Electrolux EN3601AOX Руководство пользователя

Тип
Руководство пользователя
EN3601AOX
EN3601AOW
................................................ .............................................
KK ТОҢАЗЫТҚЫШ-
МҰЗДАТҚЫШ
ҚОЛДАНУ ТУРАЛЫ
НҰСҚАУЛАРЫ
2
RU ХОЛОДИЛЬНИК-
МОРОЗИЛЬНИК
ИНСТРУКЦИЯ ПО
ЭКСПЛУАТАЦИИ
23
UK ХОЛОДИЛЬНИК-
МОРОЗИЛЬНИК
ІНСТРУКЦІЯ 45
МАЗМҰНЫ
1. ҚАУІПСІЗДІК ТУРАЛЫ МАҒЛҰМАТТАР . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 3
2. БҰЙЫМ СИПАТТАМАСЫ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 6
3. ЖҰМЫС ЖҮЙЕСІ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 6
4. ӘРКҮНДІК ҚОЛДАНУ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 7
5. ПАЙДАЛЫ НҰСҚАУЛАР МЕНЕН КЕҢЕСТЕР . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 10
6. КҮТУ МЕНЕН ТАЗАЛАУ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 11
7. АҚАУЛЫҚТЫ ТҮЗЕТУ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 14
8. ОРНАТУ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 16
9. ШУЫЛ ТҮРЛЕРІ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 19
10. ТЕХНИКАЛЫҚ СИППАТАМА . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 22
11. ҚОРШАҒАН ОРТАҒА ЗИЯН КЕЛДІРМЕУ ТУРАЛЫ МАҒЛҰМАТТАР . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 22
СІЗ ОЙЫМЫЗДА БОЛДЫҢЫЗ
Electrolux құрылғысын сатып алғаныңызға рахмет. Сіз ондаған жылдар бойғы кәсіби тәжірибе мен
инновацияға сүйеніп жасалған құрылғыны таңдадыңыз. Тапқырлықтың туындысы болған, көз тартарлық
бұл құрылғыны жасау барысында сіз ойымызда болдыңыз. Сондықтан, қолданған сайын тамаша нәтижеге
қол жеткізе алатыныңызға сенімді болыңыз.
Electrolux әлеміне қош келдіңіз.
Біздің веб-сайтқа барып келесіні қараңыз:
Қолдануға қатысты кеңестер, кітапшалар, ақаулықты түзету, қызмет көрсету туралы ақпарат:
www.electrolux.com
Сізге барынша жақсы қызмет көрсету үшін өніміңізді мына жерге тіркеңіз:
www.electrolux.com/productregistration
Құрылғыңызға қажетті керек-жарақтарды, шығынды материалдарды және фирмалық қосалқы
бөлшектерді сатып алу үшін:
www.electrolux.com/shop
ТҰТЫНУШЫҒА КӨМЕК, ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
Фирмалық заттарды қолдануды ұсынамыз.
Қызмет көрсету орталығына хабарласқанда келесі деректердің дайын болуын қамтамасыз етіңіз.
Деректерді техникалық ақпарат тақтайшасынан табуға болады. Үлгісі, Өнім нөмірі, Сериялық нөмірі
Ескерту / Абайлаңыз - Қауіпсіздік туралы маңызды мағлұмат.
Жалпы мағлұматтар менен кеңестер
Қорғаған ортаға зиян келдірмей пайдалану туралы нұсқаулар
Өндіруші ескертусіз өзгеріс енгізу құқығына ие.
2
www.electrolux.com
1.
ҚАУІПСІЗДІК ТУРАЛЫ МАҒЛҰМАТТАР
Құрылғыны орнатып, ең алғаш
пайдаланбас бұрын, өз қауіпсіздігіңіз бен
құрылғыны дұрыс қолдану мақсатында,
пайдаланушыға арналған бұл нұсқаулықты,
оның ішінде кеңестері мен ескертулеріне
назар салып оқып шығыңыз. Осы
құрылғыны пайдаланатын адамдардың
барлығы, қажетсіз ақаулықтар мен
тұрмыстық апаттардың алдын алу үшін,оны
пайдалану тәсілдерімен және қауіпсіздікті
қамтамасыз ететін функцияларымен жете
таныс болуы керек. Осы қолдану туралы
нұсқаулықты сақтап қойыңыз және
тоңазытқышты басқа адамдарға
бергеніңізде немесе сатқаныңызда, оны
пайдаланатын әрбір адамның бұйымның
қолданыс мерзімі аяқталғанға дейін оған
қатысты пайдалану және қауіпсіздік
шараларынан хабардар болуы үшін
нұсқаулықты да қоса беруді ұмытпаңыз.
Адам өмірі мен құрылғының қауіпсіздігін
қамтамасыз ету үшін осы пайдаланушы
нұсқаулығындағы ескертулерді орындаңыз,
себебі қадағалаудың жеткіліксіздігінен
туған ақаулық үшін өндіруші жауапкершілік
көтермейді.
1.1 Балалар мен әлсіз адамдардың
қауіпсіздігі
Бұл құрылғыны физиологиялық, сезімдік
не болмаса ақыл-ой деңгейіне
байланысты не пеш жұмысына қатысты
тәжрибиесі мен білімінің аздығына
байланысты пайдалана алмайтын
адамдар (балаларды қоса алғанда),
пешті пайдалану туралы ерекше
нұсқауларды алмайынша не олардың
қауіпсіздігіне ие адамның
қадағалауынсыз пайдаланбауға тиіс.
Балалар құрылғымен ойнамас үшін
оларды қадағалап отыру қажет.
Машинаның орауыштары мен қорабын
балалардың қолы жетпейтін жерде
сақтаңыз. Тұншығып кету қаупі бар.
Егер құрылғыны тастасаңыз, оның
ашасын розеткадан суырыңыз да, қорек
сымын қиып(құрылғыға барынша
тақата)балалар ішіне кіріп қамалып не
электр тогының қатерлі әсеріне
ұшырамас үшін есігін ағытып алып
тастаңыз.
