Electrolux ENN92803CW Руководство пользователя

  • Здравствуйте! Я ознакомился с инструкцией по эксплуатации холодильника-морозильника Electrolux ENN92803CW. Готов ответить на ваши вопросы о его установке, использовании, уходе, разных режимах работы (Eco, FastFreeze, Shopping, DrinksChill) и устранении неполадок. Спрашивайте!
  • Как включить холодильник?
    Как установить нужную температуру?
    Что делать, если холодильник не работает?
    Как разморозить морозильную камеру?
    Какие режимы работы есть у холодильника?
ENN92803CW
KK Тоңазытқыш-мұздатқыш Қолдану туралы нұсқаулары 2
RU Холодильник-морозильник Инструкция по эксплуатации 22
МАЗМҰНЫ
1. ҚАУІПСІЗДІК АҚПАРАТЫ................................................................................. 2
2. ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЛАРЫ............................................................................ 4
3. ОРНАТУ............................................................................................................. 6
4. ЖҰМЫС ЖҮЙЕСІ..............................................................................................8
5. ӘРКҮНДІК ҚОЛДАНУ......................................................................................11
6. АҚЫЛ-КЕҢЕС.................................................................................................. 13
7. КҮТУ МЕНЕН ТАЗАЛАУ................................................................................. 14
8. АҚАУЛЫҚТЫ ТҮЗЕТУ.....................................................................................16
9. ШУЫЛ ТҮРЛЕРІ.............................................................................................. 19
10. ТЕХНИКАЛЫҚ ДЕРЕК...................................................................................20
СІЗ ОЙЫМЫЗДА БОЛДЫҢЫЗ
Electrolux құрылғысын сатып алғаныңызға рахмет. Сіз ондаған жылдар
бойғы кәсіби тәжірибе мен инновацияға сүйеніп жасалған құрылғыны
таңдадыңыз. Тапқырлықтың туындысы болған, көз тартарлық бұл құрылғыны
жасау барысында сіз ойымызда болдыңыз. Сондықтан, қолданған сайын
тамаша нәтижеге қол жеткізе алатыныңызға сенімді болыңыз.
Electrolux әлеміне қош келдіңіз.
Біздің веб-сайтқа барып келесіні қараңыз:
Пайдалану туралы ақпарат, кітапша, ақаулықты түзету, қызмет ақпаратын
мына жерден алыңыз:
www.electrolux.com/webselfservice
Сізге барынша жақсы қызмет көрсету үшін өніміңізді мына жерге тіркеңіз:
www.registerelectrolux.com
Құрылғыңызға қажетті керек-жарақтарды, шығынды материалдарды және
фирмалық қосалқы бөлшектерді сатып алу үшін:
www.electrolux.com/shop
ТҰТЫНУШЫҒА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
Фирмалық заттарды қолдануды ұсынамыз.
Қызмет көрсету орталығына хабарласқанда келесі деректердің дайын
болуын қамтамасыз етіңіз. Үлгісі, Өнім нөмірі, Сериялық нөмірі.
Деректерді техникалық ақпарат тақтайшасынан алуға болады.
Ескерту / Қауіп-қатерден сақтандыру ақпараты
Жалпы ақпарат және ақыл-кеңес
Қоршаған ортаға қатысты ақпарат
Өндіруші ескертусіз өзгеріс енгізу құқығына ие.
1. ҚАУІПСІЗДІК АҚПАРАТЫ
Құрылғыны орнатып іске қолданар алдында бірге
жеткізілген нұсқауларды мұқият оқып шығыңыз.
Дұрыс орнатпау немесе пайдаланбау нәтижесінде
www.electrolux.com2
орын алған жарақат немесе зақымдарға өндіруші
жауапты емес. Нұсқаулықтарды кейін қарап жүру
үшін әрқашан қауіпсіз және қол жетімді жерде
сақтаңыз.
1.1 Балалар мен дәрменсіз адамдардың
қауіпсіздігі
Бұл құрылғыны 8 жастан асқан балалар мен
денесіне, сезім жүйесіне не ақыл-есіне зақым
келген не тәжірибесі аз адамдар өз қауіпсіздіктерін
қамтамасыз ететін адамның қадағалауы не
құрылғыны қауіпсіз қолдану бойынша берген
нұсқауына сүйеніп, дұрыс қолданбау салдарын
түсінсе, онда қолдануына болады.
Бұл құрылғыны 3 және 8 жас арасындағы балалар
мен мүмкіндіктері өте шектеулі мүгедек адамдар,
басқалардың қадағалауында болса пайдалана
алады.
3 жасқа толмаған балаларды үнемі қарап
отырмаған жағдайда құрылғыдан алыс ұстау керек.
Балаларға құрылғымен ойнауға рұқсат бермеңіз.
Балалар құрылғыны жөндеу және тазалау
жұмыстарын бақылаусыз орындамауы керек.
Барлық орам материалдарын балалардан алыс
ұстап, қоқысқа тиісті түрде тастау керек.
1.2 Қауіпсіздік туралы жалпы ақпарат
Бұл құрылғы үйде не сол сияқты төменде аталған
жерлерде пайдалану үшін жасалған:
Фермадағы үйлердің; дүкендердегі, кеңселер
мен басқа жұмыс орындарындағы
қызметкерлерге арналған ас бөлмелерде
Қонақ үйлерде, мотельдерде, төсек және таңғы
аспен қамтамасыз ететін қонақжайларда және
басқа тұрғынды жерлерде
ҚАЗАҚ 3
ЕСКЕРТУ: Құрылғының корпусындағы немесе
кіріктірілген элементіндегі желдеткіш
саңылауларды бітемей, ашық ұстаңыз.
ЕСКЕРТУ: Жібіту үдерісін жылдамдату үшін
өндіруші ұсынған құралдардан басқа құралдарды
немесе механикалық құралдарды қолданбаңыз.
ЕСКЕРТУ: Салқындатқыш жүйенің контурын
зақымдамаңыз.
