Electrolux ESF9520LOX Руководство пользователя

Тип
Руководство пользователя
ESF9520LOW
ESF9520LOX
KK ЫДЫС ЖУҒЫШ
МАШИНА
ҚОЛДАНУ ТУРАЛЫ
НҰСҚАУЛАРЫ 2
RU ПОСУДОМОЕЧНАЯ
МАШИНА
ИНСТРУКЦИЯ ПО
ЭКСПЛУАТАЦИИ 20
UK ПОСУДОМИЙНА
МАШИНА
ІНСТРУКЦІЯ 39
МАЗМҰНЫ
1. САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ....................................................................................... 3
2. ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЛАРЫ............................................................................ 4
3. БҰЙЫМ СИПАТТАМАСЫ................................................................................. 6
4. БАСҚАРУ ПАНЕЛІ.............................................................................................7
5. БАҒДАРЛАМАЛАР............................................................................................ 8
6. ПАРАМЕТРЛЕР.................................................................................................9
7. БІРІНШІ ҚОЛДАНҒАНҒА ДЕЙІН.....................................................................10
8. ӘРКҮНДІК ҚОЛДАНУ......................................................................................12
9. АҚЫЛ-КЕҢЕС.................................................................................................. 13
10. КҮТУ МЕНЕН ТАЗАЛАУ............................................................................... 15
11. АҚАУЛЫҚТЫ ТҮЗЕТУ...................................................................................17
12. ТЕХНИКАЛЫҚ АҚПАРАТ..............................................................................18
СІЗ ОЙЫМЫЗДА БОЛДЫҢЫЗ
Electrolux құрылғысын сатып алғаныңызға рахмет. Сіз ондаған жылдар
бойғы кәсіби тәжірибе мен инновацияға сүйеніп жасалған құрылғыны
таңдадыңыз. Тапқырлықтың туындысы болған, көз тартарлық бұл құрылғыны
жасау барысында сіз ойымызда болдыңыз. Сондықтан, қолданған сайын
тамаша нәтижеге қол жеткізе алатыныңызға сенімді болыңыз.
Electrolux әлеміне қош келдіңіз.
Біздің веб-сайтқа барып келесіні қараңыз:
Қолдануға қатысты кеңестер, кітапшалар, ақаулықты түзету, қызмет
көрсету туралы ақпарат:
www.electrolux.com
Сізге барынша жақсы қызмет көрсету үшін өніміңізді мына жерге тіркеңіз:
www.registerelectrolux.com
Құрылғыңызға қажетті керек-жарақтарды, шығынды материалдарды және
фирмалық қосалқы бөлшектерді сатып алу үшін:
www.electrolux.com/shop
ТҰТЫНУШЫҒА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
Фирмалық заттарды қолдануды ұсынамыз.
Қызмет көрсету орталығына хабарласқанда келесі деректердің дайын
болуын қамтамасыз етіңіз. Үлгісі, Өнім нөмірі, Сериялық нөмірі.
Деректерді техникалық ақпарат тақтайшасынан алуға болады.
Ескерту / Қауіп-қатерден сақтандыру ақпараты
Жалпы ақпарат және ақыл-кеңес
Қоршаған ортаға қатысты ақпарат
Өндіруші ескертусіз өзгеріс енгізу құқығына ие.
www.electrolux.com2
1. САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ
Құрылғыны орнатып іске қолданар алдында бірге
жеткізілген нұсқауларды мұқият оқып шығыңыз.
Құрылғыны дұрыс орнатпау мен дұрыс пайдаланбау
нәтижесінде адам жарақат алса және ақаулық орын
алса өндіруші жауапты емес. Нұсқаулықты
келешекте қарап жүру үшін үнемі сақтап қойыңыз.
1.1 Қауіпсіздік туралы жалпы ақпарат
Бұл құрылғы үйде және сол сияқты төменде
аталған жерлерде қолдануға арналған:
фермадағы үйлердің; дүкендердегі, кеңселер
мен басқа жұмыс орындарындағы
қызметкерлерге арналған ас бөлмелерде;
қонақ үйлерде, мотельдер мен төсек және таңғы
аспен қамтамасыз ететін қонақжайлар мен басқа
да тұрғынды жерлерде.
Бұл құрылғының техникалық сипаттамасын
өзгертпеңіз.
Судың жұмыс қысымы (ең аз және ең көп) 0.5
(0.05) / 8 (0.8) бар (МПа) аралығында болуы керек
Ең көбі 13 орыннан асырмаңыз.
Егер қуат cымына зақым келсе, қатерден сақтану
үшін оны өндіруші немесе уәкілетті қызмет көрсету
орталығы немесе сол сияқты білікті маман
ауыстыруға тиіс.
Өткір ұшты пышақтар мен ас құралдарының
ұштарын төмен қаратып немесе көлденеңінен
қойып ас құралдарына арналған себетке салыңыз.
Құрылғының есігі ашық тұрған кезде соғылып
қалмас үшін қараусыз қалдырмаңыз.
Құрылғыны жөндеу алдында электр желісінен
ағытып, ашасын розеткадан суырыңыз.
Құрылғыны тазалау үшін сулы спрейді және буды
қолданбаңыз.
Табанындағы желдеткіш саңылауларға (егер бар
болса) кілем кедергі жасамауға тиіс.
ҚАЗАҚ 3
Құрылғыны жаңа түтіктер жинағын пайдаланып, су
жүйесіне қосу керек. Ескі түтіктерді қайта
пайдалануға болмайды.
1.2 Балалар мен дәрменсіз адамдардың
қауіпсіздігі
Бұл құрылғыны 8 жастан асқан балалар мен
денесіне, сезім жүйесіне не ақыл-есіне зақым
келген адамдар не тәжірибесі аз адамдар өз
қауіпсіздіктерін қамтамасыз ететін адамның
қадағалауы немесе құрылғыны қауіпсіз қолдану
бойынша берген нұсқауына сүйеніп, дұрыс
қолданбау салдарын түсінсе қолдануына болады.
