Electrolux EWG147540W Руководство пользователя

  • Привет! Я прочитал инструкцию по эксплуатации стиральной машины Electrolux EWG 147540. Задавайте мне любые вопросы о ее функциях, программах стирки, уходе или устранении неполадок. В руководстве подробно описаны различные режимы стирки, дополнительные функции, такие как отложенный старт и защита от детей, а также рекомендации по чистке и уходу за машиной.
  • Что делать, если стиральная машина не запускается?
    Как очистить фильтр сливного насоса?
    Как активировать функцию защиты от детей?
    Что делать, если на полу появились лужи воды?
EWG 147540 W
KK Кір жуғыш машина Қолдану туралы нұсқаулары 2
RU Стиральная машина Инструкция по эксплуатации 36
МАЗМҰНЫ
1. ҚАУІПСІЗДІК АҚПАРАТЫ................................................................................. 3
2.
ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЛАРЫ............................................................................ 5
3. БҰЙЫМ СИПАТТАМАСЫ................................................................................. 6
4. БАСҚАРУ ПАНЕЛІ.............................................................................................7
5. БАҒДАРЛАМАЛАР ........................................................................................... 9
6. ПАЙДАЛАНУ КӨЛЕМІ.....................................................................................12
7. ФУНКЦИЯЛАР.................................................................................................13
8. ПАРАМЕТРЛЕР...............................................................................................14
9. ЕҢ АЛҒАШ ПАЙДАЛАНУ АЛДЫНДА.............................................................15
10. ӘРКҮНДІК ҚОЛДАНУ....................................................................................15
11. АҚЫЛ-КЕҢЕС................................................................................................ 18
12. КҮТУ МЕНЕН ТАЗАЛАУ............................................................................... 19
13. АҚАУЛЫҚТЫ ТҮЗЕТУ...................................................................................24
14. ОРНАТУ......................................................................................................... 27
15. ТЕХНИКАЛЫҚ ДЕРЕК...................................................................................34
СІЗ ОЙЫМЫЗДА БОЛДЫҢЫЗ
Electrolux құрылғысын сатып алғаныңызға рахмет. Сіз ондаған жылдар
бойғы кәсіби тәжірибе мен инновацияға сүйеніп жасалған құрылғыны
таңдадыңыз. Тапқырлықтың туындысы болған, көз тартарлық бұл құрылғыны
жасау барысында сіз ойымызда болдыңыз. Сондықтан, қолданған сайын
тамаша нәтижеге қол жеткізе алатыныңызға сенімді болыңыз.
Electrolux әлеміне қош келдіңіз.
Біздің веб-сайтқа барып келесіні қараңыз:
Пайдалану туралы ақпарат, кітапша, ақаулықты түзету, қызмет ақпаратын
мына жерден алыңыз:
www.electrolux.com/webselfservice
Сізге барынша жақсы қызмет көрсету үшін өніміңізді мына жерге тіркеңіз:
www.registerelectrolux.com
Құрылғыңызға қажетті керек-жарақтарды, шығынды материалдарды және
фирмалық қосалқы бөлшектерді сатып алу үшін:
www.electrolux.com/shop
ТҰТЫНУШЫҒА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
Фирмалық заттарды қолдануды ұсынамыз.
Қызмет көрсету орталығына хабарласқанда келесі деректердің дайын
болуын қамтамасыз етіңіз. Үлгісі, Өнім нөмірі, Сериялық нөмірі.
Деректерді техникалық ақпарат тақтайшасынан алуға болады.
Ескерту / Қауіп-қатерден сақтандыру ақпараты
Жалпы ақпарат және ақыл-кеңес
Қоршаған ортаға қатысты ақпарат
Өндіруші ескертусіз өзгеріс енгізу құқығына ие.
www.electrolux.com2
1. ҚАУІПСІЗДІК АҚПАРАТЫ
Құрылғыны орнатып іске қолданар алдында бірге
жеткізілген нұсқауларды мұқият оқып шығыңыз.
Дұрыс орнатпау немесе пайдаланбау нәтижесінде
орын алған жарақат немесе зақымдарға өндіруші
жауапты емес. Нұсқаулықтарды кейін қарап жүру
үшін әрқашан қауіпсіз және қол жетімді жерде
сақтаңыз.
1.1 Балалар мен дәрменсіз адамдардың
қауіпсіздігі
Бұл құрылғыны 8 жастан асқан балалар мен
денесіне, сезім жүйесіне не ақыл-есіне зақым
келген не тәжірибесі аз адамдар өз қауіпсіздіктерін
қамтамасыз ететін адамның қадағалауы не
құрылғыны қауіпсіз қолдану бойынша берген
нұсқауына сүйеніп, дұрыс қолданбау салдарын
түсінсе, онда қолдануына болады.
3 және 8 жас арасындағы балалар мен
мүмкіндіктері өте шектеулі мүгедек адамдарды
басқалар қадағаламаған жағдайда алыс ұстау
керек.
3 жасқа толмаған балаларды үнемі қарап
отырмаған жағдайда алыс ұстау керек.
Балаларға құрылғымен ойнауға рұқсат бермеңіз.
Барлық орам материалдарын балалардан алыс
ұстап, қоқысқа тиісті түрде тастау керек.
Жуғыш заттарды балалардан алыс ұстаңыз.
Құрылғының есігі ашық тұрғанда, балалар мен үй
жануарларын оған жақындатпаңыз.
Құрылғыда бала қауіпсіздігінің құралы бар болса,
оны қосу керек.
Балалар құрылғыны жөндеу және тазалау
жұмыстарын бақылаусыз орындамауы керек.
ҚАЗАҚ 3
1.2 Қауіпсіздік туралы жалпы ақпарат
Бұл құрылғының техникалық сипаттамасын
өзгертпеңіз.
Бұл құрылғыны үйде немесе соған ұқсас жерлерде
пайдалану керек, мысалы:
дүкендердің, кеңселердің және басқа жұмыс
орындарының ас үйлерінде;
қонақ үй, мотель, төсек және таңғы ас
қонақжайлары мен басқа резиденциялық
жерлерде;
коммуналық пәтерлерде немесе кір жуатын
жерлерде.
