Electrolux EHF56547XK Руководство пользователя

Тип
Руководство пользователя
EHF56547XK
KK Пісіру алаңы Қолдану туралы нұсқаулары 2
RU Варочная панель Инструкция по эксплуатации 20
МАЗМҰНЫ
1. ҚАУІПСІЗДІК АҚПАРАТЫ................................................................................. 3
2. ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЛАРЫ............................................................................ 4
3. БҰЙЫМ СИПАТТАМАСЫ................................................................................. 7
4. ӘРКҮНДІК ҚОЛДАНУ........................................................................................9
5. АҚЫЛ-КЕҢЕС.................................................................................................. 12
6. КҮТУ МЕНЕН ТАЗАЛАУ................................................................................. 13
7. АҚАУЛЫҚТЫ ТҮЗЕТУ.....................................................................................13
8. ОРНАТУ........................................................................................................... 15
9. ТЕХНИКАЛЫҚ АҚПАРАТ................................................................................17
10. ҚУАТ ТИІМДІЛІГІ........................................................................................... 18
СІЗ ОЙЫМЫЗДА БОЛДЫҢЫЗ
Electrolux құрылғысын сатып алғаныңызға рахмет. Сіз ондаған жылдар
бойғы кәсіби тәжірибе мен инновацияға сүйеніп жасалған құрылғыны
таңдадыңыз. Тапқырлықтың туындысы болған, көз тартарлық бұл құрылғыны
жасау барысында сіз ойымызда болдыңыз. Сондықтан, қолданған сайын
тамаша нәтижеге қол жеткізе алатыныңызға сенімді болыңыз.
Electrolux әлеміне қош келдіңіз.
Біздің веб-сайтқа барып келесіні қараңыз:
Қолдануға қатысты кеңестер, кітапшалар, ақаулықты түзету, қызмет
көрсету туралы ақпарат:
www.electrolux.com/webselfservice
Сізге барынша жақсы қызмет көрсету үшін өніміңізді мына жерге тіркеңіз:
www.registerelectrolux.com
Құрылғыңызға қажетті керек-жарақтарды, шығынды материалдарды және
фирмалық қосалқы бөлшектерді сатып алу үшін:
www.electrolux.com/shop
ТҰТЫНУШЫҒА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
Фирмалық заттарды қолдануды ұсынамыз.
Қызмет көрсету орталығына хабарласқанда келесі деректердің дайын
болуын қамтамасыз етіңіз. Үлгісі, Өнім нөмірі, Сериялық нөмірі.
Деректерді техникалық ақпарат тақтайшасынан алуға болады.
Ескерту / Қауіп-қатерден сақтандыру ақпараты
Жалпы ақпарат және ақыл-кеңес
Қоршаған ортаға қатысты ақпарат
Өндіруші ескертусіз өзгеріс енгізу құқығына ие.
www.electrolux.com2
1. ҚАУІПСІЗДІК АҚПАРАТЫ
Құрылғыны орнатып іске қолданар алдында бірге
жеткізілген нұсқауларды мұқият оқып шығыңыз.
Құрылғыны дұрыс орнатпау мен дұрыс пайдаланбау
нәтижесінде адам жарақат алса және ақаулық орын
алса өндіруші жауапты емес. Нұсқаулықты
келешекте қарап жүру үшін үнемі сақтап қойыңыз.
1.1 Балалар мен дәрменсіз адамдардың
қауіпсіздігі
Бұл құрылғыны 8 жастан асқан балалар мен
денесіне, сезім жүйесіне не ақыл-есіне зақым
келген адамдар не тәжірибесі аз адамдар өз
қауіпсіздіктерін қамтамасыз ететін адамның
қадағалауы немесе құрылғыны қауіпсіз қолдану
бойынша берген нұсқауына сүйеніп, дұрыс
қолданбау салдарын түсінсе қолдануына болады.
Балаларға құрылғымен ойнауға рұқсат бермеңіз.
Орам материалдарының барлығын балалардан
алыс ұстаңыз.
Құрылғы жұмыс істеп тұрғанда немесе ол суып
тұрғанда, балалар мен үй жануарларын оған
жақындатпаңыз. Қол жететін бөлшектері ыстық.
Құрылғы бала қауіпсіздігінің құралымен
жабдықталса, оны іске қосуды ұсынамыз.
Балалар тазалау және күтім көрсету жұмыстарын
басқаның бақылауынсыз орындамауға тиіс.
3 жасқа толмаған балаларды үнемі қарап
отырмаған жағдайда құрылғыдан алыс ұстау керек.
1.2 Қауіпсіздік туралы жалпы ақпарат
Құрылғы мен оның қол жететін жердегі бөлшектері
қолдану барысында ысып тұрады. Қыздырғыш
элементтерге қол тигізбеңіз.
Құрылғыны сыртқы таймермен немесе бөлек
қашықтан басқару жүйесімен басқармаңыз.
ҚАЗАҚ 3
Май немесе өсімдік майы қосылған тағамды пештің
үстіне қараусыз қалдыру қауіпті және өрт шығуы
мүмкін.
Өртті ешқашан сумен сөндіруге әрекет жасамаңыз,
бұндай жағдайда құрылғыны сөндіріп, содан кейін
жалынды қақпақ немесе өрт басқыш көрпе тәрізді
затпен жабыңыз.
Пісіру алаңына зат сақтамаңыз.
Пышақ, шанышқы, қасық және қақпақ тәрізді темір
заттарды пештің үстіне қоймаңыз, себебі ысып
кетеді.
Құрылғыны бумен тазалау құралын пайдаланып
тазаламаңыз.
Егер шыны керамика бет / шыны сынса, электр
қатері пайда болмас үшін құрылғыны сөндіріңіз.
