Electrolux EWM1042NDU Руководство пользователя

  • Здравствуйте! Я — чат-бот, ознакомленный с инструкцией по эксплуатации стиральной машины Electrolux EWM 1042NDU. Я могу ответить на ваши вопросы относительно функций машины, таких как выбор программ стирки, регулировка параметров, устранение неполадок и уход за устройством. В инструкции подробно описаны все функции, программы и параметры устройства, а также представлены советы по эксплуатации и устранению неисправностей.
  • Как установить отложенный старт?
    Какое максимальное количество белья можно загрузить?
    Что делать, если машина не сливает воду?
    Как включить функцию защиты от детей?
EWM 1042NDU
KK Кір жуғыш машина Қолдану туралы нұсқаулары 2
RU Стиральная машина Инструкция по эксплуатации 27
МАЗМҰНЫ
1. ҚАУІПСІЗДІК АҚПАРАТЫ................................................................................. 3
2. ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЛАРЫ............................................................................ 5
3. БҰЙЫМ СИПАТТАМАСЫ................................................................................. 7
4. БАСҚАРУ ПАНЕЛІ.............................................................................................7
5. БАҒДАРЛАМАЛАР............................................................................................ 8
6. ПАЙДАЛАНУ КӨЛЕМІ.....................................................................................10
7. ФУНКЦИЯЛАР.................................................................................................11
8. ПАРАМЕТРЛЕР...............................................................................................11
9. ЕҢ АЛҒАШ ПАЙДАЛАНУ АЛДЫНДА.............................................................12
10. ӘРКҮНДІК ҚОЛДАНУ....................................................................................12
11. АҚЫЛ-КЕҢЕС................................................................................................ 17
12. КҮТУ МЕНЕН ТАЗАЛАУ............................................................................... 18
13. АҚАУЛЫҚТЫ ТҮЗЕТУ...................................................................................22
14. ТЕХНИКАЛЫҚ ДЕРЕК...................................................................................25
15. НЕГІЗГІ ЖЕЛІГЕ БАЙЛАНЫСТЫ МӘСЕЛЕ ............................................... 25
СІЗ ОЙЫМЫЗДА БОЛДЫҢЫЗ
Electrolux құрылғысын сатып алғаныңызға рахмет. Сіз ондаған жылдар
бойғы кәсіби тәжірибе мен инновацияға сүйеніп жасалған құрылғыны
таңдадыңыз. Тапқырлықтың туындысы болған, көз тартарлық бұл құрылғыны
жасау барысында сіз ойымызда болдыңыз. Сондықтан, қолданған сайын
тамаша нәтижеге қол жеткізе алатыныңызға сенімді болыңыз.
Electrolux әлеміне қош келдіңіз.
Біздің веб-сайтқа барып келесіні қараңыз:
Пайдалану туралы ақпарат, кітапша, ақаулықты түзету, қызмет ақпаратын
мына жерден алыңыз:
www.electrolux.com/webselfservice
Сізге барынша жақсы қызмет көрсету үшін өніміңізді мына жерге тіркеңіз:
www.registerelectrolux.com
Құрылғыңызға қажетті керек-жарақтарды, шығынды материалдарды және
фирмалық қосалқы бөлшектерді сатып алу үшін:
www.electrolux.com/shop
ТҰТЫНУШЫҒА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
Фирмалық заттарды қолдануды ұсынамыз.
Қызмет көрсету орталығына хабарласқанда келесі деректердің дайын
болуын қамтамасыз етіңіз. Үлгісі, Өнім нөмірі, Сериялық нөмірі.
Деректерді техникалық ақпарат тақтайшасынан алуға болады.
Ескерту / Қауіп-қатерден сақтандыру ақпараты
Жалпы ақпарат және ақыл-кеңес
Қоршаған ортаға қатысты ақпарат
Өндіруші ескертусіз өзгеріс енгізу құқығына ие.
www.electrolux.com2
1. ҚАУІПСІЗДІК АҚПАРАТЫ
Құрылғыны орнатып іске қолданар алдында бірге
жеткізілген нұсқауларды мұқият оқып шығыңыз.
Дұрыс орнатпау немесе пайдаланбау нәтижесінде
орын алған жарақат немесе зақымдарға өндіруші
жауапты емес. Нұсқаулықтарды кейін қарап жүру
үшін әрқашан қауіпсіз және қол жетімді жерде
сақтаңыз.
1.1 Балалар мен дәрменсіз адамдардың
қауіпсіздігі
Бұл құрылғыны 8 жастан асқан балалар мен
денесіне, сезім жүйесіне не ақыл-есіне зақым
келген не тәжірибесі аз адамдар өз қауіпсіздіктерін
қамтамасыз ететін адамның қадағалауы не
құрылғыны қауіпсіз қолдану бойынша берген
нұсқауына сүйеніп, дұрыс қолданбау салдарын
түсінсе, онда қолдануына болады.
3 және 8 жас арасындағы балалар мен
мүмкіндіктері өте шектеулі мүгедек адамдарды
басқалар қадағаламаған жағдайда алыс ұстау
керек.
3 жасқа толмаған балаларды үнемі қарап
отырмаған жағдайда алыс ұстау керек.
Балаларға құрылғымен ойнауға рұқсат бермеңіз.
Барлық орам материалдарын балалардан алыс
ұстап, қоқысқа тиісті түрде тастау керек.
Жуғыш заттарды балалардан алыс ұстаңыз.
