Whirlpool FHS 51 IX/HA Руководство пользователя

  • Здравствуйте! Я прочитал руководство пользователя для духовых шкафов Hotpoint Ariston моделей FH 51/HA, FH 51 IX/HA, FHR 540/HA и FHS 51/HA. В этом руководстве подробно описаны все функции, включая различные режимы нагрева, использование таймера, рекомендации по очистке и технике безопасности. Задавайте ваши вопросы!
  • Как правильно установить духовой шкаф?
    Как использовать таймер?
    Какие режимы приготовления доступны?
    Как чистить духовой шкаф?
Мазмұны
Орнату, 47-48
Орналастыру
Электр қосылымдары
Деректер кестесі
Құрылғы сипаттамасы, 49
Жалпы шолу
Басқару тақтасы
Қосу және пайдалану, 50
Пешті қосу
Таймерді пайдалану әдісі
Кантри стиліндегі таймермен уақытты орнатыңыз
Тағам дайындау режимдері, 51-52
Тағам дайындау режимдері
Тағам дайындау бойынша кеңес
Тағам дайындау бойынша кеңес кестесі
Сақтандырулар мен кеңестер, 53
Жалпы қауіпсіздік
Жою
Қоршаған ортаны сақтау және қорғау
Көмек
Жөндеу және күтім, 54
Құрылғыны өшіру
Құрылғыны тазалау
Пеш есігін тазалау
Шамды ауыстыру
Пайдалану нұсқаулығы
ПЕШ
KZ
FH 51 /HA
FH 51 IX /HA
FHR 540 /HA
FHS 51 /HA
Қазақша, 46
KZ
47
KZ
! Жаңа құрылғымен жұмысты бастамастан бұрын
осы пайдалану нұсқаулығын мұқият оқып шығыңыз.
Мұнда құрылғыны қауіпсіз қолдану, орнату және оны
күту туралы маңызды ақпараттар қамтылған.
! Келешекте анықтама ретінде қарау үшін пайдалану
нұсқаулығын сақтап қойыңыз. Оны құрылғының кез
келген жаңа иесіне беріңіз.
Орналастыру
! Орау материалдарын балалардың қолы жетпейтін
жерде сақтаңыз. Тыныс тарылу немесе тұншығып
қалу қаупін туғызуы мүмкін. (Сақтандырулар мен
кеңестер бөлімін қараңыз).
! Құрылғыны нұсқауларға сәйкес арнайы біліктілігі бар
маман орнатуға тиіс. Құрылғы дұрыс орнатылмаған
жағдайда, адамдар мен жануарлар өміріне қауіп
төндіруі немесе мүлікті зақымдауы мүмкін.
Құрылғыны орнату
Құрылғының дұрыс жұмыс жасайтынын тексеру үшін
қолайлы шкафты қолданыңыз.
Пешке жақын қабырғалар ыстыққа төзімді
материалдан жасалған болуы қажет.
Сыртқы қабығы бар шкафтарды жинағанда 100°C
температураға төзетін желімдер қолданылуы қажет.
пешті ас үй үстелінің астына (сызбаны қараңыз)
немесе ас үй жиһазының ішіне орнату үшін
шкафтың өлшемдері төмендегідей болуы қажет:
! Құрылғы орнатылған кезде кез келген электрлі
заттардан алыс болуы қажет.
Негізгі деректер кестесінде берілген пайдалану
ортасының көрсеткіштері осы орнату түрі үшін
есептелген.
Желдету
Лайықты желдетудің орнатылғанын тексеру үшін
шкафтың артқы қабырғасын алып тастау қажет.
Пешті екі ағаш тақтайға немесе кемінде 45 x 560 мм
ашық тұрған тегіс жерде орналастыру ұсынылады
(сызбаны қараңыз).
Ортаға қою және бекіту
Пештің бүйірлеріндегі 4 құлақша сыртқы жақтаудың
4 тесігіне сәйкес келетіндей етіп орнатыңыз.
Құлақшаларды төменде көрсетілгендей шкафтың
бүйір қабырғасының қалыңдығына қарай лайықтаңыз:
қалыңдығы 20 мм:
құлақшаның жылжымалы
бөлігін алып тастаңыз
(сызбаны қараңыз).
