EQG4120BOG

Electrolux EQG4120BOG Руководство пользователя

  • Здравствуйте! Я прочитал инструкцию по эксплуатации варочной панели Electrolux EQG4120BOG. Готов ответить на ваши вопросы о её функциях, установке, использовании и уходе. В руководстве описывается розжиг конфорок, регулировка пламени, советы по безопасности и чистке поверхности.
  • Как зажечь конфорку?
    Как очистить варочную панель?
    Что делать, если пламя погасло?
    Какие размеры варочной панели?
EQG4120BOG
KK Пісіру алаңы Қолдану туралы нұсқаулары 2
RU Варочная панель Инструкция по эксплуатации 20
UK Варильна поверхня Інструкція 40
МАЗМҰНЫ
1. САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ....................................................................................... 3
2. ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЛАРЫ............................................................................ 4
3. БҰЙЫМ СИПАТТАМАСЫ................................................................................. 8
4. ӘРКҮНДІК ҚОЛДАНУ........................................................................................8
5. АҚЫЛ-КЕҢЕС.................................................................................................... 9
6. КҮТУ МЕНЕН ТАЗАЛАУ................................................................................. 10
7. АҚАУЛЫҚТЫ ТҮЗЕТУ.....................................................................................11
8. ОРНАТУ........................................................................................................... 12
9. ТЕХНИКАЛЫҚ АҚПАРАТ................................................................................18
10. ҚУАТ ТИІМДІЛІГІ........................................................................................... 18
СІЗ ОЙЫМЫЗДА БОЛДЫҢЫЗ
Electrolux құрылғысын сатып алғаныңызға рахмет. Сіз ондаған жылдар
бойғы кәсіби тәжірибе мен инновацияға сүйеніп жасалған құрылғыны
таңдадыңыз. Тапқырлықтың туындысы болған, көз тартарлық бұл құрылғыны
жасау барысында сіз ойымызда болдыңыз. Сондықтан, қолданған сайын
тамаша нәтижеге қол жеткізе алатыныңызға сенімді болыңыз.
Electrolux әлеміне қош келдіңіз.
Біздің веб-сайтқа барып келесіні қараңыз:
Қолдануға қатысты кеңестер, кітапшалар, ақаулықты түзету, қызмет
көрсету туралы ақпарат:
www.electrolux.com
Сізге барынша жақсы қызмет көрсету үшін өніміңізді мына жерге тіркеңіз:
www.registerelectrolux.com
Құрылғыңызға қажетті керек-жарақтарды, шығынды материалдарды және
фирмалық қосалқы бөлшектерді сатып алу үшін:
www.electrolux.com/shop
ТҰТЫНУШЫҒА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
Фирмалық заттарды қолдануды ұсынамыз.
Қызмет көрсету орталығына хабарласқанда келесі деректердің дайын
болуын қамтамасыз етіңіз. Үлгісі, Өнім нөмірі, Сериялық нөмірі.
Деректерді техникалық ақпарат тақтайшасынан алуға болады.
Ескерту / Қауіп-қатерден сақтандыру ақпараты
Жалпы ақпарат және ақыл-кеңес
Қоршаған ортаға қатысты ақпарат
Өндіруші ескертусіз өзгеріс енгізу құқығына ие.
www.electrolux.com2
1. САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ
Құрылғыны орнатып іске қолданар алдында бірге
жеткізілген нұсқауларды мұқият оқып шығыңыз.
Құрылғыны дұрыс орнатпау мен дұрыс пайдаланбау
нәтижесінде адам жарақат алса және ақаулық орын
алса өндіруші жауапты емес. Нұсқаулықты
келешекте қарап жүру үшін үнемі сақтап қойыңыз.
1.1 Балалар мен дәрменсіз адамдардың
қауіпсіздігі
Бұл құрылғыны 8 жастан асқан балалар мен
денесіне, сезім жүйесіне не ақыл-есіне зақым
келген адамдар не тәжірибесі аз адамдар өз
қауіпсіздіктерін қамтамасыз ететін адамның
қадағалауы немесе құрылғыны қауіпсіз қолдану
бойынша берген нұсқауына сүйеніп, дұрыс
қолданбау салдарын түсінсе қолдануына болады.