Егер қуат cымына зақым келген болса, қатерден
сақтану үшін оны өндіруші немесе уәкілетті техник
немесе сол сияқты білікті маман ауыстыруға тиіс.
2. ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЛАРЫ
2.1 Орнату
ЕСКЕРТУ!
Бұл құрылғыны тек білікті
маман ғана орнатуға тиіс.
Орам материалдарының барлығын
алыңыз
Бүлінген құрылғыны орнатпаңыз
немесе іске қоспаңыз.
Құрылғымен бірге берілген орнату
бойынша нұсқауларды орындаңыз.
Осы құрылғы мен басқа
құрылғылардың, заттардың
арасындағы минимум қашықтықты
сақтаңыз.
Құрылғыны жылжытқан кезде үнемі
абай болыңыз, себебі салмағы
ауыр. Әрқашан қорғаныс қолғабын
киіңіз.
Кесілген беттерге ылғал кіріп
үлкейтіп жібермес үшін
тығыздағышпен бітеңіз.
Құрылғының астыңғы жағын бу мен
ылғалдан қорғаңыз.
Құрылғыны есікке жақын жерге
терезенің астына қоймаңыз. Бұл
есік немесе терезе ашылған кезде
ыстық ыдыс құрылғыдан құлап
кетпеу үшін қажет.
Егер құрылғыны тартпалардың
үстіне орнатсаңыз, құрылғының
астыңғы жағы мен үстіңгі тартпаның
арасында ауа ауысып тұруға
жеткілікті орын қалуын қамтамасыз
етіңіз
Құрылғының астыңғы жағы ысып
кетеді. Құрылғының астыңғы жағын
қол жетпейтін етіп бітеу үшін
тұтанбайтын оқшаулағыш панель
орнатыңыз.
2.2 Электртоғына қосу
ЕСКЕРТУ!
Өрт шығу және электр
қатеріне ұшырау қаупі бар.
www.electrolux.com4
Электртоғына қосу жұмыстарын
білікті электрші ғана іске асыруға
тиіс.
Құрылғыны міндетті түрде жерге
тұйықтау қажет.
Қандай да бір жұмысты іске
асырмай тұрып, құрылғының электр
желісінен ажыратылғанына көз
жеткізіңіз.
Техникалық ақпарат
тақтайшасындағы электр
параметрлерінің электр желісіндегі
параметрлерге сай келетініне көз
жеткізіңіз. Сай келмесе, электршіге
хабарласыңыз.
Құрылғының дұрыс орнатылғаныа
көз жеткізіңіз. Босап қалған және
дұрыс жалғанбаған электр сымы
немесе ашасы (бар болса)
ағытпаны өте ысытып жіберуі
мүмкін.
Дұрыс электр сымын
пайдаланыңыз.
Электр сымдарының оратылуына
жол бермеңіз.
Электр қатерінен сақтандыру
құралының орнатылғанына көз
жеткізіңіз.
Сымды тартылудан босататын
қапсырманы пайдаланыңыз.
Құрылғыны жақын тұрған розеткаға
жалғаған кезде электр сымы
немесе ашасы (бар болса) ыстық
құрылғыға немесе ыстық ыдысқа
тиіп кетпес үшін абай болыңыз
Көп тармақты адаптерлер мен
ұзартқыш сымдарды қолданбаңыз.
Құрылғының сымына немесе
ашасына (бар болса) зақым
келтірмеу үшін абай болыңыз.
Зақым келген электр сымын
ауыстырту үшін біздің уәкілетті
қызмет көрсету орталығына немесе
электршіге хабарласыңыз.
Тоққа қосулы тұрған және
оқшаулағышы бар бөлшектердің
электр қатерінен сақтандырғышын,
саймансыз алынбайтын етіп бекітіп
қою керек.
Құрылғының ашасын розеткаға тек
құрылғыны орнатып болғаннан
кейін ғана жалғаңыз. Орнатып
болғаннан кейін ашаның қол
жететін жерде тұрғанына көз
жеткізіңіз.
Егер розетка босап тұрса, оған
ашаны сұқпаңыз.
Құрылғыны тоқтан ажырату үшін
сымынан тартпаңыз. Әрқашан
ашасынан тартып суырыңыз.
Дұрыс оқшаулағыш құралдарды
ғана қолданыңыз. желіні қорғайтын
ажыратқыштар, сақтандырғыштар
(ұстатқыштан алынған бұрандалы
сақтандырғыштар), жерге
тұйықталудан қорғау тетіктері мен
тұйықтағыштар.
Электр жүйесі құрылғыны кез
келген полюсте ажыратуға
мүмкіндік беретін оқшаулағыш
құралмен жабықталуға тиіс.
Оқшаулағыш құралдың контакт ара
қашықтығы кем дегенде 3 мм
болуға тиіс.
2.3 Пайдалану
ЕСКЕРТУ!
Жарақат алу, күйіп қалу
және электр қатеріне
ұшырау қаупі бар.
Ең алғаш пайдалану алдында
барлық орам материалын,
жапсырмасын және қорғау
таспасын (бар болса) алыңыз.
Бұл тұрмыста қолдануға арналған
құрылғы.
Бұл құрылғының техникалық
сипаттамасын өзгертпеңіз.
Желдеткіш саңылаулардың бітеліп
қалмағанына көз жеткізіңіз.
Жұмыс істеп тұрған құрылғыны
назардан тыс қалдырмаңыз.
Пісіру алаңын пайдаланып болған
сайын "off" (сөндіру) қалпына
қойыңыз.
Пісіру алаңдарына ас құралдарын
немесе кәстрөлдердің қақпақтарын
қоймаңыз. Қызып кетуі мүмкін.
Құрылғыны су қолмен іске қоспаңыз
немесе суға тиіп тұрған құрылғыны
пайдаланбаңыз.
Құрылғыны жұмыс орны немесе зат
сақтайтын орын ретінде
қолданбаңыз.