Ең көбі 7кг салмақтан асырмаңыз ("Бағдарлама
кестесі" тарауын қараңыз).
Сыртқы қосылымнан су кіретін тұстағы судың
жұмыс қысымы 0,5 бар (0,05 МПа) және 8 бар (0,8
МПа) аралығында болуы керек.
Табанындағы желдеткіш саңылауларға кілем,
төсеніш немесе еденнің қаптамасы кедергі
жасамауға тиіс.
Құрылғыны су желісіне жаңадан берілген түтік
жинағын немесе уәкілетті қызмет көрсету орталығы
берген басқа түтік жинағын қолданып қосу керек.
Ескі түтіктерді қайта пайдалануға болмайды.
Қуат cымына зақым келсе, электр қатерінен
сақтандыру үшін оны өндіруші немесе оның
уәкілетті қызмет көрсету орталығы немесе сол
сияқты білікті маман ауыстыруға тиіс.
Кез келген жөндеу жұмысын орындау алдында
құрылғыны сөндіріп, ашаны розеткадан суырыңыз.
Құрылғыны тазалау үшін сулы спрейді және/
немесе буды қолданбаңыз.
Құрылғыны дымқыл шүберекпен тазалаңыз.
Бейтарап жуғыш заттарды ғана қолданыңыз.
Жеміргіш заттарды, түрпілі жөкені, еріткіштерді
немесе темір заттарды пайдаланбаңыз.
www.electrolux.com4
2. ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЛАРЫ
2.1 Орнату
Жергілікті стандарттарға
сәйкес етіп орнату керек.
Барлық орам материалдарын және
тасымал болттарын, пластик
тығыздағышы бар резеңке төлкесін
алыңыз.
Тасымал болттарын сенімді жерде
сақтаңыз. Кейін құрылғыны
көшірген кезде, ішкі бөліктеріне
зақым келмеу үшін барабанды
бекіту үшін оларды қайта салу
керек.
Құрылғы ауыр болғандықтан,
орнынан жылжытқан кезде әрқашан
абай болыңыз. Әрқашан қауіпсіздік
қолғабы мен бітеу аяқ киім киіңіз.
Бүлінген құрылғыны орнатпаңыз
немесе іске қоспаңыз.
Құрылғымен бірге жеткізілген
орнату нұсқауларын орындаңыз.
Құрылғыны температурасы 0°C
градустан төмен немесе ауа-райы
әсер ететін жерге орнатпаңыз
немесе пайдаланбаңыз.
Құрылғы орнатылатын еден тегіс,
орнықты, қызуға төзімді және таза
болуға тиіс.
Құрылғы мен еден арасында
ауаның айналуын қамтамасыз
етіңіз.
Құрылғыны тұрғылықты орнына
қойғаннан кейін, ватерпас арқылы
деңгейінің әбден дұрыс
қойылғанына көз жеткізіңіз. Деңгейі
дұрыс болмаса, тіректерін тиісінше
реттеңіз.
Құрылғыны едендегі су ағатын
арықшаның үстіне тура орнатпаңыз.
Құрылғыға су шашпаңыз және
шамадан тыс көп ылғалдың әсер
етуіне жол бермеңіз.
Құрылғыны құрылғының есігі толық
ашылмайтын жерге орнатпаңыз.
Құрылғының астына ағып кетуі
мүмкін суды құю үшін жабық сауыт
қоймаңыз. Қолданылатын керек-
жарақтың түрін уәкілетті қызмет
көрсету орталығына хабарласып
біліңіз.
2.2 Электртоғына қосу
ЕСКЕРТУ!
Өрт және электр қатеріне
ұшырау қаупі бар.
Құрылғыны міндетті түрде жерге
тұйықтау қажет.
Әрқашан дұрыс орнатылған,
қатерден сақтандырылған
розетканы қолданыңыз.
Техникалық ақпарат тақтасындағы
параметрлердің негізгі қуатпен
жабдықтау желісіндегі электр
параметрлеріне сәйкес келетініне
көз жеткізіңіз.
Көп тармақты адаптерлер мен
ұзартқыш сымдарды қолданбаңыз.
Құрылғының ашасына және
сымына зақым келтірмеңіз. Қорек
сымын ауыстыру қажет болса, оны
міндетті түрде қызмет көрсету
орталығы жүзеге асыруға тиіс.
Құрылғының ашасын розеткаға тек
құрылғыны орнатып болғаннан
кейін ғана жалғаңыз. Орнатып
болғаннан кейін ашаның қол
жететін жерде тұрғанына көз
жеткізіңіз.
Қорек сымын немесе ашасын су
қолмен ұстамаңыз.
Құрылғыны тоқтан ажырату үшін
сымынан тартпаңыз. Әрқашан
ашасынан тартып суырыңыз.
Бұл құрылғы E.E.C. ережелеріне
сай келеді.
2.3 Суға қосу
Су түтіктеріне зақым келтірмеңіз.
Жаңа түтіктерді немесе ұзақ уақыт
қолданылмаған түтіктерді орнату
алдында, жөндеу жұмыстарын
орындағаннан кейін немесе жаңа
құралдарды орнатқаннан кейін (су
өлшегіш құрал, т.б.) суды таза және
тұнық су аққанша ағызыңыз.
Құрылғыны пайдалану барысында
немесе бірінші рет қолданғаннан
кейін ешбір су ағып тұрмағанына
көз жеткізіңіз.
Су құятын түтік тым қысқа болса
ұзартқыш түтікті қолданбаңыз. Су
ҚАЗАҚ 5
құятын түтікті ауыстыру үшін қызмет
көрсету орталығына хабарласыңыз.
Су төгетін түтіктен судың ағып
тұрғанын көруге болады. Бұл
құрылғыны зауытта суды
пайдаланып сынақтан өткізгенге
байланысты.
Су төгетін түтікті ең көбі 400 cм-ге
ұзартуға болады. Басқа су төгетін
түтік алу немесе оны ұзарту үшін
қызмет көрсету орталығына
хабарласыңыз.
2.4 Пайдалану
ЕСКЕРТУ!
Жарақат алу, электр
қатері, күйіп қалу, өрт
қаупі, құрылғыны бүлдіріп
алу қаупі бар.
