Zanussi ZDT92100FA Руководство пользователя

Тип
Руководство пользователя
GETTING
STARTED?
EASY.
User Manual
ZDT92100FA
KK Қолдану туралы нұсқаулары 2
Ыдыс жуғыш машина
RU Инструкция по эксплуатации 19
Посудомоечная машина
UK Інструкція 37
Посудомийна машина
САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ
Құрылғыны орнатып іске қолданар алдында бірге
жеткізілген нұсқауларды мұқият оқып шығыңыз. Құрылғыны
дұрыс орнатпау мен дұрыс пайдаланбау нәтижесінде адам
жарақат алса және ақаулық орын алса өндіруші жауапты
емес. Нұсқаулықты келешекте қарап жүру үшін үнемі
сақтап қойыңыз.
БАЛАЛАР МЕН ДӘРМЕНСІЗ АДАМДАРДЫҢ
ҚАУІПСІЗДІГІ
Бұл құрылғыны 8 жастан асқан балалар мен денесіне,
сезім жүйесіне не ақыл-есіне зақым келген адамдар не
тәжірибесі аз адамдар өз қауіпсіздіктерін қамтамасыз
ететін адамның қадағалауы немесе құрылғыны қауіпсіз
қолдану бойынша берген нұсқауына сүйеніп, дұрыс
қолданбау салдарын түсінсе қолдануына болады.
Балаларға құрылғымен ойнауға рұқсат бермеңіз.
Жуғыш заттардың барлығын балалардан алыс ұстаңыз.
Құрылғының есігі ашық тұрғанда, балалар мен үй
жануарларын алыс ұстаңыз.
Балалар тазалау және күтім көрсету жұмыстарын
басқаның бақылауынсыз орындамауға тиіс.
ҚАУІПСІЗДІК ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ АҚПАРАТ
Бұл құрылғы үйде және сол сияқты төменде аталған
жерлерде қолдануға арналған:
фермадағы үйлердің; дүкендердегі, кеңселер мен
басқа жұмыс орындарындағы қызметкерлерге
арналған ас бөлмелерде;
қонақ үйлерде, мотельдер мен төсек және таңғы аспен
қамтамасыз ететін қонақжайлар мен басқа да
тұрғынды жерлерде.
Бұл құрылғының техникалық сипаттамасын өзгертпеңіз.
Судың жұмыс қысымы (ең аз және ең көп) 0.5 (0.05) / 8
(0.8) бар (МПа) аралығында болуы керек
Ең көбі 13 орыннан асырмаңыз.
2
Егер қуат cымына зақым келсе, қатерден сақтану үшін
оны өндіруші немесе уәкілетті қызмет көрсету орталығы
немесе сол сияқты білікті маман ауыстыруға тиіс.
Өткір ұшты пышақтар мен ас құралдарының ұштарын
төмен қаратып немесе көлденеңінен қойып ас
құралдарына арналған себетке салыңыз.
Құрылғының есігі ашық тұрған кезде соғылып қалмас
үшін қараусыз қалдырмаңыз.
Құрылғыны жөндеу алдында электр желісінен ағытып,
ашасын розеткадан суырыңыз.
Құрылғыны тазалау үшін сулы спрейді және буды
қолданбаңыз.
Табанындағы желдеткіш саңылауларға (егер бар болса)
кілем кедергі жасамауға тиіс.
Құрылғыны жаңа түтіктер жинағын пайдаланып, су
жүйесіне қосу керек. Ескі түтіктерді қайта пайдалануға
болмайды.
ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЛАРЫ
ОРНАТУ
Орам материалдарының барлығын
алыңыз.
Бүлінген құрылғыны орнатпаңыз немесе
іске қоспаңыз.
Құрылғыны температурасы 0 °C градустан
төмен жерге орнатпаңыз немесе
қолданбаңыз.
Құрылғымен бірге берілген орнату
бойынша нұсқауларды орындаңыз.
Құрылғының үсті мен жан-жағын қоршаған
конструкциялардың қауіпсіз болуын
қамтамасыз етіңіз.
ЭЛЕКТРТОҒЫНА ҚОСУ
ЕСКЕРТУ! Өрт шығу және электр
қатеріне ұшырау қаупі бар.
Құрылғыны міндетті түрде жерге тұйықтау
қажет.
Техникалық ақпарат тақтайшасындағы
электр параметрлерінің электр желісіндегі
параметрлерге сай келетініне көз жеткізіңіз.
Сай келмесе, электршіге хабарласыңыз.
Әрқашан дұрыс орнатылған, қатерден
сақтандырылған розетканы қолданыңыз.
Көп тармақты адаптерлер мен ұзартқыш
сымдарды қолданбаңыз.
Құрылғының ашасына және сымына зақым
келтірмеңіз. Қорек сымын ауыстыру қажет
болса, оны міндетті түрде қызмет көрсету
орталығы жүзеге асыруға тиіс.
Құрылғының ашасын розеткаға тек
құрылғыны орнатып болғаннан кейін ғана
жалғаңыз. Орнатып болғаннан кейін
ашаның қол жететін жерде тұрғанына көз
жеткізіңіз.
Құрылғыны тоқтан ажырату үшін сымынан
тартпаңыз. Әрқашан ашасынан тартып
суырыңыз.
Бұл құрылғы E.E.C. ережелеріне сай
келеді.
ҰБ мен Ирландияға ғана арналған.
Құрылғының 13 амперлік қуат ашасы бар.
Қуат ашасындағы сақтандырғышты
ауыстыру қажет болса, келесі
сақтандырғышты пайдаланыңыз: 13 amp
ASTA (BS 1362).
СУҒА ҚОСУ
Су қосылымы түтіктеріне ешбір зақым
келтірмеңіз.
3
Құрылғыны жаңа құбырларға немесе ұзақ
уақыт қолданылмаған құбырларға
жалғамай тұрып, суын тазарғанша
ағызыңыз.
