Electrolux EC2200AOW2 Руководство пользователя

Тип
Руководство пользователя
EC2200AOW2
KK ТОҢАЗЫТҚЫШ ШКАФ ҚОЛДАНУ ТУРАЛЫ НҰСҚАУЛАРЫ 2
RU МОРОЗИЛЬНЫЙ ЛАРЬ ИНСТРУКЦИЯ ПО ЭКСПЛУАТАЦИИ 17
UK МОРОЗИЛЬНА СКРИНЯ ІНСТРУКЦІЯ 33
МАЗМҰНЫ
1. САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ....................................................................................... 3
2. ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЛАРЫ............................................................................ 4
3. ЖҰМЫС ЖҮЙЕСІ..............................................................................................6
4. БІРІНШІ ҚОЛДАНҒАНҒА ДЕЙІН.......................................................................7
5. ӘРКҮНДІК ҚОЛДАНУ........................................................................................7
6. АҚЫЛ-КЕҢЕС.................................................................................................... 8
7. КҮТУ МЕНЕН ТАЗАЛАУ................................................................................... 9
8. АҚАУЛЫҚТЫ ТҮЗЕТУ.....................................................................................10
9. ОРНАТУ........................................................................................................... 13
10. ШУЫЛ ТҮРЛЕРІ............................................................................................ 14
11. ТЕХНИКАЛЫҚ АҚПАРАТ..............................................................................15
СІЗ ОЙЫМЫЗДА БОЛДЫҢЫЗ
Electrolux құрылғысын сатып алғаныңызға рахмет. Сіз ондаған жылдар бойы
жинақталған кәсіби тәжірибе мен инновацияға сүйеніп жасалған құрылғыны
таңдадыңыз. Тапқырлықтың туындысы болған, көз тартарлық бұл құрылғыны
жасау барысында сіз ойымызда болдыңыз. Сондықтан, қолданған сайын
тамаша нәтижеге қол жеткізе алатыныңызға сенімді болыңыз.
Electrolux әлеміне қош келдіңіз.
Біздің веб-сайтқа барып келесіні қараңыз:
Қолдануға қатысты кеңестер, кітапшалар, ақаулықты түзету, қызмет
көрсету туралы ақпарат:
www.electrolux.com
Сізге барынша жақсы қызмет көрсету үшін өніміңізді мына жерге тіркеңіз:
www.registerelectrolux.com
Құрылғыңызға қажетті керек-жарақтарды, шығынды материалдарды және
фирмалық қосалқы бөлшектерді сатып алу үшін:
www.electrolux.com/shop
ТҰТЫНУШЫҒА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
Фирмалық заттарды қолдануды ұсынамыз.
Қызмет көрсету орталығына хабарласқанда келесі деректердің дайын
болуын қамтамасыз етіңіз. Үлгісі, Өнім нөмірі, Сериялық нөмірі.
Деректерді техникалық ақпарат тақтайшасынан алуға болады.
Ескерту / Қауіп-қатерден сақтандыру ақпараты
Жалпы ақпарат және ақыл-кеңес
Қоршаған ортаға қатысты ақпарат
Өндіруші ескертусіз өзгеріс енгізу құқығына ие.
www.electrolux.com2
1. САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ
Құрылғыны орнатып іске қолданар алдында бірге
жеткізілген нұсқауларды мұқият оқып шығыңыз.
Құрылғыны дұрыс орнатпау мен дұрыс пайдаланбау
нәтижесінде адам жарақат алса және ақаулық орын
алса өндіруші жауапты емес. Нұсқаулықты
келешекте қарап жүру үшін үнемі сақтап қойыңыз.
1.1 Балалар мен дәрменсіз адамдардың
қауіпсіздігі
Бұл құрылғыны 8 жастан асқан балалар мен
денесіне, сезім жүйесіне не ақыл-есіне зақым
келген адамдар не тәжірибесі аз адамдар өз
қауіпсіздіктерін қамтамасыз ететін адамның
қадағалауы немесе құрылғыны қауіпсіз қолдану
бойынша берген нұсқауына сүйеніп, дұрыс
қолданбау салдарын түсінсе қолдануына болады.
Балаларға құрылғымен ойнауға рұқсат бермеңіз.
Балалар тазалау және күтім көрсету жұмыстарын
басқаның бақылауынсыз орындамауға тиіс.
Орам материалдарының барлығын балалардан
алыс ұстаңыз.
1.2 Қауіпсіздік туралы жалпы ақпарат
Бұл құрылғы үйде және сол сияқты төменде
аталған жерлерде қолдануға арналған:
Фермадағы үйлердің; дүкендердегі, кеңселер
мен басқа жұмыс орындарындағы
қызметкерлерге арналған ас бөлмелерде
Қонақ үйлерде, мотельдерде, төсек және таңғы
аспен қамтамасыз ететін қонақжайларда және
басқа тұрғынды жерлерде
Құрылғының корпусындағы немесе кіріктірілген
элементіндегі желдеткіш саңылауларды бітемей,
ашық ұстаңыз.
ҚАЗАҚ 3
Жібіту үдерісін жылдамдату үшін өндіруші ұсынған
құралдардан басқа құралдарды немесе
механикалық құралдарды қолданбаңыз.
Салқындатқыш жүйенің контурын зақымдамаңыз.
Құрылғының ішіндегі азық-түлікті сақтауға арналған
бөліктерге электр құрылғыларын, егер оларды
өндіруші ұсынбаған болса қолданбаңыз.
Құрылғыны тазалау үшін сулы спрейді және буды
қолданбаңыз.