ЕСКЕРТУ: Құрылғының ішіндегі азық-түлікті
сақтауға арналған бөліктерге электр
құрылғыларын, егер оларды өндіруші ұсынбаған
болса қолданбаңыз.
Құрылғыны тазалау үшін сулы спрейді және буды
қолданбаңыз.
Құрылғыны дымқыл, жұмсақ шүберекпен
тазалаңыз. Тек бейтарап тазартқыш заттарды
қолданыңыз. Жеміргіш заттарды, түрпілі жөкені,
еріткіштерді немесе темір заттарды
пайдаланбаңыз.
Құрылғы ішінде жанатын заты бар аэрозоль
сауыттары тәрізді жарылатын затты сақтамаңыз.
Егер қуат cымына зақым келсе, қатерден сақтану
үшін оны өндіруші немесе уәкілетті қызмет көрсету
орталығы немесе сол сияқты білікті маман
ауыстыруға тиіс.
2. ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЛАРЫ
2.1 Орнату
ЕСКЕРТУ!
Бұл құрылғыны тек білікті
маман ғана орнатуға тиіс.
Орам материалдарының барлығын
алыңыз.
Бүлінген құрылғыны орнатпаңыз
немесе іске қоспаңыз.
Құрылғыны кіріктіріп орнату
алдында қолданбаңыз.
Құрылғымен бірге жеткізілген
орнату нұсқауларын орындаңыз.
Құрылғы ауыр болғандықтан,
орнынан жылжытқан кезде әрқашан
абай болыңыз. Әрқашан қауіпсіздік
қолғабы мен бітеу аяқ киім киіңіз.
Құрылғының айналасында ауа
айналып тұруын қамтамасыз етіңіз.
Алғаш рет орнатқаннан кейін не
есіктің орнын ауыстырғаннан кейін
құрылғыны тоққа қосу алдында
кемінде 4 сағат күтіңіз. Бұл майдың
компрессорға қайта құйылуына
мүмкіндік беру үшін қажет.
Құрылғыға қатысты қандай да бір
жұмыс орындау алдында (мысалы,
www.electrolux.com4
есіктің орнын ауыстырғанда) ашаны
розеткадан ағытыңыз.
Құрылғыны радиаторға немесе
пештерге, тұмшапешке не пештің
үстіне жақын орнатпаңыз.
Құрылғыны жаңбырға шығармаңыз.
Құрылғыны күннің жарығы тура
түсетін жерге қоймаңыз.
Бұл құрылғыны тым ылғал немесе
тым суық жерге орнатпаңыз.
Құрылғыны жылжытқан кезде,
еденге сызат түсіріп алмау үшін
алдыңғы бұрышынан ұстап
көтеріңіз.
Құрылғыда құрғатқыш зат салынған
қалта бар. Бұл ойыншық емес. Бұл
тағам емес. Мұны дереу тастауды
өтінеміз.
2.2 Электртоғына қосу
ЕСКЕРТУ!
Өрт және электр қатеріне
ұшырау қаупі бар.
ЕСКЕРТУ!
Құрылғыны орнатқанда
қуат сымының кептеліп
немесе оған нұқсан
келмегеніне көз жеткізіңіз.
ЕСКЕРТУ!
Көп тармақты адаптерлер
мен ұзартқыш сымдарды
қолданбаңыз.
Құрылғыны міндетті түрде жерге
тұйықтау қажет.
Техникалық ақпарат тақтасындағы
параметрлердің негізгі қуатпен
жабдықтау желісіндегі электр
параметрлеріне сәйкес келетініне
көз жеткізіңіз.
Әрқашан дұрыс орнатылған,
қатерден сақтандырылған
розетканы қолданыңыз.
Электр бөлшектеріне зақым
келтірмеңіз (мысалы, ашасына,
сымына, компрессорға). Электр
бөлшектерін ауыстыру үшін қызмет
уәкілетті көрсету орталығына
немесе электршіге хабарласыңыз.
Қорек сымы ашаның деңгейінен
төмен орналасуға тиіс.
Құрылғының ашасын розеткаға тек
құрылғыны орнатып болғаннан
кейін ғана жалғаңыз. Орнатып
болғаннан кейін ашаның қол
жететін жерде тұрғанына көз
жеткізіңіз.
Құрылғыны тоқтан ажырату үшін
сымынан тартпаңыз. Әрқашан
ашасынан тартып суырыңыз.
2.3 Қолдану
ЕСКЕРТУ!
Жарақат алу, күйіп қалу,
электр тоғының қатеріне
ұшырау не өрт шығу қаупі
бар.
Құрылғының құрамында жылдам
тұтанатын изобутон (R600a), қоршаған
ортамен сыйысымдылығы өте жоғары
табиғи газ бар. Изобутоны бар
салқындатқыш жүйеге зақым келтіріп
алмас үшін абай болыңыз.
Бұл құрылғының техникалық
сипаттамасын өзгертпеңіз.
Электр құрылғыларын (мысалы,
балмұздақ жасағыш құрылғы) егер
өндірушісі арнайы көрсетпесе,
құрылғыға салуға болмайды.
Егер салқындатқыш жүйеге зақым
келсе, бөлмеде ешбір оттың
жалыны және тұтануға себеп
болатын көздердің болмауын
қамтамасыз етіңіз. Бөлмені
желдетіңіз.
Ыстық заттарды құрылғының
пластик бөліктеріне тигізбеңіз.
Алкогольсыз сусындарды
мұздатқыш бөлікке қоймаңыз.
Себебі сусынның ыдысында қысым
пайда болады.
Құрылғыда тұтанғыш газ бен
сұйықтықты сақтамаңыз.
Тұтанғыш заттарды немесе ішіне
тұтанғыш зат салынған дымқыл
заттарды құрылғының ішіне, қасына
немесе үстіне қоймаңыз.
Компрессорға немесе
конденсаторға қол тигізбеңіз. Олар
ыстық.
Қолыңыз су немесе дымқыл болса
мұздатқыш бөліктегі заттарды
алмаңыз немесе ұстамаңыз.
Жібіген тағамды қайта
мұздатпаңыз.
