Electrolux ERT1501FOW2 Руководство пользователя

Тип
Руководство пользователя

Это руководство также подходит для

ERT1501FOW2
ERT1506FOW
RÉFRIGÉRATEUR
ТОҢАЗЫТҚЫШ
ХОЛОДИЛЬНИК
ХОЛОДИЛЬНИК
FR
KK
RU
UK
NOTICE D'UTILISATION 2
ҚОЛДАНУ ТУРАЛЫ НҰСҚАУЛАРЫ 19
ИНСТРУКЦИЯ ПО ЭКСПЛУАТАЦИИ 37
ІНСТРУКЦІЯ 56
МАЗМҰНЫ
1. САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ..................................................................................... 20
2. ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЛАРЫ.......................................................................... 21
3. ЖҰМЫС ЖҮЙЕСІ............................................................................................23
4. БІРІНШІ ҚОЛДАНУ..........................................................................................24
5. ӘРКҮНДІК ҚОЛДАНУ......................................................................................24
6. АҚЫЛ-КЕҢЕС.................................................................................................. 26
7. КҮТУ МЕНЕН ТАЗАЛАУ................................................................................. 27
8. АҚАУЛЫҚТЫ ТҮЗЕТУ.....................................................................................29
9. ОРНАТУ........................................................................................................... 31
10. ТЕХНИКАЛЫҚ АҚПАРАТ..............................................................................35
СІЗ ОЙЫМЫЗДА БОЛДЫҢЫЗ
Electrolux құрылғысын сатып алғаныңызға рахмет. Сіз ондаған жылдар бойы
жинақталған кәсіби тәжірибе мен инновацияға сүйеніп жасалған құрылғыны
таңдадыңыз. Тапқырлықтың туындысы болған, көз тартарлық бұл құрылғыны
жасау барысында сіз ойымызда болдыңыз. Сондықтан, қолданған сайын
тамаша нәтижеге қол жеткізе алатыныңызға сенімді болыңыз.
Electrolux әлеміне қош келдіңіз.
Біздің веб-сайтқа барып келесіні қараңыз:
Қолдануға қатысты кеңестер, кітапшалар, ақаулықты түзету, қызмет
көрсету туралы ақпарат:
www.electrolux.com
Сізге барынша жақсы қызмет көрсету үшін өніміңізді мына жерге тіркеңіз:
www.registerelectrolux.com
Құрылғыңызға қажетті керек-жарақтарды, шығынды материалдарды және
фирмалық қосалқы бөлшектерді сатып алу үшін:
www.electrolux.com/shop
ТҰТЫНУШЫҒА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
Фирмалық заттарды қолдануды ұсынамыз.
Қызмет көрсету орталығына хабарласқанда келесі деректердің дайын
болуын қамтамасыз етіңіз. Үлгісі, Өнім нөмірі, Сериялық нөмірі.
Деректерді техникалық ақпарат тақтайшасынан алуға болады.
Ескерту / Қауіп-қатерден сақтандыру ақпараты
Жалпы ақпарат және ақыл-кеңес
Қоршаған ортаға қатысты ақпарат
Өндіруші ескертусіз өзгеріс енгізу құқығына ие.
ҚАЗАҚ 19
1. САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ
Құрылғыны орнатып іске қолданар алдында бірге
жеткізілген нұсқауларды мұқият оқып шығыңыз.
Құрылғыны дұрыс орнатпау мен дұрыс пайдаланбау
нәтижесінде адам жарақат алса және ақаулық орын
алса өндіруші жауапты емес. Нұсқаулықты
келешекте қарап жүру үшін үнемі сақтап қойыңыз.
1.1 Балалар мен дәрменсіз адамдардың
қауіпсіздігі
Бұл құрылғыны 8 жастан асқан балалар мен
денесіне, сезім жүйесіне не ақыл-есіне зақым
келген адамдар не тәжірибесі аз адамдар өз
қауіпсіздіктерін қамтамасыз ететін адамның
қадағалауы немесе құрылғыны қауіпсіз қолдану
бойынша берген нұсқауына сүйеніп, дұрыс
қолданбау салдарын түсінсе қолдануына болады.
Балаларға құрылғымен ойнауға рұқсат бермеңіз.
Орам материалдарының барлығын балалардан
алыс ұстаңыз.
Балалар тазалау және күтім көрсету жұмыстарын
басқаның бақылауынсыз орындамауға тиіс.
1.2 Қауіпсіздік туралы жалпы ақпарат
Бұл құрылғы үйде және сол сияқты төменде
аталған жерлерде қолдануға арналған:
Фермадағы үйлердің; дүкендердегі, кеңселер
мен басқа жұмыс орындарындағы
қызметкерлерге арналған ас бөлмелерде
Қонақ үйлерде, мотельдерде, төсек және таңғы
аспен қамтамасыз ететін қонақжайларда және
басқа тұрғынды жерлерде
Құрылғының корпусындағы немесе кіріктірілген
элементіндегі желдеткіш саңылауларды бітемей,
ашық ұстаңыз.
www.electrolux.com20
Жібіту үдерісін жылдамдату үшін өндіруші ұсынған
құралдардан басқа құралдарды немесе
механикалық құралдарды қолданбаңыз.
Салқындатқыш жүйенің контурын зақымдамаңыз.
Құрылғының ішіндегі азық-түлікті сақтауға арналған
бөліктерге электр құрылғыларын, егер оларды
өндіруші ұсынбаған болса қолданбаңыз.
Құрылғыны тазалау үшін сулы спрейді және буды
қолданбаңыз.
Құрылғыны дымқыл, жұмсақ шүберекпен
тазалаңыз. Тек бейтарап тазартқыш заттарды
қолданыңыз. Жеміргіш заттарды, түрпілі жөкені,
еріткіштерді немесе темір заттарды
пайдаланбаңыз.
Құрылғы ішінде жанатын заты бар аэрозоль
сауыттары тәрізді жарылатын затты сақтамаңыз.