Құрылғының есігі ашық тұрғанда, балалар мен үй
жануарларын оған жақындатпаңыз.
Балалар құрылғыны жөндеу және тазалау
жұмыстарын бақылаусыз орындамауы керек.
1.2 Қауіпсіздік туралы жалпы ақпарат
Бұл құрылғының техникалық сипаттамасын
өзгертпеңіз.
ҚАЗАҚ 3
Бұл құрылғыны үйде немесе соған ұқсас жерлерде
пайдалану керек, мысалы:
дүкендердің, кеңселердің және басқа жұмыс
орындарының ас үйлерінде;
қонақ үй, мотель, төсек және таңғы ас
қонақжайлары мен басқа резиденциялық
жерлерде;
коммуналық пәтерлерде немесе кір жуатын
жерлерде.
Ең көбі 4кг салмақтан асырмаңыз ("Бағдарлама
кестесі" тарауын қараңыз).
Сыртқы қосылымнан су кіретін тұстағы судың
жұмыс қысымы 0,5 бар (0,05 МПа) және 8 бар (0,8
МПа) аралығында болуы керек.
Табанындағы желдеткіш саңылауларға кілем,
төсеніш немесе еденнің қаптамасы кедергі
жасамауға тиіс.
Құрылғыны су желісіне жаңадан берілген түтік
жинағын немесе уәкілетті қызмет көрсету орталығы
берген басқа түтік жинағын қолданып қосу керек.
Ескі түтіктерді қайта пайдалануға болмайды.
Қуат cымына зақым келсе, электр қатерінен
сақтандыру үшін оны өндіруші немесе оның
уәкілетті қызмет көрсету орталығы немесе сол
сияқты білікті маман ауыстыруға тиіс.
Кез келген жөндеу жұмысын орындау алдында
құрылғыны сөндіріп, ашаны розеткадан суырыңыз.
Құрылғыны тазалау үшін сулы спрейді және/
немесе буды қолданбаңыз.
Құрылғыны дымқыл шүберекпен тазалаңыз.
Бейтарап жуғыш заттарды ғана қолданыңыз.
Жеміргіш заттарды, түрпілі жөкені, еріткіштерді
немесе темір заттарды пайдаланбаңыз.
www.electrolux.com4
2. ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЛАРЫ
2.1 Орнату
Жергілікті стандарттарға
сәйкес етіп орнату керек.
Барлық орам материалдарын және
тасымал болттарын, пластик
тығыздағышы бар резеңке төлкесін
алыңыз.
Тасымал болттарын сенімді жерде
сақтаңыз. Кейін құрылғыны
көшірген кезде, ішкі бөліктеріне
зақым келмеу үшін барабанды
бекіту үшін оларды қайта салу
керек.
Құрылғы ауыр болғандықтан,
орнынан жылжытқан кезде әрқашан
абай болыңыз. Әрқашан қауіпсіздік
қолғабы мен бітеу аяқ киім киіңіз.
Бүлінген құрылғыны орнатпаңыз
немесе іске қоспаңыз.
Құрылғымен бірге жеткізілген
орнату нұсқауларын орындаңыз.
Құрылғыны температурасы 0°C
градустан төмен немесе ауа-райы
әсер ететін жерге орнатпаңыз
немесе пайдаланбаңыз.
Құрылғы орнатылатын еден тегіс,
орнықты, қызуға төзімді және таза
болуға тиіс.
Құрылғы мен еден арасында
ауаның айналуын қамтамасыз
етіңіз.
Құрылғыны тұрғылықты орнына
қойғаннан кейін, ватерпас арқылы
деңгейінің әбден дұрыс
қойылғанына көз жеткізіңіз. Деңгейі
дұрыс болмаса, тіректерін тиісінше
реттеңіз.
Құрылғыны едендегі су ағатын
арықшаның үстіне тура орнатпаңыз.
Құрылғыға су шашпаңыз және
шамадан тыс көп ылғалдың әсер
етуіне жол бермеңіз.
Құрылғыны құрылғының есігі толық
ашылмайтын жерге орнатпаңыз.
Құрылғының астына ағып кетуі
мүмкін суды құю үшін жабық сауыт
қоймаңыз. Қолданылатын керек-
жарақтың түрін уәкілетті қызмет
көрсету орталығына хабарласып
біліңіз.
2.2 Электртоғына қосу
ЕСКЕРТУ!
Өрт және электр қатеріне
ұшырау қаупі бар.
Құрылғыны міндетті түрде жерге
тұйықтау қажет.
Әрқашан дұрыс орнатылған,
қатерден сақтандырылған
розетканы қолданыңыз.
Техникалық ақпарат тақтасындағы
параметрлердің негізгі қуатпен
жабдықтау желісіндегі электр
параметрлеріне сәйкес келетініне
көз жеткізіңіз.
Көп тармақты адаптерлер мен
ұзартқыш сымдарды қолданбаңыз.
Құрылғының ашасына және
сымына зақым келтірмеңіз. Қорек
сымын ауыстыру қажет болса, оны
міндетті түрде қызмет көрсету
орталығы жүзеге асыруға тиіс.
Құрылғының ашасын розеткаға тек
құрылғыны орнатып болғаннан
кейін ғана жалғаңыз. Орнатып
болғаннан кейін ашаның қол
жететін жерде тұрғанына көз
жеткізіңіз.
Қорек сымын немесе ашасын су
қолмен ұстамаңыз.