Балаларға құрылғымен ойнауға рұқсат бермеңіз.
Орам материалдарының барлығын балалардан
алыс ұстаңыз.
Құрылғы жұмыс істеп тұрғанда немесе ол суып
тұрғанда, балалар мен үй жануарларын оған
жақындатпаңыз. Қол жететін бөлшектері ыстық.
Құрылғы бала қауіпсіздігінің құралымен
жабдықталса, оны іске қосуды ұсынамыз.
Балалар тазалау және күтім көрсету жұмыстарын
басқаның бақылауынсыз орындамауға тиіс.
3 жасқа толмаған балаларды үнемі қарап
отырмаған жағдайда құрылғыдан алыс ұстау керек.
1.2 Қауіпсіздік туралы жалпы ақпарат
Құрылғы мен оның қол жететін жердегі бөлшектері
қолдану барысында ысып тұрады. Қыздырғыш
элементтерге қол тигізбеңіз.
Құрылғыны сыртқы таймермен немесе бөлек
қашықтан басқару жүйесімен басқармаңыз.
ҚАЗАҚ 3
Май немесе өсімдік майы қосылған тағамды пештің
үстіне қараусыз қалдыру қауіпті және өрт шығуы
мүмкін.
Өртті ешқашан сумен сөндіруге әрекет жасамаңыз,
бұндай жағдайда құрылғыны сөндіріп, содан кейін
жалынды қақпақ немесе өрт басқыш көрпе тәрізді
затпен жабыңыз.
Пісіру алаңына зат сақтамаңыз.
Пышақ, шанышқы, қасық және қақпақ тәрізді темір
заттарды пештің үстіне қоймаңыз, себебі ысып
кетеді.
Құрылғыны бумен тазалау құралын пайдаланып
тазаламаңыз.
Егер шыны керамика бет / шыны сынса, электр
қатері пайда болмас үшін құрылғыны сөндіріңіз.
Егер пеш үстінің шынысы сынып қалса:
барлық оттықтарды дереу сөндіріңіз де, электрлі
қыздырғыш элементтердің барлығын оқшаулап,
құрылғыны қуат көзінен ажыратыңыз.
құрылғының бетіне қол тигізбеңіз,
құрылғыны пайдаланбаңыз.
Егер қуат cымына зақым келген болса, қатерден
сақтану үшін оны өндіруші немесе уәкілетті техник
немесе сол сияқты білікті маман ауыстыруға тиіс.
Құрылғыны тоққа тура қосу үшін, контакт
интервалы сақталатын, барлық полюстерде
оқшаулайтын айырып-қосқыш қажет. Тоқты айыру
жұмыстарын міндетті III-ші асқын кернеу санатында
көрсетілген жағдайларға сай іске асыру керек.
Жерге тұйықтау сымы қолданылмайды.
Электр сымын төсеген кезде, температурасы
бөлме температурасынан 50°C градус жоғары
болатын заттарға тура тигізбей (мысалы,
оқшаулағыш төлкені пайдаланып) орнатыңыз.
2. ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЛАРЫ
Бұл құрылғы келесі нарықтарға
арналған: KZ RU UA
www.electrolux.com4
2.1 Орнату
НАЗАРЫҢЫЗДА
БОЛСЫН!
Бұл құрылғыны тек білікті
маман ғана орнатуға тиіс.
Орам материалдарының барлығын
алыңыз
Бүлінген құрылғыны орнатпаңыз
немесе іске қоспаңыз.
Құрылғымен бірге берілген орнату
бойынша нұсқауларды орындаңыз.
Осы құрылғы мен басқа
құрылғылардың, заттардың
арасындағы минимум қашықтықты
сақтаңыз.
Құрылғыны жылжытқан кезде үнемі
абай болыңыз, себебі салмағы
ауыр. Әрқашан қорғаныс қолғабын
киіңіз.