Жуғыш заттың орамындағы
қауіпсіздік нұсқауларын орындаңыз.
Тұтанғыш заттарды немесе ішіне
тұтанғыш зат салынған дымқыл
заттарды құрылғының ішіне, қасына
немесе үстіне қоймаңыз.
Кірден барлық темір заттардың
алынғанына көз жеткізіңіз.
Май немесе басқа да майлы заттар
қатты ластаған маталарды
жумаңыз. Бұл кір жуғыш
машинаның резеңке бөліктерін
зақымдауы мүмкін. Мұндай
маталарды кір жуғыш машинаға
салар алдында, алдын ала қолмен
жуыңыз.
Бағдарлама жұмыс істеп тұрған
кезде шыны есікті ұстамаңыз.
Шыны ысып кетуі мүмкін.
2.5
Сервис
Құрылғыны жөндеу үшін уәкілетті
қызмет көрсету орталығына
хабарласыңыз.
Тек ғана фирмалық қосалқы
бөлшектерді қолданыңыз.
2.6
Құрылғыны тастау
ЕСКЕРТУ!
Жарақат алу немесе
тұншығып қалу қаупі бар.
Құрылғыны электр және сумен
жабдықтау желісінен ажыратыңыз.
Құрылғыға жақын орналасқан
электр сымын кесіп, қоқысқа
тастаңыз.
Балалар немесе үй жануарлары
барабанға қамалып қалмас үшін
есіктің бекітпесін ағытып алыңыз.
Құрылғыны Ескірген электр және
электроника құрылғыларын
тастауға (WEEE) арналған
жергілікті ережелерге сәйкес
тастаңыз.
3. БҰЙЫМ СИПАТТАМАСЫ
3.1 Құрылғының жалпы көрінісі
7 8 9
10
1 2
3
4
5
6
www.electrolux.com6
1
Жуғыш зат үлестіргіші
2
Басқару панелі
3
Есіктің тұтқасы
4
Техникалық ақпарат тақтайшасы
5
Су төгетін сорғының сүзгісі
6
Құрылғыны деңгейлеуге арналған
тіректер
7
Су төгетін түтік
8
Қорек сымы
9
Су құятын түтікті жалғау
10
Құрылғыны деңгейлеуге арналған
тіректер
3.2 Бала қауіпсіздігі құралын
қалай қосу керек
Бұл құрал балалар немесе үй
жануарларын барабанға кіріп кетуден
қорғайды.
Құралды сағат тілінің бағытымен
кертігі көлденең қалыпқа келгенше
бұраңыз.
Есікті жаба алмайсыз.
Есікті жабу үшін, құралды сағат тілінің
бағытына қарсы, кертігі тік қалыпқа
келгенше бұраңыз.
4. БАСҚАРУ ПАНЕЛІ
4.1 Басқару панелінің сипаттамасы
1
2
456789
3
1
Бағдарлама түймешесі
2
Дисплей
3
Time Manager түймешіктері
4
Start/Pause түймешік
5
Delay Start түймешік
6
Extra Rinse түймешік
7
Easy Iron түймешік
8
Spin түймешік
9
Temperature түймешік
ҚАЗАҚ 7
4.2 Дисплей
A B C D
EFGHIJKL
Дисплейде келесі ақпарат көрсетіледі:
A.
: Кешіктіріп бастау индикаторы.
Кешіктіріп бастау функциясын
орнатқанда, дисплейде индикатор
жанады.
B. Жуу индикаторлары: Бағдарлама
орнатылғанда, бағдарламаның
барлық кезеңдерінің
индикаторлары жанады.
Бағдарлама басталғанда
индикаторлар жыпылықтайды да,
бағдарлама үдерісіне қарай
жанады.
: Алдын ала жуу циклы
: Жуу циклы
: Шаю циклдары
: Кептіру циклы
: Айналдыру циклы
C.
: Есік құлыптаулы индикаторы.
Машина жұмыс істей бастағаннан
кейін осы индикатор жанады.
Бағдарлама аяқталғаннан кейін
бұл индикатор көрінбей кетеді.
Индикатор қосулы: құрылғының
есігін аша алмадыңыз.
Индикатор сөндірулі: есікті
ашуға болады.
D.
: Сағат индикаторы. Бағдарлама
басталғаннан кейін дисплейде
оның ұзақтығы пайда болады да,
сағат белгішесінің анимациясы
көрінеді.
E. Уақыт аумағы:
: Бағдарламаның уақыты.
Бағдарламаны орнатқаннан
кейін уақыт сағат пен минут
түрінде көрсетіледі. Бағдарлама
басталғаннан кейін, оның
соңына дейін қалған уақыт
минут сайын жаңарып отырады.
: Кешіктіріп бастау мәні
: Ескерту кодтары. Start/
Pause түймешігінің кіріктірілген
қызыл шамы жыпылықтайды.
: Қате хабары. Құрылғы
жұмысына қатысты ақаулықтар
туындаған кезде, кейбір ескерту
кодтары көрінеді («Ақаулықты
түзету» тарауын қараңыз).
: Бағдарлама аяқталды.
F. Кірлеу деңгейінің индикаторлары
(«Таймер» тарауын қараңыз).
: Қарқынды
: Қалыпты / Күнделікті
: Жеңіл / Жылдам
: Өте жылдам
G. : Бала қауіпсіздігінің құралы
(«Параметрлер» тарауын қараңыз)
H. Опция индикаторлары:
a.
: Қосымша шаю
b. : Жеңіл үтіктеу
c. : Сезімтал (қолжетімді
болса).
www.electrolux.com8
I. Айналдыру индикаторлары:
: Айналдыру индикаторы.
Айналдыру циклі орындалып
тұрған кезде спираль
қозғалыста болады.
: Айналдырмау индикаторы.
Бұл опция барлық айналдыру
циклдерін болдырмай, кейбір
бағдарламалар үшін шаю
циклдерінің санын көбейтеді.
: Шаюды кідірту
индикаторы. Соңғы шаю
циклінің суы, киімдер
қыжымданып қалмас үшін
толығымен төгілмейді.
Түнгі цикл индикаторы.