Құрылғыны тоқтан ажырату үшін
сымынан тартпаңыз. Әрқашан
ашасынан тартып суырыңыз.
Бұл құрылғы E.E.C. ережелеріне
сай келеді.
2.3 Суға қосу
Су түтіктеріне зақым келтірмеңіз.
Жаңа түтіктерді немесе ұзақ уақыт
қолданылмаған түтіктерді орнату
алдында, жөндеу жұмыстарын
орындағаннан кейін немесе жаңа
құралдарды орнатқаннан кейін (су
өлшегіш құрал, т.б.) суды таза және
тұнық су аққанша ағызыңыз.
Құрылғыны пайдалану барысында
немесе бірінші рет қолданғаннан
кейін ешбір су ағып тұрмағанына
көз жеткізіңіз.
Су құятын түтік тым қысқа болса
ұзартқыш түтікті қолданбаңыз. Су
ҚАЗАҚ 5
құятын түтікті ауыстыру үшін қызмет
көрсету орталығына хабарласыңыз.
Су төгетін түтіктен судың ағып
тұрғанын көруге болады. Бұл
құрылғыны зауытта суды
пайдаланып сынақтан өткізгенге
байланысты.
Су төгетін түтікті ең көбі 400 cм-ге
ұзартуға болады. Басқа су төгетін
түтік алу не оны ұзарту үшін
уәкілетті қызмет көрсету
орталығына хабарласыңыз.
2.4 Пайдалану
ЕСКЕРТУ!
Жарақат алу, электр
қатері, күйіп қалу, өрт
қаупі, құрылғыны бүлдіріп
алу қаупі бар.
Жуғыш заттың орамындағы
қауіпсіздік нұсқауларын орындаңыз.
Тұтанғыш заттарды немесе ішіне
тұтанғыш зат салынған дымқыл
заттарды құрылғының ішіне, қасына
немесе үстіне қоймаңыз.
Кірден барлық темір заттардың
алынғанына көз жеткізіңіз.
Май немесе басқа да майлы заттар
қатты ластаған маталарды
жумаңыз. Бұл кір жуғыш
машинаның резеңке бөліктерін
зақымдауы мүмкін. Мұндай
маталарды кір жуғыш машинаға
салар алдында, алдын ала қолмен
жуыңыз.
Бағдарлама жұмыс істеп тұрған
кезде шыны есікті ұстамаңыз.
Шыны ысып кетуі мүмкін.
2.5 Сервис
Құрылғыны жөндеу үшін уәкілетті
қызмет көрсету орталығына
хабарласыңыз.
Тек ғана фирмалық қосалқы
бөлшектерді қолданыңыз.
2.6 Құрылғыны тастау
ЕСКЕРТУ!
Жарақат алу немесе
тұншығып қалу қаупі бар.
Құрылғыны электр және сумен
жабдықтау желісінен ажыратыңыз.
Құрылғыға жақын орналасқан
электр сымын кесіп, қоқысқа
тастаңыз.
Балалар немесе үй жануарлары
барабанға қамалып қалмас үшін
есіктің бекітпесін ағытып алыңыз.
Құрылғыны Ескірген электр және
электроника құрылғыларын
тастауға (WEEE) арналған
жергілікті ережелерге сәйкес
тастаңыз.
www.electrolux.com6
3. БҰЙЫМ СИПАТТАМАСЫ
3.1 Құрылғының жалпы көрінісі
1
2
3
5
6
7
4
1
Жұмыс тақтасы
2
Жуғыш зат үлестіргіші
3
Басқару панелі
4
Техникалық ақпарат тақтайшасы
5
Есіктің тұтқасы
6
Су төгетін сорғының сүзгісі
7
Құрылғыны деңгейлеуге арналған
тіректер
4. БАСҚАРУ ПАНЕЛІ
4.1 Басқару панелінің сипаттамасы
Температура
Отжим
Шелк
Хлопок
Шторы
Полоскание
Отжим
Слив
Одеяла
Джинсы
Синтетика
Тонкие ткани
Шерсть/
Ручная стирка
Быстро
Отсрочка
старта
Быстро
Доп.
полоскание
Предварит.
стирка
Старт/Пауза
1 2 3
89
6
5
7
4
1
Бағдарлама түймешесі
2
Отжим азайту сенсорлық түймесі
3
Температура сенсорлық перне
4
Предвapит. стирка сенсорлық
перне
5
Oтсрочка старта сенсорлық перне
6
Доп. полоскание сенсорлық перне
7
Быстрo сенсорлық перне
8
Старт/Пауза сенсорлық перне
9
Бағдарлама күйінің
индикаторлары:
Есік құлыптаулы индикаторы
Аяқтау циклы индикаторы
Бала қауіпсіздігінің индикаторы
ҚАЗАҚ 7
5. БАҒДАРЛАМАЛАР
5.1 Бағдарлама кестесі
Бағдарлама
Температура
ауқымы
Ең үлкен
салмақ
Базалық
айналдыру
жылдамдығ
ы
Бағдарлама сипаттамасы
(Кірдің салмағы және кірлеу дәрежесі)
Жуу бағдарламалары
Хлопок
90°C - Суық
4 кг
1000 мин/айн
Ақ және түрлі-түсті мақта мата. Қалыпты,
қатты немесе аздап кірлеген.