Егер қуат көзі сымына зақым келген болса,
қатерден сақтану үшін оны өндіруші немесе оның
техникалық қызмет көрсетуші агенті немесе сол
сияқты білікті маман ауыстыруға тиіс.
Егер құрылғы су диспенсерімен немесе мұз
жасағышпен жабдықталса, оны тек ауыз суымен
ғана толтырыңыз.
Егер құрылғыны су жүйесіне қосу қажет болса, тек
ауыз суына арналған жүйеге қосыңыз.
Құйылатын судың қысымы (ең аз және ең көп) 1
бар (0,1 МПа) және 10 бар (1 МПа) арасында
болуға тиіс.
2. ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЛАРЫ
2.1 Орнату
НАЗАРЫҢЫЗДА БОЛСЫН!
Бұл құрылғыны тек білікті
маман ғана орнатуға тиіс.
Орам материалдарының барлығын
алыңыз
Бүлінген құрылғыны орнатпаңыз
немесе іске қоспаңыз.
Құрылғымен бірге берілген орнату
бойынша нұсқауларды орындаңыз.
Құрылғыны жылжытқан кезде үнемі
абай болыңыз, себебі салмағы
ауыр. Әрқашан қорғаныс қолғабын
киіңіз.
Құрылғының айналасында ауа
айналып тұруын қамтамасыз етіңіз.
Құрылғыны тоққа қосар алдында
кем дегенде 4 сағат күтіңіз. Бұл
майдың компрессорға қайта
ҚАЗАҚ 21
құйылуына мүмкіндік беру үшін
қажет.
Құрылғыны радиаторға немесе
пештерге, тұмшапешке немесе
пештің үстіне жақын орнатпаңыз.
Құрылғының артқы жағы қабырғаға
қарап тұруға тиіс.
Құрылғыны күннің жарығы тура
түсетін жерге қоймаңыз.
Құрылғыны аса дымқыл немесе өте
суық, құрылыс алаңдары, гараж
немесе шарап жерқоймасы тәрізді
жерлерге орнатуға болмайды.
2.2 Электртоғына қосу
НАЗАРЫҢЫЗДА БОЛСЫН!
Өрт шығу және электр
қатеріне ұшырау қаупі бар.
Құрылғыны міндетті түрде жерге
тұйықтау қажет.
Электртоғына қосу жұмыстарын
білікті электрші ғана іске асыруға
тиіс.
Техникалық ақпарат
тақтайшасындағы электр
параметрлерінің электр желісіндегі
параметрлерге сай келетініне көз
жеткізіңіз. Сай келмесе электршіге
хабарласыңыз.
Әрқашан дұрыс орнатылған,
қатерден сақтандырылған
розетканы қолданыңыз.
Көп тармақты адаптерлер мен
ұзартқыш сымдарды қолданбаңыз.
Электр бөлшектеріне зақым
келтірмеңіз (мысалы, ашасына,
сымына, компрессорға). Электр
бөлшектерін өзгерту үшін қызмет
көрсету орталығына немесе
электршіге хабарласыңыз.
Қорек сымы ашаның деңгейінен
төмен орналасуға тиіс.
Құрылғының ашасын розеткаға тек
құрылғыны орнатып болғаннан
кейін ғана жалғаңыз. Орнатып
болғаннан кейін ашаның қол
жететін жерде тұрғанына көз
жеткізіңіз.
Құрылғыны тоқтан ажырату үшін
сымынан тартпаңыз. Әрқашан
ашасынан тартып суырыңыз.
2.3 Пайдалану
НАЗАРЫҢЫЗДА БОЛСЫН!
Жарақат алу, күйіп қалу,
электр тоғының қатеріне
ұшырау немесе өрт шығу
қаупі бар.
Бұл құрылғының техникалық
сипаттамасын өзгертпеңіз.
Электр құрылғыларын (мысалы,
балмұздақ жасағыш құрылғы) егер
өндірушісі арнайы көрсетпесе,
құрылғыға салуға болмайды.
Салқындатқыш жүйеге зақым
келтіріп алмас үшін абай болыңыз.
Оның құрамында изобутон (R600a),
қоршаған ортамен сыйысымдылығы
өте жоғары табиғи газ бар. Бұл
тұтанғыш газ.
Егер салқындатқыш жүйеге зақым
келсе, бөлмеде ешбір оттың
жалыны және тұтануға себеп
болатын көздердің болмауын
қамтамасыз етіңіз. Бөлмені
желдетіңіз.
Ыстық заттарды құрылғының
пластик бөліктеріне тигізбеңіз.
Алкогольсыз сусындарды
мұздатқыш бөлікке қоймаңыз.
Себебі сусынның ыдысында қысым
пайда болады.
Құрылғыда тұтанғыш газ бен
сұйықтықты сақтамаңыз.
Тұтанғыш заттарды немесе ішіне
тұтанғыш зат салынған дымқыл
заттарды құрылғының ішіне, қасына
немесе үстіне қоймаңыз.
Компрессорға немесе
конденсаторға қол тигізбеңіз. Олар
ыстық.
Қолыңыз су немесе дымқыл болса
мұздатқыш бөліктегі заттарды
алмаңыз немесе ұстамаңыз.
Құрылғыдан балмұздақты алған
кезде дереу жемеңіз. Бірнеше
минут күте тұрыңыз.
Жібіген тағамды қайта
мұздатпаңыз.
Мұздатылған тағамның
орамындағы тағам сақтау
нұсқауларын орындаңыз.
www.electrolux.com22
2.4 Ішкі жарық шамы
Осы құрылғыда тұрмыстық
құрылғыларға ғана арналған
жарықтама шам немесе галоген
шамы қолданылған. Оны бөлмені
жарықтандыру үшін қолданбаңыз.
2.5 Күту менен тазалау
НАЗАРЫҢЫЗДА БОЛСЫН!
Жарақат алу немесе
құрылғыны бүлдіріп алу
қаупі бар.
