 (A+B) мм 1261
W3 мм 548
D3 мм 1071
³ тұтқаны қосқанда, құрылғының
биіктігі, ені және тереңдігі, плюс
салқындату ауасының еркін
айналымына қажетті кеңістік, плюс
барлық ішкі жабдықтарды алып
тастауға мүмкіндік беретін минималды
бұрышқа дейін есікті ашуға қажетті
кеңістік
3.2 Орналасуы
Құрылғы жақсы жұмыс істеуі үшін
құрылғыны жылу көзіне жақын жерде
(тұмшапеш, пеш, радиатор немесе
плита) немесе күн сәулесі тура түсетін
жерге орнатпаңыз. Ауаның корпустың
артқы жағында еркін айналатынына
көз жеткізіңіз.
Бұл құрылғыны құрғақ, жақсы
желдетілетін жерге орнату керек.
Бұл құрылғы 10°C бастап 43°C дейінгі
қоршаған орта температурасында
пайдалануға арналған.
Дұрыс температура
ауқымында пайдаланғанда
ғана құрылғы жұмысының
дұрыс болатынына кепілдік
беріледі.
Құрылғыны орнататын
жерді дұрыс анықтай
алмасаңыз, сатушыға,
сатып алушыға қызмет
көрсету немесе жақын
жердегі уәкілетті қызмет
көрсету орталығына
хабарласыңыз.
Құрылғыны электр
желісінен ажырату
мүмкіндігі болуы керек.
Орнатқаннан кейін ашаға
қол жету оңай болу керек.
3.3 Электртоғына қосу
Токқа қоспас бұрын техникалық
ақпарат тақтайшасында көрсетілген
кернеу мен жиіліктің үйдегі қуат
көзіне сәйкес келетіндігін тексеріңіз.
Құрылғыны міндетті түрде жерге
тұйықтау қажет. Бұл үшін қуат
кабелінің ашасы контактпен
қамтамасыз етілген. Егер қуатпен
жабдықтау жүйесінің розеткасы
жерге тұйықталмаса, құрылғыны
білікті электршіден кеңес алып,
қолданыстағы ережелерді орындай
отырып, жерге жеке тұйықтау керек.
Жоғарыда көрсетілген қауіпсіздік
шаралары сақталмаса, өндіруші
жауапкершіліктен бас тартады.
Бұл құрылғы E.E.C. ережелеріне
сай келеді.
3.4 Желдету талаптары
Құрылғы артындағы ауа ағыны
жеткілікті болуы керек.
www.electrolux.com8
5 cm
min.
200 cm
2
min.
200 cm
2
АБАЙЛАҢЫЗ
Қондырғыны орнату
нұсқауларын қараңыз.
3.5 Есіктің ашылатын жағын
өзгерту
Есікті орнату және ашылатын жағын
өзгерту жөніндегі нұсқаулықтары бар
жеке құжатқа жүгініңіз.
АБАЙЛАҢЫЗ
Есікті басқаша ашылатын
етіп өзгерту кезінде еденге
сызаттан қорғайтын
материал төсеңіз.
4. БАСҚАРУ ПАНЕЛІ
1 2
4 3
1 2
4 3
1. Температураның LED индикаторы
2. FastFreeze индикаторы
3. FastFreeze түймешігі
4. Температура тетігі
ON/OFF түймешігі
4.1 Іске қосу
1. Ашаны розеткаға сұғыңыз.
2. Барлық LED индикаторлары
сөндірулі тұрса, температура
тетігін түртіңіз.
4.2 Сөндіру
Температураны реттеу түймешігін 3
секунд түртіп тұрыңыз.
Барлық индикаторлар сөндірулі.
4.3 Температураны реттеу
Құрылғыны іске қосу үшін температура
тетігін қажетті температураға сай
келетін LED жанғанша басыңыз. 2°C
градустан 8°C градусқа дейінгі
аралықты таңдауға болады.
Ұсынылатын параметр: 4°C градус.
1. Температура тетігін түртіңіз.
Қазіргі температура индикаторы
жыпылықтайды. Температура тетігін
түрткен сайын параметр бір орынға
жылжиды. Тиісті LED біраз уақыт
жыпылықтайды.