Хлопок Eco
1)
60°C - 40°C
4 кг
1000 мин/айн
Ақ және бояуы қанық мақта мата. Қалыпты
кірлеген. Қуатты пайдалану азаяды және жуу
бағдарламасының уақыты ұзарады және
жақсы жуу нәтижелерімен қамтамасыз етеді.
Синтетика
60°C - Суық
2 кг
1000 мин/айн
Синтетика немесе аралас матадан
жасалған заттар. Қалыпты кірлеген.
Тонкие ткани
40°C - Суық
2 кг
1000 мин/айн
Баппен жууды қажет ететін акрил, вискоза
және аралас маталарға арналған. Қалыпты
кірлеген.
Шерсть/Ручная
стирка
40°C - Суық
1.5 кг
1000 мин/айн
«Қолмен жуу» белгісі бар нәзік маталар,
машинамен жууға болатын жүн маталар
және қолмен жууға болатын жүн маталар
2)
.
Шелк
30°C
1 кг
800 мин/айн
Жібек мата және аралас синтетика заттарға
арналған арнайы бағдарлама.
Одеяла
60°C - 30°C
2 кг
800 мин/айн
Бір синтетикалық төсек жапқыш, көрпе, төсек
жабдығы т.с.с. заттарды жууға арналған
арнайы бағдарлама.
Полоскание
Суық
4 кг
1000 мин/айн
Кірді шаюға және айналдыруға арналған.
Барлық маталар, жүн мата мен өте нәзік
матадан басқа. Айналдыру жылдамдығын
матаның түріне қарай азайтыңыз.
Слив
4 кг Барабандағы суды төгуге арналған. Барлық
маталар.
Отжим
4 кг
1000 мин/айн
Кірді айналдыруға және барабандағы суды
төгуге арналған. Жүн мата мен өте нәзік
маталардан басқа барлық маталар.
www.electrolux.com8
Бағдарлама
Температура
ауқымы
Ең үлкен
салмақ
Базалық
айналдыру
жылдамдығ
ы
Бағдарлама сипаттамасы
(Кірдің салмағы және кірлеу дәрежесі)
Джинсы
60°C - Суық
4 кг
1000 мин/айн
Джинс және джерси заттар. Баран түсті
заттарға да арналған.
Шторы
40°C - Суық
1 кг
800 мин/айн
Перделерге арналған арнайы бағдарлама.
Алдын ала жуу циклы автоматты түрде іске
қосылады.
3)
Освежить
30°C
2 кг
800 мин/айн
Синтетика және нәзік мата заттар. Шамалы
кірлеген немесе жаңартуды ғана қажет ететін
заттар.
Быстро
30°C
1 кг
800 мин/айн
Синтетика және аралас мата заттар.
Шамалы кірлеген және жаңартуды қажет
ететін заттар.
1)
4кг кірді 60 °C градуста жуатын бұл бағдарлама GOST R IEC 60456:2010
стандартына сәйкес дайындалған қуат жапсырмасындағы деректерге сәйкес келеді.
2)
Осы цикл кезінде кірді баппен жуу үшін барабан баяу айналады. Барабан мүлдем
айналмай немесе дұрыс айналмай тұрған сияқты болып көрінуі мүмкін, бірақ бұл осы
бағдарлама үшін қалыпты жағдай
3)
Сумен ғана шайған кезде алдын ала жуу циклына ешбір жуғыш зат салмаңыз.
Бағдарлама опцияларының үйлесімділігі
Бағдарлама
1)
ҚАЗАҚ 9
Бағдарлама
1)
1)
Бұл Быстрo функцияны орнатқан кезде кірдің мөлшерін азайтуды ұсынамыз. Кірді
толтыра салуға болады, бірақ жуу нәтижесі қанағаттанарлық болмайды. Ұсынылатын
салыным: мақта мата: 2 кг, синтетика және нәзік мата: 1 кг.
6. ПАЙДАЛАНУ КӨЛЕМІ
Көрсетілген мәндер зертхана жағдайында тиісті стандарттар
көмегімен алынған. Деректерді әр түрлі себептер өзгертуі мүмкін:
кірдің мөлшері мен түрі және қоршаған ортаның температурасы.
Судың қысымы, ток кернеуі және берілетін судың температурасы
жуу бағдарламасының ұзақтығына әсер етуі мүмкін.
Өнімнің сапасын жақсарту үшін техникалық параметрлер алдын ала
ескертусіз өзгертілуі мүмкін.
Бағдарламалар Салма
қ (кг)
Қуат
тұтыну
(кВт/сағ)
Суды
пайдалану
(литр)
Бағдарламаның
болжалды
ұзақтығы (минут)
Мақта мата 60°C 4 0.59 34 125
Мақта мата, үнемді 60°C
бағдарламасы
1)
4 0.66 46 183
Мақта мата 40°C 4 0.55 38 117
Синтетика 40°C 2 0.39 41 64
Нәзік мата 40°C 2 0.45 51 47
Жүн мата/Қолмен жуу
30°C
1.5 0.40 61 40
1)
Мақта мата, үнемді бағдарламасы. 4кг кірді 60 °C градуста жуатын бұл
бағдарлама GOST R IEC 60456:2010 стандартына сәйкес дайындалған қуат
жапсырмасындағы деректерге сәйкес келеді.