ҚАЗАҚ 5
Мұздатылған тағамның
орамындағы тағам сақтау
нұсқауларын орындаңыз.
Тағамды мұздатқыш бөлікке салмас
бұрын, басқа тағамға тимес үшін
материалмен ораңыз.
2.4 Ішкі жарықтама
ЕСКЕРТУ!
Электр қатері бар.
Бұл құрылғы үшін тек тұрмыстық
құрылғыларда пайдаланылатын
шам қолданылады. Оны бөлмені
жарықтандыру үшін қолданбаңыз.
2.5 Күту менен тазалау
ЕСКЕРТУ!
Жарақат алу немесе
құрылғыны бүлдіріп алу
қаупі бар.
Құрылғыны жөндеу алдында электр
желісінен ағытып, ашасын
розеткадан суырыңыз.
Бұл құрылғының салқындатқыш
жүйесінде көмірсутек бар. Жүйеге
күтім көрсету және оны қайта
толтыру жұмыстарын тек білікті
маман ғана іске асыруға тиіс.
Құрылғының су төгетін түтіктерін
уақытылы тексеріңіз, егер тазалау
керек болса тазалаңыз. Су ағатын
түтік бітелсе, еріген су құрылғының
табанына жиналады.
2.6 Сервис
Құрылғыны жөндеу үшін уәкілетті
қызмет көрсету орталығына
хабарласыңыз.
Тек ғана фирмалық қосалқы
бөлшектерді қолданыңыз.
2.7 Құрылғыны тастау
ЕСКЕРТУ!
Жарақат алу немесе
тұншығып қалу қаупі бар.
Құрылғыны электр желісінен
ажыратыңыз.
Қуат сымын кесіп алыңыз да,
қоқысқа тастаңыз.
Балалар мен жануарлар құрылғы
ішіне қамалып қалмас үшін есікті
ағытып алыңыз.
Құрылғының салқындатқыш жүйесі
мен изоляция материалдарының
озонға зияны жоқ.
Изоляция көбігінің құрамында
тұтанғыш газ бар. Құрылғыны
қоқысқа дұрыс тастауға қатысты
ақпаратты жергілікті әкімшілік
мекемеге хабарласып алыңыз.
Салқындатқыш жүйенің қызу
алмастырғышқа жақын орналасқан
жеріндегі бөлігіне зақым
келтірмеңіз.
3. ОРНАТУ
ЕСКЕРТУ!
Қауіпсіздік тарауларын
қараңыз.
3.1 Орналасуы
Орнату және құрастыру
нұсқауларын орындаңыз.
Құрылғы барынша жақсы жұмыс істеуі
үшін оны радиаторлар, бойлерлер,
тура түскен күннің жарығы сияқты
жылу көздерінен мүмкіндігінше алыс
орнату қажет. Құрылғының артқы
жағында ауаның айналып тұруын
қамтамасыз етіңіз.
3.2 Орналастыру
Құрылғыны құрғақ, жақсы желдетілген,
бөлме температурасы құрылғынының
техникалық ақпарат тақтайшасында
көрсетілген температураға сай келетін
жерге орнату қажет.
www.electrolux.com6
Ауа-
райы
санаты
Бөлме температурасы
SN +10°C бастап + 32°C дейін
N +16°C бастап + 32°C дейін
ST +16°C бастап + 38°C дейін
T +16°C бастап + 43°C дейін
Осы ауқымнан тыс
пайдаланған кезде кей
үлгілерде кейбір
функциональдық ақаулар
пайда болуы мүмкін. Дұрыс
температура ауқымында
пайдаланғанда ғана
жұмыстың дұрыс
болатынына кепілдік
беріледі. Құрылғыны
орнататын жерді дұрыс
анықтай алмасаңыз,
сатушыға, сатып алушыға
қызмет көрсету немесе
жақын жердегі уәкілетті
қызмет көрсету
орталығына
хабарласыңыз.
3.3 Электр қосылымы
Құрылғыны қуат көзіне қосу
алдында үйдегі қуат көзінің
техникалық ақпарат тақтайшасында
көрсетілген кернеу мен жиілікке
сәйкестігіне көз жеткізіңіз.
Құрылғыны міндетті түрде жерге
тұйықтау қажет. Бұл үшін қуат
ашасы контактісімен бірге берілген.
Егер қуатпен жабдықтау жүйесінің
розеткасы жерге тұйықталмаса,
құрылғыны білікті электршіден
кеңес алып, қолданыстағы
ережелерді орындай отырып, жерге
жеке тұйықтау керек.
Жоғарыда көрсетілген қауіпсіздік
шаралары орындалмаса, өндіруші
ешқандай жауапкершілік алмайды.
Бұл құрылғы E.E.C. ережелеріне
сай келеді.
3.4 Желдетуге қойылатын
талаптар
Құрылғының арт жағында ауа жақсы
айналып тұруға тиіс.
5 cm
min.
200 cm
2
min.
200 cm
2
АБАЙЛАҢЫЗ
Орнату және құрастыру
нұсқауларын орындаңыз.
ҚАЗАҚ 7
4. ЖҰМЫС ЖҮЙЕСІ
4.1 Басқару панелі
1
234567
1
Дисплей
2
DrinksChill /
ON/OFF
3
Суығырақ температураға қою тетігі
4
Жылырақ температураға қою тетігі
5
Тоңазытқыш бөліктің түймешігі
6
Мұздатқыш бөліктің түймешігі
7
Mode
Түймешіктердің алдын ала қойылған
сигналдарын Mode және суығырақ
температураға қою түймешіктерін
бірнеше секунд бірге басып қатайтуға
болады. Осыны қайта өзгертуге
болады.
4.2 Дисплей
A DCB E F G H I
J
A. Тоңазытқыш температурасының
индикаторы
B. Тоңазытқыштың OFF индикаторы
C. Holiday режимі
D. Тоңазытқыштың Eco режимі
E. Shopping режимі
F. Ескерту индикаторы
G. Мұздатқыштың Eco режимі
H. FastFreeze режимі
I. Мұздатқыш температурасының
индикаторы
/ Таймер
J. DrinksChill режимі
Тоңазытқыш немесе
мұздатқыш бөлікті
таңдағаннан кейін
жандана бастайды
Температураны
таңдағаннан кейін
жанданған белгі бірнеше
минут жыпылықтайды.