2. Температура тетігін қажетті
температура таңдалғанша түртіңіз.
Таңдалған температура 24
сағат ішінде орнайды.
Электр қуаты үзіліп қалса,
орнатылған температура
сақтаулы қалады.
4.4 FastFreeze функциясы
FastFreeze функциясы мұздатқыш
бөлікте алдын-ала мұздату және
жылдам мұздату үшін қолданылады.
Бұл функция жаңа тағамды тездетіп
мұздатумен қатар, мұздатқыш
камерада сақталып тұрған тағам
өнімдерін жылудың әсерінен қорғайды.
ҚАЗАҚ 9
Жаңа тағамды мұздату
үшін FastFreeze
функциясын тағамды
мұздату алдында кем
дегенде 24 сағат бұрын
қосыңыз.
FastFreeze функциясын іске қосу үшін
FastFreeze түймешігін басыңыз.
FastFreeze индикаторы жанады.
Бұл функция 52 сағаттан
кейін өздігінен тоқтайды.
Функцияны кез келген уақытта
FastFreeze түймешігін қайта басып,
сөндіруге болады. FastFreeze
индикаторы сөнеді.
4.5 Есік ашық сигналы
Егер тоңазытқыштың есігі шамамен 5
минут ашық тұрса, дыбыстық сигнал
қосылады.
Ескерту сигналы естіліп тұрғанда кез
келген түймешікті басып ескерту
сигналын өшіруге болады. Дыбыс
кедергі болмас үшін шамамен бір
сағаттан кейін автоматты түрде өшеді.
Есікті жапқаннан кейін ескерту сигналы
сөнеді.
5. ӘРКҮНДІК ҚОЛДАНУ
5.1 Есіктің сөрелерін
орналастыру
Әр түрлі мөлшерде оралған
тағамдарды орналастыру үшін есіктегі
сөрелерді түрлі биіктікке қоюға
болады.
1. Сөрені алынғанша баяу тартыңыз.
2. Қажеттілікке қарай орнын
ауыстырыңыз.
1
2
5.2 Жылжымалы сөрелер
Тоңазытқыштың қабырғасында
сөрелерді қалауыңызша
орналастыруға арналған бірнеше
бағыттауыш бар.
Ауаның дұрыс айналымын
қамтамасыз ету үшін,
көкөніс салынатын
тартпаның бетіндегі шыны
сөрені алмаңыз.
5.3 Көкөніс тартпасы
Құрылғының төменгі бөлігінде
жемістер мен көкөністерді сақтауға
арналған арнайы тартпа бар.
5.4 Ылғалдылықты басқару
Шыны сөре көкөніс салынатын
сөре(лер)дің ылғалдылығын реттеуге
мүмкіндік беретін саңылаулары
(сырғыма тетіктің көмегімен
реттелетін) бар құралмен
жабдықталған.
www.electrolux.com10
Ылғалдылықты басқару жемістердің
және көкөністердің түрі мен мөлшеріне
байланысты:
Саңылаулар жабық: жемістер мен
көкөністер аз мөлшерде болған
кезде ұсынылады. Осылайша,
жемістер мен көкөністердегі табиғи
ылғалдылық ұзақ сақталады.
Саңылаулар ашық: жемістер мен
көкөністер көп мөлшерде болған
кезде ұсынылады. Осылайша,
көбірек ауа айналымы ауа
ылғалдылығын төмендетеді.
5.5 Жаңа тағамды мұздату
Мұздатқыш бөлік жаңа тағамды
мұздату мен тоңазыған және
мұздатылған тағамдарды ұзақ уақыт
сақтауға жарайды.
Жаңа тағамды мұздату үшін
FastFreeze функциясын,
мұздатылатын тағамды мұздатыш
бөлікке қоярдың алдында, кем дегенде
24 сағат бұрын қосыңыз.
Жаңа тағамды барлық камераларға
немесе тартпаларға біркелкі
орналастырып, сақтаңыз.
24 сағат ішінде басқа жаңа тағам
қоспай ақ тоңазытуға болатын
тағамның ең көп мөлшері техникалық
ақпарат тақтайшасында көрсетілген
(заттаңба құрылғының ішінде
орналасқан).