қалыңдығы 18 мм: зауытта
орнатылған бірінші тілікті
пайдаланыңыз (сызбаны
қараңыз).
қалыңдығы 16 мм: екінші
тілікті пайдаланыңыз
(сызбаны қараңыз).
Пештің есігін ашып, 4
бұрандалы бекіткішті сыртқы
жақтаудың 4 тесігіне кіргізіп,
құрылғыны шкафқа бекітіңіз.
! Құрылғының қауіпсіз жұмыс
істеуін қамтамасыз ететін
барлық бөліктері арнайы
құралдардың көмегімен ғана
алынуы тиіс.
Орнату
595 мм.
595 мм.
24 mm.
545 мм.
5 мм.
567 мм.
23 мм.
593 мм.
45 мм.
558 мм.
547 мм мин.
560 мм.
45 мм.
48
KZ
Электр қосылымдары
! Үш ұялы электр кабелі бар пеш айнымалы ток
кернеуімен және құрылғыда орналасқан негізгі
деректер кестесінде көрсетілген жиілікпен жұмыс
істеу үшін жасақталған (төменге қараңыз).
Электр кабелін орнату
1. Қақпақтың бүйір
құлақшаларына
бұрауышты тығып,
дәнекер қалқаншаны
ашыңыз. Бұрауышты
төмен басқанда қақпақты
ашатындай тұтқа түрінде
пайдаланыңыз (сызбаны
қараңыз).
2. Бұрауышты тұтқа
түрінде пайдаланып,
қыспа бұранданы
босатып алып тастаңыз
(сызбаны қараңыз).
3. Үш сымды L-N-
байланыс бұрандаларын
алып тастап, түстеріне
сай сымдарды бұранда
бастарының астына
бекітіңіз: Көк (N), Қоңыр (L)
және Сары-жасыл ( ).
Электр кабелін желіге қосу
Деректер кестесінде көрсетілген жүктемеге сәйкес
стандартты айырғышты орнатыңыз (бүйірін қараңыз).
Құрылғы, құрылғы мен желі арасында орнатылған 3
мм ашық кішкене байланысы бар және анықталған
жүктемеге лайықты және ағымдағы ток реттеуіне
сәйкес болып келетін (жерге қосылған сым
автоматты айырып-қосқыштан ажыратылмауы тиіс)
жан-жақты автоматты айырып-қосқышты пайдалану
арқылы тікелей электр желісіне қосылуы қажет.
Электр кабелін температурасы 50°C-тан жоғары
болатын жерден өтпейтіндей етіп орналастыру қажет.
! Орнатушы дұрыс ток байланысын орнатқанына
және оның қауіпсіздік ережелеріне сәйкес екендігіне
сенімді болуы қажет.
Құрылғыны тоққа қоспастан бұрын төмендегілерді
тексеріңіз:
Құрылғы жерге қосылған және айырғыш заңға
сәйкес болып табылады.
Розетка негізгі деректер кестесінде көрсетілген
құрылғының ең жоғарғы күшіне төзімді (астын
қараңыз).
Кернеу деректер кестесінде көрсетілген мән
аралығы аумағында болады (астын қараңыз).
Розетка құрылғының айырғышына сәйкес келеді.
Розетка айырғышына сәйкес болмаса, өкілетті
маманнан оны ауыстырып беруді өтініңіз.
Бірнеше розеткалар мен ұзартқыш сымдарын
пайдаланбаңыз.
! Құрылғы орнатылғаннан кейін электр кабелі мен
розетка жақын жерде болуы қажет.
! Кабель иілмеуі немесе қысылмауы қажет.
! Кабель жиі тексеріліп, тек өкілетті маманның
көмегімен ғана алмастырылуы тиіс (Көмек бөлімін
қараңыз).
! Қауіпсіздік шаралары сақталмаған жағдайда
өндіруші жауапкершілікті өз мойнына алудан бас
тартады.