Құрылғыны дымқыл, жұмсақ шүберекпен
тазалаңыз. Тек бейтарап тазартқыш заттарды
қолданыңыз. Жеміргіш заттарды, түрпілі жөкені,
еріткіштерді немесе темір заттарды
пайдаланбаңыз.
Құрылғы ішінде жанатын заты бар аэрозоль
сауыттары тәрізді жарылатын затты сақтамаңыз.
Егер қуат көзі сымына зақым келген болса,
қатерден сақтану үшін оны өндіруші немесе оның
техникалық қызмет көрсетуші агенті немесе сол
сияқты білікті маман ауыстыруға тиіс.
2. ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЛАРЫ
2.1 Орнату
НАЗАРЫҢЫЗДА
БОЛСЫН!
Бұл құрылғыны тек білікті
маман ғана орнатуға тиіс.
Орам материалдарының барлығын
алыңыз
Бүлінген құрылғыны орнатпаңыз
немесе іске қоспаңыз.
Құрылғымен бірге берілген орнату
бойынша нұсқауларды орындаңыз.
Құрылғыны жылжытқан кезде үнемі
абай болыңыз, себебі салмағы
ауыр. Әрқашан қорғаныс қолғабын
киіңіз.
Құрылғының айналасында ауа
айналып тұруын қамтамасыз етіңіз.
Құрылғыны тоққа қосар алдында
кем дегенде 4 сағат күтіңіз. Бұл
майдың компрессорға қайта
құйылуына мүмкіндік беру үшін
қажет.
Құрылғыны радиаторға немесе
пештерге, тұмшапешке немесе
пештің үстіне жақын орнатпаңыз.
Құрылғының артқы жағы қабырғаға
қарап тұруға тиіс.
Құрылғыны күннің жарығы тура
түсетін жерге қоймаңыз.
Құрылғыны аса дымқыл немесе өте
суық, құрылыс алаңдары, гараж
немесе шарап жерқоймасы тәрізді
жерлерге орнатуға болмайды.
Құрылғыны жылжытқан кезде,
еденді сызып кетпес үшін алдыңғы
жағынан көтеріңіз.
www.electrolux.com4
2.2 Электртоғына қосу
НАЗАРЫҢЫЗДА
БОЛСЫН!
Өрт шығу және электр
қатеріне ұшырау қаупі бар.
Құрылғыны міндетті түрде жерге
тұйықтау қажет.
Электртоғына қосу жұмыстарын
білікті электрші ғана іске асыруға
тиіс.
Техникалық ақпарат
тақтайшасындағы электр
параметрлерінің электр желісіндегі
параметрлерге сай келетініне көз
жеткізіңіз. Сай келмесе электршіге
хабарласыңыз.
Әрқашан дұрыс орнатылған,
қатерден сақтандырылған
розетканы қолданыңыз.
Көп тармақты адаптерлер мен
ұзартқыш сымдарды қолданбаңыз.
Электр бөлшектеріне зақым
келтірмеңіз (мысалы, ашасына,
сымына, компрессорға). Электр
бөлшектерін өзгерту үшін қызмет
көрсету орталығына немесе
электршіге хабарласыңыз.
Қорек сымы ашаның деңгейінен
төмен орналасуға тиіс.
Құрылғының ашасын розеткаға тек
құрылғыны орнатып болғаннан
кейін ғана жалғаңыз. Орнатып
болғаннан кейін ашаның қол
жететін жерде тұрғанына көз
жеткізіңіз.
Құрылғыны тоқтан ажырату үшін
сымынан тартпаңыз. Әрқашан
ашасынан тартып суырыңыз.
2.3 Пайдалану
НАЗАРЫҢЫЗДА
БОЛСЫН!
Жарақат алу, күйіп қалу,
электр тоғының қатеріне
ұшырау немесе өрт шығу
қаупі бар.
Бұл құрылғының техникалық
сипаттамасын өзгертпеңіз.
Электр құрылғыларын (мысалы,
балмұздақ жасағыш құрылғы) егер
өндірушісі арнайы көрсетпесе,
құрылғыға салуға болмайды.
Салқындатқыш жүйеге зақым
келтіріп алмас үшін абай болыңыз.
Оның құрамында изобутон (R600a),
қоршаған ортамен сыйысымдылығы
өте жоғары табиғи газ бар. Бұл
тұтанғыш газ.
Егер салқындатқыш жүйеге зақым
келсе, бөлмеде ешбір оттың
жалыны және тұтануға себеп
болатын көздердің болмауын
қамтамасыз етіңіз. Бөлмені
желдетіңіз.
Ыстық заттарды құрылғының
пластик бөліктеріне тигізбеңіз.
Алкогольсыз сусындарды
мұздатқыш бөлікке қоймаңыз.
Себебі сусынның ыдысында қысым
пайда болады.
Құрылғыда тұтанғыш газ бен
сұйықтықты сақтамаңыз.
Тұтанғыш заттарды немесе ішіне
тұтанғыш зат салынған дымқыл
заттарды құрылғының ішіне, қасына
немесе үстіне қоймаңыз.
Компрессорға немесе
конденсаторға қол тигізбеңіз. Олар
ыстық.
Қолыңыз су немесе дымқыл болса
мұздатқыш бөліктегі заттарды
алмаңыз немесе ұстамаңыз.
Жібіген тағамды қайта
мұздатпаңыз.
Мұздатылған тағамның
орамындағы тағам сақтау
нұсқауларын орындаңыз.
2.4 Ішкі жарық шамы
Осы құрылғыда пайдаланылатын
шам түрлері бөлмені
жарықтандыруға жарамайды
2.5 Күту менен тазалау
НАЗАРЫҢЫЗДА
БОЛСЫН!
