AEG HKP67420IB Руководство пользователя

  • Привет! Я прочитал руководство пользователя для индукционной варочной панели AEG HKP67420IB. В нем описаны функции, такие как гибкая индукционная зона нагрева FlexiBridge и регулировка мощности PowerSlide. Готов ответить на ваши вопросы об этой модели. Задавайте!
  • Как включить и выключить варочную панель?
    Что делать, если панель автоматически выключается?
    Как использовать функцию FlexiBridge?
    Какие типы посуды подходят для индукционной панели?
    Как очистить варочную панель?
USER
MANUAL
KK Қолдану туралы нұсқаулары 2
Пісіру алаңы
RU Инструкция по эксплуатации 29
Варочная панель
HKP67420IB
МАЗМҰНЫ
1. ҚАУІПСІЗДІК АҚПАРАТЫ....................................................................................2
2. ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЛАРЫ...............................................................................4
3. БҰЙЫМ СИПАТТАМАСЫ................................................................................... 7
4. ӘРКҮНДІК ҚОЛДАНУ.......................................................................................... 9
5. ИКЕМДІ ИНДУКЦИЯЛЫҚ ПІСІРУ АЛАҢЫ.......................................................13
6. АҚЫЛ-КЕҢЕС.....................................................................................................16
7. КҮТУ МЕНЕН ТАЗАЛАУ....................................................................................18
8. АҚАУЛЫҚТЫ ТҮЗЕТУ....................................................................................... 19
9. ОРНАТУ............................................................................................................. 22
10. ТЕХНИКАЛЫҚ ДЕРЕК.....................................................................................26
11. ҚУАТ ТИІМДІЛІГІ............................................................................................. 26
ТАМАША НӘТИЖЕГЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗУ ҮШІН
AEG өнімін таңдағаныңызға рахмет. Бұл өнімді тұрмыс-тіршілікті жеңілдету
үшін инновациялық технологияны - қатардағы құрылғыларда бола бермейтін
функцияларды қолдана отырып, сізге жылдар бойы мүлтіксіз көмек көрсету
үшін арнайы жасадық. оған ең жақсы алуға оқу Бірнеше минут жұмсайды
сұраймыз.
Біздің веб-сайтқа барып келесіні қараңыз:
Пайдалану туралы ақпарат, кітапша, ақаулықты түзету, қызмет ақпаратын
мына жерден алыңыз:
www.aeg.com/webselfservice
Сізге барынша жақсы қызмет көрсету үшін өніміңізді мына жерге тіркеңіз:
www.registeraeg.com
Құрылғыңызға қажетті керек-жарақтарды, шығынды материалдарды және
фирмалық қосалқы бөлшектерді сатып алу үшін:
www.aeg.com/shop
ТҰТЫНУШЫҒА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
Фирмалық заттарды қолдануды ұсынамыз.
Қызмет көрсету орталығына хабарласқанда келесі деректердің дайын
болуын қамтамасыз етіңіз. Үлгісі, Өнім нөмірі, Сериялық нөмірі.
Деректерді техникалық ақпарат тақтайшасынан алуға болады.
Ескерту / Қауіп-қатерден сақтандыру ақпараты
Жалпы ақпарат және ақыл-кеңес
Қоршаған ортаға қатысты ақпарат
Өндіруші ескертусіз өзгеріс енгізу құқығына ие.
1. ҚАУІПСІЗДІК АҚПАРАТЫ
Құрылғыны орнатып іске қолданар алдында бірге
жеткізілген нұсқауларды мұқият оқып шығыңыз.
Дұрыс орнатпау немесе пайдаланбау нәтижесінде
www.aeg.com2
орын алған жарақат немесе зақымдарға өндіруші
жауапты емес. Нұсқаулықтарды кейін қарап жүру
үшін әрқашан қауіпсіз және қол жетімді жерде
сақтаңыз.
1.1 Балалар мен дәрменсіз адамдардың
қауіпсіздігі
Бұл құрылғыны 8 жастан асқан балалар мен
денесіне, сезім жүйесіне не ақыл-есіне зақым
келген не тәжірибесі аз адамдар өз қауіпсіздіктерін
қамтамасыз ететін адамның қадағалауы не
құрылғыны қауіпсіз қолдану бойынша берген
нұсқауына сүйеніп, дұрыс қолданбау салдарын
түсінсе, онда қолдануына болады.
Балаларға құрылғымен ойнауға рұқсат бермеңіз.
Барлық орам материалдарын балалардан алыс
ұстап, қоқысқа тиісті түрде тастау керек.
Құрылғы жұмыс істеп тұрғанда немесе ол суып
тұрғанда, балалар мен үй жануарларын оған
жақындатпаңыз. Қол жететін бөлшектері ыстық.
Құрылғы бала қауіпсіздігінің құралымен
жабдықталса, оны қосу керек.
Балалар құрылғыны жөндеу және тазалау
жұмыстарын бақылаусыз орындамауы керек.
3 жастағы және бұл жасқа толмаған балаларды
жұмыс істеп тұрған құрылғыдан әрқашан алыс
ұстау керек.
1.2 Қауіпсіздік туралы жалпы ақпарат
ЕСКЕРТУ: Құрылғы мен оның қол жететін жердегі
бөлшектері қолдану барысында ысып тұрады.
Қыздырғыш элементтерге тиіп кетпеу үшін абайлау
керек. 8 жасқа толмаған балаларды үнемі бақылап
отырмаған жағдайда құрылғыдан алыс ұстау керек.
Құрылғыны сыртқы таймермен немесе бөлек
қашықтан басқару жүйесімен басқармаңыз.
ҚАЗАҚ 3
ЕСКЕРТУ: Май немесе өсімдік майы қосылған
тағамды пештің үстіне қараусыз қалдыру қауіпті
және өрт шығуы мүмкін.
Өртті ЕШҚАШАН сумен сөндіруге әрекет
жасамаңыз, оның орнына құрылғыны сөндіріп,
жалынды қақпақ немесе өртке төзімді көрпе, т.б.
тәрізді затпен жабыңыз.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ: Пісіру барысын қадағалап отыру
керек. Пісіру барысы қысқа болса, үздіксіз
қадағалап отыру керек.
ЕСКЕРТУ: Өрт қаупі бар: Пісіру алаңына зат
сақтамаңыз.
