Electrolux EWM1042NDU Руководство пользователя

  • Здравствуйте! Я прочитал инструкцию по эксплуатации стиральной машины Electrolux EWM 1042 NDU и готов ответить на ваши вопросы. В руководстве подробно описаны все программы стирки, функции, а также даны советы по уходу и устранению неисправностей. Задавайте свои вопросы!
  • Как выбрать программу стирки для разных типов ткани?
    Что делать, если стиральная машина не запускается?
    Как использовать функцию отложенного старта?
    Как очистить фильтр сливного насоса?
EWM 1042 NDU
KK Кір жуғыш машина Қолдану туралы нұсқаулары 2
RU Стиральная машина Инструкция по эксплуатации 23
UK Пральна машина із сушкою Інструкція 44
МАЗМҰНЫ
1. САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 3
2. ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЛАРЫ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 4
3. БҰЙЫМ СИПАТТАМАСЫ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 6
4. БАСҚАРУ ПАНЕЛІ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 6
5. ЖУУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 7
6. ПАЙДАЛАНУ КӨЛЕМІ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 9
7. ФУНКЦИЯЛАР . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 9
8. БІРІНШІ ҚОЛДАНҒАНҒА ДЕЙІН . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 10
9. ӘРКҮНДІК ҚОЛДАНУ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 11
10. ПАЙДАЛЫ НҰСҚАУЛАР МЕНЕН КЕҢЕСТЕР . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 14
11. КҮТУ МЕНЕН ТАЗАЛАУ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 15
12. АҚАУЛЫҚТЫ ТҮЗЕТУ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 19
13. ТЕХНИКАЛЫҚ СИППАТАМА . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 21
СІЗ ОЙЫМЫЗДА БОЛДЫҢЫЗ
Electrolux құрылғысын сатып алғаныңызға рахмет. Сіз ондаған жылдар бойғы кәсіби тәжірибе мен
инновацияға сүйеніп жасалған құрылғыны таңдадыңыз. Тапқырлықтың туындысы болған, көз тартарлық
бұл құрылғыны жасау барысында сіз ойымызда болдыңыз. Сондықтан, қолданған сайын тамаша нәтижеге
қол жеткізе алатыныңызға сенімді болыңыз.
Electrolux әлеміне қош келдіңіз.
Біздің веб-сайтқа барып келесіні қараңыз:
Қолдануға қатысты кеңестер, кітапшалар, ақаулықты түзету, қызмет көрсету туралы ақпарат:
www.electrolux.com
Сізге барынша жақсы қызмет көрсету үшін өніміңізді мына жерге тіркеңіз:
www.RegisterElectrolux.com
Құрылғыңызға қажетті керек-жарақтарды, шығынды материалдарды және фирмалық қосалқы
бөлшектерді сатып алу үшін:
www.electrolux.com/shop
ТҰТЫНУШЫҒА КӨМЕК, ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
Фирмалық заттарды қолдануды ұсынамыз.
Қызмет көрсету орталығына хабарласқанда келесі деректердің дайын болуын қамтамасыз етіңіз.
Деректерді техникалық ақпарат тақтайшасынан табуға болады. Үлгісі, Өнім нөмірі, Сериялық нөмірі
Ескерту / Абайлаңыз - Қауіпсіздік туралы маңызды мағлұмат.
Жалпы мағлұматтар менен кеңестер
Қорғаған ортаға зиян келдірмей пайдалану туралы нұсқаулар
Өндіруші ескертусіз өзгеріс енгізу құқығына ие.
2
www.electrolux.com
1. САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ
Құрылғыны орнатып іске қолданар алдында бірге жеткізілген
нұсқауларды мұқият оқып шығыңыз. Құрылғыны дұрыс
орнатпау мен дұрыс пайдаланбау нәтижесінде адам жарақат
алса және ақаулық орын алса өндіруші жауапты емес.
Нұсқаулықты келешекте қарап жүру үшін үнемі сақтап қойыңыз.
1.1 Балалар мен дәрменсіз адамдардың қауіпсіздігі
Назарыңызда болсын!
Тұншығып қалу, жарақат алуы немесе мүгедек болып
қалу қаупі бар.
Бұл құрылғыны 8 жастан асқан балалар мен денесіне, сезім
жүйесіне не ақыл-есіне зақым келген адамдар не тәжірибесі
аз адамдар өз қауіпсіздіктерін қамтамасыз ететін адамның
қадағалауы немесе құрылғыны қауіпсіз қолдану бойынша
берген нұсқауына сүйеніп, дұрыс қолданбау салдарын
түсінсе қолдануына болады.
Балаларға құрылғымен ойнауға рұқсат бермеңіз.
Орам материалдарының барлығын балалардан алыс
ұстаңыз.
Жуғыш заттардың барлығын балалардан алыс ұстаңыз.
Құрылғының есігі ашық тұрғанда, балалар мен үй
жануарларын алыс ұстаңыз.
Құрылғы бала қауіпсіздігінің құралымен жабдықталса, оны
іске қосуды ұсынамыз.
Балалар тазалау және күтім көрсету жұмыстарын басқаның
бақылауынсыз орындамауға тиіс.
1.2 Қауіпсіздік туралы жалпы ақпарат
Құрылғыны жөндеу алдында электр желісінен ағытып,
ашасын розеткадан суырыңыз.