Құрылғыны жөндеу алдында электр
желісінен ағытып, ашасын
розеткадан суырыңыз.
Бұл құрылғының салқындатқыш
жүйесінде көмірсутек бар. Жүйеге
күтім көрсету және оны қайта
толтыру жұмыстарын тек білікті
маман ғана іске асыруға тиіс.
Құрылғының су төгетін түтіктерін
уақытылы тексеріңіз, егер тазалау
керек болса тазалаңыз. Су ағатын
түтік бітелсе, еріген су құрылғының
табанына жиналады.
2.6 Құрылғыны тастау
НАЗАРЫҢЫЗДА БОЛСЫН!
Жарақат алу немесе
тұншығып қалу қаупі бар.
Құрылғыны электр желісінен
ажыратыңыз.
Қуат сымын кесіп алыңыз да,
қоқысқа тастаңыз.
Балалар мен жануарлар құрылғы
ішіне қамалып қалмас үшін есікті
ағытып алыңыз.
Құрылғының салқындатқыш жүйесі
мен изоляция материалдарының
озонға зияны жоқ.
Изоляция көбігінің құрамында
тұтанғыш газ бар. Құрылғыны
қоқысқа дұрыс тастауға қатысты
ақпаратты жергілікті әкімшілік
мекемеге хабарласып алыңыз.
Салқындатқыш жүйенің қызу
алмастырғышқа жақын орналасқан
жеріндегі бөлігіне зақым
келтірмеңіз.
3. ЖҰМЫС ЖҮЙЕСІ
3.1 Іске қосу
Электрлі ашаны розеткаға сұғыңыз.
Температура тетігін сағат тілінің
бағытымен бұрап, орташа
температураға қойыңыз.
3.2 Сөндіру
Құрылғыны сөндіру үшін температура
тетігін "O" қалпына бұраңыз.
3.3 Температураны реттеу
Температура автоматты түрде
реттеледі.
Құрылғыны іске қосу үшін төмендегі
әрекеттерді орындаңыз:
суықтықты ең төмен деңгейге қою
үшін Температура тетігін суықтың
төменгі деңгейіне бұраңыз.
суықтықты жоғары деңгейге қою
үшін Температура тетігін суықтың
ең жоғары деңгейіне бұраңыз.
Әдетте орташа суықтықты
таңдаған дұрыс.
Дегенмен, дәл мәнді құрылғының
ішіндегі температураның төмендегі
жағдайларға тәуелді болатынын
ескеріп таңдау керек:
бөлме температурасы
есіктің қаншалықты жиі ашылатыны
сақталатын тағамның мөлшері
құрылғы орналасқан жер.
ҚАЗАҚ 23
Егер бөлме температурасы
жоғары болса не тағам
тоңазытқыш ішіне толтыра
салынса және құрылғы
төмен температурада тұрса,
құрылғы үздіксіз жұмыс
жасап, оның қабырғасына
қырау тұруы мүмкін. Бұндай
жағдайда тетікті жоғары
температураға қойып,
құрылғы мұзын қуатты көп
шығындамай, өздігінен еріп
кетуіне мүмкіндік беру
қажет.
4. БІРІНШІ ҚОЛДАНУ
4.1 Пештің ішін тазалау
Құрылғыны ең алғаш пайдалану
алдында, іші мен барлық ішкі керек-
жарақтарын, аздап бейтарап сабын
қосылған жылы сумен жуып, ондағы
әдетте жаңа затқа тән келетін иісті
жуып, содан кейін мұқият құрғатыңыз.
САҚТАНДЫРУ ТУРАЛЫ
ЕСКЕРТУ!
Жуғыш заттарды немесе
жеміргіш ұнтақтарды
қолданбаңыз, себебі бұндай
заттар құрылғының
қаптамасын бүлдіреді.
5. ӘРКҮНДІК ҚОЛДАНУ
НАЗАРЫҢЫЗДА БОЛСЫН!
Қауіпсіздік тарауларын
қараңыз.
5.1 Жаңа тағамды мұздату
Мұздатқыш бөлік жаңа тағамды
мұздату мен тоңазыған және
мұздатылған тағамдарды ұзақ уақыт
сақтауға жарайды.
Жаңа тағамдарды мұздату үшін
параметрдің орташа мәнін өзгерту
қажет емес.
Дегенмен, тағамды жылдамырақ
мұздату үшін барынша суық
температураны орнатқыңыз келсе,
температура тетігін ең жоғары мәнге
бұраңыз.
САҚТАНДЫРУ ТУРАЛЫ
ЕСКЕРТУ!
Бұндай жағдайда,
мұздатқыш бөліктің
температурасы 0°C
градустан төмен түсуі
мүмкін. Бұндай жағдай орын
алса, температура тетігін
жылырақ параметрге
қойыңыз.
5.2 Мұздатылған тағамды
сақтау
Құрылғыны жаңа іске қосарда не біраз
уақыт пайдаланбай барып іске
қосқанда, тағамды бөліктерге салмай
тұрып, құрылғыны кем дегенде 2 сағат,
ең жоғары параметрлерге қойып іске
қосыңыз.
www.electrolux.com24
Тағам кенет жібіп кетсе,
мысалы, электр қуатының
ажырауына байланысты,
электр қуаты
"температураның көтерілу"
уақыты кестесінде
көрсетілген уақыттан ұзақ
уақыт сөнсе, жібітілген
тағамды дереу пайдалану
керек немесе пісіріп, содан
кейін қайта мұздату керек
(пісіргеннен кейін).
5.3 Жібіту
Қатты мұздатылған немесе
мұздатылған тағамды пайдалану
алдында уақыттың мүмкіншілігіне
қарай, мұздатқыш бөлікке салып
немесе бөлме температурасында
жібіту керек.
Кішкене тағамдарды мұздатқыштан
алған бетте тура пісіре беруге болады.
бұндай жағдайда пісіру ұзаққа
созылады.