Құрылғының бетіне сызат түссе,
дереу тоқ көзінен ағытыңыз. Бұл
әрекет электр қатеріне ұшырап
қалуға жол бермейді.
ҚАЗАҚ 5
Тағамды ыстық майға салғанда,
май шашырауы мүмкін.
ЕСКЕРТУ!
Өрт және жарылыс пайда
болу қаупі бар
Тоңмайларды немесе майды
қыздырған кезде тұтанғыш бу пайда
болады. Тоңмайға немесе майға
тамақ пісірген кезде қызған
заттарды немесе оттың жалынын
алыс ұстаңыз.
Қатты қызған майдан бөлініп
шығатын бу, кенет жарылыстың
орын алуына себеп болады.
Құрамында тағам қалдықтары бар
қолданылған май, бірінші рет
қолданылып отырған майға
қарағанда, төмен температурада
өрт пайда болуға әкелуі мүмкін.
Тұтанғыш заттарды немесе ішіне
тұтанғыш зат салынған дымқыл
заттарды құрылғының ішіне, қасына
немесе үстіне қоймаңыз.
ЕСКЕРТУ!
Құрылғыны бүлдіріп
алуыңыз мүмкін.
Басқару панеліне ыстық ыдыс
қоймаңыз.
Ыдысты ішіндегісі сарқылғанша
қайнатпаңыз.
Құрылғының үстіне зат немесе
ыдыс құлап кетуге жол бермеңіз.
Құрылғының бетне зақым келуі
мүмкін.
Пісіру алаңдарын бос ыдыс қойып
немесе ешбір ыдыс қоймай іске
қоспаңыз.
Құрылғының үстіне алюминий
жұқалтыр қоймаңыз.
Құйылған шойыннан, алюминийден
жасалған немесе астына нұқсан
келген ыдыстар, шыны / шыны
керамика бетке сызат түсіреді.
Бұндай заттарды құрылғының
бетінде үнемі көтеріп жылжыту
керек.
Бұл тек тағам пісіруге арналған
құрылғы. Басқа мақсатта, мысалы
бөлмені қыздыру үшін қолдануға
болмайды.
2.4 Күту менен тазалау
Құрылғының қаптамасының сапасы
түспес үшін мезгіл-мезгіл
тазалаңыз.
Құрылғыны тазалардан бұрын
сөндіріңіз де, суығанша күтіңіз.
Қызмет көрсету алдында
құрылғыны электр желісінен
ажыратыңыз.
Құрылғыны тазалау үшін сулы
спрейді және буды қолданбаңыз.
Құрылғыны дымқыл, жұмсақ
шүберекпен тазалаңыз. Тек
бейтарап тазартқыш заттарды
қолданыңыз. Жеміргіш заттарды,
түрпілі жөкені, еріткіштерді немесе
темір заттарды пайдаланбаңыз.
2.5 Құрылғыны тастау
ЕСКЕРТУ!
Жарақат алу немесе
тұншығып қалу қаупі бар.
Құрылғыны қоқысқа дұрыс тастауға
қатысты ақпаратты жергілікті
әкімшілік мекемеге хабарласып
алыңыз.
Құрылғыны электр желісінен
ажыратыңыз.
Қуат сымын кесіп алыңыз да,
қоқысқа тастаңыз.
2.6 Сервис
Құрылғыны жөндеу үшін уәкілетті
қызмет көрсету орталығына
хабарласыңыз.
Тек ғана фирмалық қосалқы
бөлшектерді қолданыңыз.
www.electrolux.com6
3. БҰЙЫМ СИПАТТАМАСЫ
3.1 Пісіру алаңдарының көрінісі
170 mm
265 mm
170 mm
265 mm
120/175/210
mm
120/175/210
mm
145 mm
145 mm
1
1
1 1
2
1
Пісіру алаңы
2
Басқару панелі
3.2 Басқару панелінің көрінісі
81 2 3 4 5
6
7
10 912
11
Құрылғыны іске қосу үшін сенсорлық өрістерді пайдаланыңыз. Бейнебеттер,
индикаторлар мен дыбыстық сигналдар қай функциялардың жұмыс жасайтынын
көрсетеді.
Сенсо
рлық
өріс
Функция Түсіндірме
1
ҚОСУ / СӨНДІРУ Пештің үстін қосуға және сөндіруге
арналған.
2
Құлып / Бала
қауіпсіздігінің құралы
Басқару панелін құрсаулайды/құрсауын
ағытады.
3
STOP+GO Функцияны іске қосады және сөндіреді.
4
- Сыртқы шеңберді іске қосуға және
сөндіруге арналған.
5
- Қыздыру параметрінің
бейнебеті
Қыздыру параметрін көрсетуге
арналған.
6
- Пісіру алаңдарының
индикаторлары
Уақыттың қай пісіру алаңы үшін
орнатылғанын көрсетуге арналған.
ҚАЗАҚ 7
Сенсо
рлық
өріс
Функция Түсіндірме
7
- Таймер бейнебеті Уақытты минут бойынша көрсетуге
арналған.
8
- Сыртқы шеңберді іске қосуға және
сөндіруге арналған.
9
- Пісіру алаңын таңдауға арналған.
10
/
- Уақытты көбейтуге немесе азайтуға
арналған.
11
Автоматты түрде
қыздыру
Функцияны іске қосады және сөндіреді.
12
- Басқару жолағы Қызу параметрін орнатуға арналған.
3.3 Қызу параметрінің бейнебеттері
Дисплей Сипаттама
Пісіру алаңы сөндірулі.
-
Пісіру алаңы жұмыс істейді.
STOP+GO функциясы жұмыс істейді.
Автоматты түрде қыздыру функциясы жұмыс істейді.
+ сан
Ақаулық орын алды.
