Whirlpool FH 89 P IX/HA Руководство пользователя

Тип
Руководство пользователя
28
RS
Îïèñàíèå
èçäåëèÿ
Îáùèé âèä
Êîíñîëü óïðàâëåíèÿ
Äèñïëåé
Рукоятка
ПРОГРАММЫ
Регулятор
ТЕРМОСТАТА
ДИСПЛЕЙ
Кнопка
ПРОГРАММИРОВАНИЯ ВРЕМЕНИ
Кнопка пиролитической
чистки FAST CLEAN
Рукоятка ПРОГРАММИРОВАНИЯ
ПРОДОЛЖИТЕЛЬНОСТИ
KZ
ПЕШ
Мазмұны
Орнату, 38-39
Орналастыру
Токқа жалғау
Техникалық деректері
Құрылғы сипаттамасы, 40
Жалпы шолу
Басқару тақтасы
Дисплей
Қосу және пайдалану, 41
Сағатты орнату
Таймерді орнату
Пешті қосу
Тағам дайындау режимдері, 42-44
Тағам дайындау режимдері
Пісіру үрдісін орнату
Тағам дайындау бойынша кеңес
Тағам әзірлеу бойынша кеңес кестесі
Сақтандырулар мен кеңестер, 45
Жалпы қауіпсіздік
Жою
Қоршаған ортаны сақтау және қорғау
Күтім және пайдалану, 46-47
Құрылғыны өшіру
Құрылғыны тазалау
Пеш есігін тазалау
Шамды ауыстыру
FAST CLEAN (ЖЫЛДАМ ТАЗАЛАУ) режимін
пайдаланып автоматты түрде тазалау
Көмек, 48
Қазақ
тілінде, 37
Пайдалану нұсқаулығы
KZ
FZ 99 P.1 /HA
FZ 99 P.1 IX /HA
FQ 99 P.1 /HA
FB 89 P.1 /HA
FB 89 P.1 IX /HA
FZ 99 P.1 F /HA
FZ 99 P.1 IX F /HA
FQ 99 P.1 F /HA
F 89 P.1/HA
F 89 P.1 IX/HA
FB 89 GP.1/HA
FB 89 GP.1 IX/HA
FD 99 GP.1/HA
FQ 99 GP.1 F/HA
FQA 99 GP.1/HA
FZ 99 GP.1 F/HA
FZ 99 GP.1 IX F/HA
F 89 GP.1 IX/HA
F 99 GP.1 F/HA
F 99 GP.1 IX F/HA
F 997 GP.1 IX F /HA
F 997 GP.1 F /HA
FH 89 P /HA
FH 89 P IX/HA
FHS 89 P IX/HA
FH 99 P /HA
FH 99 P IX /HA
38
KZ
Желдету
Лайықты желдетудің орнатылғанын тексеру үшін
шкафтың артқы қабырғасын алып тастау қажет.
Пешті екі ағаш тақтайға немесе кемінде 45 x 560 мм
ашық тұрған тегіс жерде орналастыру ұсынылады
(сызбаны қараңыз).
Ортаға қою және бекіту
Пештің бүйірлеріндегі 4 құлақша сыртқы жақтаудың
4 тесігіне сәйкес келетіндей етіп орнатыңыз.
Құлақшаларды төменде көрсетілгендей шкаф
бүйірінің қалыңдығына қарай лайықтаңыз:
қалыңдығы 20 мм:
құлақшаның жылжымалы
бөлігін алып тастаңыз
(сызбаны қараңыз).
қалыңдығы 18 мм: зауытта
орнатылған бірінші тілікті
пайдаланыңыз (сызбаны
қараңыз).
қалыңдығы 16 мм: екінші
тілікті пайдаланыңыз
(сызбаны қараңыз).
Пештің есігін ашып, 4 бұрандалы бекіткішті сыртқы
жақтаудың 4 тесігіне кіргізіп, құрылғыны шкафқа
бекітіңіз.
! Құрылғының қауіпсіз жұмыс істеуін қамтамасыз
ететін барлық бөліктері арнайы құралдардың
көмегімен ғана алынуы тиіс.
! Құрылғыны іске қоспастан бұрын осы нұсқаулық
кітапшасын мұқият оқып шығыңыз. Мұнда
құрылғыны қауіпсіз қолдану, орнату және оны күту
туралы маңызды ақпараттар қамтылған.
! Келешекте анықтама ретінде қарау үшін пайдалану
нұсқаулығын сақтап қойыңыз. Оны құрылғының кез
келген жаңа иесіне беріңіз.
Орналастыру
! Орау материалдарын балалардың қолы жетпейтін
жерде сақтаңыз.
Тынысы тарылу немесе тұншығып қалу қаупін
туғызуы мүмкін. (Сақтандырулар мен кеңестер
қараңыз)
! Құрылғыны берілген нұсқаулыққа сүйене отырып
білікті маман орнатуы қажет. Құрылғы дұрыс
орнатылмаған жағдайда, адамдар мен жануарлар
өміріне қауіп төндіруі немесе мүлікті зақымдауы
мүмкін.
Бекітілген құрылғы
Құрылғының дұрыс жұмыс жасайтынын тексеру үшін
қолайлы шкафты қолданыңыз.
Пешке жақын қабырғалар ыстыққа төзімді
материалдан жасалған болуы қажет.
Сыртқы қабығы бар шкафтарды жинағанда 100°C
температураға төзетін желімдер қолданылуы
қажет.
