1. Тұрақтандырғыштың тағайындалуы
Сізге ЭРА кернеу тұрақтандырғышын таңдағаныңыз үшін алғыс айтамыз.
ЭРА кернеу тұрақтандырғышы желілік кернеу мәндері ауытқыған жағдайда, тұрмыстық мақсатта тұрақты
бір фазалы қорек кернеуін ұстап тұруға арналған.
2. Кернеу тұрақтандырғышын таңдау
Кернеу тұрақтандырғышын таңдау кезінде назар аударуды қажет ететін негізгі бастапқы деректер:
• кіріс кернеулерінің диапазоны;
• тұрақтандырғыштың толық қуаттылығы;
• жүктеменің тұтынатын қуаттылығы.
Тұрақтандырғышты таңдаудағы алғашқы қадам оның қуаттылығын есептеу болып табылады. Сізге
қандай электр жабдығын таңдау керектігін анықтап алу қажет: бір аспап, аспаптар тобы (желіде кернеудің
құлдырауларына аса сезімтал) немесе бүкіл үйге (кеңсеге) арналған техника. Содан кейін тұрақтандырғышқа
қосылатын электр тұтынушылардың жиынтық қуаттылығын есептеу қажет.
Кернеу тұрақтандырғышының қуаттылығын таңдаудың негізгі шарты – оған қосылатын жүктеменің жиынтық
қуаттылығы тұрақтандырғыштың өзінің қуаттылығынан аспауы тиіс (кері жағдайда тұрақтандырғыштың
автоматикасы оларды тоқтатып тастайды). Дәлме-дәл мәндерді Өзіңіздің нақты тұтынушыңыздың
паспорттық деректерінен ғана білуге болады.
Бұдан әрі электр қозғалтқыштары бар тұтынушының толық қуаттылығын есептеу үшін, Белсенді және
Реактивтік жүктеме ұғымдарын ендіру қажет. Белсенді жүктеме ватпен өлшенеді. Жүктеменің осы түрінің
тұтынатын электр энергиясы энергияның басқа түрлеріне түрленеді, мысалы: жылу немесе жарық
энергиясы (теледидарлар, кір жуу машиналары, үтік және т.б.). Реактивтік жүктеме (жүктеменің осы
барлық қалған түрлері) индуктивтік және сыйымдылық жүктемелерден тұрады. Сөйтіп, толық қуаттылық
(ВА) пен белсенді қуаттылықты (Вт) әрқашан Cos(Fi) коэффиценті байланыстырады. Мәселен, электр
қозғалтқышынан құралған кез келген аспап үшін (тұрмыстық техника, электр аспабы) толық тұтынылатын
қуаттылықты есептеу үшін белгілі бір ереже қолданылады. Осындай құрылғыларда таңбалау арқылы
ватпен белсенді қуаттылық көрсетіледі. Мысалы, 1000 Вт қуаттылық көрсетілген шаңсорғыш үшін. Егер
аспапта коэффициент көрсетілмесе, онда жуық шамада оны 0,7 деп қабылдау керек, сөйтіп, оның толық
қуаттылығын (ВА) алу үшін, қажетті белсенді қуаттылықты коэффицентке бөлу керек. 1000/0,7 = 1428
ВА аламыз. Бұл жағдайда конструкцияларында электр қозғалтқыштар көзделген тұтынушылар үшін
тұтынушының паспортында оның номиналды қуатылығының көрсетілуі маңызды екенін ескеру керек,
іске қосу токтары ескерілмейді, олар бір кезеңде номиналдың 3-7 мәндеріне жетуі мүмкін. Қосылатын
жүктеменің жиынтық қуаттылығы да тұрақтандырғыштың кіріс орнындағы кернеуге байланысты. Шамамен
қуаттылық туралы деректерді Сіз келесі кестеден ала аласыз:
Жүктеме қуаттылығы бойынша 25-30% қоры бар қоры бар кернеу тұрақтандырғышының моделін таңдау
керек. Біріншіден, Сіз тұрақтандырғыштың «аяушы» жұмыс режимін қамтамасыз етесіз, сол арқылы оның
қызмет атқару мерзімін ұлғайтасыз, екіншіден, өзіңізге қосымша жабдықты қосуға арналған қуаттылық
резервін жасайсыз.