Мұздату үрдісі аяқталған кезде
құрылғы автоматты түрде алдыңғы
температура параметріне оралады
("FastFreeze функциясы" тарауын
қараңыз).
Бұл жағдайда тоңазытқыш
ішіндегі температура аздап
өзгеруі мүмкін.
5.6 Қатырылған тағамды
сақтау
Құрылғыны бірінші рет немесе
пайдаланбау кезеңінен кейін іске
қосқанда, өнімдерді бөлімге қоймас
бұрын FastFreeze функциясы қосулы
кезде құрылғы кемінде 3 сағат жұмыс
істеуі керек.
Тағамды есікке 15 мм артық жақын
қоймаңыз.
АБАЙЛАҢЫЗ
Электр қуатының өшуі
секілді күтілмеген еру
жағдайында электр қуаты
«көтерілу уақыты»
астындағы техникалық
деректер тақтасында
көрсетілген мәннен
ұзағырақ өшкен болса,
еріген тағамды жылдам
тұтыну немесе дереу
пісіру, кейін салқындатып
қайта қатыру керек
болады.
5.7 Жібіту
Қатты мұздатылған немесе
мұздатылған тағамды қолдану
алдында оны тоңазытқышта немесе
полиэтилен қалтаға салып, салқын
судың астында ерітуге болады.
Бұл жұмыс қол жетімді уақыт пен
тамақ түріне байланысты болады.
Кішкене кесектерді мұздатылған күйі
пісіруге болады.
ҚАЗАҚ 11
6. АҚЫЛ-КЕҢЕС
6.1 Қуатты үнемдеуге
арналған кеңестер
Тоңазытқыш: Қуатты неғұрлым
тиімді пайдалану құрылғының
төменгі бөлігіндегі жылжымалы
тартпалары бар конфигурацияда
және біркелкі бөлінген сөрелерде
қамтамасыз етіледі. Есік
қораптарының орналасуы қуатты
тұтынуға әсер етпейді.
Егер қажет болмаса есікті жиі
ашпаңыз немесе ұзақ уақыт ашып
қалдырмаңыз.
Тоңазытқыш: Тағамның
сипаттамасы талап етпесе, қуатты
үнемдеу үшін тым жоғары
температураны орнатпаңыз.
Егер ортаның температурасы
жоғары болса және температура
басқару тетігі төмен температура
мәніне қойылса және құрылғының
іші толып тұрса, компрессор үздіксіз
жұмыс істеп, буландырғышқа қырау
немесе мұз қатуы мүмкін. Бұл
жағдайда автоматты ерітуге және
қуатты үнемдеуге мүмкіндік беру
үшін температураны басқару тетігін
жоғары температураға қойыңыз.
Жақсы желдетуді қамтамасыз
етіңіз. Желдету торларын немесе
саңылауларын жаппаңыз.
6.2 Мұздатуға қатысты ақыл
кеңес
Тағамды мұздатқыш камераға
салмас бұрын кем дегенде 24 сағат
бұрын FastFreeze функциясын
қосыңыз.
Мұздату алдында жаңа піскен
тағамдарды орап, желімдеңіз:
алюминий фольга, полиэтилен
пленка немесе қалталар, қақпағы
бар герметикалық контейнерлер.
Тағамды барынша тиімді мұздату
және жібіту үшін шағын бөліктерге
бөліңіз.
Барлық мұздатылған тағамдарға
жапсырмалар мен ай-күнді жазу
ұсынылады. Бұл тағамдарды
анықтауға және олардың бұзылуы
алдында қашан қолдану керектігін
білуге көмектеседі.
Жақсы сапасын сақтау үшін тағам
мұздатылған кезде жаңа болуы
керек. Әсіресе жемістер мен
көкөністер барлық қоректік
заттарын сақтау үшін өнімді
жинағаннан кейін мұздатылған
болуы тиіс.
Бөтелкелерді немесе сұйықтықтары
бар банкаларды, атап айтқанда
көмірқышқыл газы бар сусындарды
мұздатпаңыз - олар мұздату кезінде
жарылуы мүмкін.