4.3 Іске қосу
1. Ашаны розеткаға сұғыңыз.
2. Бейнебет сөніп тұрса, құрылғының
ON/OFF түймешігін басыңыз.
Температура индикаторлары
орнатылған әдепкі температураны
көрсетеді.
www.electrolux.com8
Бірнеше секундтан кейін
ескерту құралы сигнал
береді.
Ескерту құралын бастапқы
қалпына қайтару үшін
"Жоғары температураны
ескерту" тарауын қараңыз.
Орнатылған басқа температураны
таңдау үшін "Температураны реттеу"
тарауын қараңыз.
Егер дисплейде "DEMO" пайда болса,
"Ақаулықты түзету" тарауын қараңыз.
4.4 Сөндіру
ON/OFF түймешігін 3 секунд басыңыз.
Бейнебет сөнеді.
Құрылғыны электр желісінен ағыту
үшін ашаны розеткадан суырыңыз.
4.5 Тоңазытқышты іске қосу
Тоңазытқышты іске қосу үшін
тоңазытқыш бөліктің түймешігін
басыңыз.
Тоңазытқыш OFF индикаторы сөнеді.
Орнатылған басқа
температураны таңдау
үшін "Температураны
реттеу" тарауын қараңыз.
4.6 Тоңазытқышты сөндіру
Тоңазытқышты сөндіру үшін
тоңазытқыш бөліктің түймешігін
бірнеше секунд басыңыз.
Тоңазытқыш OFF индикаторы
көрсетіледі.
4.7 Температураны реттеу
Температура тетіктерін басып
құрылғының температурасын
орнатыңыз.
Әдепкі орнатылған температура:
тоңазытқыш үшін +4°C
мұздатқыш үшін -18°C
Температура индикаторлары
орнатылған температураны көрсетеді.
Таңдалған температура 24
сағат ішінде орнайды.
Электр қуаты үзіліп қалса,
орнатылған температура
сақтаулы қалады.
4.8 Holiday режимі
Бұл режим ұзақ демалысқа кеткен
кезде жағымсыз иіс пайда болдырмай,
тоңазытқышты жабық әрі бос ұстауға
мүмкіндік береді.
Holiday режимін іске қосу
алдында тоңазытқыш
камерасынан барлық
тағамды алыңыз.
1. Режимді қосу үшін Mode түймешігін
Holiday индикаторы пайда
болғанша басыңыз.
Тоңазытқыш температурасының
индикаторы орнатылған
температураны көрсетеді.
2. Режимді өшіру үшін Mode
түймешігін басқа функцияны
таңдау үшін немесе дисплейде
ешқандай функция белгісі
көрінбегенше басыңыз.
Режим тоңазытқыштың
басқа орнатылған
температурасын таңдаған
кезде ажыратылады.
4.9 Shopping режимі
Жылы тағамды көп мөлшерде,
мысалы, азық-түлік дүкенінен келген
бетте салғыңыз келсе, тағамдарды
неғұрлым тез тоңазыту үшін, әрі
тоңазытқыштағы басқа тағамдар жібіп
кетпес үшін Shopping функциясын іске
қосуды ұсынамыз.
Shopping функциясы шамамен 6
сағаттан кейін автоматты түрде өшеді.
1. Функцияны іске қосу үшін Mode
тетігін тиісті белгі көрінгенше
басыңыз.
Shopping индикаторы жанады.
2. Функцияны сөндіру үшін Mode
тетігін немесе басқа функцияны
таңдау үшін Mode тетігін арнайы
белгілердің ешқайсысы көрінбей
қалғанша басыңыз.
Shopping индикаторы сөнеді.
Функция тоңазытқыштың
басқа орнатылған
температурасын таңдаған
кезде ажыратылады.
ҚАЗАҚ 9
4.10 Eco режимі
Тағамды барынша оңтайлы сақтау
үшін Eco режимін таңдаңыз.
1. Тоңазытқыш/мұздатқыш бөлікті
таңдаңыз
2. Функцияны іске қосу үшін Mode
тетігін тиісті белгі көрінгенше
басыңыз.
Температура индикаторы орнатылған
температураны көрсетеді:
тоңазытқыш: +4°C
мұздатқыш: -18°C
3. Функцияны автоматты түрде
сөнбей тұрып сөндіру үшін
процедураны Eco индикаторы
сөнгенше қайталаңыз.
Функция басқа
орнатылған
температураны
таңдаған кезде
ажыратылады.
4.11 DrinksChill режимі
DrinksChill функциясы дыбысты
сигналды қажетті кезде орнату үшін
қолданылады, мысалы, рецепт
бойынша пісіргенде қоспаны белгілі
бір уақыт ішінде суытып алу қажет
болса, немесе мұздатқышқа жылдам
суыту үшін қойылған шөлмектерді
ұмытып кетпеу үшін ескерту сигналы
қажет болған кезде қолданылады.
1. Функцияны қосу үшін ON/OFF
түймешігін басыңыз.
DrinksChill индикаторы көрінеді.
Таймерде (30 min) орнатылған мән
көрсетіледі.
2. Таймердің орнатылған мәнін 1-ден
90 (min) минут аралығында өзгерту
үшін "суығырақ температура"
түймешігі және "жылырақ
температура" түймешігін басыңыз.
Таймердің (min) индикаторы
көрсетіледі.
Кері санақ аяқталған кезде DrinksChill
индикаторы жыпылықтайды да,
дыбыстық сигнал естіледі
3. Мұздатқыш камерадағы
сусындарды алыңыз.
4. Дыбыстық сигналды сөндіру және
функцияны біржола тоқтату үшін
ON/OFF түймешігін басыңыз.
Функцияны кері санақ
орындалып тұрғанда
кез келген уақытта
ON/OFF тетігін басып
ажыратуға болады.