/ /
OptiHeat Control (3 сатыдан тұратын қалдық қызу
индикаторы) : пісіруді жалғастыру / жылы ұстау / қалдық қызу.
Құлып / Бала қауіпсіздігінің құралы функциясы жұмыс істейді.
Автоматты түрде сөндіру функциясы жұмыс істейді.
3.4 OptiHeat Control (3
сатыдан тұратын қалдық қызу
индикаторы)
ЕСКЕРТУ!
/ / Қалдық қызуға
күйіп қалу қаупі бар.
Индикатор қалдық қызудың
деңгейін көрсетеді.
www.electrolux.com8
4. ӘРКҮНДІК ҚОЛДАНУ
ЕСКЕРТУ!
Қауіпсіздік тарауларын
қараңыз.
4.1 Іске қосу және сөндіру
Пештің үстін қосу немесе сөндіру үшін
белгісін 1 секунд түртіңіз.
4.2 Автоматты түрде сөндіру
Функция пештің үстін келесі
жағдайларда автоматты түрде
сөндіреді:
барлық пісіру алаңдары сөндірулі
болса,
пештің үстін іске қосқан соң қызу
параметрін орнатпасаңыз,
басқару панеліне бір нәрсе төгіліп
қалса немесе ол 10 секундтан
артық (ыдыс, киім т.с.с.) жабық
қалса. Дыбыстық сигнал естіліп,
пештің үсті сөнеді. Заттарды
алыңыз немесе басқару панелін
тазалаңыз.
пісіру алаңын сөндірмесеңіз немесе
қызу параметрін өзгертпесеңіз.
Шамалы уақыттан кейін жанады
да, пеш жұмысын тоқтатады.
Пештің үстін сөндіргеннен кейінгі
уақыт пен қызу параметрінің
арасындағы байланыс:
Қызу параметрі Пештің үсті
мына уақыттан
кейін сөнеді:
, 1 - 3
6 сағаттан кейін
4 - 7 5 сағаттан кейін
8 - 9 4 сағаттан кейін
10 - 14 1,5 сағаттан кейін
4.3 Қызу параметрі
Қызу параметрін өзгертуге немесе
орнатуға арналған:
Басқару панеліндегі дұрыс қызу
параметрін басыңыз немесе басқару
панелін саусағыңызбен дұрыс қызу
параметрі орнағанға дейін түртіңіз.
4.4 Сыртқы шеңберлерді іске
қосу және сөндіру
Шеңбердің бетін қолданылатын
ыдыстың өлшемдеріне сай келтіре
аласыз.
Сенсорлық өрісті пайдаланыңыз:
Сыртқы шеңберді іске қосу үшін:
сенсорлық алаңды басыңыз.
Индикатор жанады.
Қосымша сыртқы шеңберлерді іске
қосу үшін: сол сенсорлық алаңды
қайта басыңыз. Тиісті индикатор
жанады.
Сыртқы шеңберді сөндіру үшін:
сенсорлық алаңды индикатор
сөнгенше басыңыз.
Алаңды іске қосып, бірақ
сыртқы шеңберін қоспаған
кезде пайда болатын
алаңның жарығы сыртқы
шеңберді жауып қалуы
мүмкін. Бұл сыртқы
шеңбердің іске қосылғанын
білдірмейді. Шеңбердің
қосылған-қосылмағанын
индикаторды тексеріп көз
жеткізіңіз.
4.5 Автоматты түрде қыздыру
Егер осы функцияны іске қоссаңыз,
қысқа уақыт ішінде қажетті қызу
параметріне қол жеткізесіз. Бұл
функция біраз уақыт қыздыру
параметрінің ең жоғары мәнін
орнатады да, содан кейін дұрыс
қыздыру параметріне дейін түсіреді.
ҚАЗАҚ 9
Бұл функцияны іске қосу
үшін, пісіру алаңы суық
болуы керек.
Функцияны пісіру алаңы үшін
қосқыңыз келсе: түймешігін
басыңыз (
жанады). Жарамды
қыздыру параметрін дереу басыңыз. 3
секундтан кейін жанады.
Функцияны сөндіру үшін: қызу
параметрін өзгертіңіз.
4.6 Таймер
Кері санақ таймері
Бұл функцияны қолданып пісіру
алаңының бір пісіру циклы кезінде
қанша уақыт жұмыс істейтінін
көрсетіңіз.
Алдымен пісіру алаңын, содан
кейін функцияны орнатыңыз. Қызу
параметрін функцияны орнатпай
тұрып немесе орнатып болғаннан
кейін орнатуға болады.
Пісіру алаңын орнату үшін:
түймешігін қажетті пісіру алаңының
индикаторы жанғанша, қайта-қайта
басыңыз.
Функцияны қосу үшін: Таймердің
түймешігін басып, уақытты (00 - 99
минут) орнатыңыз. Пісіру алаңының
индикаторы баяу жыпылықтай
бастаған кезде, уақыт кері санала
бастайды.
Қалған уақытты қарау үшін: пісіру
алаңын арқылы орнатыңыз. Пісіру
алаңының индикаторы жылдам
жыпылықтай бастайды. Бейнебетте
қалған уақыт көрсетіледі.
Уақытты өзгерту үшін: пісіру алаңын
арқылы орнатыңыз. не
басыңыз.
Функцияны сөндіру үшін: пісіру
алаңын арқылы орнатыңыз және
белгішесін басыңыз. Қалған уақыт 00-
ге дейін кері саналады. Пісіру
алаңының индикаторы сөнеді.
Уақыт аяқталған кезде,
дыбыстық сигнал естіліп,
00 жыпылықтайды. Пісіру
алаңы сөндіріледі.
Дыбыстық сигналды тоқтату үшін:
түймешігін басыңыз.
