Electrolux EW8T3R562 Руководство пользователя

  • Здравствуйте! Я чат-бот, который прочитал инструкцию по эксплуатации для стиральной машины Electrolux EW8T3R562. Я могу ответить на ваши вопросы о ее функциях, таких как система SensiCare, технология Oko-Mix и функция пара, а также о различных программах стирки и уходе за машиной. Задавайте ваши вопросы!
  • Как определить вес белья с помощью системы SensiCare?
    Что делает функция пара?
    Как использовать функцию предварительной стирки?
    Можно ли изменить параметры стирки после запуска программы?
EW8T3R562
KK Кір жуғыш машина Қолдану туралы нұсқаулары 2
RU Стиральная машина Инструкция по эксплуатации 36
МАЗМҰНЫ
1. ҚАУІПСІЗДІК АҚПАРАТЫ................................................................................. 3
2. ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЛАРЫ............................................................................ 4
3. БҰЙЫМ СИПАТТАМАСЫ................................................................................. 6
4. БАСҚАРУ ПАНЕЛІ.............................................................................................7
5. ТЕТІКТЕР МЕН ТҮЙМЕЛЕР.............................................................................9
6. БАҒДАРЛАМАЛАР.......................................................................................... 12
7. ПАРАМЕТРЛЕР...............................................................................................18
8. ЕҢ АЛҒАШ ПАЙДАЛАНУ АЛДЫНДА.............................................................18
9. ӘРКҮНДІК ҚОЛДАНУ......................................................................................18
10. АҚЫЛ-КЕҢЕС................................................................................................ 23
11. КҮТУ МЕНЕН ТАЗАЛАУ............................................................................... 25
12. ПАЙДАЛАНУ КӨЛЕМІ...................................................................................28
13. АҚАУЛЫҚТЫ ТҮЗЕТУ...................................................................................29
14. ТЕХНИКАЛЫҚ АҚПАРАТ..............................................................................32
15. ҚЫСҚАША НҰСҚАУЛЫҚ............................................................................. 33
СІЗ ОЙЫМЫЗДА БОЛДЫҢЫЗ
Electrolux құрылғысын сатып алғаныңызға рахмет. Сіз ондаған жылдар
бойғы кәсіби тәжірибе мен инновацияға сүйеніп жасалған құрылғыны
таңдадыңыз. Тапқырлықтың туындысы болған, көз тартарлық бұл құрылғыны
жасау барысында сіз ойымызда болдыңыз. Сондықтан, қолданған сайын
тамаша нәтижеге қол жеткізе алатыныңызға сенімді болыңыз.
Electrolux әлеміне қош келдіңіз.
Біздің веб-сайтқа барып келесіні қараңыз:
Пайдалануға қатысты кеңесті, кітапша, ақаулықты түзету, қызмет көрсету
және жөндеу туралы ақпаратты мына жерден алыңыз:
www.electrolux.kz/support
Сізге барынша жақсы қызмет көрсету үшін өніміңізді мына жерге тіркеңіз:
www.registerelectrolux.com
Құрылғыңызға қажетті керек-жарақтарды, шығынды материалдарды және
фирмалық қосалқы бөлшектерді сатып алу үшін:
www.part33.ru
ТҰТЫНУШЫҒА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
Фирмалық заттарды қолдануды ұсынамыз.
Қызмет көрсету орталығына хабарласқанда келесі деректердің дайын
болуын қамтамасыз етіңіз. Үлгісі, Өнім нөмірі, Сериялық нөмірі.
Деректерді техникалық ақпарат тақтайшасынан алуға болады.
Ескерту / Қауіп-қатерден сақтандыру ақпараты
Жалпы ақпарат және ақыл-кеңес
Қоршаған ортаға қатысты ақпарат
Өндіруші ескертусіз өзгеріс енгізу құқығына ие.
www.electrolux.com2
1. ҚАУІПСІЗДІК АҚПАРАТЫ
Құрылғыны орнатып іске қолданар алдында бірге
жеткізілген нұсқауларды мұқият оқып шығыңыз.
Дұрыс орнатпау немесе пайдаланбау нәтижесінде
орын алған жарақат немесе зақымға өндіруші
жауапты емес. Нұсқаулықтарды кейін қарап жүру
үшін әрқашан қауіпсіз және қол жетімді жерде
сақтаңыз.
1.1 Балалар мен әлсіз адамдардың қауіпсіздігі
Бұл құрылғы дене, сезім немесе ақыл-ой
қабілеттері шектеулі не тәжірибесі және білімі жоқ
адамдардың (соның ішінде балалардың)
пайдалануына арналмаған. Қауіпсіздігіне жауапты
адам құрылғы пайдалануын қадағаласа немесе
нұсқаулар беріп тұрса ғана олар құрылғыны
пайдалана алады.
Балалардың құрылғымен ойнамауын қадағалау
керек.
Барлық орам материалдарын балалардан алыс
ұстап, қоқысқа тиісті түрде тастау керек.
Жуғыш заттарды балалардан алыс ұстаңыз.
Құрылғының есігі ашық тұрғанда, балалар мен үй
жануарларын оған жақындатпаңыз.
Құрылғыда бала қауіпсіздігінің құралы бар болса,
оны белсендіру керек.
Балалар құрылғыны жөндеу және тазалау
жұмыстарын бақылаусыз орындамауы керек.
1.2 Жалпы қауіпсіздік
Бұл құрылғының техникалық сипаттамасын
өзгертпеңіз.
Бұл құрылғы үйде және сол сияқты төменде
аталған жерлерде пайдалану үшін жасалған:
дүкендердегі, кеңселердегі және басқа сол
сияқты жерлердегі қызметкерлердің асүй
аумақтары;
ҚАЗАҚ 3
қонақ үйлердегі, мотельдердегі, төсек және
таңғы ас ұсынатын қонақжайларда және басқа
тұрғын жерлердегі клиенттер;
коммунальды квартираларда және кір жуатын
жерлерде.