ДЕРЕКТЕР КЕСТЕСІ
Өлшемдері
ені 43,5 см
биіктігі 32 см
тереңдігі 41,5 см
Көлемі 58 л
Электр
қосылымдары
кернеуі: 220-240 В~ 50/60 Гц немесе
50Гц (деректер кестесін қараңыз),
ең көп тұтынылатын қуат – 2250 Вт
ҚУАТ БЕЛГІСІ
Электр пештерінің белгісіндегі
2002/40/EC нұсқауы, EN 50304
стандарты
Табиғи конвекция класы– қыздыру
күйіне арналған қуат тұтыну:
Конвекция
Мәжбүрлі конвекция класы
– қыздыру күйіне арналған
мәлімденген қуат тұтынуы:
Желдеткіш көмегімен
Бұл құрылғы Еуропа экономикалық
қауымдастығының келесі нұсқауларына
сай келеді: -12/12/06 ақпанындағы
2006/95/EEC (төмен кернеу туралы)
және одан кейінгі түзетулер; -15/12/04
мамырындағы -2004/108/EEC
(электромагниттік үйлесімділік туралы)
және одан кейінгі түзетулер; -1993
жылдың 22 шілдесіндегі 93/68/EEC
және одан кейінгі түзетулер; - 2002/96/
EC және одан кейінгі түзетулер
49
KZ
* Тек белгілі бір модельдерде
Құрылғы сипаттамасы
Жалпы шолу
Басқару тақтасы
Басқару тақтасы
ГРИЛЬ
ТАБА
Сырғымалы сөрелерге
арналған СЫРҒЫТПАЛАР
5-позиция
4-позиция
3-позиция
2-позиция
1-позиция
РЕТТЕУ
тұтқасы
ТАЙМЕР
тұтқасы *
ТЕРМОСТАТ
тұтқасы
ТЕРМОСТАТ
индикатор шамы
50
KZ
! Құрылғыны алғаш рет пайдаланғанда оны бос
күйінде есігін жауып, ең жоғарғы температурада
кемінде жарты сағаттай қыздырыңыз. Пешті
өшіріп, оның есігін ашпастан бұрын бөлменің
жақсы желдетілгенін тексеріңіз. Өндіру кезінде
қолданылған қорғағыш заттардың жанып кетуіне
байланысты жеңіл жағымсыз иіс шығуы мүмкін.
Пешті қосу
1. РЕТТЕУ тұтқасын бұрау арқылы қажетті тағам
дайындау режимін таңдаңыз.
2. ТЕРМОСТАТ тұтқасы көмегімен қажетті
температураны таңдаңыз. Тағам дайындау
режимдері және ұсынылған тағам дайындау
температуралары туралы мәліметті “Тағам
дайындау бойынша кеңестер” кестесінен қараңыз
(Тағам дайындау режимдері бөлімін қараңыз).
3. Алдын ала қыздыру аяқталғанда, ТЕРМОСТАТ
индикатор шамы жанады: тағамды пешке салыңыз.
4. Тағам дайындау барысында төмендегі нәрселерді
орындауға болады:
- РЕТТЕУ тұтқасын бұрау арқылы қажетті тағам
дайындау режимін өзгерту.
- THERMOSTAT (ТЕРМОСТАТ) тұтқасын бұрау
арқылы температураны өзгерту.
- РЕТТЕУ тұтқасын “0” позициясына бұрап, тағам
дайындау үрдісін тоқтату.
! Эмальді қабат зақымдануының алдын алу үшін
ешқашан пештің астыңғы жағына зат қоймаңыз.
! Әрқашан асхана ыдыстарын берілген тартпа(лар)
ға қойыңыз.
Салқындату желдеткіші
Пештің сыртқы температурасын салқындату үшін
кейбір модельдер басқару тақтасы мен пеш есігінің
арасына жел айдайтын салқындату желдеткішімен
жабдықталады.
! Пісіріп болғаннан кейін де пеш толық
салқындағанға дейін желдеткіш қосулы тұрады.
Пештің шамдары
РЕТТЕУ тұтқасымен функциясы таңдалған
уақытта ол жұмысын жалғастырады. Тағам
дайындау режимі таңдалғанда ол қосылып тұрады.
Таймерді пайдалану әдісі *
1. Дыбыс сигналын орнату үшін ТАЙМЕР тұтқасын
сағат тілі бойынша бір толық айналымға бұраңыз.
2. Қажетті уақытты орнату үшін тұтқаны сағат тіліне
қарсы бұраңыз: тұтқада көрсетілген минутты басқару
тақтасындағы индикатормен теңестіріңіз.
3. Таймер минуттық режимде жұмыс істейді:
таңдалған уақыт біткенде дыбыс сигналы естіледі.