CountUp Timer (Санақ таймері)
Пісіру алаңының қанша уақыт жұмыс
істейтінін бақылау үшін осы
функцияны қолданыңыз.
Пісіру алаңын орнату үшін:
түймешігін қажетті пісіру алаңының
индикаторы жанғанша, қайта-қайта
басыңыз.
Функцияны қосу үшін: Таймердің
түймешігін басыңыз. жанады. Пісіру
алаңының индикаторы баяу
жыпылықтай бастағанда, уақыт алға
санала бастайды. Бейнебет
және
кері саналған (минут) уақытты
көрсетуге ауысады.
Пісіру алаңының қанша уақыт
жұмыс істейтінін көру үшін: пісіру
алаңын арқылы орнатыңыз. Пісіру
алаңының индикаторы жылдам
жыпылықтай бастайды. Бейнебетте
алаңның қанша уақыт жұмыс
жасайтыны көрсетіледі.
Функцияны сөндіру үшін: пісіру
алаңын арқылы орнатыңыз және
немесе белгішесін басыңыз. Пісіру
алаңының индикаторы сөнеді.
Минут операторы
Бұл функцияны пісіру алаңдары
жұмыс істемей, пеш іске қосылып
тұрғанда Минут операторы ретінде
қолдануға болады (бейнебетте
қызу параметрі көрсетіледі).
Функцияны қосу үшін: түймешігін
басыңыз. Уақытты орнату үшін
таймердің немесе түймешігін
басыңыз. Уақыт аяқталған кезде,
дыбыстық сигнал естіліп, 00
жыпылықтайды.
www.electrolux.com10
Дыбыстық сигналды тоқтату үшін:
түймешігін басыңыз.
Бұл функция пісіру
алаңдарының жұмысына
еш әсер етпейді.
4.7 STOP+GO
Бұл функция ең төмен қыздыру
параметрі бойынша жұмыс істейтін
пісіру алаңдарының барлығын
орнатады.
Функция жұмыс істеп тұрғанда, қызу
параметрін өзгерте алмайсыз.
Функция таймер функцияларын
тоқтатпайды.
Функцияны қосу үшін:
белгішесін
басыңыз. белгішесі жанады.
Функцияны сөндіру үшін:
түймешігін басыңыз. Алдыңғы қызу
параметрі жанады.
4.8 Құлып
Басқару панелін пісіру алаңдары
жұмыс істеп тұрғанда бұғаттауға
болады. Ол қызу параметрінің
кездейсоқ өзгеруіне жол бермейді.
Әуелі қыздыру параметрін
орнатыңыз.
Функцияны қосу үшін:
белгішесін
басыңыз. белгішесі 4 секунд
жанады.Таймер қосулы күйде қалады.
Функцияны сөндіру үшін:
түймешігін басыңыз. Алдыңғы қызу
параметрі жанады.
Пешті сөндірген кезде, осы
функция да сөнеді.
4.9 Бала қауіпсіздігінің құралы
Бұл функция пеш үстінің кездейсоқ
қосылып кетуіне жол бермейді.
Функцияны қосу үшін: пештің үстін
көмегімен іске қосыңыз. Қызу
параметрін орнатпаңыз. белгішесін
4 секунд басыңыз. белгішесі
жанады. Пештің үстін көмегімен
сөндіріңіз.
Функцияны сөндіру үшін: пештің
үстін
көмегімен іске қосыңыз. Қызу
параметрін орнатпаңыз. белгішесін
4 секунд басыңыз. белгішесі
жанады. Пештің үстін көмегімен
сөндіріңіз.
Функцияны бір пісіру циклы үшін
қосу: пештің үстін
көмегімен іске
қосыңыз. белгішесі жанады.
белгішесін 4 секунд басыңыз. Қызу
параметрін 10 секунд ішінде
орнатыңыз. Пештің үстін іске қосуға
болады. Пештің үстін көмегімен
сөндіргенде, функция қайта жұмыс
істейді.
4.10 OffSound Control
(Сигналдардың сөндірілуі
және қосылуы)
Пешті сөндіріңіз. белгішесін 3
секунд басыңыз. Бейнебет жанады да,
сөнеді. белгісін 3 секунд басыңыз.
немесе жанады. Келесі
параметрдің бірін таңдау үшін
таймердің
белгісін таңдаңыз:
- дыбыстық сигнал сөндірулі
- дыбыстық сигнал қосулы
Таңдауды растау үшін пеш автоматты
түрде сөнгенше күтіңіз.
Функцияны қалпына қойғанда
келесі жағдайларда ғана дыбыстық
сигнал естіледі:
түрткенде
Минут операторы сөнгенде
Кері санақ таймері сөнгенде
басқару панеліне бір нәрсе
қойылғанда.
ҚАЗАҚ 11
5. АҚЫЛ-КЕҢЕС
ЕСКЕРТУ!
Қауіпсіздік тарауларын
қараңыз.
5.1 Ыдыс-аяқ
Ыдыстың түбі барынша
қалың әрі мүмкіндігінше
жайпақ болуға тиіс.
Эмальмен қапталған
темірден және алюминий
немесе мыстан жасалған
ыдыстар шыны керамика
беттің түсін өзгертуі
мүмкін.
5.2 Öko Timer (Эко таймері)
Қуатты үнемдеу үшін пісіру алаңының
қыздырғышы кері санақ таймерінің
сигналы естілмей тұрып сөнеді.
Жұмыс істеу уақытының әр түрлі
болуы қызу параметріне және пісіру
уақытына байланысты.
5.3 Тағам пісіру
бағдарламаларының үлгілері
Кестедегі деректер
жалпылама нұсқау ретінде
ғана берілген.
Қызу
параметрі
Пайдалану: Уақыт
(мин.)
Ақыл-кеңес
- 1
Піскен тағамды жылы
ұстаңыз.