Құрылғының максималды жүктемесі — 6 кг. Әр
бағдарламаның максималды жүктемесінен
асырмаңыз («Бағдарламалар» тарауын қараңыз).
Сыртқы қосылымнан су кіретін тұстағы судың
жұмыс қысымы 0,5 бар (0,05 МПа) және 8 бар (0,8
МПа) аралығында болуы керек.
Табанындағы желдеткіш саңылауларға кілем,
төсеніш немесе еденнің қаптамасы кедергі
жасамауға тиіс.
Құрылғыны су желісіне жаңадан берілген түтік
жинағын немесе уәкілетті қызмет көрсету орталығы
берген басқа түтік жинағын қолданып қосу керек.
Ескі түтіктерді қайта пайдалануға болмайды.
Қуат cымына зақым келсе, электр қатерінен
сақтандыру үшін оны өндіруші немесе оның
уәкілетті қызмет көрсету орталығы немесе сол
сияқты білікті маман ауыстыруға тиіс.
Кез келген жөндеу жұмысын орындау алдында
құрылғыны сөндіріп, ашаны розеткадан суырыңыз.
Құрылғыны тазалау үшін сулы спрейді және/
немесе буды қолданбаңыз.
Құрылғыны дымқыл шүберекпен тазалаңыз.
Бейтарап жуғыш заттарды ғана қолданыңыз.
Жеміргіш заттарды, түрпілі жөкелерді, еріткіштерді
немесе металл заттарды пайдаланбаңыз.
2. ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЛАРЫ
2.1 Орнату
Жергілікті стандарттарға
сәйкес етіп орнату керек.
Барлық орам материалдарын және
тасымал болттарын, пластик
тығыздағышы бар резеңке төлкесін
алыңыз.
Тасымал болттарын сенімді жерде
сақтаңыз. Кейін құрылғыны
көшірген кезде, ішкі бөліктеріне
зақым келмеу үшін барабанды
бекіту үшін оларды қайта салу
керек.
Құрылғы ауыр болғандықтан,
орнынан жылжытқан кезде әрқашан
www.electrolux.com4
абай болыңыз. Әрқашан қауіпсіздік
қолғабы мен бітеу аяқ киім киіңіз.
Құрылғымен бірге жеткізілген
орнату нұсқауларын орындаңыз.
Бүлінген құрылғыны орнатпаңыз
немесе іске қоспаңыз.
Құрылғыны температурасы 0°C
градустан төмен немесе ауа-райы
әсер ететін жерге орнатпаңыз
немесе пайдаланбаңыз.
Құрылғы орнатылатын еден тегіс,
орнықты, қызуға төзімді және таза
болуға тиіс.
Құрылғы мен еден арасында
ауаның айналуын қамтамасыз
етіңіз.
Құрылғыны тұрғылықты орнына
қойғаннан кейін, ватерпас арқылы
деңгейінің әбден дұрыс
қойылғанына көз жеткізіңіз. Деңгейі
дұрыс болмаса, тіректерін тиісінше
реттеңіз.
Құрылғыны едендегі су ағатын
арықшаның үстіне тура орнатпаңыз.
Құрылғыға су шашпаңыз немесе
оған ылғал әсерін тигізбеңіз.
Құрылғыны құрылғының қақпағы
толық ашылмайтын жерге
орнатпаңыз.
Құрылғының астына ағып кетуі
мүмкін суды құю үшін жабылған
сауыт қоймаңыз. Қолданылатын
керек-жарақтың түрін уәкілетті
қызмет көрсету орталығына
хабарласып біліңіз.
2.2 Электртоғына қосу
ЕСКЕРТУ!
Өрт және электр қатеріне
ұшырау қаупі бар.
Құрылғыны міндетті түрде жерге
тұйықтау қажет.
Әрқашан дұрыс орнатылған,
соққыға төзімді розетканы
қолданыңыз.
Техникалық ақпарат тақтасындағы
параметрлердің негізгі қуатпен
жабдықтау желісіндегі электр
параметрлеріне сәйкес келетініне
көз жеткізіңіз.
Көп тармақты адаптер мен
ұзартқыш сымды қолданбаңыз.
Құрылғының ашасы мен желілік
сымына ешбір зақым келтірмеңіз.
Қорек сымын ауыстыру қажет
болса, оны міндетті түрде қызмет
көрсету орталығы жүзеге асыруға
тиіс.
Құрылғының ашасын розеткаға тек
құрылғыны орнатып болғаннан
кейін ғана қосыңыз. Орнатып
болғаннан кейін ашаның қол
жететін жерде тұрғанына көз
жеткізіңіз.
Қорек сымын немесе ашасын су
қолмен ұстамаңыз.
Құрылғыны ажырату үшін электр
сымынан тартпаңыз. Әрдайым
қорек ашаны қолмен тартып
шығарыңыз.
Бұл құрылғы E.E.C. ережелеріне
сай келеді.
2.3 Суға қосу
Су түтіктеріне зақым келтірмеңіз.
Жаңа түтіктерді немесе ұзақ уақыт
қолданылмаған түтіктерді орнату
алдында, жөндеу жұмыстарын
орындағаннан кейін немесе жаңа
құралдарды орнатқаннан кейін (су
өлшегіш құрал, т.б.) суды таза және
тұнық су аққанша ағызыңыз.
Құрылғыны пайдалану барысында
немесе бірінші рет қолданғаннан
кейін ешбір су ағып тұрмағанына
көз жеткізіңіз.