Егер есігі магнитті тығыздағышпен
жабдықталған бұл құрылғыны, есігінде
не қақпағында серіппелі құлыбы бар ескі
құрылғының орнына қоймақ болсаңыз,
ескі құрылғыны ең алдымен оның
серіппелі құлыбын жарамсыз етіп барып
тастаңыз. Бұл құрылғыны бала ішіне
қамалып қалатын қауіп көзіне айналудан
сақтайды.
1.2 Жалпы қауіпсіздік туралы
мағлұматтар
Назарыңызда болсын!
Құрылғының корпусындағы немесе
кіріктірілген элементіндегі желдеткіш
саңылауларды бітемей, ашық ұстаңыз.
Осы нұсқаулықта айтылғандай, бұл
құрылғы әдеттегі үй жағдайларында
тамақты және/немесе сусындарды
сақтау үшін арналған.
Жібіту үдерісін жылдамдату мақсатында
ешқандай механикалық немесе кез
келген басқа жасанды құралды
пайдаланушы болмаңыз.
Өндіруші рұқсат бермеген болса,
тоңазытқыш құрылғылардың ішіне басқа
электр құрылғыларды (балмұздақ
жасайтын құрылғы сияқты) салып
қолданушы болмаңыз.
Салқындатқыш зат ағатын жүйеге зақым
келтірмеңіз.
Құрылғының салқындатқыш зат ағатын
жүйесінде изобутан (R600a) және
қоршаған ортамен сыйысымдылығы
жоғары, бірақ сонда да жанғыш зат
болып табылатын, табиғи газ болады.
Құрылғының тасымалдау және орнату
кезінде салқындатқыш зат жүйесіне
зақым келтірілмейтініне көз жеткізіңіз.
Салқындатқыш зат жүйесі зақымдалса:
жалын от пен тұтату көздері болмауы
тиіс
құрылғы орналасқан бөлмені
жақсылап желдетіңіз
ҚАЗАҚ 3
Осы өнімді немесе оның сипаттарын
өзгерту қауіпті. Кабельге зақым келсе
қысқа тұйықталу, өрт шығу және/немесе
тоқ соғу қаупі төнеді.
Назарыңызда болсын!
Кез келген электрлік бөлшектерін
(қуат сымы, аша, компрессор),
қатерлі жағдай орын алмас үшін,
куәлігі бар қызмет көрсетуші
маманы немесе білікті техник
маман ауыстыруға тиіс.
1.
Қуат кабелін ұзартуға болмайды.
2.
Қуат кабелі құрылғының артқы
жағында мыжылып немесе
зақымдалып қалмағанына көз
жеткізіңіз. Мыжылған немесе
зақымдалған қуат кабелі тым қызып
кетіп, өрт шығуына әкелуі мүмкін.
3.
Құрылғының айыры қол жетерлік
жерде орналасқанына көз жеткізіңіз.
4.
Айырды қуат кабелін ұстап
тартпаңыз.
5.
Розетка босап кеткен болса,
айырды оған қоспаңыз. Тоқ соғу
немесе өрт шығу қаупі бар.
6.
Құрылғыны ішкі жарықтама
шамының қақпағы (егер бар болса)
жабылмаса іске қосуға болмайды.
Бұл құрылғы ауыр. Оны жылжытқан
кезде абай болу керек.
Қолыңыз сулы болса, мұздатқыш
бөліктен заттарды алмаңыз және оларға
тимеңіз, себебі қолыңыздың терісі
сыдырылып кетуі немесе қарылып қалуы
мүмкін.
Құрылғыны ұзақ уақытқа тікелей күн
сәулелерінің астына қоймаңыз.
Осы құрылғыда тек тұрмыстық
құрылғыларда пайдалануға арналған
арнайы шамдар (егер бар болса) ғана
қолданылған. Олар үйді жарықтандыру
үшін қолдануға жарамайды.
1.3 Күнделікті пайдалану
Ыстық ыдысты құрылғы ішіндегі пластик
жерлерге қоймаңыз.
Құрылғы ішіне тұтанғыш газ бен сұйықты
қоймаңыз, себебі олар жарылып кетуі
мүмкін.
Тағамдарды артқы қабырғадағы ауа
шығатын саңылауға қарама-қарсы қоюға
болмайды. (Егер құрылғыға мұз
қатпайтын болса)
Мұздатылған тағамды жібітіп алған соң
оны қайта мұздатуға болмайды.
Алдын ала оралған тағамды
мұздатылған тағам өндірушінің
нұқсауларына сай сақтаңыз.
Құрылғы өндірушінің тағам сақтауға
қатысты ұсыныстарын қатаң орындау
керек. Тиісті нұсқауларға қараңыз.
Көмірқышқылдандырылған не көпіршитін
сусындарды тоңазытқыш камераға
қоймаңыз, себебі ыдысқа түскен қысым
оның жарып, нәтижесінде құрылғыға
нұқсан келуі мүмкін.
Мұздақтарды тоңазытқыштан алған
бетте пайдаланғанда аяз қарып жіберуі
мүмкін.
1.4 Күтім және тазалау
Құрылғыға қызмет көрсетуді бастамас
бұрын құрылғыны өшіріп, ашаны электр
желісіндегі розеткадан суырып алыңыз.
Құрылғыны металл заттармен
тазаламаңыз.
Құрылғы қырауын тазалау үшін өткір
заттарды пайдаланбаңыз. Пластик
қырғышты пайдаланыңыз.
Еріген суды жинайтын табақшаны мезгіл-
мезгіл тексеріп отырыңыз. Қажет болса,
табақшаны тазалап отырыңыз. Табақша
толып қалған жағдайда су құрылғының
астыңғы жағына жиналады.
1.5 Орнату
Электр желісіне қосарда, арнайы
бөлімдерде берілген нұсқауларды
мұқият орындаңыз.
Құрылғы орамын ашып, оның еш жерінің
бүлінбегенін тексеріп алыңыз.