Құрылғыны алғаш рет қолданған кезде еш
жерінен су ақпай тұрғанына көз жеткізіңіз.
Егер су құятын түтік бүлінсе, ашаны дереу
розеткадан суырыңыз. Су құятын түтікті
ауыстыру үшін уәкілітті қызмет көрсету
орталығына хабарласыңыз.
ПАЙДАЛАНУ
Ашық тұрған есіктің үстіне отыруға немесе
үстіне шығып тұруға болмайды.
Ыдыс жуғыш машинаға арналған жуғыш
заттар қауіпті. Жуғыш заттың орамында
көрсетілетін нұсқауларды орындаңыз.
Құрылғыдағы сумен ойнауға немесе ішуге
болмайды.
Ыдыстарды бағдарлама аяқталғанша
құрылғыдан алмаңыз. Ыдыстарда жуғыш
зат болуы мүмкін.
Бағдарлама орындалып тұрғанда құрылғы
есігін ашсаңыз, ыстық бу шығуы мүмкін.
Тұтанғыш заттарды немесе ішіне тұтанғыш
зат салынған дымқыл заттарды
құрылғының ішіне, қасына немесе үстіне
қоймаңыз.
ҚЫЗМЕТ
Құрылғыны жөндету үшін уәкілетті қызмет
көрсету орталығына хабарласыңыз.
Фирмалық қосалқы бөлшектерді ғана
қолдануды ұсынамыз.
Уәкілетті қызмет көрсету орталығына
хабарласқан кезде техникалық ақпарат
тақтайшасында көрсетілген келесі
деректердің дайын болуын қамтамасыз
етіңіз.
Үлгісі:
Өнім нөмірі (PNC):
Сериялық нөмірі:
ҚҰРЫЛҒЫНЫ ТАСТАУ
ЕСКЕРТУ! Жарақат алу немесе
тұншығып қалу қаупі бар.
Құрылғыны электр желісінен ажыратыңыз.
Қуат сымын кесіп алыңыз да, қоқысқа
тастаңыз.
Балалар мен жануарлар құрылғыға
қамалып қалмас үшін есіктің бекітпесін
алыңыз.
4
ОҢАЙ БАСТАУ
45
32
1
1
Қосу/Өшіру түймешігі
2
Бағдарлама индикаторлары
3
Индикатор шамдары
4
Бағдарлама түймешігі
5
Жартылай толтыру түймешігі
ИНДИКАТОР ШАМДАРЫ
Жуу циклы. Жуу циклы жұмыс істеп тұрғанда жанады.
Аяқтау индикаторы.
Тұз индикаторы. Бағдарлама жұмыс істеп тұрғанда бұл үнемі сөніп тұрады.
БАҒДАРЛАМАЛАР
Бағдарлама
Кірдің ауқымы
Ыдысты салу
түрі
Бағдарлама
циклдары
Пайдалану көлемі
1)
Ұзақтық
(мин)
Қуат
(кВт)
Су
(л)
2)
Қалыпты
кірленген
Ыдыс-аяқтар
мен ас
құралдары
Алдын ала
жуу
Жуу 50 °C
Шаю
циклдары
Кептіру
195 1.039 11
3)
Қатты
ластанған
Ыдыс-аяқтар,
ас құралдары,
кәстрөлдер
мен табалар
Алдын ала
жуу
Жуу 70 °C
Шаю
циклдары
Кептіру
150 - 170 1.5 - 1.6 13 - 15
5
Бағдарлама
Кірдің ауқымы
Ыдысты салу
түрі
Бағдарлама
циклдары
Пайдалану көлемі
1)
Ұзақтық
(мин)
Қуат
(кВт)
Су
(л)
Қалыпты
кірленген
Ыдыс-аяқтар
мен ас
құралдары
Алдын ала
жуу
Жуу 65 °C
Шаю
циклдары
Кептіру
120 - 130 1.3 - 1.6 15 - 17
4)
Жаңа
ластанған
Ыдыс-аяқтар
мен ас
құралдары
60 °C бастап
65 °C дейін
Шаю
циклдары
30 0.8 9
5)
Барлығы Алдын ала
жуу
14 0.1 4
1) Мәндерді судың қысымы мен температурасы, электр қуатының ауытқуы, параметрлер және
ыдыс-аяқтың мөлшері өзгертуі мүмкін.
2) Осы бағдарламаны қолданып, қалыпты кірлеген фарфор ыдыс-аяқ пен ас құралдарын
жуғанда, су мен қуат барынша тиімді жұмсалады. (Бұл сынақ мекемелеріне арналған
стандартты бағдарлама).
3) Бұл бағдарламаның жуу нәтижесін жақсартуға арналған жоғары температурада шаю циклы
бар. Шаю циклі кезінде температура кем дегенде 10 минут 70 °C градуста тұрады.
4) Осы бағдарламамен жаңа ластанған ыдыстарды жууға болады. Бұл қысқа уақыт ішінде
жақсы нәтиже береді.
5) Бұл тағам қалдықтарының ыдысқа жабысып, құрылғыдан жағымсыз иіс шықпас үшін ыдысты
жылдам шаюға арналған бағдарлама. Бұл бағдарламаны қолданғанда, жуғыш заттарды
пайдаланбаңыз.
ПАРАМЕТРЛЕР
БАҒДАРЛАМАНЫ ТАҢДАУ РЕЖИМІ
Барлық бағдарламалардың индикаторлары жанса, құрылғы бағдарламаны таңдау режимінде
тұрады.
Құрылғы бағдарламаны таңдау режимінде тұрғанда, бағдарламаны орнатуға және
пайдаланушы режиміне кіруге болады.
6
Егер басқару панелінде бұндай жағдай көрсетілмесе, біржола тоқтату функциясын қосыңыз.