Кесілген беттерге ылғал кіріп
үлкейтіп жібермес үшін
тығыздағышпен бітеңіз.
Құрылғының астыңғы жағын бу мен
ылғалдан қорғаңыз.
Құрылғыны есікке жақын жерге
терезенің астына қоймаңыз. Бұл
есік немесе терезе ашылған кезде
ыстық ыдыс құрылғыдан құлап
кетпеу үшін қажет.
Егер құрылғыны тартпалардың
үстіне орнатсаңыз, құрылғының
астыңғы жағы мен үстіңгі тартпаның
арасында ауа ауысып тұруға
жеткілікті орын қалуын қамтамасыз
етіңіз
Құрылғының астыңғы жағы ысып
кетеді. Құрылғының астыңғы жағын
қол жетпейтін етіп бітеу үшін
тұтанбайтын оқшаулағыш панель
орнатыңыз.
2.2 Электртоғына қосу
НАЗАРЫҢЫЗДА
БОЛСЫН!
Өрт шығу және электр
қатеріне ұшырау қаупі бар.
Электртоғына қосу жұмыстарын
білікті электрші ғана іске асыруға
тиіс.
Құрылғыны міндетті түрде жерге
тұйықтау қажет.
Қандай да бір жұмысты іске
асырмай тұрып, құрылғының электр
желісінен ажыратылғанына көз
жеткізіңіз.
Техникалық ақпарат
тақтайшасындағы электр
параметрлерінің электр желісіндегі
параметрлерге сай келетініне көз
жеткізіңіз. Сай келмесе, электршіге
хабарласыңыз.
Құрылғының дұрыс орнатылғаныа
көз жеткізіңіз. Босап қалған және
дұрыс жалғанбаған электр сымы
немесе ашасы (бар болса)
ағытпаны өте ысытып жіберуі
мүмкін.
Дұрыс электр сымын
пайдаланыңыз.
Электр сымдарының оратылуына
жол бермеңіз.
Электр қатерінен сақтандыру
құралының орнатылғанына көз
жеткізіңіз.
Сымды тартылудан босататын
қапсырманы пайдаланыңыз.
Құрылғыны жақын тұрған розеткаға
жалғаған кезде электр сымы
немесе ашасы (бар болса) ыстық
құрылғыға немесе ыстық ыдысқа
тиіп кетпес үшін абай болыңыз
Көп тармақты адаптерлер мен
ұзартқыш сымдарды қолданбаңыз.
Құрылғының сымына немесе
ашасына (бар болса) зақым
келтірмеу үшін абай болыңыз.
Зақым келген электр сымын
ауыстырту үшін біздің уәкілетті
қызмет көрсету орталығына немесе
электршіге хабарласыңыз.
Тоққа қосулы тұрған және
оқшаулағышы бар бөлшектердің
электр қатерінен сақтандырғышын,
саймансыз алынбайтын етіп бекітіп
қою керек.
Құрылғының ашасын розеткаға тек
құрылғыны орнатып болғаннан
кейін ғана жалғаңыз. Орнатып
болғаннан кейін ашаның қол
жететін жерде тұрғанына көз
жеткізіңіз.
Егер розетка босап тұрса, оған
ашаны сұқпаңыз.
Құрылғыны тоқтан ажырату үшін
сымынан тартпаңыз. Әрқашан
ашасынан тартып суырыңыз.
ҚАЗАҚ 5
Дұрыс оқшаулағыш құралдарды
ғана қолданыңыз. желіні қорғайтын
ажыратқыштар, сақтандырғыштар
(ұстатқыштан алынған бұрандалы
сақтандырғыштар), жерге
тұйықталудан қорғау тетіктері мен
тұйықтағыштар.
Электр жүйесі құрылғыны кез
келген полюсте ажыратуға
мүмкіндік беретін оқшаулағыш
құралмен жабықталуға тиіс.