Бұл құрылғының техникалық сипаттамасын өзгертпеңіз.
Ең көп салмақ 4 кг көрсетілімін орындаңыз ("Бағдарлама
кестесі" тарауын қараңыз).
ҚАЗАҚ 3
Егер қуат көзі сымына зақым келген болса, қатерден сақтану
үшін оны өндіруші немесе оның техникалық қызмет
көрсетуші агенті немесе сол сияқты білікті маман
ауыстыруға тиіс.
Судың жұмыс кезіндегі қысымы (ең аз және ең көп) 0,5 бар
(0,05 МПа) және 8 бар (0,8 МПа) арасында болуға тиіс
Табанындағы желдеткіш саңылауларға (егер бар болса)
кілем кедергі жасамауға тиіс.
Құрылғыны жаңа түтіктер жинағын пайдаланып, су жүйесіне
қосу керек. Ескі түтіктерді қайта пайдалануға болмайды.
2.
ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЛАРЫ
2.1 Орнату
Орам материалдарының және тасымал
тетіктерінің барлығын алыңыз.
Тасымал тетіктерін сақтап қойыңыз.
Құрылғыны қайта көшірген кезде,
барабанды бұғаттап қою керек.
Бүлінген құрылғыны орнатпаңыз немесе
іске қоспаңыз.
Құрылғыны температурасы 0 °C градустан
төмен немесе ауа-райы әсер ететін
жерлерге орнатпаңыз немесе
пайдаланбаңыз.
Құрылғымен бірге берілген орнату
бойынша нұсқауларды орындаңыз.
Құрылғы орнатылатын еденнің тегіс,
орнықты, қызуға төзімді және таза болуын
қамтамасыз етіңіз.
Құрылғыны есігі толық ашылмайтын жерге
орнатпаңыз.
Құрылғыны жылжытқан кезде үнемі абай
болыңыз, себебі салмағы ауыр. Әрқашан
қорғаныс қолғабын киіңіз.
Құрылғы мен еден арасында ауаның
айналуын қамтамасыз етіңіз.
Құрылғы мен кілемнің арасында тиісті орын
болуын қамтамасыз ету үшін өзгермелі
тіректерін реттеңіз.
Электртоғына қосу
Назарыңызда болсын!
Өрт шығу және электр қатеріне
ұшырау қаупі бар.
Құрылғыны міндетті түрде жерге тұйықтау
қажет.
Техникалық ақпарат тақтайшасындағы
электр параметрлерінің электр желісіндегі
параметрлерге сай келетініне көз жеткізіңіз.
Сай келмесе, электршіге хабарласыңыз.
Әрқашан дұрыс орнатылған, қатерден
сақтандырылған розетканы қолданыңыз.
Көп тармақты адаптерлер мен ұзартқыш
сымдарды қолданбаңыз.
Құрылғының ашасына және сымына зақым
келтірмеңіз. Құрылғының қорек сымын
ауыстыру қажет болса, оны міндетті түрде
қызмет көрсету орталығы жүзеге асыруға
тиіс.
Құрылғының ашасын розеткаға тек
құрылғыны орнатып болғаннан кейін ғана
жалғаңыз. Орнатып болғаннан кейін
ашаның қол жететін жерде тұрғанына көз
жеткізіңіз.
Құрылғыны тоқтан ажырату үшін сымынан
тартпаңыз. Әрқашан ашасынан тартып
суырыңыз.
Қорек сымын немесе ашасын су қолмен
ұстамаңыз.
Бұл құрылғы E.E.C. ережелеріне сай келеді.
4
www.electrolux.com
Суға қосу
Су қосылымы түтіктеріне ешбір зақым
келтірмеңіз.
Құрылғыны жаңа түтіктер жинағын
пайдаланып, су жүйесіне қосу керек. Ескі
түтіктерді қайта пайдалануға болмайды.
Құрылғыны жаңа құбырларға немесе ұзақ
уақыт қолданылмаған құбырларға
жалғамай тұрып, суын тазарғанша
ағызыңыз.
Құрылғыны алғаш рет қолданған кезде еш
жерінен су ақпай тұрғанына көз жеткізіңіз.
2.2 Қолданылуы
Назарыңызда болсын!
Жарақат алу, электр қатері, күйіп
қалу және өрт қаупі, құрылғыны
бүлдіріп алу қаупі бар.
Бұл тұрмыста қолдануға арналған құрылғы.
Бұл құрылғының техникалық сипаттамасын
өзгертпеңіз.
Жуғыш заттың орамында көрсетілетін
нұсқауларды орындаңыз.
Тұтанғыш заттарды немесе ішіне тұтанғыш
зат салынған дымқыл заттарды
құрылғының ішіне, қасына немесе үстіне
қоймаңыз.
Бағдарлама жұмыс істеп тұрған кезде
есіктің шынысына қол тигізбеңіз. Шыны
ыстық болуы мүмкін.
Кірдегі темір заттардың барлығының
алынғанына көз жеткізіңіз.
Құрылғының астына ағып кетуі мүмкін суды
құю үшін сауыт қоймаңыз. Қолданылатын
керек-жарақтың түрін Қызмет көрсету
орталығына хабарласып біліңіз.
2.3 Күту менен тазалау
Назарыңызда болсын!
Жарақат алу немесе құрылғыны
бүлдіріп алу қаупі бар.