қажетін
е орай
Ыдыстың қақпағын
жабыңыз.
1 - 3 Голланд тұздығы,
балқытылған: сары май,
шоколад, желатин.
5 - 25 Ара-тұра араластырыңыз.
1 - 3 Қойылту: шайқалған омлет,
піскен жұмыртқалар.
10 - 40 Қақпағын жауып пісіріңіз.
3 - 5 Күріш және сүтке пісірілген
тағамдарды баяу қайнату,
дайын тағамдарды
жылыту.
25 - 50 Күрішке кем дегенде, оның
мөлшерінен екі есе артық
су құйыңыз, сүт
тағамдарын арасында
араластырыңыз.
5 - 7 Буға піскен көкөністер,
балық, ет.
20 - 45 Бірнеше ас қасық су
қосыңыз.
7 - 9 Буға піскен картоптар. 20 - 60 750 г картопқа ең көбі ¼ л
су пайдаланыңыз.
7 - 9 Көп мөлшердегі тағамдар,
бұқтырылған тағамдар мен
көже пісіру.
60 -
150
3 литрге дейін су және
құраластар.
9 - 12 Баппен қуыру: эскалоп,
"кордон блё" бұзау еті,
котлет, риссоль, шұжық,
бауыр, майға қуырылған
ұн, жұмыртқа, құймақ,
бауырсақ.
қажетін
е орай
Орта тұсында аударыңыз.
www.electrolux.com12
Қызу
параметрі
Пайдалану: Уақыт
(мин.)
Ақыл-кеңес
12 - 13 Қатты қуыру, қуырылған
картоп, қоң ет,
бифштекстер.
5 - 15 Орта тұсында аударыңыз.
14 Суды қайнату, макарон пісіру, етті қызартып қуыру (гуляш,
бұқтырып пісіру), фри қуыру үшін.
6. КҮТУ МЕНЕН ТАЗАЛАУ
ЕСКЕРТУ!
Қауіпсіздік тарауларын
қараңыз.
6.1 Жалпы ақпарат
Пештің үстін пайдаланған сайын
тазалаңыз.
Ыдысты қолданғанда табаны
әрқашан таза болсын.
Пештің үстіне түскен сызаттар
немесе қошқыл дақтар оның
жұмысына ешқандай әсер етпейді.
Пештің үстін тазалауға жарамды
арнайы тазалағышты
пайдаланыңыз.
Шыныға арналған арнайы
қырғышты қолданыңыз.
6.2 Пештің үстін тазалау
Дереу тазалаңыз: балқыған
пластмасса, пластик фольга және
қант қосылған тағам. Дереу
тазаламасаңыз, пештің үстін
бүлдіріп алуыңыз мүмкін.
Қырғышты шыны бетке арнайы
сүйір бұрыш жасап қойып, жүзін
жылжыта отырып тазалаңыз.
Пештің үсті жеткілікті түрде
суыған кезде алыңыз: әк дақтары,
су дақтары, май дақтары, металдың
жылтыраған дақтары. Пешті
дымқыл шүберекпен, шамалы
жуғыш зат қосып тазалаңыз.
Тазалап болғаннан кейін пештің
үстін жұмсақ шүберекпен
құрғатыңыз.
7. АҚАУЛЫҚТЫ ТҮЗЕТУ
ЕСКЕРТУ!
Қауіпсіздік тарауларын
қараңыз.
7.1 Не істерсіңіз, егер...
Ақаулық Ықтимал себебі Шешімі
Пешті қосып немесе іске
пайдалана алмадыңыз.
Пеш электр тоғына
қосылған жоқ немесе
теріс қосылған.
Пештің электр көзіне
дұрыс қосылғанына көз
жеткізіңіз. Қосылым
сызбасын қайта қараңыз.
ҚАЗАҚ 13
Ақаулық Ықтимал себебі Шешімі
Сақтандырғыш ағытылып
қалған.
Ақаулыққа
сақтандырғыштың себеп
болғанына көз жеткізіңіз.
Сақтандырғыш қайта-
қайта босап кетсе, білікті
электршіге
хабарласыңыз.
Пешті қайта іске қосыңыз
да, қызу параметрін 10
секундтан аз уақыт
ішінде орнатыңыз.
Бір уақытта 2 немесе
одан да көп сенсорлық
өрістерді басып
қойғансыз.
Бір ғана сенсорлық өрісті
басыңыз.
STOP+GO функциясы
жұмыс істейді.
"Әркүндік қолдану"
тарауын қараңыз.
Басқару панеліне су
немесе май шашыраған.
Басқару панелін
тазалаңыз.
Дыбыстық сигнал естіліп,
пештің үсті сөнеді.
Пеш сөнген кезде
дыбыстық сигнал
естіледі.
Бір немесе бірнеше
сенсорлық өріске зат
қойылған.
Сенсорлық өрістердегі
затты алыңыз.
Пештің үсті сөнеді.
Сенсорлық өріске бір
зат қойылған.
Сенсорлық өрістердегі
заттарды алыңыз.
Қалдық қызу индикаторы
жанбайды.
Алаң ыстық емес, себебі
ол аз уақыт ғана қосылып
тұрған.
Егер алаң қызу үшін
едәуір ұзақ жұмыс істесе,
уәкілетті қызмет көрсету
орталығына
хабарласыңыз.
Автоматты түрде
қыздыру функциясы
жұмыс істемейді.
Алаң ыстық. Алаңды әбден
салқындатып алыңыз.
Қызу параметрінің ең
жоғары мәні орнатылған.
Ең жоғары қызу
параметрінің қуаты,
функциясының қуатымен
бірдей.
Сыртқы шеңберді іске
қоса алмадыңыз.
Алдымен ішкі шеңберді
іске қосыңыз.
Бірнеше шеңбері
алаңның қара жері бар.
