ZWY61204WA

Zanussi ZWY61204WA, ZWY50904WA, ZWY51004WA Руководство пользователя

  • Привет! Я прочитал инструкцию по эксплуатации стиральной машины Zanussi ZWY 51004WA. Я готов ответить на ваши вопросы о её установке, использовании, функциях, таких как различные режимы стирки, отложенный старт, и уходе за машиной. Спрашивайте!
  • Как выбрать подходящую программу стирки?
    Что делать, если машина не сливает воду?
    Как использовать функцию отложенного старта?
    Как ухаживать за стиральной машиной?
Қолдану туралы
нұсқаулары 2
Инструкция по
эксплуатации 19
KK
RU
ZWY 51004WA
Кір жуғыш машина
Стиральная машина
Мазмұны
Сақтық шаралары 2
Қауіпсіздік нұсқаулары 3
Бұйым сипаттамасы 5
Басқару панелінің сипаттамасы 5
Бағдарлама кестесі 6
Пайдалану көлемі 7
Функциялар 8
Параметрлер 9
Бірінші қолданғанға дейін 9
Әркүндік қолдану 9
Ақыл-кеңес 12
Күту менен тазалау 13
Ақаулықты түзету 15
Техникалық сипаттама 17
Өндіруші ескертусіз өзгеріс енгізу құқығына ие.
Сақтық шаралары
Құрылғыны орнатып іске қолданар алдында бірге
жеткізілген нұсқауларды мұқият оқып шығыңыз. Құрылғыны
дұрыс орнатпау мен дұрыс пайдаланбау нәтижесінде адам
жарақат алса және ақаулық орын алса өндіруші жауапты
емес. Нұсқаулықты келешекте қарап жүру үшін үнемі
сақтап қойыңыз.
Балалар мен дәрменсіз адамдардың қауіпсіздігі
Бұл құрылғыны 8 жастан асқан балалар мен денесіне,
сезім жүйесіне не ақыл-есіне зақым келген адамдар не
тәжірибесі аз адамдар өз қауіпсіздіктерін қамтамасыз
ететін адамның қадағалауы немесе құрылғыны қауіпсіз
қолдану бойынша берген нұсқауына сүйеніп, дұрыс
қолданбау салдарын түсінсе қолдануына болады.
Балаларға құрылғымен ойнауға рұқсат бермеңіз.
Орам материалдарының барлығын балалардан алыс
ұстаңыз.
Жуғыш заттардың барлығын балалардан алыс ұстаңыз.
Құрылғының есігі ашық тұрғанда, балалар мен үй
жануарларын алыс ұстаңыз.
Балалар тазалау және күтім көрсету жұмыстарын
басқаның бақылауынсыз орындамауға тиіс.
Қауіпсіздік туралы жалпы ақпарат
Бұл құрылғының техникалық сипаттамасын өзгертпеңіз.
Ең көп салмақ 5,5 кг көрсетілімін орындаңыз
("Бағдарлама кестесі" тарауын қараңыз).
2
Судың жұмыс кезіндегі қысымы (ең аз және ең көп) 0,5
бар (0,05 МПа) және 8 бар (0,8 МПа) арасында болуға
тиіс.
Табанындағы желдеткіш саңылауларға (егер бар болса)
кілем кедергі жасамауға тиіс.
Құрылғыны жаңа түтіктер жинағын пайдаланып, су
жүйесіне қосу керек. Ескі түтіктерді қайта пайдалануға
болмайды.
Егер қуат cымына зақым келсе, қатерден сақтану үшін
оны өндіруші немесе уәкілетті қызмет көрсету орталығы
немесе сол сияқты білікті маман ауыстыруға тиіс.
Құрылғыны жөндеу алдында электр желісінен ағытып,
ашасын розеткадан суырыңыз.
Құрылғыны тазалау үшін сулы спрейді және буды
қолданбаңыз.
Құрылғыны дымқыл, жұмсақ шүберекпен тазалаңыз. Тек
бейтарап тазартқыш заттарды қолданыңыз. Жеміргіш
заттарды, түрпілі жөкені, еріткіштерді немесе темір
заттарды пайдаланбаңыз.
Қауіпсіздік нұсқаулары
Орнату
Орам материалдарының және тасымал
тетіктерінің барлығын алыңыз.
Тасымал тетіктерін сақтап қойыңыз.
Құрылғыны қайта көшірген кезде,
барабанды бұғаттап қою керек.
Құрылғыны жылжытқан кезде үнемі
абай болыңыз, себебі салмағы ауыр.
Әрқашан қорғаныс қолғабын киіңіз.
Бүлінген құрылғыны орнатпаңыз немесе
іске қоспаңыз.
Құрылғымен бірге берілген орнату
бойынша нұсқауларды орындаңыз.
Құрылғыны температурасы 0 °C
градустан төмен немесе ауа-райы әсер
ететін жерлерге орнатпаңыз немесе
пайдаланбаңыз.
Құрылғы орнатылатын еденнің тегіс,
орнықты, қызуға төзімді және таза
болуын қамтамасыз етіңіз.
Құрылғыны есігі толық ашылмайтын
жерге орнатпаңыз.
Құрылғы мен еден арасында ауаның
айналуын қамтамасыз етіңіз.
Құрылғы мен кілемнің арасында тиісті
орын болуын қамтамасыз ету үшін
өзгермелі тіректерін реттеңіз.
Құрылғыны қақпағы толық ашылмайтын
жерге орнатпаңыз.
Электртоғына қосу
Құрылғыны міндетті түрде жерге
тұйықтау қажет.
Әрқашан дұрыс орнатылған, қатерден
сақтандырылған розетканы
қолданыңыз.
Техникалық ақпарат тақтайшасындағы
электр параметрлерінің электр
желісіндегі параметрлерге сай
келетініне көз жеткізіңіз. Сай келмесе,
электршіге хабарласыңыз.
Көп тармақты адаптерлер мен ұзартқыш
сымдарды қолданбаңыз.
Құрылғының ашасына және сымына
зақым келтірмеңіз. Қорек сымын
ауыстыру қажет болса, оны міндетті
түрде қызмет көрсету орталығы жүзеге
асыруға тиіс.