Машина кір қыжымданып
қалмас үшін соңғы шаю циклінің
суын төкпейді. Барлық
айналдыру циклдары
тоқтағандықтан, жуу циклы
шуылсыз орындалады. Бұны
түнде не басқа уақытта
неғұрлым үнемді қуат
параметрін қосып орнатуыңызға
болады. Кейбір
бағдарламалардың шаю
циклдеріне көбірек су
қосылады.
J.
: Айналдыру
жылдамдығының мәні.
K. Температура индикаторлары:
: Температура индикаторы.
Жуу циклы кезінде бұл
индикатор анимацияланып,
құрылғы барабан ішінде
қыздыру үдерісін бастағанын
көрсетеді.
: Суық су индикаторы.
Құрылғы жуу циклын суық суды
пайдаланып орындайды.
L. : Температура мәні
5. БАҒДАРЛАМАЛАР
5.1 Бағдарлама кестесі
Бағдарлама
Температура ауқымы
Ең үлкен
салмақ
Азайтылған
жүк
1)
Ең үлкен
айналдыру
жылдамдығы
Бағдарлама сипаттамасы
(Кірдің салмағы және кірлеу
дәрежесі)
Cottons
90°C - (Суық)
7 кг
3.5 кг
1400 мин/айн
Ақ және түрлі-түсті мақта мата.
Қалыпты, қатты немесе аздап
кірлеген.
+
Cottons + Prewash
90°C - (Суық)
7 кг
3.5 кг
1400
мин/айн
Ақ және түрлі-түсті мақта мата.
Қатты және қалыпты кірлеген.
Synthetics
60°C - (Суық)
3 кг
1.5 кг
900 мин/айн
Синтетика немесе аралас
матадан жасалған заттар.
Қалыпты кірлеген.
+
Synthetics + Prewash
60°C -
(Суық)
3 кг
1.5 кг
900 мин/айн
Синтетика немесе аралас
матадан жасалған заттар. Қатты
және қалыпты кірлеген.
ҚАЗАҚ 9
Бағдарлама
Температура ауқымы
Ең үлкен
салмақ
Азайтылған
жүк
1)
Ең үлкен
айналдыру
жылдамдығы
Бағдарлама сипаттамасы
(Кірдің салмағы және кірлеу
дәрежесі)
Delicates
40°C -
(Суық)
3 кг
1.5 кг
700 мин/айн
Баппен жууды қажет ететін
акрил, вискоза және аралас
маталарға арналған. Қалыпты
кірлеген.
Spin
7 кг
1400
мин/айн
Кірді айналдыруға және
барабандағы суды төгуге
арналған. Жүн мата мен өте
нәзік маталардан басқа барлық
маталар.
Drain
7 кг Барабандағы суды төгуге
арналған. Барлық маталар.
Rinse
(Суық)
7 кг
1400
мин/айн
Кірді шаюға және айналдыруға
арналған. Барлық маталар, жүн
мата мен өте нәзік матадан басқа.
Айналдыру жылдамдығын
матаның түріне қарай азайтыңыз.
Mix 20°
20°C
3 кг
900 мин/айн
Шамалы кірлеген мақта мата,
синтетика және аралас матадан
жасалған заттарға арналған
арнайы бағдарлама.
Пайдаланылатын қуат мөлшерін
азайту үшін осы бағдарламаны
таңдаңыз. Жақсы жуу
нәтижелеріне қол жеткізу үшін
жуғыш затты төмен
температурада пайдалануға
болатынына көз жеткізіңіз
2)
.
Silk
30°C - (Суық)
1 кг
700 мин/айн
Жібек мата және аралас
синтетика заттарға арналған
арнайы бағдарлама.
Handwash
40°C - (Суық)
2 кг
1000
мин/айн
«Қолмен жуу» белгісі бар нәзік
маталар, машинамен жууға
болатын жүн маталар және
қолмен жууға болатын жүн
маталар
3)
.
www.electrolux.com10
Бағдарлама
Температура ауқымы
Ең үлкен
салмақ
Азайтылған
жүк
1)
Ең үлкен
айналдыру
жылдамдығы
Бағдарлама сипаттамасы
(Кірдің салмағы және кірлеу
дәрежесі)
Wool
40°C -
(Суық)
2 кг
1000
мин/айн
«Қолмен жуу» белгісі бар нәзік
маталар, машинамен жууға
болатын жүн маталар және
қолмен жууға болатын жүн
маталар
3)
.
ECO +
90°C - 40°C
7 кг
1400
мин/айн
Ақ және бояуы қанық мақта
мата. Дақтары бар қалыпты
кірлеген киім. Қуатты пайдалану
азаяды және жуу
бағдарламасының уақыты
ұзарады.
ECO
4)
90°C - 40°C
7 кг
1400 мин/айн
Ақ және бояуы қанық мақта
мата. Қалыпты кірлеген. Қуатты
пайдалану азаяды және жуу
бағдарламасының уақыты
ұзарады және жақсы жуу
нәтижелерімен қамтамасыз етеді.
1)
Өте жылдам, Жаңарту және Супер жаңарту опциясын Time Manager түймешіктерін
басып таңдасаңыз, мақта мата, синтетика және нәзік маталар үшін макс. салмақты
азайтуды ұсынамыз. Машинаға кірді толтыра салуға болады, бірақ кір жуу нәтижесі
аздап төмендейді.
2)
Судың температурасы 20°C градустан төмен болса, құрылғы қысқа жылыту циклын
орындайды. Құрылғы температура параметрін "суық" етіп көрсетеді
3)
Осы цикл кезінде кірді баппен жуу үшін барабан баяу айналады. Барабан мүлдем
айналмай немесе дұрыс айналмай тұрған сияқты болып көрінуі мүмкін, бірақ бұл осы
бағдарлама үшін қалыпты жағдай
4)
Мақта мата, үнемді бағдарламасы. Бұл 60ºC градуспен жуатын, 7кг салмаққа
арналған, қуат мәндері көрсетілген тақтайшадағы ақпарат негізінде 96/60/EC
стандарттарына сай берілген бағдарлама. Жуу нәтижесін жақсарту және қуатты аз
тұтыну үшін осы бағдарламаны орнатыңыз. Жуу бағдарламасының уақыты ұзарады.