Пешті ас үй үстелінің астына (сызбаны қараңыз)
немесе ас үй жиһазының ішіне орнату үшін
шкафтың өлшемдері төмендегідей болуы қажет:
! Құрылғы орнатылған кезде кез келген электрлі
заттардан алыс болуы қажет.
Негізгі деректер кестесінде берілген пайдалану
ортасының көрсеткіштері осы орнату түрі үшін
есептелген.
Орнату
39
KZ
ТЕХНИКАЛЫҚ СИПАТТАМАЛАР КЕСТЕСІ
Өлшемдері
ені 43,5 см
биіктігі 32 см
тереңдігі 40 см
Көлемі 56 л
Өлшемдері *
ені 43,5 см
биіктігі 32 см
тереңдігі 41,5 см
Көлемі * 58 л
Электр
қосылымдары
кернеуі: 220 - 240 В ~ 50 Гц ең
көп тұтынылатын қуат – 2800 Вт
(техникалық деректер тақтасын
қараңыз)
ҚУАТ БЕЛГІСІ
Электр пештерінің белгісіндегі
2002/40/EC нұсқауы. EN 50304
стандарты
Табиғи конвекция класы– қыздыру
күйіне арналған қуат тұтыну:
Дағдылы режим
Мәжбүрлі конвекция класы
– қыздыру күйіне арналған
мәлімденген қуат тұтынуы:
Пісіру
Бұл құрылғы Еуропа экономикалық
қауымдастығының келесі
нұсқауларына сай келеді:
12.12.2006 жылғы 2006/95/
EEC (төмен кернеу) және кейінгі
өзгертулері – 15.12.2004 жылғы
2004/108/EEC (Электрмагнитті
үйлесімділік) және кейінгі
өзгертулері – 22.07.1993 жылғы
93/68/EEC және кейінгі өзгертулері.
2002/96/EC
* Есігінің ішінде бекітілген шыны панелі бар
Токқа жалғау
! Үш ұялы электр кабелі бар пеш айнымалы ток
кернеуімен және құрылғыда орналасқан негізгі
деректер кестесінде көрсетілген жиілікпен жұмыс
істеу үшін жасақталған (төменде берілген).
Электр кабелін орнату
1. Қақпақтың бүйір
құлақшаларына
бұрауышты тығып,
дәнекер қалқаншаны
ашыңыз. Бұрауышты
төмен басқанда
қақпақты ашатындай
тұтқа түрінде
пайдаланыңыз
(сызбаны қараңыз).
2. Бұрауышты тұтқа
түрінде пайдаланып,
қыспа бұранданы
босатыңыз және алып
тастаңыз (сызбаны
қараңыз).
3. Үш сымды
L-N- байланыс
бұрандаларын алып
тастап, түстеріне сай
сымдарды бұранда
бастарының астына
бекітіңіз: Көк (N), Қоңыр
(L) және Сары-жасыл
( ).
Электр кабелін желіге қосу
Деректер кестесінде көрсетілген жүктемеге сәйкес
стандартты айырғышты орнатыңыз (кестені қараңыз).
Құрылғы мен электр желісі арасында орнатылған 3
мм ашық кішкене байланыс бар бірнеше каналды
айырып-қосқыш арқылы құрылғыны тікелей электр
желісіне қосу қажет. Айырып-қосқыш анықталған
жүктемеге лайықты және ағымдағы ток реттеуіне
сәйкес болуы қажет (жерге қосылған сым айырып-
қосқыштан ажыратылмауы тиіс). Электр кабелін кез
келген нүктесі 50°C-тан жоғары температурамен
түйіспейтіндей етіп орналастыру қажет.
! Орнатушы дұрыс ток байланысын орнатқанына
және оның қауіпсіздік ережелеріне сәйкес екендігіне
сенімді болуы қажет.
Құрылғыны токқа қоспастан бұрын төмендегілерді
тексеріңіз:
Құрылғы жерге қосылған және айырғыш заңға сәйкес
болып табылады.
Розетка негізгі деректер кестесінде көрсетілген
құрылғының ең жоғарғы күшіне төзімді (төменде
берілген).
Кернеу деректер кестесінде көрсетілген мән аралығы
аумағында болады (төменде берілген).
Розетка құрылғының айырғышына сәйкес келеді.
Розетка айырғышына сәйкес болмаса, өкілетті
маманнан оны ауыстырып беруді өтініңіз. Бірнеше
розеткалар мен ұзартқыш сымдарын пайдаланбаңыз.
! Құрылғы орнатылғаннан кейін электр кабелі мен
розетка жақын жерде болуы қажет.
! Кабель майыстырылмауы немесе қысылмауы қажет.
! Кабель жиі тексеріліп, тек білікті маманның
көмегімен ғана алмастырылуы тиіс («Көмек» бөлімін
қараңыз).
! Қауіпсіздік шаралары сақталмаған жағдайда
өндіруші жауапкершілікті өз мойнына алудан бас
тартады.