ФУНКЦИЯНЫ БОЛДЫРМАУ
Бағдарлама түймешігін барлық бағдарлама индикаторлары жанғанша басыңыз (Бағдарламаны
таңдау режимі).
Осы функцияның көмегімен жұмыс істеп тұрған бағдарламаны біржола тоқтатуға болады.
ПАЙДАЛАНУШЫ РЕЖИМІ
Құрылғы бағдарламаны таңдау режимінде тұрғанда:
1. Бағдарлама түймешігін
индикаторы жыпылықтай бастап, индикаторы жанағанша
басып тұрыңыз.
Пайдаланушы режимінде келесіні өзгертуге болады:
Су жұмсартқыштың деңгейін судың кермектігіне сай келтіруге.
Бағдарлама соңында естілетін дыбыстық сигналды қосуға немесе сөндіруге.
Бұл параметрлер өзгерткенше сақтаулы тұрады.
СУ ЖҰМСАРТҚЫШТЫ РЕТТЕУ
5x
6x
1. Құрылғы пайдаланушы режимінде тұрғанда, индикаторы сөніп, индикаторы
жыпылықтай бастағанша күтіңіз. Ағымдық параметр
индикаторының жыпылықтау
санымен көрсетіледі (мысалы, 5 рет жыпылықтау + үзіліс + 5 рет жыпылықтау = 5-ші деңгей).
2. Параметрді өзгерту үшін бағдарлама түймешігін басыңыз. Түймешікті басқан сайын деңгей
қосылады. 10-шы деңгейден кейін қайта 1-ші деңгей басталады.
3. Параметрді растау үшін қосу/сөндіру түймешігін басыңыз.
7
СУ КЕРМЕКТІГІНІҢ КЕСТЕСІ
Неміс градусы
(°dH)
Француз градусы
(°fH)
ммоль/л Кларк градусы
Су
жұмсартқыштың
деңгейі
47 -50 84 - 90 8.4 - 9.0 58 - 63 10
43 - 46 76 - 83 7.6 - 8.3 53 - 57 9
37 - 42 65 - 75 6.5 - 7.5 46 - 52 8
29 - 36 51 - 64 5.1 - 6.4 36 - 45 7
23 - 28 40 - 50 4.0 - 5.0 28 - 35 6
19 - 22 33 - 39 3.3 - 3.9 23 - 27
5
1)
15 - 18 26 - 32 2.6 - 3.2 18 - 22 4
11 - 14 19 - 25 1.9 - 2.5 13 - 17 3
4 - 10 7 - 18 0.7 - 1.8 5 - 12 2
<4 <7 <0.7 < 5
1
2)
1) Зауыттық параметрлер
2) Тұзды осы деңгейге қойып қолданбаңыз.
БАҒДАРЛАМА АЯҚТАЛҒАН КЕЗДЕ ЕСТІЛЕТІН ДЫБЫСТЫҚ СИГНАЛДЫ ҚОСУ
Әдетте дыбыстық сигнал сөндірулі тұрады, бірақ оны қосуға болады.
1. Құрылғы пайдаланушы режимінде тұрғанда, бағдарлама түймешігін шамамен 5 секунд
ішінде басыңыз: индикаторы жанады және индикаторы жыпылықтай бастайды.
2. индикаторы сөнгенше күтіңіз. индикаторы сөнеді. Дыбыстық сигнал сөнеді.
3. Параметрді өзгерту үшін бағдарлама түймешігін басыңыз.
индикаторы жанады.
Дыбыстық сигнал жанады.
4. Параметрді растау үшін қосу/сөндіру түймешігін басыңыз.
8
БІРІНШІ ҚОЛДАНҒАНҒА ДЕЙІН
1. Су жұмсартқыштың ағымдық деңгейінің
сумен жабдықтау жүйесіндегі судың
кермектігіне сай келетініне көз
жеткізіңіз. Егер сай келмесе, су
жұмсартқыштың деңгейін реттеңіз.
2. Тұз сауытын толтырыңыз.
3. Шайғыш зат үлестіргішін толтырыңыз.
4. Су құятын шүмекті ашыңыз.
5. Құрылғының ішінде өндіру барысында
қалуы мүмкін қалдық заттарды тазалау
үшін бағдарламаны бастаңыз. Жуғыш
затты қолданбаңыз және себеттерді
толтырмаңыз.
Бағдарламаны бастаған кезде, су
жұмсартқыштың ішіндегі шайырды қайта
толтыру үшін шамамен 5 минут уақыт кетеді.
Құрылғы жұмыс істемей тұрған тәрізді көрінуі
мүмкін. Жуу циклы осы үдеріс аяқталғаннан
кейін ғана басталады. Бұл әрекет ара-тұра
қайталанып тұрады.
ТҰЗ ҚОСУ
Ең алғаш пайдалану алдында тұз сауытына бір литр су қосыңыз.
Тұз сауытын толтырған кезде одан су және тұз ағуы мүмкін. Тот басу қауіпі бар. Бұндай
жағдайға жол бермеу үшін тұз сауытын толтырғаннан кейін бағдарламаны бастаңыз.
ШАЙҒЫШ ЗАТ ҚОСУ
2
1
4
3
2
1
A
Шаю құралы ыдыс-аяқты ешбір жолақ немесе дақ қалдырмай құрғатуға мүмкіндік береді. Бұл
ыстық сумен жуу режимінде автоматты түрде қосылады. Шайғыш зат үлестіргішті шынысы (A)
мөлдір болған кезде толтырыңыз.
ӘРКҮНДІК ҚОЛДАНУ
1. Су құятын шүмекті ашыңыз.
2. Құрылғыны іске қосу үшін қосу/сөндіру
түймешігін басыңыз.
Құрылғының бағдарлама таңдау режимінде
тұрғанына көз жеткізіңіз.