Жарақат алу немесе
құрылғыны бүлдіріп алу
қаупі бар.
Құрылғыны жөндеу алдында электр
желісінен ағытып, ашасын
розеткадан суырыңыз.
Бұл құрылғының салқындатқыш
жүйесінде көмірсутек бар. Жүйеге
күтім көрсету және оны қайта
ҚАЗАҚ 5
толтыру жұмыстарын тек білікті
маман ғана іске асыруға тиіс.
Құрылғының су төгетін түтіктерін
уақытылы тексеріңіз, егер тазалау
керек болса тазалаңыз. Су ағатын
түтік бітелсе, еріген су құрылғының
табанына жиналады.
2.6 Құрылғыны тастау
НАЗАРЫҢЫЗДА
БОЛСЫН!
Жарақат алу немесе
тұншығып қалу қаупі бар.
Құрылғыны электр желісінен
ажыратыңыз.
Қуат сымын кесіп алыңыз да,
қоқысқа тастаңыз.
Балалар мен жануарлар құрылғы
ішіне қамалып қалмас үшін есікті
ағытып алыңыз.
Құрылғының салқындатқыш жүйесі
мен изоляция материалдарының
озонға зияны жоқ.
Изоляция көбігінің құрамында
тұтанғыш газ бар. Құрылғыны
қоқысқа дұрыс тастауға қатысты
ақпаратты жергілікті әкімшілік
мекемеге хабарласып алыңыз.
Салқындатқыш жүйенің қызу
алмастырғышқа жақын орналасқан
жеріндегі бөлігіне зақым
келтірмеңіз.
3. ЖҰМЫС ЖҮЙЕСІ
3.1 Басқару панелі
21 3
1
Температура тетігі
2
Сигнал шамы
3
Жоғары температураны ескерту
индикаторы
3.2 Іске қосу
B
C
A
A) Температура тетігі
B) Жартылай толтыру
C) Толық толтыру
1. Ашаны розеткаға сұғыңыз.
2. Тағамды құрылғының ішіне қояр
алдында, Температура тетігін
Толық толтыру қалпына қойып 24
сағат қосып, дұрыс температура
қалыптасқанша күтіңіз.
Сигнал шамы жанады.
3. Температура тетігін сақталған
тағамдардың мөлшеріне қарай
реттеңіз.
www.electrolux.com6
3.3 Сөндіру
Температура тетігін OFF қалпына
қойыңыз.
3.4 Температураны реттеу
Құрылғының ішіндегі температура
басқару панелінде орналасқан
температура тетігінің көмегімен
басқарылады.
Құрылғыны іске қосу үшін төмендегі
әрекеттерді орындаңыз:
суықтықты ең төмен мәнге қою үшін
Температура тетігін ең төмен
параметрлерге бұраңыз.
ең суық параметрге қою үшін
Температура тетігін ең суық
параметрге бұраңыз.
Аз тағам мұздату үшін
Жартылай толтыру
қалпына қойған барынша
сай келеді. Көп тағам
мұздату үшін Толық
толтыру қалпына қойған
барынша сай келеді.
3.5 Жоғары температураны
ескерту
Мұздатқыштағы температура артса
(мысалы, электр қуаты үзіліп қалуы
себепті), ескерту шамы жанады
Ескерту циклы кезінде мұздатқыштың
ішіне тағам қоймаңыз.
Қалыпты жағдай орын алған кезде
Ескерту индикаторы өздігінен сөнеді.
4. БІРІНШІ ҚОЛДАНҒАНҒА ДЕЙІН
НАЗАРЫҢЫЗДА
БОЛСЫН!
Қауіпсіздік тарауларын
қараңыз.
4.1 Пештің ішін тазалау
Құрылғыны ең алғаш пайдалану
алдында, іші мен барлық ішкі керек-
жарақтарын, аздап бейтарап сабын
қосылған жылы сумен жуып, ондағы
әдетте жаңа затқа тән келетін иісті
жуып, содан кейін мұқият құрғатыңыз.
САҚТАНДЫРУ ТУРАЛЫ
ЕСКЕРТУ!
Жуғыш заттарды немесе
жеміргіш ұнтақтарды
қолданбаңыз, себебі
бұндай заттар құрылғының
қаптамасын бүлдіреді.
5. ӘРКҮНДІК ҚОЛДАНУ
НАЗАРЫҢЫЗДА
БОЛСЫН!
Қауіпсіздік тарауларын
қараңыз.
5.1 Жаңа тағамды мұздату
Мұздатқыш бөлік жаңа тағамды
мұздату мен тоңазыған және
мұздатылған тағамдарды ұзақ уақыт
сақтауға жарайды.
24 сағат ішінде мұздатуға болатын
тағамның ең көп мөлшері техникалық
ақпарат тақтайшасында көрсетілген.
1
Мұздату үрдісі 24 сағатқа созылады:
осы уақыт аралығында мұздатқыңыз
келген басқа тағамды қосып
салмаңыз.
5.2 Мұздатылған тағамды
сақтау
Құрылғыны ең алғаш іске қосқанда
немесе ұзақ уақыт пайдаланбай барып
пайдаланған кезде, құрылғының
бөліктеріне тағам қоймай тұрып,
Температура тетігін Толық толтыру
қалпына қойып, құрылғыны кем
дегенде 24 сағат қосыңыз.
1
"Техникалық сипаттама" тарауын қараңыз
ҚАЗАҚ 7
САҚТАНДЫРУ ТУРАЛЫ
ЕСКЕРТУ!
