Zanussi ZWI71201WA Руководство пользователя

  • Привет! Я чат-бот, который прочитал руководство пользователя по стиральной машине Zanussi ZWI 71201 WA. Я могу ответить на ваши вопросы о функциях, программах стирки, устранении неполадок и уходе за устройством. Например, вы можете спросить, как выбрать подходящую программу стирки для разных тканей или что делать, если машина не сливает воду. Задавайте ваши вопросы!
  • Как выбрать программу стирки для деликатных тканей?
    Что делать, если машина не сливает воду?
    Как включить защиту от детей?
    Как использовать функцию отложенного старта?
GETTING
STARTED?
EASY.
User Manual
ZWI 71201 WA
KK Қолдану туралы нұсқаулары 2
Кір жуғыш машина
RU Инструкция по эксплуатации 25
Стиральная машина
ҚАУІПСІЗДІК АҚПАРАТЫ
Құрылғыны орнатып іске қолданар алдында бірге
жеткізілген нұсқауларды мұқият оқып шығыңыз. Дұрыс
орнатпау немесе пайдаланбау нәтижесінде орын алған
жарақат немесе зақымдарға өндіруші жауапты емес.
Нұсқаулықтарды кейін қарап жүру үшін әрқашан қауіпсіз
және қол жетімді жерде сақтаңыз.
БАЛАЛАР МЕН ДӘРМЕНСІЗ АДАМДАРДЫҢ
ҚАУІПСІЗДІГІ
Бұл құрылғыны 8 жастан асқан балалар мен денесіне,
сезім жүйесіне не ақыл-есіне зақым келген не тәжірибесі
аз адамдар өз қауіпсіздіктерін қамтамасыз ететін
адамның қадағалауы не құрылғыны қауіпсіз қолдану
бойынша берген нұсқауына сүйеніп, дұрыс қолданбау
салдарын түсінсе, онда қолдануына болады.
3 және 8 жас арасындағы балалар мен мүмкіндіктері өте
шектеулі мүгедек адамдарды басқалар қадағаламаған
жағдайда алыс ұстау керек.
3 жасқа толмаған балаларды үнемі қарап отырмаған
жағдайда алыс ұстау керек.
Балаларға құрылғымен ойнауға рұқсат бермеңіз.
Барлық орам материалдарын балалардан алыс ұстап,
қоқысқа тиісті түрде тастау керек.
Жуғыш заттарды балалардан алыс ұстаңыз.
Құрылғының есігі ашық тұрғанда, балалар мен үй
жануарларын оған жақындатпаңыз.
Құрылғыда бала қауіпсіздігінің құралы бар болса, оны
қосу керек.
Балалар құрылғыны жөндеу және тазалау жұмыстарын
бақылаусыз орындамауы керек.
ҚАУІПСІЗДІК ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ АҚПАРАТ
Бұл құрылғының техникалық сипаттамасын өзгертпеңіз.
Бұл құрылғыны үйде немесе соған ұқсас жерлерде
пайдалану керек, мысалы:
2
дүкендердің, кеңселердің және басқа жұмыс
орындарының ас үйлерінде;
қонақ үй, мотель, төсек және таңғы ас қонақжайлары
мен басқа резиденциялық жерлерде;
коммуналық пәтерлерде немесе кір жуатын жерлерде.
Ең көбі 7кг салмақтан асырмаңыз ("Бағдарлама кестесі"
тарауын қараңыз).
Сыртқы қосылымнан су кіретін тұстағы судың жұмыс
қысымы 0,5 бар (0,05 МПа) және 8 бар (0,8 МПа)
аралығында болуы керек.
Табанындағы желдеткіш саңылауларға кілем, төсеніш
немесе еденнің қаптамасы кедергі жасамауға тиіс.
Құрылғыны су желісіне жаңадан берілген түтік жинағын
немесе уәкілетті қызмет көрсету орталығы берген басқа
түтік жинағын қолданып қосу керек.
Ескі түтіктерді қайта пайдалануға болмайды.
Қуат cымына зақым келсе, электр қатерінен сақтандыру
үшін оны өндіруші немесе оның уәкілетті қызмет көрсету
орталығы немесе сол сияқты білікті маман ауыстыруға
тиіс.
Кез келген жөндеу жұмысын орындау алдында
құрылғыны сөндіріп, ашаны розеткадан суырыңыз.
Құрылғыны тазалау үшін сулы спрейді және/немесе буды
қолданбаңыз.
Құрылғыны дымқыл шүберекпен тазалаңыз. Бейтарап
жуғыш заттарды ғана қолданыңыз. Жеміргіш заттарды,
түрпілі жөкені, еріткіштерді немесе темір заттарды
пайдаланбаңыз.
ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЛАРЫ
ОРНАТУ
Жергілікті стандарттарға сәйкес
етіп орнату керек.
Барлық орам материалдарын және
тасымал болттарын, пластик тығыздағышы
бар резеңке төлкесін алыңыз.
Тасымал болттарын сенімді жерде
сақтаңыз. Кейін құрылғыны көшірген кезде,
ішкі бөліктеріне зақым келмеу үшін
барабанды бекіту үшін оларды қайта салу
керек.
Құрылғы ауыр болғандықтан, орнынан
жылжытқан кезде әрқашан абай болыңыз.
Әрқашан қауіпсіздік қолғабы мен бітеу аяқ
киім киіңіз.
Бүлінген құрылғыны орнатпаңыз немесе
іске қоспаңыз.
3
Құрылғымен бірге жеткізілген орнату
нұсқауларын орындаңыз.
Құрылғыны температурасы 0°C градустан
төмен немесе ауа-райы әсер ететін жерге
орнатпаңыз немесе пайдаланбаңыз.
Құрылғы орнатылатын еден тегіс, орнықты,
қызуға төзімді және таза болуға тиіс.
Құрылғы мен еден арасында ауаның
айналуын қамтамасыз етіңіз.
Құрылғыны тұрғылықты орнына қойғаннан
кейін, ватерпас арқылы деңгейінің әбден
дұрыс қойылғанына көз жеткізіңіз. Деңгейі
дұрыс болмаса, тіректерін тиісінше
реттеңіз.
Құрылғыны едендегі су ағатын арықшаның
үстіне тура орнатпаңыз.
Құрылғыға су шашпаңыз және шамадан
тыс көп ылғалдың әсер етуіне жол
бермеңіз.
Құрылғыны құрылғының есігі толық
ашылмайтын жерге орнатпаңыз.
Құрылғының астына ағып кетуі мүмкін суды
құю үшін жабық сауыт қоймаңыз.
Қолданылатын керек-жарақтың түрін
уәкілетті қызмет көрсету орталығына
хабарласып біліңіз.
ЭЛЕКТРТОҒЫНА ҚОСУ
ЕСКЕРТУ! Өрт және электр
қатеріне ұшырау қаупі бар.
Құрылғыны міндетті түрде жерге тұйықтау
қажет.
Әрқашан дұрыс орнатылған, қатерден
сақтандырылған розетканы қолданыңыз.
Техникалық ақпарат тақтасындағы
параметрлердің негізгі қуатпен жабдықтау
желісіндегі электр параметрлеріне сәйкес
келетініне көз жеткізіңіз.
Көп тармақты адаптерлер мен ұзартқыш
сымдарды қолданбаңыз.