3. Тұрақтандырғышты пайдалану кезіндегі сақтық шаралары
Тыйым салынады:
• Тұрақтандырғышты өз бетінше бөлшектеуге және бөлшектенген күйінде желіге қосуға
• Тұрақтандырғышта артық жүктеме салуға. Тұрақтандырғышқа ұзақ уақыт артық жүктеме берілуі оның жиі
өшіп қалуына және оның қызмет атқару мерзімінің қысқаруына және істен шығуына әкеледі.
• Тұрақтандырғышты жерге тұйықтамай қосуға
• Тұрақтандырғыштың жарылысқа қауіпті бөлмелерде немесе химиялық белсенді ортада, сондай-ақ ылғал
әсер ететін жағдайларда (су конденсатының пайда болуы), ашық кеңістіктерде жұмыс істеуіне жол беруге
• Тұрақтандырғыштың үстін кез келген заттармен жабуға, желдеткіш саңылауларды жабуға,
тұрақтандырғышқа кез келген сұйықтықтың төгілуіне жол беруге
• Түтін, жанып жатқан оқшаулауға тән иіс пайда болғанда, жоғары шу пайда болғанда (жұмыс істеу кезінде
сырт етуі – оның жұмысына тән ерекшелік және ақау болып саналмайды), корпусы сынғанда немесе
корпусында сызаттар пайда болғанда, тұрақтандырғыштың кабелі зақымдалғанда, тұарқтандырғышты
пайдалануға.
4. Қосу тәртібі және жұмыс режимдері
Тұрақтандырғышты тасымалдаған немесе оны жағымсыз температурада сақтаған соң, оны пайдалану
жағдайында қосар алдында кемінде 3 сағат ұстау керек. Корпусында немесе күш беретін кабельде
зақымдардың жоқ екенін анықтау мақсатында, бұйымның сыртқы түрін тексеріп алыңыз. Аспапқа
балалар мен жануарлардың қолжетімділігін шектей отырып, қатты қызып кетуін болдырмау үшін, тікелей
күн сәулесінен және жылыту аспаптарынан аулақ орнату керек. Желілік кабельді тұрмыстық желіге, ал
тұрақтандырғыштың розеткасына тұтынушыларды қосу керек. Тұрақтандырғышты қосу үшін бет панеліндегі
ажыратқышты «ҚОСУ» қалпына көшіру керек. Кіріс кернеуі рұқсат етілген шекте тұрғанын тексерген соң,
қосудың кідіру уақыты біткеннен кейін, оған қосылған электр аспаптарына жүктеме береді. Тұрмыстық
желі рұқсат етілген диапазонда тұрған кезде, тұрақтандырғыш тұтынушыға қорек береді. Қалыпты жұмыс
режимінде дисплейде «220» кернеу шамасы көрінеді. Тұрмыстық желінің кернеуі диапазоннан тыс шыққан
кезде, нақты кернеу көрсетіледі. Бұл жағдайда дисплейде тиісті символдар көрінеді: «L» - кіріс кернеуі
төмендетілген, «H» - кіріс кернеуі жоғарылатылған (осындай символ жағдайында барлық аспаптарды
тұрмыстық желіні ажырату керек). Тұрмыстық желінің кернеуі көрсетілген қорек беру диапазонынан
тыс шыққан кезде, тұтынушыға қорек беру тоқтатылады. Кіріс кернеуі рұқсат етілген шекте орнатылған
жағдайда , тұрақтандырғыш кідіру уақытын есептеген соң, өзіне қосылған тұтынушыға қайта қорек береді.
Тұрақтандырғышқа артық жүктеме берілген кезде, трансформаторға орнатылған автоматты ажырату
KZ