Балаларға құрылғымен ойнауға рұқсат бермеңіз.
Жуғыш заттардың барлығын балалардан алыс
ұстаңыз.
Құрылғының есігі ашық тұрғанда, балалар мен үй
жануарларын алыс ұстаңыз.
Балалар тазалау және күтім көрсету жұмыстарын
басқаның бақылауынсыз орындамауға тиіс.
2. ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЛАРЫ
2.1 Орнату
Орам материалдарының барлығын
алыңыз
Бүлінген құрылғыны орнатпаңыз
немесе іске қоспаңыз.
Құрылғыны температурасы 0 °C
градустан төмен жерге орнатпаңыз
немесе қолданбаңыз.
Құрылғымен бірге берілген орнату
бойынша нұсқауларды орындаңыз.
Құрылғының үсті мен жан-жағын
қоршаған конструкциялардың
қауіпсіз болуын қамтамасыз етіңіз.
2.2 Электртоғына қосу
НАЗАРЫҢЫЗДА
БОЛСЫН!
Өрт шығу және электр
қатеріне ұшырау қаупі бар.
Құрылғыны міндетті түрде жерге
тұйықтау қажет.
Техникалық ақпарат
тақтайшасындағы электр
параметрлерінің электр желісіндегі
параметрлерге сай келетініне көз
жеткізіңіз. Сай келмесе, электршіге
хабарласыңыз.
Әрқашан дұрыс орнатылған,
қатерден сақтандырылған
розетканы қолданыңыз.
Көп тармақты адаптерлер мен
ұзартқыш сымдарды қолданбаңыз.
Құрылғының ашасына және
сымына зақым келтірмеңіз. Қорек
сымын ауыстыру қажет болса, оны
міндетті түрде қызмет көрсету
орталығы жүзеге асыруға тиіс.
Құрылғының ашасын розеткаға тек
құрылғыны орнатып болғаннан
кейін ғана жалғаңыз. Орнатып
болғаннан кейін ашаның қол
www.electrolux.com4
жететін жерде тұрғанына көз
жеткізіңіз.
Құрылғыны тоқтан ажырату үшін
сымынан тартпаңыз. Әрқашан
ашасынан тартып суырыңыз.
Бұл құрылғы E.E.C. ережелеріне
сай келеді.
ҰБ мен Ирландияға ғана арналған.
Құрылғының 13 амперлік қуат
ашасы бар. Қуат ашасындағы
сақтандырғышты ауыстыру қажет
болса, келесі сақтандырғышты
пайдаланыңыз: 13 amp ASTA (BS
1362).
2.3 Суға қосу
Су қосылымы түтіктеріне ешбір
зақым келтірмеңіз.
Құрылғыны жаңа құбырларға
немесе ұзақ уақыт қолданылмаған
құбырларға жалғамай тұрып, суын
тазарғанша ағызыңыз.
Құрылғыны алғаш рет қолданған
кезде еш жерінен су ақпай
тұрғанына көз жеткізіңіз.
Су құятын түтік, ішіне сым өткізілген
екі қабат қаптамадан тұрады және
қауіпсіздік клапанымен
жабдықталған.
НАЗАРЫҢЫЗДА
БОЛСЫН!
Қатерлі кернеу.
Егер су құятын түтік бүлінсе, ашаны
дереу розеткадан суырыңыз. Су
құятын түтікті ауыстыру үшін
уәкілітті қызмет көрсету орталығына
хабарласыңыз.
2.4 Пайдалану
Ашық тұрған есіктің үстіне отыруға
немесе үстіне шығып тұруға
болмайды.
Ыдыс жуғыш машинаға арналған
жуғыш заттар қауіпті. Жуғыш
заттың орамында көрсетілетін
нұсқауларды орындаңыз.
Құрылғыдағы сумен ойнауға немесе
ішуге болмайды.
Ыдыстарды бағдарлама
аяқталғанша құрылғыдан алмаңыз.
Ыдыстарда жуғыш зат болуы
мүмкін.
Бағдарлама орындалып тұрғанда
құрылғы есігін ашсаңыз, ыстық бу
шығуы мүмкін.
Тұтанғыш заттарды немесе ішіне
тұтанғыш зат салынған дымқыл
заттарды құрылғының ішіне, қасына
немесе үстіне қоймаңыз.
2.5 Қызмет
Құрылғыны жөндету үшін уәкілетті
қызмет көрсету орталығына
хабарласыңыз. Фирмалық қосалқы
бөлшектерді ғана қолдануды
ұсынамыз.
Уәкілетті қызмет көрсету
орталығына хабарласқан кезде
техникалық ақпарат тақтайшасында
көрсетілген келесі деректердің
дайын болуын қамтамасыз етіңіз.
Үлгісі:
Өнім нөмірі (PNC):
Сериялық нөмірі:
2.6 Құрылғыны тастау
НАЗАРЫҢЫЗДА
БОЛСЫН!
Жарақат алу немесе
тұншығып қалу қаупі бар.
Құрылғыны электр желісінен
ажыратыңыз.
Қуат сымын кесіп алыңыз да,
қоқысқа тастаңыз.
Балалар мен жануарлар құрылғыға
қамалып қалмас үшін есіктің
бекітпесін алыңыз.