Құрылғыны жөндеу алдында электр
желісінен ағытып, ашасын розеткадан
суырыңыз.
Құрылғыны тазалау үшін сулы спрейді және
буды қолданбаңыз.
Құрылғыны дымқыл, жұмсақ шүберекпен
тазалаңыз. Тек бейтарап тазартқыш
заттарды қолданыңыз. Жеміргіш заттарды,
түрпілі жөкені, еріткіштерді немесе темір
заттарды пайдаланбаңыз.
2.4 Құрылғыны тастау
Назарыңызда болсын!
Жарақат алу немесе тұншығып қалу
қаупі бар.
Құрылғыны электр желісінен ажыратыңыз.
Қуат сымын кесіп алыңыз да, қоқысқа
тастаңыз.
Балалар мен жануарлар құрылғыға
қамалып қалмас үшін есіктің бекітпесін
алыңыз.
ҚАЗАҚ 5
3. БҰЙЫМ СИПАТТАМАСЫ
1 2 3
4
5
6
7
1
Жұмыс алаңы
2
Жуғыш зат үлестіргіші
3
Басқару панелі
4
Есіктің тұтқасы
5
Су төгетін сорғының сүзгісі
6
Техникалық ақпарат тақтайшасы
7
Құрылғы деңгейін реттеуге арналған
тірек
4. БАСҚАРУ ПАНЕЛІ
Температура
Отжим
Шелк
Хлопок
Шторы
Полоскание
Отжим
Слив
Одеяла
Джинсы
Синтетика
Тонкие ткани
Шерсть/
Ручная стирка
Быстро
Отсрочка
старта
Быстро
Доп.
полоскание
Предварит.
стирка
Старт/Пауза
1 2 3
89
6
5
7
4
1
Бағдарлама тетігі
2
Айналдыруды азайтатын сенсорлық
перне
(Отжим) және функция
индикаторлары:
Айналдырмау индикаторы
Шаюды кідірту индикаторы
3
Температура сенсорлық пернесі
(Температура)
4
Алдын ала жуу сенсорлық пенесі
(Предварит. стирка)
5
Кешіктіріп бастау сенсорлық пернесі
(Отсрочка старта)
6
Қосымша шаю сенсорлық пернесі
(Доп. полоскание)
7
Жылдам сенсорлық пернесі
(Быстро)
8
Бастау/Үзіліс сенсорлық пернесі
(Старт/Пауза)
9
Бағдарлама күйінің индикаторлары:
Есік құлыптаулы индикаторы
Аяқтау циклының индикаторы
Бала қауіпсіздігінің индикаторы
6
www.electrolux.com
5. ЖУУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ
Бағдарлама
Температура ауқымы
Кір салынымының және кірдің түрі
Макс. кір салынымы, Макс. айналдыру жылдамдығы
Хлопок
90° C - Суық
Ақ мақта мата және түрлі түсті мақта мата (қалыпты
және шамалы ластанған).
4 кг, 1000 мин/айн
Хлопок Eco
1)
60° C - 40° C
Ақ мақта мата және бояуы берік мақта мата. Қалыпты
кірленген.
4 кг, 1000 мин/айн
Синтетика
60° C - Суық
Синтетика немесе аралас матадан жасалған заттар.
Қалыпты кірленген.
2 кг, 1000 мин/айн
Тонкие ткани
40 °C- Суық
Акрил, вискоза, полиэстер тәрізді нәзік матадан
жасалған заттар. Қалыпты кірленген.
2 кг, 1000 мин/айн
Шерсть/Ручная стирка
40 °C – Суық
«Қолмен жуылады» деген белгісі бар, машинада
жуылатын, қолмен жуылатын жүн тоқыма заттар және
нәзік матадан жасалған заттар.
1.5 кг, 1000 мин/айн
Шелк
30 °C
Жібек мата және аралас синтетика заттарға арналған
арнайы бағдарлама.
1 кг, 800 мин/айн
Одеяла
60° C - 30° C
Бір синтетика төсек жапқыш, көрпе, төсек жабдығы
т.с.с. заттарды жууға арналған арнайы бағдарлама.
2 кг, 800 мин/айн
Полоскание
Суық
Кірді шаюға және айналдыруға арналған. Барлық
маталар.
4 кг, 1000 мин/айн
Слив
Барабандағы суды төгуге арналған. Барлық маталар.
4 кг
Отжим
Кірді айналдыруға арналған. Барлық маталар.
4 кг, 1000 мин/айн
Джинсы
60 °C – Суық
Джинс және джерсиден жасалған заттар. Және баран
түсті заттарға да арналған.
4 кг, 1000 мин/айн
Шторы
40 °C- Суық
Перделерге арналған арнайы бағдарама. Алдын ала
жуу циклы автоматты түрде қосылады.
2)
1 кг, 800 мин/айн
Освежить
30 °C
Синтетика және нәзік заттар. Шамалы кірлеген не
жаңартуды ғана қажет ететін кірлерге арналған.
2 кг, 800 мин/айн
ҚАЗАҚ 7
Бағдарлама
Температура ауқымы
Кір салынымының және кірдің түрі
Макс. кір салынымы, Макс. айналдыру жылдамдығы
Быстро
30 °C
Синтетика және аралас матадан жасалған заттар.
Шамалы кірлеген және жаңартуды қажет ететін заттар
үшін.