Сөндіру режимі (Вт) Қосулы режим (Вт)
0,48 0,48
Жоғарғы кестедегі ақпарат 1015/2010 стандартына сай, ЕО Комиссиясының
2009/125/EC директивасын жүзеге асыру үшін берілген.
www.electrolux.com10
7. ФУНКЦИЯЛАР
7.1 Температура
Әдепкі температураны өзгерту үшін
осы параметрді орнатыңыз.
индикаторы = суық су.
Орнатылған температураның
индикаторы жанады.
7.2 Отжим
Осы функцияның көмегімен әдепкі
айналдыру жылдамдығын өзгертуге
болады.
Орнатылған жылдамдықтың
индикаторы жанады.
Қосымша айналдыру параметрлері:
Айналдырмау
Барлық айналдыру циклдарын
болдырмау үшін осы функцияны
орнатыңыз. Су төгу циклы ғана
жұмыс істейді.
Тиісті индикатор жанады.
Бұл функцияны өте нәзік маталар
үшін орнатыңыз.
Кей жуу бағдарламаларында шаю
циклы көп су пайдаланады.
Шаюды кідірту
Кірлер мыжылып қалмас үшін осы
параметрді орнатыңыз.
Тиісті индикатор жанады.
Бағдарлама аяқталған кезде
барабан ішінде су қалады.
Кір мыжылып қалмас үшін барабан
мезгіл-мезгіл айналып тұрады.
Есік құлыпталып тұрады. Есікті ашу
үшін суды төгу керек.
Суды төгу үшін
"Бағдарламаның соңы"
тарауын қараңыз.
7.3 Предвapит. стирка
Осы параметрдің көмегімен жуу
бағдарламасына алдын ала жуу
циклын қосуға болады.
Осы параметрді қатты кірлеген кірді
жуу үшін пайдаланыңыз.
Осы параметрді орнатқан кезде
бағдарламаның уақыты ұзарады.
Тиісті индикатор жанады.
7.4 Oтсрочка старта
Осы параметрдің көмегімен
бағдарламаны 9, 6 немесе 3 сағатқа
дейін кешіктіріп бастауға болады.
Параметрдің индикаторы және
орнатылған мәннің индикаторы
жанады.
7.5 Доп. полоскание
Осы параметрдің көмегімен жуу
бағдарламасына бірнеше шаю циклын
қосуға болады.
Бұл функцияны жуғыш заттарға
аллергиясы бар адамдар үшін және
суы тым тұщы жерлерде қолданыңыз.
Тиісті индикатор жанады.
7.6 Быстрo
Осы функция арқылы бағдарламаның
уақытын азайтуға болады.
Осы параметрді шамалы кірлеген
немесе жаңартуды қажет ететін
кірлерді жуу үшін қолданыңыз.
Тиісті индикатор жанады.
8. ПАРАМЕТРЛЕР
8.1 Бала қауіпсіздігінің құралы
Осы функцияның көмегімен балалар
басқару панелімен ойнауға жол
бермейсіз.
Осы функцияны іске қосу/ажырату
үшін және түймешіктерін
индикаторы жанғанша/сөнгенше
қатар басыңыз.
Мына параметрді қосуға болады:
ҚАЗАҚ 11
түймешігін басқаннан кейін:
функциялар мен бағдарлама тетігі
бұғатталады.
түймешігін баспайынша:
құрылғы іске қосылмайды.
8.2 Тұрақты қосымша шаю
Осы функцияның көмегімен жаңа
бағдарлама орнатқан кезде қосымша
шаю циклі тұрақты орнатылып тұрады.
Осы функцияны іске қосу/ажырату
үшін Отсрочка старта және
Предварит. стирка түймешіктерін
индикаторы жанғанша/сөнгенше
қатар басыңыз.
8.3 Дыбыстық сигналдар
Дыбыстық сигналдар мына
жағдайларда қосылады:
Бағдарлама аяқталғанда.
Құрылғыда ақау бар кезде.
Дыбыстық сигналдарды сөндіру/қосу
үшін
және түймешіктерін 6
секунд қатар басыңыз.
Егер дыбыстық
сигналдарды сөндірсеңіз,
олар құрылғыда ақау
пайда болған кезде қосыла
береді.
9. ЕҢ АЛҒАШ ПАЙДАЛАНУ АЛДЫНДА
1. Ашаны розеткаға қосыңыз.
2. Су құятын шүмекті ашыңыз.
3. Жуу циклының жуғыш затына
арналған бөлікке 2 литр су
құйыңыз.
Бұл су төгу жүйесін іске қосады.
4. Жуу циклына арналған бөлікке
шамалы жуғыш зат салыңыз.
5. Мақта матаға арналған
бағдарламаны орнатып, ең жоғары
температураға қойып ешбір кір
салмай жуыңыз.
Бұл цикл барабан мен машинаның
ішінде бар болуы мүмкін кірлердің
барлығын кетіреді.
10. ӘРКҮНДІК ҚОЛДАНУ
ЕСКЕРТУ!
Қауіпсіздік тарауларын
қараңыз.
10.1 Кірді салу
1. Құрылғының есігін ашыңыз
2. Кірлерді құрылғыға салар алдында
сілкілеңіз.
3. Кірді барабанға бір-бірден
салыңыз.
Барабанға тым көп кір салынбағанына
көз жеткізіңіз.
4. Есікті нығыздап жабыңыз.
www.electrolux.com12
АБАЙЛАҢЫЗ
Тығыздағыш пен есіктің
арасына ешбір кір
қыстырылып қалмағанына
көз жеткізіңіз. Су ағып
кететін немесе кірге зақым
келетін немесе кір жуғыш
машинаның
тығыздағышына зақым
келетін қауіп бар.