! Таймер пешті қоспайды және өшірмейді.
Кантри стиліндегі таймермен уақытты
орнатыңыз *
Дұрыс уақытты қайтадан орнатудың әдісі
Пеш тоққа қосылған болуы тиіс.
Тұтқаны тартыңыз да, дұрыс уақытты орнатқанша
оны сағат тілінің бағыты бойынша бұраңыз.
! Бағдарламалар мүмкіндігі тоқпен іске қосылады,
сондықтан тоқ болмаған кезде ол сол мезгіл
бойынша жұмыс істеуді тоқтатады. Осы тоқ өшуінен
кейін дұрыс уақытты қайтадан орнату қажет болады.
Таймер мүмкіндігі
Таймер мүмкіндігі таймер кері санауды бастайтын
уақыт мөлшерін енгізуге мүмкіндік береді. Бұл
мүмкіндік пешті қоспайды немесе өшірмейді, ол тек
уақыт біткенде дыбыс береді.
Таймерді орнату әдісі
Таңба “терезеде” көруге болатын қалаған уақытқа
(ішкі шкала) сәйкес болғанша тұтқаны сағат тілінің
бағыты бойынша бұраңыз.
Уақыттың кері саналымы дереу басталады.
Таймердің дауыс сигналын өшіру үшін немесе
тек сағат мүмкіндігін пайдалану үшін таңбаны
белгісіне орнатыңыз.
* Тек белгілі бір модельдерде
Қосу және пайдалану
51
KZ
Тағам дайындау режимдері
! Төмендегілерден басқа тағам дайындау
режимдерінің барлығына 60°C пен МАКС аралығында
кез келген температура мәні орнатылуы мүмкін
ГРИЛЬ (кеңес: тек МАКС деңгейін орнатыңыз)
ГРАТИН (кеңес: 200°C-тан асырмаңыз).
TRADITIONAL OVEN (ДАҒДЫЛЫ ПЕШ) режимі
Үстіңгі және астыңғы қыздыру элементтері қосылады.
Тағам дайындаудың дағдылы режимін пайдаланғанда
тек бір тағам дайындау тартпасын пайдаланған
дұрыс, бірден көп тартпа қолданылғанда пеш ішіндегі
температура бірдей болмауы мүмкін.
MULTI-COOKING (КӨП ТАҒАМ ДАЙЫНДАУ) режимі
Барлық қыздыру элементтері (үстіңгі және
астыңғы) және желдеткіш қосылады. Пештің қызуы
тұрақты болатындықтан ауа тағамды біркелкі
қызартып пісіреді. Бір уақытта ең көбі екі тартпаны
пайдалануға болады.
ҮСТІҢГІ ПЕШ режимі
Үстіңгі қыздыру элементі іске қосылады. Бұл
режимді тағамды дайындаудың аяғында қызарту
үшін пайдалануға болады.
GRILL (ГРИЛЬ) режимі
Үстіңгі қыздыру элементі іске қосылады. Грильдің
аса жоғары әрі тіке температурасы ет пен қақталған
етті жұмсақ түрде қалдыру үшін нәрін ішінде ұстай
отырып, олардың бетін қызартуға мүмкіндік береді.
Сондай-ақ, жоғары бет температурасын қажет ететін
тағамдарға грильді пайдаланған абзал: бифштекс,
сиыр еті, қабырға стейкі, белдеме, гамбургерлер және
т.б... Кейбір мысалдар “Тағам дайындау бойынша
кеңес” параграфында берілген. Осы режимде ас
пісіргенде пештің есігін әрқашанда жабық ұстаңыз.
GRATIN (ГРАТИН) режимі
Астыңғы және айналмалы қыздыру элементтері мен
желдеткіш қосылады. Осы мүмкіндіктердің жиыны
пештегі ауаның күшейтілген айналымы арқылы
қыздыру элементтерінің бір бағытқа жылылық
бөлуінің тиімділігін арттырады. Бұл тағамды күйіп
кетуден сақтауға көмектеседі және жылудың
тағамның ішкі жағына енуіне мүмкіндік береді. Бұл
режим пайдаланылғанда пештің есігі әрдайым
жабық тұруы қажет.