3
Құрылғының ашасын розеткаға тек
құрылғыны орнатып болғаннан кейін
ғана жалғаңыз. Орнатып болғаннан
кейін ашаның қол жететін жерде
тұрғанына көз жеткізіңіз.
Қорек сымын немесе ашасын су қолмен
ұстамаңыз.
Құрылғыны тоқтан ажырату үшін
сымынан тартпаңыз. Әрқашан
ашасынан тартып суырыңыз.
ҰБ мен Ирландияға ғана арналған:
Құрылғының 13 амперлік қуат ашасы
бар. Егер қуат ашасының
сақтандырғышын ауыстыру қажет болса
13 амперлік ASTA (BS 1362)
сақтандырғышын пайдаланыңыз.
Бұл құрылғы E.E.C. ережелеріне сай
келеді.
Суға қосу
Су қосылымы түтіктеріне ешбір зақым
келтірмеңіз.
Құрылғыны жаңа құбырларға немесе
ұзақ уақыт қолданылмаған құбырларға
жалғамай тұрып, суын тазарғанша
ағызыңыз.
Құрылғыны алғаш рет қолданған кезде
еш жерінен су ақпай тұрғанына көз
жеткізіңіз.
Пайдалану
НАЗАРЫҢЫЗДА БОЛСЫН!
Жарақат алу, электр қатері, күйіп
қалу және өрт қаупі, құрылғыны
бүлдіріп алу қаупі бар.
Бұл құрылғыны үйде ғана
пайдаланыңыз.
Жуғыш заттың орамында көрсетілетін
нұсқауларды орындаңыз.
Тұтанғыш заттарды немесе ішіне
тұтанғыш зат салынған дымқыл
заттарды құрылғының ішіне, қасына
немесе үстіне қоймаңыз.
Кірдегі темір заттардың барлығының
алынғанына көз жеткізіңіз.
Құрылғының астына ағып кетуі мүмкін
суды құю үшін сауыт қоймаңыз.
Қолданылатын керек-жарақтың түрін
уәкілетті қызмет көрсету орталығына
хабарласып біліңіз.
Құрылғыны тастау
НАЗАРЫҢЫЗДА БОЛСЫН!
Жарақат алу немесе тұншығып
қалу қаупі бар.
Құрылғыны электр желісінен
ажыратыңыз.
Қуат сымын кесіп алыңыз да, қоқысқа
тастаңыз.
Балалар мен жануарлар құрылғыға
қамалып қалмас үшін есіктің бекітпесін
алыңыз.
4
Бұйым сипаттамасы
Құрылғының жалпы көрінісі
3
1
4
5
2
1
Басқару панелі
2
Қақпақ
3
Қақпақтың тұтқасы
4
Құрылғы деңгейін реттеуге арналған
тірек
5
Техникалық ақпарат тақтайшасы
Басқару панелінің сипаттамасы
90°
60°
40°
30°
1000
800
600
Отложенный старт
Вкл/Выкл
Синтетика
Хлопок
Деликатная
Освежить 20 мин
Шерсть / Ручная стирка
Хлопок ЭКО
Микс 20°
ч
ч
ч
Интенсивная
Полоскание
Отжим/Слив
Легкая
глажка
Быстрая
7 8621 3 4 5
1
Қосу / Өшіру түймешігі (ВКЛ/ВЫКЛ)
2
Бағдарлама таңдайтын сенсорлық
түймешік
3
Температураның сенсорлық түймешігі
4
Айналдыру режимін таңдау түймешігі
5
Параметрлерді таңдайтын сенсорлық
түймешік
6
Бастау/Үзіліс сенсорлық пернесі
7
Индикаторлар:
Бала қауіпсіздігінің индикаторы
Қосымша шаю индикаторы
Есік құлыптаулы индикаторы
8
Кешіктіріп бастау сенсорлық пернесі
5
Бағдарлама кестесі
Бағдарлама
Температура
ауқымы
Ең үлкен
салмақ
Ең үлкен
айналдыру
жылдамдығы
Бағдарлама сипаттамасы
(Кірдің салмағы және кірлеу дәрежесі)
30' @ 30°
30 °C
2 кг
800 мин/айн
Шамалы кірлеген немесе жаңартуды қажет ететін
синтетика және нәзік заттарға арналған қысқа цикл.
Хлопок
90 °C- Суық
5,5 кг
1000 мин/айн
Ақ және түрлі-түсті мақта мата. Қалыпты және
шамалы ластанған кір.
Хлопок Эко
1)
60 °C - 40 °C
5,5 кг
1000 мин/айн
Ақ мақта мата және бояуы қанық мақта мата.
Қалыпты кірлеген. Қуатты пайдалану азаяды және жуу
бағдарламасының уақыты ұзарады.
Синтетика
60 °C- Суық
2,5 кг
1000 мин/айн
Синтетика немесе аралас матадан жасалған заттар.
Қалыпты кірлеген.
Деликатная
40 °C- Суық
2,5 кг
1000 мин/айн
Акрил, вискоза, полиэстер тәрізді биязы матадан
жасалған заттар. Қалыпты кірлеген.
Шерсть/Ручная
стирка
40 °C- Суық
1 кг
1000 мин/айн
«Қолмен жуу» белгісі бар нәзік маталар,
машинамен жууға болатын жүн маталар және
қолмен жууға болатын жүн маталар.
2)
Освежить 20 мин
40 °C - 30 °C
1 кг
1000 мин/айн
Шамалы кірлеген немесе бір рет ғана киілген мақта
мата және синтетика заттарға арналған өте қысқа
цикл.
Микс 20°
20 °C
3 кг
1000 мин/айн
Шамалы кірлеген мақта матаға, синтетикаға және
аралас маталарға арналған арнайы бағдарлама. Қуат
мөлшерін азайту үшін осы бағдарламаны орнатыңыз.
Жақсы жуу нәтижелеріне қол жеткізу үшін, жуғыш
заттың төмен температураға арналғанын тексеріңіз
3)
.