5.4 Жылжымалы сөрелер
Тоңазытқыштың қабырғасында
сөрелерді қалауыңызша
орналастыруға арналған бірнеше
бағыттауыш бар.
5.5 Есіктің сөрелерін
орналастыру
Әр түрлі мөлшерде оралған
тағамдарды орналастыру үшін есіктегі
сөрелерді түрлі биіктікке қоюға
болады.
1. Сөрені көрсеткі бағытымен
біртіндеп орнынан алынғанша
тартыңыз.
2. Қажетінше басқа деңгейге
салыңыз.
1
2
5.6 Температура индикаторы
Құрылғыны дұрыс басқаруға көмектесу
үшін тоңазытқышқа температура
индикаторы орнатылған.
Бүйір жақтағы белгіше тоңазытқыштың
ішіндегі ең суық аумақты көрсетеді.
Ең суық аумақ жеміс салынатын шыны
сөре мен көкөніс салынатын тартпадан
бастап, белгішеге дейін немесе
белгішенің деңгейіне қойылған сөреге
дейін жалғасады.
Тағамды дұрыс сақтау үшін
температура индикаторында "OK"
жазуының көрсетіліп тұрғанына көз
жеткізіңіз.
Дұрыс температура
OK
Егер "ОК" көрсетілмесе, температура
тетігін суығырақ параметрге қойыңыз
да, 12 сағаттан кейін температура
индикаторын тексеріңіз.
ҚАЗАҚ 25
Термоэлементті реттеу керек
Құрылғыға жаңа тағам салғаннан кейін
немесе есікті ұзақ уақыт қайта-қайта
ашқаннан кейін, “ОК” жазуының
көрінбей қалуы қалыпты жағдай.
6. АҚЫЛ-КЕҢЕС
6.1 Қалыпты жұмыс шуылы
Жұмыс істеп тұрған кезде келесі
дыбыстардың естілуі қалыпты жағдай:
Салқындатқыш сұйық жіберілген
кезде көпіршіктенген және
сылдырлаған дыбыс шығуы мүмкін.
Салқындатқыш сұйық жіберілген
кезде компрессордан діріл және
сылдырдың дыбысы естіледі.
Қызудың әсерінен пайда болатын
дилатацияға (табиғи және қауіпті
емес физикалық құбылыс)
байланысты құрылғының ішінде
кенет пайда болатын сырт-сырт
еткен дыбыс.
Компрессор қосылғанда немесе
сөндірілгенде температураны
реттегіштен әлсіз дыбыс естілуі
мүмкін.
6.2 Қуатты үнемдеуге
арналған кеңестер
Егер аса қажет болмаса есікті жиі
ашпаңыз немесе ұзақ уақыт ашып
қалдырмаңыз.
Егер ортаның температурасы
жоғары болса және Температура
тетігі төмен температура мәніне
қойылса және құрылғының іші
толып тұрса, компрессор үздіксіз
жұмыс істеп, буландырғышқа қырау
немесе мұз қатуы мүмкін. Бұндай
жағдайда, автоматты түрде жібітуге
мүмкіндік беріп, электр қуатын
үнемдеу үшін Температура тетігін
жылырақ параметрге қойыңыз.
Егер бар болса, мұз текшесін
мұздатқыштың себетінен алмаңыз.
6.3 Жаңа тағамды тоңазытуға
қатысты ақыл-кеңес
Ең жақсы нәтижеге қол жеткізу үшін:
жылы тағамды немесе буы
бұрқырап тұрған сұйықтарды
тоңазытқышқа қоймаңыз
әсіресе иісі күшті шығатын
тағамдардың бетін жабыңыз
немесе орап қойыңыз
тағамдарды ауа еркін айнала
алатын етіп орналастырыңыз
6.4 Тоңазытуға қатысты ақыл-
кеңес
Пайдалы кеңес:
Ет (барлық түрі) : полиэтилен
таспаға орып, көкөніс тартпасының
үстіңгі жағындағы шыны сөреге
қойыңыз.
Сақтық шарасын орындау үшін
тағамды осылайша бір немесе ең
көбі екі күн ғана сақтаңыз.
Піскен тағамдар, салқын тағамдар,
т.с.с.: бұндай тағамдарды жауып,
кез келген сөреге қоюға болады.
Жемістер мен көкөністер: бұларды
әбден жуып, арнайы тартпа(лар)ға
салыңыз.
Сары май және ірімшік: ауа
өткізбейтін арнайы сауыттарға
салып немесе ауаны мүмкіндігінше
кіргізбеу үшін алюминий
жұқалтырға не полиэтилен қалтаға
орап салу керек.
Шөлмектер: бұлардың қақпақтарын
жауып, бөтелке қойғыш торға
есіктегі қою керек.
Банан, картоп, пияз және сарымсақ
оралмаған болса, тоңазытқышта
сақтау керек.
www.electrolux.com26
6.5 Мұздатуға қатысты ақыл
кеңес
Мұздату үрдісін барынша жақсы
жүзеге асыру үшін мына маңызды
кеңестерді ұсынамыз:
24 сағатта мұздатуға болатын
тағамның ең көп мөлшері
техникалық ақпарат тақтайшасында
көрсетілген;
мұздату үрдісі 24 сағатқа созылады.
Осы кезде ешбір мұздатылатын
тағамды қосып салуға болмайды;
тек жоғары сапалы, жаңа және
әбден тазаланған тағамдарды ғана
мұздатыңыз;
тағамды жылдам және әбден
мұздату үшін, сондай-ақ кейін
тағамды қажетті мөлшерде ғана
жібіту үшін аз мөлшерге бөліп,
жеке-жеке сақтаңыз.