Тағам кенет жібіп кетсе,
мысалы, электр қуатының
ажырауына байланысты,
электр қуаты
"температураның көтерілу"
уақыты кестесінде
көрсетілген уақыттан ұзақ
уақыт сөнсе, жібітілген
тағамды дереу пайдалану
керек немесе пісіріп, содан
кейін қайта мұздату керек
(пісіргеннен кейін).
5.3 Есікті ашу және жабу
САҚТАНДЫРУ ТУРАЛЫ
ЕСКЕРТУ!
Тұтқаны ешқашан күшпен
тартпаңыз.
Есікке мықты тығыздағыш
орнатылғандықтан, оны жаба сала
дереу ашу мүмкін емес (вакуумның
пайда болуына байланысты)
Құрылғыны қайта ашар алдында
бірнеше минут күтіңіз.
Есікті ашуға вакуум клапан
көмектеседі.
5.4 Тағам сақтауға арналған
себеттер
Себеттерді мұздатқыштың (А) үстіңгі
жиегіне іліңіз немесе мұздатқыштың
ішіне (В) қойыңыз. Осы екі орындағы
тетіктерді суретте көрсетілгендей
бұрап қатайтыңыз.
A B
Келесі суреттерде мұздатқыштың әр
түрлі үлгілерінің ішіне қанша себет
салуға болатыны көрсетілген.
Себеттер сырғып, бірінің ішіне бірі
кіреді.
230
806606 946 1061
1201 1336 1611
Қосымша себеттерді жергілікті қызмет
көрсету орталығынан сатып алуға
болады.
6. АҚЫЛ-КЕҢЕС
НАЗАРЫҢЫЗДА
БОЛСЫН!
Қауіпсіздік тарауларын
қараңыз.
6.1 Мұздатуға қатысты ақыл
кеңес
Мұздату үрдісін барынша жақсы
жүзеге асыру үшін мына кеңестерді
ұсынамыз:
24 сағатта мұздатуға болатын
тағамның ең көп мөлшері
техникалық ақпарат тақтайшасында
көрсетілген.
Мұздату үрдісі 24 сағатқа
созылады. Осы кезде ешбір
мұздатылатын тағамды қосып
салуға болмайды.
Жоғары сапалы, жаңа және әбден
тазаланған тағамдарды ғана
мұздатыңыз.
Тағамды жылдам және әбден
мұздату үшін, сондай-ақ, кейін
тағамды қажетті мөлшерде ғана
жібіту үшін аз мөлшерге бөліп,
жеке-жеке сақтаңыз.
www.electrolux.com8
Тағамды алюминий жұқалтырға
немесе полиэтилен орамға орап,
тағам орамдарының ауа
өткізбейтініне көз жеткізіңіз.
Мұздатылған тағамның
температурасы жоғарылап кетпес
үшін, жаңа, мұздатылмаған
тағамды мұздатылған тағамға
тигізбеңіз.
Майы аз тағамдар, майлы тағамға
қарағанда ұзағырақ сақталады; тұз
тағамның сақталу уақытын
қысқартады.
Мұз текшелерін мұздатқыш
бөліктен ала сала пайдаланса,
теріні қарып жіберуі мүмкін.
Тағамды сақтау уақытын есепке
алып отыру үшін, әр орамның
сыртына мұздатылған ай-күнін
жазып қою ұсынылады.
6.2 Мұздатылған тағамды
сақтау бойынша кеңес
Құрылғының барынша жақсы жұмыс
істеуін қамтамасыз ету үшін мына
әрекеттерді орындау керек:
сатушының мұздаған қалпы
сатылатын тағамдарды тиісті түрде
мұздатқанына көз жеткізіңіз;
мұздатылған тағамдарды дүкеннен
мұздатқышқа барынша қысқа уақыт
ішінде жеткізіңіз;
аса қажет болмаса есікті жиі
ашпаңыз немесе ұзақ уақыт ашық
қалдырмаңыз.
Тағамды жібіткеннен кейін сапасы
дереу түсе бастайды және оны
қайта мұздатуға болмайды.
Тағамды өндіруші көрсеткен
жарамдылық мерзімінен артық
уақыт сақтамаңыз.
7. КҮТУ МЕНЕН ТАЗАЛАУ
НАЗАРЫҢЫЗДА
БОЛСЫН!
Қауіпсіздік тарауларын
қараңыз.
7.1 Мерзімді тазалау
САҚТАНДЫРУ ТУРАЛЫ
ЕСКЕРТУ!
Қандай да бір жөндеу
жұмысын орындау
алдында, құрылғыны
сөндіріңіз.
Құрылғының ішін тазалау
үшін жуғыш заттарды,
жеміргіш құралдарды, әтір
иісті заттарды немесе
балауызды қолданбаңыз.
Салқындату жүйесіне
зақым келтірмеңіз.
Компрессор тұратын
аумақты тазалаудың
қажеті жоқ.
1. Құрылғыны өшіріңіз.
2. Құрылғыны және оның керек-
жарақтарын жылы су мен бейтарап
сабынды қолданып мезгіл-мезгіл
тазалаңыз.
Есіктің тығыздағышын абайлап
тазалаңыз.
3. Құрылғыны жақсылап құрғатыңыз.
4. Ашаны розеткаға қосыңыз.
5. Ыдыс жуғыш машинаны қосыңыз.
ҚАЗАҚ 9
7.2 Мұздатқыштың мұзын
еріту
САҚТАНДЫРУ ТУРАЛЫ
ЕСКЕРТУ!
Қырауды ешқашан өткір
темір құралдармен
тазаламаңыз, себебі
құрылғыға зақым келтіріп
аласыз. Мұзды жылдам
еріту үшін өндіруші
ұсынған құралдардан өзге
механикалық немесе басқа
жасанды заттарды
ешқашан қолданбаңыз.