Тағам дайындау
режимдері
Тағам дайындау бойынша кеңес
! Желдеткіш көмегімен тағам дайындау барысында
тартпаларды бірінші және бесінші позицияларға
орналастырмаңыз. Шамадан тыс жылу температураға
сезімтал тағамдарды күйдіріп жіберуі мүмкін.
! GRILL (ГРИЛЬ) және GRATIN (ГРАТИН) режимдерінде
тағамның қалдықтарын (май сияқты) жинау үшін
тұтқалы табаны бірінші позицияға орналастырыңыз.
КӨП ТАҒАМ ДАЙЫНДАУ
Молырақ жылуды талап ететін тағамды екінші
позициядағы тартпаға салып, екінші және төртінші
позицияларды қолданыңыз.
Тұтқалы табаны астыңғы жаққа, ал тартпаны
үстіңгі жаққа орнатыңыз.
ГРИЛЬ
Тартпаны 3 немесе 4-позицияға орналастырыңыз.
Тағамды тартпаның ортасына салыңыз.
Қуат деңгейін ең жоғарғы мәнге орнату ұсынылады.
Үстіңгі қыздыру элементі термостат арқылы реттеледі
және тұрақты күйде қосылып тұрмауы мүмкін.
ПИЦЦА
Пицца пісіру кезінде ең жақсы нәтижеге қол
жеткізу үшін КӨП ТАҒАМ ДАЙЫНДАУ режимін
пайдаланыңыз.
Жеңіл алюминийден жасалған пицца табасын
пайдаланыңыз. Оны қамтамасыз етілген тартпаға
орналастырыңыз.
Сыртын қытырлақ етіп пісіру үшін тұтқалы табаны
пайдаланбаңыз (пісіру мерзімін ұзарту арқылы
қытырлақ болуына кедергі жасайды).
Пиццаның беті көп құрамды болғанда пісіру
үрдісінің ортасында пиццаның үстіне моцарелла
ірімшігін қосу ұсынылады.
52
KZ
Тағам дайындау бойынша кеңес кестесі
Тағам
дайындау
режимдері
Тағамдар Салмақ
(кг)
Тартпа
позициясы
Алдын ала қыздыру
уақыты (мин)
Ұсынылатын
температура
Пісіру
ұзақтығы
(минут)
Конвекция
пеші
Үйрек
Қуырылған бұзау немесе сиыр еті
Қуырылған шошқа еті
Печенье (кішкентай нан өнімдері)
Бәліш
1
1
1
-
1
3
3
3
3
3
15
15
15
15
15
200
200
200
180
180
65-75
70-75
70-80
15-20
30-35
Multi-
cookingКөп
тағам
дайындау
Пицца (2 тартпада)
Лазанья
Жас қой еті
Қуырылған тауық еті + картоп
Макрель
Мейіз қосылған кекс
Көпіршітілген қаймақ қосылған бәліш
(2 тартпада)
Печенье (2 тартпада)
Бисквит торты (1 тартпада)
Бисквит торты (2 тартпада)
Хош иісті бәліш
1
1
1
1+1
1
1
0.5
0.5
0.5
1
1.5
2 және 4
3
2
2 және 4
2
2
2 және 4
2 және 4
2
2 және 4
3
15
10
10
15
10
10
10
10
10
10
15
230
180
180
200
180
170
190
180
170
170
200
15-20
30-35
40-45
60-70
30-35
40-50
20-25
10-15
15-20
20-25
25-30
Top
ovenҮстіңгі
пеш
Кәміл тағам дайындау үшін тағамды
қызарту
- 3/4 15 220 -
GrillГриль Камбала мен каркатица
Кальмар мен асшаян кебабы
Треска белдемесі
Грильде пісірілген көкөністер
Бұзау етінен пісірілген стейк
Котлет
Гамбургер
Скумбрия
Қуырылған нан
1
1
1
1
1
1
1
1
4
4
4
4
3 не 4
4
4
4
4
4
5
5
5
5
5
5
5
5
5
Ең жоғары
Ең жоғары
Ең жоғары
Ең жоғары
Ең жоғары
Ең жоғары
Ең жоғары
Ең жоғары
Ең жоғары
8-10
6-8
10
10-15
15-20
15-20
7-10
15-20
2-3
Гратин Грильде пісірілген тауық еті
Каракатица
1.5
1.5
2
2
5
5
200
200
55-60
30-35
53
KZ
Сақтандырулар мен
кеңестер
! Бұл құрылғы халықаралық қауіпсіздік стандарттарына
сай өңделіп шығарылған. Төмендегі ескертулер қауіпсіздік
ережелерін ескерту мақсатында берілген және оны мұқият
оқып шығу қажет.