тағамды алюминий жұқалтырға
немесе полиэтилен орамға орап,
тағам орамдарының ауа
өткізбейтініне көз жеткізіңіз;
мұздатылған тағамның
температурасы жоғарылап кетпес
үшін, жаңа, мұздатылмаған
тағамды мұздатылған тағамға
тигізбеңіз;
майы аз тағамдар, майлы тағамға
қарағанда ұзағырақ сақталады; тұз
тағамның сақталу уақытын
қысқартады;
мұзды мұздатқыш бөліктен ала
сала пайдаланса, теріні қарып
жіберуі мүмкін;
тағамды сақтау уақытын есепке
алып отыру үшін, әр орамның
сыртына мұздатылған ай-күнін
жазып қою ұсынылады.
6.6 Мұздатылған тағамды
сақтау бойынша кеңес
Құрылғының барынша жақсы жұмыс
істеуін қамтамасыз ету үшін мына
әрекеттерді орындау керек:
сатушының мұздаған қалпы
сатылатын тағамдарды тиісті түрде
мұздатқанына көз жеткізіңіз;
мұздатылған тағамдарды дүкеннен
мұздатқышқа барынша аз уақыт
ішінде жеткізіңіз;
егер аса қажет болмаса есігін жиі
ашпаңыз немесе ұзақ уақыт ашып
қалдырмаңыз;
мұздап тұрған тағамды жібіткеннен
кейін сапасы дереу түсе бастайды
және оны қайта мұздатуға
болмайды;
тағамды өндіруші көрсеткен
жарамдылық мерзімінен артық
уақыт сақтамаңыз.
7. КҮТУ МЕНЕН ТАЗАЛАУ
НАЗАРЫҢЫЗДА БОЛСЫН!
Қауіпсіздік тарауларын
қараңыз.
7.1 Жалпы ескертулер
САҚТАНДЫРУ ТУРАЛЫ
ЕСКЕРТУ!
Қандай да бір жөндеу
жұмысын орындау алдында,
құрылғыны сөндіріңіз.
Құрылғының салқындатқыш
жүйесінде көмірсутек бар;
жөндеу және оны қайта
толтыру жұмыстарын тек
уәкілетті маман ғана іске
асыруға тиіс.
Құрылғының керек-
жарақтары мен бөлшектерін
ыдыс жуғыш машинамен
жууға болмайды.
7.2 Мерзімді тазалау
САҚТАНДЫРУ ТУРАЛЫ
ЕСКЕРТУ!
Камераның ішіндегі түтікше
немесе сымдардың
ешқайсысын тартуға,
қозғауға немесе бүлдіруге
болмайды.
ҚАЗАҚ 27
Салқындатқыш жүйені
бүлдіріп алудан сақтаныңыз.
Корпусты жылжытқан кезде,
еденді сызып кетпес үшін
алдыңғы жағынан көтеріңіз.
Құрылғыны жиі тазалап отыру керек:
1. Құрылғының іші мен керек-
жарақтарын, аздап бейтарап
сабын қосылған жылы сумен
жуыңыз.
2. Есіктің тығыздағыштарын
уақытылы тексеріп, қоқыстарын
тазалап отырыңыз.
3. Шайыңыз да, жақсылап
құрғатыңыз.
4. Егер қол жетімді болса,
құрылғының артында орналасқан
конденсат құрылғысы мен
компрессорды шөткемен
тазалаңыз.
Желдеткіш торды бұлай тазалау
құрылғының жұмысын жақсартып,
электр қуатын тұтынуды азайтуға
көмектеседі.
7.3 Мұздатқыштың мұзын
еріту
САҚТАНДЫРУ ТУРАЛЫ
ЕСКЕРТУ!
Буландырғыштағы қырауды
ешқашан өткір металл
қырғышпен қырмаңыз, оны
бүлдіріп алуыңыз мүмкін.
Мұзды жылдам еріту үшін
өндіруші ұсынған
құралдардан өзге
механикалық немесе басқа
жасанды заттарды ешқашан
қолданбаңыз. Құрылғының
мұзын еріту кезінде, оралып
мұздатылған тағамдардың
температурасының
жоғарылауы олардың
қауіпсіз сақталу мерзімін
қысқартуы мүмкін.
Жібітуге шамамен 12 сағат
қалғанда, құрылғы жұмысы
уақытша тоқтатылған кезде
ішіндегі суық жеткілікті
болуы үшін төмен
температураны орнатыңыз.
Мұздатқыш сөрелері мен үстіңгі
камераның айналасына белгілі бір
мөлшерде қырау әрқашан жиналады.
Мұздатқыш қырауының қалыңдығы
шамамен 3-5 мм болғанда жібітіңіз.
1. Құрылғыны сөндіріңіз немесе
электр ашасын қабырғадағы
розеткадан алыңыз.
2. Ішінде тағам тұрса, оны алып,
бірнеше қабат газетке ораңыз да,
салқын жерге қойыңыз.
НАЗАРЫҢЫЗДА БОЛСЫН!
Мұздатылған заттарды
дымқыл қолмен ұстамаңыз.
Қолдарыңыз мұздатылған
заттарға жабысып қалуы
мүмкін.
3. Есікті ашық қалдырыңыз да,
астына еріген су жиналатын тегеш
қойып, пластик қырғышты түбінің
ортаңғы тұсындағы тиісті ойыққа
сұғыңыз.
Жібіту үрдісін жылдамдату үшін
мұздатқыш бөліктің ортасына жылы су
құйылған стакан қойыңыз. Сонымен
қатар сындыруға болатын мұзды
ерімей тұрып алыңыз.
4. Мұзы еріп болғаннан кейін
құрылғының ішін жақсылап
құрғатыңыз да, қырғышты кейін
қолдану үшін сақтап қойыңыз.
5. Құрылғыны қосыңыз.
www.electrolux.com28
Үш сағаттан кейін алдында алынған
тағамдарды қайта құрылғы бөліктеріне
салыңыз.
7.4 Тоңазытқыштың мұзын
еріту
Құрылғы қалыпты жұмыс істеп тұрса,
қырау тоңазытқыш камерадағы
буландырғыштан, мотор компрессоры
тоқтаған сайын автоматты түрде
шығарылады. Еріген су науа арқылы
құрылғының артқы жағында, мотор
компрессорының үстінде орналасқан
арнайы сауытқа жиналады да, сол
жерде буға айналады.
