• Құрылғы мен кілемнің арасында тиісті
орын болуын қамтамасыз ету үшін
өзгермелі тіректерін реттеңіз.
Электртоғына қосу
Назарыңызда болсын! Өрт шығу
жəне электр қатеріне ұшырау қаупі
бар.
• Құрылғыны міндетті түрде жерге
тұйықтау қажет.
• Техникалық ақпарат тақтайшасындағы
электр параметрлерінің электр
желісіндегі параметрлерге сай
келетініне көз жеткізіңіз. Сай келмесе,
электршіге хабарласыңыз.
• Əрқашан дұрыс орнатылған, қатерден
сақтандырылған розетканы
қолданыңыз.
• Көп тармақты адаптерлер мен ұзартқыш
сымдарды қолданбаңыз.
• Құрылғының ашасына жəне сымына
зақым келтірмеңіз. Құрылғының қорек
сымын ауыстыру қажет болса, оны
міндетті түрде қызмет көрсету орталығы
жүзеге асыруға тиіс.
• Құрылғының ашасын розеткаға тек
құрылғыны орнатып болғаннан кейін
ғана жалғаңыз. Орнатып болғаннан кейін
ашаның қол жететін жерде тұрғанына
көз жеткізіңіз.
• Құрылғыны тоқтан ажырату үшін
сымынан
тартпаңыз. Əрқашан
ашасынан тартып суырыңыз.
• Қорек сымын немесе ашасын су қолмен
ұстамаңыз.
• Бұл құрылғы E.E.C. ережелеріне сай
келеді.
Суға қосу
• Су қосылымы түтіктеріне ешбір зақым
келтірмеңіз.
• Құрылғыны жаңа түтіктер жинағын
пайдаланып, су жүйесіне қосу керек. Ескі
түтіктерді қайта пайдалануға болмайды.
• Құрылғыны жаңа құбырларға немесе
ұзақ уақыт қолданылмаған құбырларға
жалғамай тұрып, суын тазарғанша
ағызыңыз.
• Құрылғыны алғаш рет қолданған кезде
еш жерінен су ақпай тұрғанына көз
жеткізіңіз.
Қолданылуы
Назарыңызда болсын! Жарақат алу,
электр қатері, күйіп қалу жəне өрт
қаупі, құрылғыны бүлдіріп алу қаупі бар.
• Бұл тұрмыста қолдануға арналған
құрылғы.
• Бұл құрылғының техникалық
сипаттамасын өзгертпеңіз.
• Жуғыш заттың орамында көрсетілетін
нұсқауларды орындаңыз.
• Тұтанғыш заттарды
немесе ішіне
тұтанғыш зат салынған дымқыл
заттарды құрылғының ішіне, қасына
немесе үстіне қоймаңыз.
• Бағдарлама жұмыс істеп тұрған кезде
есіктің шынысына қол тигізбеңіз. Шыны
ыстық болуы мүмкін.
• Кірдегі темір заттардың барлығының
алынғанына көз жеткізіңіз.
• Құрылғының астына ағып кетуі мүмкін
суды құю үшін сауыт қоймаңыз.
Қолданылатын керек-жарақтың түрін
Қызмет көрсету орталығына хабарласып
біліңіз.
Күту
менен тазалау
Назарыңызда болсын! Жарақат алу
немесе құрылғыны бүлдіріп алу қаупі
бар.
• Құрылғыны жөндеу алдында электр
желісінен ағытып, ашасын розеткадан
суырыңыз.
• Құрылғыны тазалау үшін сулы спрейді
жəне буды қолданбаңыз.
• Құрылғыны дымқыл, жұмсақ шүберекпен
тазалаңыз. Тек бейтарап тазартқыш
заттарды қолданыңыз. Жеміргіш
заттарды, түрпілі жөкені, еріткіштерді
немесе темір заттарды пайдаланбаңыз.
4
www.zanussi.com