1) Мақта мата, үнемді бағдарламасы. Бұл бағдарлама 60ºC градуспен жуатын, 5,5 салмаққа арналған, қуат мәндері көрсетілген
тақтайшадағы ақпарат негізінде EEC 92/75 стандарттарына сай берілген бағдарлама. Жуу нәтижесін жақсарту және қуатты аз
тұтыну үшін осы бағдарламаны орнатыңыз. Жуу бағдарламасының уақыты ұзарады.
2) Осы цикл кезінде кірді баппен жуу үшін барабан баяу айналады. Барабан айналмай тұрған сияқты немесе дұрыс айналмай
тұрған сияқты көрінуі мүмкін. Бұл құрылғы үшін қалыпты жағдай.
3) Ешбір температура индикаторы қосулы емес.
Бағдарлама параметрлерінің сыйысымдылығы
Бағдарлама Бы
стр
ая
1)
Ин
тен
сив
ная
Лег
кая
гла
жка
Поло
скан
ие
Отжим/
Слив
30' @ 30°
Хлопок
6
Бағдарлама Бы
стр
ая
1)
Ин
тен
сив
ная
Лег
кая
гла
жка
Поло
скан
ие
Отжим/
Слив
Хлопок Эко
Синтетика
Деликатная
Шерсть/Ручная
стирка
Освежить 20
мин
Микс 20°
1) Бұл функцияны орнатқан кезде кірдің мөлшерін азайтуды ұсынамыз. Кірді толтыра салуға болады, бірақ жуу нәтижесі
қанағаттанарлық болмайды. Ұсынылатын салыным: мақта мата: 2,75 кг, синтетика және нәзік мата: 1,5 кг.
Пайдалану көлемі
Осы кестеде жалпылама орташа мәндер көрсетілген. Әр түрлі себептер
деректердің өзгеруіне әкелуі мүмкін: кірдің мөлшері мен түрі, судың және
қоршаған ортаның температурасы.
Бағдарламалар Салма
қ (кг)
Қуат
тұтыну
(кВт/сағ)
Суды
пайдалану
(литр)
Бағдарламаның
болжалды ұзақтығы
(минут)
Мақта мата 60 °C 5,5 1,15 58 133
Мақта мата, үнемді 60 °C
бағдарламасы
1)
5,5 0,96 47 214
Мақта мата 40 °C 5,5 0,70 58 131
Синтетика 40 °C 2,5 0,55 46 102
Нәзік мата 40 °C 2,5 0,55 46 90
Жүн мата/Қолмен жуу 30 °C 1 0,35 52 56
1) 5,5 кг салмаққа арналған «Мақта мата, үнемді 60°C бағдарламасы» қуат мәндері көрсетілген тақтайшадағы ақпарат негізінде
EEC 92/75 стандарттарына сай берілген бағдарлама.
Сөндіру режимі (Вт) Қосулы режим (Вт)
0,48 0,48
Жоғарыда көрсетілген кестедегі ақпарат 2009/125/EО нұсқауын жүзеге асыру үшін ЕО
Комиссиясының 1015/2010 ережесіне сай берілген.
7
Функциялар
Температура
Осы функцияның көмегімен әдепкі
температураны өзгертуге болады.
индикаторы = суық су.
Орнатылған температураның индикаторы
жанады.
Айналдыру
Осы функцияның көмегімен әдепкі
айналдыру жылдамдығын өзгертуге
болады.
Орнатылған жылдамдықтың индикаторы
жанады.
Қосымша айналдыру параметрлері:
Айналдырмау
Барлық айналдыру циклдарын
болдырмау үшін осы функцияны
орнатыңыз. Су төгу циклы ғана жұмыс
істейді.
Тиісті индикатор жанады.
Бұл функцияны өте нәзік маталар үшін
орнатыңыз.
Кей жуу бағдарламаларында шаю
циклы көп су пайдаланады.
Шаюды кідірту
Кірлер мыжылып қалмас үшін осы
параметрді орнатыңыз.
Тиісті индикатор жанады.
Бағдарлама аяқталған кезде барабан
ішінде су қалады.
Кір мыжылып қалмас үшін барабан
мезгіл-мезгіл айналып тұрады.
Қақпақ құлыпталып тұрады. Қақпақты
ашу үшін суды міндетті түрде төгу керек.
Суды төгу үшін "Бағдарламаның
соңы" тарауын қараңыз.
Быстрая
Осы функция арқылы бағдарламаның
уақытын азайтуға болады.
Осы параметрді шамалы кірлеген немесе
жаңартуды қажет ететін кірлерді жуу үшін
қолданыңыз.
Тиісті индикатор жанады.
Интенсивная
Осы функцияның көмегімен қатты кірлеген
кірді жууға болады.
Осы функцияны қосқанда, жуу циклы
ұзағырақ болады.
Тиісті индикатор жанады.
Легкая глажка
Құрылғы кір мыжылып қалмас үшін
абайлап жуады және айналдырады.
Құрылғы айналдыру жылдамдығын
азайтады, суды көбірек пайдаланады және
бағдарламаның уақытын кірдің түріне
лайықтап қолданады.
Тиісті индикатор жанады.
Полоскание
Осы функцияның көмегімен, таңдалған жуу
бағдарламасындағы ең соңғы шаю режимін
орындауға болады.
Сонымен қатар Қосымша шаю ( )
функциясын орнатсаңыз, құрылғы екі
немесе көп шаю циклдарын қосады.
Тиісті индикатор жанады.
Отжим/Слив
Осы фунцияның көмегімен айналдыру
және су төгу циклдарын орындай аласыз.
Айналдыру циклы орнатылған жуу
бағдарламасына сай келеді.
Сонымен қатар, Айналдырмау
( ) циклын орнатсаңыз,
құрылғы тек суды төгу циклын
ғана орындайды.
Кешіктіріп бастау
Осы параметрдің көмегімен бағдарламаны
9, 6 немесе 3 сағатқа дейін кешіктіріп
бастауға болады.
Орнатылған мәннің индикаторы жанады.
8
Қосымша шаю
Осы параметрдің көмегімен жуу
бағдарламасына бірнеше шаю циклын
қосуға болады.