ҚАЗАҚ 5
3. БҰЙЫМ СИПАТТАМАСЫ
5
4
8
10
9
11
67
12
2
3
1
1
Жұмыс алаңы
2
Үстіңгі бүріккіш түтік
3
Астыңғы бүріккіш түтік
4
Сүзгілер
5
Техникалық ақпарат тақтайшасы
6
Тұз сауыты
7
Ауа саңылауы
8
Шайғыш зат үлестіргіші
9
Жуғыш зат үлестіргіші
10
Ас құралдарының қорапшасы
11
Астыңғы себет
12
Үстіңгі себет
www.electrolux.com6
4. БАСҚАРУ ПАНЕЛІ
1 2 3
456
1
Қосу/өшіру индикаторы
2
Бағдарлама көрсеткіші
3
Индикатор шамдары
4
Кешіктіру түймешігі
5
Бастау түймешігі
6
Бағдарлама түймешесі
4.1 Индикатор шамдары
Индикатор Сипаттама
Жуу циклы. Жуу циклы жұмыс істеп тұрғанда жанады.
Кептіру циклы. Кептіру циклы орындалып тұрғанда жанады.
Аяқтау индикаторы.
Тұз индикаторы. Бағдарлама жұмыс істеп тұрғанда бұл үнемі
сөніп тұрады.
Шайғыш зат индикаторы. Бағдарлама жұмыс істеп тұрғанда бұл
үнемі сөніп тұрады.
ҚАЗАҚ 7
5. БАҒДАРЛАМАЛАР
Бағдарлама Кірдің
ауқымы
Ыдысты
салу түрі
Бағдарлама
циклдары
Пайдалану көлемі
1)
Ұзақтық
(мин)
Қуат
(кВт)
Су
(л)
2)
Қалыпты
кірленген
Ыдыс-аяқтар
мен ас
құралдары
Алдын ала
жуу
Жуу 50 °C
Шаю
циклдары
Кептіру
195 1.039 11
3)
Қатты
ластанған
Ыдыс-аяқтар,
ас құралдары,
кәстрөлдер
мен табалар
Алдын ала
жуу
Жуу 70 °C
Шаю
циклдары
Кептіру
140 - 160 1.3 - 1.5 13 - 15
Қалыпты
кірленген
Ыдыс-аяқтар
мен ас
құралдары
Алдын ала
жуу
Жуу 65 °C
Шаю
циклдары
Кептіру
100 - 120 1.2 - 1.5 15 - 17
4)
Жаңа
ластанған
Ыдыс-аяқтар
мен ас
құралдары
60 °C бастап
65 °C дейін
Шаю
циклдары
30 0.9 9
5)
Барлығы Алдын ала
жуу
14 0.1 4
1)
Мәндерді судың қысымы мен температурасы, электр қуатының ауытқуы,
параметрлер және ыдыс-аяқтың мөлшері өзгертуі мүмкін.
2)
Осы бағдарламаны қолданып, қалыпты кірлеген фарфор ыдыс-аяқ пен ас
құралдарын жуғанда, су мен қуат барынша тиімді жұмсалады. (Бұл сынақ
мекемелеріне арналған стандартты бағдарлама).
3)
Бұл бағдарламаның жуу нәтижесін жақсартуға арналған жоғары температурада
шаю циклы бар. Шаю циклі кезінде температура кем дегенде 10 минут 70 °C градуста
тұрады.
4)
Осы бағдарламамен жаңа ластанған ыдыстарды жууға болады. Бұл қысқа уақыт
ішінде жақсы нәтиже береді.
5)
Бұл тағам қалдықтарының ыдысқа жабысып, құрылғыдан жағымсыз иіс шықпас үшін
ыдысты жылдам шаюға арналған бағдарлама. Бұл бағдарламаны қолданғанда, жуғыш
заттарды пайдаланбаңыз.
www.electrolux.com8
5.1 Сынақ институттарына
арналған ақпарат
Сынақ өткізуге қажетті барлық
ақпаратты алу үшін мына эл.поштаға
хат жолдаңыз:
Техникалық ақпарат тақтайшасындағы
құрылғының нөмірін (PNC) жазып
қойыңыз.
6. ПАРАМЕТРЛЕР
6.1 Бағдарламаны таңдау
режимі және пайдаланушы
режимі
Құрылғы бағдарламаны таңдау
режимінде тұрғанда, бағдарламаны
орнатуға және пайдаланушы режиміне
кіруге болады.
Пайдаланушы режимінде келесі
параметрлерді өзгертуге болады:
Су жұмсартқыштың деңгейін судың
кермектігіне сай келтіруге.
Бұл параметрлер өзгерткенше
сақтаулы тұрады.
Бағдарламаны таңдау
режимін қалай орнату керек
Қосу/сөндіру индикаторы жанғанда
құрылғы бағдарламаны таңдау
режимінде тұрады және бастау
индикаторы жыпылықтай бастайды.
Құрылғыны іске қосқанда, әдетте
бағдарламаны таңдау режимі қосылып
тұрады. Дегенмен, бұндай жағдай
байқалмаса, бағдарламаны таңдау
режимін келесі жолмен орнатуға
болады:
Start және Delay түймешігін құрылғы
бағдарламаны таңдау режиміне
қойылғанша қатар басып ұстап
тұрыңыз.
6.2 Су жұмсартқыш
Су жұмсартқыш жуу нәтижелеріне
және құрылғыға жағымсыз әсер ететін,
судың құрамындағы минералдарды
тазалайды.
Осы минералдың мөлшері неғұрлым
көп болса, судың кермектігі де
соғұрлым жоғары болады. Судың
кермектігі балама шкаламен
есептеледі.
Су жұмсартқыш аймағыңыздағы судың
кермектігіне сәйкес бапталуға керек.
Аймағыңыздағы судың кермектігі
туралы ақпаратты жергілікті су
мекемесінен ала аласыз. Жақсы жуу
нәтижесіне жету үшін су
жұмсартқыштың дұрыс деңгейін
орнату керек.
Су кермектігі
Неміс
градусы
(°dH).
Француз
градусы (°fH).