Мұздатқыш камераға ыстық
тағамды салмаңыз. Бөлікке қою
алдында бөлме температурасына
дейін салқындатыңыз.
Мұздатылған тағамның
температурасының жоғарылауына
жол бермеу үшін оның қасына
мұздатылмаған жаңа тағамды
қоймаңыз. Бөлме
температурасындағы тағамды
мұздатылған тағамы жоқ,
мұздатқыш камераға қойыңыз.
Мұз текшелерін, мұздақтарды
немесе лолли тәрізді тағамдарды
мұздатқыштан алған бетте жемеңіз.
Қарып кетуі мүмкін.
Жібіген тағамды мұздатпаңыз. Егер
тағам жібіген болса, оны пісіріңіз,
суытыңыз да, мұздатыңыз.
6.3 Мұздатылған тағамды
сақтау бойынша кеңес
Орташа температура параметрі,
мұздатылған тамақ өнімдерін жақсы
сақтайды.
Құрылғы ішіндегі жоғары
температура параметрі,
құрылғының жарамдылық
мерзімінің қысқаруына әкеледі.
Мұздатқыш камера мұздатылған
тамақ өнімдерін сақтауға қолайлы.
Еркін ауа айналымын қамтамасыз
ету үшін тағамның айналасында
жеткілікті орын қалдырыңыз.
Тағамды дұрыс сақтау үшін азық-
түлік қаптамасының
жапсырмасынан жарамдылық
мерзімін қараңыз.
Су, ылғалдылық немесе конденсат
кірмейтіндей етіп тағамды орау
маңызды.
www.electrolux.com12
6.4 Сатып алуға қатысты
ақыл - кеңестер
Азық-түлік сатып алғаннан кейін:
Ораманың зақымдалмағанына көз
жеткізіңіз - тағам нашарлауы
мүмкін. Егер орама ісінген немесе
суланған болса, онда ол дұрыс
сақталмаған болуы мүмкін және
тағам жіби бастаған болуы мүмкін.
Мұздатылған тауарларды еріп
кетпес үшін соңында сатып алып,
жылу өткізбейтін салқын қалтаға
салып, жеткізіңіз.
Дүкеннен келгеннен кейін
мұздатылған тағамды бірден
мұздатқышқа салыңыз.
Егер тағам тіпті жартылай еріген
болса да, оны қайта мұздатпаңыз.
Оны мүмкіндігінше тез тұтыныңыз.
Қалтаның жарамдылық мерзіміне
және сақтауға қатысты ақпаратын
сақтаңыз.
6.5 Мұздатқыш бөлімінде сақтау мерзімі
Тағам түрі Сақтау мерзімі
(ай)
Нан 3
Жемістер (цитрусты жемістерді қоспағанда) 6 - 12
Көкөністер 8 - 10
Етсіз тағам қалдықтары 1 - 2
Сүт өнімдері:
Сары май
Жұмсақ сыр (мысалы, моцарелла)
Қатты сыр (мысалы, пармезан, чеддер)
6 - 9
3 - 4
6
Теңіз өнімдері:
Майлы балық (мысалы, ақсерке, скумбрия)
Майсыз балық (мысалы, нәлім, камбала)
Асшаяндар
Жаңа ауланған ұлулар және қабыршақтары
Піскен балық
2 - 3
4 - 6
12
3 - 4
1 - 2
Ет:
Құс еті
Сиыр еті
Шошқа еті
Қой еті
Шұжық
Ветчина
Ет бар тағам қалдықтары
9 - 12
6 - 12
4 - 6
6 - 9
1 - 2
1 - 2
2 - 3
6.6 Жаңа тағамды тоңазытуға
қатысты ақыл-кеңес
Жаңа тағамды сақтаудың ең жақсы
температурасы +4°C градустан
төмен немесе оған тең
температура.
Құрылғы ішіндегі жоғары
температура параметрі, тағамның
жарамдылық мерзімінің қысқаруына
әкеледі.
Балғындығы мен хош иісін сақтау
үшін тағамның бетін жауып
қойыңыз.