Бағдарлама параметрлерінің үйлесімділігі
Бағдарлама
+
+
ҚАЗАҚ 11
1)
Мақта мата, үнемді бағдарламасы. 7кг кірді 60 °C градуста жуатын бұл
бағдарлама GOST R IEC 60456:2010 стандартына сәйкес дайындалған қуат
жапсырмасындағы деректерге сәйкес келеді.
Бағдарлама
1)
ECO +
ECO
1)
Айналдыру жылдамдығын орнатыңыз. Жуылып жатқан кірдің түріне сай келетініне
көз жеткізіңіз. Егер Айналдырмау циклын орнатсаңыз, су төгу циклы ғана жұмыс
істейді.
6. ПАЙДАЛАНУ КӨЛЕМІ
Көрсетілген мәндер зертхана жағдайында тиісті стандарттар
көмегімен алынған. Деректерді әр түрлі себептер өзгертуі мүмкін:
кірдің мөлшері мен түрі және қоршаған ортаның температурасы.
Судың қысымы, ток кернеуі және берілетін судың температурасы
жуу бағдарламасының ұзақтығына әсер етуі мүмкін.
Өнімнің сапасын жақсарту үшін техникалық параметрлер алдын ала
ескертусіз өзгертілуі мүмкін.
Бағдарламалар Салма
қ (кг)
Қуат
тұтыну
(кВт/сағ)
Суды
пайдалану
(литр)
Бағдарламаның
болжалды
ұзақтығы (минут)
Мақта мата 60°C 7 1.2 53 140
Мақта мата, үнемді 60°C
бағдарламасы
1)
7 0.84 46 191
Мақта мата 40°C 7 0.7 53 130
Синтетика 40°C 3 0.50 40 80
Нәзік мата 40°C 3 0.55 55 65
www.electrolux.com12
Бағдарламалар Салма
қ (кг)
Қуат
тұтыну
(кВт/сағ)
Суды
пайдалану
(литр)
Бағдарламаның
болжалды
ұзақтығы (минут)
Жүн мата/Қолмен жуу
30°C
2 0.25 58 50
1)
Мақта мата, үнемді бағдарламасы. 7кг кірді 60 °C градуста жуатын бұл
бағдарлама GOST R IEC 60456:2010 стандартына сәйкес дайындалған қуат
жапсырмасындағы деректерге сәйкес келеді.
Сөндіру режимі (Вт) Қосулы режим (Вт)
0,10 0,98
Жоғарғы кестедегі ақпарат 1015/2010 стандартына сай, ЕО Комиссиясының
2009/125/EC директивасын жүзеге асыру үшін берілген.
7. ФУНКЦИЯЛАР
7.1 Бағдарлама түймешесі
Осы түймеше бағдарламаны таңдауға,
бағдарламаны бастапқы қалпына
келтіруге және/немесе құрылғыны
қосуға/сөндіруге көмектеседі.
Түймешені сағат тілінің бағытымен
немесе сағат тілінің бағытына қарсы
бұрауға болады.
Бағдарламаның соңында құрылғыны
сөндіру үшін түймешені
қалпына
бұраңыз.
7.2 Temperature
Әдепкі жуу температурасын көбейту
немесе азайту үшін осы түймешікті
басыңыз.
Егер
қалпына қойсаңыз, құрылғы
суық сумен жуады.
Орнатылған температураның
индикаторы мен мәні сол қалпы
тұрады.
7.3 Spin
Таңдалған бағдарламаның әдепкі
айналдыру жылдамдығын көбейту
немесе азайту үшін немесе қосымша
айналдыру опциясын таңдау үшін осы
түймешікті басыңыз. Айналдыру циклі
орындалып тұрған кезде спираль
қозғалыста болады.
Түймешіктің көмегімен мынаны
орнатуға болады:
Айналдырмау функциясы
Барлық айналдыру циклдарын алу
үшін осы параметрді орнатыңыз.
Бұны өте нәзік маталар үшін
орнатыңыз.
Кей жуу бағдарламаларында шаю
циклы көп су пайдаланады.
Түн циклы функциясы
Бұл параметрді барлық айналдыру
циклдарын ажыратып, кірді
шуылсыз режим бойынша жуу үшін
орнатыңыз.
Кей жуу бағдарламаларында шаю
циклы көп су пайдаланады.
Тиісті индикатор жанады.
Жуу бағдарламасы аяқталғанда
барабан ішінде су тұрады. Кір
мыжылып қалмас үшін барабан
мезгіл-мезгіл айналып тұрады.
Есік құлыпталып тұрады. Есікті ашу
үшін суды төгу керек.
Шаюды кідірту функциясы
Кірлер мыжылып қалмас үшін осы
параметрді орнатыңыз.
Тиісті индикатор жанады.
Бағдарлама аяқталған кезде
барабан ішінде су қалады.
Кір мыжылып қалмас үшін барабан
мезгіл-мезгіл айналып тұрады.
ҚАЗАҚ 13
Есік құлыпталып тұрады. Есікті ашу
үшін суды төгу керек.
Суды төгу үшін
"Бағдарламаның соңы"
тарауын қараңыз.
7.4 Easy Iron
Құрылғы кір қыжымданып қалмас үшін
баппен жуады және айналдырады.
Құрылғы айналдыру жылдамдығын
азайтады, суды көбірек пайдаланады
және бағдарламаның уақытын кірдің
түріне лайықтап қолданады.
Тиісті индикатор жанады.
7.5 Extra Rinse
Жуу бағдарламасына қосымша шаю
циклдарын қосу үшін осы түймешікті
басыңыз.
Бұл функцияны жуғыш заттарға
аллергиясы бар адамдар үшін және
суы тым тұщы жерлерде қолданыңыз.
Тиісті индикатор жанады.
7.6 Delay Start
Бағдарламаны 30 мин - 60 мин - 90
мин, 2 сағат, содан соң 1 сағаттан
қосып, ең көбі 20 сағатқа дейін
кешіктіру үшін осы түймешікті
басыңыз.
Түймешіктің индикаторы жанады.