Қатты майланған, май
дақтары түскен затты
жуғанда, кір жуғыш
машинаның резеңке
бөліктеріне зақым келуі
мүмкін.
10.2 Жуғыш зат пен
үстемелерді пайдалану
1. Жуғыш зат пен мата
жұмсартқышты өлшеп алыңыз.
2. Жуғыш зат пен мата
жұмсартқышты бөліктерге
салыңыз.
3. Жуғыш зат үлестіргішті абайлап
жабыңыз
2
1
10.3 Жуғыш зат салынатын
бөліктер
АБАЙЛАҢЫЗ
Кір жуғыш машинаға
арнайы жуғыш заттарды
ғана пайдаланыңыз.
Жуғыш заттардың
орамында көрсетілетін
нұсқауларды әрқашан
орындаңыз.
1 Алдын ала жуу немесе жібіту
бағдарламаларына арналған
жуғыш зат салынатын
бөліктер (егер бар болса).
Алдын ала жуу және жібіту
циклдарына арналған жуғыш
затты бағдарламаны
бастамай тұрып салыңыз.
2 Жуу циклына арналған жуғыш
зат бөлігі. Сұйық жуғыш затты
қолдансаңыз, оны
бағдарламаны бастаудың сәл
алдында ғана салыңыз.
Сұйық үстемелерге арналған
бөлік (мата жұмсартқыш,
крахмал). Жуғыш құралды
бағдарламаны бастамай
тұрып бөлікке салыңыз.
10.4 Сұйық немесе ұнтақ
жуғыш зат
1. 2.
A
2 1
ҚАЗАҚ 13
3.
A
4.
B
5.
B
2 1
6.
C
7.
C
2 1
8.
A қалпы ұнтақ жуғыш затқа арналған (зауыттық бапталым).
B қалпы - артқы бөлімдегі ұнтақ жуғыш зат салуға және алдыңғы бөлімдегі сұйық
жуғыш зат/қоспа немесе ағартқыш салуға арналған бөлікті көрсетеді.
C - қалпы сұйық жуғыш зат салуға арналған.
Сұйық жуғыш затты пайдаланған кезде:
Қоймалжың немесе қою сұйық жуғыш заттарды қолданбаңыз.
Сұйық жуғыш затты ең жоғары деңгейден асырып салмаңыз.
Алдын ала жуу циклын орнатпаңыз.
Кешіктіріп бастау параметрін орнатпаңыз.
10.5 Бағдарламаны орнату
1. Бағдарлама тетігін бұрап, жуу
бағдарламасын орнатыңыз:
индикаторы жыпылықтайды.
2. Қажет болса, температура мен
айналдыру жылдамдығын
өзгертіңіз немесе қолжетімді
параметрлерді қосыңыз.
Параметрді қосқан кезде
www.electrolux.com14
орнатылған параметрдің
индикаторы жанады.
Егер дұрыс параметр
орнатылмай қалса,
индикаторы қызыл түспен
жыпылықтайды.
10.6 Кешіктіріп бастау
функциясы жоқ
бағдарламаны бастау
түймешігін басыңыз.
индикаторы жыпылықтауын
тоқтатып, жанған қалпы тұрады.
Бағдарлама басталып, есік
құлыпталады да,
индикаторы жанады.
Су сорғысы жуу циклының
басында шамалы уақыт жұмыс
істейді.
10.7 Кешіктіріп бастау
функциясы бар
бағдарламаны бастау
1. түймешігін басып қажетті
кешіктіріп бастау уақытын
орнатыңыз.
Орнатылған кешіктіріп бастау
уақытының индикаторы жанады.
индикаторы жанады.
2. түймешігін басыңыз:
Құрылғы кері санай бастайды.
Кері санақ аяқталған кезде,
бағдарлама автоматты түрде
басталады.
Орнатылған кері санақ
мәнін түймешігін
баспай тұрып болдырмауға
немесе өзгертуге болады.
Кешіктіріп бастау функциясын
болдырмау үшін:
a. Құрылғыны кідірту үшін
түймешігін басыңыз
b. түймешігін орнатылған
кешіктіріп бастау уақыты
сөнгенше басыңыз.
Бағдарламаны дереу бастау
үшін түймешігін қайта
басыңыз.
10.8 Бағдарламаны кідірту
және параметрлерді өзгерту
Кей функцияларды ғана басталмай
тұрып өзгертуге болады.
1.
түймешігін басыңыз.
Индикатор жыпылықтайды.
2. Функцияларды өзгертіңіз.
3. түймешігін қайта басыңыз.
Бағдарлама жалғасады.
10.9 Жұмыс істеп тұрған
бағдарламаны болдырмау
1. Бағдарламаны біржола тоқтату
және құрылғыны сөндіру үшін
бағдарлама тетігін қалпына
қойыңыз.
2. Құрылғыны іске қосу үшін
бағдарлама тетігін қайта бұраңыз.
Енді жаңа жуу бағдарламасын
орнатуға болады.
Жаңа бағдарламаны
бастау алдында
құрылғының суы төгіледі.
Бұл жағдайда, жуғыш зат
үлестіргіште жуғыш заттың
әлі бар екеніне көз
жеткізіңіз, егер жоқ болса
қайтадан толтырыңыз.