40
KZ
Басқару тақтасы
ГРИЛЬ
ТАБА
Сырғымалы сөрелерге
арналған СЫРҒЫТПАЛАР
5-позиция
4-позиция
3-позиция
2-позиция
1-позиция
Құрылғы
сипаттамасы
Жалпы шолу
Басқару тақтасы
Дисплей
РЕТТЕУ
тұтқасы
ТЕРМОСТАТ
тұтқасы
ДИСПЛЕЙ
УАҚЫТ ПАРАМЕТРІ
түймесі
ЖЫЛДАМ ТАЗАЛАУ
түймесі
ТАЙМЕР
тұтқасы*
ТЕМПЕРАТУРА
жəне УАҚЫТ сандары
ПІСІРУ АЯҚТАЛДЫ
белгішесі
Сағат
белгішесі
ҰЗАҚТЫҚ
белгішесі
ТАЙМЕР
белгішесі
ТОҚТАТУ
белгішесі
Алдын ала
қыздыру индикаторы
ЕСІК ЖАБЫҚ
индикаторы
41
KZ
! Алғаш пайдаланғанда, құрылғыны бос күйінде
есігін жауып, ең жоғарғы температурада кемінде
жарты сағаттай қыздырыңыз. Пешті өшіріп, оның
есігін ашпастан бұрын, бөлменің жақсы желденетінін
тексеріңіз. Өндіру кезінде қолданылған қорғағыш
заттардың жанып кетуіне байланысты жеңіл
жағымсыз иіс шығуы мүмкін.
Сағатты орнату
! Сағат пеш қосулы немесе ажыратулы тұрған кезде
орнатылады және пісіру режимінің аяқталу уақытын
алдын ала белгіленген кезде орнатады.
1. түймесін дисплей бетіндегі белгішесі мен
алғашқы екі сан жыпылықтай бастағанша бірнеше
рет басыңыз.
2. Сағаттың мәнін дұрыстау үшін ТАЙМЕР
ТҰТҚАСЫН «+» және «-» белгілеріне қарай
бұраңыз.
3. Басқа екі сан ДИСПЛЕЙДЕ жыпылықтай
бастағанша түймесін қайта басыңыз.
4. Минуттың мәнін дұрыстау үшін ТАЙМЕР
ТҰТҚАСЫН «+» және «-» белгілеріне қарай
бұраңыз.
5. Растау үшін түймесін қайта басыңыз.
Таймерді орнату
! Бұл функция ас пісіруге кедергі жасамайды және
пешке әсер етпейді; ол белгіленген уақыт өткен
кезде дыбысты сигнал беру үшін пайдаланылады.
1. Дисплейде белгішесі мен үш сан
жыпылықтағанша түймесін бірнеше рет басыңыз.
2. Минуттың мәнін дұрыстау үшін ТАЙМЕР
ТҰТҚАСЫН «+» және «-» белгілеріне қарай
бұраңыз.
3. Растау үшін түймесін қайта басыңыз.
Дисплейде кері саналып жатқан уақыт көрсетіледі.
Осы уақыт кезеңі аяқталған кезде дыбысты сигнал
беріледі.
Пешті қосу
1. РЕТТЕУ тұтқасын бұрау арқылы қажетті пісіру
режимін таңдаңыз.
2. Алдын ала қыздыру сатысы басталып, алдын ала
қыздыру индикаторы жанады.
THERMOSTAT (ТЕРМОСТАТ) тұтқасын бұрау
арқылы температура өзгертіледі.
3. Индикатор сөнген кезде алдын ала
қыздырудың аяқталғанын білдіретін дыбыс сигналы
шығады: енді пешке тағамды салуыңызға болады.
4. Тағам дайындау кезінде әрқашан мына
әрекеттерді орындауға болады:
- РЕТТЕУ тұтқасын бұрау арқылы қажетті тағам
дайындау режимін өзгерту.
- ТЕРМОСТАТ тұтқасын бұрау арқылы
температураны өзгерту.
- тағам дайындау ұзақтығын тағам дайындаудың
аяқталу уақытына қосымша белгілеңіз («Тағам
дайындау режимдері» бөлімін қараңыз)
- РЕТТЕУ тұтқасын “0” позициясына бұрап, тағам
дайындау үрдісін тоқтату.
5. Пеш екі сағаттан кейін автоматты түрде сөнеді:
Бұл әдепкі белгіленген уақыт қауіпсіздік үшін барлық
тағам дайындау режимдеріне орнатылған.
Тағам дайындау ұзақтығын өзгертуге болады
(«Тағам дайындау режимдері» бөлімін қараңыз).
6. Егер пеш жұмыс істеп тұрғанда жарық сөнсе,
температура белгілі бір деңгейден төмен түсіп
кетпеген жағдайда құрылғының ішіндегі автоматты
жүйе тағам дайындау режимін, ол тоқтаған
жерден әрі қарай қайта іске қосады. Қосылмаған
бағдарламаға енгізілген режимдер қалпына
келтірілмейді және бағдарламаны қайта орнату
керек болады.
! FAST COOKING (ЖЫЛДАМ ПІСІРУ) және
BARBECUE (БАРБЕКЮ) режимдері үшін алдын ала
қыздыру сатысы болмайды.
! Ешқашан пештің астыңғы жағына зат қоймаңыз,
бұл эмальді қабатты зақымдайды.
! Әрқашан асхана ыдыстарын берілген тартпа(лар)
ға қойыңыз.
Салқындату желдеткіші
Пештің сыртқы температурасын салқындату үшін
салқындату желдеткішінен басқару тақтасы мен
пеш есігінің арасына леп соғады. FAST COOKING
(ЖЫЛДАМ ПІСІРУ) режимінде желдеткіш он
минуттан кейін автоматты түрде қосылады. BAKING
(ПІСІРУ) режимінде салқындату желдеткіші тек
пеш қызған кезде ғана қосылады. FAST CLEAN
(ЖЫЛДАМ ТАЗАЛАУ) режимінде салқындату
желдеткіші төменгі жылдамдықта жұмыс істейді.
! Тағам дайын болғаннан кейін де пеш толық
салқындағанша желдеткіш жұмыс істеп тұрады.