ҚАЗАҚ 13
Әрқашан бөлікте иіс немесе хош иіс
болмас үшін сұйықтықтар мен
тағамға арналған жабық
контейнерлерді пайдаланыңыз.
Дайын тағам мен шикі тағам
құрамындағы заттар бір-біріне
араласып кетпес үшін дайын
тағамның бетін жауып, шикі
тағамнан жеке қойыңыз.
Тағамды тоңазытқыштың ішінде
жібіту ұсынылады.
Құрылғының ішіне ыстық тағам
қоймаңыз. Тоңазытқышқа қою
алдында оның бөлме
температурасында салқындағанына
көз жеткізіңіз.
Тағам қалдықтарын болдырмас
үшін жаңа азық-түлік қоры, әрқашан
ескі қордың артқы жағына
орналастырылуы керек.
6.7 Тағамды тоңазытуға
қатысты ақыл-кеңес
Ет (барлық түрі) : жарамды
орауышқа орып, көкөніс
тартпасының үстіңгі жағындағы
шыны сөреге қойыңыз. Етті ең көбі
1-2 күн сақтаңыз.
Жемістер мен көкөністер: мұқият
тазалаңыз (топырағынан
тазартыңыз) және арнайы тартпаға
(көкөніс тартпасына) салыңыз.
Тоңазытқышта банан, манго,
папайя және т.б. сияқты
экзотикалық жемістерді сақтамаған
жөн.
Қызанақ, картоп, пияз, сарымсақ
сияқты көкөністерді тоңазытқышта
ұстауға болмайды.
Сары май және ірімшік: ауа
өткізбейтін сауытқа салу немесе
ауаны мүмкіндігінше кіргізбеу үшін
алюминий таспаға орау не
полиэтилен қалтаға салу керек.
Шөлмектер: қақпақ жауып, есіктің
шөлмек сөресіне немесе шөлмек
сөресіне (бар болса) сақтау керек.
Қанша уақыт сақтау керектігін білу
үшін үнемі өнімдердің жарамдылық
мерзімін қараңыз.
7. КҮТУ МЕНЕН ТАЗАЛАУ
ЕСКЕРТУ!
Қауіпсіздік тарауларын
қараңыз.
7.1 Пештің ішін тазалау
Құрылғыны ең алғаш пайдалану
алдында, іші мен барлық ішкі керек-
жарақтарын, аздап бейтарап сабын
қосылған жылы сумен жуып, ондағы
әдетте жаңа затқа тән келетін иісті
жуып, содан кейін мұқият құрғатыңыз.
АБАЙЛАҢЫЗ
Жуғыш заттарды, жеміргіш
ұнтақтарды, хлор немесе
май қосылған жуғыш
заттарды пайдаланбaңыз,
қаптаманы бүлдіреді.
АБАЙЛАҢЫЗ
Құрылғының керек-
жарақтарын және
бөліктерін ыдыс жуғыш
машинамен жууға
болмайды.
7.2 Мерзімді тазалау
Құрылғыны жиі тазалап отыру керек:
1. Құрылғының іші мен керек-
жарақтарын, аздап бейтарап
сабын қосылған жылы сумен
жуыңыз.
2. Есіктің тығыздағыштарын
уақытылы тексеріп, таза және
қоқыссыз болуын қамтамасыз ету
үшін сүртіңіз.
3. Шайыңыз да, жақсылап
құрғатыңыз.
7.3 Тоңазытқышты жібіту
Әдепкі пайдалану кезінде қырау
тоңазытқыш камерасының
буландырғышынан автоматты түрде
шығады. Еріген су науа арқылы
құрылғының артқы жағында, мотор
компрессорының үстінде орналасқан
арнайы сауытқа жиналады да, сол
жерде буға айналады.
Жиналған су ағып, тоңазытқыштағы
тағамға тамшыламас үшін тоңазытқыш
www.electrolux.com14
бөліктегі науаның ортасындағы еріген
су ағатын саңылауды мезгіл-мезгіл
тазалап тұрған маңызды.
Ол үшін құрылғымен бірге жеткізілген
түтік тазартқышты қолданыңыз.