Тұз индикаторы қосулы тұрса, тұз
сауытын толтырыңыз.
3. Себеттерді толтырыңыз.
4. Жуғыш заттан қосыңыз.
5. Бағдарламаны салынған заттар мен
олардың ластану деңгейіне қарай дұрыс
орнатыңыз да, іске қосыңыз.
9
ЖУҒЫШ ЗАТТЫ ҚОСУ
2
1
2
0
3
0
A
B
Егер бағдарламаның алдын ала жуу циклі бар болса, B бөлігіне шамалы жуғыш зат салыңыз.
ЖУҒЫШ ТАБЛЕТКАЛАРДЫ ҚОСУ
2
1
2
0
3
0
Тұз сауыты мен шайғыш зат үлестіргішін толтырмаңыз.
Су жұмсартқышты ең төмен мәнге қойыңыз.
Шайғыш затты үлестіру мөлшерін ең төмен мәнге қойыңыз.
БАҒДАРЛАМАНЫ БАСТАУ
1. Құрылғының есігін ашып қойыңыз.
2. Құрылғыны іске қосу үшін қосу/сөндіру түймешігін басыңыз. Құрылғының бағдарлама таңдау
режимінде тұрғанына көз жеткізіңіз.
3. Бағдарлама түймешігін орнатқыңыз келген бағдарламаның индикаторы жанғанша басыңыз.
4. Бағдарламаны бастау үшін құрылғының есігін жабыңыз.
10
ЖАРТЫЛАЙ ТОЛТЫРУ ПАРАМЕТРІ
Бұл параметр , және функциясымен бірге жұмыс істейді.
Осы параметрдің көмегімен аз мөлшердегі ыдыстарды жууға болады. Бұл функция
бағдарламаның уақыты мен қуат пен судың қолданылатын мөлшерін азайтады. Екі себетті де
толтырыңыз және жуғыш затты аз мөлшерде пайдаланыңыз.
ҚҰРЫЛҒЫ ЖҰМЫС ІСТЕП ТҰРҒАН КЕЗДЕ ЕСІКТІ АШУ
Бағдарлама жұмыс істеп тұрған кезде есікті ашсаңыз, құрылғы тоқтайды. Есікті жапқаннан кейін,
құрылғы тоқтаған жерінен бастап жұмыс істейді.
БАҒДАРЛАМАНЫҢ АЯҚТАЛУЫ
Құрылғыны сөндіру үшін қосу/өшіру түймешігін басыңыз.
Судың шүмегін жабыңыз.
Егер қосу/сөндіру түймешігін баспасаңыз, бағдарлама аяқталғаннан кейін бірнеше
минут өткенде барлық индикаторлар сөнеді. Бұл электр қуатын аз тұтынуға
көмектеседі.
АҚЫЛ-КЕҢЕС
ЖАЛПЫ
Келесі ақыл-кеңестер күнделікті қолдану
барысында кептіріп және тазалаған кезде
жақсы нәтижелерге қол жеткізуге, сондай-ақ,
қоршаған ортаны қорғауға көмектеседі.
Ыдыстарға жабысқан тағамның үлкенірек
қалдықтарын алып, қоқысқа салыңыз.
Ыдысты алдын ала қолмен шаймаңыз.
Егер қажет болса, алдын ала жуу
бағдарламасын (егер бар болса)
қолданыңыз немесе алдын ала жуу циклі
бар бағдарламаны таңдаңыз.
Себеттердің ішіндегі орынды үнемі толық
пайдаланыңыз.
Құрылғыға зат салған кезде, бүріккіштен
шыққан судың ыдыстардың барлығына
толық жетіп және оларды жуа алатынына
көз жеткізіңіз. Заттардың бір-біріне тимей
немесе бірін бірі далдалап тұрмағанына көз
жеткізіңіз.
Ыдыс жуғыш машинаға арналған жуғыш,
шайғыш құралды және тұзды бөлек
пайдалануға немесе аралас
таблеткаларды пайдалануға болады
(мысалы, "3in1'', ''4in1'', ''All in 1'').
Орамында көрсетілген нұсқауларды
орындаңыз.
Бағдарламаны салынған заттар мен
олардың ластану деңгейіне қарай
11
орнатыңыз. ECO бағдарламасын
пайдаланып қалыпты кірлеген ас үй
құралдары және ыдыс-аяқты жуғанда, су
мен қуат барынша тиімді жұмсалады.
СУ ЖҰМСАРТҚЫШ
Су жұмсартқыш жуу нәтижелеріне және
құрылғыға жағымсыз әсер ететін, судың
құрамындағы минералдарды тазалайды.
Осы минералдың мөлшері неғұрлым көп
болса, судың кермектігі де соғұрлым жоғары
болады. Судың кермектігі балама шкаламен
есептеледі.
Су жұмсартқыш аймағыңыздағы судың
кермектігіне сәйкес бапталуға керек.
Аймағыңыздағы судың кермектігі туралы
ақпаратты жергілікті су мекемесінен ала
аласыз. Жақсы жуу нәтижесіне жету үшін су
жұмсартқыштың дұрыс деңгейін орнату керек.
ТҰЗ, ШАЙҒЫШ ЗАТ ЖӘНЕ ЖУҒЫШ ЗАТТЫ
ПАЙДАЛАНУ
Тек ыдыс жуғыш машинаға арналған тұзды,
шайғыш және жуғыш затты пайдаланыңыз.
Басқа өнімдер құрылғыға нұқсан келтіруі
мүмкін.
Аралас таблеткалар судың кермектігі 21
°dH болатын аймақтар үшін жарамды. Осы
шектен асатын аймақтарда шайғыш зат пен
тұзды аралас таблеткалармен бірге
пайдалану керек. Дегенмен суы кермек
және өте кермек аймақтарда жуу және
кептіру нәтижесі барынша жақсы болуы
үшін жеке жуғыш, (қосымша функциялары
жоқ ұнтақты, гельді, таблеткаларды)
шайғыш затты және тұзды жеке-жеке
пайдаланыңыз.