Бұл функцияны жуғыш заттарға
аллергиясы бар адамдар үшін және суы
тым тұщы жерлерде қолданыңыз.
Тиісті индикатор жанады.
1
Параметрлер
Қосымша шаю
Осы функцияның көмегімен жаңа
бағдарлама орнатқан кезде қосымша шаю
циклі тұрақты орнатылып тұрады.
Осы функцияны қосу/сөндіру үшін
және түймешіктерін индикаторы
жанғанша/сөнгенше қатар басыңыз.
Бала қауіпсіздігінің құралы
Осы функцияның көмегімен балалар
басқару панелімен ойнауға жол бермейсіз.
Осы функцияны қосу/сөндіру үшін,
және түймешіктерін индикаторы
жанғанша/сөнгенше қатар басыңыз.
Бұл функцияны түймешігін басқаннан
кейін іске қосыңыз: түймешіктер
бұғатталған (
түймешігінен басқа) .
Бұл функция құрылғыны
сөндіргеннен кейін де жұмыс
істеп тұрады.
Дыбыстық сигналдар
Дыбыстық сигналдар мына жағдайларда
қосылады:
Бағдарлама аяқталғанда.
Құрылғыда ақау бар кезде.
Дыбыстық сигналдарды сөндіру/қосу үшін
және түймешіктерін 4 секунд қатар
басыңыз.
Егер дыбыстық сигналдарды
сөндірсеңіз, олар құрылғыда
ақау пайда болған кезде қосыла
береді.
Бірінші қолданғанға дейін
1. Жуу циклына арналған бөлікке шамалы
жуғыш зат салыңыз.
2. Мақта матаға арналған бағдарламаны
орнатып, ең жоғары температураға
қойып ешбір кір салмай жуыңыз.
Бұл цикл барабан мен машинаның ішінде
бар болуы мүмкін кірлердің барлығын
кетіреді.
Әркүндік қолдану
НАЗАРЫҢЫЗДА БОЛСЫН!
Қауіпсіздік тарауларын қараңыз.
Кірді салу
1. Құрылғының қақпағын ашыңыз.
2. A түймешігін басыңыз.
Барабан автоматты түрде ашылады.
3. Кірді барабанға бір-бірден салыңыз.
4. Кірлерді құрылғыға салар алдында
сілкілеңіз.
Барабанға тым көп кір салынбағанына көз
жеткізіңіз.
5. Барабан мен қақпақты жабыңыз.
1 Осы функцияны іске қосуға қатысты ақпаратты "Параметрлер" тарауынан қараңыз.
9
A
САҚТАНДЫРУ ТУРАЛЫ
ЕСКЕРТУ!
Құрылғының есігін жабар
алдында, барабанның дұрыс
жабылғанына көз жеткізіңіз.
Жуғыш зат пен үстемелерді
пайдалану
Жуғыш зат пен мата жұмсартқышты өлшеп
алыңыз.
Жуғыш зат салынатын бөліктер
Жуу циклына арналған жуғыш
зат бөлігі.
Сұйық үстемелерге арналған
бөлік (мата жұмсартқыш,
крахмал).
САҚТАНДЫРУ
ТУРАЛЫ
ЕСКЕРТУ!
MAX деңгейінен
асырмаңыз.
Құрылғыны іске қосу
Құрылғыны іске қосу немесе сөндіру үшін
түймешігін бірнеше секунд басып ұстап
тұрыңыз.
Құрылғы іске қосылған кезде дыбыстық
сигнал естіледі. Құрылғының іске
қосылғанын көрсететін жанданған белгі
көрсетіледі. Жанданған белгі әр жуу
бағдарламасын, әдепкі температура мен
айналдыру параметрлерін жылдам
көрсетіп тұрады.
Бағдарламаны орнату
1. Бағдарлама түймешігін басып,
бағдарламаны орнатыңыз:
түймешігінің индикаторы баяу
жыпылықтайды.
2. Қажет болса, температура мен
айналдыру жылдамдығын өзгертіңіз
немесе қолжетімді параметрлерді
қосыңыз. Параметрді қосқан кезде
орнатылған параметрдің индикаторы
жанады.
Қандай бір параметрді дұрыс
орнатпасаңыз, түймешігінің
индикаторы үш рет қызыл түспен
жыпылықтайды.
Кешіктіріп бастау функциясы жоқ
бағдарламаны бастау
түймешігін басыңыз.
түймешігінің индикаторы
жыпылықтауын тоқтатып, жанған
қалпы тұрады.
Бағдарлама басталып, қақпақ
құлыпталады да, индикаторы
жанады.
Су сорғысы жуу циклының
басында шамалы уақыт жұмыс
істейді.
Кешіктіріп бастау функциясы бар
бағдарламаны бастау
Бағдарламаны 9, 6 немесе 3 сағатқа дейін
кешіктіріп бастауға болады.
1. Кешіктіріп бастау уақытын таңдау үшін
түймешігін басыңыз.
Таңдалған кешіктіріп бастау уақытының
индикаторы жанады.
2.
түймешігін басыңыз:
Құрылғы кері санай бастайды.
Кері санақ аяқталған кезде,
бағдарлама автоматты түрде
басталады.
10
Орнатылған кешіктіріп бастау
уақытының мәнін түймешігін
түртпей тұрып болдырмауға
немесе өзгертуге болады.
түймешігін түрткеннен кейін
кешіктіруді болдырмайтын ғана
мүмкіндік бар.
Кешіктіріп бастау функциясын болдырмау
үшін:
1. Құрылғыны үзіліске қою үшін
түймешігін түртіңіз.
2. түймешігін орнатылған кешіктіру
индикаторы сөнгенше басыңыз.
Бағдарламаны дереу бастау үшін
түймешігін қайта түртіңіз.
Бағдарламаны кідірту және
параметрлерді өзгерту
Кей функцияларды ғана басталмай тұрып
өзгертуге болады.
1.
түймешігін басыңыз.
Осы түймешіктің индикаторы
жыпылықтайды.
2. Функцияларды өзгертіңіз.
3. түймешігін қайта басыңыз.
Бағдарлама жалғасады.