Пештің шамдары
Пеш жұмыс істемей тұрғанда шамды кез келген
уақытта пештің есігін ашу арқылы жағуға болады.
Қосу және пайдалану
42
KZ
Тағам дайындау режимдері
! Барлық пісіру режимдерінің әдепкі орнатылған
пісіру температурасы бар, оны 40°C пен 250°C
аралығында қолдан реттеуге болады.
Барбекю (BARBECUE) режимінде әдепкі қуат деңгейі
пайызбен (%) көрсетіледі және оны да қолмен
реттеуге болады.
ДАҒДЫЛЫ ПЕШ режимі
Әдеттегі тағам дайындау режимі қолданылғанда тек
тағам дайындайтын тартпаны пайдаланған дұрыс.
Егер бірнеше тартпа пайдаланылса, қызу біркелкі
тарамайды.
КӨП TAҒAM ДAЙЫHДAУ режим
Пештің қызуы тұрақты болғанда ауа тағамды
біркелкі қызартып пісіреді. Бір уақытта ең көбі екі
тартпаны пайдалануға болады.
БАРБЕКЮ режимі
THERMOSTAT (ТЕРМОСТАТ) тұтқасын бұрау
арқылы орнатылатын әртүрлі қуат деңгейлері
дисплейге шығады; бұл 50% және 100%
аралығында болады. Грильдің жоғарғы және тіке
температурасы қабаттың жоғарғы температурасын
қажет ететін тағамдар үшін ұсынылады. Бұл режим
пайдаланылғанда пештің есігі әрдайым жабық тұруы
қажет.
ГРАТИН режимі
Осы мүмкіндіктердің жиыны пештегі ауаның
күшейтілген айналымы арқылы ысыту
элементтерінің көмегімен қамтамасыз етілетін бір
бағытқа жылылық бөлінудің тиімділігін арттырады.
Бұл тағамды күйіп кетуден сақтауға көмектеседі
және жылудың тағамның ішкі жағына енуіне
мүмкіндік береді. Бұл режим пайдаланылғанда
пештің есігі әрдайым жабық тұруы қажет.
ПИЦЦА режимі
Бұл қосынды, әсіресе астыңғы элементке
байланысты, жоғары мөлшерде жылу шығарып,
пешті жылдам қыздырады. Бір жолда бірден көп
тартпа қолданылатын болса, тағам дайындау
үрдісінің ортасында табақтардың орындарын
алмастырыңыз.
ПІСІРУ режимі
Бұл режим температураға сезімтал болатын
тағамдарды (мысалы, көтерілуді қажет ететін
торт сияқты тағамдар) және ұннан жасалған «бір
тістерлік» кондитер бұйымдарын 3 тартпада бірдей
жасауға арналған.
ЖЫЛДАМ ПІСІРУ режимі
Бұл пісіру режиміне алдын ала қыздыру қажет
емес. Бұл функция алдын ала оралған (қатырылған
немесе алдын ала пісірілген) тағамды жылдам
пісіруге ыңғайлы болып табылады. Жақсы нәтижеге
бір тағам дайындау тартпасын пайдалану арқылы
қол жеткізесіз.
ТEКCEPY режимі
Пеш THERMOSTAT (ТЕРМОСТАТ) тұтқасының
позициясына қарамастан 40°C температураға
жетіп, ұстап тұрады. Бұл — ашытқымен ашытылған
қамырға тамаша режим.
Істікте қуыру (тек белгілі модельдерде болады)
Істікте қуыру
функциясын іске қосу
үшін (сызбаны қараңыз)
төмендегі әрекеттерді
орындаңыз:
1. Тұтқалы табаны бірінші позицияға
орналастырыңыз.
2. Гриль тірегін үшінші позицияға орналастырып,
істікті пештің артқы қабырғасындағы тесікке кіргізіңіз.
3. немесе режимдерін таңдау үшін РЕТТЕУ
тұтқасын пайдаланып гриль функциясын қосыңыз.
! режимі іске қосылған кезде, егер есік ашылса,
істік тоқтайды.
Тағам дайындау режимдері
43
KZ
Пісіру үрдісін орнату
! Бағдарламалаудан бұрын пісіру функциясы таңдап
алынуы керек.
Пісіру ұзақтығын орнату
1. Дисплейде белгішесі мен үш сан
жыпылықтағанша түймесін бірнеше рет басыңыз.
2. Ұзақтықты реттеу үшін ТАЙМЕР ТҰТҚАСЫН «+»
және «-» бағытына қарай бұраңыз.
3. Растау үшін түймесін қайта басыңыз.
4. Белгіленген уақыт өткенде ДИСПЛЕЙ бетінде
«END» («Аяқталды») деген мәтін шығып, пеш
пісіруді тоқтатады да, дыбыстық сигнал ойнайды.
Мысалы: қазір сағат 9:00 делік және уақыт 1 сағат
15 минутқа орнатылсын. Бағдарлама сағат 10:15
болғанда автоматты түрде тоқтайды.
Пісіру режимінің аяқталу уақытын орнату
! Пісірудің аяқталу уақыты белгіленбей тұрып, пісіру
ұзақтығын орнату керек.
1. Ұзақтықты жоғарыда сипатталғандай орнату үшін
1-ден 3-қадамға дейін орындаңыз.
2. ДИСПЛЕЙДЕ белгішесі мен екі сан шыққанша
түймесін басыңыз.
3. Сағаттың мәнін дұрыстау үшін ТАЙМЕР
ТҰТҚАСЫН «+» және «-» белгілеріне қарай
бұраңыз.