Жуғыш таблеткалар қысқа
бағдарламаларда әбден ерімейді. Жуғыш
заттардың қалдықтары ыдыстарға тұрып
қалмас үшін жуғыш таблеткаларды
пайдаланғанда ұзақ бағдарламаларды
қолдануды ұсынамыз.
Жуғыш затты қажетті мөлшерден артық
пайдаланбаңыз. Жуғыш заттың
орамындағы нұсқауларды қараңыз.
ЖУҒЫШ ТАБЛЕТКАЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУДЫ
ТОҚТАТҚЫҢЫЗ КЕЛСЕ
Жуғыш затты, тұзды және шайғыш заттарды
жеке-жеке пайдалану алдында келесі әрекетті
орындаңыз.
1. Су жұмсартқыштың ең жоғары деңгейін
орнатыңыз.
2. Тұз және шайғыш зат сауыттарының толы
екеніне көз жеткізіңіз.
3. Шаю циклы бар ең қысқа бағдарламаны
бастаңыз. Жуғыш зат қоспаңыз және
себеттерді толтырмаңыз.
4. Бағдарлама аяқталған кезде, су
жұмсартқышты тұратын жеріңіздегі судың
кермектігіне қойыңыз.
5. Шайғыш заттың қосылатын мөлшерін
реттеңіз.
6. Шайғыш зат үлестіргішін белсенді күйге
көшіріңіз.
СЕБЕТТЕРДІ ТОЛТЫРУ
Құрылғыны ыдыс жуғыш машинада жууға
болатын заттарды жуу үшін ғана
қолданыңыз.
Ағаш, мүйіз, алюминий, қалайы және
мыстан жасалған заттарды құрылғыға
салмаңыз.
Құрылғыға су сіңіретін заттарды (жөке, ас
үй шүберектері) салмаңыз.
Ыдыстарға жабысқан тағамның үлкенірек
қалдықтарын алып, қоқысқа салыңыз.
Заттарға күйіп жабысқан қалдықтарды
жібітіңіз.
Шұңғыл ыдыстардың (мысалы, кесе, стакан
және кәстрөл) аузын төмен қаратып
салыңыз.
Стакандарды бір-біріне тигізбей салыңыз.
Ас құралдары мен кішкене заттарды ас
құралдары себетіне салыңыз.
Жеңіл заттарды үстіңгі себетке салыңыз.
Заттарды жылжып кетпейтін етіп салыңыз.
Бағдарламаны бастамай тұрып, бүріккіш
түтіктердің еркін айнала алатынына көз
жеткізіңіз.
БАҒДАРЛАМАНЫ БАСТАУ АЛДЫНДА
Мынаны ескеріңіз:
Сүзгілердің таза екенін және орнатылып
тұрғанын.
Тұз сауытының қақпағының мықтап
жабылғанын.
Бүріккіш түтіктердің бітеліп қалмағанын.
Кір жуғыш машина тұзы мен шайғыш
заттың (егер аралас таблетканы
қолданбасаңыз) бар екенін.
Заттардың себеттерге дұрыс салынғанын.
Бағдарламаның салынған ыдыстың түріне
және ластану дәрежесіне сай екенін.
Жуғыш зат дұрыс мөлшерде
қолданылғанын.
12
СЕБЕТТЕРДІ БОСАТУ
1. Ыдыстарды суытып алғаннан кейін ғана
құрылғыдан алыңыз. Ыстық заттар осал
келеді.
2. Әуелі астыңғы себеттегі, содан кейін
үстіңгі себеттегі заттарды алыңыз.
Бағдарламаның соңында
құрылғының қабырғаларындағы
және есігіндегі су ыстық болып
тұруы мүмкін.
КҮТУ МЕНЕН ТАЗАЛАУ
ЕСКЕРТУ! Құрылғыны жөндеу
алдында электр желісінен
ағытыңыз және ашасын
розеткадан суырыңыз.
Қоқыс тұрған сүзгілер мен бүріккіш
түтіктер жуу нәтижесін
төмендетеді. Уақытылы тексеріп,
қажет болса тазалаңыз.
СҮЗГІЛЕРДІ ТАЗАЛАУ
B
A
C
Зумпф сорғышының ішінде немесе айналасында ешбір тағам қалдығыңың немесе қоқыстың
жоқ екеніне көз жеткізіңіз.
Жалпақ сүзгіні орнына (C) қойыңыз. Оның 2 бағыттағыштың астына дұрыс орнатылғанына
көз жеткізіңіз.
(A) және (B) сүзгілерін құрастырыңыз.
(A) сүзгісін (C) сүзгісіне салыңыз. Сырт етіп орнына түскенше сағат тілінің бағытымен
бұраңыз.
Сүзгілер дұрыс салынбаса, жуу нәтижесі қанағаттанғысыз болуы және құрылғыға
нұқсан келуі мүмкін
БҮРІККІШ ТҮТІКТЕРДІ ТАЗАЛАУ
Бүріккіш түтіктерді ағытып алмаңыз. Бүріккіш
түтіктердің тесіктері бітеліп қалса,
қалдықтарды жіңішке шырпымен тазалаңыз.
СЫРТЫН ТАЗАЛАУ
Құрылғыны дымқыл, жұмсақ шүберекпен
тазалаңыз.
Тек бейтарап тазартқыш заттарды
қолданыңыз.
Жеміргіш заттарды, түрпілі жөкені немесе
еріткіштерді пайдаланбаңыз.
ІШІН ТАЗАЛАУ
Құрылғыны мұқият тазалаңыз, соның
ішінде есіктің резеңке тығыздағышын
жұмсақ, дымқыл шүберекпен сүртіңіз.