5 - 6 жейде.
800 мин/айн
1)
4 кг салмаққа арналған «Мақта мата, үнемді 60° бағдарламасы, қуат мәндері көрсетілген
тақтайшадағы ақпарат негізінде EEC 92/75 стандартына сай берілген бағдарлама.
2)
Алдын ала жуу циклына ешбір жуғыш зат пайдаланбаңыз.
Бағдарлама параметрлерінің сыйысымдылығы
Бағдарлама
1)
Eco
1)
Жылдам функциясын орнатқан кезде кірдің мөлшерін азайтуды ұсынамыз. Кірді толтыра салуға
болады, бірақ жуу нәтижесі қанағаттандырарлық болмайды. Ұсынылатын салыным: мақта мата: 2 кг,
синтетика және нәзік мата: 1 кг.
8
www.electrolux.com
6. ПАЙДАЛАНУ КӨЛЕМІ
Осы кестеде жалпылама орташа мәндер көрсетілген. Әр түрлі себептер деректердің
өзгеруіне әкелуі мүмкін: кірдің мөлшері мен түрі, судың және қоршаған ортаның
температурасы.
Бағдарламалар Салыным
(Кг)
Қуатты
тұтыну
(кВт)
Суды тұтыну
(литр)
Бағдарлама
ұзақтығы
(минут)
Хлопок 60 °C 4 0.59 34 125
Хлопок Eco 60 °C
1)
4 0.66 46 183
Хлопок 40 °C 4 0.55 38 117
Синтетика 40 °C 2 0.39 41 64
Тонкие ткани 40 °C 2 0.45 51 47
Шерсть/Ручная стирка
30 °C
1.5 0.40 61 40
1)
4 кг салмаққа арналған «Мақта мата, үнемді 60°» бағдарламасы, қуат мәндері көрсетілген
тақтайшадағы ақпарат негізінде EEC 92/75 стандартына сай берілген бағдарлама.
Сөндіру режимі (Вт) Қосулы режим (Вт)
0.48 0.48
Жоғарыда көрсетілген кестедегі ақпарат ЕО Комиссиясының 1015/2010 стандартына
2009/125/EC сай берілген.
7. ФУНКЦИЯЛАР
7.1 Температура
Әдепкі температураны өзгерту үшін осы
параметрді орнатыңыз.
индикаторы = суық су.
Орнатылған температураның индикаторы
жанады.
7.2 Айналдыру
Осы функцияның көмегімен әдепкі айналдыру
жылдамдығын өзгертуге болады.
Орнатылған жылдамдықтың индикаторы
жанады.
Қосымша айналдыру параметрлері:
Айналдырмау
Барлық айналдыру циклдарын болдырмау
үшін осы функцияны орнатыңыз. Су төгу
циклы ғана жұмыс істейді.
Тиісті индикатор жанады.
Бұл функцияны өте нәзік маталар үшін
орнатыңыз.
Кей жуу бағдарламаларында шаю циклы
көп су пайдаланады.
Шаюды кідірту
Кірлер мыжылып қалмас үшін осы
параметрді орнатыңыз.
Тиісті индикатор жанады.
Бағдарлама аяқталған кезде барабан
ішінде су қалады.
Кір мыжылып қалмас үшін барабан мезгіл-
мезгіл айналып тұрады.
Есік құлыпталып тұрады.
Есікті ашу үшін суды төгу керек.
Суды төгу үшін "Бағдарламаның
соңы" тарауын қараңыз.
ҚАЗАҚ 9
7.3 Алдын ала жуу
Осы параметрдің көмегімен жуу
бағдарламасына алдын ала жуу циклын
қосуға болады.
Осы параметрді қатты кірлеген кірді жуу үшін
пайдаланыңыз.
Осы параметрді орнатқан кезде
бағдарламаның уақыты ұзарады.
Тиісті индикатор жанады.
7.4 Кешіктіріп бастау
Осы параметрдің көмегімен бағдарламаны 9,
6 немесе 3 сағатқа дейін кешіктіріп бастауға
болады.
Параметрдің индикаторы және орнатылған
мәннің индикаторы жанады.
7.5 Қосымша шаю
Осы параметрдің көмегімен жуу
бағдарламасына бірнеше шаю циклын қосуға
болады.
Бұл функцияны жуғыш заттарға аллергиясы
бар адамдар үшін және суы тым тұщы
жерлерде қолданыңыз.
Тиісті индикатор жанады.
7.6 Жылдам
Осы функция арқылы бағдарламаның
уақытын азайтуға болады.
Осы параметрді шамалы кірлеген немесе
жаңартуды қажет ететін кірлерді жуу үшін
қолданыңыз.
Тиісті индикатор жанады.
7.7 Бала қауіпсіздігінің құралы
Осы функцияның көмегімен балалар басқару
панелімен ойнауға жол бермейсіз.
•Осы функцияны іске қосу/сөндіру үшін
және түймешіктерін бір уақытта
индикаторы жанғанша/сөнгенше басыңыз.
Мына параметрді қосуға болады:
түймешігін басқаннан кейін функциялар
мен бағдарлама тетігі бұғатталады.
түймешігін баспайынша: құрылғы іске
қосылмайды.
7.8 Тұрақты қосымша шаю
Осы функцияның көмегімен жаңа бағдарлама
орнатқан кезде қосымша шаю циклі тұрақты
орнатылып тұрады.