Бағдарламаны болдырмау
1. Бағдарламаны біржола тоқтатып
құрылғыны сөндіру үшін
түймешігін
бірнеше секунд басыңыз.
2. Құрылғыны іске қосу үшін осы
түймешікті қайта басыңыз. Енді жаңа
жуу бағдарламасын орнатуға болады.
Құрылғы суы сарқылмай тұр.
Барабанда қалған суды келесі
жуу циклында қолдануға болады.
Қақпақты ашу
Бағдарлама немесе кешіктіріп бастау
жұмыс істеп тұрғанда, құрылғының қақпағы
бекітулі тұрады. индикаторы жанады.
САҚТАНДЫРУ ТУРАЛЫ
ЕСКЕРТУ!
Егер барабанның ішіндегі судың
температурасы мен деңгейі өте
жоғары болса, қақпақты аша
алмайсыз.
Циклдың алғашқы минутында немесе
кешіктіріп бастау функциясы жұмыс
істеп тұрғанда қақпақты ашу үшін:
1. Құрылғыны кідірте тұру үшін
түймешігін түртіңіз.
2.
индикаторы сөнгенше бірнеше
минут күтіңіз.
1
3. Қақпақты ашуға болады.
4. Қақпақты жауып түймешігін қайта
басыңыз. Бағдарлама (немесе
кешіктіріп бастау функциясы)
жалғасады.
Бағдарламаның соңы
Құрылғы автоматты түрде тоқтайды.
Дыбыстық сигналдар естіледі (егер
қосулы тұрса).
түймешігінің индикаторы сөнеді.
Қақпақ құлпының
индикаторы
(қақпақтың құлпы ашылғанда)
жыпылықтап, содан кейін сөнеді.
Қақпақты ашуға болады.
Құрылғыдан кірді алыңыз. Барабанның
бос екеніне көз жеткізіңіз.
Құрылғыны сөндіру үшін түймешігін
бірнеше секунд басыңыз.
Судың шүмегін жабыңыз.
Зең және иіс пайда болмас үшін
қақпақты сәл ашып қойыңыз.
Жуу бағдарламасы аяқталды, бірақ
барабанда су тұр:
Кір мыжылып қалмас үшін барабан
мезгіл-мезгіл айналып тұрады.
Суды төгу керек екенін ескерту үшін
индикаторы жыпылықтайды.
Қақпақ бұғаттаулы индикаторы
жанып тұр. түймешігінің индикаторы
жыпылықтайды. Қақпақ құлыпталып
тұрады.
Қақпақты ашу үшін суды төгу керек.
1 Қақпақтың құлпы ашылғанда индикаторы жыпылықтайды.
11
Суды төгу:
1. Суды төгу үшін.
түймешігін басыңыз. Құрылғы
суды төгіп, таңдалған жуу
бағдарламасының ең үлкен
айналдыру жылдамдығымен
айналдырады.
Балама ретінде, айналдыру
жылдамдығын өзгерту үшін
түймешігін түртіп, содан кейін
түймешігін басыңыз. Құрылғы суды
төгеді де, айналдыру кезеңін
орындайды. Егер
параметрін
орнатсаңыз, құрылғы тек суды ғана
төгеді.
2. Бағдарлама аяқталып, бірнеше
минуттан кейін қақпақ бұғаттаулы
индикаторы
көрінбей кеткенде,
қақпақты ашуға болады.
3. Құрылғыны сөндіру үшін түймешігін
бірнеше секунд басыңыз.
Құрылғы шамамен 18 сағаттан
кейін суды автоматты түрде
төгеді және айналдырады (Жүн
мата бағдарламаларынан басқа
бағдарламаларда).
AUTO-OFF функциясы
AUTO-OFF күту функциясы
пайдаланылатын қуат мөлшерін азайту
үшін құрылғыны автоматты түрде
сөндіреді. Барлық индикаторлар келесі
жағдайда сөнеді:
Құрылғыны түймешігін басу алдында
5 минут пайдаланбасаңыз.
Құрылғыны қайта іске қосу үшін
түймешігін басыңыз.
Жуу бағдарламасы аяқталғаннан кейін 5
минут өткен соң.
Құрылғыны қайта іске қосу үшін
түймешігін басыңыз.
Егер жаңа цикл орнатқыңыз келсе
түймешігін басыңыз.
Ақыл-кеңес
Кір салу
Кірді былай сұрыптаңыз: ақ, түрлі-түсті,
синтетика, нәзік және жүн мата.
Кірдің затбелгісіндегі жуу нұсқауларын
орындаңыз.
Ақ және түрлі-түсті заттарды бірге
жумаңыз.
Кейбір түрлі-түсті заттарды алғаш
жуғанда бояуы шығуы мүмкін. Оларды
алғаш жуғанда бөлек жууға кеңес
береміз.
Жастық қаптарының түймесін салып,
тартпаларды тартып жауып, ілгектер
мен батырма түймешіктерді салыңыз.
Белбеулерді байлаңыз.
Қалталарды босатып, оралған заттарды
ашыңыз.
Көп қабатты матадан жасалған, жүн
матадан жасалған немесе сурет
салынған киімдердің астарын сыртына
аударыңыз.
Қатты дақтарды кетіріңіз.
Өте кір дақтарды арнайы жуғыш затпен
жуыңыз.
Перделерді абайлап жуыңыз. Ілгектерін
алыңыз немесе перделерді кір жуатын
торға немесе жастықтың тысына
салыңыз.
Шашақтары бар немесе кесілген
жерлері бар заттарды құрылғыда
жумаңыз. Кішкене заттарды жуу үшін
(мысалы, сым өткізілген төс тартқыш,
белдіктер, колготкилер, т.с.с.) кір жууға
арналған торды пайдаланыңыз.
Кір өте аз салынса, айналдыру циклі
кезінде теңгерімді сақтауға қатысты
мәселе орын алуы мүмкін. Бұндай
жағдай орын алса, барабандағы кірді
қолмен таратып, қайта айналдыра
бастаңыз.
Оңай кетпейтін дақтар
Кейбір дақтарды кетіру үшін су мен жуғыш
зат жеткіліксіз болады.