Дисплейде таңдалған кешіктіру
параметрі көрсетіледі.
7.7 Time Manager
Осы түймешікті құрылғы ұсынатын
бағдарлама уақытын көбейту немесе
азайту үшін басыңыз. Дисплейде
таңдалған деңгейдің индикаторы
пайда болады.
Бұл параметр тек Мақта мата,
Синтетика және Нәзік мата
бағдарламаларында ғана жұмыс
істейді.
Жуу
циклы
Кірдің
деңгей
і
Маталардың
түрі
Қарқынд
ы
Қатты кірлеген
заттар
Қалыпты
Қалыпты кірлеген
заттар
Күнделікт
і
Күнделікті
кірлейтін заттар
Жеңіл
Шамалы кірлеген
заттар
Жылдам
Жеңіл-желпі
кірлеген заттар
Өте
жылда
м
1)
Аз ғана уақыт
киілген немесе
ұсталған заттар
1)
Кірдің мөлшерін азайтуды ұсынамыз.
Таймерді ECO
бағдарламаларымен
таңдау мүмкін емес.
Кір деңгейінің
қолжетімділігі матаның түрі
мен температураға
байланысты өзгереді.
7.8 Start/Pause
Таңдалған бағдарламаны бастау
немесе кешіктіру үшін осы түймешікті
басыңыз.
8. ПАРАМЕТРЛЕР
8.1 Дыбыстық сигналдар
Төмендегі жағдайда дыбыстық
сигналдар естіледі:
Бағдарлама аяқталғанда.
Құрылғыда ақау бар кезде.
Дыбыстық сигналдарды сөндіру/қосу
үшін
және түймешіктерін 6
секунд қатар басыңыз.
www.electrolux.com14
Егер дыбыстық
сигналдарды сөндірсеңіз,
олар құрылғыда ақау
пайда болған кезде қосыла
береді.
8.2 Балалар құлпы
функциясы
Осы функцияның көмегімен балаларға
басқару панелімен ойнауға жол
бермей, құрылғыны бақылаусыз
қалдыруға болады.
Осы функцияны қосу/сөндіру үшін
және түймешіктерін
индикаторы сөнгенше қатар
басыңыз.
Осы опцияны екі жолмен қосуға
болады:
Start/Pause түймешігін басқаннан
кейін: функциялар мен бағдарлама
тетігі бұғатталады.
Start/Pause түймешігін баспай
тұрып: құрылғы іске қосылмайды.
9. ЕҢ АЛҒАШ ПАЙДАЛАНУ АЛДЫНДА
1. Ашаны розеткаға қосыңыз.
2. Су құятын шүмекті ашыңыз.
3. Жуу циклына арналған бөлікке
шамалы жуғыш зат салыңыз.
4. Мақта матаға арналған
бағдарламаны орнатып, ең жоғары
температураға қойып ешбір кір
салмай жуыңыз.
Бұл цикл барабан мен машинаның
ішінде бар болуы мүмкін кірлердің
барлығын кетіреді.
10. ӘРКҮНДІК ҚОЛДАНУ
10.1 Кірді салу
1. Құрылғының есігін ашыңыз
2. Кірлерді құрылғыға салар алдында
сілкілеңіз.
3. Кірді барабанға бір-бірден
салыңыз.
Барабанға тым көп кір салынбағанына
көз жеткізіңіз.
4. Есікті нығыздап жабыңыз.
АБАЙЛАҢЫЗ
Тығыздағыш пен есіктің
арасына ешбір кір
қыстырылып қалмағанына
көз жеткізіңіз. Су ағуы
немесе кірге нұқсан келуі
мүмкін.
Қатты майланған, май
дақтары түскен затты
жуғанда, кір жуғыш
машинаның резеңке
бөліктеріне зақым келуі
мүмкін.
10.2 Жуғыш зат пен
үстемелерді пайдалану
1. Жуғыш зат пен мата
жұмсартқышты өлшеп алыңыз.
2. Жуғыш зат үлестіргішті абайлап
жабыңыз
ҚАЗАҚ 15
10.3 Жуғыш зат салынатын
бөліктер
АБАЙЛАҢЫЗ
Кір жуғыш машинаға
арнайы жуғыш заттарды
ғана пайдаланыңыз.
Жуғыш заттардың
орамында көрсетілетін
нұсқауларды әрқашан
орындаңыз.
Алдын ала жуу циклына
арналған жуғыш зат бөлігі.
Жуу циклына арналған жуғыш
зат бөлігі.
Сұйық үстемелерге арналған
бөлік (мата жұмсартқыш,
крахмал).
10.4 Құрылғыны қосу және
бағдарламаны орнату
1. Қажетте бағдарламаны орнату
және құрылғыны қосу үшін
бағдарлама тетігін бұраңыз:
Дисплейде температура мен
айналдырудың әдепкі мәні,
Time Manager әдепкі деңгейі,
бағдарламаның уақыты және
таңдалған бағдарлама
циклдарының индикаторлары
көрінеді.
Start/Pause түймешігінің
индикаторы жасыл түспен
жыпылықтайды.
2. Қажет болса, температураны,
айналдыру жылдамдығын, кірлеу
деңгейін, цикл ұзақтығын өзгертіңіз
немесе қолжетімді опцияларды
қосыңыз. Опцияны іске қосқанда,
дисплейде тиісті индикатор пайда
болады.
Егер таңдалған
бағдарламаға үйлесімсіз
параметр таңдалса,
дисплейде хабары
пайда болады. Start/Pause
түймешігінің индикаторы
қызыл түспен 3 рет
жыпылықтайды.
10.5 Кешіктіріп бастау
функциясы бар
бағдарламаны бастау
1. Delay Start түймешігін дисплейде
орнатқыңыз келген кешіктіріп
бастау уақыты көрсетілгенше
қайта-қайта басыңыз. Тиісті
индикаторы жанады.
Кешіктіріп бастау уақытының мәні (ең
көбі 20 сағатқа дейін) бейнебетте
бірнеше секунд көрсетіліп тұрады да,
содан соң бағдарламаның ұзақтығы
қайта пайда болады.
2. Start/Pause түймешігін басыңыз.
Есік бұғаттаулы және
индикаторы жанып тұр.