Құрылғының ашасына және сымына зақым
келтірмеңіз. Қорек сымын ауыстыру қажет
болса, оны міндетті түрде қызмет көрсету
орталығы жүзеге асыруға тиіс.
Құрылғының ашасын розеткаға тек
құрылғыны орнатып болғаннан кейін ғана
жалғаңыз. Орнатып болғаннан кейін
ашаның қол жететін жерде тұрғанына көз
жеткізіңіз.
Қорек сымын немесе ашасын су қолмен
ұстамаңыз.
Құрылғыны тоқтан ажырату үшін сымынан
тартпаңыз. Әрқашан ашасынан тартып
суырыңыз.
Бұл құрылғы E.E.C. ережелеріне сай
келеді.
СУҒА ҚОСУ
Су түтіктеріне зақым келтірмеңіз.
Жаңа түтіктерді немесе ұзақ уақыт
қолданылмаған түтіктерді орнату алдында,
жөндеу жұмыстарын орындағаннан кейін
немесе жаңа құралдарды орнатқаннан
кейін (су өлшегіш құрал, т.б.) суды таза
және тұнық су аққанша ағызыңыз.
Құрылғыны пайдалану барысында немесе
бірінші рет қолданғаннан кейін ешбір су
ағып тұрмағанына көз жеткізіңіз.
Су құятын түтік тым қысқа болса ұзартқыш
түтікті қолданбаңыз. Су құятын түтікті
ауыстыру үшін қызмет көрсету орталығына
хабарласыңыз.
Су төгетін түтіктен судың ағып тұрғанын
көруге болады. Бұл құрылғыны зауытта
суды пайдаланып сынақтан өткізгенге
байланысты.
Су төгетін түтікті ең көбі 400 cм-ге ұзартуға
болады. Басқа су төгетін түтік алу немесе
оны ұзарту үшін қызмет көрсету
орталығына хабарласыңыз.
ПАЙДАЛАНУ
ЕСКЕРТУ! Жарақат алу, электр
қатері, күйіп қалу, өрт қаупі,
құрылғыны бүлдіріп алу қаупі бар.
Жуғыш заттың орамындағы қауіпсіздік
нұсқауларын орындаңыз.
Тұтанғыш заттарды немесе ішіне тұтанғыш
зат салынған дымқыл заттарды
құрылғының ішіне, қасына немесе үстіне
қоймаңыз.
Кірден барлық темір заттардың
алынғанына көз жеткізіңіз.
Май немесе басқа да майлы заттар қатты
ластаған маталарды жумаңыз. Бұл кір
жуғыш машинаның резеңке бөліктерін
зақымдауы мүмкін. Мұндай маталарды кір
жуғыш машинаға салар алдында, алдын
ала қолмен жуыңыз.
Бағдарлама жұмыс істеп тұрған кезде
шыны есікті ұстамаңыз. Шыны ысып кетуі
мүмкін.
СЕРВИС
Құрылғыны жөндеу үшін уәкілетті қызмет
көрсету орталығына хабарласыңыз.
Тек ғана фирмалық қосалқы бөлшектерді
қолданыңыз.
4
ҚҰРЫЛҒЫНЫ ТАСТАУ
ЕСКЕРТУ! Жарақат алу немесе
тұншығып қалу қаупі бар.
Құрылғыны электр және сумен жабдықтау
желісінен ажыратыңыз.
Құрылғыға жақын орналасқан электр
сымын кесіп, қоқысқа тастаңыз.
Балалар немесе үй жануарлары барабанға
қамалып қалмас үшін есіктің бекітпесін
ағытып алыңыз.
Құрылғыны Ескірген электр және
электроника құрылғыларын тастауға
(WEEE) арналған жергілікті ережелерге
сәйкес тастаңыз.
БҰЙЫМ СИПАТТАМАСЫ
ҚҰРЫЛҒЫНЫҢ ЖАЛПЫ КӨРІНІСІ
1
2
3
4
5
6
1
Жуғыш зат үлестіргіші
2
Басқару панелі
3
Есіктің тұтқасы
4
Техникалық ақпарат тақтайшасы
5
Су төгетін сорғының сүзгісі
6
Құрылғыны деңгейлеуге арналған тіректер
БАЛА ҚАУІПСІЗДІГІ
Бұл құрал балаларды немесе үй жануарларын
барабанға қамалып қалудан қорғайды.
Құралды кертігі
көлденең қалыпқа
келгенше сағат
тілінің бағытымен
бұраңыз.
Есікті жаба
алмасаңыз.
Есікті жабу үшін,
құралды кертігі тік
қалыпқа келгенше
сағат тілінің
бағытына қарсы
бұраңыз.
5
БАСҚАРУ ПАНЕЛІ
БАСҚАРУ ПАНЕЛІНІҢ СИПАТТАМАСЫ
2 3 4
5678910
1
1
Бағдарлама түймешесі
2
Дисплей
3
Кешіктіріп бастау түймесі (Кешіктіріп
бастау)
4
Есік құлыптаулы индикаторы
5
Бастау/Үзіліс түймесі (Бастау/Үзіліс)
6
Қосымша шаю түймесі (Қосымша шаю)
7
Жеңіл үтіктеу түймесі (Жеңіл үтіктеу)
8
Алдын ала жуу түймесі (Алғашқы жуу)
9
Опциялар түймесі (Опция)
ЭКО (Эко)
Жылдам (Жылдам жуу)
10
Айналдыруды азайту түймесі (Айналдыру)
Шаюды кідірту қалпы (Шаюды кідірту)
ДИСПЛЕЙ
BA
Дисплейде төмендегі ақпарат көрсетіледі:
A - Бала қауіпсіздігінің индикаторы:
Бұл құрал жұмыс істеп тұрған құрылғыны
қараусыз қалдыруға мүмкіндік береді.
Тиісті опцияны таңдағанда, дисплейде
индикатор жанады.
B - Бұл аумақта келесі көрсетіледі:
Бағдарлама уақыты
Бағдарламаның соңы
Кешіктіріп бастау
Ескерту кодтары ("Ақаулықты түзету"
тарауын қараңыз).
Опцияны қате таңдау: келесі жағдайда
дисплейде
хабары бірнеше секунд
көрсетіледі:
Бағдарламаға сай келмейтін опцияны
орнатсаңыз.
Бағдарламаны жұмыс істеп тұрған кезінде
өзгертсеңіз.
6
БАҒДАРЛАМАЛАР
БАҒДАРЛАМА КЕСТЕСІ
Бағдарлама
Температура ауқымы
Ең үлкен
салмақ
Ең үлкен
айналдыру
жылдамдығы
Бағдарлама сипаттамасы
(Кірдің салмағы және кірлеу дәрежесі)
Мақта мата
90°C - 60°C - 40°C -
30°C
7 кг
1200
мин/айн
Ақ және түрлі-түсті мақта мата. Қалыпты,
қатты немесе аздап кірлеген.
Мақта мата
1)
60°C - 40°C
7 кг
1200 мин/айн
Ақ және бояуы қанық мақта мата. Қалыпты
кірлеген. Қуатты пайдалану азаяды және жуу
бағдарламасының уақыты ұзарады және жақсы
жуу нәтижелерімен қамтамасыз етеді.
Синтетика
60°C - 40°C - 30°C
3 кг
900 мин/айн
Синтетика немесе аралас матадан жасалған
заттар. Қалыпты кірлеген.