DrinksChill индикаторы
сөнеді.
Кері санақ орындалып
тұрған кезде және
аяқталған кезде
"Суығырақ
температура" түймешігі
мен "Жылырақ
температура"
түймешігін басып
уақытты өзгертуге
болады.
4.12 FastFreeze режимі
Бұл функция 52 сағаттан кейін
өздігінен тоқтайды.
Функцияны іске қосу үшін:
1. Мұздатқыш бөлікті таңдаңыз.
2. Mode тетігін тиісті белгі көрінгенше
басыңыз.
FastFreeze индикаторы көрсетіледі.
3. Функцияны автоматты түрде сөніп
қалмай тұрып сөндіру үшін
процедураны қайталаңыз
Функция мұздатқыштың
басқа орнатылған
температурасын
таңдау арқылы
ажыратылады.
4.13 Жоғары температураны
ескерту
Мұздатқыш камераның ішіндегі
температураның жоғарылағаны
(мысалы, электр қуаты ерте өшкенде
немесе есік ашық қалса) төмендегідей
көрсетіледі:
ескерту сигналы мен мұздатқыш
температурасының индикаторлары
жыпылықтайды;
дыбыстық сигнал естіледі.
Ескерту сигналын бастапқы қалпына
қою үшін кез келген түймешікті
басыңыз.
www.electrolux.com10
Дыбыстық сигнал ажыратылады.
Мұздатқыш температурасының
индикаторы ең жоғары температураны
бірнеше секунд көрсетеді. Содан кейін
қайта орнатылған температураны
көрсетеді.
Ескерту индикаторы қалыпты жағдай
қалпына келгенше жыпылықтауын
жалғастырады.
Ескерту сигналы тоқтаған
кезде, ескерту индикаторы
сөнеді.
4.14 “Есік ашық” ескерту
сигналы
Есік бірнеше минут ашық қалса,
дыбыстық сигнал естіледі. Есіктің
ашық тұрғандығы төмендегі белгі
арқылы көрсетіледі:
ескерту шамы жыпылықтайды
дыбыстық сигнал
Қалыпты жұмыс режимі орнағаннан
кейін (есік жабылғанда) дыбыстық
сигнал өшеді.
Ескерту сатысында ескерту түймешігін
басып ескерту сигналын сөндіруге
болады.
5. ӘРКҮНДІК ҚОЛДАНУ
ЕСКЕРТУ!
Қауіпсіздік тарауларын
қараңыз.
5.1 Пештің ішін тазалау
Құрылғыны ең алғаш пайдалану
алдында, іші мен барлық ішкі керек-
жарақтарын, аздап бейтарап сабын
қосылған жылы сумен жуып, ондағы
әдетте жаңа затқа тән келетін иісті
жуып, содан кейін мұқият құрғатыңыз.
АБАЙЛАҢЫЗ
Жуғыш заттарды, жеміргіш
ұнтақтарды, хлор немесе
май қосылған жуғыш
заттарды пайдаланбaңыз,
қаптаманы бүлдіреді.
5.2 Есіктің сөрелерін
орналастыру
Әр түрлі мөлшерде оралған
тағамдарды орналастыру үшін есіктегі
сөрелерді түрлі биіктікке қоюға
болады.
1. Сөрені алынғанша баяу тартыңыз.
2. Қажетінше басқа деңгейге
салыңыз.
Бұл үлгі бүйір жақтарға қарай
қозғауға болатын жылжымалы
тартпамен жабдықталған.
5.3 Жылжымалы сөрелер
Тоңазытқыштың қабырғасында
сөрелерді қалауыңызша
орналастыруға арналған бірнеше
бағыттауыш бар.
ҚАЗАҚ 11
A
B
Ауаның дұрыс айналуын
қамтамасыз ету үшін,
көкөніс салынатын
тартпаның бетіндегі шыны
сөрені алмаңыз.
5.4 Ылғалдылықты басқару
Шыны сөре көкөніс салынатын
сөре(лер)дің ылғалдылығын реттеуге
мүмкіндік беретін саңылаулары
(сырғыма тетіктің көмегімен
реттелетін) бар құралмен
жабдықталған.
Желдету саңылаулары жабық тұрған
кезде:
жеміс пен көкөніс тартпасына
салынған тағамның құрамындағы
табиғи ылғалдылық ұзағырақ
сақталады.
Желдету саңылаулары ашық тұрған
кезде:
ауа көбірек айналып тұрса, жеміс пен
көкөніс салынатын бөліктердегі
ауаның ылғалдылығы төменірек
болады.
5.5 Мұздатылған тағамды
мұздату және сақтау
Мұздатқыш бөлік жаңа тағамды
мұздату мен тоңазыған және
мұздатылған тағамдарды ұзақ уақыт
сақтауға жарайды.
Құрылғыны жаңа іске қосарда не біраз
уақыт пайдаланбай барып іске қосқан
кезде, тағамды камераға салмай
тұрып, құрылғыны кем дегенде 2
сағатқа, FastFreeze функциясына
қойып іске қосыңыз.
Жаңа піскен тағамды мұздатуға
ортаңғы бөлік арналған.
24 сағат ішінде мұздатуға болатын
тағамның ең көп мөлшері құрылғының
ішіндегі техникалық ақпарат
тақтайшасында көрсетілген.
Мұздату үдерісі 24 сағатқа созылады,
осы уақытта басқа мұздатылатын
тағамды қосып салмаңыз.
Тағам кенет жібіп кетсе,
мысалы, электр қуатының
ажырауына байланысты,
электр қуаты
"температураның көтерілу"
уақыты кестесінде
көрсетілген уақыттан ұзақ
уақыт сөнсе, жібітілген
тағамды дереу пайдалану
керек немесе пісіріп, содан
кейін қайта мұздату керек
(пісіргеннен кейін).
5.6 Жібіту
Қатты мұздатылған немесе
мұздатылған тағамды пайдалану
алдында егер уақыт бар болса,
тоңазытқыш бөлікке салып немесе
бөлме температурасында жібіту керек.