13
Егер қысқа бағдарламаларды жиі
пайдалансаңыз, құрылғының ішінде май
немесе әк жиналып қалуы мүмкін. Бұндай
жағдайдың алдын алу үшін ұзақ
бағдарламаларды айына кем дегенде 2 рет
қосып орындауды ұсынамыз.
Құрылғының барынша жақсы жұмыс істеуін
қамтамасыз ету үшін ыдыс жуғыш
машиналарға арналған арнайы жуғыш
затты ай сайын қолдануды ұсынамыз.
Өнімдердің орамындағы нұсқауларды
мұқият орындаңыз.
АҚАУЛЫҚТЫ ТҮЗЕТУ
Егер құрылғы іске қосылмаса немесе жұмыс
істеп тұрып тоқтап қалса, уәкілетті қызмет
көрсету орталығына хабарласпай тұрып,
мәселені кестедегі ақпараттың көмегімен
өзіңіз шешіп көруге тырысыңыз.
ЕСКЕРТУ! Дұрыс жөндемеген
жағдайда пайдаланушы қатерлі
жағдайға тап болуы мүмкін. Кез
келген жөндеу жұмысын тек білікті
маман ғана іске асыруға тиіс.
Кейбір ақаулықтарда аяқтау индикаторы
жыпылықтап, ақау барын көрсетеді.
Мәселелердің көпшілігін Уәкілетті қызмет
көрсету орталығына хабарласпай-ақ
жөндеуге болады.
Ақау және ескерту коды Мүмкін себептері және шешетін жолдары
Құрылғыны іске қоса алмадыңыз. Ашаның розеткаға қосылғанына көз жеткізіңіз.
Сақтандырғыш қорабындағы еш
сақтандырғышқа зақым келмегеніне көз
жеткізіңіз.
Бағдарлама басталмай тұр. Құрылғы есігінің жабық тұрғанына көз
жеткізіңіз.
Құрылғы су жұмсартқыштың ішіндегі шайырды
қайта толтыру үдерісін бастап кеткен. Бұл
үдерістің ұзақтығы шамамен 5 минут.
Ыдыс жуғыш машинаға су құйылмай
тұр.
"Соңы" индикаторы 1 рет
жыпылықтайды.
Дыбыстық сигнал 1 рет естіледі.
Су шүмегінің ашық тұрғанына көз жеткізіңіз.
Сумен жабдықтау жүйесіндегі судың
қысымының өте төмен емес екеніне көз
жеткізіңіз. Бұл ақпаратты жергілікті су
ресурстары мекемесіне хабарласып алыңыз.
Су шүмегінің бітеліп қалмағанына көз
жеткізіңіз.
Су құятын түтіктің сүзгісінің бітеліп
қалмағанына көз жеткізіңіз.
Су құятын түтіктің бұратылып немесе майысып
қалмағанына көз жеткізіңіз.
Құрылғы суы сарқылмай тұр.
"Соңы" индикаторы 2 рет ара-тұра
жыпылықтайды.
Дыбыстық сигнал 2 рет ара-тұра
естіледі.
Раковина түтікшесінің бітеліп қалмағанына көз
жеткізіңіз.
Су төгетін түтіктің бұратылып немесе майысып
қалмағанына көз жеткізіңіз.
14
Ақау және ескерту коды Мүмкін себептері және шешетін жолдары
Тасқынға қарсы құрал қосулы.
"Соңы" индикаторы 3 рет ара-тұра
жыпылықтайды.
Дыбыстық сигнал 3 рет ара-тұра
естіледі.
Судың шүмегін жабыңыз да, уәкілетті қызмет
көрсету орталығына хабарласыңыз.
Жұмыс барысында құрылғы көп рет
тоқтап және қайта іске қосылады.
Бұл қалыпты жағдай. Бұл оңтайлы жуу
нәтижесіне қол жеткізуге көмектеседі және
қуатты үнемдейді.
Құрылғының есігінен сәл су жылыстап
ағады.
Құрылғы деңгейленген жоқ. Өзгермелі
аяқтарын (егер бар болса) босатыңыз немесе
қатайтыңыз.
Құрылғының есігі науаның ортасына қарай
орнатылмаған. Артқы аяғын (егер бар болса)
реттеңіз.
Құрылғының есігін жабу қиын. Құрылғы деңгейленген жоқ. Өзгермелі
аяқтарын (егер бар болса) босатыңыз немесе
қатайтыңыз.
Ыдыстардың кей бөліктері себеттерден шығып
тұр.
Құрылғының ішінен гүрілдеген/
тарсылдаған дыбыс шығады.
Ыдыстар себеттерге дұрыс салынбаған.
Себеттерді толтыру парақшасын қараңыз.
Бүріккіш түтіктердің еркін айнала алатынына
көз жеткізіңіз.
Құрылғы айырып-қосқышты іске қосып
жібереді.
Ампер қуаты пайдаланылып тұрған
құрылғылардың барлығына бірдей жеткілікті
емес. Розетканың ампер қуатын және
өлшегіштің мүмкіндігін тексеріңіз немесе
пайдаланылып тұрған құрылғылардың бірін
сөндіріңіз.
Құрылғының ішкі электр жүйесінде ақау бар.
Уәкілетті қызмет көрсету орталығына
хабарласыңыз.
Басқа ықтимал себептерді "Ең
алғаш пайдалану алдында",
"Әркүндік пайдалану" немесе
"Ақыл-кеңес" тарауларынан
қараңыз.
Құрылғыны тексеріп болғаннан кейін, сөндіріп
де, қайта қосыңыз. Ақаулық қайта пайда
болса, уәкілетті қызмет көрсету орталығына
хабарласыңыз.
Кестеде көрсетілмеген ақау кодтары пайда
болса, уәкілетті қызмет көрсету орталығына
хабарласыңыз.