Пышақ, шанышқы, қасық және қақпақ тәрізді темір
заттарды пештің үстіне қоймаңыз, себебі ысып
кетеді.
Құрылғыны бумен тазалау құралын пайдаланып
тазаламаңыз.
Пайдаланып болғаннан кейін пеш үстінің
элементін, ыдыс анықтағышқа сүйенбей, оның
басқару тетігімен сөндіріңіз.
Егер шыны керамика бет / шыны сынса, электр
қатері пайда болмас үшін құрылғыны сөндіріңіз.
Егер қуат cымына зақым келген болса, қатерден
сақтану үшін оны өндіруші немесе уәкілетті техник
немесе сол сияқты білікті маман ауыстыруға тиіс.
ЕСКЕРТУ: Пісіру құрылғысының өндірушісі жасаған
пеш қорғағыштарды ғана немесе құрылғы
өндірушісі пайдаланушы нұсқаулығында арнайы
көрсеткен немесе құрылғының өзіне орнатылған
қорғағыштарды ғана қолданыңыз. Сай келмейтін
қорғағыштарды пайдалансаңыз, оқыс жағдай орын
алуы мүмкін.
2. ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЛАРЫ
2.1 Орнату
ЕСКЕРТУ!
Бұл құрылғыны тек білікті
маман ғана орнатуға тиіс.
Орам материалдарының барлығын
алыңыз.
Бүлінген құрылғыны орнатпаңыз
немесе іске қоспаңыз.
www.aeg.com4
Құрылғымен бірге жеткізілген
орнату бойынша нұсқауларды
орындаңыз.
Осы құрылғы мен басқа
құрылғылардың, заттардың
арасындағы минимум қашықтықты
сақтаңыз.
Құрылғы ауыр болғандықтан,
орнынан жылжытқан кезде әрқашан
абай болыңыз. Әрқашан қауіпсіздік
қолғабы мен бітеу аяқ киім киіңіз.
Кесілген беттерге ылғал кіріп
үлкейтіп жібермес үшін
тығыздағышпен бітеңіз.
Құрылғының астыңғы жағын бу мен
ылғалдан қорғаңыз.
Құрылғыны есікке жақын жерге
терезенің астына қоймаңыз. Бұл
есік немесе терезе ашылған кезде
ыстық ыдыс құрылғыдан құлап
кетпеу үшін қажет.
Егер құрылғыны тартпалардың
үстіне орнатсаңыз, құрылғының
астыңғы жағы мен үстіңгі тартпаның
арасында ауа ауысып тұруға
жеткілікті орын қалуын қамтамасыз
етіңіз.
Құрылғының астыңғы жағы ысып
кетеді. Құрылғының астыңғы жағын
қол жетпейтін етіп бітеу үшін
тұтанбайтын оқшаулағыш панель
орнатыңыз.
Жұмыс алаңы мен оның астындағы
құрылғының алдыңғы жағында 2 мм
ауа алмасып тұратын саңылаудың
бар екеніне көз жеткізіңіз. Ауа
алмасып тұруға қажетті
саңылаудың жеткіліксіз болуына
байланысты орын алған ақауларға
өндіруші жауапты емес.
2.2 Электртоғына қосу
ЕСКЕРТУ!
Өрт шығу және электр
қатеріне ұшырау қаупі бар.
Электртоғына қосу жұмыстарын
білікті электрші ғана іске асыруға
тиіс.
Құрылғыны міндетті түрде жерге
тұйықтау қажет.
Қандай да бір жұмысты іске
асырмай тұрып, құрылғының электр
желісінен ажыратылғанына көз
жеткізіңіз.
Техникалық ақпарат
тақтайшасындағы электр
параметрлерінің электр желісіндегі
параметрлерге сай келетініне көз
жеткізіңіз. Сай келмесе, электршіге
хабарласыңыз.
Құрылғының дұрыс орнатылғаныа
көз жеткізіңіз. Босап қалған және
дұрыс жалғанбаған электр сымы
немесе ашасы (бар болса)
ағытпаны өте ысытып жіберуі
мүмкін.
Дұрыс электр сымын
пайдаланыңыз.
Электр сымдарының оратылуына
жол бермеңіз.
Электр қатерінен сақтандыру
құралының орнатылғанына көз
жеткізіңіз.
Сымды тартылудан босататын
қапсырманы пайдаланыңыз.
Құрылғыны жақын тұрған розеткаға
жалғаған кезде электр сымы
немесе ашасы (бар болса) ыстық
құрылғыға немесе ыстық ыдысқа
тиіп кетпес үшін абай болыңыз
Көп тармақты адаптерлер мен
ұзартқыш сымдарды қолданбаңыз.
Құрылғының сымына немесе
ашасына (бар болса) зақым
келтірмеу үшін абай болыңыз.
Зақым келген электр сымын
ауыстырту үшін біздің уәкілетті
қызмет көрсету орталығына немесе
электршіге хабарласыңыз.
Тоққа қосулы тұрған және
оқшаулағышы бар бөлшектердің
электр қатерінен сақтандырғышын,
саймансыз алынбайтын етіп бекітіп
қою керек.
Құрылғының ашасын розеткаға тек
құрылғыны орнатып болғаннан
кейін ғана жалғаңыз. Орнатып
болғаннан кейін ашаның қол
жететін жерде тұрғанына көз
жеткізіңіз.
Егер розетка босап тұрса, оған
ашаны сұқпаңыз.
Құрылғыны тоқтан ажырату үшін
сымынан тартпаңыз. Әрқашан
ашасынан тартып суырыңыз.
Дұрыс оқшаулағыш құралдарды
ғана қолданыңыз. желіні қорғайтын
ажыратқыштар, сақтандырғыштар
(ұстатқыштан алынған бұрандалы
сақтандырғыштар), жерге
ҚАЗАҚ 5
тұйықталудан қорғау тетіктері мен
тұйықтағыштар.
Электр жүйесі құрылғыны кез
келген полюсте ажыратуға
мүмкіндік беретін оқшаулағыш
құралмен жабықталуға тиіс.
Оқшаулағыш құралдың контакт ара
қашықтығы кем дегенде 3 мм
болуға тиіс.
2.3 Пайдалану
ЕСКЕРТУ!
Жарақат алу, күйіп қалу
және электр қатеріне
ұшырау қаупі бар.