Құрылғы кері санай бастайды.
Кері санақ аяқталған кезде,
бағдарлама автоматты түрде
басталады.
Орнатылған Delay Start
параметрін Start/Pause
түймешігін баспай тұрып
болдырмауға немесе
өзгертуге болады. Start/
Pause түймешігін
басқаннан кейін Delay Start
параметрін болдырмауға
болады.
Delay Start болдырмау үшін:
a. Құрылғыны үзіліске қою үшін
Start/Pause
түймешігін
басыңыз. Тиісті индикатор
жыпылықтайды.
www.electrolux.com16
b. Delay Start түймешігін
дисплейде көрінгенше
басыңыз.
Бағдарламаны дереу бастау
үшін Start/Pause түймешігін
қайта басыңыз.
Delay Start
параметрін су төгу
бағдарламасымен
бірге таңдауға
болмайды.
10.6 Кешіктіріп бастау
функциясы жоқ
бағдарламаны бастау
Start/Pause түймешігін басыңыз.
Жасыл индикатор Start/Pause
жыпылықтауын тоқтатып,
жанған қалпы тұрады.
Бағдарлама басталып, есік
құлыпталады да,
индикаторы дисплейде жанған
қалпы тұрады.
Дисплейде орындалып тұрған
циклдің индикаторы ғана
жыпылықтайды.
Бағдарламаның уақыты бір
минутқа тең қадаммен азаяды.
Су сорғысы жуу циклының
басында шамалы уақыт
жұмыс істейді.
10.7 Бағдарламаны кідірту
және параметрлерді өзгерту
Тек кейбір функцияларды ғана
бағдарлама олрады орындамай тұрып
өзгертуге болады.
1. Жұмыс істеп тұрған бағдарламаны
кідірту үшін Start/Pause түймешігін
басыңыз.
Тиісті индикатор жыпылықтайды.
2. Функцияларды өзгертіңіз (егер
Time Manager функциясын
өзгерткіңіз келсе, жұмыс істеп
тұрған бағдарламаны болдырмай,
функцияны қайта таңдау керек).
3. Start/Pause
түймешігін қайта
басыңыз.
Бағдарлама жалғасады.
10.8 Жұмыс істеп тұрған
бағдарламаны болдырмау
1. Бағдарламаны біржола тоқтату
үшін бағдарлама түймешесін
қалпына бұраңыз. Құрылғы
сөндірулі.
2. Енді жаңа жуу бағдарламасын
және қолжетімді функцияларды
орнатуға болады.
Жаңа бағдарламаны
бастау алдында
құрылғының суы төгіледі.
Бұл жағдайда, жуғыш зат
үлестіргіште жуғыш заттың
бар екеніне көз жеткізіңіз,
жоқ болса қайтадан
толтырыңыз.
10.9 Есікті ашу
Бағдарлама немесе Delay Start жұмыс
істеп тұрғанда, құрылғының есігі
бекітулі тұрады.
индикаторы
жанады.
АБАЙЛАҢЫЗ
Егер барабанның ішіндегі
температура мен судың
деңгейі өте жоғары болса
және барабан әлі айналып
тұрса, есік ашылмайды.
Циклдың алғашқы минутында немесе
Delay Start функциясы жұмыс істеп
тұрғанда есікті ашу үшін:
1. Құрылғыны кідірту үшін Start/Pause
түймешігін басыңыз.
2. индикаторы сөнгенше күтіңіз.
3. Есікті ашуға болады.
4. Есікті жауып Start/Pause түймешігін
қайта басыңыз.
Бағдарлама (немесе Delay Start
функциясы) жалғасады.
10.10 Бағдарламаның соңы
Құрылғы автоматты түрде
тоқтайды. Кейбір дыбыстық
сигналдар (егер қосылып тұрса)
естіледі.
Дисплейде мәні жанады.
Start/Pause индикаторы сөнеді.
ҚАЗАҚ 17
Есік бекітпесінің индикаторы
сөнген кезде, есікті ашуға болады.
Құрылғыдан кірді алыңыз.
Барабанның бос екеніне көз
жеткізіңіз. Судың шүмегін жабыңыз.
Құрылғыны сөндіру үшін
бағдарлама түймешесін
қалпына
бұраңыз.
Зең және иіс пайда болмас үшін
есікті сәл ашып қойыңыз.
Жуу бағдарламасы аяқталды, бірақ
барабанда су тұр:
Кір мыжылып қалмас үшін барабан
мезгіл-мезгіл айналып тұрады.
Есік бұғаттаулы индикаторы
жанып тұр. Есік құлыпталып
тұрады.
Есікті ашу үшін суды төгу керек.
Суды төгу үшін:
1. Бағдарлама түймешесін
қалпына бұрап, содан кейін
айналдыру немесе су төгу
бағдарламасын таңдаңыз.
2. Start/Pause түймешігін басыңыз.
Қажет болса, айналдыру
жылдамдығын азайтыңыз.
Құрылғы айналдырады және суды
төгеді немесе тек суды ғана төгеді.
3. Бағдарлама аяқталып, есік
бұғаттаулы индикаторы
көрінбей кеткенде есікті ашуға
болады.
4. Құрылғыны сөндіру үшін
бағдарлама түймешесін
қалпына бұраңыз.
10.11 Күту режимі
Бағдарлама аяқталғаннан кейін
бірнеше минуттан кейін қуатты
үнемдеу жүйесі іске қосылады.
Бейнебеттің жарықтылығы азаяды.
Кез келген түймешікті басу арқылы
құрылғыны қуат үнемдеу режимінен
шығаруға болады.
11. АҚЫЛ-КЕҢЕС
ЕСКЕРТУ!
Қауіпсіздік тарауларын
қараңыз.
11.1 Кір салу
Кірді былай сұрыптаңыз: ақ, түрлі-
түсті, синтетика, нәзік және жүн
мата.
Кірдің затбелгісіндегі жуу
нұсқауларын орындаңыз.
Ақ киім мен түрлі-түсті заттарды
бірге жумаңыз.
Кейбір түрлі-түсті заттарды алғаш
жуғанда бояуы шығуы мүмкін.