Құрылғының мұзын еріту
кезінде, оралып
мұздатылған тағамдардың
температурасының
жоғарылауы олардың
қауіпсіз сақталу мерзімін
қысқартуы мүмкін.
Мұздатқыш камераның мұзын
шамамен 10-15 мм қалың болған кезде
жібітіңіз.
Сыртқы ортаның ылғалдылығы жоғары
болса немесе мұздатылған тағам
дұрыс оралмай салынса, құрылғының
қабырғаларына көбірек мұз қатуы
мүмкін.
Мұздатқыштың мұзын тағам аз тұрған
кезде немесе мүлдем тағам жоқ кезде
еріткен тиімді.
1. Құрылғыны өшіріңіз.
2. Ішінде тағам тұрса, оны алып,
бірнеше қабат газетке ораңыз да,
салқын жерге қойыңыз.
3. Есікті ашып, еріген су ағатын
түтіктің тығынын алып, еріген
судың барлығын науаға құйып
алыңыз. Мұзды жылдам алу үшін
қырғышты қолданыңыз.
4. Мұзды ерітіп болғаннан кейін
құрылғының ішін жақсылап
құрғатып, ашаны сұғыңыз.
5. Ыдыс жуғыш машинаны қосыңыз.
6. Температура түймешесін ең үлкен
суықтыққа қойыңыз да, құрылғыны
осы параметрде тұрған қалпы екі
немесе үш сағат жұмысқа қосыңыз.
7. Алдында алып қойған тағамдарды
қайта салыңыз.
7.3 Құрылғыны қолданбаған
кезде
Құрылғыны ұзақ уақыт бойы
қолданбаған кезде мына сақтық
шараларын орындаңыз:
1. Құрылғыны сөндіріңіз де, электр
желісінен ағытыңыз.
2. Тағамды алыңыз
3. Құрылғының мұзын ерітіп, керек-
жарақтарының барлығын
тазалаңыз.
4. Жағымсыз иіс пайда болмас үшін
есігін ашық қалдырыңыз.
Егер құрылғыны қосып
қалдыратын болсаңыз,
электр қуаты өшіп қалған
жағдайда ішіндегі тағам
бұзылып кетпес үшін,
басқа бір адамның
арасында бір рет бақылап
қойып отыруын сұраңыз.
8. АҚАУЛЫҚТЫ ТҮЗЕТУ
НАЗАРЫҢЫЗДА
БОЛСЫН!
Қауіпсіздік тарауларын
қараңыз.
www.electrolux.com10
8.1 Не істерсіңіз, егер...
Ақаулық Ықтимал себебі Шешімі
Құрылғы жұмыс
істемейді.
Құрылғы сөндірулі. Ыдыс жуғыш машинаны
қосыңыз.
Қуат ашасы розеткаға
дұрыс сұғылмаған.
Ашаны розеткаға
дұрыстап сұғыңыз.
Розеткада тоқ жоқ. Құрылғыны басқа
розеткаға қосып көріңіз.
Электрші маманға
хабарласыңыз.
Құрылғыдан шуыл
шығады.
Құрылғы дұрыс
орнықпаған.
Құрылғының орнықты
тұрғанына көз жеткізіңіз.
Көрінетін және естілетін
сигналдар қосылып тұр.
Құрылғы жақында ғана
қосылған немесе
құрылғының
температурасы тым
жоғары.
"Жоғары температураны
ескерту" бөлімін қараңыз,
егер ақау сонда да
түзелмесе, Уәкілетті
қызмет көрсету
орталығына
хабарласыңыз.
Қуат индикаторы
жыпылықтап тұр.
Температураны өлшеу
барысында ақау пайда
болды немесе құрылғы
дұрыс жұмыс істемей тұр.
Жақын жердегі уәкілетті
қызмет көрсету
орталығына
хабарласыңыз.
Қақпақ әбден
жабылмаған.
Тағамның орамдары
есікке кедергі жасап тұр.
Тағам орамдарын дұрыс
орналастырыңыз,
құрылғыдағы жапсырмаға
қараңыз.
Мұз тым көп қатқан. Артық мұзды тазалаңыз.
Есікті ашу қиын. Есіктің
тығыздағыштарына қоқыс
жиналған немесе олар
жабысқақ болып қалған.
Есіктің тығыздағыштарын
тазалаңыз.
Клапан бітеліп қалған. Клапанды тексеріңіз.
Шам жанбайды. Шамда ақаулық бар. "Шамды ауыстыру"
тарауын қараңыз.
Компрессор үздіксіз
жұмыс істейді.
Температура дұрыс
орнатылған жоқ.
"Құрылғының жұмысы"
тарауын қараңыз.
Тоңазытылуға тиіс
тағамдар бір уақытта көп
мөлшерде қатар
салынған.
Бірнеше сағат күтіңіз,
содан кейін
температурасын қайта
тексеріңіз.
ҚАЗАҚ 11
Ақаулық Ықтимал себебі Шешімі
Бөлме температурасы
тым жоғары.
Техникалық ақпарат
тақтайшасындағы ауа-
райы санатын қараңыз.
Құрылғыға тым жылы
тағам қойылған.
Тағамды бөлме
температурасына дейін
салқындатып алғаннан
кейін салыңыз.
Есік дұрыс жабылмаған. Есіктің дұрыс
жабылатынын,
тығыздағыштарға зақым
келмегенін және таза
екенін тексеріңіз.
Қырау, мұз тым көп
қатқан.
Қақпақ дұрыс
жабылмаған немесе
тығыздағышы
жапырылған/кірлеген.
"Есікті жабу" тарауын
қараңыз.
