БІРІНШІ РЕТ ҚОЛДАНУДЫҢ АЛДЫНДА
Электр құралын жәшіктен шығарыңыз және қаптама материалын (бар болған
жағдайда) алып тастаңыз. Электр құралының корпусын дымқыл матамен
сүртіңіз.
ЭЛЕКТР ҚҰРАЛЫН ПАЙДАЛАНУ
Құралда көрсетілген қуат беру желісі
параметрлерінің сәйкестілігін тек-
сере отырып, және ажыратқыштың
«0» (сөндірілді) күйінде
тұрғандығына көз жеткізіп алып,
қуат беру баусымының істікшесін
желіге қосыңыз, және тіреуішті
тегіс орнықты бетке орнатыңыз.
Шәйнекті таза сумен толтырыңыз
және шәйнектің қақпағын ол берік
бекітілгендей етіп жабыңыз.
Электр құралын тіреуішке орнатыңыз
және ажыратқышты «І» (қосу) күйіне
ауыстырыңыз. Су қайнаған кезде,
шәйнек автоматты түрде сөнеді. Осы-
дан кейін суды шәйнектен тостағанға
немесе басқа ыдысқа құюға болады.
Назар аударыңыз, суды тостағанға
қақпақты ашпай-ақ шүмегінен құю
керек.
Электр құралын қойғышқа орнатыңыз
және ажыратқышты «I» (қосылулы)
күйіне ауыстырыңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Құрал тек
суды қайнатуға арналған. Құрылғы
тек тұрмыстық қолдануға ғана
арналған.