Оқшаулағыш құралдың контакт ара
қашықтығы кем дегенде 3 мм
болуға тиіс.
2.3 Газға қосу
Газға қосу жұмыстарының
барлығын білікті маман ғана іске
асыруға тиіс.
Орнатар алдында жергілікті
жабдықтау жағдайлары (газдың түрі
мен газдың қысымы) мен құрылғы
параметрлерінің сәйкес келетініне
көз жеткізіңіз.
Құрылғының айналасында ауаның
айналуын қамтамасыз етіңіз.
Газбен жабдықтау туралы ақпарат
техникалық ақпарат тақтайшасында
берілген.
Бұл құрылғы жану өнімдерін тартып
әкететін құрылғыға жалғанбаған.
Құрылғыны ағымдық орнату
ережелеріне сай орнатыңыз.
Желдету талаптарының дұрыс
орындалуына көз жеткізіңіз.
2.4 Пайдалану
НАЗАРЫҢЫЗДА
БОЛСЫН!
Жарақат алу, күйіп қалу
және электр қатеріне
ұшырау қаупі бар.
Ең алғаш пайдалану алдында
барлық орам материалын,
жапсырмасын және қорғау
таспасын (бар болса) алыңыз.
Бұл тұрмыста қолдануға арналған
құрылғы.
Бұл құрылғының техникалық
сипаттамасын өзгертпеңіз.
Желдеткіш саңылаулардың бітеліп
қалмағанына көз жеткізіңіз.
Жұмыс істеп тұрған құрылғыны
назардан тыс қалдырмаңыз.
Пісіру алаңын пайдаланып болған
сайын "off" (сөндіру) қалпына
қойыңыз.
Пісіру алаңдарына ас құралдарын
немесе кәстрөлдердің қақпақтарын
қоймаңыз. Қызып кетуі мүмкін.
Құрылғыны су қолмен іске қоспаңыз
немесе суға тиіп тұрған құрылғыны
пайдаланбаңыз.
Құрылғыны жұмыс орны немесе зат
сақтайтын орын ретінде
қолданбаңыз.
Тағамды ыстық майға салғанда,
май шашырауы мүмкін.
НАЗАРЫҢЫЗДА
БОЛСЫН!
Өрт және жарылыс пайда
болу қаупі бар
Тоңмайларды немесе майды
қыздырған кезде тұтанғыш бу пайда
болады. Тоңмайға немесе майға
тамақ пісірген кезде қызған
заттарды немесе оттың жалынын
алыс ұстаңыз.
Қатты қызған майдан бөлініп
шығатын бу, кенет жарылыстың
орын алуына себеп болады.
Құрамында тағам қалдықтары бар
қолданылған май, бірінші рет
қолданылып отырған майға
қарағанда, төмен температурада
өрт пайда болуға әкелуі мүмкін.
Тұтанғыш заттарды немесе ішіне
тұтанғыш зат салынған дымқыл
заттарды құрылғының ішіне, қасына
немесе үстіне қоймаңыз.
НАЗАРЫҢЫЗДА
БОЛСЫН!
Құрылғыны бүлдіріп
алуыңыз мүмкін.
Басқару панеліне ыстық ыдыс
қоймаңыз.
Ыдысты ішіндегісі сарқылғанша
қайнатпаңыз.
Құрылғының үстіне зат немесе
ыдыс құлап кетуге жол бермеңіз.
Құрылғының бетне зақым келуі
мүмкін.
Пісіру алаңдарын бос ыдыс қойып
немесе ешбір ыдыс қоймай іске
қоспаңыз.
www.electrolux.com6
Құрылғының үстіне алюминий
жұқалтыр қоймаңыз.
Құйылған шойыннан, алюминийден
жасалған немесе астына нұқсан
келген ыдыстар, шыны / шыны
керамика бетке сызат түсіреді.
Бұндай заттарды құрылғының
бетінде үнемі көтеріп жылжыту
керек.
Пішімі дұрыс, диаметрі оттықтың
диаметрлерінен үлкен орнықты
ыдыстарды ғана пайдаланыңыз.