12
Бұндай дақтарды кірді құрылғыға салмай
тұрып тазалауды ұсынамыз.
Дақ кетіретін арнайы құралдар болады. Дақ
пен матаның түріне сай келетін арнайы дақ
кетіргішті қолданыңыз.
Жуғыш заттар мен үстемелер
Кір жуғыш машиналарға арналған
жуғыш заттар мен үстемелерді ғана
қолданыңыз:
матаның барлық түрлеріне арналған
ұнтақ жуғыштар,
нәзік мата (ең көбі 40 °C) мен жүн
тоқымаларға арналған ұнтақ
жуғыштар,
матаның барлық түрлеріне не тек
жүн матаға арналған, төмен
температурада жуатын
бағдарламаларға (ең көбі 60 °C)
арналған сұйық жуғыш заттар.
Әр түрлі жуғыш заттарды
араластырмаңыз.
Қоршаған ортаға зиян келтірмеу үшін
жуғыш затты қажетті мөлшерден артық
пайдаланбаңыз.
Осы заттардың орамында көрсетілетін
нұсқауларды орындаңыз.
Матаның түріне және түсіне,
бағдарламаның температурасы мен
кірдің деңгейіне сай келетін құралдарды
қолданыңыз.
Егер құрылғының жуғыш зат
үлестіргішінде мөлшерлегіш құрал
(жуғыш зат өндірушісі қамтамасыз етеді)
болмаса, мөлшерлегіш шарикті
қолданыңыз.
Қоршаған ортаға қатысты ескерім
Қалыпты кірлеген кірді алдын ала жуу
циклі жоқ бағдарламаны қолданып
жуыңыз.
Жуу бағдарламасын кірді әрқашан
неғұрлым көп салғаннан кейін бастаңыз.
Төмен температурада жуатын
бағдарламаны таңдаған кезде, қажет
болса дақ кетіргішті қолданыңыз.
Жуғыш затты дұрыс мөлшерде қолдану
үшін, жергілікті су жүйесіндегі судың
кермектігін тексеріңіз
Су кермектігі
Сіз тұратын жердегі су өте кермек немесе
орташа кермек болса, кір жуғыш машинада
су жұмсартқышты қолдануды ұсынамыз.
Суы тұщы жерлерде су жұмсартқышты
қолдану қажет емес.
Жергілікті жердегі судың кермектігін білу
үшін су жүйесін басқару мекемесіне
хабарласыңыз.
Су жұмсартқышты дұрыс мөлшерлеп
пайдаланыңыз. Бұйымның орамында
көрсетілетін нұсқауларды орындаңыз.
Күту менен тазалау
НАЗАРЫҢЫЗДА БОЛСЫН!
Қауіпсіздік тарауларын қараңыз.
Сыртын тазалау
Құрылғыны сабын мен жылы суды ғана
қолданып тазалаңыз. Барлық беттерін
әбден құрғатыңыз.
САҚТАНДЫРУ ТУРАЛЫ
ЕСКЕРТУ!
Спирт, еріткіш немесе химиялық
заттарды қолданбаңыз.
Қақты тазалау
Сіз тұратын жердегі су өте кермек немесе
орташа кермек болса, кір жуғыш машинаға
арналған қақ тазалайтын құралды
қолдануды ұсынамыз.
Барабанның ішін мезгіл-мезгіл тексеріп, әк
және тот бөлшектерінің жоқ екеніне көз
жеткізіңіз.
Тот бөлшектерін тазалау үшін кір жуғыш
машиналарға арналған арнайы
құралдарды ғана пайдаланыңыз. Бұны кір
жумай тұрғанда орындаңыз.
Бұйымның орамында
көрсетілетін нұсқауларды
әрқашан орындаңыз.
13
Тазалап жуу
Төмен температура бағдарламаларын
қолданғанда барабанда шамалы жуғыш
зат қалып қоюы мүмкін. Құрылғыға күтім
көрсету үшін уақытылы жуыңыз. Ол үшін:
Барабаннан кірді алыңыз.
Мақта мата жууға арналған
бағдарламаны, шамалы жуғыш зат
салып ең жоғары температураға қойып
орнатыңыз.
Қақпақ тығыздағыш
Тығыздағыштың күйін үнемі тексеріңіз.
Қажетіне қарай тығыздағышты аммиакты
кремі бар жуғыш затты қолданып, бетіне
сызат түсірмей тазалаңыз.
Бұйымның орамында
көрсетілетін нұсқауларды
әрқашан орындаңыз.
Жуғыш зат үлестіргішін тазалау
1
2
1 2
3 4
Су төгетін түтіктегі сүзгіні тазалау
4
3
5
6
2
1
7
8
9
10
CLACK
11
CLACK
Су құятын түтіктің және клапанның
сүзгісін тазалау
1
2
3
1 2
14
3
90˚
4
Мұздап кетуден сақтау
Құрылғы температурасы 0 °C градустан
төмен түсетін жерге орнатылса, су құятын
және төгетін түтіктердегі, су төгетін
сорғыдағы қалған суды төгіңіз.
Суды тосын жағдай орын
алғанда төгу үшін де осы
әрекетті орындаңыз.
1. Ашаны розеткадан суырып алыңыз.
2. Судың шүмегін жауып, су құятын түтікті
ағытыңыз.
3. Су төгетін түтікті раковинадан немесе
төлкеден ағытыңыз.
4. Су төгетін және құятын түтіктердің
ұшын сауытқа салыңыз. Түтіктердегі
суды ағызыңыз.
5. Ашаны розеткаға сұғыңыз да,
құрылғыны қайта іске қосыңыз.
6. Кез-келген жуу циклын "Су төгу және
Айналдыру" параметрімен бірге
орнатыңыз, ол циклдың соңына дейін
жұмыс істеуі керек.
7. Құрылғыны сөндіру үшін түймешігін
басыңыз.
8. Құрылғыны розеткадан ағытыңыз.
НАЗАРЫҢЫЗДА БОЛСЫН!