Құрылғының бір жері бүлініп қалса
қоспаңыз. Қандай да бір бүлінушілік
орын алғанда, құрылғыны сатып алған
жерге дереу хабарлаңыз. Бұндай
жағдайда қорабын сақтап қойыңыз.
Құрылғыны қоспас бұрын оның майы
компрессорға ағып құйылу үшін кем
дегенде екі сағат күтіңіз.
4
www.electrolux.com
Құрылғы айналасында ауа жеткілікті
түрде айналуға тиіс, ауа айналымы
жеткіліксіз болса құрылғы қызып кетеді.
Желдету жеткілікті болу үшін орнатуға
қатысты нұсқауларды орындаңыз.
•Мүмкін болса, құрылғының жылы
тұратын бөлшектерін (компрессор,
конденсатор) ұстап қалып не оларға қол
тигізіп алып күйіп қалмас үшін
тоңазытқыштың арт жағын әрқашан
қабырғаға қаратып қойыңыз.
Құрылғыны радиатор не пештердің
қасына жақын орналастыруға болмайды.
Құрылғыны орнатқан соң оның
ашасының қол оңай жететін жерде
болуын қамтамасыз етіңіз.
Тек ауыз суы жүйесіне ғана қосыңыз
(егер суға қосу қажет болса).
1.6 Қызмет
Құрылғыны жөндеу үшін қажет электр
жұмыстарын электр маманы не білікті
адам жүзеге асыруға тиіс.
Бұл өнімге қызмет көрсетуді тек уәкілетті
қызмет көрсету орындары жүзеге асыру
керек және құрылғының нағыз өз
бөлшектері ғана пайдаланылуға тиіс.
1.7 Қоршаған ортаны қорғау
Бұл құрылғының салқындатқыш
сұйығының құрамында да,
изоляция материалдарында да
озон қабатына зиян келтіретін
газдар жоқ. Бұл құрылғыны
тұрмыстық қалдық пен қоқыстар
тасталатын жерге тастауға
болмайды. Оның изоляция
қабаттамасында тұтанғыш газдар
бар: құрылғыны жергілікті құзырлы
мекемелерден алынатын жарамды
ережелерге сай тастау қажет.
Салқындатқыш құралға, әсіресе
оның қызу алмастырғышқа жақын
артқы бөлігіне зиян келтірмеңіз.
Құрылғыда пайдаланылған
белгішесімен белгіленген
материалдар қайта өңдеуден
өткізуге жарайды.
ҚАЗАҚ 5
2. БҰЙЫМ СИПАТТАМАСЫ
3 5 6 741
891011
2
1
Жеміс тартпалары
2
Шыны сөрелер
3
Бөтелке сөресі
4
Термоэлемент
5
Сары май сөресі
6
Есіктің сөресі
7
Бөтелке қойылатын сөре
8
Мұздатқыш себет
9
Мұздатқыш себет
10
Мұздатқыш себет
11
Техникалық ақпарат тақтайшасы
3. ЖҰМЫС ЖҮЙЕСІ
3.1 Қосу
Ашаны розеткаға сұғыңыз.
Температура түймешесін сағат бағытымен
бұрай отырып орташа температураға
қойыңыз.
3.2 Өшіру
Құрылғыны өшіру үшін температура
түймешесін "O" қалпына қойыңыз.
3.3 Температураны баптау
Температура автоматты түрде қойылады.
Құрылғыны іске қосу үшін төмендегі
әрекетті орындаңыз:
суықтықты азайту үшін температура
түймешесін суықтың төменгі деңгейіне
қарай бұраңыз.
6
www.electrolux.com
суықтықты жоғары деңгейге қою үшін
температура түймешесін суықтың
максимум деңгейіне қарай бұраңыз.
Әдетте орташа суықтықты таңдаған
дұрыс.
Дегенмен, параметрді дәл тауып орнату
үшін құрылғының ішіндегі температураның
төмендегі жағдайларға:
бөлме температурасына
есіктің қаншалықты жиі ашылғандығына
сақталатын тағамның мөлшеріне
құрылғы орнатылған жерге байланысты
екендігін есте ұстау қажет.
Егер бөлме температурасы жоғары
болса не тағам тоңазытқыш ішіне
толтыра салынса және құрылғы
төменгі температурада тұрса,
құрылғы үздіксіз жұмыс жасап оның
қабырғасына қырау тұруы мүмкін.
Бұндай жағдайда түймешені
жоғары температураға
қойып,құрылғы мұзын қуатты көп
шығындамай, өздігінен еріп кетуіне
мүмкіндік беру қажет.
4. ӘРКҮНДІК ҚОЛДАНУ
4.1 Жаңа тағамды мұздату
Мұздатқыш камера жаңа тағамды мұздату
мен тоңазыған және мұздатылған
тағамдарды ұзақ уақыт сақтауға жарайды.
Жаңа тағамды мұздату үшін орташа
температураны өзгертудің қажеті жоқ.
Дегенмен, тағамды тезірек мұздатқыңыз
келсе, температура түймешесін максимум
суықтыққа қою үшін жоғары параметрге
қойыңыз.
Бұндай жағдайда, тоңазытқыш
камерадағы температура 0°C
градустан төмен түсіп кетуі мүмкін.
Бұндай жағдай орын алса,
температура түймешесін жылырақ
параметрге әкеліп қойыңыз.
Мұздатылуға тиіс жаңа тағамды үстіңгі
камераға қойыңыз.
4.2 Мұздатылған тағамды
сақтайтын камера
Құрылғыны ең алғаш қолданғанда не ұзақ
уақыт пайдаланбағаннан кейін қосқан
кезде, камераға тамақ салмас бұрын
құрылғыны ең кем дегенде 2 сағат ең
жоғарғы параметрлерге қойып жұмыс
істетіп алыңыз.