15
ЖУУ ЖӘНЕ ҚҰРҒАТУ НӘТИЖЕЛЕРІ ҚАНАҒАТТАНАРЛЫҚТАЙ ЕМЕС
Ақаулық Мүмкін себептері және шешетін жолдары
Жуу нәтижелері
қанағаттанарлық емес.
"Күнделікті қолдану", "Ақыл-кеңес" тарауын және
себетті толтыру парақшасын қараңыз.
Қарқыны барынша жоғары бағдарламаларды
пайдаланыңыз.
Кептіру нәтижелері
қанағаттанарлық емес.
Жабық тұрған құрылғының ішіне ыдыс өте ұзақ уақыт
қалдырылған.
Шайғыш зат жоқ немесе шайғыш затты үлестіру
мөлшері жеткіліксіз. Шайғыш зат үлестіргішті ең жоғары
деңгейге қойыңыз.
Пластик заттарды сүлгімен құрғату қажет болуы
мүмкін.
Біз шайғыш затты әрқашан пайдалануды, тіпті аралас
таблеткалармен бірге қолдануды ұсынамыз.
Стакандар мен ыдыстарда ақ
жолақтар немесе көк дақтар
пайда болған.
Шайғыш зат тым көп мөлшерде қосылған. Шайғыш
заттың деңгейін ең төменгі деңгейге қойыңыз.
Жуғыш зат тым көп мөлшерде салынған.
Стакандар мен ыдыстарда
дақтар және кепкен су
тамшылары қалған.
Шайғыш зат жеткіліксіз мөлшерде үлестірілген.
Шайғыш заттың деңгейін ең жоғары деңгейге қойыңыз.
Бұл шайғыш заттың сапасына байланысты болуы
мүмкін.
Ыдыс-аяқ кеппеген. Бұл бағдарламаның кептіру режимі жоқ немесе кептіру
режимінің температурасы төмен.
Шайғыш зат үлестіргіші босап қалған.
Бұл шайғыш заттың сапасына байланысты болуы
мүмкін.
Бұл жуғыш таблеткалардың сапасына байланысты
болуы мүмкін. Басқа түрін қолданыңыз немесе шайғыш
зат үлестіргішті қосып, шайғыш зат пен жуғыш
таблеткаларды бірге пайдаланыңыз.
Құрылғының ішкі жағы
дымқыл.
Бұл құрылғының ақауы емес, бұл қабырғаларда
конденсат пайда болуға әкелген ауаның
ылғалдылығына байланысты.
Жуған кезде әдеттегіден тыс
көпіршік пайда болады.
Ыдыс жуғыш машиналарға арналған жуу затты ғана
пайдаланыңыз.
Шайғыш зат диспенсерінен су ағады. Уәкілетті қызмет
көрсету орталығына хабарласыңыз.
Ас құралдарын тот басқан. Жуу үшін пайдаланған судың құрамында өте көп тұз
бар. "Су жұмсартқышты орнату" тарауын қараңыз.
Күміс және болаттан жасалған ас үй құралдары бірге
салынған. Күміс және болаттан жасалған ас үй
құралдарын бірге салмаңыз.
16
Ақаулық Мүмкін себептері және шешетін жолдары
Бағдарлама соңында жуғыш
зат үлестіргіште жуғыш
заттың қалдықтары қалады.
Жуғыш зат үлестіргішке жуғыш таблетка кептеліп
қалған, сондықтан оны су толығымен шайып кетіре
алмаған.
Су жуғыш зат үлестіргіштен жуғыш таблетканы шайып
кетіре алмайды. Бүріккіш түтіктің бітеліп немесе
кептеліп қалмағанына көз жеткізіңіз.
Себеттердегі заттардың жуғыш зат үлестіргіштің
қақпағын ашуға кедергі жасамай тұрғанына көз
жеткізіңіз.
Құрылғының ішінде иіс бар. "Құрылғының ішін тазалау" тарауын қараңыз.
Ыдыстарға, науаға және
есіктің ішіне әк қалдықтары
тұрып қалған.
"Су жұмсартқышты орнату" тарауын қараңыз.
Ыдыстардың түстері көмескі,
өңдері кеткен.
Құрылғыда тек ыдыс жуғыш машинаға төзімді
ыдыстарды ғана жуыңыз.
Себеттерді абайлап толтырып, абайлап босатыңыз.
Себеттерді толтыру парақшасын қараңыз.
Осал заттарды үстіңгі себетке салыңыз.
Басқа ықтимал себептерді "Ең
алғаш пайдалану алдында",
"Әркүндік пайдалану" немесе
"Ақыл-кеңес" тарауларынан
қараңыз.
ТЕХНИКАЛЫҚ АҚПАРАТ
Өлшемдері Ені / биіктігі / тереңдігі (мм) 596 / 818 - 898 / 555
Электртоғына қосу
1)
Кернеу (В) 220 - 240
Жиілік (Гц) 50
Құйылатын судың қысымы Ең аз / ең көп (МПа) 0.5 (0.05) / 8 (0.8)
Сумен жабдықтау
Суық су немесе ыстық су
2)
ең көбі 60 °C
Сыйымдылығы Орын параметрлері 13
Қуат тұтынуы Қосулы режим (Вт) 5.0
Қуат тұтынуы Сөндіру режимі (Вт) 0.50
1) Басқа мәндерді техникалық ақпарат тақтайшасынан қараңыз.
2) Егер ыстық су басқа қуат көздерінен (мысалы, күн батареясы, желдің қуаты) алынса, тұтыну
қуатын азайту үшін ыстық суды қолданыңыз.
17
ТЕХНИКАЛЫҚ АҚПАРАТ ТАҚТАЙШАСЫ
Mod. ... ... ...
Prod. No. ... ... ...
Ser. No. ...