Ең алғаш пайдалану алдында
барлық орам материалын,
жапсырмасын және қорғау
таспасын (бар болса) алыңыз.
Бұл тұрмыста қолдануға арналған
құрылғы.
Бұл құрылғының техникалық
сипаттамасын өзгертпеңіз.
Желдеткіш саңылаулардың бітеліп
қалмағанына көз жеткізіңіз.
Жұмыс істеп тұрған құрылғыны
назардан тыс қалдырмаңыз.
Пісіру алаңын пайдаланып болған
сайын "off" (сөндіру) қалпына
қойыңыз.
Ыдыс анықтағышқа сенбеңіз.
Пісіру алаңдарына ас құралдарын
немесе кәстрөлдердің қақпақтарын
қоймаңыз. Қызып кетуі мүмкін.
Құрылғыны су қолмен іске қоспаңыз
немесе суға тиіп тұрған құрылғыны
пайдаланбаңыз.
Құрылғыны жұмыс орны немесе зат
сақтайтын орын ретінде
қолданбаңыз.
Құрылғының бетіне сызат түссе,
дереу тоқ көзінен ағытыңыз. Бұл
әрекет электр қатеріне ұшырап
қалуға жол бермейді.
Кардиостимуляторы бар адамдар
құрылғы іске қосылып тұрған кезде
индукциялық пісіру алаңдарынан
кем дегенде 30 см алыс тұруға тиіс.
Тағамды ыстық майға салғанда,
май шашырауы мүмкін.
ЕСКЕРТУ!
Өрт және жарылыс пайда
болу қаупі бар
Тоңмайларды немесе майды
қыздырған кезде тұтанғыш бу пайда
болады. Тоңмайға немесе майға
тамақ пісірген кезде қызған
заттарды немесе оттың жалынын
алыс ұстаңыз.
Қатты қызған майдан бөлініп
шығатын бу, кенет жарылыстың
орын алуына себеп болады.
Құрамында тағам қалдықтары бар
қолданылған май, бірінші рет
қолданылып отырған майға
қарағанда, төмен температурада
өрт пайда болуға әкелуі мүмкін.
Тұтанғыш заттарды немесе ішіне
тұтанғыш зат салынған дымқыл
заттарды құрылғының ішіне, қасына
немесе үстіне қоймаңыз.
ЕСКЕРТУ!
Құрылғыны бүлдіріп
алуыңыз мүмкін.
Басқару панеліне ыстық ыдыс
қоймаңыз.
Ыстық табаның қақпағын пештің
ыстық әйнек бетіне қоймаңыз.
Ыдысты ішіндегісі сарқылғанша
қайнатпаңыз.
Құрылғының үстіне зат немесе
ыдыс құлап кетуге жол бермеңіз.
Құрылғының бетне зақым келуі
мүмкін.
Пісіру алаңдарын бос ыдыс қойып
немесе ешбір ыдыс қоймай іске
қоспаңыз.
Құрылғының үстіне алюминий
жұқалтыр қоймаңыз.
Құйылған шойыннан, алюминийден
жасалған немесе астына нұқсан
келген ыдыстар, шыны / шыны
керамика бетке сызат түсіреді.
Бұндай заттарды құрылғының
бетінде үнемі көтеріп жылжыту
керек.
Бұл тек тағам пісіруге арналған
құрылғы. Басқа мақсатта, мысалы
бөлмені қыздыру үшін қолдануға
болмайды.
2.4 Күту менен тазалау
Құрылғының қаптамасының сапасы
түспес үшін мезгіл-мезгіл
тазалаңыз.
Құрылғыны тазалардан бұрын
сөндіріңіз де, суығанша күтіңіз.
www.aeg.com6
Қызмет көрсету алдында
құрылғыны электр желісінен
ажыратыңыз.
Құрылғыны тазалау үшін сулы
спрейді және буды қолданбаңыз.
Құрылғыны дымқыл, жұмсақ
шүберекпен тазалаңыз. Тек
бейтарап тазартқыш заттарды
қолданыңыз. Жеміргіш заттарды,
түрпілі жөкелерді, еріткіштерді
немесе металл заттарды
пайдаланбаңыз.
2.5 Құрылғыны тастау
ЕСКЕРТУ!
Жарақат алу немесе
тұншығып қалу қаупі бар.
Құрылғыны қоқысқа дұрыс тастауға
қатысты ақпаратты жергілікті
әкімшілік мекемеге хабарласып
алыңыз.
Құрылғыны электр желісінен
ажыратыңыз.
Құрылғыға жақын орналасқан
электр сымын кесіп, қоқысқа
тастаңыз.
2.6 Сервис
Құрылғыны жөндеу үшін уәкілетті
қызмет көрсету орталығына
хабарласыңыз.
Тек ғана фирмалық қосалқы
бөлшектерді қолданыңыз.
3. БҰЙЫМ СИПАТТАМАСЫ
3.1 Пісіру алаңдарының көрінісі
3 2
1
1
1
Индукциялық пісіру алаңы
2
Басқару панелі
3
Төрт бөліктен тұратын икемді
индукциялық пісіру алаңдары
3.2 Басқару панелінің көрінісі
7
6
1
5
2
4
3
11
10
13
8
14
12
9
Құрылғыны іске қосу үшін сенсорлық өрістерді пайдаланыңыз. Бейнебеттер,
индикаторлар мен дыбыстық сигналдар қай функциялардың жұмыс жасайтынын
көрсетеді.
ҚАЗАҚ 7
Сенсо
рлық
өріс
Функция Түсіндірме
1
PowerSlide Функцияны іске қосады және сөндіреді.
2
FlexiBridge Функцияның үш режимінің арасын
ауыстыруға арналған.
3
- Пісіру алаңдарының
индикаторлары
Уақыттың қай пісіру алаңы үшін
орнатылғанын көрсетуге арналған.
4
- Таймер бейнебеті Уақытты минут бойынша көрсетуге
арналған.
5
- Қыздыру параметрінің
бейнебеті
Қыздыру параметрін көрсетуге арналған.
6
STOP+GO Функцияны іске қосады және сөндіреді.
7
Құлып / Бала
қауіпсіздігінің құралы
Басқару панелін құрсаулайды/құрсауын
ағытады.
8
- Басқару жолағы Қызу параметрін орнатуға арналған.
