орнатыңыз. ECO бағдарламасын
пайдаланып қалыпты кірлеген ас үй
құралдары және ыдыс-аяқты жуғанда, су
мен қуат барынша тиімді жұмсалады.
СУ ЖҰМСАРТҚЫШ
Су жұмсартқыш жуу нәтижелеріне және
құрылғыға жағымсыз әсер ететін, судың
құрамындағы минералдарды тазалайды.
Осы минералдың мөлшері неғұрлым көп
болса, судың кермектігі де соғұрлым жоғары
болады. Судың кермектігі балама шкаламен
есептеледі.
Су жұмсартқыш аймағыңыздағы судың
кермектігіне сәйкес бапталуға керек.
Аймағыңыздағы судың кермектігі туралы
ақпаратты жергілікті су мекемесінен ала
аласыз. Жақсы жуу нәтижесіне жету үшін су
жұмсартқыштың дұрыс деңгейін орнату керек.
ТҰЗ, ШАЙҒЫШ ЗАТ ЖӘНЕ ЖУҒЫШ ЗАТТЫ
ПАЙДАЛАНУ
• Тек ыдыс жуғыш машинаға арналған тұзды,
шайғыш және жуғыш затты пайдаланыңыз.
Басқа өнімдер құрылғыға нұқсан келтіруі
мүмкін.
• Аралас таблеткалар судың кермектігі 21
°dH болатын аймақтар үшін жарамды. Осы
шектен асатын аймақтарда шайғыш зат пен
тұзды аралас таблеткалармен бірге
пайдалану керек. Дегенмен суы кермек
және өте кермек аймақтарда жуу және
кептіру нәтижесі барынша жақсы болуы
үшін жеке жуғыш, (қосымша функциялары
жоқ ұнтақты, гельді, таблеткаларды)
шайғыш затты және тұзды жеке-жеке
пайдаланыңыз.
• Жуғыш таблеткалар қысқа
бағдарламаларда әбден ерімейді. Жуғыш
заттардың қалдықтары ыдыстарға тұрып
қалмас үшін жуғыш таблеткаларды
пайдаланғанда ұзақ бағдарламаларды
қолдануды ұсынамыз.
• Жуғыш затты қажетті мөлшерден артық
пайдаланбаңыз. Жуғыш заттың
орамындағы нұсқауларды қараңыз.
ЖУҒЫШ ТАБЛЕТКАЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУДЫ
ТОҚТАТҚЫҢЫЗ КЕЛСЕ
Жуғыш затты, тұзды және шайғыш заттарды
жеке-жеке пайдалану алдында келесі әрекетті
орындаңыз.
1. Су жұмсартқыштың ең жоғары деңгейін
орнатыңыз.
2. Тұз және шайғыш зат сауыттарының толы
екеніне көз жеткізіңіз.
3. Шаю циклы бар ең қысқа бағдарламаны
бастаңыз. Жуғыш зат қоспаңыз және
себеттерді толтырмаңыз.
4. Бағдарлама аяқталған кезде, су
жұмсартқышты тұратын жеріңіздегі судың
кермектігіне қойыңыз.
5. Шайғыш заттың қосылатын мөлшерін
реттеңіз.
6. Шайғыш зат үлестіргішін белсенді күйге
көшіріңіз.
СЕБЕТТЕРДІ ТОЛТЫРУ
• Құрылғыны ыдыс жуғыш машинада жууға
болатын заттарды жуу үшін ғана
қолданыңыз.
• Ағаш, мүйіз, алюминий, қалайы және
мыстан жасалған заттарды құрылғыға
салмаңыз.
• Құрылғыға су сіңіретін заттарды (жөке, ас
үй шүберектері) салмаңыз.
• Ыдыстарға жабысқан тағамның үлкенірек
қалдықтарын алып, қоқысқа салыңыз.
• Заттарға күйіп жабысқан қалдықтарды
жібітіңіз.
• Шұңғыл ыдыстардың (мысалы, кесе, стакан
және кәстрөл) аузын төмен қаратып
салыңыз.
• Стакандарды бір-біріне тигізбей салыңыз.
• Ас құралдары мен кішкене заттарды ас
құралдары себетіне салыңыз.
• Жеңіл заттарды үстіңгі себетке салыңыз.
Заттарды жылжып кетпейтін етіп салыңыз.
• Бағдарламаны бастамай тұрып, бүріккіш
түтіктердің еркін айнала алатынына көз
жеткізіңіз.
БАҒДАРЛАМАНЫ БАСТАУ АЛДЫНДА
Мынаны ескеріңіз:
• Сүзгілердің таза екенін және орнатылып
тұрғанын.
• Тұз сауытының қақпағының мықтап
жабылғанын.
• Бүріккіш түтіктердің бітеліп қалмағанын.
• Кір жуғыш машина тұзы мен шайғыш
заттың (егер аралас таблетканы
қолданбасаңыз) бар екенін.
• Заттардың себеттерге дұрыс салынғанын.
• Бағдарламаның салынған ыдыстың түріне
және ластану дәрежесіне сай екенін.
• Жуғыш зат дұрыс мөлшерде
қолданылғанын.
СЕБЕТТЕРДІ БОСАТУ
1. Ыдыстарды суытып алғаннан кейін ғана
құрылғыдан алыңыз. Ыстық заттар осал
келеді.
12