Нәзік мата
40°C - 30°C
3 кг
700 мин/айн
Баппен жууды қажет ететін акрил, вискоза
және аралас маталарға арналған. Қалыпты
кірлеген.
Қолмен жуу
40°C - 30°C - Суық
2 кг
900 мин/айн
«Қолмен жуу» белгісі бар нәзік маталар,
машинамен жууға болатын жүн маталар және
қолмен жууға болатын жүн маталар
2)
.
Жүн мата
40°C
2 кг
900 мин/айн
«Қолмен жуу» белгісі бар нәзік маталар,
машинамен жууға болатын жүн маталар және
қолмен жууға болатын жүн маталар
2)
.
Джинс
40°C
3 кг
1200
мин/айн
Джинс және джерси заттар. Баран түсті
заттарға да арналған.
Аралас 20°
20°C
3 кг
900 мин/айн
Шамалы кірлеген мақта мата, синтетика және
аралас матадан жасалған заттарға арналған
арнайы бағдарлама. Пайдаланылатын қуат
мөлшерін азайту үшін осы бағдарламаны
таңдаңыз. Жақсы жуу нәтижелеріне қол жеткізу
үшін жуғыш затты төмен температурада
пайдалануға болатынына көз жеткізіңіз.
Жібіту
30°C
7 кг Алдын ала жуу – Кірді 40 минуттай жібіту –
Барабандағы суды төкпей тоқтатыңыз. Аса
қатты кірлеген заттарға арналған арнайы
бағдарлама. Осы уақыт аяқталғанда,
барабанның ішіндегі суы төгілмеген қалпы,
құрылғы автоматты түрде тоқтайды. Жаңа жуу
бағдарламасын бастау алдында суды төгу қажет
("Бағдарламаның соңында" тармағын оқыңыз)
3)
.
7
Бағдарлама
Температура ауқымы
Ең үлкен
салмақ
Ең үлкен
айналдыру
жылдамдығы
Бағдарлама сипаттамасы
(Кірдің салмағы және кірлеу дәрежесі)
Мини 30'
30°C
3 кг
700 мин/айн
Шамалы кірлеген немесе бір рет ғана киілген
мақта мата және синтетика заттар.
Шаю циклдары
7 кг
1200 мин/айн
Кірді шаюға және айналдыруға арналған.
Барлық маталар, жүн мата мен өте нәзік
матадан басқа. Айналдыру жылдамдығын
матаның түріне қарай азайтыңыз.
Су төгу
7 кг Шаюды кідірту опциясы таңдалған
бағдарламадан кейін суды төгу.
Айналдыру
7 кг
1200
мин/айн
Шаюды кідірту опциясы таңдалған
бағдарламадан кейін айналдыру және суды төгу
Айналдыру жылдамдығын жуылатын матаға
сәйкес орнатыңыз.
Жұмыс істеп тұрған бағдарламадан бас тарту немесе машинаны
өшіру үшін.
Жуу циклы суының температурасы таңдалған бағдарламаға арнап көрсеткен
температурадан өзгеше болуы мүкін.
2) Осы цикл кезінде кірді баппен жуу үшін барабан баяу айналады. Барабан мүлдем айналмай
немесе дұрыс айналмай тұрған сияқты болып көрінуі мүмкін, бірақ бұл осы бағдарлама үшін
қалыпты жағдай
3) Бұл бағдарламаны жібек немесе жүн мата тәрізді өте нәзік заттар үшін пайдалануға
болмайды. Кірді жібіту бағдарламасына арналған жуғыш затты белгісі бар қорапшаға
салыңыз. Кірді жібіту бағдарламасы (суды төккен соң) аяқталған соң жуу бағдарламасын
таңдауға болады. Әуелі құрылғыны сөндіріңіз, содан кейін бағдарламаны таңдап, іске қосыңыз.
Бағдарлама опцияларының
үйлесімділігі
Бағдарлама
1) 2)
3)
4)
8
1) Мақта мата, үнемді бағдарламасы. 7кг кірді 60 °C градуста жуатын бұл бағдарлама GOST R
IEC 60456:2010 стандартына сәйкес дайындалған қуат жапсырмасындағы деректерге сәйкес
келеді.
Бағдарлама
1) 2) 3) 4)
1) Бұл опция 40°C градустан төмен температурада жұмыс істемейді.
2) Бұл опцияны таңдасаңыз, ең үлкен кірдің салмағын азайтуды ұсынамыз. Кірді толтыра салуға
болады, бірақ жуу нәтижелері сәл төмендейді.
3) Сұйық жуғыш затты пайдалансаңыз, алдын ала жуу циклы жоқ бағдарламаны таңдау қажет.
4) Жеңіл үтіктеу опциясын орнатсаңыз, ұсынылатын ең үлкен салмақ - 1,5 кг.
ПАЙДАЛАНУ КӨЛЕМІ
Көрсетілген мәндер зертхана жағдайында тиісті стандарттар көмегімен алынған.
Деректерді әр түрлі себептер өзгертуі мүмкін: кірдің мөлшері мен түрі және
қоршаған ортаның температурасы. Судың қысымы, ток кернеуі және берілетін
судың температурасы жуу бағдарламасының ұзақтығына әсер етуі мүмкін.
Өнімнің сапасын жақсарту үшін техникалық параметрлер алдын ала ескертусіз
өзгертілуі мүмкін.
Бағдарламалар
Салмақ
(кг)
Қуат тұтыну
(кВт/сағ)
Суды
пайдалану
(литр)
Бағдарламаның
болжалды ұзақтығы
(минут)
Мақта мата 60°C 7 1.35 67 150
9
Бағдарламалар
Салмақ
(кг)
Қуат тұтыну
(кВт/сағ)
Суды
пайдалану
(литр)
Бағдарламаның
болжалды ұзақтығы
(минут)
Мақта мата, үнемді 60°C
бағдарламасы
1)
7 1.05 52 180
Мақта мата 40°C 7 0.85 67 140
Синтетика 40°C 3 0.55 42 90
Нәзік мата 40°C 3 0.55 63 65
Жүн мата/Қолмен жуу 30°C 2 0.25 55 60
1) Мақта мата, үнемді бағдарламасы. 7кг кірді 60 °C градуста жуатын бұл бағдарлама GOST R
IEC 60456:2010 стандартына сәйкес дайындалған қуат жапсырмасындағы деректерге сәйкес
келеді.
Сөндіру режимі (Вт) Қосулы режим (Вт)
0,10 0,98
Жоғарғы кестедегі ақпарат 1015/2010 стандартына сай, ЕО Комиссиясының 2009/125/EC
директивасын жүзеге асыру үшін берілген.
ФУНКЦИЯЛАР
БАҒДАРЛАМА ТАҢДАУ
Бұл түймеше бағдарлама таңдауға және/
немесе құрылғыны қосуға/сөндіруге мүмкіндік
береді.
АЙНАЛДЫРУ
Осы функцияның көмегімен әдепкі айналдыру
жылдамдығын өзгертуге болады.
Орнатылған жылдамдықтың индикаторы
жанады.
ШАЮДЫ КІДІРТУ
Кірлер мыжылып қалмас үшін осы
параметрді орнатыңыз.
Тиісті индикатор жанады.
Бағдарлама аяқталған кезде барабан
ішінде су қалады.
Кір мыжылып қалмас үшін барабан мезгіл-
мезгіл айналып тұрады.
