12. Пешке қою алдында қағаз немесе
пластик ыдыстардан/пакеттерден сым
бұрағыш қысқыштарды және металл
тұтқаларды алыңыз.
13. Осы пешті тек қамтамасыз етілген
орнату туралы нұсқауларға сай
орнатыңыз немесе орналастырыңыз.
14. Қабықтағы жұмыртқаларды және
бүтін қатты қайнатылған жұмыртқаларды
қысқа толқынды пештерде қыздыруға
болмайды, өйткені олар тіпті қысқа
толқындармен қыздыру аяқталғаннан
кейін де жарылуы мүмкін.
15. Бұл құрылғыны тек өз мақсатында
нұсқаулықта сипатталғандай
пайдаланыңыз. Коррозия тудыратын
химикаттарды немесе буларды осы
құрылғыда пайдаланбаңыз. Бұл пеш
қыздыруға арналған. Ол өндірістік
немесе зертханалық пайдалануға
арналмаған.
16. Қуат сымы зақымдалса, қауіпті
болдырмау үшін оны өндіруші, оның
қызмет көрсету агенті немесе солар
сияқты білікті адамдар ауыстыруы керек.
17. Бұл құрылғыны сыртта сақтамаңыз
немесе пайдаланбаңыз.
18. Бұл пешті су жанында, ылғалды
негізде немесе бассейн жанында
пайдаланбаңыз.
19. Құрылғы жұмыс істеп жатқанда
қол жеткізуге болатын беттердің
температурасы жоғары болуы мүмкін.
Пайдалану кезінде беттер қызуы мүмкін.
Сымды қыздырылған беттен аулақ
ұстаңыз және пешті ешбір жағдайда
жаппаңыз.
20. Сымның үстел немесе сатушы
сөресі жиегінен салбырап тұруына жол
бермеңіз.
21. Пешті таза күйде ұстамау беттің
тозуына әкеліп, бұл құрылғының қызмет
мерзіміне теріс әсер етуі және қауіпті
жағдайға әкелуі мүмкін.
22. Күйіктерді болдырмау үшін тұтыну
алдында тамақтандыру бөтелкелерінің
және сәбилер тамағы банкаларының
құрамын араластыру немесе сілку және
температураны тексеру қажет.
23. Сусындарды қысқа толқындармен
қыздыру кешіктірілген жарылатын
қайнауға әкелуі мүмкін, сондықтан,
ыдысты ұстағанда сақ болу керек.
24. Бұл құрылғы қауіпсіздік үшін
жауапты тұлға тарапынан аспапты
пайдалану нұсқаулары үйретілмесе,
физикалық, сезу органдары немесе
ақыл-ой қабілеттері шектеулі немесе
тиісті тәжірибе мен білімге ие емес
тұлғалар (балаларды қосқанда)
пайдалануға арналмаған.
25. Балалардың құрылғымен
ойнамауын қадағалау керек.
26. Шкафта сыналған болмаса, қысқа
толқынды пешті шкафқа қоймау керек.
27. Құрылғылар сыртқы таймер немесе
бөлек қашықтан басқару жүйесі арқылы
пайдалануға арналмаған.
28. ЕСКЕРТУ: Ток соғу мүмкіндігін
болдырмау үшін шамды ауыстыру
алдында құрылғы өшірулі екеніне көз
жеткізіңіз.
29. Қол жететін бөліктер пайдалану
кезінде ыстық болуы мүмкін. Жас
балаларды аулақ ұстау керек.
30. Бумен тазалағышты пайдаланбау
керек.
31. Сақтау тартпасының беті қызуы
мүмкін.
32. Күшті абразивтік тазалағыштарды
немесе үшкір металл қырғыштарды есік
әйнегін тазалау үшін пайдаланбаңыз,
өйткені олар бетке сызат түсіріп, бұл
әйнектің сынуына әкелуі мүмкін.
33. Пайдалану кезніде құрылғы
ыстық болады. Пеш ішіндегі қыздыру
элементтеріне тиіп кетпеу керек.
KZ