Жиналған су ағып, тоңазытқыштағы
тағамға тамшыламас үшін тоңазытқыш
бөліктегі науаның ортасындағы еріген
су ағатын саңылауды мезгіл-мезгіл
тазалап тұрған маңызды.
7.5 Құрылғыны қолданбаған
кезде
Құрылғыны ұзақ уақыт бойы
қолданбаған кезде мына сақтық
шараларын орындаңыз:
1. Құрылғыны электр желісінен
ажыратыңыз.
2. Тағамдардың барлығын
шығарыңыз.
3. Жағымсыз иіс пайда болмау үшін
есікті/есіктерді ашық қалдырыңыз.
НАЗАРЫҢЫЗДА БОЛСЫН!
Егер құрылғыны қосып
қалдыратын болсаңыз,
электр қуаты өшіп қалған
жағдайда ішіндегі тағам
бұзылып кетпес үшін, басқа
бір адамның арасында бір
рет бақылап қойып отыруын
сұраңыз.
8. АҚАУЛЫҚТЫ ТҮЗЕТУ
НАЗАРЫҢЫЗДА БОЛСЫН!
Қауіпсіздік тарауларын
қараңыз.
8.1 Не істерсіңіз, егер...
Ақаулық Ықтимал себебі Шешімі
Құрылғы жұмыс
істемейді.
Құрылғы сөндірулі. Ыдыс жуғыш машинаны
қосыңыз.
Қуат ашасы розеткаға
дұрыс сұғылмаған.
Ашаны розеткаға
дұрыстап сұғыңыз.
Розеткада тоқ жоқ. Розеткаға басқа электр
құрылғысын қосып
көріңіз. Электрші
маманға хабарласыңыз.
ҚАЗАҚ 29
Ақаулық Ықтимал себебі Шешімі
Құрылғыдан шуыл
шығады.
Құрылғы дұрыс
орнықпаған.
Құрылғының орнықты
тұрғанына көз жеткізіңіз.
Шам жанбайды. Шам күту режимінде тұр. Есікті жауып, қайта
ашыңыз.
Шамда ақаулық бар. "Шамды ауыстыру"
тарауын қараңыз.
Компрессор үздіксіз
жұмыс істейді.
Температура дұрыс
орнатылған жоқ.
"Құрылғының жұмысы"
тарауын қараңыз.
Тоңазытылуға тиіс
тағамдар бір уақытта көп
мөлшерде қатар
салынған.
Бірнеше сағат күтіңіз,
содан кейін
температурасын қайта
тексеріңіз.
Бөлме температурасы
тым жоғары.
Техникалық ақпарат
тақтайшасындағы ауа-
райы санатын қараңыз.
Құрылғыға тым жылы
тағамдар қойылған.
Тағамдарды бөлме
температурасына дейін
салқындатып алғаннан
кейін салыңыз.
Су тоңазытқыштың ішіне
ағады.
Су ағатын түтікше бітеліп
қалған.
Су ағатын түтікшені
тазалаңыз.
Тағамдар судың
коллекторға қарай
ағуына бөгет жасайды.
Тағамдардың артқы
тақтаға тимейтінін
тексеріңіз.
Желдеткіш торкөз есікке
кедергі жасап тұр немесе
есік дұрыс деңгейленген
жоқ.
Құрылғы деңгейі дұрыс
орнатылмаған.
"Деңгейін реттеу"
тарауын қараңыз.
Құрылғының ішіндегі
температура өте
төмен/өте жоғары.
Температура тетігі дұрыс
мәнге қойылмаған.
Жоғарырақ/төменірек
температураға қойыңыз.
Есік дұрыс жабылмаған. "Есікті жабу" тарауын
қараңыз.
Азық-түліктердің
температурасы өте
жоғары.
Азық-түліктің
температурасын бөлме
температурасына дейін
азайтып барып сақтаңыз.
Бір мезгілде тым көп
тағам сақтауға қойылған.
Бір мезгілде сақталатын
азық-түліктер мөлшерін
азайтыңыз.
Есік тым жиі ашылған. Есікті ашу қажет болса
ғана ашыңыз.
www.electrolux.com30
8.2 Шамды ауыстыру
Ашаны розеткадан ағытыңыз.
1. Шамның қақпағындағы бұранданы
алыңыз.
2. Шамның қақпағын алыңыз (суретке
қараңыз).
3. Шамды қуаты дәл осындай,
тұрмыстық техника үшін арнайы
жасалған жаңа шамға
айырбастаңыз (шамның
қалпағында максимум қуат деңгейі
көрсетілген).
4. Шамның қалпағын орнына
қойыңыз.
5. Шамның қалпағын бұрандамен
қатайтыңыз.
6. Ашаны розеткаға сұғыңыз.
7. Есікті ашыңыз.
Шамның жанып тұрғанына көз
жеткізіңіз.
8.3 Есікті жабу
1. Есіктің тығыздағыштарын
тазалаңыз.
2. Қажет болса, есікті реттеңіз.
"Орнату" тарауын қараңыз.
3. Қажет болса, зақым келген
тығыздағыштарды өзгертіңіз.
Қызмет көрсету орталығына
хабарласыңыз.
9. ОРНАТУ
НАЗАРЫҢЫЗДА БОЛСЫН!
Қауіпсіздік тарауларын
қараңыз.