Есік құлыпталып тұрады. Есікті ашу үшін
суды төгу керек.
Суды төгу үшін "Бағдарламаның
соңы" тарауын қараңыз.
ЭКО
Бұл опцияны қолданып, жақсы жуу
нәтижелеріне қол жеткізумен қатар,
пайдаланылатын қуат мөлшерін азайтуға
болады.
Құрылғы жуу уақытын ұзартып,
температураны төмендетеді.
Тиісті индикатор жанады.
ЖЫЛДАМ ЖУУ
Бағдарламаның уақытын қысқарту үшін осы
түймешікті басыңыз.
Осы параметрді шамалы кірлеген немесе
жаңартуды қажет ететін кірлерді жуу үшін
орнатыңыз.
АЛҒАШҚЫ ЖУУ
Машина негізгі жуу циклының алдында, алдын
ала жуу циклын орындайды.
Жуу уақыты ұзарады.
Бұл опцияны қатты кірлеген заттарды жуу үшін
қолдануды ұсынамыз.
10
ЖЕҢІЛ ҮТІКТЕУ
Құрылғы кір қыжымданып қалмас үшін баппен
жуады және айналдырады.
Құрылғы айналдыру жылдамдығын азайтады,
суды көбірек пайдаланады және
бағдарламаның уақытын кірдің түріне
лайықтап қолданады.
Тиісті индикатор жанады.
ҚОСЫМША ШАЮ
Осы параметрдің көмегімен жуу
бағдарламасына бірнеше шаю циклын қосуға
болады.
Бұл функцияны жуғыш заттарға аллергиясы
бар адамдар үшін және суы тым тұщы
жерлерде қолданыңыз.
Тиісті индикатор жанады.
КЕШІКТІРІП БАСТАУ
Осы параметрдің көмегімен бағдарламаны 30
минуттан 20 сағатқа дейін кешіктіріп бастауға
болады.
Бейнебетте тиісті индикатор пайда болады.
ЕСІК ҚҰЛЫПТАУЛЫ ИНДИКАТОРЫ
индикаторы есікті қашан ашуға
болатынын көрсетеді:
Индикатор жанады: есікті ашуға болмайды.
Индикатор жыпылықтайды: есік бірнеше
минуттан кейін ашылады.
Индикаторы сөнеді: есікті ашуға болады.
ПАРАМЕТРЛЕР
БАЛА ҚАУІПСІЗДІГІНІҢ ҚҰРАЛЫ
Осы функцияның көмегімен балалар басқару
панелімен ойнауға жол бермейсіз.
Осы функцияны іске қосу/ажырату үшін
және түймешіктерін индикаторы
жанғанша/сөнгенше қатар басыңыз.
Мына параметрді қосуға болады:
Бастау/Үзіліс түймешігін басқаннан кейін:
функциялар мен бағдарлама тетігі
бұғатталады.
Бастау/Үзіліс түймешігін баспай тұрып:
құрылғы іске қосылмайды.
ДЫБЫСТЫҚ СИГНАЛДАР
Дыбыстық сигналдар мына жағдайларда
қосылады:
Бағдарлама аяқталғанда.
Құрылғыда ақау бар кезде.
Дыбыстық сигналдарды сөндіру/қосу үшін
және түймешіктерін 6 секунд қатар
басыңыз.
Дыбыстық сигналдарды
сөндірсеңіз, олар құрылғыда ақау
пайда болған кезде қосыла береді.
ЕҢ АЛҒАШ ПАЙДАЛАНУ АЛДЫНДА
1. Ашаны розеткаға қосыңыз.
2. Су құятын шүмекті ашыңыз.
3. Жуу циклының жуғыш затына арналған
бөлікке 2 литр су құйыңыз.
Бұл су төгу жүйесін іске қосады.
4. Жуу циклына арналған бөлікке шамалы
жуғыш зат салыңыз.
5. Мақта матаға арналған бағдарламаны
орнатып, ең жоғары температураға қойып
ешбір кір салмай жуыңыз.
Бұл цикл барабан мен машинаның ішінде бар
болуы мүмкін кірлердің барлығын кетіреді.
ӘРКҮНДІК ҚОЛДАНУ
ЕСКЕРТУ! Қауіпсіздік тарауларын
қараңыз.
КІРДІ САЛУ
Су құятын шүмекті ашыңыз. Ашаны розеткаға
қосыңыз.
1. Құрылғының есігін ашу үшін есіктің
тұтқасын тартыңыз.
2. Кірді барабанға бір-бірден салыңыз.
3. Кірлерді құрылғыға салар алдында
сілкілеңіз.
11
Барабанға тым көп кір салынбағанына көз
жеткізіңіз. "Бағдарлама кестесі" тарауында
көрсетілген кірдің мах. салмағын қараңыз.
4. Есікті жабыңыз.
АБАЙЛАҢЫЗ Тығыздағыш пен
есіктің арасына ешбір кір
қыстырылып қалмағанына көз
жеткізіңіз. Су ағуы немесе кірге
нұқсан келуі мүмкін.
Қатты майланған, май дақтары
түскен затты жуғанда, кір жуғыш
машинаның резеңке бөліктеріне
зақым келуі мүмкін.
ЖУҒЫШ ЗАТ ПЕН ҮСТЕМЕЛЕРДІ
ПАЙДАЛАНУ
1. Жуғыш зат пен
мата
жұмсартқышты
өлшеп алыңыз.
2. Жуғыш зат пен
мата
жұмсартқышты
бөліктерге
салыңыз.
3.
Жуғыш зат
үлестіргішті
абайлап жабыңыз.
ЖУҒЫШ ЗАТ САЛЫНАТЫН БӨЛІКТЕР
Алдын ала жуу циклына
арналған жуғыш зат бөлігі.
Жуу циклына арналған
жуғыш зат бөлігі.
Сұйық үстемелерге арналған
бөлік (мата жұмсартқыш,
крахмал).
БАҒДАРЛАМАНЫ ОРНАТУ
1. Бағдарлама орнату және құрылғыны қосу
үшін бағдарлама тетігін бұраңыз:
Бастау/Үзіліс түймешігінің индикаторы
жыпылықтайды.
Дисплейде бағдарлама ұзақтығы
көрсетіледі.
2. Қажет болса, температура мен айналдыру
жылдамдығын өзгертіңіз немесе
қолжетімді параметрлерді қосыңыз.
Параметрді қосқан кезде орнатылған
параметрдің индикаторы жанады.
Егер қате орнатып қойсаңыз,
бейнебетте көрсетіледі.
КЕШІКТІРІП БАСТАУ ПАРАМЕТРІ БАР
БАҒДАРЛАМАНЫ БАСТАУ
1. Кешіктіріп бастау
түймешігін бейнебетте
орнатқыңыз келген кешіктіріп бастау
уақыты көрсетілгенше қайта-қайта
басыңыз. Кешіктіріп бастау индикаторы
жанады.
2. Бастау/Үзіліс түймешігін басыңыз:
Есік бұғаттаулы және
индикаторы
жанып тұр.
Құрылғы кері санай бастайды.
Кері санақ аяқталған кезде,
бағдарлама автоматты түрде
басталады.
Орнатылған Кешіктіріп бастау
параметр мәнін Бастау/Үзіліс
түймешігін баспай тұрып
болдырмауға немесе өзгертуге
болады. Бастау/Үзіліс түймешігін
басқаннан кейін, Кешіктіріп бастау
параметрін болдырмайтын ғана
мүмкіндік бар.