4. Басқа екі сан ДИСПЛЕЙДЕ жыпылықтай
бастағанша түймесін қайта басыңыз.
5. Минуттың мәнін дұрыстау үшін ТАЙМЕР
ТҰТҚАСЫН «+» және «-» белгілеріне қарай
бұраңыз.
6. Растау үшін түймесін қайта басыңыз.
7. Белгіленген уақыт өткенде ДИСПЛЕЙ бетінде
«END» («Аяқталды») деген мәтін шығып, пеш
пісіруді тоқтатады да, дыбыстық сигнал ойнайды.
Бағдарламала орнатылғанда және түймелері
жыпылықтайды. ДИСПЛЕЙ пісірудің аяқталу уақыты
мен пісіру ұзақтығын алма-кезек көрсетіп тұрады.
Бағдарламадан бас тарту үшін SELECTOR (РЕТТЕУ)
тұтқасын «0» позициясына бұраңыз.
Тағам дайындау бойынша кеңес
! Желдетіп пісіру кезінде сөрелерді 1-ші және 5-ші
позицияларға қоймаңыз. Себебі, тым қатты тура
бағытталған қызу ыстыққа сезімтал тағамды күйдіріп
жіберуі мүмкін.
! БАРБЕКЮ (BARBECUE) ЖӘНЕ ГРАТИН (GRATIN)
пісіру режимдерінде, әсіресе бұрылмалы істікті
пайдаланған кезде, тағамның қалдықтарын (май
және (немесе) тоң май) жинау үшін тұтқалы табаны
1-ші позицияға қойыңыз.
КӨП TAҒAM ДAЙЫHДAУ
2-ші және 4-ші позицияларды пайдаланыңыз,
көбірек қызуды қажет ететін тағамдарды 2-шісіне
қойыңыз.
Тұтқалы табаны астыңғы жаққа, ал сөрені үстіңгі
жаққа орнатыңыз.
БАРБЕКЮ
Сөрені 2-ші немесе 4-ші позицияға қойыңыз.
Тағамды сөренің ортасына орналастырыңыз.
Қуат деңгейін ең жоғарғы мәнге орнату
ұсынылады. Үстіңгі ысыту элементі термостат
арқылы реттеледі және тұрақты күйде жұмыс
істемеуі мүмкін.
ПИЦЦА режимі
Жеңіл алюминийден жасалған пицца табасын
пайдаланыңыз. Оны қамтамасыз етілген тартпаға
орналастырыңыз.
Сыртын қытырлақ етіп пісіру үшін тұтқалы табаны
пайдаланбаңыз, себебі ол пісіру мерзімін ұзарту
арқылы қытырлақ болуына кедергі жасайды.
Пиццаның беті көп құрамды болғанда пісіру
үрдісінің ортасында пиццаның үстіне моцарелла
ірімшігін қосу ұсынылады.
44
KZ
Тағам әзірлеу бойынша кеңес кестесі
Тағам
дайындау
режимдері
Тағамдар Салмақ
(кг)
Тартпа позициясы Алдын
ала
қыздыру
Ұсынылатын
температура
(°C)
Пісіру
ұзақтығы
(минут)
стандартты
бағыттауыш
сырғытпалар
жылжымалы
бағыттауыш
сырғытпалар
Конвекция
пеші
Үйрек
Тауық еті
Қуырылған бұзау немесе сиыр еті
Қуырылған шошқа еті
Печенье (кішкентай кондитерлік өнімдер)
Бәліштер/торттар
1.5
1.5
1
1
-
1
2
2
2
2
2
2
1
1
1
1
1
1
Иә
Иә
Иә
Иә
Иә
Иә
200-210
200-210
200
200-210
180
180
70-80
60-70
70-75
70-80
15-20
30-35
Көп тағам
дайындау
Пицца - 2 сөреде
Екі сөреде бәліштер/2 сөреде кекстер
Ашыған қамыр бәліші 2 сөреде (тұтқалы табада)
Қуырылған тауық еті + картоп
Жас қой еті
Макрель
Лазанья
Крем салынған қаттама - 2 тартпада
Печенье – 2- тартпада
Ірімшік салынған қаттама - 2 -сөреде
Хош иісті бәліш
1+1
1
1
1
2 және 4
2 және 4
2 және 4
1 және 2/3
2
1 не 2
2
2 және 4
2 және 4
2 және 4
1 және 3
1 және 3
1 және 3
1 және 3
1 және 3
1
1
1
1 және 3
1 және 3
1 және 3
1 және 3
Иә
Иә
Иә
Иә
Иә
Иә
Иә
Иә
Иә
Иә
Иә
220-230
180
170
200-210
190-200
180
190-200
190
190
210
200
20-25
30-35
20-25
65-75
45-50
30-35
35-40
20-25
10-20
20-25
20-30
Барбекю Макрель
Палтус пен каракатица
Кальмар мен асшаян кебабы
Нәлім белдемесі
Грильде пісірілген көкөністер
Бұзау етінен пісірілген стейк
Шұжықтар
Гамбургер
Қыздырылған сэндвич (немесе тост)
Бұрылмалы істікке (егер болса) пісірілген тауық еті
Бұрылмалы істікке (егер болса) пісірілген қой еті
1
0.7
0.7
0.7
0.5
0.8
0.7
4 не 5
4 не 6
1
1
4
4
4
4
3 не 4
4
4
4
4
-
-
3
3
3
3
2 немесе 3
3
3
3
3
-
-
Жоқ
Жоқ
Жоқ
Жоқ
Жоқ
Жоқ
Жоқ
Жоқ
Жоқ
Жоқ
Жоқ
100%
100%