Бұл қалыпты жағдай,
себебі, бірнеше шеңбері
алаңның қара жері бар.
www.electrolux.com14
Ақаулық Ықтимал себебі Шешімі
Сенсорлық өрістер қызып
кетеді.
Тым үлкен ыдыс
қолданылған немесе
ыдыстар басқару
құралдарына тым жақын
қойылған.
Үлкен ыдыстарды артқы
пісіру алаңдарына
қойыңыз.
Сенсорлық өрістерді
түрткен кезде ешбір
сигнал естілмейді.
Дыбыстық сигналдар
өшірулі.
Дыбыстық сигналдарды
қосыңыз.
"Әркүндік қолдану"
тарауын қараңыз.
жанады.
Автоматты түрде сөндіру
жұмыс істейді.
Пешті ажыратыңыз да,
қайта қосыңыз.
жанады.
Бала қауіпсіздігінің
құралы немесе Құлып
функциясы жұмыс
істейді.
"Әркүндік қолдану"
тарауын қараңыз.
және сан жанады.
Пеште ақау бар. Пешті электр желісінен
біраз уақыт ажырата
тұрыңыз.
Сақтандырғышты электр
желісінен ағытып
қойыңыз. Қайта қосыңыз.
Егер қайта көрініс
берсе, уәкілетті қызмет
көрсету орталығына
хабарласыңыз.
7.2 Ақаулықты түзету шешімін
өзіңіз таба алмасаңыз...
Ақаулықты түзету шешімін өзіңіз таба
алмасаңыз, дилеріңізге не уәкілетті
қызмет көрсету орталығына
хабарласыңыз. Техникалық ақпарат
тақтайшасындағы деректерді беріңіз.
Сонымен қоса, шыны керамиканың үш
саннан тұратын нөмірін, (шынының
бетіндегі бұрышта) және ақаулық орын
алғанда көрсетілген хабарды беріңіз.
Пештің дұрыс қолданылғанына көз
жеткізіңіз. Бұлай істемеген жағдайда,
қызмет көрсету орталығының технигі
немесе дилер көрсеткен қызмет,
кепілдік мерзімі кезінде де ақылы
болуы мүмкін. Қызмет көрсету
орталығына қатысты нұсқаулар мен
кепілдік шарттары кепілдік
кітапшасында берілген.
8. ОРНАТУ
ЕСКЕРТУ!
Қауіпсіздік тарауларын
қараңыз.
8.1 Орнату алдында
Пешті орнату алдында, техникалық
сипаттама тақтайшасынан келесі
деректерді жазыңыз. Техникалық
ақпарат тақтайшасы пештің астыңғы
жағында орналасқан.
Сериялық
нөмірі ...........................
ҚАЗАҚ 15
8.2 Кіріктірілген пештер
Кіріктірілген пештерді, пешті дұрыс
қондырылған құрылғыларға және
стандартты талаптарға сай келетін
жұмыс беттеріне құрастырғаннан кейін
ғана пайдаланыңыз.
8.3 Қосылым сымы
Пеш электр қосылымы сымымен
жабдықталған.
Зақымданған қуат сымын ауыстыру
үшін келесі сымның түрлерін
(немесе жоғары) қолданыңыз:
H05BB-F Tmax 90°C. Жергілікті
қызмет көрсету орталығына
хабарласыңыз.
8.4 Құрастыру
min.
50mm
min.
500mm
R 5mm
min.
55mm
560
+1
mm
490
+1
mm
min.
28 mm
min.
12 mm
min.
20 mm
www.electrolux.com16
8.5 Қорғаныс қорабы
Егер қорғаныс қорабын қолдансаңыз
(қосымша керек-жарақ), пештің
астыңғы жағына қорғаныш тақтасын
орнатудың қажет жоқ. Керек-жарақ
болып есептелетін қорғаныс қорабы
кей елдерде берілмеуі мүмкін.
Жергілікті жабдықтаушыға
хабарласыңыз.
Егер құрылғыны
тұмшапештің үстіне
орнатсаңыз, қорғаныс
қорабын пайдалана
алмайсыз.
9. ТЕХНИКАЛЫҚ АҚПАРАТ
9.1 Техникалық ақпарат
тақтайшасы
Үлгі EHF56547XK Өнім нөмірі PNC 949 596 159 00
Түрі 58 HAD 56 AO 220 - 240 В 50 - 60 Гц
Германияда жасалған
Сер.№. ................. 7.1 кВт
ELECTROLUX
9.2 Пісіру алаңдарының сипаттамасы
Пісіру алаңы
Номинальды қуат (ең
жоғары қызу параметрі) [Вт]
Пісіру алаңының диаметрі
[мм]
Алдыңғы сол
жақ
800 / 1600 / 2300 120 / 175 / 210
Артқы сол жақ 1200 145
Алдыңғы оң
жақ
1200 145
Артқы оң жақ 1500 / 2400 170 / 265
Жақсы пісіру нәтижелеріне қол жеткізу
үшін пісіру алаңының диаметрінен
үлкен емес ыдыс қолданыңыз.