Кешіктіріп бастау параметрін болдырмау үшін:
a. Құрылғыны үзіліске қою үшін Бастау/
Үзіліс түймешігін басыңыз.
Бастау/
Үзіліс түймешігінің индикаторы
жыпылықтайды.
b. Кешіктіріп бастау түймешігін
бейнебетте
көрсеткісі пайда
болғанша басыңыз.
Бағдарламаны дереу бастау үшін
Бастау/Үзіліс түймешігін қайта
басыңыз.
КЕШІКТІРІП БАСТАУ ФУНКЦИЯСЫ ЖОҚ
БАҒДАРЛАМАНЫ БАСТАУ
Бастау/Үзіліс түймешігін басыңыз.
Бастау/Үзіліс түймешігінің индикаторы
жыпылықтауын тоқтатып, жанған қалпы
тұрады.
12
Бағдарлама басталып, есік
құлыпталады да,
индикаторы
жанады.
Бағдарламаның уақыты бір минутқа
тең қадаммен азаяды.
Су сорғысы жуу циклының
басында шамалы уақыт жұмыс
істейді.
ЖҰМЫС ІСТЕП ТҰРҒАН БАҒДАРЛАМАНЫ
БОЛДЫРМАУ
1. Бағдарламаны біржола тоқтату және
құрылғыны сөндіру үшін бағдарлама
тетігін
қалпына қойыңыз.
2. Құрылғыны іске қосу үшін бағдарлама
тетігін қайта бұраңыз. Енді жаңа жуу
бағдарламасын орнатуға болады.
Жаңа бағдарламаны бастау
алдында құрылғының суы төгіледі.
Бұл жағдайда, жуғыш зат
үлестіргіште жуғыш заттың бар
екеніне көз жеткізіңіз, егер жоқ
болса қайтадан толтырыңыз.
БАҒДАРЛАМАНЫ КІДІРТУ ЖӘНЕ
ПАРАМЕТРЛЕРДІ ӨЗГЕРТУ
Кей функцияларды ғана басталмай тұрып
өзгертуге болады.
1. Бастау/Үзіліс түймешігін басыңыз.
Индикатор жыпылықтайды.
2. Функцияларды өзгертіңіз.
3. Бастау/Үзіліс түймешігін қайта басыңыз.
Бағдарлама жалғасады.
ЕСІКТІ АШУ
Бағдарлама немесе Кешіктіріп бастау
функциясы жұмыс істеп тұрғанда, құрылғының
есігі бекітулі тұрады. индикаторы жанады.
АБАЙЛАҢЫЗ Егер барабанның
ішіндегі температура мен судың
деңгейі өте жоғары болса және
барабан әлі айналып тұрса, есік
ашылмайды.
Циклдың алғашқы минутында немесе
Кешіктіріп бастау функциясы жұмыс істеп
тұрғанда есікті ашу үшін:
1. Құрылғыны кідірте тұру үшін
Бастау/Үзіліс
түймешігін басыңыз.
2.
индикаторы сөнгенше күтіңіз.
3. Есікті ашуға болады.
4. Есікті жауып Бастау/Үзіліс
түймешігін
қайта басыңыз. Бағдарлама (немесе
Кешіктіріп бастау
функциясы) жалғасады.
БАҒДАРЛАМАНЫҢ СОҢЫ
Құрылғы автоматты түрде тоқтайды.
Дыбыстық сигналдар естіледі (егер қосулы
тұрса).
Дисплейде жанады.
Бастау/Үзіліс түймесінің индикаторы
сөнеді.
Есік құлпының
индикаторы сөнеді.
Құрылғыны сөндіру үшін бағдарлама тетігін
қалпына бұраңыз.
Есікті ашуға болады.
Құрылғыдан кірді алыңыз. Барабанның бос
екеніне көз жеткізіңіз.
Судың шүмегін жабыңыз.
Зең және иіс пайда болмас үшін есікті және
жуғыш зат үлестіргішті сәл ашып қойыңыз.
Жуу бағдарламасы аяқталды, бірақ
барабанда су тұр:
Кір қыжымданып қалмас үшін барабан
мезгіл-мезгіл айналып тұрады.
Суды төгу қажет екенін ескерту үшін
Шаюды кідірту индикаторы жанған қалпы
тұрады.
Есік бұғаттаулы
индикаторы жанып
тұр. Бастау/Үзіліс түймесінің индикаторы
жыпылықтайды. Есік құлыпталып тұрады.
Есікті ашу үшін суды төгу керек.
Суды төгу:
1. Суды төгу үшін.
Су төгу немесе Айналдыру
бағдарламасын орнатыңыз.
Бастау/Үзіліс түймесін басыңыз.
Құрылғы суды төгеді де, айналдыру
кезеңін орындайды.
2. Бағдарлама аяқталып, есік бұғаттаулы
индикаторы
көрінбей кеткенде есікті
ашуға болады.
3. Құрылғыны сөндіру үшін бағдарлама
тетігін
қалпына бұраңыз.
КҮТУ РЕЖИМІ
Жуу бағдарламасы аяқталғаннан кейін
бірнеше минуттан кейін құрылғыны
сөндірмесеңіз, қуатты үнемдеу режимі
қосылады. Қуатты үнемдеу режимі құрылғы
күту режимінде тұрған кезде пайдаланылатын
қуат мөлшерін азайтады:
Барлық индикаторлар мен бейнебет сөнеді.
Бастау түймешігінің индикаторы баяу
жыпылықтайды.
13
Қуатты үнемдеу режимін ажырату үшін
түймешіктердің бірін басыңыз.
АҚЫЛ-КЕҢЕС
КІР САЛУ
Кірді былай сұрыптаңыз: ақ, түрлі-түсті,
синтетика, нәзік және жүн мата.
Кірдің затбелгісіндегі жуу нұсқауларын
орындаңыз.
Ақ киім мен түрлі-түсті заттарды бірге
жумаңыз.
Кейбір түрлі-түсті заттарды алғаш жуғанда
бояуы шығуы мүмкін. Оларды алғаш
жуғанда бөлек жууға кеңес береміз.
Жастық қаптарының түймесін салып,
тартпаларды тартып жауып, ілгектер мен
батырма түймешіктерді салыңыз.
Белбеулерді байлаңыз.
Қалталарды босатып, оралған заттарды
ашыңыз.
Көп қабатты матадан, жүн матадан және
сурет салынған киімдердің астарын
сыртына аударыңыз.
Қатып қалған дақтарды арнайы жуғыш
затпен тазалаңыз.
Қатып қалған дақтары бар заттарды
барабанға салу алдында жуыңыз және
дағын алдын ала кетіріңіз.
Перделерді абайлап жуыңыз. Ілгектерін
алыңыз да, перделерді кір жуатын торға
немесе жастықтың тысына салыңыз.
Көмкерілмеген немесе кесілген жерлері
бар заттарды құрылғыда жумаңыз. Кішкене
заттарды жуу үшін (мысалы, сым өткізілген
төс тартқыш, белдіктер, колготкилер, т.с.с.)
кір жууға арналған торды пайдаланыңыз.
Кір өте аз салынса, айналдыру циклі
кезінде теңгерімді сақтауға қатысты мәселе
орын алуы мүмкін. Бұндай жағдай орын
алса, барабандағы кірді қолмен таратып,
қайта айналдыра бастаңыз.