100%
100%
100%
100%
100%
100%
100%
100%
100%
15-20
10-15
8-10
10-15
15-20
15-20
15-20
10-12
3-5
70-80
70-80
Гратин Грильде пісірілген тауық еті
Каракатица
Бұрылмалы істікке (егер болса) пісірілген тауық еті
Бұрылмалы істікке (егер болса) пісірілген үйрек еті
Қуырылған бұзау немесе сиыр еті
Қуырылған шошқа еті
Жас қой еті
1,5
1
1,5
1,5
1
1
1
2
2
-
-
2
2
2
2
2
-
-
2
2
2
Жоқ
Жоқ
Жоқ
Жоқ
Жоқ
Жоқ
Жоқ
210
200
210
210
210
210
210
55-60
30-35
70-80
60-70
60-75
70-80
40-45
Пицца
пеші
Пицца
Фокаччия наны
0.5
0.5
2
2
1
1
Иә
Иә
220
200
15-20
20-25
Пісіру
режимі
Бәліштер/торттар
Жеміс қосылған бәліш
Йогуртттан жасалған пирог
Кішкентай бәліштер – 2-тартпада
Пирог
Крем салынған бәліш – 3-сөреде
Печенье – 3-тартпада
Құймақ
Меренга – 3-тартпада
Ірімшік салынған қаттама
0.5
1
0.7
0.7
0.6
0.7
0.7
0.8
0.5
0.5
2 немесе 3
2 немесе 3
2 немесе 3
2 және 4
2 немесе 3
1, 3 және 5
1, 3 және 5
2
1, 3 және 5
2
1 немесе 2
1 немесе 2
1 немесе 2
1 және 3
1 немесе 2
1, 2 және 4
1, 2 және 4
1
1, 2 және 4
1
Иә
Иә
Иә
Иә
Иә
Иә
Иә
Иә
Иә
Иә
180
180
170-180
180-190
160-170
180-190
180
200
90
210
25-35
40-50
45-55
20-25
30-40
20-25
20-25
30-35
180
20-25
Жылдам
пісіру*
Қатырылған тағам
Пицца
Кәді және креветка қосылған бәліш
Кантри стиліндегі шпинат бәліші
Салындысы бар бәліш
Лазанья
Тоқаштар
Тауық етінің бөліктері
0.3
0.4
0.5
0.3
0.5
0.4
0.4
2
2
2
2
2
2
2
1
1
1
1
1
1
1
-
-
-
-
-
-
-
250
200
220
200
200
180
220
12
20
30-35
25
35
25-30
15-20
Алдын ала пісірілген тағамдар
Қуырылған тауық қанаттары 0.4 2 1 - 200 20-25
Тағамдар
Печенье (кішкентай кондитерлік өнімдер)
Йогуртттан жасалған пирог
Ірімшік салынған қаттама
0.3
0.6
0.2
2
2
2
1
1
1
-
-
-
200
180
210
15-18
45
10-12
Тексеру Rising process dough with the yeast (brioches,
bread, sugar pie, croissant) Ашыған қамырдың
көтерілуі (бриошь, нан, тәтті торт, рогалик)
2 1 40 30-60
! Жоғарыдағы тізімде көрсетілген пісіру уақыттары тек нұсқау ретінде берілген және оларды қалауыңызға қарай өзгертуге болады. Пешті алдын ала
қыздыру уақыты стандарт бойынша орнатылған және оларды қолмен өзгертуге болмайды.
45
KZ
Сақтандырулар
мен кеңестер
! Бұл құрылғы халықаралық қауіпсіздік стандарттарына
сай өңделіп шығарылған. Төмендегі ескертулер
қауіпсіздік салдары үшін берілген және оны мұқият
оқып шығу қажет.
Жалпы қауіпсіздік
Құрылғы үйде қолдануға арналған, оны
коммерциялық немесе өндірістік тұрғыда қолдануға
болмайды.
Жабық жер болса да, құрылғыны сыртта қолданбау
қажет. Құрылғыны қорғаусыз жаңбыр мен боранда
қалдыру аса қауіпті.
Құрылғыны жылжытқанда немесе орналастырғанда
пештің бүйіріндегі тұтқаларды пайдаланыңыз.
Құрылғыны жалаң аяқ немесе ылғал не дымқыл
қолмен, аяқпен түртпеңіз.
Құрылғыны кітапшада берілген нұсқауларға сай, тек
ересек адамдар ғана тағам дайындау мақсатында
пайдалануы тиіс.
Құрылғыны пайдаланған уақытта ысыту
элементтерін немесе пеш есігінің белгілі
бөліктерін ұстамаңыз, бұл бөліктер қатты
қызады. Құрылғыны балалар қолы жетпейтін
жерге қойыңыз.
Басқа электр құрылғыларына арналған
электр кабельдері пештің ыстық бөліктеріне
жақындамайтынын тексеріңіз.
Желдету және ыстықты салқындатуға арналған
ашық жерлерді ешқашан жаппау керек.
Пеш есігінің тұтқасын әрқашан ортасынан ұстаңыз,
шеттері ыстық болуы мүмкін.
Пешке асханалық ыдысты қоярда немесе оны алған
кезде әрдайым пеш қолғаптарын пайдаланыңыз.
Пеш түбін туралау үшін алюминий фольганы
пайдаланбаңыз.
