Бұндай дақтарды кірді құрылғыға салмай
тұрып тазалауды ұсынамыз.
Дақ кетіретін арнайы құралдар болады. Дақ
пен матаның түріне сай келетін арнайы дақ
кетіргішті қолданыңыз.
10.3 Жуғыш заттар мен үстемелер
• Кір жуғыш машиналарға арналған жуғыш
заттар мен үстемелерді ғана қолданыңыз.
• Әр түрлі жуғыш заттарды араластырмаңыз.
• Қоршаған ортаға зиян келтірмеу үшін
жуғыш затты қажетті мөлшерден артық
пайдаланбаңыз.
• Осы заттардың орамында көрсетілетін
нұсқауларды орындаңыз.
• Матаның түріне және түсіне,
бағдарламаның температурасы мен кірдің
деңгейіне сай келетін құралдарды
қолданыңыз.
• Егер құрылғының жуғыш зат үлестіргішінде
мөлшерлегіш құрал болмаса, мөлшерлегіш
шарикті қолданыңыз.
10.4 Қоршаған ортаға қатысты
ескерім
• Қалыпты кірлеген кірді алдын ала жуу циклі
жоқ бағдарламаны қолданып жуыңыз.
• Жуу бағдарламасын кірді әрқашан
неғұрлым көп салғаннан кейін бастаңыз.
• Төмен температурада жуатын
бағдарламаны таңдаған кезде, қажет болса
дақ кетіргішті қолданыңыз.
• Жуғыш затты дұрыс мөлшерде қолдану
үшін, жергілікті су жүйесіндегі судың
кермектігін тексеріңіз
10.5 Судың кермектігі
Сіз тұратын жердегі су өте кермек немесе
орташа кермек болса, кір жуғыш машинада су
жұмсартқышты қолдануды ұсынамыз. Суы
тұщы жерлерде су жұмсартқышты қолдану
қажет емес.
Жергілікті жердегі судың кермектігін білу үшін
су жүйесін басқару мекемесіне хабарласыңыз.
Су жұмсартқышты дұрыс мөлшерлеп
пайдаланыңыз. Бұйымның орамында
көрсетілетін нұсқауларды орындаңыз.
11. КҮТУ МЕНЕН ТАЗАЛАУ
Назарыңызда болсын!
Күтім көрсету алдында құрылғыны электр
желісінен ажыратыңыз.
11.1 Сыртын тазалау
Құрылғыны сабын мен жылы суды ғана
қолданып тазалаңыз. Барлық беттерін әбден
құрғатыңыз.
Сақтандыру туралы ескерту!
Спирт, еріткіш немесе химиялық
заттарды қолданбаңыз.
11.2 Қақты тазалау
Сіз тұратын жердегі су өте кермек немесе
орташа кермек болса, кір жуғыш машинада су
жұмсартқышты қолдануды ұсынамыз.
Барабанның ішін мезгіл-мезгіл тексеріп, әк
және тот бөлшектерінің жоқ екеніне көз
жеткізіңіз.
Тот бөлшектерін тазалау үшін кір жуғыш
машиналарға арналған арнайы құралдарды
ғана пайдаланыңыз. Бұны кір жумай тұрғанда
орындаңыз.
Бұйымның орамында көрсетілетін
нұсқауларды әрқашан орындаңыз.
11.3 Тазалап жуу
Төмен температура бағдарламаларын
қолданғанда барабанда шамалы жуғыш зат
қалып қоюы мүмкін. Құрылғыға күтім көрсету
үшін уақытылы жуыңыз. Ол үшін:
• Барабаннан кірді алыңыз.
• Мақта мата жууға арналған бағдарламаны,
шамалы жуғыш зат салып ең жоғары
температураға қойып орнатыңыз.
16
www.electrolux.com