7.4 Мұздатқыштың мұзын
еріту
АБАЙЛАҢЫЗ
Буландырғыштағы
қырауды ешқашан өткір
металл қырғышпен
қырмаңыз, оны бүлдіріп
алуыңыз мүмкін.
Мұзды жылдам еріту үшін
өндіруші ұсынған
құралдардан өзге
механикалық немесе басқа
жасанды заттарды
ешқашан қолданбаңыз.
Жібітуге шамамен 12 сағат
қалғанда, құрылғы
жұмысында үзіліс болған
жағдайда ішіндегі суық
жеткілікті болуы үшін
төмен температураны
орнатыңыз.
Мұздатқыш сөрелері мен үстіңгі
камераның айналасына белгілі бір
мөлшерде қырау әрқашан жиналады.
Мұздатқыш қырауының қалыңдығы
шамамен 3-5 мм болғанда жібітіңіз.
1. Құрылғыны сөндіріңіз немесе
розеткадан электр ашасын
суырыңыз.
2. Сақталған тағамды шығарып,
салқын жерге қойыңыз.
АБАЙЛАҢЫЗ
Құрылғының мұзын
еріту кезінде оралып
мұздатылған
тағамдардың
температурасының
жоғарылауы олардың
қауіпсіз сақталу
мерзімін қысқартуы
мүмкін.
Мұздатылған заттарды
дымқыл қолмен
ұстамаңыз.
Қолдарыңыз
мұздатылған заттарға
жабысып қалуы мүмкін.
3. Есікті ашық қалдырыңыз. Еріген
судан еденді шүберек төсеу
немесе жайпақ ыдыс қою арқылы
қорғаңыз.
4. Жібіту үрдісін жылдамдату үшін
мұздатқыш бөліктің ортасына
жылы су құйылған стакан қойыңыз.
Сонымен қатар сындыруға
болатын мұзды ерімей тұрып
алыңыз.
5. Мұзды еріткеннен кейін
құрылғының ішін жақсылап
құрғатыңыз.
6. Құрылғыны қосып, есігін жабыңыз.
7. Температура түймешігін ең үлкен
суықтыққа қойыңыз да, құрылғыны
осы параметрде тұрған қалпы кем
дегенде 3 сағат іске қосыңыз.
Осы уақыттан кейін ғана тағамды
мұздатқыш камераға салыңыз.
7.5 Құрылғыны қолданбаған
кезде
Құрылғыны ұзақ уақыт бойы
қолданбаған кезде мына сақтық
шараларын орындаңыз:
1. Құрылғыны электр желісінен
ажыратыңыз.
2. Тағамдардың барлығын
шығарыңыз.
3. Құрылғының мұзын жібітіңіз.
4. Құрылғыны және оның керек-
жарақтарының барлығын
тазалаңыз.
5. Жағымсыз иіс пайда болмас үшін
есіктерді ашық қалдырыңыз.
ҚАЗАҚ 15
8. АҚАУЛЫҚТЫ ТҮЗЕТУ
ЕСКЕРТУ!
Қауіпсіздік тарауларын
қараңыз.
8.1 Не істерсіз, егер...
Мәселе Ықтимал себептері Шешімі
Құрылғы жұмыс істемейді Құрылғы өшірулі. Құрылғыны қосыңыз.
Қуат ашасы қуат
розеткасына дұрыс
қосылмаған.
Қуат ашасын қуат
розеткасына дұрыс
қосыңыз.
Қуат розеткасында
кернеу жоқ.
Қуат розеткасына басқа
электр құрылғысын
жалғаңыз. Білікті
электршімен
байланысыңыз.
Құрылғы шулы. Құрылғы дұрыс
тірелмеген.
Құрылғының орнықты
тұрғанына көз жеткізіңіз.
Акустикалық немесе
көрнекі дабыл қосулы.
Шкаф аз уақыт бұрын
қосылды.
"Есік ашық" немесе
"Жоғары температураны
ескерту сигналы"
тарауын қараңыз.
Құрылғының ішіндегі
температура тым жоғары.
"Есік ашық" немесе
"Жоғары температураны
ескерту сигналы"
тарауын қараңыз.
Есік ашық қалды. Есікті жабыңыз.