10.10 Кешіктіріп бастау жұмыс
істеп тұрғанда есікті ашу
Кешіктіріп бастау функциясы жұмыс
істеп тұрғанда, құрылғының есігі
бекітіліп, индикаторы көрсетіліп
тұрады.
1. Құрылғыны кідірту үшін
түймешігін басыңыз.
2. Есік бұғаттаулы индикаторы
сөнгенше күтіңіз.
3. Есікті ашуға болады.
4. Есікті жауып түймешігін қайта
басыңыз.
Кешіктіріп бастау функциясы
жалғасады.
ҚАЗАҚ 15
10.11 Бағдарлама жұмыс
істеп тұрғанда есікті ашу
Бағдарлама жұмыс істеп тұрғанда,
құрылғының есігі бекітіліп,
индикаторы көрсетіліп тұрады.
АБАЙЛАҢЫЗ
Егер барабанның ішіндегі
судың деңгейі мен
температурасы өте жоғары
болса, есікті аша
алмайсыз.
1. Құрылғыны сөндіру үшін
бағдарлама тетігін
қалпына
қойыңыз.
2. Бірнеше минут күте тұрыңыз да,
содан кейін құрылғының есігін
ашыңыз.
3. Құрылғы есігін жабыңыз.
4. Бағдарламаны қайта орнатыңыз.
10.12 Бағдарламаның соңы
Құрылғы автоматты түрде
тоқтайды.
Дыбыстық сигналдар естіледі (егер
қосулы тұрса).
түймешігінің индикаторы сөнеді.
Есік құлпының индикаторы
сөнеді.
индикаторы жанады.
Есікті ашуға болады.
Құрылғыдан кірді алыңыз.
Барабанның бос екеніне көз
жеткізіңіз.
Судың шүмегін жабыңыз.
Құрылғыны сөндіру үшін
бағдарлама тетігін қалпына
қойыңыз.
Зең және иіс пайда болмас үшін
есікті сәл ашып қойыңыз.
Жуу бағдарламасы аяқталды, бірақ
барабанда су тұр:
Кір мыжылып қалмас үшін барабан
мезгіл-мезгіл айналып тұрады.
Есік бұғаттаулы индикаторы
жанып тұр. индикаторы
жыпылықтайды. Есік құлыпталып
тұрады.
Есікті ашу үшін суды төгу керек.
Суды төгу үшін:
1. Қажет болса, айналдыру
жылдамдығын азайтыңыз. Егер
параметрін орнатсаңыз, құрылғы
тек суды ғана төгеді.
2. түймешігін басыңыз. Құрылғы
суды төгеді де, айналдыру кезеңін
орындайды.
3. Бағдарлама аяқталып, есік
бұғаттаулы индикаторы
көрінбей кеткенде есікті ашуға
болады.
4. Құрылғыны сөндіру үшін
бағдарлама тетігін
қалпына
қойыңыз.
Құрылғы шамамен 18
сағаттан кейін суды
автоматты түрде төгеді
және айналдырады (Жүн
мата бағдарламаларынан
басқа бағдарламаларда).
10.13 Күту режимі
Жуу бағдарламасы аяқталғаннан кейін
бірнеше минуттан кейін құрылғыны
сөндірмесеңіз, қуатты үнемдеу режимі
қосылады.
Қуатты үнемдеу режимі құрылғы күту
режимінде тұрған кезде
пайдаланылатын қуат мөлшерін
азайтуға көмектеседі.
Барлық индикаторлар сөнеді.
индикаторы баяу
жыпылықтайды.
Қуатты үнемдеу режимін ажырату
үшін параметрлердің бірін басыңыз.
Аяқталған кезде барабан
ішінде су қалатын
функцияны таңдасаңыз,
қуатты үнемдеу күйінің
функциясы суды төгу
қажет екенін ескерту үшін
қосылмайды.
www.electrolux.com16
11. АҚЫЛ-КЕҢЕС
ЕСКЕРТУ!
Қауіпсіздік тарауларын
қараңыз.
11.1 Кір салу
Кірді былай сұрыптаңыз: ақ, түрлі-
түсті, синтетика, нәзік және жүн
мата.
Кірдің затбелгісіндегі жуу
нұсқауларын орындаңыз.
Ақ киім мен түрлі-түсті заттарды
бірге жумаңыз.
Кейбір түрлі-түсті заттарды алғаш
жуғанда бояуы шығуы мүмкін.
Оларды алғаш жуғанда бөлек жууға
кеңес береміз.
Жастық қаптарының түймесін
салып, тартпаларды тартып жауып,
ілгектер мен батырма
түймешіктерді салыңыз.
Белбеулерді байлаңыз.
Қалталарды босатып, оралған
заттарды ашыңыз.
Көп қабатты матадан, жүн матадан
және сурет салынған киімдердің
астарын сыртына аударыңыз.
Қатып қалған дақтарды арнайы
жуғыш затпен тазалаңыз.
Қатып қалған дақтары бар заттарды
барабанға салу алдында жуыңыз
және дағын алдын ала кетіріңіз.
Перделерді абайлап жуыңыз.
Ілгектерін алыңыз да, перделерді
кір жуатын торға немесе жастықтың
тысына салыңыз.
Көмкерілмеген немесе кесілген
жерлері бар заттарды құрылғыда
жумаңыз. Кішкене заттарды жуу
үшін (мысалы, сым өткізілген төс
тартқыш, белдіктер, колготкилер,
т.с.с.) кір жууға арналған торды
пайдаланыңыз.