Су ағызатын түтіктің
тығыны дұрыс
салынбаған.
Су ағызатын түтіктің
тығынын дұрыс салыңыз.
Температура дұрыс
орнатылған жоқ.
"Құрылғының жұмысы"
тарауын қараңыз.
Құрылғының ішіндегі
температура өте
төмен/өте жоғары.
Температура тетігі дұрыс
мәнге қойылмаған.
Жоғарырақ/төменірек
температураға қойыңыз.
Есік дұрыс жабылмаған. "Есікті жабу" тарауын
қараңыз.
Құрылғының
температурасы өте
жоғары.
Тағамды сақтардың
алдында
температурасын бөлме
температурасына дейін
азайтыңыз.
Бір мезгілде тым көп
тағам сақтауға қойылған.
Бір мезгілде сақталатын
тағам мөлшерін
азайтыңыз.
Мұздың қалыңдығы 4-5
мм.
Құрылғының мұзын
жібітіңіз.
Есік тым жиі ашылған. Есікті ашу қажет болса
ғана ашыңыз.
Тоңазытылатын тағамдар
бір-біріне өте жақын
қойылған.
Құрылғы ішінде суық
ауаның айналуын
қамтамасыз етіңіз.
www.electrolux.com12
8.2 Қызмет көрсету
Құрылғы жоғарыда көрсетілген
тексерулерді орындағаннан кейін де
дұрыс жұмыс істемесе, ең жақын
жердегі қызмет көрсету орталығына
хабарласыңыз.
Қызмет көрсету орталығына
хабарласқан кезде сізге жылдам
қызмет көрсету үшін құрылғыңыздың
үлгісі мен сериялық нөмірін
хабарлаңыз, бұл деректерді кепілдік
сертификатынан немесе құрылғының
сыртқы оң жағында орналасқан
техникалық ақпарат тақтайшасынан
таба аласыз.
8.3 Шамды ауыстыру
НАЗАРЫҢЫЗДА
БОЛСЫН!
Шамның қақпағын шамды
ауыстырып жатқанда
алмаңыз. Шамның қақпағы
жоқ болса немесе оған
зақым келсе, құрылғыны
іске қоспаңыз.
1. Ашаны розеткадан суырып
алыңыз.
2. Шамды қуаты дәл осындай,
тұрмыстық техника үшін арнайы
жасалған жаңа шамға
айырбастаңыз (шамның
қалпағында максимум қуат деңгейі
көрсетілген).
3. Ашаны розеткаға қосыңыз.
4. Қақпақшаны ашыңыз. Шамның
жанатынына көз жеткізіңіз.
9. ОРНАТУ
НАЗАРЫҢЫЗДА
БОЛСЫН!
Қауіпсіздік тарауларын
қараңыз.
9.1 Орналастыру
САҚТАНДЫРУ ТУРАЛЫ
ЕСКЕРТУ!
Егер есігінде құлпы немесе
бекітпесі бар ескі
құрылғыны тастағыңыз
келсе, құрылғының ішіне
кішкене балалар қамалып
қалмас үшін есіктің
бекітпелерін іске жарамсыз
етіп тастаңыз.
Құрылғыны құрғақ, жақсы желдетілген,
бөлме температурасы құрылғынының
техникалық ақпарат тақтайшасында
көрсетілген температураға сай келетін
жерге орнату қажет:
Ауа-
райы
санаты
Бөлме температурасы
SN +10°C бастап + 32°C дейін
N +16°C бастап + 32°C дейін
ST +16°C бастап + 38°C дейін
T +16°C бастап + 43°C дейін
ҚАЗАҚ 13
Осы ауқымнан тыс
пайдаланған кезде кей
үлгілерде кейбір
функциональдық ақаулар
пайда болуы мүмкін. Дұрыс
температура ауқымында
пайдаланғанда ғана
жұмыстың дұрыс
болатынына кепілдік
беріледі. Құрылғыны
орнататын жерді дұрыс
анықтай алмасаңыз,
сатушыға, сатып алушыға
қызмет көрсету немесе
жақын жердегі қызмет
көрсету орталығына
хабарласыңыз
Құрылғының ашасына
орнатып болғаннан кейін
қол жетіп тұруға тиіс.
9.2 Электртоғына қосу
Құрылғыны қуат көзіне қосу
алдында үйдегі қуат көзінің
техникалық ақпарат тақтайшасында
көрсетілген кернеу мен жиілікке
сәйкестігіне көз жеткізіңіз.
Құрылғыны міндетті түрде жерге
тұйықтау қажет. Бұл үшін қуат
ашасы контактісімен бірге берілген.
Егер қуатпен жабдықтау жүйесінің
розеткасы жерге тұйықталмаса,
құрылғыны білікті электршіден
кеңес алып, қолданыстағы
ережелерді орындай отырып, жерге
жеке тұйықтау керек.
Жоғарыда көрсетілген қауіпсіздік
шаралары орындалмаса, өндіруші
ешқандай жауапкершілік алмайды.
Бұл құрылғы E.E.C. ережелеріне
сай келеді.
9.3 Желдетуге қойылатын
талаптар
Құрылғының арт жағында ауа жақсы
айналып тұруға тиіс.
1. Құрылғыны орнықты жерге тігінен
қойыңыз. Құрылғыны төрт тірегі
бірдей көтеріп тұруға тиіс.
2. Құрылғы мен артқы қабырғаның
арасында 5 см орын болуын
қамтамасыз етіңіз.
3. Құрылғының екі жақ жанынан 5 см
орын қалуын қамтамасыз етіңіз.