Компрессор толассыз
жұмыс істеуде.
Температура дұрыс
орнатылмаған.
"Басқару панелі" тарауын
қараңыз.
Бір мезгілде тым көп
тағам қойылған.
Бірнеше сағат күтіңіз де,
содан кейін
температураны қайта
тексеріңіз.
Бөлме температурасы
тым жоғары.
"Орнату" тарауын
қараңыз.
Құрылғыға салынған
тағам өнімдері тым
жылы.
Тағам өнімдерін
сақтаудан бұрын бөлме
температурасына дейін
салқындатып алыңыз.
Есік дұрыс жабылмаған. "Есікті жабу" бөлімін
қараңыз.
Функция FastFreeze
қосулы.
"FastFreeze функция"
бөлімін қараңыз.
www.electrolux.com16
Мәселе Ықтимал себептері Шешімі
"FastFreeze" басқаннан
кейін немесе
температураны
өзгерткеннен кейін
компрессор дереу іске
қосылмайды.
Компрессор белгілі бір
уақыттан кейін іске
қосылады.
Бұл — қалыпты жағдай,
ешбір қате орын алмады.
Есік дұрыс тураланбаған
немесе оған желдету
торы кедергі жасап тұр.
Құрылғы деңгейленбеді. Орнату нұсқаулығын
қараңыз.
Есік оңай ашылмайды. Есікті жапқаннан кейін
дереу қайта ашуға әрекет
еттіңіз.
Есікті жауып, содан кейін
қайта ашқанша бірнеше
секунд күтіңіз.
Шам жұмыс істемейді. Шам күту режимінде. Есікті жауып, ашыңыз.
Шамда ақау бар. Ең жақын орналасқан
Уәкілетті қызмет көрсету
орталығына
хабарласыңыз.
Тым көп аяз және мұз
бар.
Есік дұрыс жабылмаған. "Есікті жабу" бөлімін
қараңыз.
Сальник
деформацияланған
немесе лас.
"Есікті жабу" бөлімін
қараңыз.
Тағам өнімдері дұрыс
орнатылмаған.
Тағам өнімдерін
жақсырақ ораңыз.
Температура дұрыс
орнатылмаған.
"Басқару панелі" тарауын
қараңыз.
Құрылғы толығымен
жүктеліп, ең төменгі
температураға
орнатылған.
Жоғарырақ
температураны
орнатыңыз. "Басқару
панелі" тарауын қараңыз.
Құрылғыда орнатылған
температура тым төмен
және қоршаған орта
температурасы тым
жоғары.
Жоғарырақ
температураны
орнатыңыз. "Басқару
панелі" тарауын қараңыз.
Су тоңазытқыштың артқы
тақтасына ағады.
Автоматты түрде жібіту
кезінде артқы
тақтайшадағы аяз ериді.
Бұл дұрыс.
Тоңазытқыштың артқы
жағында
конденсацияланған су
тым көп.
Есік тым жиі ашылған. Есікті қажет кезде ғана
ашыңыз.
ҚАЗАҚ 17
Мәселе Ықтимал себептері Шешімі
Есік толық жабылмаған. Есіктің толық жабылуын
қамтамасыз етіңіз.
Сақталған тағамдар
оралмаған.
Тағамды құрылғыда
сақтау алдында тиісті
орағышпен ораңыз.
Су тоңазытқыштың ішіне
ағуда.
Тағам өнімдері судың су
коллекторына қарай
ағуына бөгет жасайды.
Тағам өнімдерінің артқы
тақтаға тиіп тұрмағанына
көз жеткізіңіз.
Су шығысы бітеліп
қалған.
Су шығысын тазалаңыз.
Су еденге ағады. Еріген су шығысы
компрессордың үстіндегі
буландырғыш науаға
қосылмаған.
Еріген су шығатын жерді
буландырғыш науаға
тіркеңіз.
Температураны орнату
мүмкін емес.
"FastFreeze функциясы"
қосулы.
Температураны орнату
үшін "FastFreeze
функциясын " қолмен
қосыңыз немесе функция
автоматты түрде
өшірілгенге дейін күтіңіз.