Су құятын түтік тым қысқа болса
ұзартқыш түтікті қолданбаңыз. Су
құятын түтікті ауыстыру үшін
уәкілетті қызмет көрсету
орталығына хабарласыңыз.
Құрылғыны орауынан шығару
кезінде су төгетін түтіктен судың
ағып тұрғанын көруге болады. Бұл
құрылғыны зауытта суды
пайдаланып сынақтан өткізгенге
байланысты.
Су төгетін түтікті ең көбі 400 cм-ге
ұзартуға болады. Басқа су төгетін
түтік алу не оны ұзарту үшін
уәкілетті қызмет көрсету
орталығына хабарласыңыз.
Орнатып болғаннан кейін кранға
қол жеткізуге болатынына көз
жеткізіңіз.
ҚАЗАҚ 5
2.4 Қолдану
ЕСКЕРТУ!
Жарақат алу, электр
қатері, күйіп қалу, өрт
қаупі, құрылғыны бүлдіріп
алу қаупі бар.
Жуғыш заттың орамындағы
қауіпсіздік нұсқауларын орындаңыз.
Тез тұтанатын өнімдерді немесе
жанғыш, дымқыл заттарды
құрылғының ішіне, жанына немесе
үстіне қоймаңыз.
Май немесе басқа да майлы заттар
қатты ластаған маталарды
жумаңыз. Бұл кір жуғыш
машинаның резеңке бөліктерін
зақымдауы мүмкін. Мұндай
маталарды кір жуғыш машинаға
салар алдында, алдын ала қолмен
жуыңыз.
Кірден барлық темір заттардың
алынғанына көз жеткізіңіз.
2.5 Ішкі шамдар
ЕСКЕРТУ!
Жарақат алу қауіпі бар.
Шамнан көзге көрінетін сәуле
шығады, сәулеге тура қарамаңыз.
LED шамы барабанды
жарықтандыру үшін қажет. Бұл
шамды басқа жарықтандыру
мақсаттары үшін қайта пайдалануға
болмайды.
Ішкі жарықтама шамын ауыстыру
үшін уәкілетті қызмет көрсету
орталығына хабарласыңыз.
2.6 Қызмет көрсету
Құрылғыны жөндеу үшін уәкілетті
қызмет көрсету орталығына
хабарласыңыз. Тек түпнұсқалық
қосалқы бөлшектерді
пайдаланыңыз.
Өздігінен немесе кәсіби емес
жөндеу қауіпсіздікке әсер етуі
мүмкін және кепілдік күшін жоюы
мүмкін екенін ескеріңіз.
2.7 Құрылғыны тастау
ЕСКЕРТУ!
Жарақат алу немесе
тұншығып қалу қаупі бар.
Құрылғыны электр және сумен
жабдықтау желісінен ажыратыңыз.
Құрылғыға жақын орналасқан
электр сымын кесіп, қоқысқа
тастаңыз.
Балалар немесе үй жануарлары
барабанға қамалып қалмас үшін
есіктің бекітпесін ағытып алыңыз.
Құрылғыны Ескірген электр және
электроника құрылғыларын
тастауға (WEEE) арналған
жергілікті ережелерге сәйкес
тастаңыз.
3. БҰЙЫМ СИПАТТАМАСЫ
3.1 Арнайы функциялары
Жаңа құрылғыңыз су мен қуатты,
жуғыш затты аз мөлшерде тұтынады
және кірді аса тиімді түрде жуу мен
кептіруге қойылатын заманауи
талаптардың барлығына сай келеді.
+ Мягкость функциясының
арқасында, мата жұмсартқышы
кірге біркелкі таралады және
керемет жұмсарта отырып, мата
талшықтарына терең енеді.
Бумен киімдерді тез және оңай
жаңартуға болады. Жеңіл бу
бағдарламасы киімдердің иісін
кетіріп, матаның қыжымдануын
азайтады. Үтіктеу оңай болады!
Пятна функциясы алдын ала оңай
кетпейтін дақтарды жұмсартып, дақ
кетіргіштің тиімділігін арттырады.
SensiCare System бағдарламаның
уақытын 30 секунд ішінде анықтап,
кірдің салмағын өлшей алады. Жуу
бағдарламасы кірдің салмағы мен
матаның түріне қажетті уақытқа,
энергия мен суды қажет етпей
бейімделеді.
Oko-Mix технологиясы алдымен
жуатын құралдың матаға
жайылғанына дейін ерітеді, содан
кейін судағы мата жұмсартқышпен
www.electrolux.com6
алдын ала араластыратын әртүрлі
фазаларының нәтижесінде мата
талшықтарын қорғауға арналған.
Осылай, әрбір талшыққа қол
жеткізіліп, күтім көрсетіледі.
3.2 Құрылғының жалпы көрінісі
21
4
5
6
3
1
Басқару панелі
2
Қақпақ
3
Қақпақтың тұтқасы
4
Су төгетін сорғының сүзгісі
5
Құрылғыны деңгейлеуге арналған
тіректер
6
Техникалық ақпарат тақтайшасы
4. БАСҚАРУ ПАНЕЛІ
4.1 Басқару панелінің сипаттамасы
2
3 4 5 6 7
13
12 9
1
81011
1
Бағдарлама тетігі
2
Отжим азайту опцияларының
сенсорлық түймесі
3
Темп. сенсорлық түйме
4
Дисплей
5
Отсрочка старта сенсорлық
түймесі
6
Meнеджер времени сенсорлық
түймесі
7
Старт/Пауза сенсорлық түймесі
8
+ Пар сенсорлық түймесі
ҚАЗАҚ 7
9
+ Мягкость сенсорлық түймесі
10
Доп. полоскание сенсорлық
түймесі
11
Пятна сенсорлық түймесі
12
Предв. cтирка сенсорлық түймесі
13
Вкл/Выкл батырма түймесі
4.2 Дисплей
MIX
Температура аумағы:
Температура индикаторы
Суық су индикаторы
Бала қауіпсіздігі құлпының индикаторы.