9.1 Орналастыру
Құрылғыны құрғақ, жақсы желдетілген,
бөлме температурасы құрылғынының
техникалық ақпарат тақтайшасында
көрсетілген температураға сай келетін
жерге орнату қажет:
Ауа-
райы
санаты
Бөлме температурасы
SN +10°C бастап + 32°C дейін
N +16°C бастап + 32°C дейін
ST +16°C бастап + 38°C дейін
T +16°C бастап + 43°C дейін
Осы ауқымнан тыс
пайдаланған кезде кей
үлгілерде кейбір
функциональдық ақаулар
пайда болуы мүмкін. Дұрыс
температура ауқымында
пайдаланғанда ғана
жұмыстың дұрыс
болатынына кепілдік
беріледі. Құрылғыны
орнататын жерді дұрыс
анықтай алмасаңыз,
сатушыға, сатып алушыға
қызмет көрсету немесе
жақын жердегі қызмет
көрсету орталығына
хабарласыңыз
9.2 Артқы тығыздағыштар
Нұсқаулық салынған қалтаның ішінде,
суретте көрсетілгендей орнатылатын
екі тығыздағыш бар.
1. Әуелі тығыздағыштарды тесіктерге
салыңыз. Көрсеткінің (A) суретте
көрсетілгендей орналасуын
қамтамасыз етіңіз.
ҚАЗАҚ 31
45°
45°
A
1
2
2
2. Тығыздағыштарды орындарына
салғанша сағат тілінің бағытына
қарсы 45° градустан асырып
бұраңыз.
9.3 Тіктеп орнату
Құрылғыны орналастырған кезде
орнықты болуын қадағалаңыз. Оны
алдының төменгі жағындағы реттемелі
екі аяғының көмегімен орнықты етуге
болады.
Егер құрылғыны тұрғыға орнатсаңыз:
1. Есіктің топсасының бұрандасын
босатыңыз.
2. Корпустың ішіндегі жұмыртқа
қойғыштар салынған қалтадан
алған бұранданы бұраңыз.
9.4 Орналасуы
Құрылғыны электр желісінен
ағытатындай етіп
орналастыру керек;
сондықтан оны орнатқаннан
кейін оның ашасы қол оңай
жететін жерде тұруға тиіс.
Құрылғыны радиаторлар, бойлерлер,
тура түскен күн жарығы сияқты жылу
көздерінен мүмкіндігінше алыс орнату
қажет. Құрылғының артқы жағында
ауаның еркін айналы тұруын
қамтамасыз етіңіз. Құрылғы жақсы
жұмыс істеуі үшін, егер құрылғы
қабырғаға ілулі заттың астына
қойылса, құрылғының үсті мен
қабырғаға ілулі заттың арасында кем
дегенде 100 мм орын қалуға тиіс.
Дегенмен, ең жақсысы, құрылғыны
қабырғаға ілінетін заттың астына
қоймаған дұрыс. Құрылғы корпусының
астындағы бір немесе бірнеше аяғын
реттеу арқылы оны бір деңгейлеп
орнатуға болады.
100 mm
15 mm 15 mm
9.5 Есіктің ашылатын жағын
өзгерту
НАЗАРЫҢЫЗДА БОЛСЫН!
Қандай да бір жұмысты іске
асырмас бұрын ашаны
электр розеткасынан
суырыңыз.
САҚТАНДЫРУ ТУРАЛЫ
ЕСКЕРТУ!
Төмендегі әрекеттерді
жүзеге асыру үшін,
құрылғының есіктерін
мықтап ұстап тұруға
көмектесетін тағы бір
адамның болуын ұсынамыз.
1. Артқы жақтағы екі бұранданы
босатып алыңыз.
www.electrolux.com32
2. Үстіңгі жағын кері итеріңіз де,
жоғары көтеріңіз.
3. Сол жақ тірегін ағытыңыз.
4. Есіктің астыңғы топсасының
бұрандаларын босатыңыз.
Топсаны алыңыз. Білікшені
көрсеткі бағытымен салыңыз.
5. Бұранданы босатып алыңыз да,
қарама-қарсы жаққа орнатыңыз.
6. Топсаны қарама-қарсы жаққа
орнатыңыз.
7. Оң жақ тірегін бұраңыз.
8. Есіктің үстіңгі топсасының
бұрандаларын босатыңыз.
3
1
2
9. Топсаны алыңыз. Білікшені
көрсеткі бағытымен салыңыз.
Топсаны қарама-қарсы жаққа
орнатыңыз.
ҚАЗАҚ 33
10. Топсаны қатайтып бұраңыз.
11. Үстіңгі жағын орнына салыңыз.
12. Үстіңгі жағын алдыңғы жағынан
итеріңіз.
13. Артқы жақтағы екі бұранданы
бұраңыз.
14. Тұтқаны алыңыз да, қарама-қарсы
жаққа орнатыңыз.
1
2
3
НАЗАРЫҢЫЗДА БОЛСЫН!
Құрылғыны орнына
қойыңыз, деңгейін реттеңіз,
кем дегенде төрт сағат
уақыт өткеннен кейін электр
желісіне жалғаңыз.
Ең соңында төмендегілерді
тексеріңіз:
Барлық бұрандалардың
қатайтып бұралғанын.
Магнитті тығыздауыштың
қаптамаға жабысқанын.
Есіктің дұрыс ашылып-
жабылатынын.
Егер бөлме температурасы
салқын болса (мысалы,
қыста), тығыздағыш
корпусқа дұрыс келмеуі
мүмкін. Мұндай жағдайда
тығыздағыш өздігінен дәл
келгенше күтіңіз. Егер
жоғарыда аталған жұмысты
тқарғыңыз келмесе, жақын
жерде орналасқан қызмет
көрсету орталығына
хабарласыңыз. Қызмет
көрсету орталығының
маманы есіктің орнын
төлемақыға ауыстырып
береді.
9.6 Мұздатқыш бөліктің
есігінің орнын ауыстыру
www.electrolux.com34
180˚
9.7 Электртоғына қосу
Құрылғыны қуат көзіне қосу
алдында үйдегі қуат көзінің
техникалық ақпарат тақтайшасында
көрсетілген кернеу мен жиілікке
сәйкестігіне көз жеткізіңіз.
Құрылғыны міндетті түрде жерге
тұйықтау қажет. Бұл үшін қуат
ашасы контактісімен бірге берілген.