Кездейсоқ еріп кету, мысалы
электр қуаты өшіп, ток техникалық
сипаттамалар кестесіндедегі
"көтеру уақыты" бөлімінде берілген
мәндерден де ұзақ уақыт бойы
қосылмай тұрса, еріп кеткен
тағамды жылдам пайдаланып не
дереу пісіріп алып барып қайта
тоңазыту (салқындатқан соң)
қажет.
4.3 Жібіту
Мұздатылған не тоңазытылған тағамды
қажетке жаратпас бұрын, осы жұмысқа
арналған уақыттың шамасына қарай
отырып, оны тоңазытқыш ішінде не бөлме
температурасында жылытуға болады.
Тағамның кіші кесектерін тоңазытқыштан
алған бетте мұздаған қалпы пісіре беруге
болады. бұндай жағдайда пісіру уақыты
ұзағырақ болады.
ҚАЗАҚ 7
4.4 Температура индикаторы
Термоэлементті реттеу керек
Дұрыс температура
OK
Құрылғыны дұрыс басқаруға көмектесу
үшін тоңазытқышқа температура
индикаторы орнатылған.
Бүйір жақтағы белгіше тоңазытқыштың
ішіндегі ең суық аумақты көрсетеді.
Ең суық аумақ жеміс салынатын шыны сөре
мен көкөніс салынатын тартпадан бастап,
белгішеге дейін немесе белгішенің
деңгейіне қойылған сөреге дейін
жалғасады.
Тағамның дұрыс сақталуын қамтамасыз ету
үшін температура индикаторында "OK"
жазуының көрсетіліп тұрғанына көз
жеткізіңіз.
Егер "ОК" жазуы көрсетілмесе,
температура тетігін суығырақ параметрге
қойыңыз да, температура индикаторын 12
сағат күтіп барып тексеріңіз.
Құрылғыға жаңа тағам салғаннан кейін
немесе есікті ұзақ уақыт қайта-қайта
ашқаннан кейін, "ОК" жазуының көрінбей
қалуы қалыпты жағдай.
4.5 Есіктің сөрелерін орналастыру
1
2
Әр түрлі мөлшерде оралған тағамдарды
орналастыру үшін есіктегі сөрелерді түрлі
биіктікке қоюға болады.
Бұл үшін төмендегі әрекеттерді жасаңыз:
сөрелерді көрсеткі бағыты бойынша еппен
тартып шығарыңыз да, қажетті орынға
қойыңыз.
Ауа дұрыс айналып тұру үшін,
астыңғы есіктің үлкен сөресін
жылжытпаңыз.
8
www.electrolux.com
4.6 Жылжымалы сөрелер
Тоңазытқыштың қабырғасында сөрелерді
қалауыңызша орналастыруға арналған
бірнеше бағыттауыш бар.
Кейбір сөрелерді алу үшін, шет жағынан
ұстап көтеру керек.
Ауаның дұрыс айналуын
қамтамасыз ету үшін, көкөніс
салынатын суырманың бетіндегі
шыны сөрені алмаңыз.
4.7 Бөтелке сөресі
Бөтелкелерді (ауызын алға қаратып) алдын
ала орналастырылған сөреге қойыңыз.
Сөре көлденең орналастырылған
болса, тек жабық бөтелкелерді ғана
қойыңыз.
Ашылған бөтелкелерді сақтау үшін осы
бөтелке сөресін еңкейтіп қоюға болады.
Бұл нәтижеге қол жеткізу үшін сөрені
жоғары қарай бұрып, келесі жоғарғы
деңгейге көтеріп қоюға болады.
4.8 Freshzone тартпа
FreshZone тартпасы балық, ет, теңіз
өнімдері сияқты жас тағамдарды сақтауға
қолайлы, себебі бұл тартпаның
температурасы, тоңазытқыштың басқа
жеріндегі температурадан төмен.
ҚАЗАҚ 9
4.9 Мұздатқыш себеттерді мұздатқыштан алу
2
1
Мұздатқыш себеттер, кездейсоқ алынып
қалуға немесе құлап кетуге жол бермейтін
тіреуішпен жабдықталған. Оны
мұздатқыштан алу үшін, себетті өзіңізге
қарай тартыңыз да, шегіне жеткен кезде
себеттің алдыңғы жағын жоғары көтеріп
қалыңыз.
Қайта орнына қою үшін, себеттің алдыңғы
жағын ақырын ғана көтеріп мұздатқышқа
салыңыз. Шеткі жақтарын келтіріп
салғаннан кейін, себеттерді өз орындарына
қарай итеріңіз.
5. ПАЙДАЛЫ НҰСҚАУЛАР МЕНЕН КЕҢЕСТЕР
5.1 Қалыпты жұмыс кезінде
естілетін шуыл
Тоңазытқыш сұйық түтікшелер арқылы
аққан кезде әлсіз сырылдаған немесе
көпіршіп жатқан тәрізді шуылдар естілуі
мүмкін. Бұл дұрыс.
Компрессор қосылып тұрған кезде,
тоңазытқыш сұйық жан-жаққа таралады
да, компрессордан сырылдаған, сондай-
ақ дірілдеген дауыс шыққанын естисіз.
Бұл дұрыс.
Жылу әсерінен кеңею орын алған кезде,
кенет тырс-тырс еткен шуыл естілуі
мүмкін. Бұл қалыпты жағдай, қауіпті
физикалық феномен емес. Бұл дұрыс.
Компрессор қосылғанда немесе
өшкенде, температура түймешесінің
ақырын "сырт" еткенін естисіз. Бұл
дұрыс.
5.2 Қуатты үнемдеуге қатысты
ақыл-кеңес
Есікті жиі-жиі ашпаңыз не қажетті
уақыттан артық уақыт ашып тұрмаңыз.
Орта температурасы жоғары болса,
температура регуляторы ең жоғарғы
параметрге қойылса және тоңазытқыш
ішіне тамақ толтырылса салынса,
компрессор буландырғыш құралдың
үстіне мұз қатырып, үздіксіз жұмыс
жасауы мүмкін. Бұндай жағдай орын
алса, температура регуляторын құрылғы
электр қуатын үнемдей отырып өздігінен
жібу үшін төменгі көрсеткішке қойыңыз.