Кешіктіріп бастау индикаторы.
Қақпақ құлыптаулы индикаторы.
Сандық индикатор мынаны көрсетеді:
Бағдарлама ұзақтығы (мысалы, ).
Кешіктіру уақыты (мысалы, ).
Цикл соңы ( ).
Ескерту коды (мысалы,
).
Уақыт реттеушісі жолақтарының деңгей көрсеткіші.
Кірдің макс. салмағының индикаторы.
Кірдің салмағы таңдалған бағдарлама үшін рұқсат
етілетін макс. салмақтан асса жыпылықтайды.
Кір қосып салу индикаторы. Жуу циклы басталған кезде
жанады, бұл кезде пайдаланушы құрылғыны кідіртіп, кір
қосып салуына болады.
Барабанды тазалау индикаторы.
Tиxo индикаторы.
www.electrolux.com8
Шаюды кідірту индикаторы.
Айналдыру аумағы:
Айналдыру жылдамдығының индикаторы.
Айналдырмау индикаторы. Айналдыру кезеңі өшірулі.
MIX
Oko-Mix индикаторы.
Бу циклы индикаторы.
Қыжымданудан сақтау циклы индикаторы. Қосымша
мәліметтерді + Пар абзацынан оқыңыз.
5. ТЕТІКТЕР МЕН ТҮЙМЕЛЕР
5.1 Кіріспе
Опциялар/функциялар кей
жуу бағдарламаларында
қолжетімсіз. Опциялар/
функциялар мен жуу
бағдарламаларының өзара
үйлесімділігін "Бағдарлама
кестесінен" қараңыз.
Опциялар/функциялар
басқа функциялармен
үйлеспеуі мүмкін, мұндай
жағдайда құрылғы
үйлеспейтін опциялар/
функцияларды орнатуға
рұқсат бермейді.
5.2 Вкл/Выкл
Құрылғыны қосу немесе сөндіру үшін
осы түймені бірнеше секунд басыңыз.
Құрылғыны қосу немесе сөндіру
кезінде екі түрлі дыбыс естіледі.
Қуатты үнемдеу үшін Күте тұру режимі
құрылғыны бірнеше минуттан кейін
автоматты түрде сөндіретіндіктен,
құрылғыны қайта қосу керек болуы
мүмкін.
Қосымша ақпаратты Күнделікті
пайдалану тарауындағы Күте тұру
тармағынан қараңыз.
5.3 Темп.
Жуу бағдарламасын таңдалған кезде
құрылғы автоматты түрде әдепкі
температураны ұсынады.
Дисплейде қажетті температура мәні
көрінгенше осы түймені қайталап
басыңыз.
Дисплейде индикаторлары пайда
болған кезде құрылғы суды
қыздырмайды.
5.4 Отжим
Бағдарламаны орнатқан кезде,
құрылғы Дeним бағдарламасынан
басқалары үшін автоматты түрде ең
үлкен рұқсат етілген айналдыру
жылдамдығын орнатады. Осы
функцияның көмегімен әдепкі
айналдыру жылдамдығын өзгертуге
болады.
Келесіні орындау үшін осы түймені
қайталап басыңыз:
Айналдыру жылдамдығын
азайтыңыз. Дисплейде орнатылған
бағдарламада ғана қолжетімді
айналдыру жылдамдықтары
көрсетіледі.
Қосымша айналдыру
опцияларыАйналдырмау .
Барлық айналдыру циклдарын
болдырмау үшін осы функцияны
орнатыңыз. Құрылғы таңдалған жуу
бағдарламасының ғана су төгу
циклын орындайды. Бұл функцияны
өте нәзік маталар үшін орнатыңыз.
Кей жуу бағдарламаларында шаю
циклы көп су пайдаланады
Шаюды кідірту
опциясын
қосыңыз.
Соңғы шаю циклы орындалмайды.
Соңғы шаю циклінің суы, киімдер
ҚАЗАҚ 9
қыжымданып қалмас үшін
төгілмейді. Жуу бағдарламасы
аяқталғанда барабан ішінде су
қалады.
Дисплейде индикаторы
көрсетіледі. Қақпақ құлыптаулы
тұрады және барабан кірдің
қыжымдануын азайту үшін тұрақты
шайқайды. Қақпақтың бекітпесін
ашу үшін суды төгу керек.
Старт/Пауза түймесін бассаңыз,
құрылғы айналдыру циклын
орындайды және суды төгеді.
Құрылғы суды шамамен
18 сағаттан кейін
автоматты түрде төгеді.
Tиxo опциясын қосыңыз.
Ортаңғы және соңғы шаю
циклддары болдырылмайды және
бағдарлама аяқталғанда ішінде су
тұрады. Бұл кірдің қыжымдануын
азайтады.
Дисплейде индикаторы пайда
болады. Қақпақ құлыпталып
тұрады. Мыжылуды азайту үшін
барабан мезгіл-мезгіл айналады.
Қақпақтың бекітпесін ашу үшін суды
төгу керек.
Бағдарлама өте шуылсыз
болғандықтан, электр тарифтері
арзандау түнгі уақыттарда
қолдануға өте ыңғайлы. Кейбір
бағдарламаларда шаю циклдарына
көбірек су пайдаланылады.
Егер Старт/Пауза
түймесін
бассаңыз құрылғы су төгу циклын
ғана орындайды.
Құрылғы суды шамамен
18 сағаттан кейін
автоматты түрде төгеді.
5.5 Предв. cтирка
Осы параметрдің көмегімен жуу
бағдарламасына алдын ала жуу
циклын қосуға болады.