•Осы функцияны іске қосу/ажырату үшін
және түймешіктерін индикаторы
жанғанша/сөнгенше қатар басыңыз.
7.9 Дыбыстық сигналдар
Дыбыстық сигналдар мына жағдайларда
қосылады:
Бағдарлама аяқталғанда.
Құрылғыда ақау бар кезде.
Дыбыстық сигналдарды сөндіру/қосу үшін
және түймешіктерін 6 секунд қатар
басыңыз.
Егер дыбыстық сигналдарды
сөндірсеңіз, олар құрылғыда ақау
пайда болған кезде қосыла қосыла
береді.
8. БІРІНШІ ҚОЛДАНҒАНҒА ДЕЙІН
1.
Жуу циклының жуғыш затына арналған
бөлікке 2 литр су құйыңыз. Бұл су төгу
жүйесін іске қосады.
2.
Жуу циклына арналған бөлікке шамалы
жуғыш зат салыңыз.
3.
Мақта матаға арналған бағдарламаны
орнатып, ең жоғары температураға қойып
ешбір кір салмай жуыңыз. Бұл цикл
барабан мен машинаның ішінде бар
болуы мүмкін кірлердің барлығын
кетіреді.
10
www.electrolux.com
9. ӘРКҮНДІК ҚОЛДАНУ
Су құятын шүмекті ашыңыз. Ашаны розеткаға қосыңыз.
9.1 Кірді салу
1.
Құрылғы есігін ашыңыз.
2.
Кірді барабанға бір-бірден салыңыз.
Кірлерді құрылғыға салар алдында
сілкілеңіз. Барабанға тым көп кір
салынбағанына көз жеткізіңіз.
3.
Есікті жабыңыз.
Сақтандыру туралы ескерту!
Тығыздағыш пен есіктің арасына
ешбір кір қыстырылып қалмағанына
көз жеткізіңіз. Су ағуы немесе кірге
нұқсан келуі мүмкін.
9.2 Жуғыш зат пен үстемелерді пайдалану
2
1
Жуғыш зат пен мата жұмсартқышты өлшеп
алыңыз.
Жуғыш зат үлестіргішті абайлап жабыңыз.
1
Алдын ала жуу циклына арналған жуғыш зат бөлігі.
2
Жуу циклына арналған жуғыш зат бөлігі.
Сұйық үстемелерге арналған бөлік (мата жұмсартқыш, крахмал).
ҚАЗАҚ 11
Сұйық немесе ұнтақ жуғыш зат
1. 2.
A
3.
B
4.
A қалпы ұнтақ жуғыш затқа арналған (зауыттық бапталым).
B - сұйық жуғыш затқа арналған.
Сұйық жуғыш затты пайдаланған кезде:
Қоймалжың немесе қою сұйық жуғыш заттарды қолданбаңыз.
Сұйық жуғыш затты ең жоғары деңгейден асырып салмаңыз.
Алдын ала жуу циклын орнатпаңыз.
Кешіктіріп бастау параметрін орнатпаңыз.
9.3 Бағдарламаны орнату
1.
Бағдарлама тетігін бұрап, жуу
бағдарламасын орнатыңыз.
индикаторы жыпылықтайды.
2.
Қажет болса, температура мен
айналдыру жылдамдығын өзгертіңіз
немесе қолжетімді параметрлерді
қосыңыз. Параметрді қосқан кезде
орнатылған параметрдің индикаторы
жанады.
Егер дұрыс параметр орнатылмай
қалса,
индикаторы қызыл түспен
жыпылықтайды.
9.4 Кешіктіріп бастау функциясы
жоқ бағдарламаны бастау
түймешігін басыңыз:
индикаторы жыпылықтауын тоқтатып,
жанған қалпы тұрады.
Бағдарлама басталады, есік құлыпталады
және
индикаторы қосылады
Құрылғыға су құйылған кезде су төгетін
сорғы шамалы уақыт жұмыс істейді.
12
www.electrolux.com
9.5 Кешіктіріп бастау функциясы
бар бағдарламаны бастау
түймешігін басып қажетті кешіктіріп
бастау уақытын орнатыңыз. Орнатылған
кешіктіріп бастау уақытының индикаторы
жанады.
индикаторы жанады.
түймешігін басыңыз:
Құрылғы кері санай бастайды.
Кері санақ аяқталған кезде, бағдарлама
автоматты түрде басталады.
Орнатылған кері санақ мәнін
түймешігін баспай тұрып
болдырмауға немесе өзгертуге
болады.
Кешіктіріп бастау функциясын болдырмау
үшін:
1.
Құрылғыны кідірту үшін түймешігін
басыңыз.
2.
түймешігін орнатылған кешіктіріп
бастау уақыты сөнгенше басыңыз.
Бағдарламаны дереу бастау үшін
түймешігін қайта басыңыз.
9.6 Бағдарламаны кідірту және
параметрлерді өзгерту
Кей функцияларды ғана басталмай тұрып
өзгертуге болады.
1.
түймешігін басыңыз. Индикатор
жыпылықтайды.
2.
Параметрді өзгертіңіз.
3.
түймешігін қайта басыңыз.
Бағдарлама жалғасады.
9.7 Бағдарламаны болдырмау
1.