9
Қуат функциясы Функцияны іске қосады және сөндіреді.
10
- Пісіру алаңын таңдауға арналған.
11
/
- Уақытты көбейтуге немесе азайтуға
арналған.
12
ҚОСУ/СӨНДІРУ Пештің үстін қосуға және сөндіруге
арналған.
13
- Басқару жолағы Икемді индукциялық пісіру алаңы үшін
қызу параметрін орнатуға арналған.
14
- FlexiBridge режим
индикаторлары
Қайсы FlexiBridge режимнің қосулы
тұрғанын көрсетуге арналған.
3.3 Қызу параметрінің бейнебеттері
Дисплей Сипаттама
Пісіру алаңы сөндірулі.
-
Пісіру алаңы жұмыс істейді.
STOP+GO функциясы жұмыс істейді.
Автоматты түрде қыздыру функциясы жұмыс істейді.
Қуат функциясы жұмыс істейді.
www.aeg.com8
Дисплей Сипаттама
+ сан
Ақаулық орын алды.
/ /
OptiHeat Control (3 қадамды Қалдық қызу индикаторы) : пісіруді
жалғастыру / жылы ұстау / қалдық қызу.
Құлып / Бала қауіпсіздігінің құралы функциясы жұмыс істейді.
Пісіру алаңына жарамсыз ыдыс немесе тым кішкене ыдыс
қойылған не мүлдем ыдыс қойылмаған.
Автоматты түрде сөндіру функциясы жұмыс істейді.
/ /
PowerSlide функциясы жұмыс істейді.
3.4 OptiHeat Control (3
қадамды Қалдық қызу
индикаторы)
ЕСКЕРТУ!
/ / Қалдық қызуға
күйіп қалу қаупі бар.
Индикатор қалдық қызудың
деңгейін көрсетеді. Пештің
үсті қызып және қызу
индикаторы көрініп
тұрғанда, пешітң үстіндегі
икемді көпір мен айқыш
сызықтар жанады.
Индукциялық пісіру алаңдары тағам
пісіру үшін қажет қызуды ыдыс түбінен
тура жібереді. Ыдыстағы қалдық қызу
пештің керамика бетін қыздырады.
4. ӘРКҮНДІК ҚОЛДАНУ
ЕСКЕРТУ!
Қауіпсіздік тарауларын
қараңыз.
4.1 Іске қосу және сөндіру
Пештің үстін қосу немесе сөндіру үшін
белгісін 1 секунд түртіңіз.
Пешті іске қосқаннан кейін басқару
панелі жанады да, пешті сөндірген
кезде басқару панелі сөнеді. Пешті
сөндіргеннен кейін
сенсорлық өрісті
ғана көре аласыз.
4.2 Автоматты түрде
сөндіру
Функция пештің үстін келесі
жағдайларда автоматты түрде
сөндіреді:
барлық пісіру алаңдары сөндірулі
болса,
пештің үстін іске қосқан соң қызу
параметрін орнатпасаңыз,
басқару панеліне бір нәрсе төгіліп
қалса немесе ол 10 секундтан
артық (ыдыс, киім т.с.с.) жабық
қалса. Дыбыстық сигнал естіліп,
пештің үсті сөнеді. Заттарды
алыңыз немесе басқару панелін
тазалаңыз.
пештің үсті қатты қызып кетсе
(мысалы, кәстрөлдің ішіндегісі
ҚАЗАҚ 9
сарқылғанша қайнаса). Пештің үстін
қайта қолдану алдында пісіру
алаңын салқындатыңыз.
егер сай келмейтін ыдыс
пайдаланылса. белгісі жанып,
пісіру алаңы 2 минуттан кейін
автоматты түрде сөнеді.
пісіру алаңын сөндірмесеңіз немесе
қызу параметрін өзгертпесеңіз.
Шамалы уақыттан кейін жанады
да, пеш жұмысын тоқтатады.
Пештің үстін сөндіргеннен кейінгі
уақыт пен қызу параметрінің
арасындағы байланыс:
Қызу параметрі Пештің үсті мына
уақыттан кейін
сөнеді:
, 1 - 3
6 сағаттан кейін
4 - 7 5 сағаттан кейін
8 - 9 4 сағаттан кейін
10 - 14 1,5 сағаттан кейін
4.3 Қызу параметрі
Қызу параметрін өзгертуге немесе
орнатуға арналған:
Басқару панеліндегі дұрыс қызу
параметрін басыңыз немесе басқару
панелін саусағыңызбен дұрыс қызу
параметрі орнағанға дейін түртіңіз.
4.4 Пісіру алаңдарын
пайдалану
АБАЙЛАҢЫЗ
Басқару панеліне ыстық
ыдыс қоймаңыз.
Электроникалық
бөлшектерге зақым келетін
қауіп бар.
Ыдысты пісіру алаңының бетіндегі
айқышқа / текшеге қойыңыз.
Айқышты / текшені ыдыспен толық
жабыңыз. Индукциялық пісіру
алаңдары, ыдыс табанының өлшеміне
автоматты түрде бейімделеді. Үлкен
ыдысты екі пісіру алаңына қатар
қойып, оларды бір уақытта
қолдануыңызға болады.
4.5 Автоматты түрде
қыздыру
Қажетті қызу параметрін қысқа уақытта
алу үшін осы функцияны қосыңыз.
Қосулы тұрғанда пісіру алаңы басында
ең үлкен параметр бойынша жұмыс
істейді, содан кейін қажетті қызу
параметрі бойынша жұмысын
жалғастырады.
Бұл функцияны іске қосу
үшін, пісіру алаңы суық
болуы керек.
Функцияны пісіру алаңы үшін
қосқыңыз келсе: түймешігін
басыңыз ( жанады). Қажетті
www.aeg.com10
қыздыру параметрін дереу басыңыз. 5
секундтан кейін жанады.
Функцияны сөндіру үшін: қызу
параметрін өзгертіңіз.
4.6 Қуат функциясы
Бұл функция индукциялық пісіру
алаңдарына көп қуат береді. Бұл
функцияны индукциялық пісіру алаңы
үшін уақытын шектеп қосуға болады.
Осы уақыт аяқталғаннан кейін,
индукциялық пісіру алаңы автоматты
түрде ең үлкен қызу параметріне
қойылады.
“Техникалық ақпарат”
тарауын қараңыз.