ҚАЗАҚ 17
10. ҚУАТ ТИІМДІЛІГІ
10.1 Құрылғы ақпараты EU 66/2014 стандартына сай берілген
Үлгінің техникалық
параметрлері
EHF56547XK
Пеш үстінің түрі Кіріктірілген пеш
Пісіру алаңдарының
саны
4
Қыздыру технологиясы Қыздырғыш
Дөңгелек пісіру
алаңдарының диаметрі
(Ø)
Алдыңғы сол жақ
Артқы сол жақ
Алдыңғы оң жақ
21,0 см
14,5 см
14,5 см
Шеңбер емес пісіру
алаңының ұзындығы (Ұ)
және ені (E)
Артқы оң жақ Ұ 26,5 см
Е 17,0 см
Әр пісіру алаңының
пайдаланатын қуат
мөлшері (EC electric
cooking)
Алдыңғы сол жақ
Артқы сол жақ
Алдыңғы оң жақ
Артқы оң жақ
191,3 Вт-сағ / кг
196,8 Вт-сағ / кг
196,8 Вт-сағ / кг
182,6 Вт-сағ / кг
Пештің пайдаланатын
қуат мөлшері (EC elec‐
tric hob)
191,9 Вт-сағ / кг
EN 60350-2 - Тұрмыстық тағам
пісіретін электр құрылғылары - 2-ші
бөлім: Пештің үсті - Жұмыс тиімділігін
өлшеу тәсілдері
10.2 Қуатты үнемдеу
Төмендегі кеңестерді ескерсеңіз,
күнделікті тағам пісіру барысында
қуатты үнемдей аласыз.
Ыдысты пісіру алаңын іске қоспай
тұрып қойыңыз.
Ыдыстың табаны мен пісіру
алаңдарының өлшемі бірдей болуға
тиіс.
Шағын пісіру алаңдарына шағын
ыдыстарды қойыңыз.
Ыдыстарды пісіру алаңының тура
ортасына қойыңыз.
Суды тек қажетті мөлшерде ғана
ысытыңыз.
Егер мүмкін болса, ыдысқа әрқашан
қақпақ жабыңыз.
Тағамды жылы ұстау немесе жібіту
үшін қалдық қызуды пайдаланыңыз.
11. ҚОРШАҒАН ОРТАҒА ҚАТЫСТЫ ЖАҒДАЙЛАР
Белгі салынған материалдарды
қайта өңдеуден өткізуге тапсырыңыз.
Орам материалдарын қайта өңдеуден
өткізу үшін тиісті контейнерлерге
салыңыз. Электрлік және
электроникалық құрылғылардың
қалдығын қайта өңдеуден өткізу
арқылы, қоршаған ортаға және
адамның денсаулығына зиын
келтіретін жағдайларға жол бермеуге
өз үлесіңізді қосыңыз. Белгі
салынған құрылғыларды тұрмыстық
қалдықтармен бірге тастамаңыз.
www.electrolux.com18
Өнімді жергілікті қайта өңдеу
орталығына өткізіңіз немесе жергілікті
мекемеге хабарласыңыз.
ҚАЗАҚ 19
СОДЕРЖАНИЕ
1. СВЕДЕНИЯ ПО ТЕХНИКЕ БЕЗОПАСНОСТИ...............................................21
2. УКАЗАНИЯ ПО БЕЗОПАСНОСТИ................................................................. 23
3. ОПИСАНИЕ ИЗДЕЛИЯ...................................................................................25
4. ЕЖЕДНЕВНОЕ ИСПОЛЬЗОВАНИЕ.............................................................. 27
5. ПОЛЕЗНЫЕ СОВЕТЫ.....................................................................................30
6. УХОД И ОЧИСТКА.......................................................................................... 32
7. ПОИСК И УСТРАНЕНИЕ НЕИСПРАВНОСТЕЙ............................................32
8. УСТАНОВКА.................................................................................................... 35
9. ТЕХНИЧЕСКИЕ ДАННЫЕ.............................................................................. 37
10. ЭНЕРГОЭФФЕКТИВНОСТЬ.........................................................................37
МЫ ДУМАЕМ О ВАС
Благодарим Вас за приобретение прибора Electrolux. Вы выбрали изделие,
за которым стоят десятилетия профессионального опыта и инноваций.
Уникальное и стильное, оно создавалось с заботой о Вас. Поэтому когда бы
Вы ни воспользовались им, Вы можете быть уверены: результаты всегда
будут превосходными.
Добро пожаловать в Electrolux!
На нашем веб-сайте Вы сможете:
Найти рекомендации по использованию изделий, руководства по
эксплуатации, мастер устранения неисправностей, информацию о
техническом обслуживании:
www.electrolux.com/webselfservice
Зарегистрировать свое изделие для улучшения обслуживания:
www.registerelectrolux.com
Приобрести дополнительные принадлежности, расходные материалы и
фирменные запасные части для своего прибора:
www.electrolux.com/shop
ПОДДЕРЖКА ПОТРЕБИТЕЛЕЙ И СЕРВИСНОЕ
ОБСЛУЖИВАНИЕ
Мы рекомендуем использовать оригинальные запчасти.
При обращении в сервис-центр следует иметь под рукой следующую
информацию: модель, код изделия (PNC), серийный номер.
Данная информация находится на табличке с техническими данными.
Внимание / Важные сведения по технике безопасности.
Общая информация и рекомендации
Информация по охране окружающей среды
Право на изменения сохраняется.
www.electrolux.com20
  • Page 1 1
  • Page 2 2
  • Page 3 3
  • Page 4 4
  • Page 5 5
  • Page 6 6
  • Page 7 7
  • Page 8 8
  • Page 9 9
  • Page 10 10
  • Page 11 11
  • Page 12 12
  • Page 13 13
  • Page 14 14
  • Page 15 15
  • Page 16 16
  • Page 17 17
  • Page 18 18
  • Page 19 19
  • Page 20 20
  • Page 21 21
  • Page 22 22
  • Page 23 23
  • Page 24 24
  • Page 25 25
  • Page 26 26
  • Page 27 27
  • Page 28 28
  • Page 29 29
  • Page 30 30
  • Page 31 31
  • Page 32 32
  • Page 33 33
  • Page 34 34
  • Page 35 35
  • Page 36 36
  • Page 37 37
  • Page 38 38
  • Page 39 39
  • Page 40 40

Electrolux EHF56547XK Руководство пользователя

Тип
Руководство пользователя

Задайте вопрос, и я найду ответ в документе

Поиск информации в документе стал проще с помощью ИИ