ПАЙДАЛАНУ
ПАЙДАЛАНУ
"АЯҚТАЛУДЫҢ УАҚЫТЫ" пиктограммасының соңғы айналудан кейін бірнеше секунд
ішінде көрсетілуі жалғастырыла береді. Бағдарлама тұтқаға басу жолымен (дайындау
уақытының 2 минутынан кем емес) расталуы мүмкін. Бағдарлама расталғаннан кейін
дайындау басталады, жəне де сигналдық құрылғы автоматты түрде іске қосылатын
болады.
"Аяқталудың бағдарламаланған уақыты = "Ағымдағы уақыт" болғанда дайындау
тоқтатылады. Бағдарламаны қарап шығу үшін тұтқаны басыңыз жəне босатыңыз,
сонда таймер таңдалған бағдарламаны көрсетеді.
Дайындау аяқталғанда "АЯҚТАЛУ УАҚЫТЫ" пиктограммасы жанады жəне сигналдық
құрылғы дыбыстық сигнал береді. 1 минуттан кейін дыбыстық сигнал сөндіріледі
жəне, Сіз тұтқаға баспағанша, "АЯҚТАЛУ УАҚЫТЫ" пиктограммасы жанып тұра
береді.
Бағдарламаны аяқталғанға дейін тоқтату үшін тұтқаны басыңыз жəне бірнеше секунд
ішінде ұстап тұрыңыз, сонда бағдарлама тоқтатылады, бұл ретте таймер қолмен
дайындау режиміне қайта оралады.
ТОЛЫҚ АВТОМАТТЫ ДАЙЫНДАУ
Дайындауды бағдарламалау дайындауды автоматты түрде белгіленген уақытта
бастауға жəне аяқтауға мүмкіндік береді. Дайындауды іске қосу уақытын орнату үшін
тұтқаны қысқа мерзім, "ДАЙЫНДАУДЫҢ БАСТАЛУ УАҚЫТЫ" пиктограммасы
жанғанша, 1 рет басыңыз.
Дайындаудың басталу уақытын ұзарту немесе қысқарту тұтқаны сағат тілі бағытымен
немесе сағат тілі бағытына қарсы бұрау жолымен жүзеге асырылады.
"ДАЙЫНДАУДЫҢ БАСТАЛУ УАҚЫТЫ" пиктограммасы соңғы айналудан кейінгі
бірнеше секунд ішінде жанып тұруын жалғастырады. Егер осы уақыт ішінде Сіз
тұтқаны айналдырмасаңыз немесе баспасаңыз, тілшіктер автоматты түрде
көрсетілген уақытқа қайта оралады, ал бағдарлама қосылмайтын болады.
Тұтқаға басқанда дайындаудың басталу уақыты сақталатын болады
(«ДАЙЫНДАУДЫҢ БАСТАЛУ УАҚЫТЫ» пиктограммасы жанады, жəне де таймер
дайындаудың аяқталуын бағдарламалауға ауысады («ДАЙЫНДАУДЫҢ АЯҚТАЛУ
УАҚЫТЫ» пиктограммасы сөндірілген күйден іске қосылған күйге көшеді).
Төменгі қыздырғыш элементі
бар жылу желдеткіші
Назар аударыңыз!
Қыздырудың кез келген режимін
(қыздыруды іске қосу жəне т. б.)
таңдағанда тұмшапеш
температураны ретеу тұтқасымен
температураны баптағаннан кейін
ғана іске қосылады.
Қолжетімді режимдер (режимді
таңдау тұтқасы)
Жоғарғы мен төменгі
қыздырғыш элементтерді іске
қосу
Тұтқаны осы жайғасымға орнату
тұмшапешті қалыпты қызуын іске
қосады.
Құрама гриль (гриль жəне
жоғарғы қыздырғыш
элемент)
«Құрама гриль» режимін іске қосқанда
бір сəтте гриль жəне жоғарғы
қыздырғыш элемент бірге жұмыс істейді.
Бұл тұмшапештің жоғарғы бөлігінде
неғұрлым жоғары температураны
сақтауға мүмкіндік береді, бұл қарқынды
қызартып пісіруге əкеледі жəне үлкен
мөлшердегі порцияларды дайындауға
мүмкіндік береді.
Жоғарғы мен төменгі
қыздырғыш элементтерді
жəне желдеткішті іске қосу
Тұтқаның осы жайғасымында
тұмшапеш дайындау режимде
желдеткіші бар қалыпты тұмшапеш
сияқты жұмыс істейді.
Жылу желдеткіші
Бұл режимде камераның орталық
бөлігінде орналасқан жылу
желдеткішінің көмегімен тұмшапештің
мəжбүрлеп қыздырылуы жүзеге
асырылады.
Тұмшапештің осындай тəсілмен
қыздырылуы дайындалатын тағам
айналасында жылудың біртекті
айналуын қамтамасыз етеді.
Қыздырудың осындай тəсілінің
артықшылықтары:
• Пешті қыздыру / қыздырудың бастапқы
кезеңі уақытының қысқаруы.
• Бір сəтте екі деңгейде /қаңылтыр
табаларда пісіру мүмкіндігі.
• Ет тағамдарынан бөлініп шығатын
майлар мен сөлдің мөлшерінің азаюы,
бұл дəмнің жақсаруына əкеледі.
Бұл режимде тұмшапештің
конвекциялық элементі жəне төменгі
қыздырғыш элементі бар желдеткіш
пайдаланылады, бұл 3 немесе 4
деңгейде тағамның төменгі бөлігінде
неғұрлым жоғары температурамен
дайындауға мүмкіндік береді.
Тұтқаны жайғасымға орнатыңыз.
Əдепкілік бойынша 220 °С
температурасы көрсетіледі, алайда оны
температура реттегішінің көмегімен
өзгертуге болады.
Желдеткіш жəне грильдің
қыздырғыш элементі
Грильдің жоғарғы қыздырғышы жəне
желдеткіш қосылады. Тəжірибеде бұл
режим грильде дайындау процесін
жылдамдатуға мүмкіндік береді жəне
тамақтың дəмін жақсартады. Бұл
режимді тек қана тұмшапештің жабық
есікшесінде пайдаланыңыз.
Жібіту
Бұл режимде тек қана желдеткіш жұмыс
істейді. Сіз дайын асты немесе
тұмшапеш камерасын суыта, сондай-ақ
тамақты жібіте аласыз.
12
13