10. ШУЫЛ ТҮРЛЕРІ
Құрылғы қалыпты жұмыс істеп тұрған кезде түрлі шуыл естіледі (компрессор,
салқындатқыш сұйықтықтың айналуы).
BRRR!
HISSS!
CLICK!
BLUBB!
CRACK!
SSSRR
R!
OK
www.electrolux.com14
CLICK!
CLICK!
SSSRRR!
SSSRRR!
BRRR!
BRRR!
HISSS!
HISSS!
BLUBB!
BLUBB!
CRACK!CRACK!
11. ТЕХНИКАЛЫҚ АҚПАРАТ
11.1 Техникалық дерек
Биіктігі мм 876
Ені мм 795
Тереңдігі мм 665
Темп. жоғарылау уақыты Сағат 28
ҚАЗАҚ 15
Кернеу Вольт 230 - 240
Жиілік Гц 50
Техникалық ақпарат құрылғының
сыртқы қабырғасындағы техникалық
ақпарат тақтайшасында және электр
қуатының жапсырмасында
көрсетілген.
12. ҚОРШАҒАН ОРТАҒА ҚАТЫСТЫ АҚПАРАТ.
белгішесі салынған орам
материалдарын қайта өңдеуге
тапсырыңыз. Орам материалдарын
қайта өңделетін қалдыққа арналған
жәшікке тастаңыз. Қоршаған орта мен
адам денсаулығын сақтауға және
электр, электроника құрылғыларын
өңдеуден өткізуге көмектесіңіз. Таңба
салынған құрылғыларды тұрмыстық
қоқыстармен бірге тастамаңыз.
Құрылғыны жергілікті қайта өңдеуден
өткізу мекемесіне қайтарыңыз немесе
жергілікті әкімшілік мекемеге
хабарласыңыз.
www.electrolux.com16
СОДЕРЖАНИЕ
1. СВЕДЕНИЯ ПО ТЕХНИКЕ БЕЗОПАСНОСТИ...............................................18
2. УКАЗАНИЯ ПО БЕЗОПАСНОСТИ................................................................. 19
3. ОПИСАНИЕ РАБОТЫ.....................................................................................21
4. ПЕРЕД ПЕРВЫМ ИСПОЛЬЗОВАНИЕМ........................................................22
5. ЕЖЕДНЕВНОЕ ИСПОЛЬЗОВАНИЕ.............................................................. 23
6. ПОЛЕЗНЫЕ СОВЕТЫ.....................................................................................24
7. УХОД И ОЧИСТКА.......................................................................................... 25
8. ПОИСК И УСТРАНЕНИЕ НЕИСПРАВНОСТЕЙ............................................26
9. УСТАНОВКА.................................................................................................... 29
10. ШУМЫ ПРИ РАБОТЕ....................................................................................30
11. ТЕХНИЧЕСКИЕ ДАННЫЕ............................................................................ 31
МЫ ДУМАЕМ О ВАС
Благодарим Вас за приобретение прибора Electrolux. Вы выбрали изделие,
за которым стоят десятилетия профессионального опыта и инноваций.
Уникальное и стильное, оно создавалось с заботой о Вас. Поэтому когда бы
Вы ни воспользовались им, Вы можете быть уверены: результаты всегда
будут превосходными.
Добро пожаловать в Electrolux!
На нашем веб-сайте Вы сможете:
Найти рекомендации по использованию изделий, руководства по
эксплуатации, мастер устранения неисправностей, информацию о
техническом обслуживании:
www.electrolux.com
Зарегистрировать свое изделие для улучшения обслуживания:
www.registerelectrolux.com
Приобрести дополнительные принадлежности, расходные материалы и
фирменные запасные части для своего прибора:
www.electrolux.com/shop
ПОДДЕРЖКА ПОТРЕБИТЕЛЕЙ И СЕРВИСНОЕ
ОБСЛУЖИВАНИЕ
Мы рекомендуем использовать оригинальные запчасти.
При обращении в сервис-центр следует иметь под рукой следующую
информацию: модель, код изделия (PNC), серийный номер.
Данная информация находится на табличке с техническими данными.
Внимание / Важные сведения по технике безопасности.
Общая информация и рекомендации
Информация по охране окружающей среды
Право на изменения сохраняется.
РУССКИЙ
17
1. СВЕДЕНИЯ ПО ТЕХНИКЕ БЕЗОПАСНОСТИ
Перед установкой и эксплуатацией прибора
внимательно ознакомьтесь с приложенным
руководством. Производитель не несет
ответственность за травмы и повреждения,
полученные/вызванные неправильной установкой и
эксплуатацией. Позаботьтесь о том, чтобы данное
руководство было у Вас под рукой на протяжении
всего срока службы прибора.
1.1 Безопасность детей и лиц с ограниченными
возможностями
Данный прибор может эксплуатироваться детьми
старше 8 лет и лицами с ограниченными
физическими, сенсорными или умственными
способностями и с недостаточным опытом или
знаниями только при условии нахождения под
присмотром лица, отвечающего за их
безопасность, или после получения
соответствующих инструкций, позволяющих им
безопасно эксплуатировать электроприбор и
дающих им представление об опасности,
сопряженной с его эксплуатацией.
Не позволяйте детям играть с прибором.
Очистка и доступное пользователю техническое
обслуживание не должно производиться детьми
без присмотра.
Храните все упаковочные материалы вне
досягаемости детей.
1.2 Общие правила техники безопасности
Прибор предназначен для домашнего бытового и
аналогичного применения, например:
В сельских жилых домах; в помещениях,
служащих кухнями для обслуживающего
персонала в магазинах, офисах и на других
рабочих местах.
www.electrolux.com18
Для использования клиентами отелей, мотелей
мини-гостиниц типа «ночлег и завтрак» и других
мест проживания.