5.3 Жаңа тағамды тоңазытуға
қатысты ақыл-кеңес
Ең жақсы нәтижеге жету үшін:
жылы не буы бұрқырап тұрған сұйық
заттарды тоңазытқышқа қоймаңыз
тағамның бетін жабыңыз не оны орап
салыңыз, әсіресе ол өткір иісті болса
тағамды ауа оның айналасында еркін
айнала алатындай етіп орналастырыңыз
5.4 Тоңазытуға қатысты ақыл-кеңес
Пайдалы кеңестер:
Ет (барлық түрлері) : полиэтилен қалтаға
орап көкөніс суырмасының үстіңгі
жағындағы шыны сөреге қойыңыз.
Сақтық мақсатында тағамды осылайша тек
бір, көп дегенде екі күн ғана сақтау керек.
Пісірілген тағамдар, суық тағамдар т.б.:
бұлардың бетін жауып кез келген сөреге
қоюға болады.
Жемістер мен көкөністер: бұларды мұқият
тазалап арнайы сөреге (лер) салу қажет.
Сарымай мен ірімшік: бұларды арнайы ауа
өткізбейтін сауыттарға салып не алюминий
қағазға не полиэтилен қалтаға орап,
мүмкіндігінше ауа өткізбеуге тырысу қажет.
10
www.electrolux.com
Сүт бөтелкелері: бұлардың тығындарын
жауып, есіктегі бөтелке қойылатын қатарға
қою қажет.
Оралмаған банан, картоп, пияз бен
сарымсақты тоңазытқышта ұстауға
болмайды.
5.5 Тоңазыту туралы кеңес
Төменде тоңазыту үрдісін барынша тиімді
жүзеге асыру үшін бірнеше маңызды
кеңестер берілген:
24 сағат ішінде тоңазытуға болатын ең
көп тағам мөлшері техникалық ақпарат
тақтайшасында берілген;
мұздату үрдісі 24 сағатқа созылады. Осы
уақыт аралығында тоңазытылуға тиіс
ешбір қосымша тағамды қосып салуға
болмайды;
тек аса жоғары сапалы, жаңа және
мұқият тазаланған тағамдарды ғана
тоңазытыңыз;
тағамды жылдам әрі толықтай мұздатып,
қажетті кезде оның тек қажетті мөлшерін
ғана жібіту үшін кішкене бөлшектерге
бөліп дайындаңыз;
тағамды алюминий қағазға не
полиэтилен қалтаға орап, орамының ауа
өткізбейтіндігіне көз жеткізіп алыңыз;
жаңа, мұздамаған тағамды әлдеқашан
мұздаған тағамға, оның температурасы
көтеріле бастамас үшін тигізбеңіз;
майы аз тағамдар майлы тағамдарға
қарағанда жақсы әрі ұзақ сақталады; тұз
тағамның сақталу уақытын азайтады;
мұз текшелерін мұздатқыш камерадан
алған бетте тура пайдаланса, аяз теріні
қарып кетуі мүмкін;
Тағамдарды сақтау уақытының кестесін
жасау үшін, тағамның әрбір жеке
орамасына оның тоңазытылған ай-күнін
жазып қою ұсынылады;
5.6 Тоңазытылған тағамдарды
сақтауға қатысты ақыл-кеңес
Құрылғының барынша жақсы жұмыс істеуін
қамтамасыз ету үшін мына әрекеттерді
орындау керек:
сатушының мұздаған қалпы сатылатын
тағамдарды тиісті түрде мұздатқанына
көз жеткізіңіз;
мұздатылған тағамдарды дүкеннен
мұздатқышқа барынша аз уақыт ішінде
жеткізіңіз;
егер аса қажет болмаса есігін жиі
ашпаңыз немесе ұзақ уақыт ашып
қалдырмаңыз;
мұздап тұрған тағамды жібіткеннен кейін
сапасы дереу түсе бастайды және оны
қайта мұздатуға болмайды;
тағамды өндіруші көрсеткен
жарамдылық мерзімінен артық уақыт
сақтамаңыз.
6. КҮТУ МЕНЕН ТАЗАЛАУ
6.1 Ішін тазалау
Құрылғыны ең алғаш пайдаланбас бұрын,
жаңа бұйымға тән иісті арылту үшін оның
іші мен ішкі керек-жарақтарын сәл нейтрал
сабын салынған жылы сумен жуып, содан
соң мұқият құрғатыңыз.
Жуғыш зат не жеміргіш ұнтақтарды
пайдаланбаңыз, бұл құрылғының
сыртқы қабатына зиян келтіреді.
Сақтандыру туралы ескерту!
Жөндеу жұмысын жүргізбес бұрын
құрылғыны электр желісінен
ағытыңыз.
Бұл құрылғының салқындатқыш
құралында сутегілі көміртек бар;
сондықтан да, жөндеу жұмыстары
мен оны қайта толтыруды тек
уәкілетті маман ғана жүзеге
асыруға тиіс.
ҚАЗАҚ 11
6.2 Мезгілімен тазалап отыру
Құрылғыны мезгіл-мезгіл тазалап отыру
қажет:
іші мен керек-жарақтарын аздап нейтрал
сабын салынған жылы сумен тазалаңыз.
есік тығыздағышын мезгіл-мезгіл
тазалап, кір тұрып қалмас үшін сүртіп
алып отырыңыз.
шайып мұқият құрғатыңыз.
Құрылғы ішіндегі түтікшелер және/
не сымдардың ешқайсысын
тартпаңыз, жылжытып не
бүлдірмеңіз.
Құрылғының ішін тазалау үшін
жуғыш заттарды, жеміргіш ұнтақтар
мен аса хош иістендірілген
тазалағыш заттарды не балауыз
жылтыратқыштарды
пайдаланбаңыз, себебі бұндай
заттар құрылғының беткі қабатын
бүлдіріп, онда ерекше иіс
қалдырады.