ммоль/л Кларк
градусы
Су
жұмсартқыштың
деңгейі
47 - 50 84 - 90 8.4 - 9.0 58 - 63 10
43 - 46 76 - 83 7.6 - 8.3 53 - 57 9
37 - 42 65 - 75 6.5 - 7.5 46 - 52 8
29 - 36 51 - 64 5.1 - 6.4 36 - 45 7
23 - 28 40 - 50 4.0 - 5.0 28 - 35 6
19 - 22 33 - 39 3.3 - 3.9 23 - 27
5
1)
ҚАЗАҚ 9
Неміс
градусы
(°dH).
Француз
градусы (°fH).
ммоль/л Кларк
градусы
Су
жұмсартқыштың
деңгейі
15 - 18 26 - 32 2.6 - 3.2 18 - 22 4
11 - 14 19 - 25 1.9 - 2.5 13 - 17 3
4 - 10 7 - 18 0.7 - 1.8 5 - 12 2
<4 <7 <0.7 < 5
1
2)
1)
Зауытта орнатылған параметр.
2)
Тұзды осы деңгейге қойып қолданбаңыз.
Су жұмсартқыштың деңгейін
орнату
Құрылғы бағдарламаны таңдау
режимінде тұруға тиіс.
1. Бағдарлама тетігіндегі бағдарлама
таңбасының қосу/сөндіру
индикаторына дәл келгеніне көз
жеткізіңіз.
2. Пайдаланушы режиміне кіру үшін
Delay түймешігін басып ұстап
тұрыңыз. Дәл осы кезде тетікті
бағдарлама таңбасы ең бірінші жуу
бағдарламасына келгенше, сағат
тілінің бағытына қарсы бұраңыз.
Delay тетігін Start индикаторлары
және қосу/сөндіру индикаторы
жыпылықтай бастағанда
босатыңыз.
3. Delay түймешігін басыңыз.
индикаторы жыпылықтай
бастайды.
Start индикаторлары және қосу/
сөндіру индикаторы
жыпылықтауын жалғастырады.
индикаторының қайта-қайта
жыпылықтауы ағымдағы
орнатылған деңгейді білдіреді,
мысалы, 5 рет жыпылықтау +
үзіліс + 5 рет жыпылықтау = 5-
ші деңгей.
4. Параметрді өзгерту үшін Delay
түймешігін қайта-қайта басыңыз.
Delay түймешігін басқан сайын
деңгейдің нөмірі көбейеді. 10-шы
деңгейден кейін қайта 1-ші деңгей
басталады.
5. Параметрді растау үшін тетікті
қосу/сөндіру қалпына бұраңыз.
7. БІРІНШІ ҚОЛДАНҒАНҒА ДЕЙІН
1. Су жұмсартқыштың ағымдық
деңгейінің сумен жабдықтау
жүйесіндегі судың кермектігіне
сай келетініне көз жеткізіңіз.
Егер сай келмесе, су
жұмсартқыштың деңгейін
реттеңіз.
2. Тұз сауытын толтырыңыз.
3. Шайғыш зат үлестіргішін
толтырыңыз.
4. Су құятын шүмекті ашыңыз.
5. Құрылғының ішінде өндіру
барысында қалуы мүмкін қалдық
заттарды тазалау үшін
бағдарламаны бастаңыз. Жуғыш
затты қолданбаңыз және
себеттерді толтырмаңыз.
Бағдарламаны бастаған кезде, су
жұмсартқыштың ішіндегі шайырды
қайта толтыру үшін шамамен 5 минут
уақыт кетеді. Құрылғы жұмыс істемей
тұрған тәрізді көрінуі мүмкін. Жуу
циклы осы үдеріс аяқталғаннан кейін
ғана басталады. Бұл әрекет ара-тұра
қайталанып тұрады.
www.electrolux.com10
7.1 Тұз сауыты
САҚТАНДЫРУ ТУРАЛЫ
ЕСКЕРТУ!
Ыдыс жуғыш машиналарға
арналған арнайы тұздарды
ғана пайдаланыңыз.
Тұз су жұмсартқыштың ішіндегі
шайырды толтыру үшін және
күнделікті жуу нәтижесін
қанағаттанарлық ету үшін
қолданылады.
Тұз сауытын қалай толтыру
керек
1. Тұз сауытының қақпағын сағат
тілінің бағытына қарсы бұрап
алыңыз.
2. Тұз сауытына 1 литр су құйыңыз
(ең алғаш қолданғанда ғана).
3. Тұз сауытына ыдыс жуғыш машина
тұзынан салыңыз.
4. Тұз сауытының ернеуіндегі тұзды
тазалаңыз.
5. Тұз сауытын жабу үшін тұз
сауытының қақпағын сағат тілінің
бағытымен бұраңыз.
Тұз сауытын толтырған
кезде одан су және тұз
ағуы мүмкін. Тот басу қауіпі
бар. Бұндай жағдайға жол
бермеу үшін тұз сауытын
толтырғаннан кейін
бағдарламаны бастаңыз.
7.2 Шайғыш зат үлестіргішін
толтыру
A
B
D
C
M
A
X
1
2
3
4
+
-
A
B
D
C
ҚАЗАҚ 11
САҚТАНДЫРУ ТУРАЛЫ
ЕСКЕРТУ!
Ыдыс жуғыштарға
арналған шайғыш
заттарды ғана
пайдаланыңыз.
1. (D) босату түймешігін басып,
қақпақты (C) ашыңыз.
2. Шайғыш затты (A) бөлігіне "max"
деңгейіне жеткенше салыңыз.
3. Төгіліп қалған шайғыш зат қатты
көпіршімес үшін сіңіргіш
шүберекпен тазалаңыз.
4. Қақпақшаны жабыңыз. Босату
түймешігінің бекіту қалпына
қойылғанына көз жеткізіңіз.
Үлестіру мөлшерін реттеу
тетігін (B) 1 (ең аз мөлшер)
және 4 немесе 6 (ең көп
мөлшер) аралығына қоюға
болады.
8. ӘРКҮНДІК ҚОЛДАНУ
1. Су құятын шүмекті ашыңыз.