ОҢАЙ КЕТПЕЙТІН ДАҚТАР
Кейбір дақтарды кетіру үшін су мен жуғыш зат
жеткіліксіз болады.
Бұл дақтарды кірді құрылғыға салмай тұрып
алдын ала тазалауды ұсынамыз.
Дақ кетіретін арнайы құралдар болады. Дақ
пен матаның түріне сай келетін арнайы дақ
кетіргішті қолданыңыз.
ЖУҒЫШ ЗАТТАР МЕН ҮСТЕМЕЛЕР
Кір жуғыш машиналарға арналған жуғыш
заттар мен үстемелерді ғана қолданыңыз:
матаның барлық түрлеріне арналған
ұнтақ жуғыштар,
нәзік мата (ең көбі 40 °C) мен жүн
тоқымаларға арналған ұнтақ жуғыштар,
матаның барлық түрлеріне не тек жүн
матаға арналған, төмен температурада
жуатын бағдарламаларға (ең көбі 60
°C) арналған сұйық жуғыш заттар.
Әр түрлі жуғыш заттарды араластырмаңыз.
Қоршаған ортаға зиян келтірмеу үшін
жуғыш затты қажетті мөлшерден артық
пайдаланбаңыз.
Осы заттардың орамында көрсетілетін
нұсқауларды орындаңыз.
Матаның түріне және түсіне,
бағдарламаның температурасы мен кірдің
деңгейіне сай келетін құралдарды
қолданыңыз.
Егер құрылғының жуғыш зат үлестіргішінде
мөлшерлегіш құрал болмаса, (жуғыш зат
өндірушісі қамтамасыз етеді) сұйық жуғыш
затты мөлшерлегіш шарикпен қосыңыз.
ҚОРШАҒАН ОРТАҒА ҚАТЫСТЫ ЕСКЕРІМ
Қалыпты кірлеген кірді алдын ала жуу циклі
жоқ бағдарламаны қолданып жуыңыз.
Жуу бағдарламасын әрқашан кірді ең көп
рұқсат етілетін мөлшерде салғаннан кейін
бастаңыз.
Төмен температурада жуатын
бағдарламаны таңдаған кезде, қажет болса
дақ кетіргішті қолданыңыз.
Жуғыш затты дұрыс мөлшерде қолдану
үшін, жергілікті су жүйесіндегі судың
кермектігін тексеріңіз. "Судың кермектігі"
тарауын қараңыз.
СУ КЕРМЕКТІГІ
Сіз тұратын жердегі су өте кермек немесе
орташа кермек болса, кір жуғыш машинада су
жұмсартқышты қолдануды ұсынамыз. Суы
тұщы жерлерде су жұмсартқышты қолдану
қажет емес.
Жергілікті жердегі судың кермектігін білу үшін
су жүйесін басқару мекемесіне хабарласыңыз.
Су жұмсартқышты дұрыс мөлшерлеп
пайдаланыңыз. Бұйымның орамында
көрсетілетін нұсқауларды орындаңыз.
14
КҮТУ МЕНЕН ТАЗАЛАУ
ЕСКЕРТУ! Қауіпсіздік тарауларын
қараңыз.
СЫРТЫН ТАЗАЛАУ
Құрылғыны сабын мен жылы сумен ғана
тазалаңыз. Барлық беттерін әбден
құрғатыңыз.
АБАЙЛАҢЫЗ Спирт, еріткіш
немесе химиялық заттарды
қолданбаңыз.
ҚАҚТЫ ТАЗАЛАУ
Сіз тұратын жердегі су өте кермек немесе
орташа кермек болса, кір жуғыш машинаға
арналған қақ тазалайтын құралды қолдануды
ұсынамыз.
Барабанның ішін мезгіл-мезгіл тексеріп, әк
және тот бөлшектерінің жоқ екеніне көз
жеткізіңіз.
Тот бөлшектерін тазалау үшін кір жуғыш
машиналарға арналған арнайы құралдарды
ғана пайдаланыңыз. Бұны кір жумай тұрғанда
орындаңыз.
Бұйымның орамында көрсетілетін
нұсқауларды әрқашан орындаңыз.
ТАЗАЛАП ЖУУ
Төмен температура бағдарламаларын
қолданғанда барабанда шамалы жуғыш зат
қалып қоюы мүмкін. Тазалап жуу
процедурасын уақытылы орындаңыз. Ол үшін:
Барабаннан барлық кірді алыңыз.
Мақта мата бағдарламасын шамалы жуғыш
зат салып, ең жоғары температураға қойып
таңдаңыз.
ЕСІК ТЫҒЫЗДАҒЫШЫ
Тығыздағышты мезгіл-
мезгіл тексеріп,
ішіндегі заттардың
барлығын алыңыз.
ЖУҒЫШ ЗАТ ҮЛЕСТІРГІШІН ТАЗАЛАУ
Жуғыш ұнтақ пен қоспаларды үлестіргішті
мезгілімен тазалаңыз.
Тартпаны алу үшін
бекітпесін төмен
басып, тартып
шығарыңыз.
Ағып тұрған суға
шайып, жиналып
қалған ұнтақ
жуғышты тазалаңыз.
Оңай тазалау үшін
қоспа үлестіргіштің
үстіңгі жағын
алыңыз.
Ұяның үстіңгі және
астыңғы бөлігіне
тұрып қалған жуғыш
ұнтақты міндетті
түрде тазалаңыз.
Ұяны тазалау үшін
кішкене шөткені
пайдаланыңыз.
Суырманы орнына қойып, шаю
бағдарламасын барабанға ешбір кір
салмай орындаңыз.
СУ ТӨГЕТІН ТҮТІКТЕГІ СҮЗГІНІ ТАЗАЛАУ
Су сорғыны мезгіл-мезгіл тексеріңіз, әсіресе:
құрылғының суы төгілмесе және/немесе ол
айналмаса;
су төккен кезде түйреуіш, тиын және т.б.
заттар сорғыны бітеп тастаса, құрылғыдан
әдеттен тыс шуыл шығады;
су төгуге қатысты мәселе пайда болса
(қосымша ақпаратты “Ақаулықты түзету”
тарауынан қараңыз).
АБАЙЛАҢЫЗ Құрылғыны
сөндіріңіз де, ашаны розеткадан
ағытыңыз.
Келесі әрекеттерді орындаңыз:
Құрылғыны электр көзінен ағытыңыз.
Қажет болса, су суығанша күтіңіз.
15
A B
Төгілген суды құйып
алу үшін сауытты
сорғыға (А) жақын
қойыңыз.
Төтенше жағдайда
су төгуге арналған
түтікті (В) алып,
сауытқа салыңыз
да, қақпағын
ашыңыз.
Су әбден ағып
болғаннан кейін
сүзгіні ағытыңыз.
Сүзгіні сағат тілінің
бағытына қарсы
бұраңыз.
1
2
Сүзгіні алыңыз.
Қажет болса,
тістеуікті
қолданыңыз.
Сүзгіні алған кезде,
су төгіліп кетсе
тазалау үшін
әрқашан сүрткіш
қасыңызда болсын.
Сүзгіні ағып тұрған
сумен жуып,
кептеліп қалған қыл-
қыбыр болса
алыңыз.