Құрылғының артындағы конденсатор (қара
гриль) мен компрессорды шөтке не
шаңсорғышпен тазалаңыз. Бұлай істеу
құрылғы жұмысын жақсартып, электр
шығынын азайтады.
Салқындатқыш жүйеге еш нұқсан
келтірмеуге тырысыңыз.
Ас үй құрылғыларының бетін тазалауға
арналған көпшілік заттардың құрамында
осы құрылғы үшін пайдаланылған
пластиктерге зиянды әсер ететін
химикаттар бар. Сондықтан да осы
құрылғы корпусының сыртын, тек аздаған
жуғыш зат салынған жылы сумен тазалау
ұсынылады.
Тазалап болған соң құрылғыны электр
желісіне қайта қосыңыз.
6.3 Тоңазытқыш мұзын жібіту
Құрылғы қалыпты жұмыс істеп тұрса, қырау
тоңазытқыш камерадағы буландырғыштан,
мотор компрессоры тоқтаған сайын
автоматты түрде шығарылады. Еріген су
құрылғының артындағы, мотор
компрессорының үстіндегі арнайы
контейнерге су шығатын саңылау арқылы
жиналады да, осы жерде буға айналады.
Жиналған су ағып, тоңазытқыштағы
тағамға тамшыламас үшін тоңазытқыш
бөліктегі науаның ортасындағы еріген су
ағатын саңылауды мезгіл-мезгіл тазалап
тұрған маңызды.
6.4 Мұздатқыштың мұзын еріту
Мұздатқыш сөрелер мен үстіңгі камераның
айналасына белгілі бір мөлшерде ылғи
қырау жиналып тұрады.
Қырау қабатының қалыңдығы шамамен 3-5
мм жеткен кезде мұздатқышты жібітіңіз.
Жібітуге 12 сағат қалғанда,
құрылғы жұмысын тоқтатуға
жеткілікті суық қорын қалыптастыру
үшін температура түймешесін ең
жоғарғы параметрге қойыңыз.
12
www.electrolux.com
Қырауды кетіру үшін төмендегі
нұсқауларды орындаңыз:
1.
Құрылғыны сөндіріңіз.
2.
Ішінде тағам тұрса, оны алып, бірнеше
қабат газетке ораңыз да, салқын жерге
қойыңыз.
Сақтандыру туралы ескерту!
Мұздатылған заттарды дымқыл
қолмен ұстамаңыз. Қолдарыңыз
мұздатылған заттарға жабысып
қалуы мүмкін.
3.
Есікті ашық қалдырыңыз да, астына
еріген су жиналатын тегеш қойып,
пластик қырғышты түбінің ортаңғы
тұсындағы тиісті ойыққа сұғыңыз.
Жібіту үрдісін жылдамдату үшін
мұздатқыш бөліктің ортасына жылы
су құйылған стакан қойыңыз.
Сонымен қатар сындыруға болатын
мұзды ерімей тұрып алыңыз.
4.
Мұзы еріп болғаннан кейін құрылғының
ішін жақсылап құрғатыңыз да,
қырғышты кейін қолдану үшін сақтап
қойыңыз.
5.
Құрылғыны қосыңыз.
6.
Екі немесе үш сағаттан кейін алып
қойған тағамдарды қайта
тоңазытқышқа салыңыз.
Буландырғыштағы қырауды ешқашан өткір
металл қырғышпен қырмаңыз, оны бүлдіріп
алуыңыз мүмкін.
Мұзды жылдам еріту үшін өндіруші ұсынған
құралдардан өзге механикалық немесе
басқа жасанды заттарды ешқашан
қолданбаңыз.
Құрылғының мұзын еріту кезінде, оралып
мұздатылған тағамдардың
температурасының жоғарылауы олардың
қауіпсіз сақталу мерзімін қысқартуы мүмкін.
ҚАЗАҚ 13
7. АҚАУЛЫҚТЫ ТҮЗЕТУ
Сақтандыру туралы ескерту!
Ақаулықтың себептерін анықтамас
бұрын құрылғыны тоқтан ағытыңыз.
Осы нұсқаулықта көрсетілмеген
ақаулықтардың себебін тек электр
маманы немесе білікті адам ғана
анықтауға тиіс.
Құрылғы қалыпты жұмыс істеп
тұрған кезде біраз шуыл естіледі
(компрессор, салқындатқыш
сұйықтың айналуы).
Ақаулық Ықтимал себебі Шешімі
Құрылғыдан шуыл
шығады.
Құрылғы дұрыс орнықпаған. Құрылғының орнықты тұрған-
тұрмағанын тексеріңіз (төрт
аяғы да еденге тиіп тұруға
тиіс).
Компрессор үздіксіз
жұмыс істейді.
Температура тетігі дұрыс
орнатылмаған болуы мүмкін.
Жылырақ температураға
қойыңыз.
Есік дұрыс жабылмаған. "Есікті жабу" тарауын қараңыз.
Есік тым жиі ашылған. Есікті қажет кезде ғана
ашыңыз, ұзақ ашып қоймаңыз.
Тағамның температурасы
тым жоғары.
Тағамды сақтардың алдында
температурасын бөлме
температурасына дейін
азайтыңыз.
Бөлме температурасы тым
жоғары.
Бөлменің температурасын
азайтыңыз.
Су тоңазытқыштың
артқы тақтасына қарай
ағады.
Мұзды автоматты түрде еріту
барысында еріген су артқы
тақтаға ағады.
Бұл дұрыс.
Су тоңазытқыштың ішіне
ағады.
Су ағатын түтікше бітеліп
қалған.
Су ағатын түтікшені
тазалаңыз.
Тағамдар судың су жинағыш
науаға құйылуына кедергі
жасайды.
Тағамдарды артқы тақтаға
тигізбей орналастырыңыз.
