ҚАҚПАҚТЫ АШУ
Бағдарлама немесе кешіктіріп бастау жұмыс
істеп тұрғанда, құрылғының қақпағы бекітулі
тұрады.
АБАЙЛАҢЫЗ Егер барабанның
ішіндегі судың температурасы мен
деңгейі өте жоғары болса,
қақпақты аша алмайсыз.
Қақпақты циклдың бастапқы 10 минутында
және кешіктіріп бастау функциясы жұмыс
істеп тұрғанда ашыңыз:
1. Құрылғыны кідірте тұру үшін Старт/Пауза
түймешігін басыңыз.
2. Қақпақты бірнеше минут күте тұрғаннан
кейін ашыңыз.
3. Қақпақты жауып, Старт/Пауза түймесін
қайта басыңыз. Бағдарлама (не кешіктіріп
бастау) жалғасады.
Бағдарлама жұмыс істеп тұрғанда
қақпақты ашу:
1. Құрылғыны сөндіру үшін бағдарлама
тетігін қалпына бұраңыз.
2. Бірнеше минут күте тұрыңыз да, содан
кейін құрылғының қақпағын ашыңыз.
3. Қақпақты жауып, бағдарламаны қайта
орнатыңыз.
БАҒДАРЛАМАНЫҢ СОҢЫ
• Құрылғы автоматты түрде тоқтайды.
• Старт/Пауза түймесінің индикаторы сөнеді.
• индикаторы жанады.
• Қақпақты ашуға болады.
• Құрылғыдан кірді алыңыз. Барабанның бос
екеніне көз жеткізіңіз. Судың шүмегін
жабыңыз.
• Құрылғыны сөндіру үшін бағдарлама тетігін
қалпына бұраңыз.
• Зең және иіс пайда болмас үшін қақпақты
сәл ашып қойыңыз.
Жуу бағдарламасы аяқталды, бірақ
барабанда су тұр:
• Кір мыжылып қалмас үшін барабан мезгіл-
мезгіл айналып тұрады.
• Старт/Пауза түймесінің индикаторы
жыпылықтайды. Қақпақ құлыпталып
тұрады.
• Қақпақты ашу үшін суды төгу керек.
Суды төгу үшін:
1. "Суды төгу" не "Айналдыру"
бағдарламасын орнатыңыз. Қажет болса,
айналдыру жылдамдығын азайтыңыз.
2. Старт/Пауза түймесін басыңыз. Құрылғы
суды төгеді де, айналдыру кезеңін
орындайды.
3. Қақпақты бағдарлама аяқталғаннан кейін
бірнеше минут өткенде ашуға болады.
4. Құрылғыны сөндіру үшін бағдарлама
тетігін
қалпына бұраңыз.
АҚЫЛ-КЕҢЕС
КІР САЛУ
• Кірді былай сұрыптаңыз: ақ, түрлі-түсті,
синтетика, нәзік және жүн мата.
• Кірдің затбелгісіндегі жуу нұсқауларын
орындаңыз.
• Ақ киім мен түрлі-түсті заттарды бірге
жумаңыз.
• Кейбір түрлі-түсті заттарды алғаш жуғанда
бояуы шығуы мүмкін. Оларды алғаш
жуғанда бөлек жууға кеңес береміз.
• Жастық қаптарының түймесін салып,
тартпаларды тартып жауып, ілгектер мен
батырма түймешіктерді салыңыз.
Белбеулерді байлаңыз.
• Қалталарды босатып, оралған заттарды
ашыңыз.
• Көп қабатты матадан, жүн матадан және
сурет салынған киімдердің астарын
сыртына аударыңыз.
• Қатып қалған дақтарды арнайы жуғыш
затпен тазалаңыз.
• Қатып қалған дақтары бар заттарды
барабанға салу алдында жуыңыз және
дағын алдын ала кетіріңіз.
• Перделерді абайлап жуыңыз. Ілгектерін
алыңыз да, перделерді кір жуатын торға
немесе жастықтың тысына салыңыз.
• Көмкерілмеген немесе кесілген жерлері
бар заттарды құрылғыда жумаңыз. Кішкене
заттарды жуу үшін (мысалы, сым өткізілген
төс тартқыш, белдіктер, колготкилер, т.с.с.)
кір жууға арналған торды пайдаланыңыз.
• Кір өте аз салынса, айналдыру циклі
кезінде теңгерімді сақтауға қатысты мәселе
орын алуы мүмкін. Бұндай жағдай орын
алса, барабандағы кірді қолмен таратып,
қайта айналдыра бастаңыз.
ОҢАЙ КЕТПЕЙТІН ДАҚТАР
Кейбір дақтарды кетіру үшін су мен жуғыш зат
жеткіліксіз болады.
12