Бағдарламаның аяқталуы
Бағдарлама аяқталған кезде
индикаторы жанады.
1. Құрылғыны сөндіру үшін қосу/өшіру
түймешігін басыңыз.
2. Судың шүмегін жабыңыз.
Құрылғыны 5 минут ішінде
сөндірмесеңіз, барлық
индикаторлар сөнеді. Бұл
электр қуатын аз тұтынуға
көмектеседі.
9. АҚЫЛ-КЕҢЕС
9.1 Жалпы
Келесі ақыл-кеңестер күнделікті
қолдану барысында кептіріп және
тазалаған кезде жақсы нәтижелерге
қол жеткізуге, сондай-ақ, қоршаған
ортаны қорғауға көмектеседі.
• Ыдыстарға жабысқан тағамның
үлкенірек қалдықтарын алып,
қоқысқа салыңыз.
• Ыдысты алдын ала қолмен
шаймаңыз. Егер қажет болса,
алдын ала жуу бағдарламасын
(егер бар болса) қолданыңыз
немесе алдын ала жуу циклі бар
бағдарламаны таңдаңыз.
• Себеттердің ішіндегі орынды үнемі
толық пайдаланыңыз.
• Құрылғыға зат салған кезде,
бүріккіштен шыққан судың
ыдыстардың барлығына толық
жетіп және оларды жуа алатынына
көз жеткізіңіз. Заттардың бір-біріне
тимей немесе бірін бірі далдалап
тұрмағанына көз жеткізіңіз.
• Ыдыс жуғыш машинаға арналған
жуғыш, шайғыш құралды және
тұзды бөлек пайдалануға немесе
аралас таблеткаларды пайдалануға
болады (мысалы, "3in1'', ''4in1'', ''All
in 1''). Орамында көрсетілген
нұсқауларды орындаңыз.
• Бағдарламаны салынған заттар
мен олардың ластану деңгейіне
қарай орнатыңыз. ECO
бағдарламасын пайдаланып
қалыпты кірлеген ас үй құралдары
және ыдыс-аяқты жуғанда, су мен
қуат барынша тиімді жұмсалады.
9.2 Тұз, шайғыш зат және
жуғыш затты пайдалану
• Тек ыдыс жуғыш машинаға
арналған тұзды, шайғыш және
жуғыш затты пайдаланыңыз. Басқа
өнімдер құрылғыға нұқсан келтіруі
мүмкін.
• Дегенмен, суы кермек және өте
кермек аймақтарда жуу және
кептіру нәтижесі барынша жақсы
болуы үшін жеке жуғыш (қосымша
функциялары жоқ ұнтақты, гельді,
таблеткаларды), шайғыш затты
және тұзды жеке-жеке
пайдаланыңыз.
• Кем дегенде айында бір рет
құрылғыны құрылғы жууға арналған
заттан құйып, іске қосыңыз.
• Жуғыш таблеткалар қысқа
бағдарламаларда әбден ерімейді.
Жуғыш заттардың қалдықтары
ыдыстарға тұрып қалмас үшін
жуғыш таблеткаларды
пайдаланғанда ұзақ
бағдарламаларды қолдануды
ұсынамыз.
• Жуғыш затты қажетті мөлшерден
артық пайдаланбаңыз. Жуғыш
заттың орамындағы нұсқауларды
қараңыз.
9.3 Жуғыш таблеткаларды
пайдалануды тоқтатқыңыз
келсе
Жуғыш затты, тұзды және шайғыш
заттарды жеке-жеке пайдалану
алдында келесі әрекетті орындаңыз.
1. Су жұмсартқыштың ең жоғары
деңгейін орнатыңыз.
ҚАЗАҚ 13