Функцияны пісіру алаңы үшін
қосқыңыз келсе: басыңыз.
жанады.
Функцияны сөндіру үшін: қызу
параметрін өзгертіңіз.
4.7 Таймер
Кері санақ таймері
Бұл функцияны қолданып пісіру
алаңының бір пісіру циклы кезінде
қанша уақыт жұмыс істейтінін
көрсетіңіз.
Алдымен пісіру алаңы үшін қыздыру
параметрін, содан кейін функцияны
орнатыңыз.
Пісіру алаңын орнату үшін:
түймешігін қажетті пісіру алаңының
индикаторы жанғанша қайта-қайта
басыңыз.
Функцияны қосу үшін: Таймердің
түймешігін басып, уақытты (00 - 99
минут) орнатыңыз. Пісіру алаңының
индикаторы баяу жыпылықтай
бастаған кезде, уақыт кері санала
бастайды.
Қалған уақытты қарау үшін: пісіру
алаңын арқылы орнатыңыз. Пісіру
алаңының индикаторы жылдам
жыпылықтай бастайды. Бейнебетте
қалған уақыт көрсетіледі.
Уақытты өзгерту үшін: пісіру алаңын
арқылы орнатыңыз. не
басыңыз.
Функцияны сөндіру үшін: пісіру
алаңын арқылы орнатыңыз және
белгішесін басыңыз. Қалған уақыт 00-
ге кері санайды. Пісіру алаңының
индикаторы сөнеді.
Уақыт аяқталған кезде,
дыбыстық сигнал естіліп,
00 жыпылықтайды. Пісіру
алаңы сөндіріледі.
Дыбыстық сигналды тоқтату үшін:
түймешігін басыңыз.
CountUp Timer (Санақ таймері)
Пісіру алаңының қанша уақыт жұмыс
істейтінін бақылау үшін осы
функцияны қолданыңыз.
Пісіру алаңын орнату үшін:
түймешігін қажетті пісіру алаңының
индикаторы жанғанша қайта-қайта
басыңыз.
Функцияны қосу үшін: Таймердің
түймешігін басыңыз. жанады. Пісіру
алаңының индикаторы баяу
жыпылықтай бастағанда, уақыт алға
санала бастайды. Бейнебет
және
кері саналған (минут) уақытты
көрсетуге ауысады.
Пісіру алаңының қанша уақыт
жұмыс істейтінін көру үшін: пісіру
алаңын
арқылы орнатыңыз. Пісіру
алаңының индикаторы жылдам
жыпылықтай бастайды. Бейнебетте
алаңның қанша уақыт жұмыс
жасайтыны көрсетіледі.
Функцияны сөндіру үшін: пісіру
алаңын арқылы орнатыңыз және
немесе белгішесін басыңыз. Пісіру
алаңының индикаторы сөнеді.
Минут операторы
Бұл функцияны пісіру алаңдары
жұмыс істемей, пеш іске қосылып
тұрғанда Минут операторы ретінде
қолдануға болады. Бейнебетте
қыздыру параметрі көрсетіледі .
ҚАЗАҚ 11
Функцияны қосу үшін: түймешігін
басыңыз. Уақытты орнату үшін
таймердің немесе түймешігін
басыңыз. Уақыт аяқталған кезде,
дыбыстық сигнал естіліп, 00
жыпылықтайды.
Дыбыстық сигналды тоқтату үшін:
түймешігін басыңыз.
Бұл функция пісіру
алаңдарының жұмысына
еш әсер етпейді.
4.8 STOP+GO
Бұл функция ең төмен қыздыру
параметрі бойынша жұмыс істейтін
пісіру алаңдарының барлығын
орнатады.
Функция жұмыс істеп тұрғанда, қызу
параметрін өзгерте алмайсыз.
Функция таймер функцияларын
тоқтатпайды.
Функцияны қосу үшін:
белгішесін
басыңыз.
белгішесі жанады.
Функцияны сөндіру үшін:
түймешігін басыңыз. Алдыңғы қызу
параметрі жанады.
4.9 Құлып
Басқару панелін пісіру алаңдары
жұмыс істеп тұрғанда бұғаттауға
болады. Ол қызу параметрінің
кездейсоқ өзгеруіне жол бермейді.
Әуелі қыздыру параметрін
орнатыңыз.
Функцияны қосу үшін:
белгішесін
басыңыз. белгішесі 4 секунд
жанады.Таймер қосулы күйде қалады.
Функцияны сөндіру үшін:
түймешігін басыңыз. Алдыңғы қызу
параметрі жанады.
Пешті сөндірген кезде, осы
функция да сөнеді.
4.10 Бала қауіпсіздігінің
құралы
Бұл функция пеш үстінің кездейсоқ
қосылып кетуіне жол бермейді.
Функцияны қосу үшін: пештің үстін
көмегімен қосыңыз. Қызу
параметрін орнатпаңыз. белгішесін
4 секунд басыңыз.
белгішесі
жанады. Пештің үстін көмегімен
сөндіріңіз.
Функцияны сөндіру үшін: пештің
үстін көмегімен қосыңыз. Қызу
параметрін орнатпаңыз. белгішесін
4 секунд басыңыз.
белгішесі
жанады. Пештің үстін көмегімен
сөндіріңіз.
Функцияны бір пісіру уақыты үшін
ғана қайта орнату: пештің үстін
көмегімен іске қосыңыз. белгішесі
жанады.
белгішесін 4 секунд
басыңыз. Қызу параметрін 10 секунд
ішінде орнатыңыз. Пештің үстін іске
қосуға болады. Пешті көмегімен
сөндірген кезде, функция қайта жұмыс
істейді.
4.11 OffSound Control
(Дыбыстық сигналдарды
сөндіру және қосу)
Пешті сөндіріңіз. белгішесін 3
секунд басыңыз. Бейнебет жанады да,
сөнеді. белгісін 3 секунд басыңыз.
немесе жанады. Келесі
параметрдің бірін таңдау үшін
таймердің
белгісін таңдаңыз:
- дыбыстық сигнал сөндірулі
- дыбыстық сигнал қосулы
Таңдауды растау үшін пеш автоматты
түрде сөнгенше күтіңіз.
