• Қызудың әсерінен пайда болатын
дилатацияға (табиғи және қауіпті
емес физикалық құбылыс)
байланысты құрылғының ішінде
кенет пайда болатын сырт-сырт
еткен дыбыс.
• Компрессор қосылғанда немесе
сөндірілгенде температураны
реттегіштен әлсіз дыбыс естілуі
мүмкін.
6.2 Қуатты үнемдеуге
арналған кеңестер
• Егер аса қажет болмаса есікті жиі
ашпаңыз немесе ұзақ уақыт ашып
қалдырмаңыз.
6.3 Жаңа тағамды тоңазытуға
қатысты ақыл-кеңес
• Жылы тағамды немесе буы
бұрқырап тұрған сұйықтарды
тоңазытқышқа қоймаңыз.
• Әсіресе иісі күшті шығатын
тағамдардың бетін жабыңыз
немесе орап қойыңыз.
• Тағамдарды ауа еркін айнала
алатын етіп орналастырыңыз.
6.4 Тоңазытуға қатысты ақыл-
кеңес
Пайдалы кеңес:
• Ет (барлық түрі) : жарамды
орауышқа орып, көкөніс
тартпасының үстіңгі жағындағы
шыны сөреге қойыңыз. Етті ең көбі
1-2 күн сақтаңыз.
• Піскен тағамдар, салқын тағамдар:
бетін жауып, кез келген сөреге
қойыңыз.
• Жемістер мен көкөністер: мұқият
тазалап, арнайы тартпаға салыңыз.
Банан, картоп, пияз және сарымсақ
оралмаған болса, тоңазытқышта
сақтамау керек.
• Сары май және ірімшік: ауа
өткізбейтін арнайы сауытқа салу
немесе ауаны мүмкіндігінше
кіргізбеу үшін алюминий таспаға
орау не полиэтилен қалтаға салу
керек.
• Шөлмектер: қақпақ жауып, есіктің
шөлмек сөресіне немесе шөлмек
сөресіне (бар болса) сақтау керек.
6.5 Мұздатуға қатысты ақыл
кеңес
• Жоғары сапалы, жаңа және мұқият
тазаланған тағамдарды ғана
мұздатыңыз.
• Тағамды барынша тиімді мұздату
және жібіту үшін шағын бөліктерге
бөліңіз.
• Тағамды алюминий жұқалтырға
немесе пластикке ораңыз.
Орамдардың ауа өткізбейтініне көз
жеткізіңіз.
• Мұздатылған тағамның
температурасының жоғарылауына
жол бермеу үшін оның қасына
мұздатылмаған жаңа тағамды
қоймаңыз.
• Майсыз тағамдар майлы тағамға
қарағанда ұзақ сақталады. Тұз
тағамды сақтау уақытын азайтады.
• Мұз текшелерін, мұздақтарды
немесе лолли тәрізді тағамдарды
мұздатқыштан алған бетте жемеңіз.
Қарып кетуі мүмкін.
• Тағамды сақтау уақытын есепке
алып отыру үшін, әр орамның
сыртына мұздатылған ай-күнін
жазып қою ұсынылады.
6.6 Мұздатылған тағамды
сақтау бойынша кеңес
• Ретейлер дүкендерде мұздаған
қалпы сатылатын тағамдарды тиісті
түрде мұздатқанына көз жеткізіңіз.
• Мұздатылған тағамдарды дүкеннен
мұздатқышқа барынша қысқа уақыт
ішінде жеткізіңіз.
• Тағамды жібіткеннен кейін сапасы
дереу түсе бастайды және оны
қайта мұздатуға болмайды.
• Тағамды өндіруші көрсеткен
жарамдылық мерзімінен артық
уақыт сақтамаңыз.
www.electrolux.com10