4
Жолдағы қауіпсіздік
Көлік жүргізгенде ұялы телефонды пайдалану туралы аймағыңыздағы заң және
нұсқауларды тексеріңіз.
• Көлік жүргізгенде, қолда ұсталатын телефонды пайдаланбаңыз.
• Көлік жүргізуге айрықша көңіл бөліңіз.
• Көлік жүргізу ережелері бойынша талап етілсе, қоңырау шалмас немесе
қабылдамас бұрын, көлікті жол шетіне тоқтатыңыз.
• Радиожиілік қуаты автомагнитола және қауіпсіздік жабдықтары секілді көліктегі
кейбір электрондық жүйелерге әсер етуі мүмкін.
• Көлік ауа қабымен жабдықталған болса, орнатылған немесе тасымалды
сымсыз жабдықтармен бөгет жасамаңыз. Қате жұмыс жасағандықтан, ауа
қабының ашылуына кедергі жасауы немесе ауыр жарақатқа апаруы мүмкін.
• Сыртта жүріп музыка тыңдағанда, оның дыбысы айналаңызда не болып
жатқанын байқайтындай деңгейде болу керек. Бұл жолдардың жанында
болғанда әсіресе маңызды.
Құлаққа зақым келтірмеуге тырысу
Ықтимал есту қабілетіне зиянды болдырмау үшін ұзақ уақыт
бойы жоғары дыбыс деңгейінде тыңдамаңыз.
Ұзақ уақыт бойы музыканы жоғары дыбыс деңгейінде тыңдау есту қабілетіне
зиян келтіруі мүмкін. Сондықтан гарнитураны құлақ жанында қоспауға немесе
өшірмеуге кеңес беріледі. Сондай-ақ музыка мен қоңырау дыбыс деңгейлері
қалыпты деңгейде болуы тиіс.
• Құлақаспапты пайдаланғанда, жаныңыздағы адамдардың сөзі естілмесе
немесе қасыңыздағы адам тыңдап жатқаныңызды естісе, дыбыс деңгейін
азайтыңыз.
ЕСКЕРТПЕ
• Қ
ұлақаспаптардан және гарнитуралардан шығатын дыбыс қысымы
өте жоғары болса, есту қабілетінен айырылуыңыз мүмкін.
Әйнек бөліктері
Ұялы телефонның кейбір бөліктері әйнектен жасалған. Телефон жерге түсіп,
соғылғанда осы әйнек бөліктер сынып кетуі мүмкін. Әйнек сынса, тиіспеңіз
немесе алып тастамаңыз. Әйнек қызмет көрсетуші тарапынан алмастырылмай
тұрып ұялы телефонды пайдаланбаңыз.
Жарылыс аймағы
Жарылыс жасалып жатқан аймақтарда телефонды пайдаланбаңыз. Шектеулерді
тексеріп, шарттар мен ережелерді орындаңыз.
Жарылу қаупі бар орталар
• Телефонды жанармай құю орындарында пайдаланбаңыз.
• Телефонды жанармай немесе химиялық заттардың жанында пайдаланбаңыз.
• Тез жанатын газ, сұйықтық немесе жарылғыш заттарды ұялы телефон мен
керек-жарақтарымен бірге тасымалдамаңыз және сақтамаңыз.
Ұшақтарда
Сымсыз құрылғылар ұшақтарда кедергі келтіруі мүмкін.
Қауіпсіз және тиімді пайдалану туралы нұсқаулар
• Құрылғыны жылу батареясы немесе пеш сияқты жылу көздерінен аулақ жерде
сақтау керек.
• Түсіріп алмаңыз.
• Бұл құралды шайқамаңыз және соғып алмаңыз.
• Ерекше ережелермен талап етілген жерлерде телефонды сөндіріңіз.
Мысалы, телефонды емханаларда пайдаланбаңыз, өйткені ол медициналық
жабдықтарға әсер етуі мүмкін.
• Зарядталып жатқанда, телефонды ылғалды қолмен ұстауға болмайды. Бұл ток
соғуына себеп болып, телефонды қатты зақымдауы мүмкін.
• Телефонды тез өртенетін заттар жанында зарядтамаңыз, өйткені гарнитура
қызып, өрт шығу қаупін төндіруі мүмкін.
• Құрылғының сыртын құрғақ шүберекпен сүртіңіз (бензол, еріткіш немесе спирт
қолданбаңыз).
• Телефонды жұмсақ жиһаздардың үстінде зарядтамаңыз.
• Телефонды жақсы желдетілетін жерде зарядтау керек.
• Бұл құрылғыны шамадан тыс түтінге немесе шаңға шығармаңыз.
• Телефонды кредит картасы немесе көлік билеттері жанында ұстамаңыз, ол
магнитті жолақтағы ақпаратқа әсер етуі мүмкін.
• Экранға үшкір немесе өткір зат тигізбеңіз, өйткені бұл телефонды зақымдауы
мүмкін.
• Телефонға сұйықтық төгіп алмаңыз және оны ылғалды жерге қоймаңыз.
• Құлаққап сияқты қосалқы құралдарды абайлап пайдаланыңыз. Қажет болмаса,
антеннаға тимеңіз.
• Сынған, шытынаған немесе жарығы бар әйнекті пайдаланбаңыз, ұстамаңыз
және алуға немесе жөндеуге әрекет жасамаңыз. Тиісті түрде қолданбағаннан
болған әйнектегі зақымдар кепілдікпен жөнделмейді.
• Телефон – қалыпты жағдайда ыстық бөлетін электрондық құрылғы болып
табылады. Ұзақ уақыт бойы, жеткілікті желдеткіштің жоқтығынан терімен
тікелей байланыста болу ыңғайсыздықты немесе болмашы күйікті тудыруы
мүмкін. Сондықтан, телефонды пайдалану барысында немесе әрекеттен кейін
сақтық шараларын қатаң сақтаңыз.
• Телефоныңыз ылғалданып қалса, дереу ажыратып, толығымен құрғатыңыз.
Кептіру процесін тездету үшін пеш, микротолқынды пеш немесе шаш кептіргіш
сияқты сыртқы жылыту көзін пайдаланбаңыз.
• Ылғал телефон ішіндегі сұйықтық телефон ішіндегі өнім белгісінің түсін
өзгертеді. Сұйықтық әсерінен болған құрылғының зақымдануы кепілдікке
кірмейді.
Телефонды тиімді түрде пайдалану
Электрондық құрылғылар
Барлық ұялы телефондардың жұмысына әсер ететін кедергілер болуы мүмкін.
• Телефонды рұқсатсыз медициналық жабдықтардың жанында пайдаланбаңыз.
Телефонды кардиостимулятордың жанына, мысалы, төс қалтада
орналастырмаңыз.
• Ұялы телефондар кейбір есту құралдарына кедергі жасайды.
• Әлсіз кедергілер теледидарларға, радио құралдарына, компьютерлерге, т.б.
әсер етуі мүмкін.
• Мүмкін болса, телефонды 0 ºC және 40 ºC аралығындағы температурада
пайдаланыңыз. Телефонға аса төмен немесе жоғары температуралардың
әсер етуі нәтижесінде зақым келуі, жұмыс бұзылуы немесе тіпті жарылыс
орын алуы мүмкін.