Функцияны қалпына қойғанда
келесі жағдайларда ғана дыбыстық
сигнал естіледі:
түрткенде
Минут операторы сөнгенде
www.aeg.com12
Кері санақ таймері сөнгенде
басқару панеліне бір нәрсе
қойылғанда.
4.12 Қуатты басқару
функциясы
Пісіру алаңдары пештегі фаза
санымен және орналасқан
орындарына қарай
топтастырылған. Суретке қараңыз.
Әр фаза ең көбі 3700 Вт электр
жүктемесін көтере алады.
Бұл функция бір фазаға қосылған
пісіру алаңдарының арасындағы
қуат мөлшерін бөледі.
Бұл функция бір фазаға қосылған
пісіру алаңдарының жалпы электр
жүктемесі 3700 Вт-тан артқанда іске
қосылады.
Бұл функция бір фазаға қосылған
басқа пісіру алаңдарының қуат
мөлшерін төмендетеді.
Қуаты азайған алаңдардың қызу
параметрін көрсететін дисплейде
екі деңгей кезек-кезек көрсетіліп
тұрады.
5. ИКЕМДІ ИНДУКЦИЯЛЫҚ ПІСІРУ АЛАҢЫ
ЕСКЕРТУ!
Қауіпсіздік тарауларын
қараңыз.
5.1 FlexiBridge функциясы
Икемді индукциялық пісіру алаңы төрт
алаңнан тұрады. Секцияларды
өлшемдері әр түрлі екі пісіру алаңына
немесе бір үлкен пісіру алаңына
біріктіруге болады. Бірге жұмыс
істейтін алаңдардың жиектері жанып,
қысқа жанған сызықпен қосылып
тұрады.Қолданылатын ыдыстың
өлшеміне қарай, сай келетін режимді
таңдап, алаңдар комбинациясын
таңдауға болады. Үш режим бар:
Стандартты (пешті қосқанда
автоматты түрде қосылады), Үлкен
көпір және Макс. көпір.
Қыздыру параметрін
орнату үшін сол жақтағы
екі басқару жолағын
пайдаланыңыз.
Режимдер арасын ауыстыру
Режимдер арасын ауыстыру үшін
сенсорды пайдаланыңыз: .
Режимдердің арасын
ауыстырғанда, қыздыру
параметрі 0 қалпына
қайтарылады.
Ыдыс диаметрі және орналасқан
орны
Ыдыстың өлшемі мен пішіміне сәйкес
келетін режимді таңдаңыз. Ыдыс
таңдаған алаңды мүмкіндігінше толық
жауып тұруы керек. Ыдысты таңдалған
алаңның ортасына қойыңыз!
Табанының диаметрі 160 мм-ден кіші
ыдысты бір алаңның ортасына
қойыңыз.
ҚАЗАҚ 13
125-160mm
Табанының диаметрі 160 мм-ден
үлкен ыдысты екі алаңның ортасына
қойыңыз.
> 160 mm
5.2 FlexiBridge Стандартты
режим
Бұл режим пешті іске қосқан кезде
қосылады. Бұл секцияларды екі жеке
пісіру алаңына біріктіреді. Бұл
режимде бірге жұмыс істейтін алаңдар
секциясы жанып, қысқа жанған
сызықпен қосылып тұрады.Әр алаң
үшін қыздыру параметрін жеке
орнатуға болады. Сол жақтағы екі
басқару жолағын пайдаланыңыз.
Ыдыстың дұрыс орналасуы:
Ыдыстың дұрыс орналаспауы:
5.3 FlexiBridge Үлкен көпір
режимі
Режимді қосу үшін түймесін дұрыс
режим индикаторы пайда болғанша
басыңыз. Бұл режим артқы үш пісіру
секциясын бір пісіру алаңына
айналдырады. Алдыңғы бір секция
қосылмайды, бірақ жеке пісіру алаңы
тәрізді жұмыс істейді. Әр пісіру алаңы
үшін қыздыру параметрін орнатуға
болады. Қыздыру параметрін орнату
үшін сол жақтағы екі басқару жолағын
пайдаланыңыз. Үлкен алаң үшін оң
жақ басқару жолағын және кішкене
алаң үшін сол жақ басқару жолағын
пайдаланыңыз.
Ыдыстың дұрыс орналасуы:
Бұл режимді пайдалану үшін ыдысты
үш өзара қосылған алаңдарға қою
www.aeg.com14
керек. Екі алаңнан кішкене ыдысты
қойсаңыз, дисплейден көрінеді де,
2 минуттан кейін алаң сөніп қалады.
Ыдыстың дұрыс орналаспауы:
5.4 FlexiBridge Үлкен Көпір
режимі
Режимді қосу үшін түймесін дұрыс
режим индикаторы пайда болғанша
басыңыз. Бұл режим барлық
секцияларды бір пісіру алаңына
айналдырады. Қыздыру параметрін
орнату үшін сол жақтағы екі басқару
жолағының кез келгенін
пайдаланыңыз.
Ыдыстың дұрыс орналасуы:
Бұл режимді пайдалану үшін ыдысты
өзара қосылған төрт алаңға қою керек.
Үш алаңнан кішкене ыдысты
қойсаңыз, дисплейден
көрінеді де,
2 минуттан кейін алаң сөніп қалады.
Ыдыстың дұрыс орналаспауы:
5.5 PowerSlide
функциясы
Бұл функция ыдысты индукциялық
алаңның басқа жеріне жылжыту
арқылы температураны реттеуге
мүмкіндік береді.
Функция индукциялық алаңды қыздыру
параметрлері әр түрлі үшін алаңға
бөледі. Бұл режимде алаңдардың
жиектері жанады.Пештің үсті ыдыс
орналасқан жерді анықтап, қыздыру
параметрін ыдыстың орналасуына
қарай реттейді. Ыдысты алдыңғы,
ортаңғы немесе артқы жаққа қоюға
болады. Ыдысты алдыңғы жаққа
қойсаңыз, ең жоғары қызу параметрі
қолданылады. Оны азайту үшін
ыдысты ортаңғы немесе артқа алаңға
жылжытыңыз.
Функцияны пайдаланғанда,
тек бір ыдыс ғана
пайдаланыңыз.
ҚАЗАҚ 15
Жалпы ақпарат:
Бұл функция үшін ыдыс табанының
диаметрі кемінде 160 мм болуы
керек.