Сорғының тағаны
мен қалағындағы
бөгде заттар мен
қыл-қыбырды
алыңыз.
Сорғы қалағының
айналатын-
айналмайтынын
тексеріңіз (ол жұлқи
айналады).
Сорғы айналмаса, қызмет көрсету орталығына
хабарласыңыз.
1
2
Төтенше жағдайда
су төгетін түтіктің
қақпағын жауып,
түтікті орнына
қойыңыз.
Сүзгіні тиісті
бағыттағыштарға
дәл келтіріп,
сорғыдағы орнына
салыңыз.
Сорғының қақпағын мықтап бұраңыз. Сағат
тілінің бағытымен бұраңыз.
АБАЙЛАҢЫЗ Құрылғы іске
пайдаланған кезде, таңдалған
бағдарламаға қарай сорғыда
ыстық су тұруы мүмкін.
Жуу циклі кезінде сүзгіні ешқашан алмаңыз,
әрқашан құрылғы циклді аяқтап, суы
төгілгенше күтіңіз.
Сүзгіні қайта орнына салғанда, су жылыстамау
және кішкентай балалар оны бұрап алмау
үшін мықтап бұраңыз.
СУ ҚҰЯТЫН ТҮТІКТІ ЖӘНЕ КЛАПАН
СҮЗГІСІН ТАЗАЛАУ
Құрылғыға су толмаса, су ұзақ уақыт құйылса,
старт түймесі сары түспен жыпылықтаса не
дисплейде (бар болса) тиісті ескерту коды
(толығырақ "Не істерсіңіз, егер..." тарауынан
қараңыз) көрсетілсе, су құятын түтік
сүзгілерінің бітеліп қалмағанын тексеріңіз.
Су құятын түтіктің сүзгілерін тазалау:
Су құятын шүмекті
жабыңыз.
Түтікті шүмектен
ағытып алыңыз.
Түтіктегі сүзгіні
қатты шөткемен
тазалаңыз.
Түтікті шүмекке қайта бұрап бекітіңіз.
Қосылымның берік екеніне көз жеткізіңіз.
Түтікті машинадан
ағытып алыңыз.
Жаныңызда
шүберек болсын,
себебі су ағуы
мүмкін.
Клапандағы сүзгіні
қатты шөткемен
немесе шүберектің
қиқымымен
тазалаңыз.
16
45°
20°
Түтікті машинаға
қайта бұраңыз да,
берік жалғанғанын
тексеріңіз.
Су құятын шүмекті
ашыңыз.
МҰЗДАП КЕТУДЕН САҚТАУ
Құрылғы температурасы 0° градустан төмен
түсетін жерге орнатылса, су құятын түтіктегі
және су төгетін сорғыдағы қалдық суды төгіңіз.
1. Ашаны розеткадан суырып алыңыз.
2. Судың шүмегін жабыңыз.
3. Төтенше жағдайда су төгуге арналған
түтіктің ұшы мен су құятын түтіктің ұшын
едендегі шараға салып, суын әбден
ағызыңыз.
4. Су төгетін бағдарламаны орнатып, оны
циклдің соңына дейін орындаңыз.
5. Бағдарлама тетігін қалпына қойып,
құрылғыны тоқтан ажыратыңыз.
6. Төтенше жағдайда су төгуге арналған
түтіктің қақпақшасын жауып, орнына
қойыңыз да, таза су құятын түтікті қайта
орнына бұраңыз.
ЕСКЕРТУ! Құрылғыны қайта іске
қолданар алдында
температураның 0 °C градустан
жоғары екеніне көз жеткізіңіз.
Төмен температураға байланысты
орын алған ақауларға өндіруші
жауапкершілік көтермейді.
ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙДА СУДЫ ТӨГУ
Егер құрылғы суды төкпесе, төмендегіні
орындаңыз:
1. Ашаны розеткадан суырып алыңыз.
2. Судың шүмегін жабыңыз.
3. Егер қажет болса су суығанша күтіңіз.
4. Шараны еденге қойыңыз да, төтенше
жағдайда суды төгуге арналған түтіктің
ұшын шараға салыңыз. Оның қақпағын
алыңыз.
Су шараға гравитациялық екпінмен ағып
құйылады.
5. Шара толған кезде, түтіктің қақпағын қайта
жабыңыз.
6. Шарадағы суды төгіңіз. Бұл әрекетті су
ақпай қалғанша қайталаңыз.
7. Қажет болса сорғыны алдыңғы айтылған
ретпен тазалаңыз.
8. Төтенше жағдайда суды төгуге арналған
түтікті қақпағын жапқаннан кейін орнына
қойыңыз.
9. Су құятын түтікті орнына бұраңыз.
АҚАУЛЫҚТЫ ТҮЗЕТУ
ЕСКЕРТУ! Қауіпсіздік тарауларын
қараңыз.
КІРІСПЕ
Құрылғы жұмысын бастамай жатыр немесе
жұмыс жасап тұрған кезде тоқтап қалады.
Алдымен ақаулықты түзету жолын іздеңіз
(кестеге қараңыз). Ақаулық жойылмаса,
уәкілетті қызмет көрсету орталығына
хабарласыңыз.
Кейбір ақаулықтарда дыбыстық сигналдар
қосылады және бейнебетте ескерту коды
пайда болады:
- Құрылғыға су дұрыс құйылмай тұр.
Құрылғыны Бастау/Үзіліс түймешігін қайта
басып бастаңыз. 10 секундтан кейін есік
ашылады.
- Құрылғының суы төгілмей тұр.
- Құрылғының есігі ашық немесе
дұрыс жабылмаған. Есікті тексеріңіз!
- Электр желісі тұрақты емес. Электр
желісі тұрақтанғанша күтіңіз.
ЕСКЕРТУ! Тексеріп көру алдында
құрылғыны тоқтан ажыратыңыз.
17
ЫҚТИМАЛ АҚАУЛЫҚТАР
Ақаулық Ықтимал шешімі
Бағдарлама басталмай
тұр.
Ашаның розеткаға қосылғанына көз жеткізіңіз.
Құрылғы есігінің жабық тұрғанына көз жеткізіңіз.
Сақтандырғыш қорабындағы сақтандырғышқа зақым
келмегеніне көз жеткізіңіз.
Бастау/Үзіліс түймешігінің басылғанына көз жеткізіңіз.
Бала қауіпсіздігінің құралы қосулы тұрса, оны сөндіріңіз (егер
бар болса).
Құрылғыға су дұрыс
құйылмай тұр.
Су шүмегінің ашық тұрғанына көз жеткізіңіз.
Сумен жабдықтау жүйесіндегі судың қысымының өте төмен
емес екеніне көз жеткізіңіз. Бұл ақпаратты жергілікті су
ресурстары мекемесіне хабарласып алыңыз.
Су шүмегінің бітеліп қалмағанына көз жеткізіңіз.
Құрылғы суы сарқылмай
тұр.
Раковина түтікшесінің бітеліп қалмағанына көз жеткізіңіз.
Су төгетін түтіктің бұратылып немесе майысып қалмағанына
көз жеткізіңіз.
Су төгетін түтік сүзгісінің бітеліп қалмағанына көз жеткізіңіз.
Қажет болса сүзгіні тазалаңыз. "Күту менен тазалау"
тарауын қараңыз.
Су төгетін түтіктің дұрыс орнатылғанына көз жеткізіңіз. Түтік
өте төмен болуы мүмкін.