СЫНАҚ ИНСТИТУТТАРЫНА АРНАЛҒАН
АҚПАРАТ
Сынақ өткізуге қажетті барлық ақпаратты алу
үшін мына эл.поштаға хат жолдаңыз:
Техникалық ақпарат тақтайшасындағы
құрылғының нөмірін (PNC) жазып қойыңыз.
ҚОРШАҒАН ОРТАҒА ҚАТЫСТЫ ЖАҒДАЙЛАР
Белгі салынған материалдарды қайта
өңдеуден өткізуге тапсырыңыз. Орам
материалдарын қайта өңдеуден өткізу үшін
тиісті контейнерлерге салыңыз. Электрлік
және электроникалық құрылғылардың
қалдығын қайта өңдеуден өткізу арқылы,
қоршаған ортаға және адамның денсаулығына
зиын келтіретін жағдайларға жол бермеуге өз
үлесіңізді қосыңыз. Белгі салынған
құрылғыларды тұрмыстық қалдықтармен бірге
тастамаңыз. Өнімді жергілікті қайта өңдеу
орталығына өткізіңіз немесе жергілікті
мекемеге хабарласыңыз.
18
СВЕДЕНИЯ ПО ТЕХНИКЕ БЕЗОПАСНОСТИ
Перед установкой и эксплуатацией прибора внимательно
ознакомьтесь с приложенным руководством.
Производитель не несет ответственность за травмы и
повреждения, полученные/вызванные неправильной
установкой и эксплуатацией. Позаботьтесь о том, чтобы
данное руководство было у Вас под рукой на протяжении
всего срока службы прибора.
БЕЗОПАСНОСТЬ ДЕТЕЙ И ЛИЦ С
ОГРАНИЧЕННЫМИ ВОЗМОЖНОСТЯМИ
Данный прибор может эксплуатироваться детьми старше
8 лет и лицами с ограниченными физическими,
сенсорными или умственными способностями и с
недостаточным опытом или знаниями только при
условии нахождения под присмотром лица, отвечающего
за их безопасность, или после получения
соответствующих инструкций, позволяющих им
безопасно эксплуатировать электроприбор и дающих им
представление об опасности, сопряженной с его
эксплуатацией.
Не позволяйте детям играть с прибором.
Храните все средства для стирки вне досягаемости
детей.
Не подпускайте детей и домашних животных к прибору,
когда его дверца открыта.
Очистка и доступное пользователю техническое
обслуживание не должно производиться детьми без
присмотра.
ОБЩИЕ ПРАВИЛА ТЕХНИКИ БЕЗОПАСНОСТИ
Прибор предназначен для домашнего бытового и
аналогичного применения, например:
в сельских жилых домах; в помещениях, служащих
кухнями для обслуживающего персонала в магазинах,
офисах и на других рабочих местах;
19
для использования клиентами отелей, мотелей мини-
гостиниц типа «ночлег и завтрак» и других мест
проживания.
Не изменяйте параметры данного прибора.
Рабочее давление воды (минимальное и максимальное)
должно находиться в пределах 0.5 (0.05) / 8 (0.8) бар
(МПа)
Не превышайте максимальное количество 13 комплектов
посуды.
В случае повреждения шнура питания во избежание
несчастного случая он должен быть заменен
изготовителем, авторизованным сервисным центром или
специалистом с равнозначной квалификацией.
Размещайте ножи и столовые приборы с заостренными
концами в корзину для столовых приборов либо острыми
концами вниз, либо укладывайте их горизонтально.
Не оставляйте прибор с открытой дверцей без
присмотра во избежание падения на открытую дверцу.
Перед выполнением операций по чистке и уходу
выключите прибор и извлеките вилку сетевого шнура из
розетки.
Не используйте для очистки прибора подаваемую под
давлением воду или пар.
Вентиляционные отверстия в днище (если они
предусмотрены конструкцией) не должны перекрываться
ковровым покрытием.
При подключении прибора к водопроводу должны
использоваться новые поставляемые с ним комплекты
шлангов. Использовать старые комплекты шлангов
нельзя.
УКАЗАНИЯ ПО БЕЗОПАСНОСТИ
УСТАНОВКА
Удалите всю упаковку.
Не устанавливайте и не подключайте
прибор, если он имеет повреждения.
Не устанавливайте и не эксплуатируйте
прибор в помещениях с температурой ниже
0°C.
Следуйте приложенным к прибору
инструкциям по его установке.
Убедитесь, что мебель над прибором и
рядом с ним надежно закреплена.
20
  • Page 1 1
  • Page 2 2
  • Page 3 3
  • Page 4 4
  • Page 5 5
  • Page 6 6
  • Page 7 7
  • Page 8 8
  • Page 9 9
  • Page 10 10
  • Page 11 11
  • Page 12 12
  • Page 13 13
  • Page 14 14
  • Page 15 15
  • Page 16 16
  • Page 17 17
  • Page 18 18
  • Page 19 19
  • Page 20 20
  • Page 21 21
  • Page 22 22
  • Page 23 23
  • Page 24 24
  • Page 25 25
  • Page 26 26
  • Page 27 27
  • Page 28 28
  • Page 29 29
  • Page 30 30
  • Page 31 31
  • Page 32 32
  • Page 33 33
  • Page 34 34
  • Page 35 35
  • Page 36 36
  • Page 37 37
  • Page 38 38
  • Page 39 39
  • Page 40 40
  • Page 41 41
  • Page 42 42
  • Page 43 43
  • Page 44 44
  • Page 45 45
  • Page 46 46
  • Page 47 47
  • Page 48 48
  • Page 49 49
  • Page 50 50
  • Page 51 51
  • Page 52 52
  • Page 53 53
  • Page 54 54
  • Page 55 55
  • Page 56 56

Zanussi ZDT92100FA Руководство пользователя

Тип
Руководство пользователя

Задайте вопрос, и я найду ответ в документе

Поиск информации в документе стал проще с помощью ИИ