Кішкене тағамдарды мұздатқыштан
алған бетте тура пісіре беруге болады.
бұндай жағдайда пісіру ұзаққа
созылады.
www.electrolux.com12
5.7 Мұз текшелерін жасау
Бұл құрылғы мұз текшелерін жасауға
арналған бір немесе бірнеше науамен
жабдықталған.
Науаларды мұздатқыштан
алу үшін темір
инструментті қолданбаңыз.
1. Осы науаларды суға толтырыңыз
2. Мұз науаларын мұздатқыш бөлікке
қойыңыз.
6. АҚЫЛ-КЕҢЕС
6.1 Қалыпты жұмыс шуылы
Жұмыс істеп тұрған кезде келесі
дыбыстардың естілуі қалыпты жағдай:
Салқындатқыш сұйық жіберілген
кезде көпіршіктенген және
сылдырлаған дыбыс шығуы мүмкін.
Салқындатқыш сұйық жіберілген
кезде компрессордан діріл және
сылдырдың дыбысы естіледі.
Қызудың әсерінен пайда болатын
дилатацияға (табиғи және қауіпті
емес физикалық құбылыс)
байланысты құрылғының ішінде
кенет пайда болатын сырт-сырт
еткен дыбыс.
Компрессор қосылғанда немесе
сөндірілгенде температураны
реттегіштен әлсіз дыбыс естілуі
мүмкін.
6.2 Қуатты үнемдеуге
арналған кеңестер
Егер аса қажет болмаса есікті жиі
ашпаңыз немесе ұзақ уақыт ашып
қалдырмаңыз.
6.3 Жаңа тағамды тоңазытуға
қатысты ақыл-кеңес
Жылы тағамды немесе буы
бұрқырап тұрған сұйықтарды
тоңазытқышқа қоймаңыз.
Әсіресе иісі күшті шығатын
тағамдардың бетін жабыңыз
немесе орап қойыңыз.
Тағамдарды ауа еркін айнала
алатын етіп орналастырыңыз.
6.4 Тоңазытуға қатысты ақыл-
кеңес
Пайдалы кеңес:
Ет (барлық түрі) : жарамды
орауышқа орып, көкөніс
тартпасының үстіңгі жағындағы
шыны сөреге қойыңыз. Етті ең көбі
1-2 күн сақтаңыз.
Піскен тағамдар, салқын тағамдар:
бетін жауып, кез келген сөреге
қойыңыз.
Жемістер мен көкөністер: мұқият
тазалап, арнайы тартпаға салыңыз.
Банан, картоп, пияз және сарымсақ
оралмаған болса, тоңазытқышта
сақтамау керек.
Сары май және ірімшік: ауа
өткізбейтін арнайы сауытқа салу
немесе ауаны мүмкіндігінше
кіргізбеу үшін алюминий таспаға
орау не полиэтилен қалтаға салу
керек.
Шөлмектер: қақпақ жауып, есіктің
шөлмек сөресіне немесе шөлмек
сөресіне (бар болса) сақтау керек.
6.5 Мұздатуға қатысты ақыл
кеңес
Жоғары сапалы, жаңа және мұқият
тазаланған тағамдарды ғана
мұздатыңыз.
Тағамды барынша тиімді мұздату
және жібіту үшін шағын бөліктерге
бөліңіз.
Тағамды алюминий жұқалтырға
немесе пластикке ораңыз.
Орамдардың ауа өткізбейтініне көз
жеткізіңіз.
Мұздатылған тағамның
температурасының жоғарылауына
жол бермеу үшін оның қасына
ҚАЗАҚ 13
мұздатылмаған жаңа тағамды
қоймаңыз.
Майсыз тағамдар майлы тағамға
қарағанда ұзақ сақталады. Тұз
тағамды сақтау уақытын азайтады.
Мұз текшелерін, мұздақтарды
немесе лолли тәрізді тағамдарды
мұздатқыштан алған бетте жемеңіз.
Қарып кетуі мүмкін.
Тағамды сақтау уақытын есепке
алып отыру үшін, әр орамның
сыртына мұздатылған ай-күнін
жазып қою ұсынылады.
6.6 Мұздатылған тағамды
сақтау бойынша кеңес
Ретейлер дүкендерде мұздаған
қалпы сатылатын тағамдарды тиісті
түрде мұздатқанына көз жеткізіңіз.
Мұздатылған тағамдарды дүкеннен
мұздатқышқа барынша қысқа уақыт
ішінде жеткізіңіз.
Тағамды жібіткеннен кейін сапасы
дереу түсе бастайды және оны
қайта мұздатуға болмайды.
Тағамды өндіруші көрсеткен
жарамдылық мерзімінен артық
уақыт сақтамаңыз.
7. КҮТУ МЕНЕН ТАЗАЛАУ
ЕСКЕРТУ!
Қауіпсіздік тарауларын
қараңыз.
7.1 Жалпы ескертулер
АБАЙЛАҢЫЗ
Қандай да бір жөндеу
жұмысын орындау
алдында, құрылғыны
сөндіріңіз.
Құрылғының
салқындатқыш жүйесінде
көмірсутек бар; жөндеу
және оны қайта толтыру
жұмыстарын тек уәкілетті
маман ғана іске асыруға
тиіс.
Құрылғының керек-
жарақтары мен
бөлшектерін ыдыс жуғыш
машинамен жууға
болмайды.
7.2 Мерзімді тазалау
АБАЙЛАҢЫЗ
Құрылғының ішіндегі
түтікше және/немесе
сымдардың ешқайсысын
тартуға, қозғауға немесе
бүлдіруге болмайды.
АБАЙЛАҢЫЗ
Салқындатқыш жүйені
зақымдамаңыз.
Құрылғыны жиі тазалап отыру керек:
1. Құрылғының іші мен керек-
жарақтарын бейтарап сабын мен
жылымшы сумен тазалаңыз.
2. Есіктің тығыздағыштарын
уақытылы тексеріп, таза және
қоқыссыз болуын қамтамасыз ету
үшін сүртіңіз.
3. Мұқият шайыңыз және құрғатыңыз.
