68
KZ
майлаңыз.
Тамақты қыздырылмаған пештің ішіне салыңыз. Егер
тамақты алдын ала қыздырылған пешке салғыңыз
келсе, жоғары температуралы пісіру бағдарламасынан
кейін температура 120° градусқа түскенше дисплейде
бірден «Hot» («Ыстық») деген мәтін көрінеді. Осы
кезде пиццаны пешке салуға болады.
ПИЦЦА рецепті:
3 немесе 4 пицца жасау үшін: 1000 г ұн, 500 мл су,
20 г тұз, 20 г қант, 100 мл зәйтүн майы, 20 г ашытқы
(немесе 2 қалта ашытқы ұнтағы)
• Бөлме температурасында ашыту: 1 сағат немесе
қолмен орнатылатын ТӨМЕНГІ ТЕМПЕРАТУРА
функциясы үшін 40° градус қойылған. Шамамен
30-45 минут көтерілгенше күтіңіз.
• Тамақты қыздырылмаған пештің ішіне салыңыз.
•
ПИЦЦА пісіру режимін қосыңыз.
НАН рецепті (қамырдың ең көп мөлшері):
Құрамы:
• 1,3 кг ұн
• 700 г су
• 25 г тұз
• 50 г нан ашытқысы немесе 4 қалта құрғақ ашытқы
ұнтағы.
Дайындау әдісі:
• Ұн мен тұзды үлкен кеседе араластырыңыз.
• Ашытқыны жылымшы суға (шамамен 35 градус)
ерітіңіз.
• Үйілген ұнның ортасында кішкене ойық жасаңыз.
• Су мен ашытқы қоспасын құйыңыз.
• Қамырды алақанмен созып, өзіне-өзін бүктеу
арқылы ол біртекті болып, жабысқақтығы
кеткенше 10 минут илеңіз.
• Қамырды домалақтап, үлкен тегенеге салыңыз да,
қамыр кеуіп кетпеу үшін бетін мөлдір пластмасса
орағышпен жабыңыз. Тегенені пешке салып,
қолмен орнатылатын ТӨМЕНГІ ТЕМПЕРАТУРА
функциясының көмегімен 40° градусқа қойыңыз
да, шамамен 30–45 минут көтерілгенше күтіңіз.
Не болмаса, бөлме температурасында шамамен
1 сағатқа (қамырдың көлемі екі еселенгенше)
қойыңыз.
• Қамырды жеңіл илей отырып, бірнеше бөлке етіп
бөліңіз.
• Оларды тартпаның үстіндегі нан пісіретін қағазға
(немесе нандарды әр түрлі сөрелерде пісіргіңіз
келген жағдайда 2 немесе 3 тартпаларға)
қойыңыз да, аздап ұн себіңіз.
• Өткір жүзбен үстіне бірнеше өрнек салыңыз.
• Тартпаны тек бір деңгейді пайдаланған жағдайда
пештегі 2-деңгейдегі сөреге немесе екі деңгейді
пайдаланған жағдайда екі тартпаны 1 және
4-деңгейлердегі сөрелерге, не болмаса үш
деңгейді пайдаланған жағдайда үш тартпаны 1, 3
және 5-деңгейлердегі сөрелерге қойыңыз.
• Табаны 7-деңгейдегі сөреге қойып, 150 г суық
су құйыңыз.
• Тамақты қыздырылмаған пештің ішіне салыңыз.
•
НАН автоматты функциясын қосыңыз.
• Пісіру аяқталған кезде толық салқындағанша
нандарды тартпада қалдырыңыз.
Small Space
Пешті қосу
1. Екі қыстырғышты қолданып және көрсеткілерді
пештің астыңғы жағына қаратып БӨЛГІШТІ «Б»
БӨЛГІШ сөресіне бекітіңіз. Бұл дұрыс бекітілгеннен
кейін БӨЛГІШ жақтауының алдыңғы жағында
«OPENSPACE» мәтінін көресіз. Дауыс сигналы
БӨЛГІШТІҢ дұрыс орнатылғандығының расталуы
туралы дыбыс береді; бұл содан соң екі негізгі Main
және Small space камерларын бөлек немесе бір
уақытта пайдалануға мүмкіндік береді.
! EXTRALARGE SPACE ФУНКЦИЯСЫ тұтқасы
жұмыс істемейді.
2. EXTRALARGE SPACE ФУНКЦИЯСЫ тұтқасын
бұрау арқылы қажетті пісіру функциясын таңдаңыз.
3. Пеш алдын ала қыздыру сатысын бастайды.
Температура ТЕМПЕРАТУРАНЫ ОРНАТУ
тұтқасын бұрау арқылы өзгертіледі. Алдын ала
қыздыру сатысында көрсеткішінің жарығы
жыпылықтайды.
4. Алдын ала қыздыру сатысы аяқталған соң
белгішесі жыпылықтауын тоқтатып (тұрақты жанып),
дыбысты сигнал беріледі. Енді пешке азық-түлікті
салуға болады.
5. Пісіру кезінде әрқашан мыналарды орындауға
болады:
- SMALL SPACE ФУНКЦИЯСЫ тұтқасын бұрау
арқылы қажетті пісіру функциясын таңдау.
- ТЕМПЕРАТУРА тұтқасын бұрау арқылы
температураны өзгерту.
- Пісіруді аяқтау уақытына қоса пісірудің ұзақтығын
орнату.
- SMALL SPACE ФУНКЦИЯ тұтқасын «0»
позициясына бұрап, пісіру үрдісін тоқтату.
6. Егер пеш жұмыс істеп тұрғанда ток болмай қалса,
құрылғының ішіндегі автоматты жүйе температура
белгілі деңгейден түспей тұрып пісіру функциясын
тоқтаған жерінен бастап қалпына келтіреді.
Қосылмаған бағдарламаға енгізілген режимдер
қалпына келтірілмейді және бағдарламаны қайта
орнату керек болады.
Пісіру функциясы
ГРИЛЬ функциясы
Жоғарғы қыздыру элементі қосулы. ТЕМПАРАТУРАНЫ
ОРНАТУ тұтқасы арқылы орнатылатын әртүрлі қуат
деңгейлері дисплейге шығады; бұл 5% және 100%
аралығында болады. Грильдің жоғарғы және тіке