Егер қуатпен жабдықтау жүйесінің
розеткасы жерге тұйықталмаса,
құрылғыны білікті электршіден
кеңес алып, қолданыстағы
ережелерді орындай отырып, жерге
жеке тұйықтау керек.
Жоғарыда көрсетілген қауіпсіздік
шаралары орындалмаса, өндіруші
ешқандай жауапкершілік алмайды.
Бұл құрылғы E.E.C. ережелеріне
сай келеді.
10. ТЕХНИКАЛЫҚ АҚПАРАТ
10.1 Техникалық сиппатама
Биіктігі мм 850
Ені мм 550
Тереңдігі мм 612
Темп. жоғарылау уақыты Сағат 11
Кернеу Вольт 230-240
Жиілік Гц 50
ҚАЗАҚ 35
Техникалық ақпарат құрылғының оң
жақ сыртқы қабырғасындағы
техникалық ақпарат тақтайшасында
және электр қуатының
жапсырмасында көрсетілген.
11. ҚОРШАҒАН ОРТАҒА ҚАТЫСТЫ АҚПАРАТ.
белгішесі салынған орам
материалдарын қайта өңдеуге
тапсырыңыз. Орам материалдарын
қайта өңделетін қалдыққа арналған
жәшікке тастаңыз. Қоршаған орта мен
адам денсаулығын сақтауға және
электр, электроника құрылғыларын
өңдеуден өткізуге көмектесіңіз. Таңба
салынған құрылғыларды тұрмыстық
қоқыстармен бірге тастамаңыз.
Құрылғыны жергілікті қайта өңдеуден
өткізу мекемесіне қайтарыңыз немесе
жергілікті әкімшілік мекемеге
хабарласыңыз.
www.electrolux.com36
СОДЕРЖАНИЕ
1. СВЕДЕНИЯ ПО ТЕХНИКЕ БЕЗОПАСНОСТИ...............................................38
2. УКАЗАНИЯ ПО БЕЗОПАСНОСТИ................................................................. 40
3. ОПИСАНИЕ РАБОТЫ.....................................................................................42
4. ПЕРВОЕ ИСПОЛЬЗОВАНИЕ.........................................................................42
5. ЕЖЕДНЕВНОЕ ИСПОЛЬЗОВАНИЕ.............................................................. 43
6. ПОЛЕЗНЫЕ СОВЕТЫ.....................................................................................44
7. УХОД И ОЧИСТКА.......................................................................................... 46
8. ПОИСК И УСТРАНЕНИЕ НЕИСПРАВНОСТЕЙ............................................48
9. УСТАНОВКА.................................................................................................... 50
10. ТЕХНИЧЕСКИЕ ДАННЫЕ............................................................................ 55
МЫ ДУМАЕМ О ВАС
Благодарим Вас за приобретение прибора Electrolux. Вы выбрали изделие,
за которым стоят десятилетия профессионального опыта и инноваций.
Уникальное и стильное, оно создавалось с заботой о Вас. Поэтому когда бы
Вы ни воспользовались им, Вы можете быть уверены: результаты всегда
будут превосходными.
Добро пожаловать в Electrolux!
На нашем веб-сайте Вы сможете:
Найти рекомендации по использованию изделий, руководства по
эксплуатации, мастер устранения неисправностей, информацию о
техническом обслуживании:
www.electrolux.com
Зарегистрировать свое изделие для улучшения обслуживания:
www.registerelectrolux.com
Приобрести дополнительные принадлежности, расходные материалы и
фирменные запасные части для своего прибора:
www.electrolux.com/shop
ПОДДЕРЖКА ПОТРЕБИТЕЛЕЙ И СЕРВИСНОЕ
ОБСЛУЖИВАНИЕ
Мы рекомендуем использовать оригинальные запчасти.
При обращении в сервис-центр следует иметь под рукой следующую
информацию: модель, код изделия (PNC), серийный номер.
Данная информация находится на табличке с техническими данными.
Внимание / Важные сведения по технике безопасности.
Общая информация и рекомендации
Информация по охране окружающей среды
Право на изменения сохраняется.
РУССКИЙ 37
  • Page 1 1
  • Page 2 2
  • Page 3 3
  • Page 4 4
  • Page 5 5
  • Page 6 6
  • Page 7 7
  • Page 8 8
  • Page 9 9
  • Page 10 10
  • Page 11 11
  • Page 12 12
  • Page 13 13
  • Page 14 14
  • Page 15 15
  • Page 16 16
  • Page 17 17
  • Page 18 18
  • Page 19 19
  • Page 20 20
  • Page 21 21
  • Page 22 22
  • Page 23 23
  • Page 24 24
  • Page 25 25
  • Page 26 26
  • Page 27 27
  • Page 28 28
  • Page 29 29
  • Page 30 30
  • Page 31 31
  • Page 32 32
  • Page 33 33
  • Page 34 34
  • Page 35 35
  • Page 36 36
  • Page 37 37
  • Page 38 38
  • Page 39 39
  • Page 40 40
  • Page 41 41
  • Page 42 42
  • Page 43 43
  • Page 44 44
  • Page 45 45
  • Page 46 46
  • Page 47 47
  • Page 48 48
  • Page 49 49
  • Page 50 50
  • Page 51 51
  • Page 52 52
  • Page 53 53
  • Page 54 54
  • Page 55 55
  • Page 56 56
  • Page 57 57
  • Page 58 58
  • Page 59 59
  • Page 60 60
  • Page 61 61
  • Page 62 62
  • Page 63 63
  • Page 64 64
  • Page 65 65
  • Page 66 66
  • Page 67 67
  • Page 68 68
  • Page 69 69
  • Page 70 70
  • Page 71 71
  • Page 72 72
  • Page 73 73
  • Page 74 74
  • Page 75 75
  • Page 76 76

Electrolux ERT1501FOW2 Руководство пользователя

Тип
Руководство пользователя
Это руководство также подходит для

Задайте вопрос, и я найду ответ в документе

Поиск информации в документе стал проще с помощью ИИ

на других языках