Сенсорлық түйменің үстіндегі тиісті
индикатор жанады.
Жуу циклінен бұрын 30 °C
градуспен алдын ала жуу циклін
қосу үшін осы опцияны
қолданыңыз.
Бұл опция қатты ластанған кірлер
үшін ұсынылады, мысалы, құм, шаң
және басқа қатты заттармен
ластанған.
Опциялар бағдарламаның
уақытын ұзартады.
5.6 Пятна
Бағдарламаға дақты кетіру циклін қосу
үшін осы түймені басыңыз.
Сенсорлық түйменің үстіндегі тиісті
индикатор жанады.
Дағы оңай кетпейтін кірлерді жуу үшін
осы функцияны қолданыңыз.
Осы функцияны орнатқан кезде, дақ
кетіргішті бөлігіне салыңыз.
Дақ кетіргіш тиімділікті арттыру үшін
алдын ала араластырылған және
жуғыш затпен қыздырылған.
Бұл функция
бағдарламаның уақытын
ұзартады.
Бұл функция 40 °C
градустан төмен
температурада жұмыс
істемейді.
5.7 Тұрақты Доп. полоскание
Бұл опцияның көмегімен таңдалған
жуу бағдарламасына сай бірнеше шаю
циклын қосуға болады.
Бұл циклды жуғыш заттардың
қалдықтарына аллергиясы бар және
терісі сезімтал адамдар үшін
пайдаланыңыз.
Бұл функция
бағдарламаның уақытын
ұзартады.
Сенсорлық түйменің үстіндегі тиісті
индикатор жыпылықтап, осы опция
сөндірілгенше келесі циклдар бойы
тұрақты қосылып тұрады.
5.8 Тұрақты + Мягкость
Бұл опцияны матаның жұмсақтығын
арттыру үшін мата жұмсартқышты
ұтымды тарату үшін орнатыңыз.
www.electrolux.com10
Мата жұмсартқышты пайдаланған
кезде қолдануды ұсынамыз.
Бұл опция бағдарламаның
уақытын ұзартады.
Сенсорлық түйменің үстіндегі тиісті
индикатор жыпылықтап, осы опция
сөндірілгенше келесі циклдар бойы
тұрақты қосылып тұрады.
5.9 + Пар
Бұл түймені бу деңгейін орнату үшін
түртіңіз. Бұл тек бу функциясы
қолжетімді бағдарламаларда мүмкін.
Бу циклының ұзақтығы таңдауыңызға
сай өзгеріп тұрады. Plus Steam
опциясы орнатылған кезде,
бағдарлама қыжымданудан сақтау
циклымен аяқталады. Бұл кезде
барабан қатпарлануды болдырмау
үшін кейде айналып тұрады.
Дисплейде және көрсетіледі
әрі Старт/Пауза түймесі жанады.
Қыжымданудан сақтау циклының
соңында барабан міндетті түрде
тоқтайды, индикатор өшеді, есіктің
құлпы ашылады. Пайдаланушы
қыжымданудан сақтау циклын мына
жолдармен кез келген сәтте тоқтата
алады:
Құрылғыны белсендіру немесе
сөндіру үшін Вкл/Выкл түймесін
бірнеше секунд бойы басыңыз;
селектор тетігін басқа орынға бұру.
5.10 Отсрочка старта
Осы опцияның көмегімен бағдарлама
басталатын уақытты ыңғайлы уақытқа
дейін шегеруге болады.
Қажетті кешіктіріп бастау циклын
орнату үшін түймені бірнеше рет
басыңыз. Уақыт 1 сағаттан 20 сағатқа
дейін артады.
Дисплейде индикаторы мен
таңдалған уақыт пайда болады. Старт/
Пауза түймесін түрткеннен кейін,
құрылғы кері санақты бастайды және
қақпақ құлыпталады.
5.11 Meнеджер времени
Осы опцияның көмегімен кірдің
мөлшері мен қаншалықты
ластанғанына қарай бағдарлама
уақытын қысқартуға болады.
Жуу бағдарламасын орнатқан кезде
бейнебетте әдепкі уақыт көрсетіледі
және
жыпылықтайды.
Бағдарлама уақытын қажетіңізге сай
азайту үшін Meнеджер времени
түймесін басыңыз. Дисплейде
бағдарламаның жаңа уақыты пайда
болады және сызықтар саны тиісінше
азаяды:
қалыпты ластанған кірлерді
толтыра салған кезде қолдануға
арналған.
- шамалы ластанған кірлерді
толтыра салғанда пайдалануға
арналған жылдам цикл.
- шамалы ластанған кірді аз
салғанда қолданылатын өте жылдам
бағдарлама (макс. жартылай толтыру
керек).
- аз кірді жаңартуға арналған ең
қысқа цикл.
Meнеджер времени функциясы
кестеде көрсетілген бағдарламаларда
ғана жұмыс істейді.
индикатор
Хлопок
Хлопок Эко
Синтетика
1)
ҚАЗАҚ 11
индикатор
Хлопок
Хлопок Эко
Синтетика
1)
Барлық бағдарламаларға арналған
әдепкі ұзақтық.
Meнеджер времени бу
бағдарламаларымен бірге
Бу бағдарламасын орнатқан кезде,
осы түймешік үш бу деңгейін таңдауға
мүмкіндік береді және бағдарламаның
ұзақтығы сәйкесінше азаяды:
: ең көбі.
: орташа.
: ең азы.
Кейбір құрылғыларда
бағдарлама ұзақтығы
сызық көрсетілмей-ақ
азаяды.
5.12 Старт/Пауза
Құрылғыны іске қосу, кідірту не
қосылып тұрған бағдарламаны кідірту
үшін Старт/Пауза
түймесін
басыңыз.