4. Қол жетіп тұрса, құрылғының
артындағы конденсатор мен
компрессорды шөткемен
тазалаңыз.
Бұлай тазалау құрылғының
жұмысын жақсартып, электр
қуатын тұтынуды азайтуға
көмектеседі.
www.electrolux.com14
7.3 Тоңазытқышты жібіту
Құрылғы қалыпты жұмыс істеп тұрса,
қырау тоңазытқыш камерадағы
буландырғыштан, мотор компрессоры
тоқтаған сайын автоматты түрде
шығарылады. Еріген су науа арқылы
құрылғының артқы жағында, мотор
компрессорының үстінде орналасқан
арнайы сауытқа жиналады да, сол
жерде буға айналады.
Жиналған су ағып, тоңазытқыштағы
тағамға тамшыламас үшін тоңазытқыш
бөліктегі науаның ортасындағы еріген
су ағатын саңылауды мезгіл-мезгіл
тазалап тұрған маңызды.
7.4 Мұздатқыштың мұзын
еріту
АБАЙЛАҢЫЗ
Буландырғыштағы
қырауды ешқашан өткір
металл қырғышпен
қырмаңыз, оны бүлдіріп
алуыңыз мүмкін. Мұзды
жылдам еріту үшін
өндіруші ұсынған
құралдардан өзге
механикалық немесе басқа
жасанды заттарды
ешқашан қолданбаңыз.
Құрылғының мұзын еріту
кезінде, оралып
мұздатылған тағамдардың
температурасының
жоғарылауы олардың
қауіпсіз сақталу мерзімін
қысқартуы мүмкін.
Жібітуге шамамен 12 сағат
қалғанда, құрылғы жұмысы
уақытша тоқтатылған
кезде ішіндегі суық
жеткілікті болуы үшін
төмен температураны
орнатыңыз.
Мұздатқыш сөрелері мен үстіңгі
камераның айналасына белгілі бір
мөлшерде қырау әрқашан жиналады.
Мұздатқыш қырауының қалыңдығы
шамамен 3-5 мм болғанда жібітіңіз.
1. Құрылғыны сөндіріңіз немесе
ашаны розеткадан суырыңыз.
2. Ішінде тағам тұрса, оны алып,
бірнеше қабат газетке ораңыз да,
салқын жерге қойыңыз.
ЕСКЕРТУ!
Мұздатылған заттарды
дымқыл қолмен
ұстамаңыз.
Қолдарыңыз
мұздатылған заттарға
жабысып қалуы мүмкін.
3. Есікті ашық қалдырыңыз.
Жібіту үрдісін жылдамдату үшін
мұздатқыш бөліктің ортасына
жылы су құйылған стакан қойыңыз.
Сонымен қатар сындыруға
болатын мұзды ерімей тұрып
алыңыз.
4. Мұзды ерітіп болғаннан кейін
құрылғының ішін жақсылап
құрғатыңыз.
5. Құрылғыны қосыңыз.
Үш сағаттан кейін алдында алынған
тағамдарды мұздатқыш бөлікке қайта
салыңыз.
7.5 Құрылғыны қолданбаған
кезде
Құрылғыны ұзақ уақыт бойы
қолданбаған кезде мына сақтық
шараларын орындаңыз:
1. Құрылғыны электр желісінен
ажыратыңыз.
2. Тағамдардың барлығын
шығарыңыз.
3. Құрылғыны жібітіңіз (қажет болса).
ҚАЗАҚ 15
4. Құрылғыны және оның керек-
жарақтарының барлығын
тазалаңыз.
5. Жағымсыз иіс пайда болмау үшін
есікті/есіктерді ашық қалдырыңыз.
АБАЙЛАҢЫЗ
Құрылғыны қосып
қойғыңыз келсе, электр
қуаты өшіп қалса сақталған
тағам бұзылып кетпес
үшін, басқа бір адамның
арасында бір рет тексеріп
қоюын сұраңыз.
Holiday режимін қосуды
ұсынамыз.
8. АҚАУЛЫҚТЫ ТҮЗЕТУ
ЕСКЕРТУ!
Қауіпсіздік тарауларын
қараңыз.
8.1 Не істерсіңіз, егер...
Ақаулық Ықтимал себебі Шешімі
Құрылғы жұмыс
істемейді.
Құрылғы сөндірулі. Құрылғыны қосыңыз.
Қуат ашасы розеткаға
дұрыс сұғылмаған.
Ашаны розеткаға дұрыстап
сұғыңыз.
Розеткада тоқ жоқ. Розеткаға басқа электр
құрылғысын қосып көріңіз.
Электрші маманға
хабарласыңыз.
Көрінетін және естілетін
сигналдар қосылып тұр.
Құрылғы жақында ғана
қосылған немесе
температурасы өте
жоғары.
"Жоғары температураны
ескерту сигналы" тарауын
қараңыз.
Құрылғының ішіндегі
температура тым
жоғары.
Жақын жердегі уәкілетті
қызмет көрсету
орталығына немесе білікті
электршіге хабарласыңыз.
Есік ашық қалған. Есікті жабыңыз. "Есік ашық
ескерту сигналы" тарауын
қараңыз.
Температура
дисплейінде санның
орнына немесе
белгісі көрініп тұр.
Температура
сенсорына қатысты
ақаулық.
Жақын жердегі уәкілетті
қызмет көрсету
орталығына хабарласыңыз
(салқындатқыш жүйе
тағамды салқындатуын
жалғастырады, бірақ
температураны реттеу
мүмкін емес).
www.electrolux.com16
Ақаулық Ықтимал себебі Шешімі
Шам жанбайды. Шам күту режимінде
тұр.
Есікті жауып, қайта
ашыңыз.
Шамда ақаулық бар. Жақын жердегі уәкілетті
қызмет көрсету
орталығына
хабарласыңыз.
Компрессор үздіксіз
жұмыс істейді.
Температура дұрыс
орнатылған жоқ.
"Іске пайдалану" тарауын
қараңыз.
Бір мезгілде тым көп
тағам қойылған.