Су жерге ағады. Еріген су ағатын түтікше
арқылы аққан су,
компрессордың үстіндегі
буландырғыш науаға
ақпайды.
Еріген су ағатын түтікшені
буландырғыш науаға
жалғаңыз.
Қырау, мұз тым көп
қатқан.
Тағамдар дұрыс оралмаған. Тағамдарды жақсылап
ораңыз.
Есік дұрыс жабылмаған. "Есікті жабу" тарауын қараңыз.
Температура тетігі дұрыс
орнатылмаған болуы мүмкін.
Жоғарырақ температураға
қойыңыз.
Құрылғының ішіндегі
температура тым төмен.
Температура тетігі дұрыс
орнатылмаған болуы мүмкін.
Жоғарырақ температураға
қойыңыз.
14
www.electrolux.com
Ақаулық Ықтимал себебі Шешімі
Құрылғының ішіндегі
температура тым
жоғары.
Температура тетігі дұрыс
орнатылмаған болуы мүмкін.
Төменірек температураға
қойыңыз.
Есік дұрыс жабылмаған. "Есікті жабу" тарауын қараңыз.
Тағамның температурасы
тым жоғары.
Тағамды сақтардың алдында
температурасын бөлме
температурасына дейін
азайтыңыз.
Бір мезгілде тым көп тағам
сақталған.
Бір мезгілде сақталатын тағам
мөлшерін азайтыңыз.
Тоңазытқыштың ішіндегі
температура тым
жоғары.
Құрылғының ішінде суық ауа
айналымы жоқ.
Құрылғы ішінде суық ауаның
айналуын қамтамасыз етіңіз.
Мұздатқыштың ішіндегі
температура тым
жоғары.
Тағамдар бір-біріне өте
жақын қойылған.
Тағамдарды суық ауа айнала
алатындай етіп сақтаңыз.
Құрылғы жұмыс істемей
тұр.
Құрылғы сөндірулі. Құрылғыны қосыңыз.
Қуат ашасы розеткаға дұрыс
сұғылмаған.
Ашаны розеткаға дұрыстап
сұғыңыз.
Құрылғыға электр қуаты
келмей тұр. Розеткада тоқ
жоқ.
Розеткаға басқа электр
құрылғысын қосып көріңіз.
Білікті электрші маманға
хабарласыңыз.
Шам жанбайды. Шам күту режимінде тұр. Есікті жауып, қайта ашыңыз.
Шамның ақауы бар. "Шамды ауыстыру" тарауын
қараңыз.
Жоғарыдағы тексерулерді орындағаннан
кейін де құрылғы дұрыс жұмыс істемесе,
қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
ҚАЗАҚ 15
7.1 Шамды ауыстыру
1
2
Құрылғы қолданыс мерзімі ұзақ LED ішкі
жарықтама шамымен жабдықталған.
1.
Құрылғыны ажыратыңыз.
2.
Шамның қақпағын ағыту үшін
жылжымалы бөлігін басыңыз (1).
3.
Шамның қақпағын алыңыз (2).
4.
Егер шамды ауыстыру қажет болса,
орнына сипаттамасы мен қуат мәні
ұқсас шам салыңыз. Osram PARATHOM
SPECIAL T26 0.8 Ватт шамын
пайдалануды ұсынамыз.
5.
Шамның қақпағын орнына қойыңыз.
6.
Құрылғыны іске қосыңыз.
7.
Есікті ашыңыз. Шамның жанатынына көз
жеткізіңіз.
7.2 Есікті жабыңыз
1.
Есік тығыздағыштарын тазалаңыз.
2.
Қажет болса, есікті реттеңіз. "Орнату"
тарауын қараңыз.
3.
Қажет болса, зақым келген
тығыздағыштарды өзгертіңіз. Қызмет
көрсету орталығына хабарласыңыз.
8. ОРНАТУ
Назарыңызда болсын!
Құрылғыны орнатпай тұрып
"Қауіпсіздік туралы ақпаратты" жеке
басыңыздың қауіпсіздігін
қамтамасыз ету үшін және
құрылғыны дұрыс пайдалану үшін
мұқият оқып шығыңыз.
8.1 Орналастыру
Бұл құрылғыны температурасы
құрылғының техникалық ақпараттар
тақтайшасында көрсетілген климат
санатына сай келетін жерге орналастыру
қажет:
Климат
санаты
Қоршаған орта температурасы
SN +10°C бастап + 32°C дейін
N +16°C бастап + 32°C дейін
ST +16°C бастап + 38°C дейін
T +16°C бастап + 43°C дейін
16
www.electrolux.com
8.2 Орналасуы
A
B
100 mm
min
20 mm
Құрылғыны радиаторлар, бойлерлер, тура
түскен күн жарығы сияқты жылу көздерінен
мүмкіндігінше алыс орнату қажет.
Құрылғының артқы жағында ауаның еркін
айналып тұруын қамтамасыз етіңіз.
Құрылғы жақсы жұмыс істеуі үшін, егер
құрылғы қабырғаға ілулі заттың астына
қойылса, құрылғының үсті мен қабырғаға
ілулі заттың арасында кем дегенде 100 мм
орын қалуға тиіс. Дегенмен, ең жақсысы,
құрылғыны қабырғаға ілінетін заттың
астына қоймаған дұрыс. Құрылғы
корпусының астындағы бір немесе бірнеше
аяғын реттеу арқылы оны бір деңгейлеп
орнатуға болады.
Назарыңызда болсын!
Құрылғыны электр желісінен
ағытатындай етіп орналастыру
керек; сондықтан оны орнатқаннан
кейін оның ашасы қол оңай жететін
жерде тұруға тиіс.
8.3 Артқы тығыздағыштар
2
4
3
1
Құжаттар салынған қалтадан екі
тығыздағышты таба аласыз.
Тығыздағыштарды орнату үшін мына
қадамдарды орындаңыз:
1.
Бұранданы босатыңыз.
2.
Тығыздағышты бұранданың астына
салыңыз.
3.