6. БАҒДАРЛАМАЛАР
6.1 Бағдарлама кестесі
Бағдарлама
Әдепкі
температура
Температура
ауқымы
Базалық
айналды
ру
жылдамд
ығы
Айналды
ру
жылдамд
ығының
ауқымы
Ең
үлкен
салма
қ
Бағдарлама сипаттамасы
(Кірдің салмағы және кірлеу дәрежесі)
Жуу бағдарламалары
Хлопок
40 °C
90 °C - Суық
1500
мин/айн
(1500- 400
айн/мин)
6 кг Ақ және түрлі-түсті мақта мата. Қалыпты,
қатты немесе аздап кірлеген.
Хлопок Эко
1)
40 °C
60 °C - 40 °C
1500
мин/айн
(1500- 400
айн/мин)
6 кг Ақ және бояуы қанық мақта мата.
Қалыпты кірлеген. Қуатты пайдалану
азаяды және жуу бағдарламасының уақыты
ұзарады және жақсы жуу нәтижелерімен
қамтамасыз етеді.
Синтетика
40 °C
60 °C - Суық
1200
мин/айн
(1200- 400
айн/мин)
3 кг Синтетика немесе аралас матадан
жасалған заттар. Қалыпты кірлеген.
www.electrolux.com12
Бағдарлама
Әдепкі
температура
Температура
ауқымы
Базалық
айналды
ру
жылдамд
ығы
Айналды
ру
жылдамд
ығының
ауқымы
Ең
үлкен
салма
қ
Бағдарлама сипаттамасы
(Кірдің салмағы және кірлеу дәрежесі)
Тонкие ткани
30 °C
40 °C - Суық
1200
мин/айн
(1200- 400
айн/мин)
2 кг Баппен жууды қажет ететін акрил,
вискоза және аралас маталарға
арналған. Қалыпты кірлеген.
Бу бағдарламалары
Пар
-
1 кг Мақта мата және синтетикаға заттарға
арналған бу бағдарламасы.Бу
бағдарламасын кептіру үшін қолдануға
болады
2)
, жуылған не бір рет киілген. Бұл
бағдарлама қыжымдану мен иістерді
азайтады
3)
және маталарды
демалдырады. Бағдарлама аяқталған
кезде кірді барабаннан дереу алыңыз. Бу
бағдарламасынан кейін үтіктеу оңай. Ешбір
жуғыш зат қолданбаңыз. Егер қажет болса,
дақты жуу немесе жумай тұрып тазарту
арқылы кетіріңіз. Бу бағдарламалары ешбір
зарарсыздандыру циклін орындамайды.
Мына заттар үшін Бу бағдарламасын
орнатпаңыз:
Кептіргішпен кептіруге жарамайтын
заттар.
Пластик, темір, ағаш немесе т.б.
тағылған заттардың барлығы.
Кашемир
-
1 кг Жүн мата және кашемир. Ең көбі 1кг,
машинада және қолмен жууға болатын жүн
мата мен кашемир киімдерді жумастан
жаңартуға арналған қысқа бағдарлама.
Осыған ұқсас заттарды жаңартқан кезде
Meнеджер времени опциясы арқылы
бағдарламаның уақытын бұдан да
қысқарта түсуге болады.
ЕСКЕРТУ!
Бұл бағдарламаны құрғақ
тазалауды қажет ететін жүн
маталарды тазалау үшін
қолданбаңыз.
ҚАЗАҚ 13
Бағдарлама
Әдепкі
температура
Температура
ауқымы
Базалық
айналды
ру
жылдамд
ығы
Айналды
ру
жылдамд
ығының
ауқымы
Ең
үлкен
салма
қ
Бағдарлама сипаттамасы
(Кірдің салмағы және кірлеу дәрежесі)
Арнайы бағдарламалар
Отжим/Слив
1500
мин/айн
(1500- 400
айн/мин)
6 кг Кірді айналдыруға және барабандағы суды
төгуге арналған. Жүн мата мен өте нәзік
маталардан басқа барлық маталар.
Полоскание
1500
мин/айн
(1500- 400
айн/мин)
6 кг Барлық маталар, жүн мата мен өте нәзік
матадан басқа. Кірді шаятын және
айналдыратын бағдарлама. Мақта мата
бағдарламалар үшін орнатылған әдепкі
айналдыру жылдамдығы қолданылады.
Айналдыру жылдамдығын матаның түріне
қарай азайтыңыз. Қажет болса, қосымша
шаю үшін Доп. полоскание опциясын
қолданыңыз. Айналдыру жылдамдығы
төмен болған кезде, құрылғы баппен
шаяды және қысқа айналдырады.
Қосымша жуу бағдарламалары
Пyxoвики
40 °C
60 °C - Суық
800
мин/айн
(800- 400
айн/мин)
2 кг Бір құс мамығынан жасалған куртка ,
синтетикалық төсек жапқыш, көрпе,
төсек жаймасы, т.с.с. арналған арнайы
бағдарлама.
Зa 14 мин
30 °C
800
мин/айн
(800- 400
айн/мин)
1,5 кг Синтетика және аралас мата заттар.
Шамалы кірлеген және жаңартуды қажет
ететін заттар.
www.electrolux.com14
Бағдарлама
Әдепкі
температура
Температура
ауқымы
Базалық
айналды
ру
жылдамд
ығы
Айналды
ру
жылдамд
ығының
ауқымы
Ең
үлкен
салма
қ
Бағдарлама сипаттамасы
(Кірдің салмағы және кірлеу дәрежесі)
Kypтки
30 °C
40 °C - Суық
1200
мин/айн
(1200- 400
айн/мин)
2 кг
4)
1 кг
5)
Мата жұмсартқыштарды
пайдаланбаңыз және жуғыш зат
үлестіргіштен мата
жұмсартқыштың қалмағанын
тексеріңіз.