Оларды алғаш жуғанда бөлек жууға
кеңес береміз.
Жастық қаптарының түймесін
салып, тартпаларды тартып жауып,
ілгектер мен батырма
түймешіктерді салыңыз.
Белбеулерді байлаңыз.
Қалталарды босатып, оралған
заттарды ашыңыз.
Көп қабатты матадан, жүн матадан
және сурет салынған киімдердің
астарын сыртына аударыңыз.
Қатып қалған дақтарды арнайы
жуғыш затпен тазалаңыз.
Қатып қалған дақтары бар заттарды
барабанға салу алдында жуыңыз
және дағын алдын ала кетіріңіз.
Перделерді абайлап жуыңыз.
Ілгектерін алыңыз да, перделерді
кір жуатын торға немесе жастықтың
тысына салыңыз.
Көмкерілмеген немесе кесілген
жерлері бар заттарды құрылғыда
жумаңыз. Кішкене заттарды жуу
үшін (мысалы, сым өткізілген төс
тартқыш, белдіктер, колготкилер,
т.с.с.) кір жууға арналған торды
пайдаланыңыз.
Кір өте аз салынса, айналдыру
циклі кезінде теңгерімді сақтауға
қатысты мәселе орын алуы мүмкін.
Бұндай жағдай орын алса,
барабандағы кірді қолмен таратып,
қайта айналдыра бастаңыз.
www.electrolux.com18
11.2 Оңай кетпейтін дақтар
Кейбір дақтарды кетіру үшін су мен
жуғыш зат жеткіліксіз болады.
Бұл дақтарды кірді құрылғыға салмай
тұрып алдын ала тазалауды
ұсынамыз.
Дақ кетіретін арнайы құралдар
болады. Дақ пен матаның түріне сай
келетін арнайы дақ кетіргішті
қолданыңыз.
11.3 Жуғыш заттар мен
үстемелер
Кір жуғыш машиналарға арналған
жуғыш заттар мен үстемелерді ғана
қолданыңыз:
матаның барлық түрлеріне
арналған ұнтақ жуғыштар,
нәзік мата (ең көбі 40 °C) мен
жүн тоқымаларға арналған
ұнтақ жуғыштар,
матаның барлық түрлеріне не
тек жүн матаға арналған, төмен
температурада жуатын
бағдарламаларға (ең көбі 60 °C)
арналған сұйық жуғыш заттар.
Әр түрлі жуғыш заттарды
араластырмаңыз.
Қоршаған ортаға зиян келтірмеу
үшін жуғыш затты қажетті
мөлшерден артық пайдаланбаңыз.
Осы заттардың орамында
көрсетілетін нұсқауларды
орындаңыз.
Матаның түріне және түсіне,
бағдарламаның температурасы мен
кірдің деңгейіне сай келетін
құралдарды қолданыңыз.
Егер құрылғының жуғыш зат
үлестіргішінде мөлшерлегіш құрал
болмаса, (жуғыш зат өндірушісі
қамтамасыз етеді) сұйық жуғыш
затты мөлшерлегіш шарикпен
қосыңыз.
11.4 Қоршаған ортаға
қатысты ескерім
Қалыпты кірлеген кірді алдын ала
жуу циклі жоқ бағдарламаны
қолданып жуыңыз.
Жуу бағдарламасын әрқашан кірді
ең көп рұқсат етілетін мөлшерде
салғаннан кейін бастаңыз.
Төмен температурада жуатын
бағдарламаны таңдаған кезде,
қажет болса дақ кетіргішті
қолданыңыз.
Жуғыш затты дұрыс мөлшерде
қолдану үшін, жергілікті су
жүйесіндегі судың кермектігін
тексеріңіз. "Судың кермектігі"
тарауын қараңыз.
11.5 Су кермектігі
Сіз тұратын жердегі су өте кермек
немесе орташа кермек болса, кір
жуғыш машинада су жұмсартқышты
қолдануды ұсынамыз. Суы тұщы
жерлерде су жұмсартқышты қолдану
қажет емес.
Жергілікті жердегі судың кермектігін
білу үшін су жүйесін басқару
мекемесіне хабарласыңыз.
Су жұмсартқышты дұрыс мөлшерлеп
пайдаланыңыз. Бұйымның орамында
көрсетілетін нұсқауларды орындаңыз.
12. КҮТУ МЕНЕН ТАЗАЛАУ
ЕСКЕРТУ!
Қауіпсіздік тарауларын
қараңыз.
12.1 Сыртын тазалау
Құрылғыны сабын мен жылы сумен
ғана тазалаңыз. Барлық беттерін
әбден құрғатыңыз.
АБАЙЛАҢЫЗ
Спирт, еріткіш немесе
химиялық заттарды
қолданбаңыз.
12.2 Қақты тазалау
Сіз тұратын жердегі су өте кермек
немесе орташа кермек болса, кір
жуғыш машинаға арналған қақ
ҚАЗАҚ 19
тазалайтын құралды қолдануды
ұсынамыз.
Барабанның ішін мезгіл-мезгіл
тексеріп, әк және тот бөлшектерінің
жоқ екеніне көз жеткізіңіз.
Тот бөлшектерін тазалау үшін кір
жуғыш машиналарға арналған арнайы
құралдарды ғана пайдаланыңыз. Бұны
кір жумай тұрғанда орындаңыз.
Бұйымның орамында
көрсетілетін нұсқауларды
әрқашан орындаңыз.
12.3 Тазалап жуу
Төмен температура бағдарламаларын
қолданғанда барабанда шамалы
жуғыш зат қалып қоюы мүмкін.
Тазалап жуу процедурасын уақытылы
орындаңыз. Ол үшін:
Барабаннан барлық кірді алыңыз.
Мақта мата бағдарламасын
шамалы жуғыш зат салып, ең
жоғары температураға қойып
таңдаңыз.
12.4
Есік тығыздағышы
Тығыздағышты мезгіл-мезгіл тексеріп,
ішіндегі заттардың барлығын алыңыз.
12.5 Жуғыш зат үлестіргішін тазалау
1.
MAX
1
2
2.
MAX
3. 4.
MAX
www.electrolux.com20
/