Кір өте аз салынса, айналдыру
циклі кезінде теңгерімді сақтауға
қатысты мәселе орын алуы мүмкін.
Бұндай жағдай орын алса,
барабандағы кірді қолмен таратып,
қайта айналдыра бастаңыз.
11.2 Оңай кетпейтін дақтар
Кейбір дақтарды кетіру үшін су мен
жуғыш зат жеткіліксіз болады.
Бұл дақтарды кірді құрылғыға салмай
тұрып алдын ала тазалауды
ұсынамыз.
Дақ кетіретін арнайы құралдар
болады. Дақ пен матаның түріне сай
келетін арнайы дақ кетіргішті
қолданыңыз.
11.3 Жуғыш заттар мен
үстемелер
Кір жуғыш машиналарға арналған
жуғыш заттар мен үстемелерді ғана
қолданыңыз:
матаның барлық түрлеріне
арналған ұнтақ жуғыштар,
нәзік мата (ең көбі 40 °C) мен
жүн тоқымаларға арналған
ұнтақ жуғыштар,
матаның барлық түрлеріне не
тек жүн матаға арналған, төмен
температурада жуатын
бағдарламаларға (ең көбі 60 °C)
арналған сұйық жуғыш заттар.
Әр түрлі жуғыш заттарды
араластырмаңыз.
Қоршаған ортаға зиян келтірмеу
үшін жуғыш затты қажетті
мөлшерден артық пайдаланбаңыз.
Осы заттардың орамында
көрсетілетін нұсқауларды
орындаңыз.
Матаның түріне және түсіне,
бағдарламаның температурасы мен
кірдің деңгейіне сай келетін
құралдарды қолданыңыз.
Егер құрылғының жуғыш зат
үлестіргішінде мөлшерлегіш құрал
болмаса, (жуғыш зат өндірушісі
қамтамасыз етеді) сұйық жуғыш
затты мөлшерлегіш шарикпен
қосыңыз.
ҚАЗАҚ 17
11.4 Қоршаған ортаға
қатысты ескерім
Қалыпты кірлеген кірді алдын ала
жуу циклі жоқ бағдарламаны
қолданып жуыңыз.
Жуу бағдарламасын әрқашан кірді
ең көп рұқсат етілетін мөлшерде
салғаннан кейін бастаңыз.
Төмен температурада жуатын
бағдарламаны таңдаған кезде,
қажет болса дақ кетіргішті
қолданыңыз.
Жуғыш затты дұрыс мөлшерде
қолдану үшін, жергілікті су
жүйесіндегі судың кермектігін
тексеріңіз. "Судың кермектігі"
тарауын қараңыз.
11.5 Су кермектігі
Сіз тұратын жердегі су өте кермек
немесе орташа кермек болса, кір
жуғыш машинада су жұмсартқышты
қолдануды ұсынамыз. Суы тұщы
жерлерде су жұмсартқышты қолдану
қажет емес.
Жергілікті жердегі судың кермектігін
білу үшін су жүйесін басқару
мекемесіне хабарласыңыз.
Су жұмсартқышты дұрыс мөлшерлеп
пайдаланыңыз. Бұйымның орамында
көрсетілетін нұсқауларды орындаңыз.
12. КҮТУ МЕНЕН ТАЗАЛАУ
ЕСКЕРТУ!
Қауіпсіздік тарауларын
қараңыз.
12.1 Сыртын тазалау
Құрылғыны сабын мен жылы сумен
ғана тазалаңыз. Барлық беттерін
әбден құрғатыңыз.
АБАЙЛАҢЫЗ
Спирт, еріткіш немесе
химиялық заттарды
қолданбаңыз.
12.2 Қақты тазалау
Сіз тұратын жердегі су өте кермек
немесе орташа кермек болса, кір
жуғыш машинаға арналған қақ
тазалайтын құралды қолдануды
ұсынамыз.
Барабанның ішін мезгіл-мезгіл
тексеріп, әк және тот бөлшектерінің
жоқ екеніне көз жеткізіңіз.
Тот бөлшектерін тазалау үшін кір
жуғыш машиналарға арналған арнайы
құралдарды ғана пайдаланыңыз. Бұны
кір жумай тұрғанда орындаңыз.
Бұйымның орамында
көрсетілетін нұсқауларды
әрқашан орындаңыз.
12.3 Тазалап жуу
Төмен температура бағдарламаларын
қолданғанда барабанда шамалы
жуғыш зат қалып қоюы мүмкін.
Тазалап жуу процедурасын уақытылы
орындаңыз. Ол үшін:
Барабаннан барлық кірді алыңыз.
Мақта мата бағдарламасын
шамалы жуғыш зат салып, ең
жоғары температураға қойып
таңдаңыз.
12.4 Есік тығыздағышы
Тығыздағышты мезгіл-мезгіл тексеріп,
ішіндегі заттардың барлығын алыңыз.
www.electrolux.com18
12.5 Жуғыш зат үлестіргішін тазалау
1. 2.
3. 4.
5. 6.
ҚАЗАҚ 19
12.6 Су құятын түтіктің және клапанның сүзгісін тазалау
1. 2.
3. 4.
12.7 Су төгетін түтіктегі сүзгіні тазалау
ЕСКЕРТУ!
Құрылғыдағы су ыстық
болса су төгу жүйесіндегі
сүзгіні тазаламаңыз.
1. 2.
www.electrolux.com20
/