Егер су төгетін циклы жоқ бағдарлама орнатылып тұрса, су
төгу бағдарламасын орнатыңыз.
Аяқталғанда барабан ішінде су қалатын функцияны
таңдасаңыз, су төгу бағдарламасын орнатыңыз.
Айналдыру циклы
жұмыс істемейді немесе
жуу циклы әдеттегіден
ұзаққа созылады.
Айналдыру бағдарламасын орнатыңыз.
Бұндай жағдай орын алса, барабандағы кірді қолмен
таратып, айналдыру циклін қайта бастаңыз. Бұл мәселе
теңгерімге байланысты болуы мүмкін.
Еденге су аққан.
Су түтіктерінің жалғастырғыштарының берік екеніне және су
ағып тұрмағанына көз жеткізіңіз.
Су төгетін түтіктің еш жерінің бүлінбегеніне көз жеткізіңіз.
Дұрыс жуғыш заттың дұрыс мөлшерде пайдаланылғанына
көз жеткізіңіз.
Сүзгінің төтенше жағдайда су төгетін қақпағын
ауыстырғаныңызға көз жеткізіңіз
Сүзгіні тазалағаннан кейін дұрыс бұрағаныңызға көз
жеткізіңіз.
Құрылғының есігін аша
алмадыңыз.
Жуу бағдарламасының аяқталғанына көз жеткізіңіз.
Барабанның ішінде су бар болса, су төгу немесе айналдыру
бағдарламасын орнатыңыз.
Құрылғыдан тосын
шуыл шығады.
Құрылғы деңгейінің дұрыс реттелгеніне көз жеткізіңіз.
"Орнату" тарауын қараңыз.
Орам материалдарының және/немесе тасымал
болттарының алынғанына көз жеткізіңіз. "Орнату" тарауын
қараңыз.
Барабанға көбірек кір қосып салыңыз. Кір тым аз салынған
болуы мүмкін.
18
Ақаулық Ықтимал шешімі
Жуу нәтижелері
қанағаттанарлық емес.
Жуғыш заттың мөлшерін көбейтіңіз немесе басқа жуғыш
затты пайдаланыңыз.
Оңай жуылмайтын дақтарды арнайы жуғыш заттарды
пайдаланып, кір жумай тұрып тазалаңыз.
Температураның дұрыс орнатылғанына көз жеткізіңіз.
Кірдің салмағын азайтыңыз.
Функцияны орната
алмадыңыз.
Қажет түймешік(тер)дің ғана басылғанына көз жеткізіңіз.
Тексеріп болғаннан кейін құрылғыны іске
қосыңыз. Бағдарлама үзілген жерінен бастап
жалғасады.
Ақаулық қайта орын алса, уәкілетті қызмет
көрсету орталығына хабарласыңыз.
Бейнебетте басқа ақаулық кодтары
көрсетілсе. Құрылғыны сөндіріңіз де, іске
қосыңыз. Ақаулық түзелмесе қызмет көрсету
орталығына хабарласыңыз.
СЕРВИС
Фирмалық қосалқы бөлшектерді қолдануды
ұсынамыз.
Уәкілетті қызмет көрсету орталығына
хабарласқан кезде мына деректерді дайындап
алыңыз. Бұл ақпаратты техникалық ақпарат
тақтайшасынан таба аласыз. үлгісі, Өнім
нөмірі, Сериялық нөмірі. (Mod., Prod. No., Ser.
No.)
ОРНАТУ
ЕСКЕРТУ! Қауіпсіздік тарауларын
қараңыз.
ҚОРАПТАН ШЫҒАРУ
Құрылғыны пайдалану алдында
барлық тасымалдау болттары мен
орам материалдарын алыңыз.
Тасымалдау құралдарынының
барлығын құрылғыны қайта
көшіретін кезде пайдалану үшін
сақтап қоюды ұсынамыз.
Орам
материалдарының
барлығын алғаннан
кейін құрылғыны
ұқыппен шалқайтып
жатқызыңыз да,
табанындағы
полистирол
төсенішті алыңыз.
Қуат сымы мен су
төгетін түтікті
құрылғының арт
жағындағы түтікше
ұстағыштан
алыңыз.
1
2
Үш шегенің үшеуін
де ағытып алыңыз.
Пластик
нығыздағыштарды
да алыңыз.
19
Есіктің
тығыздағышындағы
полистирол текшені
алыңыз.
Барабаннан барлық
заттарды алыңыз.
Үстіңгі кішірек тесік
пен екі үлкен тесікті,
пайдалану
нұсқаулығы
салынған қалтадағы
пластик
тығындармен
тығындаңыз.
ОРНАЛАСТЫРУ
Машинаны тегіс, қатты еденге орнатыңыз.
Машинаның айналасындағы ауа
айналымына кілем, төсеніш т.с.с. кедергі
жасамайтынын тексеріңіз.
Машинаның қабырғаға немесе басқа да ас
үй құрылғыларына тиіп тұрмағанын
тексеріңіз.
Құрылғынының
деңгейін тіректерін
көтеріп немесе
түсіріп реттеңіз.
Тіректердің
өздігінен бекітілетін
гайкасы бар
болғандықтан оңай
бұралмауы мүмкін,
бірақ құрылғы тік
және орнықты
қойылуға ТИІС.
Қажет болса, деңгейді ватерпас көмегімен
тексеріп көріңіз. Қажетті түзетулерді гайка
кілтінің көмегімен жүзеге асыруға болады.
Құрылғының
деңгейін
реттегеннен кейін
гайкаларын
қатайтыңыз.
Құрылғыны дұрыс
тіктеп орнатса діріл,
шуыл шығармай,
жұмыс істеп
тұрғанда орнынан
жылжымауға
көмектеседі.
Еденнің қандай да бір кедір-
бұдырын, ешқашан құрылғының
астына тақтай, ағаш не сол сияқты
заттарды қойып тегістеуге
тырыспаңыз.
СУ ҚҰЯТЫН ТҮТІК
Су құятын түтік құрылғымен бірге
жеткізіледі, оны құрылғының барабанының
ішінен табуға болады.
Құрылғыны су жүйесіне қосу үшін алдыңғы
құрылғының түтігін қолданбаңыз.
Бұл құрылғыны міндетті түрде
суық су жүйесіне қосу қажет.
4
3
Түтікті машинаға
бұрыш жасай
отырып жалғаңыз.
Су құятын түтікті
төмен қаратып
қоймаңыз.
Су шүмегінің
орналасуына қарай
түтікті оңға не солға
қарай бұрыш жасап
орнатыңыз.
Дөңгелек сомынды босату арқылы түтікті
дұрыстап орнатыңыз. Су құятын түтікті
орналастырғаннан кейін су жылыстап ақпау
үшін, дөңгелек сомынды қатайтып бұраңыз.
Түтікті 3/4”резьбасы
бар шүмекке
жалғаңыз. Әрқашан
құрылғымен бірге
жеткізілген түтікті
пайдаланыңыз.
Су құятын түтікті ұзартуға болмайды. Егер
ол тым қысқа болса және су шүмегін
орнынан жылжытқыңыз келмесе, осындай
қосылымға арналған жаңа, әрі ұзын түтік
сатып алу қажет.
СУ ТӨГУ
Суды төгетін түтіктің ұшын үш түрлі жолмен
орнатуға болады:
20
/