Құрылғыны қайта іске қолданар алдында
температураның 0 °C градустан жоғары
екеніне көз жеткізіңіз. Төмен температураға
байланысты орын алған ақауларға
өндіруші жауапкершілік көтермейді.
Ақаулықты түзету
НАЗАРЫҢЫЗДА БОЛСЫН!
Қауіпсіздік тарауларын қараңыз.
Кіріспе
Құрылғы жұмыс істей бастамайды немесе
жұмыс істеп тұрып тоқтап қалады.
Алдымен ақаулықты түзету жолын іздеңіз
(кестеге қараңыз). Әйтпесе қызмет көрсету
орталығына хабарласыңыз.
Кей ақаулық орын алғанда дыбыстық
сигнал естіледі. Ескерту кодын көрсету
үшін
түймешігінің индикаторы қызыл
түспен жыпылықтайды да,
индикаторлардың бірі жанады:
- Құрылғыға су дұрыс құйылмай тұр.
- Құрылғының суы төгілмей тұр.
- Құрылғының қақпағы немесе
барабанының есіктері ашық немесе
дұрыс жабылмаған. Екеуін де тексеріңіз!
түймешігінің индикаторы қызыл
түспен 11 рет және 1 (немесе 2 немесе
3) рет сары түспен жыпылықтайды:
Электрмен жабдықтау тұрақты емес.
Электр желісі тұрақтанғанша күтіңіз.
НАЗАРЫҢЫЗДА БОЛСЫН!
Тексеріп көру алдында
құрылғыны тоқтан ажыратыңыз.
15
Ықтимал ақаулықтар
Ақаулық Ықтимал шешімі
Бағдарлама басталмай
тұр.
Ашаның розеткаға қосылғанына көз жеткізіңіз.
Құрылғының қақпағы мен барабан есіктерінің дұрыс
жабылғанына көз жеткізіңіз.
Сақтандырғыш қорабындағы сақтандырғышқа зақым
келмегеніне көз жеткізіңіз.
Бастау/Үзіліс түймешігінің басылғанына көз жеткізіңіз.
Егер кешіктіріп бастау функциясы орнатылып тұрса, оны
ажыратыңыз не кері санақ аяқталғанша күтіңіз.
Егер Бала қауіпсіздігінің құралы қосулы тұрса, оны
ажыратыңыз.
Құрылғыға су дұрыс
құйылмай тұр.
Су шүмегінің ашық тұрғанына көз жеткізіңіз.
Сумен жабдықтау жүйесіндегі судың қысымының өте төмен
емес екеніне көз жеткізіңіз. Бұл ақпаратты жергілікті су
ресурстары мекемесіне хабарласып алыңыз.
Су шүмегінің бітеліп қалмағанына көз жеткізіңіз.
Су құятын түтіктің сүзгісі мен клапанның сүзгілерінің бітеліп
қалмағанына көз жеткізіңіз. "Күту менен тазалау" тарауын
қараңыз.
Су құятын түтіктің бұратылып немесе майысып қалмағанына
көз жеткізіңіз.
Су құятын түтіктің дұрыс орнатылғанын көз жеткізіңіз.
Құрылғы суы сарқылмай
тұр.
Раковина түтікшесінің бітеліп қалмағанына көз жеткізіңіз.
Су төгетін түтіктің бұратылып немесе майысып қалмағанына
көз жеткізіңіз.
Су төгетін түтіктің дұрыс қосылғанына көз жеткізіңіз.
Егер су төгу циклы жоқ бағдарламаны орнатсаңыз, су төгу
режимін орнатыңыз.
Егер цикл соңында барабанда су қалатын функцияны
орнатсаңыз, су төгу режимін орнатыңыз.
Егер жоғарыда көрсетілген шешімдер көмектеспесе, Уәкілетті
қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз (су төгетін
сорғының сүзгісі бітеліп қалуы мүмкін).
Айналдыру циклы жұмыс
істемейді немесе жуу
циклы әдеттегіден ұзаққа
созылады.
Бұндай жағдай орын алса, барабандағы кірді қолмен таратып,
айналдыру циклін қайта бастаңыз. Бұл мәселе теңгерімге
байланысты болуы мүмкін.
Айналдыру циклын орнатыңыз.
Аяқталғанда барабан ішінде су қалатын циклды орнатсаңыз,
су төгу циклын орнатыңыз.
Егер жоғарыда көрсетілген шешімдер көмектеспесе, Уәкілетті
қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз (су төгетін
сорғының сүзгісі бітеліп қалуы мүмкін).
Еденге су аққан.
Су түтіктерінің жалғастырғыштарының берік екеніне және су
ағып тұрмағанына көз жеткізіңіз.
Су құятын және төгетін түтіктерге ешбір зақым келмегеніне көз
жеткізіңіз.
Дұрыс жуғыш заттың дұрыс мөлшерде пайдаланылғанына көз
жеткізіңіз.
16
Ақаулық Ықтимал шешімі
Құрылғының қақпағын аша
алмадыңыз.
Жуу бағдарламасының аяқталғанына көз жеткізіңіз.
Барабанның ішінде су бар болса, су төгу немесе айналдыру
циклын орнатыңыз.
Құрылғыдан тосын шуыл
шығады.
Құрылғы деңгейінің дұрыс реттелгеніне көз жеткізіңіз. "Орнату
бойынша нұсқаулық" тарауын қараңыз.
Орам материалдарының және/немесе тасымал болттарының
алынғанына көз жеткізіңіз. "Орнату бойынша нұсқаулық"
тарауын қараңыз.
Барабанға көбірек кір қосып салыңыз. Кір тым аз салынған
болуы мүмкін.
Құрылғыға су құйылады
да, дереу төгіледі.
Су төгетін түтіктің дұрыс орнатылғанына көз жеткізіңіз. Су
түтігінің ұшы тым аласа орнатылған болуы мүмкін. "Орнату
бойынша нұсқаулық" тарауын қараңыз.
Жуу нәтижелері
қанағаттанарлық емес.
Жуғыш заттың мөлшерін көбейтіңіз немесе басқа жуғыш затты
пайдаланыңыз.