Пешке жанғыш заттарды қоймаңыз. Егер
байқаусызда құрылғы қосылса, бұл заттардың жануы
мүмкін.
Құрылғыны қолданбағанда тұтқалар мынадай
«»/«» күйде тұрғанын тексеріңіз.
Құрылғыны өшіргенде айырғышты әрдайым
желі розеткасынан алыңыз, кабельден тартып
суырмаңыз.
Құрылғыны электр желісінен ажыратпастан,
ешқашан тазалау немесе күтім көрсету жұмыстарын
жасамаңыз.
Егер құрылғы істен шыққан болса, ешбір жағдайда
жөндеу жұмысын өзіңіз жасамаңыз. Тәжірибесіз
адам тарапынан жасалған жөндеу жұмыстарынан
құрылғының істен шығуы немесе жарамсыз болып
қалуы мүмкін. Қызмет көрсету орталығымен
байланысыңыз («Көмек» бөлімін қараңыз).
Ашық пештің есігіне ауыр заттарды қоймаңыз.
Құрылғыны физикалық, сезімталдық және
психикалық қабілеттері төмен адамдар (балалар
да кіреді), тәжірибесіз немесе өнімнен хабары
жоқ кез келген адамның қолданбауы тиіс. Мұндай
адамдарға, кем дегенде, қауіпсіздіктерін қамтамасыз
ететін біреулер жетекші болуы керек немесе
құрылғының жұмысына қатысты кіріспе нұсқаулары
берілуі тиіс.
Балаларға құрылғымен ойнауға рұқсат етпеңіз.
Жою
Орау материалдарын тастаған кезде: орама қайта
пайдаланылуы мүмкін болатындай жергілікті заңды
қадағалаңыз.
Электр және электроникалық құралдардың
қалдықтарына (WEEE) қатысты 2002/96/EC
Еуропа заңнамасына сәйкес үй құрылғылары
қалыпты толық қалалық қалдық айналымын
пайдаланып жойылмауы тиіс. Қоршаған орта мен
халық денсаулығына тиетін зиянның алдын ала
отырып, жарамсыз құрылғылар қайта пайдалану
мен машина ішіндегі материалдарды өңдеу құнын
оңтайландыру мақсатында бөлек жиналуы керек.
Барлық өнімдердегі сызылған қоқыс жәшігі өнім
иесінің бөлектелген қоқыс жинауға қатысты міндетін
еске салады. Жарамсыз үй құрылғыларын дұрыс
жоюға қатысты қосымша ақпарат алу үшін өнім
иелері халыққа қызмет көрсету орталығына немесе
олардың жергілікті өкілдеріне хабарласа алады.
Қоршаған ортаны сақтау және қорғау
Пешті таңертең ерте немесе түстен кейін кешірек
пайдалану арқылы электр қуатын қамтамасыз етуші
желілік компаниялардың ең жоғары жүктемесін
азайтуға көмектесе аласыз.. Пісіру функциясын
бағдарламалау параметрлері – әсіресе, «кейінге
қалдырылған пісіру» режимі (Пісіру функциялары»
бөлімін қараңыз) және «кейінге қалдырылған
автоматты түрде тазалау» режимі (Күтім және
пайдалану» бөлімін қараңыз) – пайдаланушының
уақытын тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.
БАРБЕКЮ және ГРАТИН режимдері
пайдаланылғанда пеш есігін әрқашан жауып қою
қажет. Бұл энергияны сақтай отырып (шамамен
10%), жақсы нәтижеге жеткізеді.
Есік тығыздағыштарын жиі тексеріңіз, олар есікке
тығыз келетіндей етіп, қалдық болмауы үшін тазалап
сүртіп тұрыңыз, осылайша ыстықтың сыртқа шығуын
болдырмайсыз.
46
KZ
Күтім және пайдалану
Құрылғыны өшіру
Кез келген бір жұмысты бастамастан бұрын
құрылғыны тоқтан ажыратыңыз.
Құрылғыны тазалау
Тот баспайтын болат немесе эмальданған сыртқы
бөліктер және резеңке тығыздағыштар салқын
малынып, түссіз сабын жағылған губкамен
тазартылады. Қиын дақтарды кетіру үшін арнайы
өнімдерді пайдаланыңыз. Жуып болған соң оны
шайып, мұқият құрғатыңыз. Қатты ұнтақтарды
немесе таттандыратын заттарды пайдаланбаңыз.
Пештің іші әрбір қолданғаннан кейін жылы
кезінде мұқият тазалануы тиіс. Ыстық су мен
тазартқышты пайдаланыңыз, одан кейін шайып,
жұмсақ шүберекпен құрғатып сүртіңіз. Қырғыш
заттарды пайдаланбаңыз.
Керек-жарақтар күнделікті ыдыстар сияқты
жуылуы мүмкін, тіпті оларды ыдыс жуғыш
машинаға жууға болады.
! Құрылғыны тазалауға ешқашан бу тазартқыштарын
немесе қысым тазартқыштарын пайдаланбаңыз.
Пеш есігін тазалау
Пеш есігінің әйнегін ысқышпен және қырғыш
емес тазартқыш құралдармен тазалап, жұмсақ
шүберекпен мұқият құрғатыңыз. Қатты қырғыш затты
немесе өткір темір қырғыштарды пайдаланбаңыз,
себебі олар әйнек бетін тырнап, оның сынуына
әкелуі мүмкін. Пеш есігін мұқият тазалау мақсатында
оны шығарып алуыңызға болады.
1. Пеш есігін толық ашыңыз
(сызбаны қараңыз).