2. Тетікті бағдарлама таңбасы
орнатқыңыз келген бағдарламаға
келгенше бұраңыз. Бағдарламаны
салынған заттар мен олардың
ластану деңгейіне қарай дұрыс
орнатыңыз.
Тұз индикаторы қосулы тұрса,
тұз сауытын тұзға толтырыңыз.
Шайғыш зат индикаторы қосулы
тұрса, шайғыш зат үлестіргішін
толтырыңыз.
3. Себеттерді толтырыңыз.
4. Жуғыш заттан қосыңыз.
5. Бағдарламаны бастаңыз.
8.1 Жуғыш затты қолдану
30
20
A BD
C
20
30
B
A D
C
1. (B) босату түймешігін басып,
қақпақты (C) ашыңыз.
2. Ұнтақ немесе таблетка түріндегі
жуғыш құралды (A) бөлігіне
салыңыз.
3. Егер бағдарламаның алдын ала
жуу циклі бар болса, (D) бөлігіне
жуғыш заттан аздап салыңыз.
4. Қақпақшаны жабыңыз. Босату
түймешігінің бекіту қалпына
қойылғанына көз жеткізіңіз.
8.2 Аралас жуғыш
таблеткаларды қолдану
Тұз және шайғыш заты бар
таблеткаларды қолданғанда, тұз
сауыты мен шайғыш зат сауытын
толтырмаңыз.
1. Су жұмсартқышты ең төмен мәнге
қойыңыз.
2. Шайғыш затты үлестіру мөлшерін
ең төмен мәнге қойыңыз.
www.electrolux.com12
8.3 Бағдарламаны орнату
және бастау
Бағдарламаны бастау
1. Су құятын шүмекті ашыңыз.
2. Құрылғы есігін жабыңыз.
3. Тетікті бағдарлама таңбасы
орнатқыңыз келген бағдарламаға
келгенше бұраңыз.
Қосу/сөндіру индикаторы
жанады.
Бастау индикаторы
жыпылықтай бастайды.
4. Start түймешігін басыңыз.
Бағдарлама басталады да, жуу
циклының индикаторы жанады.
Қосу/сөндіру индикаторы мен
бастау индикаторы қосулы
тұрады.
Кешіктіріп бастау функциясы
бар бағдарламаны бастау
1. Бағдарламаны орнатыңыз.
2. Delay түймешігін бағдарламаны 3
сағатқа кешіктіріп бастау үшін
басыңыз.
Кешіктіріп бастау индикаторы жанады.
3. Start түймешігін басыңыз.
Бастау индикаторы жанады.
Кері санақ аяқталған кезде,
бағдарлама басталады.
Құрылғы жұмыс істеп тұрған
кезде есікті ашу
Бағдарлама жұмыс істеп тұрған кезде
есікті ашсаңыз, құрылғы тоқтайды.
Есікті жапқаннан кейін, құрылғы
тоқтаған жерінен бастап жұмыс
істейді.
Кері санақ жұмыс істеп тұрған
кезде кешіктіріп бастау
функциясын біржола тоқтату
1. Start және Delay түймешіктерін
бастау индикаторы жыпылықтай
бастағанша қатар басып ұстап
тұрыңыз.
2. Бағдарламаны бастау үшін Start
түймешігін басыңыз.
Бағдарламаны біржола
тоқтату
Start және Delay түймешіктерін бастау
индикаторы жыпылықтай бастағанша
қатар басып ұстап тұрыңыз.
Жаңа бағдарламаны бастар алдында,
жуғыш зат үлестіргіште жуғыш заттың
бар екеніне көз жеткізіңіз.
Бағдарламаның аяқталуы
Бағдарлама аяқталған кезде
индикаторы жанады. Құрылғыны 5
минут ішінде сөндірмесеңіз, барлық
индикаторлар сөнеді. Бұл электр
қуатын аз тұтынуға көмектеседі.
1. Құрылғыны сөндіру үшін тетікті
бағдарлама таңбасы қосу/сөндіру
индикаторына дәл келгенше
бұраңыз.
2. Судың шүмегін жабыңыз.
9. АҚЫЛ-КЕҢЕС
9.1 Жалпы
Келесі ақыл-кеңестер күнделікті
қолдану барысында кептіріп және
тазалаған кезде жақсы нәтижелерге
қол жеткізуге, сондай-ақ, қоршаған
ортаны қорғауға көмектеседі.
Ыдыстарға жабысқан тағамның
үлкенірек қалдықтарын алып,
қоқысқа салыңыз.
Ыдысты алдын ала қолмен
шаймаңыз. Егер қажет болса,
алдын ала жуу бағдарламасын
(егер бар болса) қолданыңыз
немесе алдын ала жуу циклі бар
бағдарламаны таңдаңыз.
Себеттердің ішіндегі орынды үнемі
толық пайдаланыңыз.
Құрылғыға зат салған кезде,
бүріккіштен шыққан судың
ыдыстардың барлығына толық
ҚАЗАҚ 13
жетіп және оларды жуа алатынына
көз жеткізіңіз. Заттардың бір-біріне
тимей немесе бірін бірі далдалап
тұрмағанына көз жеткізіңіз.
Ыдыс жуғыш машинаға арналған
жуғыш, шайғыш құралды және
тұзды бөлек пайдалануға немесе
аралас таблеткаларды пайдалануға
болады (мысалы, "3in1'', ''4in1'', ''All
in 1''). Орамында көрсетілген
нұсқауларды орындаңыз.
Бағдарламаны салынған заттар
мен олардың ластану деңгейіне
қарай орнатыңыз. ECO
бағдарламасын пайдаланып
қалыпты кірлеген ас үй құралдары
және ыдыс-аяқты жуғанда, су мен
қуат барынша тиімді жұмсалады.