Бірнеше сағат күтіңіз де,
температурасын қайта
тексеріңіз.
Бөлме температурасы
тым жоғары.
Техникалық ақпарат
тақтайшасындағы ауа-
райы санатын қараңыз.
Құрылғыға тым жылы
тағамдар қойылған.
Тағамдарды бөлме
температурасына дейін
салқындатып алғаннан
кейін салыңыз.
Есік дұрыс жабылмаған. "Есікті жабу" тарауын
қараңыз.
"FastFreeze функциясы"
немесе"Shopping
функциясы" қосылған.
"FastFreeze функциясы"
немесе"Shopping
функциясы" тарауын
қараңыз.
Қырау, мұз тым көп
қатқан.
Есік дұрыс жабылмаған
немесе тығыздағышы
жапырылған/кірлеген.
"Есікті жабу" тарауын
қараңыз.
Су ағызатын түтіктің
тығыны дұрыс
салынбаған.
Су ағызатын түтіктің
тығынын дұрыс салыңыз.
Температура дұрыс
орнатылған жоқ.
"Іске пайдалану" тарауын
қараңыз.
Компрессор "FastFreeze"
немесе "Shopping" тетігін
басқаннан кейін немесе
температураны
өзгерткеннен кейін
бірден жұмыс істей
бастамайды.
Бұл қалыпты жағдай,
ешқандай ақаулық жоқ.
Компрессор біраз уақыттан
кейін жұмыс істей
бастайды.
Тоңазытқыштың артқы
тақтасына су ағады.
Мұзды автоматты түрде
еріту барысында мұз
артқы тақтаға еріп
ағады.
Бұл дұрыс.
ҚАЗАҚ 17
Ақаулық Ықтимал себебі Шешімі
Су тоңазытқыштың ішіне
ағады.
Тағамдар судың су
коллекторына қарай
ағуына бөгет жасайды.
Тағамдардың артқы
тақтаға тимейтінін
тексеріңіз.
Су ағатын түтікше
бітеліп қалған.
Су ағатын түтікшені
тазалаңыз.
Су еденге ағады. Еріген су ағатын
түтікше, компрессордың
үстіндегі буландырғыш
науаға қосылмаған.
Еріген су ағатын түтікшені
буландырғыш науаға
жалғаңыз.
Температура
орнатылмайды.
"FastFreeze функциясы"
немесе"Shopping
функциясы" қосылған.
"FastFreeze функциясын"
немесе"Shopping
функциясын" қолмен
сөндіріңіз, немесе
температураны орнату
үшін функцияның өздігінен
бастапқы қалпына келуін
күтіңіз. "FastFreeze
функциясы"
немесе"Shopping
функциясы" тарауын
қараңыз.
DEMO жыпылықтап
көрсетіледі.
Құрылғы демо режимде
тұр.
Mode түймешігін ұзақ
сигнал естілгенше және
дисплей шамалы сөнгенше
шамамен 10 секунд басып
ұстап тұрыңыз.
Құрылғының ішіндегі
температура өте
төмен/өте жоғары.
Температура тетігі
дұрыс мәнге
қойылмаған.
Жоғарырақ/төменірек
температураға қойыңыз.
Есік дұрыс жабылмаған. "Есікті жабу" тарауын
қараңыз.
Азық-түліктердің
температурасы өте
жоғары.
Азық-түліктің
температурасын бөлме
температурасына дейін
азайтып барып сақтаңыз.
Бір мезгілде тым көп
тағам сақтауға
қойылған.
Бір мезгілде аз азық-түлік
сақтаңыз.
Мұздың қалыңдығы 4-5
мм.
Құрылғының мұзын
жібітіңіз.
Есік тым жиі ашылған. Есікті ашу қажет болса
ғана ашыңыз.
www.electrolux.com18
Ақаулық Ықтимал себебі Шешімі
"FastFreeze функциясы"
немесе"Shopping
функциясы" қосылған.
"FastFreeze функциясы"
немесе"Shopping
функциясы" тарауын
қараңыз.
Құрылғының ішінде
суық ауа айналымы
жоқ.
Құрылғы ішінде суық
ауаның айналуын
қамтамасыз етіңіз.
Егер ақыл-кеңес күткен
нәтиже бермесе, жақын
жердегі уәкілетті қызмет
көрсету орталығына
хабарласыңыз.
8.2 Шамды ауыстыру
Құрылғы қолданыс мерзімі ұзақ LED
ішкі жарықтама шамымен
жабдықталған.
Жарықтандыру құралын сервис
қызметкері ауыстыру керек. Уәкілетті
қызмет көрсету орталығына
хабарласыңыз.
8.3 Есікті жабу
1. Есіктің тығыздағыштарын
тазалаңыз.
2. Қажет болса, есікті реттеңіз.
Құрастыру нұсқауларын қараңыз.
3. Қажет болса, зақым келген
тығыздағыштарды өзгертіңіз.
Уәкілетті қызмет көрсету
орталығына хабарласыңыз.
9. ШУЫЛ ТҮРЛЕРІ
Құрылғы қалыпты жұмыс істеп тұрған кезде түрлі шуыл естіледі (компрессор,
салқындатқыш сұйықтықтың айналуы).
BRRR!
HISSS!
CLICK!
BLUBB!
CRACK!
SSSRR
R!
OK
ҚАЗАҚ 19
CLICK!
CLICK!
SSSRRR!
SSSRRR!
BRRR!
BRRR!
HISSS!
HISSS!
BLUBB!
BLUBB!
CRACK!CRACK!
10. ТЕХНИКАЛЫҚ ДЕРЕК
10.1 Техникалық мәліметтер
Ұяның өлшемдері
Биіктігі 1780 мм
Ені 560 мм
Тереңдігі 550 мм
Кернеу 230 - 240 В
Жиілік 50 Гц
Темп. жоғарылау
уақыты
22 сағ
Техникалық ақпарат құрылғының
сыртқы немесе ішкі жағындағы
техникалық ақпарат тақтайшасында
және қуат жапсырмасында
көрсетілген.
www.electrolux.com20
/