Синтетика спорт заттар. Бұл бағдарлама
дала спортына арналған соңғы үлгінің
киімдерін баппен жууға және фитнес залы,
велосипед тебу не жүгіруге не сол сияқты
киімдерді жууға арналған. Кірдің
ұсынылатын салмағы 2 кг.
Су өткізбейтін, су өткізбейтін, әрі ауа
өткізетін және суды сіңірмейтін маталар.
Бұл бағдарламаны сонымен қатар, суға
төзімсіз маталардың суын арылту циклы
үшін қолдануға болады. Суды арылту
циклын орындау үшін мына әрекетті
орындаңыз:
Жуғыш затты бөлігіне салыңыз.
Арнайы су арылтатын затты
тартпасының мата жұмсартқышқа
арналған бөлігіне салыңыз.
Кірдің салмағын 1кг-ға дейін азайтыңыз.
Суды арылту әрекетін бұдан әрі
қарай тағы да жақсарта түсу
үшін, кірді Kypтки
бағдарламасын орнату (егер
бар болса және киімнің
нұсқауында кептіруге болатыны
көрсетілсе) арқылы кір
кептіргішке салып кептіріңіз.
Дeним
30 °C
40 °C - Суық
800
мин/айн
(1200- 400
айн/мин)
2 кг Бояуын кетірмей, дақ қалдырмай
жуатын, Джинс киімдерге арналған
арнайы бағдарлама. Жақсы күтім көрсету
үшін салмақты азайту ұсынылады.
ҚАЗАҚ 15
Бағдарлама
Әдепкі
температура
Температура
ауқымы
Базалық
айналды
ру
жылдамд
ығы
Айналды
ру
жылдамд
ығының
ауқымы
Ең
үлкен
салма
қ
Бағдарлама сипаттамасы
(Кірдің салмағы және кірлеу дәрежесі)
УльтраCтирка
30 °C
60 °C - 30 °C
1500
мин/айн
(1500- 400
айн/мин)
3 кг Мақта маталар. Қысқа уақытта жақсу жууға
арналған, қарқынды жуатын бағдарлама.
Шерсть
40 °C
40 °C - Суық
1200
мин/айн
(1200- 400
айн/мин)
1,5 кг «Қолмен жуу» белгісі бар нәзік маталар,
машинамен жууға болатын жүн маталар
және қолмен жууға болатын жүн маталар
6)
.
1)
6кг кірді 60 °C градуста жуатын бұл бағдарлама GOST R IEC 60456:2010
стандартына сәйкес дайындалған қуат жапсырмасындағы деректерге сәйкес келеді.
2)
Бу бағдарламасын кепкен кір үшін орнатқан кезде, цикл соңында кір дымқыл болуы
мүмкін. Кепкен кірлерді 10 минут қоя тұрыңыз.
3)
Бу бағдарламасы өте күшті иісті арылта қоймайды
4)
Жуу бағдарламалары.
5)
Жуу бағдарламасы және суға төзімді ету циклы.
6)
Осы цикл кезінде кірді баппен жуу үшін барабан баяу айналады. Барабан мүлдем
айналмай немесе дұрыс айналмай тұрған сияқты болып көрінуі мүмкін, бірақ бұл осы
бағдарлама үшін қалыпты жағдай
Бағдарлама опцияларының үйлесімділігі
Бағдарлама
Отжим
Предв. cтирка
1)
Пятна
2)
Доп. полоскание
+ Мягкость
+ Пар
2)
Отсрочка старта
Meнеджер времени
Хлопок
Хлопок Эко
Синтетика
Тонкие ткани
Пар
www.electrolux.com16
Бағдарлама
Отжим
Предв. cтирка
1)
Пятна
2)
Доп. полоскание
+ Мягкость
+ Пар
2)
Отсрочка старта
Meнеджер времени
Кашемир
Отжим/Слив
3)
Полоскание
Пyxoвики
Зa 14 мин
Kypтки
Дeним
УльтраCтирка
Шерсть
1)
Предв. cтирка және Пятна функциясын бірге таңдауға болмайды.
2)
Бұл опция 40 °C градустан төмен температурада жұмыс істемейді.
3)
Егер Айналдырмау циклын орнатсаңыз, құрылғы тек суды төгу циклын ғана
орындайды.
6.2 Woolmark Apparel Care - Жасыл
Woolmark компаниясы бұл машинаның
жүн матаны жуу бағдарламасын
сертификаттаған, дегенмен бұл
компанияның талабы бойынша «қолмен
жуу» деген затбелгісі бар заттарды, осы
кір жуғыш машинаны өндірушінің
нұсқауларын сақтап жуу керек. Киімді
кептіру және оған күтім көрсетуге
қатысты басқа нұсқауларды киімге күтім
көрсету белгісінен қараңыз. M1734
Woolmark белгісі көп елдерде
сертификатталған белгі болып
табылады.
ҚАЗАҚ 17
7. ПАРАМЕТРЛЕР
7.1 Дыбыстық сигналдар
Құрылғының мына жағдайларда
қосылатын әр түрлі дыбыстық
сигналдары бар:
Құрылғыны қосасыз (арнайы қысқа
сигнал).
Құрылғыны сөндіресіз (арнайы
қысқа сигнал).
Түймелерді түрткенде (сырт еткен
дыбыс).
Жарамсыз параметрді таңдағанда
(3 қысқа сигнал).
Бағдарлама аяқталғанда (шамамен
2 минут естілетін дыбыстар тізбегі).
Құрылғыда ақау бар (шамамен 5
минут бойы естілетін қысқа
дыбыстар тізбегі).