Ыдыстардың оттықтың ортасында
тұрғанына көз жеткізіңіз.
Тетікті ең үлкен қалпынан ең кіші
қалпына дейін жылдам бұраған
кезде, жалынның өшіп
қалмайтынына көз жеткізіңіз.
Құрылғымен бірге жеткізілген керек-
жарақтарды ғана қолданыңыз.
Оттыққа жалын шашыратқышты
орнатпаңыз.
Газбен пісіретін құрылғыны
пайдаланған кезде қызу және ылғал
бөлінеді. Құрылғы орнатылған
бөлменің жақсы желдетілуін
қамтамасыз етіңіз.
Құрылғыны ұзақ уақыт пайдаланған
кезде қосымша желдету қажет
болуы, мысалы, терезені ашу
немесе барынша тиімді желдету
тәсілін пайдалану қажет болуы,
егер механикалық тартқыш бар
болса, оның қарқынын арттыруға
болады.
Бұл тек тағам пісіруге арналған
құрылғы. Басқа мақсатта, мысалы
бөлмені қыздыру үшін қолдануға
болмайды.
Сірке суы, лимон шырыны немесе
әк дағын кетіретін құралдар тәрізді
қышқыл заттарды пештің үстіне
тигізбеңіз. Бұл заттар ақтаңдақ із
қалады.
2.5 Күту менен тазалау
Құрылғының қаптамасының сапасы
түспес үшін мезгіл-мезгіл
тазалаңыз.
Құрылғыны тазалардан бұрын
сөндіріңіз де, суығанша күтіңіз.
Қызмет көрсету алдында
құрылғыны электр желісінен
ажыратыңыз.
Құрылғыны тазалау үшін сулы
спрейді және буды қолданбаңыз.
Құрылғыны дымқыл, жұмсақ
шүберекпен тазалаңыз. Тек
бейтарап тазартқыш заттарды
қолданыңыз. Жеміргіш заттарды,
түрпілі жөкені, еріткіштерді немесе
темір заттарды пайдаланбаңыз.
Оттықтарды ыдыс жуғыш
машинада жумаңыз.
2.6 Құрылғыны тастау
НАЗАРЫҢЫЗДА
БОЛСЫН!
Жарақат алу немесе
тұншығып қалу қаупі бар.
Құрылғыны қоқысқа дұрыс тастауға
қатысты ақпаратты жергілікті
әкімшілік мекемеге хабарласып
алыңыз.
Құрылғыны электр желісінен
ажыратыңыз.
Қуат сымын кесіп алыңыз да,
қоқысқа тастаңыз.
Сыртқы газ түтіктерін
майыстырыңыз.
2.7 Сервис
Құрылғыны жөндеу үшін уәкілетті
қызмет көрсету орталығына
хабарласыңыз.
Тек ғана фирмалық қосалқы
бөлшектерді қолданыңыз.
ҚАЗАҚ 7
3. БҰЙЫМ СИПАТТАМАСЫ
3.1 Пісіру алаңдарының көрінісі
1
2
3
1
Жылдам оттық
2
Жартылай жылдам оттық
3
Басқару тетіктері
3.2 Басқару тетігі
Белгі Сипаттама
газ берілмейді /
сөндірулі қалып
жану қалпы / газ
барынша көп беріледі
Белгі Сипаттама
газ барынша аз
беріледі
4. ӘРКҮНДІК ҚОЛДАНУ
НАЗАРЫҢЫЗДА
БОЛСЫН!
Қауіпсіздік тарауларын
қараңыз.
4.1 Оттықтың көрінісі
A
B
C
A) Оттықтың қақпағы мен шілтері
B) Термореле
C) От алдырғыш
4.2 Оттықты тұтату
Оттықты әрқашан ыдысты
қоймай тұрып жағыңыз.
НАЗАРЫҢЫЗДА
БОЛСЫН!
Ас үйде ашық отты
пайдаланған кезде өте
абай болыңыз. Жалын
дұрыс пайдаланылмаса,
өндіруші жауапты емес.
