3
•LG Electronics компаниясынан жазбаша рұқсатынсыз
ешбір жағдайда өнімді өзгертпеңіз. Кездейсоқ өрт
немесе тоқ соғуы мүмкін. Қызмет көрсету немесе жөндеу
қажет болса, жергілікті тұтынушыларға қызмет көрсету
орталығына хабарласыңыз. Рұқсат етілмеген өзгертулер
пайдаланушыға осы өнімді пайдалану құқығынан айыруы
мүмкін.
•Тек LG Electronics компаниясымен мақұлданған,
ресми түрде рұқсат берілген құрамдас бөлшектерді /
аксессуарларды ғана пайдаланыңыз. Олай болмаған
жағдайда, бұл өрттің шығуына, электр тоғының соғуына,
өнімнің дұрыс жұмыс істемеуіне немесе зақымдалуына
әкелуі мүмкін.
•Ешқашан айнымалы ток адаптерін немесе қуат сымын
бөлшектемеңіз. Бұл өрт шығуына немесе электр тоғы
соғуына әкелуі мүмкін.
•Адаптердің зақымдалуы мүмкіндігін болдырмау үшін
абайлап ұстаңыз. Адаптер зақымдалуы мүмкін.
•Өрт шығу немесе электр тоғының соғу қаупін азайту
үшін, дымқыл қолмен теледидарға қолыңызды тигізбеңіз.
Қуат сымының шүмектері дымқыл болса немесе шаңмен
жабылған болса, қуат ашасын толығымен кептіріңіз немесе
шаңды сүртіңіз.
•Батареялар
-Аксессуарларды (батарея және т.б.) балалардың қолы
жетпейтін жерде сақтаңыз.
-Қысқа тұйықталу, бөлшектеу немесе батареялардың
қызып кетуіне жол бермеңіз. Батареяларды отқа
тастамаңыз. Батареялар шамадан тыс қызу әсеріне
ұшырамауы тиіс.
-Абайлаңыз : батареяны дұрыс емес ауыстырған
жағдайда, өрт шығу не жарылу қаупі туындайды.
•Жылжыту
-Жылжытқан кезде, өнімді міндетті түрде өшіріп, тоқ
көзінен ажыратыңыз да барлық кабельдерді алып
тастаңыз. Үлкенірек теледидарды тасымалдау
үшін 2 не одан көп адам керек болуы мүмкін.
Теледидардың алдыңғы панелін баспаңыз немесе оған
күш түсірмеңіз. Әйтпесе, ол өнімнің зақымдануына, өрт
қаупіне немесе жарақатқа әкелуі мүмкін.
•Ылғалдан сақтау қаптамасы мен винильді қаптаманы
балалардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз.
•Соққыға, кез-келген заттардың өнімге түсуіне жол бермеңіз
және экранға ештеңе түсірмеңіз.
•Панелін қолыңызбен немесе тырнақ, қарындаш немесе
қалам секілді өткір затпен қатты баспаңыз немесе үстін
сырмаңыз. Бұл экранға зақым келтіруі мүмкін.
•Тазалау
-Тазалау кезінде қуат сымын ажыратып, жұмсақ / құрғақ
матамен сүртіңіз. Суды немесе басқа сұйықтықтарды
тікелей теледидарға шашпаңыз. Өнімді және оның
панелін зақымдайтын әйнек тазалағышын, бөлме
иістендіргішін, жәндіктерге қарсы құралды, майлағыш
құралдарды, балауызды (көлікке арналған, өнеркәсіптік),
абразивті құралды, еріткіштерді, бензолды және спиртті
т.б. қолдануға болмайды. Олай болмаған жағдайда бұл
электр тогының соғуына немесе өнімнің зақымдануына
әкелуі мүмкін.
•Қуат сымын орау, бұрмалау, қысу, есікпен жабу немесе
үстінен басу секілді физикалық немесе механикалық зақым
тиюден қорғаңыз. Штепсельдерге, розеткаларға және
құрылғыдан сым шығатын жерге ерекше көңіл бөліңіз.
•Қуат сымы жалғанған кезде теледидарды жылжытпаңыз.
•Зақымдалған немесе еркін түрде орнатылатын қуат сымды
қолданбаңыз.
•Қуат сымы жалғанбаған кезде розетканы суырыңыз.
Теледидарды қуат көзінен ажырату үшін қуат сымын
тартпаңыз.
•Бірдей айнымалы тоқ розеткасына тым көп құрылғыларды
қоспаңыз, себебі бұл өртке немесе тоқ соғуға себеп болуы
мүмкін.
•Құрылғыны негізгі қуат көзінен ажырату
-Қуат розеткасы ажырату құрылғысы болып табылады.
Төтенше жағдай орын алса, қуат розеткасы қолжетімді
жерде болуы қажет.
•Балалардың теледидарға жорғаламауын және асылып
тұрмауын қадағалаңыз. Әйтпесе, теледидар аударылып,
жарақаттауы мүмкін.
•Сыртқы антеннаны жерге орналастыру (әр елде әртүрлі
болуы мүмкін):
-Сыртқы антенна орнатылған болса, төмендегі сақтық
шараларын орындаңыз. Сыртқы антенналық жүйе қуат
торына жақын жерде орналаспауы керек немесе ол
өлімге не ауыр жарақатқа себеп болуы мүмкін электр
желілерімен немесе тізбектермен байланыста болады.
•Найзағай кезінде бұл құрылғыны немесе антеннаны
ұстамаңыз. Сізді тоқ соғуы мүмкін.
•Розеткада зақым болмаса, төтенше жағдайларда өрт
шығуы мүмкін болса, қуат сымының теледидар мен
қабырға розеткасына сенімді түрде жалғанғанын тексеріңіз.
•Өнімге металл немесе жанғыш заттарды салмаңыз.
Егер өнімнің ішіне бөгде зат түсіп кетсе, теледидарды
өшіріп, тұтынушыларға қызмет көрсету орталығына
хабарласыңыз.
•Қуат сымы жалғанған кезде оған қол тигізбеңіз. Тоқ соғуы
мүмкін.
•Келесі жағдайлардың кез келгені орын алса, өнімді
дереу ажыратып, жергілікті тұтынушыларға қызмет
көрсету орталығына хабарласыңыз.
-Өнім зақымдалды.
-Су немесе басқа зат өнімге кірген жағдайда (айнымалы
тоқ адаптері, қуат сымы немесе теледидар сияқты).
-Теледидардан шыққан түтін немесе басқа да иістердің
иісін сезген жағдайда.
-Найзағай кезінде немесе ұзақ уақыт пайдаланылмаған
кезде.
Теледидар қашықтан басқару пультімен немесе
бастырмамен өшірілсе де, розеткаға жалғанбаса да,
айнымалы ток көзі құрылғыға қосылады.
•Теледидар жанында жоғары кернеулі электр жабдықтарын
пайдаланбаңыз (мысалы, баг заставкасы). Бұл өнім
жұмысының бұзылуына әкелуі мүмкін.