Бағдарламаны біржола тоқтату және
құрылғыны сөндіру үшін бағдарлама
тетігін
қалпына бұраңыз.
2.
Құрылғыны іске қосу үшін бағдарлама
тетігін қайта бұраңыз. Енді жаңа жуу
бағдарламасын орнатуға болады.
Құрылғыдан су ақпайды.
9.8 Есікті ашу
Бағдарлама немесе кешіктіріп бастау жұмыс
істеп тұрғанда, құрылғының есігі бекітіліп,
индикаторы көрсетіліп тұрады.
Сақтандыру туралы ескерту!
Егер барабанның ішіндегі судың
деңгейі мен температурасы өте
жоғары болса, есікті аша алмайсыз.
Кешіктіріп бастау жұмыс істеп тұрғанда
құрылғыны ашу:
1.
Құрылғыны кідірту үшін түймешігін
басыңыз.
2.
Есік бұғаттаулы индикаторы
сөнгенше күтіңіз.
3.
Есікті ашуға болады.
4.
Есікті жауып түймешігін қайта
басыңыз. Кешіктіріп бастау функциясы
жалғасады.
Бағдарлама жұмыс істеп тұрғанда құрылғы
есігін ашу:
1.
Құрылғыны сөндіру үшін бағдарлама
тетігін
қалпына бұраңыз.
2.
Бірнеше минут күте тұрыңыз да, содан
кейін құрылғының есігін ашыңыз.
3.
Құрылғы есігін жабыңыз.
4.
Бағдарламаны қайта орнатыңыз.
9.9 Бағдарламаның соңы
Құрылғы автоматты түрде тоқтайды.
Дыбыстық сигналдар естіледі (егер қосулы
тұрса).
индикаторы сөнеді.
Есік құлпының
индикаторы сөнеді.
индикаторы жанады.
•Есікті ашуға болады.
Құрылғыдан кірді алыңыз. Барабанның бос
екеніне көз жеткізіңіз.
Зең және иіс пайда болмас үшін есікті сәл
ашып қойыңыз.
Судың шүмегін жабыңыз.
Құрылғыны сөндіру үшін бағдарлама тетігін
қалпына бұраңыз.
Жуу бағдарламасы аяқталды, бірақ
барабанда су тұр:
Кір мыжылып қалмас үшін барабан мезгіл-
мезгіл айналып тұрады.
Есік бұғаттаулы
индикаторы жанып
тұр.
индикаторы жыпылықтайды. Есік
құлыпталып тұрады.
Есікті ашу үшін суды төгу керек.
ҚАЗАҚ 13
Суды төгу үшін:
1.
Қажет болса, айналдыру
жылдамдығын азайтыңыз. Егер
параметрін орнатсаңыз, құрылғы тек
суды ғана төгеді.
2.
түймешігін басыңыз. Құрылғы суды
төгеді де, айналдыру кезеңін
орындайды.
3.
Бағдарлама аяқталып, есік бұғаттаулы
индикаторы
көрінбей кеткенде
есікті ашуға болады.
4.
Құрылғыны сөндіру үшін бағдарлама
тетігін
қалпына бұраңыз.
Құрылғы шамамен 18 сағаттан кейін
суды автоматты түрде төгеді және
айналдырады (Жүн мата
бағдарламаларынан басқа
бағдарламаларда).
9.10 Күту режимі
Жуу бағдарламасы аяқталғаннан кейін
бірнеше минуттан кейін құрылғыны
сөндірмесеңіз, қуатты үнемдеу режимі
қосылады.
Қуатты үнемдеу режимі құрылғы күту
режимінде тұрған кезде пайдаланылатын қуат
мөлшерін азайтуға көмектеседі.
Барлық индикаторлар сөнеді.
индикаторы баяу жыпылықтайды
Қуатты үнемдеу режимін ажырату үшін
параметрлердің бірін басыңыз.
10. ПАЙДАЛЫ НҰСҚАУЛАР МЕНЕН КЕҢЕСТЕР
10.1 Кір салу
Кірді былай сұрыптаңыз: ақ, түрлі-түсті,
синтетика, нәзік және жүн мата.
Кірдің затбелгісіндегі жуу нұсқауларын
орындаңыз.
Ақ және түрлі-түсті заттарды бірге
жумаңыз.
Кейбір түрлі-түсті заттарды алғаш жуғанда
бояуы шығуы мүмкін. Оларды алғаш
жуғанда бөлек жууға кеңес береміз.
Жастық қаптарының түймесін салып,
тартпаларды тартып жауып, ілгектер мен
батырма түймешіктерді салыңыз.
Белбеулерді байлаңыз.
Қалталарды босатып, оралған заттарды
ашыңыз.
Көп қабатты матадан жасалған, жүн
матадан жасалған немесе сурет салынған
киімдердің астарын сыртына аударыңыз.
Қатты дақтарды кетіріңіз.
Өте кір дақтарды арнайы жуғыш затпен
жуыңыз.
Перделерді абайлап жуыңыз. Ілгектерін
алыңыз немесе перделерді кір жуатын
торға немесе жастықтың тысына салыңыз.
Құрылғыны келесі заттарды жуу үшін
пайдаланбаңыз:
Жиегі көмкерілмеген немесе жыртығы
бар заттарды жумаңыз
Сым өткізілген төс тартқыштарды.
