• Кір мыжылып қалмас үшін барабан
мезгіл-мезгіл айналып тұрады.
• Су төгуді ескерту үшін Шаюды кідірту
индикаторы жанған қалпы тұрады.
• Есік бұғаттаулы индикаторы жанып
тұр. Старт/Пауза
түймешігінің
индикаторы жыпылықтайды. Есік
құлыпталып тұрады.
• Есікті ашу үшін суды төгу керек.
Суды төгу:
1. Суды төгу үшін.
• Слив немесе Отжим бағдарламасын
орнатыңыз.
• Старт/Пауза түймешігін басыңыз.
Құрылғы суды төгеді де, айналдыру
кезеңін орындайды.
2. Бағдарлама аяқталып, есік бұғаттаулы
индикаторы
көрінбей кеткенде
есікті ашуға болады.
3. Құрылғыны сөндіру үшін бағдарлама
тетігін қалпына бұраңыз.
Күту режимі
Жуу бағдарламасы аяқталғаннан кейін
бірнеше минуттан кейін құрылғыны
сөндірмесеңіз, қуатты үнемдеу режимі
қосылады. Қуатты үнемдеу режимі құрылғы
күту режимінде тұрған кезде
пайдаланылатын қуат мөлшерін азайтады:
•
Барлық индикаторлар мен бейнебет
сөнеді.
• Бастау түймешігінің индикаторы баяу
жыпылықтайды.
Қуатты үнемдеу режимін ажырату үшін
түймешіктердің бірін басыңыз.
Ақыл-кеңес
Кір салу
•
Кірді былай сұрыптаңыз: ақ, түрлі-түсті,
синтетика, нәзік және жүн мата.
• Кірдің затбелгісіндегі жуу нұсқауларын
орындаңыз.
• Ақ және түрлі-түсті заттарды бірге
жумаңыз.
• Кейбір түрлі-түсті заттарды алғаш
жуғанда бояуы шығуы мүмкін. Оларды
алғаш жуғанда бөлек жууға кеңес
береміз.
• Жастық қаптарының түймесін салып,
тартпаларды тартып жауып, ілгектер
мен батырма түймешіктерді салыңыз.
Белбеулерді байлаңыз.
• Қалталарды босатып, оралған заттарды
ашыңыз.
• Көп қабатты матадан жасалған, жүн
матадан жасалған немесе сурет
салынған киімдердің астарын сыртына
аударыңыз.
• Қатты дақтарды кетіріңіз.
• Өте кір дақтарды арнайы жуғыш затпен
жуыңыз.
• Перделерді абайлап жуыңыз. Ілгектерін
алыңыз немесе перделерді кір жуатын
торға немесе жастықтың тысына
салыңыз.
• Шашақтары бар немесе кесілген
жерлері бар заттарды құрылғыда
жумаңыз. Кішкене заттарды жуу үшін
(мысалы, сым өткізілген төс тартқыш,
белдіктер, колготкилер, т.с.с.) кір жууға
арналған торды пайдаланыңыз.
•
Кір өте аз салынса, айналдыру циклі
кезінде теңгерімді сақтауға қатысты
мәселе орын алуы мүмкін. Бұндай
жағдай орын алса, барабандағы кірді
қолмен таратып, қайта айналдыра
бастаңыз.
Оңай кетпейтін дақтар
Кейбір дақтарды кетіру үшін су мен жуғыш
зат жеткіліксіз болады.
Бұндай дақтарды кірді құрылғыға салмай
тұрып тазалауды ұсынамыз.
Дақ кетіретін арнайы құралдар болады. Дақ
пен матаның түріне сай келетін арнайы дақ
кетіргішті қолданыңыз.
Жуғыш заттар мен үстемелер
• Кір жуғыш машиналарға арналған
жуғыш заттар мен үстемелерді ғана
қолданыңыз:
–
матаның барлық түрлеріне арналған
ұнтақ жуғыштар,
– нәзік мата (ең көбі 40 °C) мен жүн
тоқымаларға арналған ұнтақ
жуғыштар,
– матаның барлық түрлеріне не тек
жүн матаға арналған, төмен
14 www.zanussi.com