• Табанының диаметрі оттықтың диаметріне сай келетін ыдыс-аяқты ғана
қолданыңыз. Шыны плита (егер болса) қатты қызып, жарылып кету қаупі бар.
• Диаметрі оттық диаметрінен кіші кəстрөлді қолданбаңыз - жалын кəстрөлдің
тұтқасын қыздырып жібереді.
• Кəстрөлдер басқару аймағына кіріп тұрмауға тиіс.
• Аударылып кетіп, жазатайым жағдай орын алмас үшін, орнықсыз ыдыс-аяқты
қолданбаңыз.
• Тұтанғыш заттарды
немесе тұтанғыш зат сіңген дымқыл заттарды жəне/не
балқығыш заттарды (пластик немесе алюминийден жасалған), маталарды
құрылғының ішіне, қасына немесе үстіне қоймаңыз. Жарылыс немесе өрт шығу қаупі
бар.
• Тек құрылғымен бірге жеткізілген керек-жарақтарды ғана қолданыңыз.
• Құрылғыны жақын розеткаларға жалғаған кезде абай болыңыз. Электр сымдарын
құрылғыға немесе ыстық ыдысқа тигізбеңіз. Электр сымдарының
оратылуына жол
бермеңіз.
Орнату
• Осы нұсқауларды міндетті түрде оқыңыз. Осы талаптарды орындамау
себебінен адам жəне үй жануарлары жарақаттанса, өндіруші жауапкершілік
көтермейді.
• Құрылғының бүлінуіне немесе адамдардың жарақат алуына жол бермеу үшін
құрылғыны орнатуды, сондай-ақ электр желісіне жəне газбен жабдықтау
жүйесіне қосуды, баптауды жəне техникалық қызмет көрсетуді нормалар мен
жергілікті заң ережелеріне сəйкес тек білікті маман ғана
іске асыруға тиіс.
• Құрылғының тасымалдау кезінде бүлінбегеніне көз жеткізіңіз. Бүлінген құрылғыны
іске қоспаңыз. Қажет болса, жеткізушіге хабарласыңыз.
• Кіріктірілген құрылғыларды, аспапты дұрыс қондырылған құрылғыларға жəне
стандартты талаптарға сай келетін жұмыс алаңдарына құрастырғаннан кейін ғана
пайдаланыңыз.
• Пештің үстін құрылғыны кіріктіруге болмайтын тұрмыстық аспаптарға орнатпаңыз.
• Құрылғыны тек біртегіс жайпақ бетке ғана орнатыңыз.
• Осы
құрылғының техникалық сиапттамаларын өзгертуге немесе түрлендіруге
болмайды. Жарақат алу немесе құрылғыны бүлдіріп алу қаупі бар.
• Құрылғы пайдаланылатын елде қолданылатын заңдарды, жарлықтарды, нұсқаулар
мен талаптарды (қауіпсіздік ережелері, қайта пайдалану ережелері, электрлік
қауіпсіздік ережелері т.с.с.) толық орындаңыз.
• Басқа аспаптармен жəне құрылғылармен арада ең кіші қашықтықты сақтаңыз.
• Соққыдан қорғау құралын орнатыңыз,
мысалы, тартпалы жəшіктерді тек
құрылғының астына қорғаныс тақта қойып қана орнатыңыз.
• Жұмыс үстелінің кесілген беткі қабатын дұрыс тұмшалағыш материалдың көмегімен
ылғалдан қорғаңыз.
• Жұмыс үстелін дұрыс бітегіш материалмен бос жер қалдырмастан бітеңіз.
• Құрылғының астының бу мен ылғалдан, яғни, ыдыс жуғыш машина немесе
тұмшапештен бүлінуіне жол бермеңіз.
Қауіпсіздік туралы мағлұматтар
5