9.2 Тұз, шайғыш зат және
жуғыш затты пайдалану
Тек ыдыс жуғыш машинаға
арналған тұзды, шайғыш және
жуғыш затты пайдаланыңыз. Басқа
өнімдер құрылғыға нұқсан келтіруі
мүмкін.
Аралас таблеткалар судың
кермектігі 21 °dH болатын аймақтар
үшін жарамды. Осы шектен асатын
аймақтарда шайғыш зат пен тұзды
аралас таблеткалармен бірге
пайдалану керек. Дегенмен суы
кермек және өте кермек аймақтарда
жуу және кептіру нәтижесі барынша
жақсы болуы үшін жеке жуғыш,
(қосымша функциялары жоқ
ұнтақты, гельді, таблеткаларды)
шайғыш затты және тұзды жеке-
жеке пайдаланыңыз.
Егер аралас таблетканы
пайдалансаңыз, Multitab параметрін
(егер бар болса) таңдаңыз. Бұл
функция аралас таблетканы
пайдаланғанда, жуу және кептіру
сапасын жақсартады.
Жуғыш таблеткалар қысқа
бағдарламаларда әбден ерімейді.
Жуғыш заттардың қалдықтары
ыдыстарға тұрып қалмас үшін
жуғыш таблеткаларды
пайдаланғанда ұзақ
бағдарламаларды қолдануды
ұсынамыз.
Жуғыш затты қажетті мөлшерден
артық пайдаланбаңыз. Жуғыш
заттың орамындағы нұсқауларды
қараңыз.
9.3 Жуғыш таблеткаларды
пайдалануды тоқтатқыңыз
келсе
Жуғыш затты, тұзды және шайғыш
заттарды жеке-жеке пайдалану
алдында келесі әрекетті орындаңыз.
1. Су жұмсартқыштың ең жоғары
деңгейін орнатыңыз.
2. Тұз және шайғыш зат
сауыттарының толы екеніне көз
жеткізіңіз.
3. Шаю циклы бар ең қысқа
бағдарламаны бастаңыз. Жуғыш
зат қоспаңыз және себеттерді
толтырмаңыз.
4. Бағдарлама аяқталған кезде, су
жұмсартқышты тұратын жеріңіздегі
судың кермектігіне қойыңыз.
5. Шайғыш заттың қосылатын
мөлшерін реттеңіз.
9.4 Себеттерді толтыру
Құрылғыны ыдыс жуғыш машинада
жууға болатын заттарды жуу үшін
ғана қолданыңыз.
Ағаш, мүйіз, алюминий, қалайы
және мыстан жасалған заттарды
құрылғыға салмаңыз.
Құрылғыға су сіңіретін заттарды
(жөке, ас үй шүберектері)
салмаңыз.
Ыдыстарға жабысқан тағамның
үлкенірек қалдықтарын алып,
қоқысқа салыңыз.
Заттарға күйіп жабысқан
қалдықтарды жібітіңіз.
Шұңғыл ыдыстардың (мысалы,
кесе, стакан және кәстрөл) аузын
төмен қаратып салыңыз.
Стакандарды бір-біріне тигізбей
салыңыз.
Ас құралдары мен кішкене
заттарды ас құралдары себетіне
салыңыз.
Жеңіл заттарды үстіңгі себетке
салыңыз. Заттарды жылжып
кетпейтін етіп салыңыз.
www.electrolux.com14
Бағдарламаны бастамай тұрып,
бүріккіш түтіктердің еркін айнала
алатынына көз жеткізіңіз.
9.5 Бағдарламаны бастау
алдында
Мынаны ескеріңіз:
Сүзгілердің таза екенін және
орнатылып тұрғанын.
Тұз сауытының қақпағының мықтап
жабылғанын.
Бүріккіш түтіктердің бітеліп
қалмағанын.
Кір жуғыш машина тұзы мен
шайғыш заттың (егер аралас
таблетканы қолданбасаңыз) бар
екенін.
Заттардың себеттерге дұрыс
салынғанын.
Бағдарламаның салынған ыдыстың
түріне және ластану дәрежесіне сай
екенін.
Жуғыш зат дұрыс мөлшерде
қолданылғанын.
9.6 Себеттерді босату
1. Ыдыстарды суытып алғаннан кейін
ғана құрылғыдан алыңыз. Ыстық
заттар осал келеді.
2. Әуелі астыңғы себеттегі, содан
кейін үстіңгі себеттегі заттарды
алыңыз.
Бағдарламаның соңында
құрылғының
қабырғаларындағы және
есігіндегі су ыстық болып
тұруы мүмкін.
10. КҮТУ МЕНЕН ТАЗАЛАУ
НАЗАРЫҢЫЗДА
БОЛСЫН!
Құрылғыны жөндеу
алдында электр желісінен
ағытыңыз және ашасын
розеткадан суырыңыз.
Қоқыс тұрған сүзгілер мен
бүріккіш түтіктер жуу
нәтижесін төмендетеді.
Уақытылы тексеріп, қажет
болса тазалаңыз.
10.1 Сүзгілерді тазалау
Сүзгі жүйесі 3 бөліктен тұрады.
C
B
A
1. Сүзгіні (B) сағат тілінің бағытына
қарсы бұрап алыңыз.
ҚАЗАҚ 15
2. (C) сүзгісін (B) сүзгісінен алыңыз.
3. Жалпақ сүзгіні (A) алыңыз.
4. Сүзгілерді жуыңыз.
5. Зумпф сорғышының ішінде немесе
айналасында ешбір тағам
қалдығыңың немесе қоқыстың жоқ
екеніне көз жеткізіңіз.
6. Жалпақ сүзгіні орнына (A)
қойыңыз. Оның 2 бағыттағыштың
астына дұрыс орнатылғанына көз
жеткізіңіз.
7. (B) және (C) сүзгілерін
құрастырыңыз.