2. Екі ілмекте орналасқан
тұтқаларды көтеріп, бұрыңыз
(сызбаны қараңыз).
Есігінің ішінде бекітілген шыны панелі бар
3. Есікті екі жағынан қатты
ұстап, жартылай жабыңыз.
Оны өзіңізге қарай орнынан
көтере тартыңыз (сызбаны
қараңыз).
3. (Есігінің ішінде бекітілген
шыны панелі бар). Есікті
екі жағынан қатты ұстап,
жартылай жабыңыз.
Қысқыштарды (F) басу
арқылы есікті босатыңыз,
одан кейін есікті орнынан
шығарылатындай өзіңізге
қарай тартыңыз (сызбаны
қараңыз).
Есікті орнына қою үшін осы іс ретін кері орындаңыз.
Тығыздағыштарды тексеру
Пештегі есік тығыздағыштарын жиі тексеріп
тұрыңыз. Егер тығыздағыштар зақымдалған болса,
жақын жердегі сатудан кейінгі қызмет көрсету
орталығына хабарласыңыз («Көмек» бөлімін
қараңыз). Тығыздағыштар ауыстырылғанға дейін
пешті пайдаланбауды ұсынамыз.
Шамды ауыстыру
Пештің шамын ауыстыру үшін:
1. Бұрағыштың көмегімен шыны қақпақты шешіп
алыңыз.
2. Шамды бұрап алып, оны ұқсас басқа шаммен
ауыстырыңыз: Ваттағы қуаты 15 Вт, цоколі E 14.
Шыны қақпақты орнына қойыңыз, оның дұрыс
орнағанын тексеріңіз (сызбаны қараңыз).
F
F
Шыны есік
Тығыздағыш
Шам
Пештің
камерасы
47
KZ
FAST CLEAN (ЖЫЛДАМ ТАЗАЛАУ)
функциясымен автоматты түрде
тазалау
FAST CLEAN (ЖЫЛДАМ ТАЗАЛАУ) режимімен
пештің ішкі температурасы 500°C–қа дейін жетеді.
Пиролитикалық цикл қосылады да, тағамдар
мен күйе қалдықтар жанып кетеді. Автоматты
түрде тазарту кезінде құрылғының беті ыстық
болатындықтан балаларды одан алыс жерде
ұстаңыз.
Жану процесіне байланысты пештің ішіндегі тағам
бөлшектері күюі мүмкін. Қобалжудың қажеті жоқ: бұл
процесс қалыпты және қауіпті емес.
FAST CLEAN (ЖЫЛДАМ ТАЗАЛАУ) режимін іске
қоспастан бұрын:
Ылғал губканың көмегімен пештің ішінен үлкен
тағам қалдықтарын алып тастаңыз. Тазалау
сұйықтығын пайдаланбаңыз.
Барлық керек-жарақтарды алып тастаңыз.
Пештің тұтқасына шәйнек тұтқышты қоймаңыз.
SELECTOR (РЕТТЕУ) тұтқасын «0» позициясына
бұраңыз.
! Егер пеш өте ыстық болса, пиролитикалық цикл
қосылмайды. Пештің суығанын күтіңіз.
! Бағдарлама тек пештің есігі жабылған кезде ғана
іске қосылады.
FAST CLEAN (ЖЫЛДАМ ТАЗАЛАУ) циклын іске
қосу үшін
48
KZ
Ескерту:
Құрылғы кез келген дұрыс жұмыс істемеуін анықтайтын автоматты диагностикалық жүйе арқылы реттеледі.
Дұрыс жұмыс істемеу хабарлардың төмендегі түрімен бейнеленеді: “F” сандардың алдында келеді.
Дұрыс жұмыс істемеген кезде техникалық қолдау көрсету орталығына хабарласыңыз.
! Рұқсаты жоқ адамның қызметін ешқашан қабылдамаңыз.
Келесі мәліметтерді оңай жерде ұстаңыз:
Туындаған проблема түрі.
Құрылғының моделі (Мод.).
Сериялық нөмірі (С/н).
Кейінірек мәліметтердің екі бөлігін құрылғының деректер тақтасынан көре аласыз.
Көмек
05/2009 - 195061769.05
XEROX FABRIANO
  • Page 1 1
  • Page 2 2
  • Page 3 3
  • Page 4 4
  • Page 5 5
  • Page 6 6
  • Page 7 7
  • Page 8 8
  • Page 9 9
  • Page 10 10
  • Page 11 11
  • Page 12 12
  • Page 13 13
  • Page 14 14
  • Page 15 15
  • Page 16 16
  • Page 17 17
  • Page 18 18
  • Page 19 19
  • Page 20 20
  • Page 21 21
  • Page 22 22
  • Page 23 23
  • Page 24 24
  • Page 25 25
  • Page 26 26
  • Page 27 27
  • Page 28 28
  • Page 29 29
  • Page 30 30
  • Page 31 31
  • Page 32 32
  • Page 33 33
  • Page 34 34
  • Page 35 35
  • Page 36 36
  • Page 37 37
  • Page 38 38
  • Page 39 39
  • Page 40 40
  • Page 41 41
  • Page 42 42
  • Page 43 43
  • Page 44 44
  • Page 45 45
  • Page 46 46
  • Page 47 47
  • Page 48 48

Whirlpool FH 89 P IX/HA Руководство пользователя

Тип
Руководство пользователя

Задайте вопрос, и я найду ответ в документе

Поиск информации в документе стал проще с помощью ИИ