Ұсақ заттарды кір жуатын торға салып
жуыңыз.
Кір өте аз салынса, айналдыру циклі
кезінде теңгерімді сақтауға қатысты мәселе
орын алуы мүмкін. Бұндай жағдай орын
алса, барабандағы кірді қолмен таратып,
қайта айналдыра бастаңыз.
10.2 Оңай кетпейтін дақтар
Кейбір дақтарды кетіру үшін су мен жуғыш зат
жеткіліксіз болады.
Бұндай дақтарды кірді құрылғыға салмай
тұрып тазалауды ұсынамыз.
Дақ кетіретін арнайы құралдар болады. Дақ
пен матаның түріне сай келетін арнайы дақ
кетіргішті қолданыңыз.
10.3 Жуғыш заттар мен үстемелер
Кір жуғыш машиналарға арналған жуғыш
заттар мен үстемелерді ғана қолданыңыз.
Әр түрлі жуғыш заттарды араластырмаңыз.
Қоршаған ортаға зиян келтірмеу үшін
жуғыш затты қажетті мөлшерден артық
пайдаланбаңыз.
14
www.electrolux.com
Осы заттардың орамында көрсетілетін
нұсқауларды орындаңыз.
Матаның түріне және түсіне,
бағдарламаның температурасы мен кірдің
деңгейіне сай келетін құралдарды
қолданыңыз.
Егер құрылғының жуғыш зат үлестіргішінде
мөлшерлегіш құрал болмаса, мөлшерлегіш
шарикті қолданыңыз.
10.4 Қоршаған ортаға қатысты
ескерім
Қалыпты кірлеген кірді алдын ала жуу циклі
жоқ бағдарламаны қолданып жуыңыз.
Жуу бағдарламасын кірді әрқашан
неғұрлым көп салғаннан кейін бастаңыз.
Төмен температурада жуатын
бағдарламаны таңдаған кезде, қажет болса
дақ кетіргішті қолданыңыз.
Жуғыш затты дұрыс мөлшерде қолдану
үшін, жергілікті су жүйесіндегі судың
кермектігін тексеріңіз
10.5 Судың кермектігі
Сіз тұратын жердегі су өте кермек немесе
орташа кермек болса, кір жуғыш машинада су
жұмсартқышты қолдануды ұсынамыз. Суы
тұщы жерлерде су жұмсартқышты қолдану
қажет емес.
Жергілікті жердегі судың кермектігін білу үшін
су жүйесін басқару мекемесіне хабарласыңыз.
Су жұмсартқышты дұрыс мөлшерлеп
пайдаланыңыз. Бұйымның орамында
көрсетілетін нұсқауларды орындаңыз.
11. КҮТУ МЕНЕН ТАЗАЛАУ
Назарыңызда болсын!
Күтім көрсету алдында құрылғыны электр
желісінен ажыратыңыз.
11.1 Сыртын тазалау
Құрылғыны сабын мен жылы суды ғана
қолданып тазалаңыз. Барлық беттерін әбден
құрғатыңыз.
Сақтандыру туралы ескерту!
Спирт, еріткіш немесе химиялық
заттарды қолданбаңыз.
11.2 Тазалап жуу
Төмен температура бағдарламаларын
қолданғанда барабанда шамалы жуғыш зат
қалып қоюы мүмкін. Құрылғыға күтім көрсету
үшін уақытылы жуыңыз. Ол үшін:
Барабаннан кірді алыңыз.
Мақта мата жууға арналған бағдарламаны,
шамалы жуғыш зат салып ең жоғары
температураға қойып орнатыңыз.
11.3 Есік тығыздағышы
Тығыздағышты мезгіл-мезгіл тексеріп, ішіндегі
заттардың барлығын алыңыз.
ҚАЗАҚ 15
11.4 Жуғыш зат үлестіргішін тазалау
1. 2.
3. 4.
5. 6.
16
www.electrolux.com
11.5 Клапан сүзгісін тазалау
1. 2.
3.
4.
11.6 Су төгетін түтіктегі сүзгіні
тазалау
Назарыңызда болсын!
Құрылғыдағы су ыстық болса су төгу
жүйесіндегі сүзгіні тазаламаңыз.
1.
2.
ҚАЗАҚ 17
3. 4.
5.
1
2
6.
7. 8.
9.
1
2
10.
18
www.electrolux.com
11.7 Суды тосын жағдайда төгу
Ақаулыққа байланысты құрылғы суды төге
алмайды.
Бұндай жағдай орын алса, "Су төгу сүзгісін
тазалау" тарауындағы (1) бастап (10) дейінгі
қадамдарды орындаңыз.
Қажет болса, сорғыны тазалаңыз.
Суды төтенше жағдайда төгетін тәсілмен
төккеннен кейін, су төгетін жүйені қайта іске
қосу керек:
1.
Жуғыш зат үлестіргіштің негізгі жуу
циклына арналған бөлігіне 2 литр су
құйыңыз.
2.
Суды төге бастау үшін бағдарламаны
бастаңыз.
11.8 Мұз қатуға қарсы сақтық
шаралары
Құрылғы температурасы 0° градустан төмен
түсетін жерге орнатылса, су құятын түтіктегі
және су төгетін сорғыдағы қалдық суды
төгіңіз.
1.
Ашаны розеткадан суырып алыңыз.
2.