Жалпы қауіпсіздік
Құрылғы үйде қолдануға арналған, оны коммерциялық
немесе өндірістік тұрғыда қолдануға болмайды.
Жабық жер болса да, құрылғыны сыртта қолданбау
қажет. Құрылғыны қорғаусыз жаңбыр мен боранда
қалдыру аса қауіпті.
Құрылғыны қолданған уақытта пештің бүйіріндегі
тұтқаларды пайдаланыңыз.
Құрылғыны жалаң аяқ немесе қол-аяғыңыз ылғал
немесе дымқыл болғанда ұстамаңыз.
Құрылғы осы кітапшада берілген нұсқауларға сай тек
ересек адамдар ғана тағам дайындау мақсатында
пайдаланылуы тиіс.
Құрылғыны пайдаланған уақытта қыздыру элементтері
және пеш есігінің белгілі бөліктері қатты қызады.
Бұларға тимейтініңізге және балалардан аулақ
ұстайтыныңызға көз жеткізіңіз.
Басқа электр құрылғыларына арналған электр кабелі
пештің ыстық бөліктеріне тимейтінін тексеріңіз.
Желдету және ыстықты салқындатуға арналған ашық
жерлерді ешқашан жаппау керек.
Пеш есігінің тұтқасын әрқашан ортасынан ұстаңыз:
шеттері ыстық болуы мүмкін.
Пешке асханалық ыдысты қоярда немесе оны алған
кезде әрдайым пеш қолғаптарын пайдаланыңыз.
Пеш түбін туралау үшін алюминий фольганы
пайдаланбаңыз.
Пешке жанғыш заттарды қоймаңыз. Егер байқаусызда
құрылғы қосылатын болса, бұл заттың жануы мүмкін.
Құрылғыны қолданбаған кезде түймешіктерінің “”/“
орнында екенін тексеріңіз.
Құрылғыны өшіргенде айырғышты әрдайым желі
розеткасынан алыңыз, кабельден тартып суырмаңыз.
Штепсель айырын электр желісінен ажыратпастан
тазалау немесе күтім көрсету жұмыстарын ешқашан
жасамаңыз.
Егер құрылғы істен шыққан болса, ешбір жағдайда
жөндеу жұмысын өзіңіз жасамаңыз. Тәжірибесіз
адам тарапынан жасалған жөндеу жұмыстарынан
құрылғының істен шығуы немесе жарамсыз болып
қалуы мүмкін. Қызмет көрсету орталығымен
байланысыңыз (Көмек бөлімін қараңыз).
Ашық пештің есігіне ауыр заттарды қоймаңыз.
Құрылғыны физикалық, сезімталдық және психикалық
қабілеттері төмен адамдар (балалар да кіреді),
тәжірибесіз немесе өнімнен хабары жоқ кез келген
адамның қолданбауы тиіс. Мұндай адамдарға, кем
дегенде, қауіпсіздіктерін қамтамасыз ететін біреулер
жетекші болуы керек немесе құрылғының жұмысына
қатысты кіріспе нұсқаулары берілуі тиіс.
Балаларға құрылғымен ойнауға рұқсат етпеңіз.
Жою
Орау материалдарын қайта пайдалану мақсатымен
тастаған кезде жергілікті қоршаған орта стандарттарын
қадағалаңыз. Ескі құрылғыны тастағанда қолданылатын
заң ережелерін қадағалаңыз.
Электр және электроникалық құралдардың
қалдықтарына (WEEE) қатысты 2002/96/EC
Еуропа заңнамасына сәйкес үй құрылғылары
қалыпты сортталмаған қалалық қалдық ағымымен
бірге жойылмауы тиіс. Қоршаған орта мен адам
денсаулығына тиетін зиянның алдын ала отырып, ескі
құрылғылар қайта пайдалануды және қайта өңдеуді
оңтайландыру мақсатында бөлек жиналуы керек.
Өнімдегі сызылған “доңғалақты қоқыс жәшік” сізге
құрылғыны тастаған уақытта бөлек жиналуы туралы
есіңізге салады.