8. (B) сүзгісін (A) сүзгісіне салыңыз.
Сырт етіп орнына түскенше сағат
тілінің бағытымен бұраңыз.
САҚТАНДЫРУ ТУРАЛЫ
ЕСКЕРТУ!
Сүзгілер дұрыс салынбаса,
жуу нәтижесі
қанағаттанғысыз болуы
және құрылғыға нұқсан
келуі мүмкін.
10.2 Бүріккіш түтіктерді
тазалау
Бүріккіш түтіктерді ағытып алмаңыз.
Бүріккіш түтіктердің тесіктері бітеліп
қалса, қалдықтарды жіңішке
шырпымен тазалаңыз.
10.3 Сыртын тазалау
Құрылғыны дымқыл, жұмсақ
шүберекпен тазалаңыз.
Тек бейтарап тазартқыш заттарды
қолданыңыз.
www.electrolux.com16
Жеміргіш заттарды, түрпілі жөкені
немесе еріткіштерді
пайдаланбаңыз.
10.4 Ішін тазалау
Құрылғыны мұқият тазалаңыз,
есіктің резеңке тығыздағышын
жұмсақ, дымқыл шүберекпен
сүртіңіз.
Егер қысқа бағдарламаларды жиі
пайдалансаңыз, құрылғының ішінде
май немесе қақ жиналып қалуы
мүмкін. Бұндай жағдайдың алдын
алу үшін ұзақ бағдарламаларды
айына кем дегенде 2 рет қосып
орындауды ұсынамыз.
11. АҚАУЛЫҚТЫ ТҮЗЕТУ
Егер құрылғы іске қосылмаса немесе
жұмыс істеп тұрып тоқтап қалса,
уәкілетті қызмет көрсету орталығына
хабарласпай тұрып, мәселені
кестедегі ақпараттың көмегімен өзіңіз
шешіп көруге тырысыңыз.
Кейбір ақаулықтарда аяқтау
индикаторы жыпылықтап, ақау барын
көрсетеді.
Ақау және ескерту коды Ықтимал шешімі
Құрылғыны іске қоса алмадыңыз. Ашаның розеткаға қосылғанына көз
жеткізіңіз.
Сақтандырғыш қорабындағы еш
сақтандырғышқа зақым келмегеніне көз
жеткізіңіз.
Бағдарлама басталмай тұр. Құрылғы есігінің жабық тұрғанына көз
жеткізіңіз.
Start түймешігін басыңыз.
Егер кешіктіріп бастау функциясы
орнатылып тұрса, оны ажыратыңыз
немесе кері санақ аяқталғанша күтіңіз.
Құрылғы су жұмсартқыштың ішіндегі
шайырды қайта толтыру үдерісін бастап
кеткен. Бұл үдерістің ұзақтығы шамамен
5 минут.
Ыдыс жуғыш машинаға су
құйылмай тұр.
"Соңы" индикаторы 1 рет
жыпылықтайды.
Start индикаторы үздіксіз
жыпылықтайды.
Су шүмегінің ашық тұрғанына көз
жеткізіңіз.
Сумен жабдықтау жүйесіндегі судың
қысымының өте төмен емес екеніне көз
жеткізіңіз. Бұл ақпаратты жергілікті су
ресурстары мекемесіне хабарласып
алыңыз.
Су шүмегінің бітеліп қалмағанына көз
жеткізіңіз.
Су құятын түтіктің сүзгісінің бітеліп
қалмағанына көз жеткізіңіз.
Су құятын түтіктің бұратылып немесе
майысып қалмағанына көз жеткізіңіз.
ҚАЗАҚ 17
Ақау және ескерту коды Ықтимал шешімі
Құрылғы суы сарқылмай тұр.
"Соңы" индикаторы 2 рет ара-
тұра жыпылықтайды.
Start индикаторы үздіксіз
жыпылықтайды.
Раковина түтікшесінің бітеліп
қалмағанына көз жеткізіңіз.
Су төгетін түтіктің бұратылып немесе
майысып қалмағанына көз жеткізіңіз.
Тасқынға қарсы құрал қосулы.
"Соңы" индикаторы 3 рет ара-
тұра жыпылықтайды.
Start индикаторы үздіксіз
жыпылықтайды.
Судың шүмегін жабыңыз да, уәкілетті
қызмет көрсету орталығына
хабарласыңыз.
Құрылғыны тексеріп болғаннан кейін
Start түймешігін басыңыз. Ақаулық
қайта пайда болса, уәкілетті қызмет
көрсету орталығына хабарласыңыз.
Кестеде көрсетілмеген ақау кодтары
пайда болса, уәкілетті қызмет көрсету
орталығына хабарласыңыз.
11.1 Жуу және құрғату нәтижелері қанағаттанарлық емес
Ақаулық Ықтимал шешімі
Стакандарға және
ыдыстарда ақ жолақтар
немесе көк дақтар түскен.
Шайғыш зат тым көп мөлшерде қосылып тұр.
Шайғыш затты үлестіру мөлшерін ең төменгі
деңгейге қойыңыз.
Жуғыш зат тым көп мөлшерде салынған.
Стакандар мен ыдыстарда
дақтар және кепкен су
тамшылары қалған.
Шайғыш зат жеткіліксіз мөлшерде үлестірілген.
Шайғыш затты үлестіру мөлшерін ең жоғары
деңгейге қойыңыз.
Бұл шайғыш заттың сапасына байланысты
болуы мүмкін.
Ыдыс-аяқ кеппеген. Бағдарламаның кептіру циклы жоқ немесе
кептіру циклының температурасы өте төмен.
Шайғыш зат үлестіргіші босап қалған.
Бұл шайғыш заттың сапасына байланысты
болуы мүмкін.
Басқа ықтимал себептерді
"Ақыл-кеңес" тарауынан
қараңыз.