Судың шүмегін жабыңыз.
3.
Су құятын түтікті алыңыз.
4.
Су құятын түтіктің екі ұшын ыдысқа
салып, түтіктегі суды ағызыңыз.
5.
Су төгетін сорғыны босатыңыз. Суды
төтенше жағдайда төгу қадамдарын
қараңыз.
6.
Су төгетін сорғы босаған кезде, су құятын
түтікті қайта орнына қойыңыз.
Назарыңызда болсын!
Құрылғыны қайта іске қолданар
алдында температураның 0 °C
градустан жоғары екеніне көз
жеткізіңіз.
Төмен температураға байланысты
орын алған ақауларға өндіруші
жауапкершілік көтермейді.
12. АҚАУЛЫҚТЫ ТҮЗЕТУ
Құрылғы жұмыс істей бастамайды немесе
жұмыс істеп тұрып тоқтап қалады.
Алдымен ақаулықты түзету жолын іздеңіз
(кестеге қараңыз). Болмаса, Қызмет көрсету
орталығына хабарласыңыз.
Кей ақаулық орын алғанда дыбыстық сигнал
естіледі. Ескерту кодын көрсету үшін қызыл
индикатор
жыпылықтайды да,
индикаторлардың бірі жанады:
- Құрылғыға су дұрыс құйылмай тұр.
- Құрылғының суы төгілмей тұр.
- Құрылғының есігі ашық немесе
дұрыс жабылмаған. Есікті тексеріңіз!
Назарыңызда болсын!
Тексеріп көру алдында құрылғыны
тоқтан ажыратыңыз.
Ақаулық Ықтимал шешімі
Бағдарлама басталмай
тұр.
Ашаның розеткаға қосылғанына көз жеткізіңіз.
Құрылғы есігінің жабық тұрғанына көз жеткізіңіз.
Сақтандырғыш қорабындағы сақтандырғышқа зақым
келмегеніне көз жеткізіңіз.
Бастау/Үзіліс түймешігінің басылғанына көз жеткізіңіз.
Егер кешіктіріп бастау функциясы орнатылып тұрса, оны
ажыратыңыз не кері санақ аяқталғанша күтіңіз.
Егер Бала қауіпсіздігінің құралы қосулы тұрса, оны
ажыратыңыз.
Құрылғыға су құйылмай
тұр.
Су шүмегінің ашық тұрғанына көз жеткізіңіз.
ҚАЗАҚ 19
Ақаулық Ықтимал шешімі
Сумен жабдықтау жүйесіндегі судың қысымының өте төмен
емес екеніне көз жеткізіңіз. Бұл ақпаратты жергілікті су
ресурстары мекемесіне хабарласып алыңыз.
Су шүмегінің бітеліп қалмағанына көз жеткізіңіз.
Су құятын түтіктің сүзгісі мен клапанның сүзгілерінің бітеліп
қалмағанына көз жеткізіңіз. "Күту менен тазалау" тарауын
қараңыз.
Су құятын түтіктің бұратылып немесе майысып қалмағанына
көз жеткізіңіз.
Су құятын түтіктің дұрыс орнатылғанына көз жеткізіңіз.
Құрылғыдан су ақпайды. Раковина түтікшесінің бітеліп қалмағанына көз жеткізіңіз.
Су төгетін түтіктің бұратылып немесе майысып қалмағанына
көз жеткізіңіз.
Су төгетін түтік сүзгісінің бітеліп қалмағанына көз жеткізіңіз.
Қажет болса сүзгіні тазалаңыз. "Күту менен тазалау" тарауын
қараңыз.
Су төгетін түтіктің дұрыс қосылғанына көз жеткізіңіз.
Егер су төгетін циклы жоқ бағдарлама орнатылып тұрса, су
төгу бағдарламасын орнатыңыз.
Аяқталғанда барабан ішінде су қалатын функцияны
таңдасаңыз, су төгу бағдарламасын орнатыңыз.
Айналдыру циклы жұмыс
істемейді немесе жуу
циклы әдеттегіден
ұзаққа созылады.
Айналдыру бағдарламасын орнатыңыз.
Су төгетін түтік сүзгісінің бітеліп қалмағанына көз жеткізіңіз.
Қажет болса сүзгіні тазалаңыз. "Күту менен тазалау" тарауын
қараңыз.
Бұндай жағдай орын алса, барабандағы кірді қолмен таратып,
айналдыру циклін қайта бастаңыз. Бұл мәселе теңгерімге
байланысты орын алуы мүмкін.
Еденге су аққан. Су түтіктерінің жалғастырғыштарының берік екеніне және су
ағып тұрмағанына көз жеткізіңіз.
Су төгетін түтіктің еш жерінің бүлінбегеніне көз жеткізіңіз.
Дұрыс жуғыш заттың дұрыс мөлшерде пайдаланылғанына көз
жеткізіңіз.
Құрылғының есігін аша
алмадыңыз.
Жуу бағдарламасының аяқталғанына көз жеткізіңіз.
Барабанның ішінде су бар болса, су төгу немесе айналдыру
бағдарламасын орнатыңыз.
Құрылғыдан тосын шуыл
шығады.
Құрылғы деңгейінің дұрыс реттелгеніне көз жеткізіңіз. "Орнату
бойынша нұсқаулық" тарауын қараңыз.
20
www.electrolux.com
/