Оңай жуылмайтын дақтарды арнайы жуғыш заттарды
пайдаланып, кір жумай тұрып тазалаңыз.
Температураның дұрыс орнатылғанына көз жеткізіңіз.
Кірдің салмағын азайтыңыз.
Функцияны орната
алмадыңыз.
Қажет сенсорлық түймешік(тер)дің ғана басылғанына көз
жеткізіңіз.
Тексеріп болғаннан кейін құрылғыны іске
қосыңыз. Бағдарлама үзілген жерінен
бастап жалғасады.
Ақаулық қайта орын алса, уәкілетті қызмет
көрсету орталығына хабарласыңыз.
Егер құрылғыда басқа ақаулық кодтары
көрсетілсе ( түймешігінің индикаторы
қызыл түспен жыпылықтайды). Құрылғыны
сөндіріңіз де, іске қосыңыз. Ақаулық
жалғаса берсе, уәкілетті қызмет көрсету
орталығына хабарласыңыз.
Қызмет
Фирмалық заттарды қолдануды ұсынамыз.
Уәкілетті қызмет көрсету орталығына
хабарласқан кезде мына деректерді
дайындап алыңыз. Бұл ақпаратты
техникалық ақпарат тақтайшасынан таба
аласыз. үлгі (Mod.), Өнім нөмірі (Prod.No.),
Сериялық нөмірі (Ser.No.).
Техникалық сипаттама
Өлшемі Ені / Биіктігі / Тереңдігі/
Жалпы тереңдігі
400 мм/ 890 мм/ 600 мм/ 600 мм
Электртоғына қосу Кернеу
Жалпы қуат
Сақтандырғыш
Жиілік
230 В
2200 Вт
10 A
50 Гц
17
Төмен кернеумен жұмыс істейтін және ылғалға қарсы
қорғалмаған жерлерден басқа жерлердің барлығы
қатты заттар және ылғалдың кіруіне жол бермейтін
қорғаныс қабатымен қорғалған
IPX4
Құйылатын судың
қысымы
Ең азы
Ең көбі
0,5 бар (0,05 MПa)
8 бар (0,8 MПa)
Құйылатын су
1)
Суық су
Ең үлкен салмақ Мақта мата 5,5 кг
Қуат тиімділігі санаты A+
Айналдыру жылдамдығы Ең көбі 1000 мин/айн
1) Су құятын түтікті 3/4''бұрандалы су шүмегіне қосыңыз.
Қоршаған ортаға қатысты ақпарат.
белгішесі салынған орам
материалдарын қайта өңдеуге
тапсырыңыз. Орам материалдарын қайта
өңделетін қалдыққа арналған жәшікке
тастаңыз. Қоршаған орта мен адам
денсаулығын сақтауға және электр,
электроника құрылғыларын өңдеуден
өткізуге көмектесіңіз. Таңба салынған
құрылғыларды тұрмыстық қоқыстармен
бірге тастамаңыз. Құрылғыны жергілікті
қайта өңдеуден өткізу мекемесіне
қайтарыңыз немесе жергілікті әкімшілік
мекемеге хабарласыңыз.
18
Содержание
Сведения по технике безопасности 19
Указания по безопасности 20
Описание изделия 22
Описание панели управления 22
Таблица программ 23
Показатели потребления 25
Режимы 25
Параметры 26
Перед первым использованием 27
Ежедневное использование 27
Полезные советы 30
Уход и очистка 31
Поиск и устранение неисправностей 33
Технические данные 35
Право на изменения сохраняется.
Сведения по технике безопасности
Перед установкой и эксплуатацией прибора внимательно
ознакомьтесь с приложенным руководством.
Производитель не несет ответственность за травмы и
повреждения, полученные/вызванные неправильной
установкой и эксплуатацией. Позаботьтесь о том, чтобы
данное руководство было у Вас под рукой на протяжении
всего срока службы прибора.
Безопасность детей и лиц с ограниченными
возможностями
Данный прибор может эксплуатироваться детьми старше
8 лет и лицами с ограниченными физическими,
сенсорными или умственными способностями и с
недостаточным опытом или знаниями только при
условии нахождения под присмотром лица, отвечающего
за их безопасность, или после получения
соответствующих инструкций, позволяющих им
безопасно эксплуатировать электроприбор и дающих им
представление об опасности, сопряженной с его
эксплуатацией.
Не позволяйте детям играть с прибором.
Храните все упаковочные материалы вне досягаемости
детей.
Храните все средства для стирки вне досягаемости
детей.
Не подпускайте детей и домашних животных к прибору,
когда его дверца открыта.
19
Очистка и доступное пользователю техническое
обслуживание не должно производиться детьми без
присмотра.
Общие правила техники безопасности
Не изменяйте параметры данного прибора.
Соблюдайте максимально допустимую загрузку в 5,5 кг
(см. Главу «Таблица программ»).
Рабочее давление воды (минимальное и максимальное)
должно находиться в пределах 0,5 бар (0,05 МПа) и 8
бар (0,8 МПа).
Вентиляционные отверстия в днище (если они
предусмотрены конструкцией) не должны перекрываться
ковровым покрытием.
При подключении прибора к водопроводу должны
использоваться новые поставляемые с ним комплекты
шлангов. Использовать старые комплекты шлангов
нельзя.
В случае повреждения шнура питания во избежание
несчастного случая он должен быть заменен
изготовителем, авторизованным сервисным центром или
специалистом с равнозначной квалификацией.
Перед выполнением операций по чистке и уходу
выключите прибор и извлеките вилку сетевого шнура из
розетки.
Не используйте для очистки прибора подаваемую под
давлением воду или пар.
Протирайте прибор мягкой влажной тряпкой.
Используйте только нейтральные моющие средства. Не
используйте абразивные средства, царапающие губки,
растворители или металлические предметы.
Указания по безопасности
Установка
Удалите всю упаковку и вывинтите
транспортировочные болты.
Сохраните транспортировочные болты.
Перед следующим перемещением
прибора Вам будет необходимо
заблокировать барабан.
Прибор имеет большой вес: не
забывайте о мерах предосторожности
при его перемещении. Обязательно
используйте защитные перчатки.
20
/