Тығыздағышты дұрыс жаққа бұраңыз.
4.
Бұрандаларды қатайтыңыз.
8.4 Деңгейін келтіру
Құрылғыны орналастырған кезде орнықты
болуын қадағалаңыз. Оны алдының төменгі
жағындағы реттемелі екі аяғының
көмегімен орнықты етуге болады.
ҚАЗАҚ 17
8.5 Электр желісіне жалғау
Электр желісіне қоспас бұрын техникалық
ақпарат тақтайшасында көрсетілген кернеу
мен жиіліктің үйдегі электр желісінің
қуатына сай келетіндігін тексеріп алыңыз.
Құрылғы жерге қосылуға тиіс. Осы мақсатта
қорек сымы контактпен қатар жеткізілген.
Егер үйдегі розетка жерге қосылмаған
болса, білікті электр маманынан ақыл-кеңес
ала отырып, құрылғыны қолданыстағы
ережелерге сай жерге жекелей қосыңыз.
Жоғарыда айтылып өткен ережелер
сақталмаса, өндіруші қандай да бір
жауапкершілікті өз мойнына алудан бас
тартады.
Бұл құрылғы E.E.C. ережелеріне сай
келеді.
8.6 Есіктің ашылатын жағын өзгерту
E
F
A
B
DC
Назарыңызда болсын!
Қандай да бір жұмысты іске
асырмас бұрын ашаны электр
розеткасынан суырыңыз.
Төмендегі әрекеттерді жүзеге
асыру үшін, құрылғының есіктерін
мықтап ұстап тұруға көмектесетін
тағы бір адамның болуын
ұсынамыз.
Есіктің ашылатын бағытын өзгерту үшін
мына қадамдарды жасаңыз:
Есіктерді ашыңыз. Ортаңғы топсаны (В)
ағытып алыңыз. Пластмасса аралық
шектегішті (А) алыңыз
Аралық шектегішті (F) алыңыз да, топса
өзегінің (E) екінші жағына ауыстырыңыз.
•Есіктерді алыңыз.
Ортаңғы топсаның (C, D) сол жақ қақпақ
істікшесін алыңыз да, екінші жағына
ауыстырыңыз.
Ортаңғы топсаның істікшесін (Е) астыңғы
есіктің сол жақ тесігіне салыңыз.
Үстіңгі топса білікшесін босатып алып,
қарама-қарсы жаққа бекітіңіз.
18
www.electrolux.com
A
C
B
Қақпақты құралмен алыңыз. (A).
Астыңғы топса өзегін (В) және аралық
шектегішті (С) бұрап алыңыз да, қарсы
жағына салыңыз.
Қақпақты (А) қарама-қарсы жаққа қайта
орнатыңыз.
A
A
C
C
B
B
Қақпақтарды (B) алыңыз. Қақпақтардың
білікшесін (A) алыңыз.
Тұтқаларын (С) алып, қарама-қарсы
жаққа орнатыңыз.
Қақпақтың білікшелерін (А) қарама-қарсы
жаққа қайта орнатыңыз.
Ең соңында төмендегілерді тексеріңіз:
Барлық бұрандалардың қатайтып
бұралғанын.
Магнитті тығыздауыштың қаптамаға
жабысқанын.
Есіктің дұрыс ашылып-жабылатынын.
Егер бөлме температурасы салқын болса
(мысалы, қыста), тығыздағыш қаптамаға
дұрыс келмеуі мүмкін. Мұндай жағдайда
тығыздағыш өздігінен дәл келгенше күтіңіз.
Егер жоғарыда аталған жұмысты
атқарғыңыз келмесе, жақын жерде
орналасқан қызмет көрсету орталығына
хабарласыңыз. Қызмет көрсету
орталығының маманы есіктің орнын
төлемақыға ауыстырып береді.
9. ШУЫЛ ТҮРЛЕРІ
Құрылғы қалыпты жұмыс істеп тұрған кезде
түрлі шуыл естіледі (компрессор,
салқындатқыш сұйықтықтың айналуы).
ҚАЗАҚ 19
BRRR!
HISSS!
CLICK!
BLUBB!
CRACK!
SSSRRR!
OK
CLICK!
CLICK!
BRRR!
BRRR!
BLUBB!
BLUBB!
20
www.electrolux.com
  • Page 1 1
  • Page 2 2
  • Page 3 3
  • Page 4 4
  • Page 5 5
  • Page 6 6
  • Page 7 7
  • Page 8 8
  • Page 9 9
  • Page 10 10
  • Page 11 11
  • Page 12 12
  • Page 13 13
  • Page 14 14
  • Page 15 15
  • Page 16 16
  • Page 17 17
  • Page 18 18
  • Page 19 19
  • Page 20 20
  • Page 21 21
  • Page 22 22
  • Page 23 23
  • Page 24 24
  • Page 25 25
  • Page 26 26
  • Page 27 27
  • Page 28 28
  • Page 29 29
  • Page 30 30
  • Page 31 31
  • Page 32 32
  • Page 33 33
  • Page 34 34
  • Page 35 35
  • Page 36 36
  • Page 37 37
  • Page 38 38
  • Page 39 39
  • Page 40 40
  • Page 41 41
  • Page 42 42
  • Page 43 43
  • Page 44 44
  • Page 45 45
  • Page 46 46
  • Page 47 47
  • Page 48 48
  • Page 49 49
  • Page 50 50
  • Page 51 51
  • Page 52 52
  • Page 53 53
  • Page 54 54
  • Page 55 55
  • Page 56 56
  • Page 57 57
  • Page 58 58
  • Page 59 59
  • Page 60 60
  • Page 61 61
  • Page 62 62
  • Page 63 63
  • Page 64 64
  • Page 65 65
  • Page 66 66
  • Page 67 67
  • Page 68 68

Electrolux EN3601AOX Руководство пользователя

Тип
Руководство пользователя

Задайте вопрос, и я найду ответ в документе

Поиск информации в документе стал проще с помощью ИИ