Артқы сол жақ басқару жолағының
қызу параметрінің дисплейі,
индукциялық пісіру алаңы үстіндегі
ыдыстың орналасқан орнын
көрсетеді. Алдыңғы
, ортаңғы
, артқы .
Сол жақ алдыңғы басқару
жолағының қыздыру параметрінің
дисплейі қызу параметрін
көрсетеді. Қыздыру параметрін
өзгерту үшін сол жақ басқару
жолағын пайдаланыңыз.
Функцияны алғаш рет іске қосқанда,
алдыңғы алаңның, ортаңғы
алаңның артқы алаңның
қыздыру параметрін көресіз.
Әр орын үшін қыздыру параметрін
жеке өзгертуге болады. Функцияны
келесі жолы іске қосқанда, пеш
қыздыру параметрлерін жадында
сақтайды.
Функцияны іске қосу
Функцияны іске қосу үшін ыдысты
пісіру алаңындағы дұрыс орынға
қойыңыз.
түртіңіз. Белгінің үстіндегі
индикатор жанады. Пісіру алаңына
ыдыс қойылмаса жанып, 2
минуттан кейін икемді индукциялық
алаң
қалпына қойылады.
Функцияны сөндіру
Функцияны сөндіру үшін
түртіңіз
немесе қыздыру параметрін
қалпына қойыңыз. Белгінің үстіндегі
индикатор сөнеді.
6. АҚЫЛ-КЕҢЕС
ЕСКЕРТУ!
Қауіпсіздік тарауларын
қараңыз.
6.1 Ыдыс-аяқ
Индукциялық пісіру
алаңдарында, электр-
магнитті өріс ыдыс ішінде
жылдам қызу пайда
болдырады.
Индукциялық пісіру
алаңына дұрыс ыдыс
қойып пайдаланыңыз.
Ыдыс-аяқтың материалы
жарамды: шойын, темір, эмальмен
қапталған болат, тоттанбайтын
темір, табаны көп қабаттан тұратын
ыдыс (өндіруші тарапынан
жарамдылығы көрсетілген).
жарамсыз: алюминий, мыс, сары
мыс, шыны, керамика, фарфор.
www.aeg.com16
Ыдыс индукциялық пісіру алаңына
сай келеді, егер:
жоғары қызу параметрі орнатылған
пісіру алаңына аз су қойылса,
жылдам қайнап кетеді.
ыдыстың түбіне магнитке жабысса.
Икемді индукциялық пісіру
алаңына салынған таңба
ыдыстарды сырғытып
жылжытуға байланысты
ластануы немесе түсін
өзгертуі мүмкін. Пісіру
алаңын әдеттегідей
тазалауға болады.
Ыдыстың түбі барынша
қалың әрі мүмкіндігінше
жайпақ болуға тиіс.
Ыдыстардың өлшемдері
Индукциялық пісіру алаңдары, ыдыс
табанының өлшеміне белгілі бір
шамада автоматты түрде бейімделеді.
Пісіру алаңының тиімділігі ыдыстың
диаметріне байланысты. Диаметрі
көрсетілген ең кіші диаметрден кіші
ыдыс, пісіру алаңынан бөлінетін
қуаттың бір бөлігін ғана қабылдай
алады.
“Техникалық ақпарат”
тарауын қараңыз.
6.2 Жұмыс кезіндегі шуыл
Егер келесі шуыл естілсе:
сыртылдаған дыбыс естісеңіз: ыдыс
әр түрлі материалдардан жасалған
(көп қатпарлы құрылым).
ысқырған дыбыс: сіз пісіру алаңын
жоғары қуат деңгейіне қойып
пайдаланасыз, және ыдыс әр түрлі
материалдардан жасалған (көп
қатпарлы құрылма).
гуілдеу: жоғары қуат деңгейін
пайдаланғансыз.
шыртылдау: электр тоғы қосылып-
ажыратылады.
ысылдау, ызыңдау: желдеткіш
жұмыс істейді.
Бұл шуыл қалыпты болып
есептеледі және пештің ақаулығына
жатпайды.
6.3 Öko Timer (Эко таймері)
Қуатты үнемдеу үшін пісіру алаңының
қыздырғышы кері санақ таймерінің
сигналы естілмей тұрып сөнеді.
Жұмыс істеу уақытының әр түрлі
болуы қызу параметріне және пісіру
уақытына байланысты.
6.4 Тағам пісіру
бағдарламаларының
үлгілері
Қызу параметрі мен пісіру алаңының
қуатты тұтыну мәні өзара тура
байланысты емес. Қызу параметрінің
мәнін көбейткен кезде, пісіру алаңы
пайдаланатын қуаттың мәні
пропорциональды түрде көбеймейді.
Сондықтан да, орташа қызу
параметрін қолданатын пісіру алаңы,
өз қуатының жартысынан азын
жұмсайды.
Кестедегі деректер
жалпылама нұсқау ретінде
ғана берілген.
Қызу
параметрі
Пайдалану: Уақыт
(мин.)
Ақыл-кеңес
- 1
Піскен тағамды жылы
ұстаңыз.
қажетін
е орай
Ыдыстың қақпағын
жабыңыз.
1 - 3 Голланд тұздығы,
балқытылған: сары май,
шоколад, желатин.
5 - 25 Ара-тұра араластырыңыз.
ҚАЗАҚ 17
Қызу
параметрі
Пайдалану: Уақыт
(мин.)
Ақыл-кеңес
1 - 3 Қойылту: шайқалған омлет,
піскен жұмыртқалар.
10 - 40 Қақпағын жауып пісіріңіз.
3 - 5 Күріш және сүтке пісірілген
тағамдарды баяу қайнату,
дайын тағамдарды жылыту.
25 - 50 Күрішке кем дегенде, оның
мөлшерінен екі есе артық су
құйыңыз, сүт тағамдарын
арасында араластырыңыз.
5 - 7 Буға піскен көкөністер,
балық, ет.
20 - 45 Бірнеше ас қасық су
қосыңыз.
7 - 9 Буға піскен картоптар. 20 - 60 750 г картопқа ең көбі ¼ л су
пайдаланыңыз.
7 - 9 Көп мөлшердегі тағамдар,
бұқтырылған тағамдар мен
көже пісіру.
60 - 150 3 литрге дейін су және
құраластар.