12. ТЕХНИКАЛЫҚ АҚПАРАТ
Өлшемдері Ені / биіктігі / тереңдігі
(мм)
600 / 850 / 625
Электртоғына қосу
1)
Кернеу (В) 220 - 240
Жиілік (Гц) 50
www.electrolux.com18
Құйылатын судың
қысымы
Ең аз / ең көп (МПа) 0.5 (0.05) / 8 (0.8)
Сумен жабдықтау Суық су немесе ыстық
су
2)
ең көбі 60 °C
Сыйымдылығы Орын параметрлері 13
Қуат тұтынуы Қосулы режим (Вт) 0.50
Қуат тұтынуы Сөндіру режимі (Вт) 0.50
1)
Басқа мәндерді техникалық ақпарат тақтайшасынан қараңыз.
2)
Егер ыстық су басқа қуат көздерінен (мысалы, күн батареясы, желдің қуаты)
алынса, тұтыну қуатын азайту үшін ыстық суды қолданыңыз.
13. ҚОРШАҒАН ОРТАҒА ҚАТЫСТЫ ЖАҒДАЙЛАР
Белгі салынған материалдарды
қайта өңдеуден өткізуге тапсырыңыз.
Орам материалдарын қайта өңдеуден
өткізу үшін тиісті контейнерлерге
салыңыз. Электрлік және
электроникалық құрылғылардың
қалдығын қайта өңдеуден өткізу
арқылы, қоршаған ортаға және
адамның денсаулығына зиын
келтіретін жағдайларға жол бермеуге
өз үлесіңізді қосыңыз. Белгі
салынған құрылғыларды тұрмыстық
қалдықтармен бірге тастамаңыз.
Өнімді жергілікті қайта өңдеу
орталығына өткізіңіз немесе жергілікті
мекемеге хабарласыңыз.
ҚАЗАҚ 19
СОДЕРЖАНИЕ
1. СВЕДЕНИЯ ПО ТЕХНИКЕ БЕЗОПАСНОСТИ...............................................21
2. УКАЗАНИЯ ПО БЕЗОПАСНОСТИ................................................................. 23
3. ОПИСАНИЕ ИЗДЕЛИЯ...................................................................................24
4. ПАНЕЛЬ УПРАВЛЕНИЯ................................................................................. 25
5. ПРОГРАММЫ..................................................................................................26
6. ПАРАМЕТРЫ...................................................................................................27
7. ПЕРЕД ПЕРВЫМ ИСПОЛЬЗОВАНИЕМ........................................................29
8. ЕЖЕДНЕВНОЕ ИСПОЛЬЗОВАНИЕ.............................................................. 30
9. ПОЛЕЗНЫЕ СОВЕТЫ.....................................................................................32
10. УХОД И ОЧИСТКА........................................................................................ 34
11. ПОИСК И УСТРАНЕНИЕ НЕИСПРАВНОСТЕЙ..........................................35
12. ТЕХНИЧЕСКИЕ ДАННЫЕ............................................................................ 37
МЫ ДУМАЕМ О ВАС
Благодарим Вас за приобретение прибора Electrolux. Вы выбрали изделие,
за которым стоят десятилетия профессионального опыта и инноваций.
Уникальное и стильное, оно создавалось с заботой о Вас. Поэтому когда бы
Вы ни воспользовались им, Вы можете быть уверены: результаты всегда
будут превосходными.
Добро пожаловать в Electrolux!
На нашем веб-сайте Вы сможете:
Найти рекомендации по использованию изделий, руководства по
эксплуатации, мастер устранения неисправностей, информацию о
техническом обслуживании:
www.electrolux.com
Зарегистрировать свое изделие для улучшения обслуживания:
www.registerelectrolux.com
Приобрести дополнительные принадлежности, расходные материалы и
фирменные запасные части для своего прибора:
www.electrolux.com/shop
ПОДДЕРЖКА ПОТРЕБИТЕЛЕЙ И СЕРВИСНОЕ
ОБСЛУЖИВАНИЕ
Мы рекомендуем использовать оригинальные запчасти.
При обращении в сервис-центр следует иметь под рукой следующую
информацию: модель, код изделия (PNC), серийный номер.
Данная информация находится на табличке с техническими данными.
Внимание / Важные сведения по технике безопасности.
Общая информация и рекомендации
Информация по охране окружающей среды
Право на изменения сохраняется.
www.electrolux.com20
  • Page 1 1
  • Page 2 2
  • Page 3 3
  • Page 4 4
  • Page 5 5
  • Page 6 6
  • Page 7 7
  • Page 8 8
  • Page 9 9
  • Page 10 10
  • Page 11 11
  • Page 12 12
  • Page 13 13
  • Page 14 14
  • Page 15 15
  • Page 16 16
  • Page 17 17
  • Page 18 18
  • Page 19 19
  • Page 20 20
  • Page 21 21
  • Page 22 22
  • Page 23 23
  • Page 24 24
  • Page 25 25
  • Page 26 26
  • Page 27 27
  • Page 28 28
  • Page 29 29
  • Page 30 30
  • Page 31 31
  • Page 32 32
  • Page 33 33
  • Page 34 34
  • Page 35 35
  • Page 36 36
  • Page 37 37
  • Page 38 38
  • Page 39 39
  • Page 40 40
  • Page 41 41
  • Page 42 42
  • Page 43 43
  • Page 44 44
  • Page 45 45
  • Page 46 46
  • Page 47 47
  • Page 48 48
  • Page 49 49
  • Page 50 50
  • Page 51 51
  • Page 52 52
  • Page 53 53
  • Page 54 54
  • Page 55 55
  • Page 56 56
  • Page 57 57
  • Page 58 58
  • Page 59 59
  • Page 60 60

Electrolux ESF9520LOX Руководство пользователя

Тип
Руководство пользователя

Задайте вопрос, и я найду ответ в документе

Поиск информации в документе стал проще с помощью ИИ