Ескі құрылғыларды дұрыс тастау жөнінде ақпарат алу
үшін пайдаланушылар жергілікті өкілдеріне немесе
сатушыларына хабарласулары керек.
Қоршаған ортаны сақтау және қорғау
Құрылғыны таңертең ерте немесе түстен кейін кешірек
пайдалану арқылы электр қуатын қамтамасыз етуші
компаниялардың жүктемесін азайтуға көмектесе аласыз.
Жақсы нәтиже алу үшін және энергияны үнемдеу үшін
(шамамен 10%). GRILL (ГРИЛЬ) және GRATIN (ГРАТИН)
режимдерін пайдаланғанда пештің есігін жабық ұстаңыз.
Есік тығыздағыштарын жиі тексеріңіз, олар есікке
тығыз келетіндей етіп, қалдық болмауы үшін тазалап
сүртіп тұрыңыз, осылайша ыстықтың сыртқа шығуын
болдырмайсыз.
Көмек
Байланыс ақпараты:
Құрылғының моделі (Мод.)
Сериялық нөмірі (С/н).
Бұл ақпарат құрылғыда орнатылған деректеме кестесінде
немесе орамадан табылуы мүмкін.
54
KZ
Жөндеу және күтім
Құрылғыны өшіру
Кез келген бір жұмысты бастамастан бұрын
құрылғыны тоқтан ажыратыңыз.
Құрылғыны тазалау
Тот баспайтын болат немесе эмальданған сыртқы
бөліктер және резеңке тығыздағыштар салқын
сумен нейтралды сабынға малынған ысқышпен
тазартылады. Қиын дақтарды кетіру үшін арнайы
өнімдерді пайдаланыңыз. Жуып болған соң оны
шайып, мұқият құрғатыңыз. Қатты ұнтақтарды
немесе таттандыратын заттарды пайдаланбаңыз.
Пештің іші әрбір қолданғаннан кейін жылы
кезінде мұқият тазалануы тиіс. Ыстық су мен
тазартқышты пайдаланыңыз, одан кейін шайып,
жұмсақ шүберекпен құрғатып сүртіңіз. Қырғыш
заттарды пайдаланбаңыз.
Сырғымалы тартпалардан басқа барлық керек-
жарақтар күнделікті ыдыстар сияқты жуылуы
мүмкін.
! Құрылғыда ешқашан бу тазартқышты немесе
шаңсорғышты пайдаланбаңыз.
Пеш есігін тазалау
Пеш есігінің әйнегін ысқышпен және қырғыш
емес тазартқыш құралдармен тазалап, жұмсақ
шүберекпен мұқият құрғатыңыз. Қатты қырғыш затты
немесе өткір темір қырғыштарды пайдаланбаңыз,
себебі олар әйнек бетін тырнап, оның сынуына
әкелуі мүмкін. Мұқият тазалау үшін пештің есігін
алып тастауға болады.
1. Пеш есігін толық ашыңыз (сызбаны қараңыз).
2. Екі ілмекте орналасқан тұтқаларды көтеріп,
бұрыңыз (сызбаны қараңыз).
3. Есікті екі жағынан қатты
ұстап, жартылай жабыңыз.
Қысқыштарды Fбасу
арқылы есікті босатыңыз,
одан кейін есікті орнынан
шығарылатындай өзіңізге
қарай тартыңыз (сызбаны
қараңыз).
Есікті орнына қою үшін осы іс
ретін кері орындаңыз.
Тығыздағыштарды тексеру
Пештегі есік тығыздағыштарын жиі тексеріп
тұрыңыз. Егер тығыздағыштар зақымдалған болса,
жақын жердегі Сатудан кейін қызмет көрсету
орталығына хабарласыңыз (Көмек бөлімін қараңыз).
Тығыздағыштар ауыстырылғанға дейін пешті
пайдаланбауды ұсынамыз.
Шамды ауыстыру
Пештің шамын ауыстыру үшін:
1. Шам ұясының шыны қақпағын алыңыз.
2. Шамды алып, оны сондай басқа шаммен
ауыстырыңыз: Қуаты 25 Вт, цоколі E 14.
3. Шыны қақпақты орнына қойыңыз (сызбаны
қараңыз).
F
F
/