"FastFreeze функциясы "
бөлімін қараңыз.
Құрылғыдағы
температура тым
төмен/тым жоғары.
Температура дұрыс
орнатылмаған.
Жоғарырақ/төменірек
температураны
орнатыңыз.
Есік дұрыс жабылмаған. "Есікті жабу" бөлімін
қараңыз.
Тағам өнімдерінің
температурасы тым
жоғары.
Тағам өнімдерін сақтау
алдында
температурасын бөлме
температурасына дейін
азайтыңыз.
Бір уақытта көптеген
тағам өнімдері сақталған.
Бір уақытта азырақ тағам
өнімдерін сақтаңыз.
Мұздың қалыңдығы 4-5
мм-ден асады.
Құрылғының аязын
ерітіңіз.
Есік жиі ашылған. Есікті қажет кезде ғана
ашыңыз.
Функция FastFreeze
қосулы.
"FastFreeze функция"
бөлімін қараңыз.
www.electrolux.com18
Мәселе Ықтимал себептері Шешімі
Тоңазытқыш
камерасының ішіндегі
кейбір белгілі бір
беткейлер кейде
жылырақ болады.
Бұл — қалыпты жағдай.
Температура
параметрінің жарық
диодты индикаторлары
бірге жыпылықтайды.
Температура өлшемінде
қате орын алды.
Ең жақын орналасқан
Уәкілетті қызмет көрсету
орталығына
хабарласыңыз.
Салқындату жүйесі тамақ
өнімдерін салқын күйінде
ұстайды, бірақ
температураны реттеу
мүмкін болмайды.
Егер берілген кеңес
қажетті нәтижені бермесе,
ең жақын орналасқан
Уәкілетті қызмет көрсету
орталығына қоңырау
шалыңыз.
8.2 Шамды ауыстыру
Құрылғы қолданыс мерзімі ұзақ LED
ішкі жарықтама шамымен
жабдықталған.
Жарықтандыру құралын сервис
қызметкері ауыстыру керек. Уәкілетті
қызмет көрсету орталығына
хабарласыңыз.
8.3 Есікті жабу
1. Есіктің тығыздағыштарын
тазалаңыз.
2. Қажет болса, есікті реттеңіз.
Орнату нұсқаулықтарын қараңыз.
3. Қажет болса, зақым келген
тығыздағыштарды өзгертіңіз.
Уәкілетті қызмет көрсету
орталығына хабарласыңыз.
ҚАЗАҚ 19
9. ШУЫЛ ТҮРЛЕРІ
SSSRRR!
CLICK!
HISSS!
BRRR!
BLUBB!
10. ТЕХНИКАЛЫҚ ДЕРЕК
Техникалық ақпарат құрылғының ішкі
жағындағы техникалық ақпарат
тақтайшасында және қуат
жапсырмасында көрсетілген.
Кернеу Жиілік
220~240 В 50 Гц
11. СЫНАҚ ИНСТИТУТТАРЫНА АРНАЛҒАН АҚПАРАТ
Құрылғы EcoDesign тексерісінен өте
алу үшін EN 62552 стандартына сай
орнатылуы және жасалуы керек.
Желдетуге қойылатын талаптар,
құрылғының арты мен қабырға
арасындағы саңылаудың ең аз
өлшемдері Пайдаланушы нұсқауының
3--тарауда көрсетілгендей болуы тиіс.
Құрылғыны толтыру және басқа
қосымша ақпараттар үшін өндірушіге
хабарласыңыз.
12. ҚОРШАҒАН ОРТАҒА ҚАТЫСТЫ ЖАҒДАЙЛАР
Белгі салынған материалдарды
қайта өңдеуден өткізуге тапсырыңыз.
Орам материалдарын қайта өңдеуден
өткізу үшін тиісті контейнерлерге
салыңыз. Электрлік және
электроникалық құрылғылардың
қалдығын қайта өңдеуден өткізу
арқылы, қоршаған ортаға және
адамның денсаулығына зиын
келтіретін жағдайларға жол бермеуге
өз үлесіңізді қосыңыз. Белгі
салынған құрылғыларды тұрмыстық
www.electrolux.com20
/