Бағдарлама аяқталғанда дыбыстық
сигналдарды сөндіру/қосу үшін
Предв.cтирка және Пятна түймелерін
шамамен 2 секунд қатар басыңыз.
Бейнебетте On/Off көрсетіледі
Дыбыстық сигналдарды
сөндірсеңіз, олар
құрылғыда ақау пайда
болған кезде қосыла
береді.
7.2 Қауіпсіздік құралы
Осы опцияның көмегімен балалар
басқару панелімен ойнауға жол
бермейсіз.
Осы опцияны қосу/сөндіру үшін + Пар
түймені дисплейде жанып/
сөнгенше басыңыз.
Құрылғыны сөндіргеннен кейін осы
опция әдепкі болып сақталып қалады.
Бала қауіпсіздігінің функциясы
құрылғыны қосқаннан кейін бірнеше
секунд қолжетімсіз болып тұруы
мүмкін.
8. ЕҢ АЛҒАШ ПАЙДАЛАНУ АЛДЫНДА
1. Электр қуаты бар екенін, су
кранының ашық екенін тексеріңіз.
2. 2 литр суды таңбасымен
белгіленген бөлікке құйыңыз.
Бұл әрекет су төгу жүйесін іске қосады.
3. Мына таңба салынған бөлікке
шамалы су құйыңыз.
4. Мақта матаға арналған
бағдарламаны орнатып, ең жоғары
температураға қойып ешбір кір
салмай жуыңыз.
Бұл цикл барабан мен машинаның
ішінде бар болуы мүмкін кірлердің
барлығын кетіреді.
9. ӘРКҮНДІК ҚОЛДАНУ
ЕСКЕРТУ!
Қауіпсіздік тарауларын
қараңыз.
9.1 Құрылғыны іске қосу
1. Ашаны розеткаға қосыңыз.
2. Су құятын шүмекті ашыңыз.
3. Құрылғыны іске қосу үшін Вкл/Выкл
түймешігін басыңыз.
Қысқа дыбыстық сигнал естіледі.
9.2 Кірді салу
1. Құрылғының қақпағын ашыңыз.
www.electrolux.com18
2. A түймесін басыңыз.
A
Барабан автоматты түрде ашылады.
3. Кірді барабанға бір-бірден
салыңыз.
4. Кірлерді құрылғыға салар алдында
сілкілеңіз.
Барабанға тым көп кір салынбағанына
көз жеткізіңіз.
5. Барабан мен қақпақты жабыңыз.
АБАЙЛАҢЫЗ
Құрылғының есігін жабар
алдында, барабанның
дұрыс жабылғанына көз
жеткізіңіз.
9.3 Жуғыш зат салынатын
бөліктер. Жуғыш зат пен
үстемелерді пайдалану
1. Кір жуғыш машинаға арналған
арнайы жуғыш затты және мата
жұмсартқышты өлшеп алыңыз.
2. Жуғыш зат пен мата жұмсартқышты
тиісті бөліктерге салыңыз.
Жуғыш заттардың
орамында көрсетілетін
нұсқауларды әрқашан
орындаңыз.
Алдын ала жуу циклына
арналған жуғыш зат бөлігі.
MAX белгісі жуғыш заттың
(ұнтақ немесе сұйық) ең көп
мөлшерін көрсетеді.
Дақ кетіретін бағдарламаны
орнатқанда, жуғыш зат
қосыңыз (ұнтақ немесе
сұйық).
Жуу циклына арналған
жуғыш зат бөлігі.
MAX белгісі жуғыш заттың
(ұнтақ немесе сұйық) ең көп
мөлшерін көрсетеді.
Сұйық үстемелерге
арналған бөлік (мата
жұмсартқыш, крахмал).
M
таңбасы құйылатын
сұйық үстемелердің ең
жоғары деңгейін көрсетеді.
Ұнтақ немесе сұйық жуғыш
затқа арналған бөлгіш.
ҚАЗАҚ 19
9.4 Сұйық немесе ұнтақ
жуғыш зат
1.
CLICK
2.
A
3.
CLICK
4.
B
A қалпы ұнтақ жуғыш затқа арналған (зауыттық бапталым).
B - сұйық жуғыш затқа арналған.
Сұйық жуғыш затты пайдаланған кезде:
Қоймалжың немесе қою сұйық жуғыш заттарды қолданбаңыз.
Сұйық жуғыш затты ең жоғары деңгейден асырып салмаңыз.
9.5 Бағдарламаны орнату
1. Қажетті жуу бағдарламасын таңдау
үшін бағдарлама таңдау тетігін
бұраңыз.
Старт/Пауза
түймешігінің
индикаторы жыпылықтайды.
Дисплейде бағдарламаның болжалды
ұзақтығы көрсетіледі.
2. Температураны және/немесе
айналдыру жылдамдығын өзгерту
үшін тиісті түймелерді басыңыз.
3. Қажет болған жағдайда тиісті
түймелерді басып бір немесе
бірнеше опцияларды орнатыңыз.
Дисплейде қажетті индикаторлар
жыпылықтап, берілетін ақпарат
тиісінше өзгереді.
Егер таңдау мүмкін
болмаса дыбыстық сигнал
естіліп, дисплейде
пайда болады.
9.6 Бағдарламаны бастау
Бағдарламаны бастау үшін Старт/
Пауза
түймесін басыңыз. Түйменің
индикаторы сөніп және жыпылықтамай
тұрса, (мысалы, бағдарлама тетігі
дұрыс қалыпта тұрған жоқ)
бағдарламаны бастау мүмкін емес.
Тиісті индикатор жыпылықтауын
тоқтатып, жанған қалпы тұрады.
Бағдарлама басталып, қақпақ
бұғатталған. Бейнебетте
индикаторы пайда болады.
www.electrolux.com20
/