9 - 12 Баппен қуыру: эскалоп,
"кордон блё" бұзау еті,
котлет, риссоль, шұжық,
бауыр, майға қуырылған ұн,
жұмыртқа, құймақ, бауырсақ.
қажетін
е орай
Орта тұсында аударыңыз.
12 - 13 Қатты қуыру, қуырылған
картоп, қоң ет, бифштекстер.
5 - 15 Орта тұсында аударыңыз.
14 Суды қайнату, макарон пісіру, етті қызартып қуыру (гуляш, бұқтырып
пісіру), фри қуыру үшін.
Суды көп мөлшерде қайнатыңыз. Қуат функциясы қосылып тұр.
7. КҮТУ МЕНЕН ТАЗАЛАУ
ЕСКЕРТУ!
Қауіпсіздік тарауларын
қараңыз.
7.1 Жалпы ақпарат
Пештің үстін пайдаланған сайын
тазалаңыз.
Ыдысты қолданғанда табаны
әрқашан таза болсын.
Пештің үстіне түскен сызаттар
немесе қошқыл дақтар оның
жұмысына ешқандай әсер етпейді.
Пештің үстін тазалауға жарамды
арнайы тазалағышты
пайдаланыңыз.
Шыныға арналған арнайы
қырғышты қолданыңыз.
7.2 Пештің үстін тазалау
Дереу тазалаңыз: балқыған
пластмасса, пластик фольга, қант
және қант қосылған тағам. Дереу
тазаламасаңыз, пештің үстін
бүлдіріп алуыңыз мүмкін. Күйіп
қалмау үшін абай болыңыз.
Қырғышты шыны бетке арнайы
сүйір бұрыш жасап қойып, жүзін
жылжыта отырып тазалаңыз.
Пештің үсті жеткілікті түрде
суыған кезде алыңыз: әк дақтары,
су дақтары, май дақтары, металдың
жылтыраған дақтары. Пештің үстін
дымқыл шүберекпен және жеміргіш
емес жуғыш затпен тазалаңыз.
www.aeg.com18
Тазалап болғаннан кейін пештің
үстін жұмсақ шүберекпен сүртіңіз.
Жылтыраған металл дақтарын
кетіріңіз: сірке суы қосылған
ерітіндіні пайдаланып, әйнек бетін
дымқыл шүберекпен тазалаңыз.
8. АҚАУЛЫҚТЫ ТҮЗЕТУ
ЕСКЕРТУ!
Қауіпсіздік тарауларын
қараңыз.
8.1 Не істерсіңіз, егер...
Ақаулық Ықтимал себебі Шешімі
Пешті қосып немесе іске
пайдалана алмадыңыз.
Пеш электр тоғына
қосылған жоқ немесе теріс
қосылған.
Пештің электр көзіне
дұрыс қосылғанына көз
жеткізіңіз. Қосылым
сызбасын қайта қараңыз.
Сақтандырғыш жанып
кеткен.
Ақаулыққа
сақтандырғыштың себеп
болғанына көз жеткізіңіз.
Сақтандырғыш қайта-қайта
жанып кетсе, білікті
электршіге хабарласыңыз.
Пешті қайта іске қосыңыз
да, қызу параметрін 10
секундтан аз уақыт ішінде
орнатыңыз.
Бір уақытта 2 немесе одан
да көп сенсорлық өрістерді
басып қойғансыз.
Бір ғана сенсорлық өрісті
басыңыз.
STOP+GO функциясы
жұмыс істейді.
"Әркүндік қолдану"
тарауын қараңыз.
Басқару панеліне су
немесе май шашыраған.
Басқару панелін
тазалаңыз.
Дыбыстық сигнал естіліп,
пештің үсті сөнеді.
Пеш сөнген кезде
дыбыстық сигнал естіледі.
Бір немесе бірнеше
сенсорлық өріске зат
қойылған.
Сенсорлық өрістердегі
затты алыңыз.
Пештің үсті сөнеді.
Сенсорлық өріске бір
зат қойылған.
Сенсорлық өрістердегі
заттарды алыңыз.
ҚАЗАҚ 19
Ақаулық Ықтимал себебі Шешімі
Қалдық жылу индикаторы
жанбай тұр.
Алаң ыстық емес, себебі
ол аз уақыт ғана қосылып
тұрған.
Егер алаң қызу үшін едәуір
ұзақ жұмыс істесе,
уәкілетті қызмет көрсету
орталығына
хабарласыңыз.
Автоматты қыздыру
функциясы жұмыс
істемейді.
Алаң ыстық. Алаңды әбден
салқындатып алыңыз.
Қызу параметрінің ең
жоғары мәні орнатылған.
Ең жоғары қызу
параметрінің қуаты,
функциясының қуатымен
бірдей.
Екі қызу параметрі ауысып
көрсетіледі.
Қуатты басқару функциясы
жұмыс істейді.
"Әркүндік қолдану"
тарауын қараңыз.
Сенсорлық өрістер қызып
кетеді.
Тым үлкен ыдыс
қолданылған немесе
ыдыстар басқару
құралдарына тым жақын
қойылған.
Үлкен ыдыстарды артқы
пісіру алаңдарына
қойыңыз.
Сенсорлық өрістерді
түрткен кезде ешбір сигнал
естілмейді.
Дыбыстық сигналдар
өшірулі.
Дыбыстық сигналдарды
қосыңыз.
"Әркүндік қолдану"
тарауын қараңыз.
Икемді индукциялық пісіру
алаңы ыдысты қыздыра
алмайды.
Ыдыс икемді индукциялық
пісіру алаңына дұрыс
қойылмаған.
Ыдысты икемді
индукциялық пісіру
алаңына дұрыс қойыңыз.
Ыдыс орналасатын орын
іске қосылған функцияға
немесе функция режиміне
байланысты.
"Икемді индукциялық пісіру
алаңы" тарауын қараңыз.
Ыдыс түбінің диаметрі іске
қосылған функцияға
немесе функция режиміне
сай келмейді.
Іске қосылған функцияға
немесе функция режиміне
табанының диаметрі сай
келетін ыдысты
пайдаланыңыз. Икемді
индукциялық пісіру
алаңының бірінші бөлігі
үшін диаметрі 160 мм-ден
кіші ыдысты
пайдаланыңыз.
"Икемді индукциялық пісіру
алаңы" тарауын қараңыз.
www.aeg.com20
/