Не перекрывайте вентиляционные отверстия в
корпусе прибора или в мебели, в которую он
встроен.
Не используйте механические устройства или
любые другие средства, кроме рекомендованных
производителем, для ускорения процесса
размораживания.
Не допускайте повреждения холодильного
контура.
Не используйте внутри отсеков для хранения
пищевых продуктов электрические приборы, если
они не рекомендованы производителем.
Не используйте для очистки прибора подаваемую
под давлением воду или пар.
Протирайте прибор мягкой влажной тряпкой.
Используйте только нейтральные моющие
средства. Не используйте абразивные средства,
царапающие губки, растворители или
металлические предметы.
Не используйте прибор для хранения
взрывоопасных веществ, таких как аэрозольные
баллоны с взрывоопасным газом-вытеснителем.
В случае повреждения шнура питания во
избежание несчастного случая он должен быть
заменен изготовителем, специалистом
авторизованного сервисного центра или
специалистом с равнозначной квалификацией.
2. УКАЗАНИЯ ПО БЕЗОПАСНОСТИ
2.1 Установка
ВНИМАНИЕ!
Установка прибора должна
осуществляться только
квалифицированным
персоналом!
Удалите всю упаковку.
Не устанавливайте и не
подключайте прибор, если он имеет
повреждения.
Следуйте приложенным к прибору
инструкциям по его установке.
Прибор имеет большой вес: не
забывайте о мерах
РУССКИЙ 19
предосторожности при его
перемещении. Обязательно
используйте защитные перчатки.
Убедитесь, что вокруг прибора
имеется достаточная вентиляция.
Перед подключением прибора к
электросети подождите не менее 4
часов. Это необходимо сделать для
того, чтобы масло могло вернуться
в компрессор.
Не устанавливайте прибор рядом с
радиаторами отопления, кухонными
плитами, духовыми шкафами или
варочными панелями.
Задняя сторона прибора должна
располагаться у стены.
Не устанавливайте прибор там, где
на него может падать прямой
солнечный свет.
Не устанавливайте прибор в
слишком влажных или холодных
местах, например, в примыкающих
пристройках, гаражах или винных
погребах.
При перемещении прибора
поднимайте его за передний край,
чтобы не допустить появления на
полу царапин.
2.2 Подключение к
электросети
ВНИМАНИЕ!
Существует риск пожара и
поражения электрическим
током.
Прибор должен быть заземлен.
Все электрические подключения
должны производиться
квалифицированным электриком.
Убедитесь, что параметры
электропитания, указанные на
табличке с техническими данными,
соответствуют параметрам
электросети. В противном случае
вызовите электрика.
Включайте прибор только в
установленную надлежащим
образом электророзетку с
защитным контактом.
Не пользуйтесь тройниками и
удлинителями.
Следите за тем, чтобы не
повредить электрические
компоненты прибора (вилку кабеля
электропитания, кабель
электропитания, компрессор и т.д.)
Для замены электрических
компонентов обратитесь в
сервисный центр или к электрику.
Кабель электропитания должен
располагаться ниже уровня вилки
электропитания.
Вставляйте вилку сетевого кабеля в
розетку только во конце установки
прибора. Убедитесь, что после
установки имеется доступ к вилке.
Для отключения прибора от
электросети не тяните за кабель
электропитания. Всегда беритесь
за саму вилку.
2.3 Эксплуатация
ВНИМАНИЕ!
Существует риск
получения травмы, ожога,
поражения электрическим
током или пожара.
Не изменяйте параметры данного
прибора.
Не помещайте в прибор
электроприборы (например,
мороженицы), если их
производителем не указано, что
подобное их применение
допустимо.
Следите за тем, чтобы не
повредить контур холодильника. Он
содержит хладагент изобутан
(R600a), природный газ,
безвредный для окружающей
среды. Данный газ огнеопасен.
В случае повреждения контура
холодильника следует исключить
появление в помещении открытого
пламени и источников возгорания.
Хорошо проветрите помещение.
Не ставьте на пластмассовые части
прибора горячую посуду.
Не помещайте прохладительные
напитки в морозильное отделение.
Это приведет к возникновению
излишнего давления в емкости, в
которой содержится напиток.
Не храните внутри прибора
горючие газы и жидкости.
Не помещайте на прибор, рядом с
ним или внутрь него
www.electrolux.com20
  • Page 1 1
  • Page 2 2
  • Page 3 3
  • Page 4 4
  • Page 5 5
  • Page 6 6
  • Page 7 7
  • Page 8 8
  • Page 9 9
  • Page 10 10
  • Page 11 11
  • Page 12 12
  • Page 13 13
  • Page 14 14
  • Page 15 15
  • Page 16 16
  • Page 17 17
  • Page 18 18
  • Page 19 19
  • Page 20 20
  • Page 21 21
  • Page 22 22
  • Page 23 23
  • Page 24 24
  • Page 25 25
  • Page 26 26
  • Page 27 27
  • Page 28 28
  • Page 29 29
  • Page 30 30
  • Page 31 31
  • Page 32 32
  • Page 33 33
  • Page 34 34
  • Page 35 35
  • Page 36 36
  • Page 37 37
  • Page 38 38
  • Page 39 39
  • Page 40 40
  • Page 41 41
  • Page 42 42
  • Page 43 43
  • Page 44 44
  • Page 45 45
  • Page 46 46
  • Page 47 47
  • Page 48 48

Electrolux EC2200AOW2 Руководство пользователя

Тип
Руководство пользователя

Задайте вопрос, и я найду ответ в документе

Поиск информации в документе стал проще с помощью ИИ