1. Басқару тетігін басып, сағат тілінің
бағытына қарсы ең жоғары газ
берілімі (
) қалпына бұраңыз.
2. Басқару тетігін басып, 10 секунд
немесе одан аз уақыт ұстап
тұрыңыз. Сонда термоэлемент
жылиды. Бұлай істемеген
www.electrolux.com8
жағдайда газ беріліміне кедергі
келеді.
3. Жалынды бірқалыпты жанғаннан
кейін реттеңіз.
Егер бірнеше әрекеттен
кейін оттық жанбаса,
шілтер мен қақпақтың
дұрыс тұрғанын тексеріңіз.
НАЗАРЫҢЫЗДА
БОЛСЫН!
Басқару тетігін 15
секундтан артық басып
тұрмаңыз. Егер оттық 15
секундтан кейін жанбаса,
басқару тетігін босатыңыз,
оны өшірулі қалыпқа
бұраңыз да, кем дегенде 1
минуттан кейін оттықты
тағы бір рет жағып көріңіз.
САҚТАНДЫРУ ТУРАЛЫ
ЕСКЕРТУ!
Электр қуаты болмаған
кезде оттықты электр
құралын қолданбай жағуға
болады; мұндай жағдайда
оттыққа жалынды
жақындатып, басқару
тетігін сағат тілінің
бағытына қарсы бұрап,
газды ең көп шығару
қалпына бұраңыз да,
басыңыз. Термоэлемент
қызғанша басқару тетігін
10 секунд немесе одан аз
уақыт басып ұстап
тұрыңыз.
Егер оттық кездейсоқ сөніп
қалса, басқару түймешесін
сөндірулі қалыпқа бұраңыз
да, кем дегенде 1 минуттан
кейін оттықты тағы бір рет
жағып көріңіз.
Пешті орнатқаннан кейін
немесе қуат үзілісінен кейін
электр қуатын қосқан
кезде, тұтату генераторы
өздігінен іске қосылуы
мүмкін. Бұл қалыпты
жағдай.
4.3 Оттықты сөндіру
Жалынды өшіру үшін тетікті
қалпына бұраңыз.
НАЗАРЫҢЫЗДА
БОЛСЫН!
Кәстрөлдерді оттықтан
алардан бұрын үнемі отты
азайтыңыз немесе сөндіріп
қойыңыз.
5. АҚЫЛ-КЕҢЕС
НАЗАРЫҢЫЗДА
БОЛСЫН!
Қауіпсіздік тарауларын
қараңыз.
5.1 Ыдыс-аяқ
САҚТАНДЫРУ ТУРАЛЫ
ЕСКЕРТУ!
Шойыннан құйылған
табаларды, тас табаны,
фарфор ыдысты, гриль
немесе тостер табақтарын
пайдаланбаңыз.
ҚАЗАҚ 9
НАЗАРЫҢЫЗДА
БОЛСЫН!
Бір табаны екі оттыққа
қоймаңыз.
НАЗАРЫҢЫЗДА
БОЛСЫН!
Орнықсыз және түбі
деформацияланған
кәстрөлдерді ішіндегісі
төгіліп, адам жарақат
алмау үшін оттыққа
қоймаңыз.
САҚТАНДЫРУ ТУРАЛЫ
ЕСКЕРТУ!
Кәстрөлдердің
табандарының басқару
тетігін басып тұрмағанына
көз жеткізіңіз, себебі тетікті
жалын ысытып жібереді.
САҚТАНДЫРУ ТУРАЛЫ
ЕСКЕРТУ!
Кәстрөл саптарының пісіру
алаңының алдыңғы
қырының үстінде емес
екеніне көз жеткізіңіз.
САҚТАНДЫРУ ТУРАЛЫ
ЕСКЕРТУ!
Кәстрөлді барынша
орнықты етіп қою және
газды мүмкіндігінше аз
пайдалану үшін кәстрөлді
оттықтың ортасына
қойыңыз.
САҚТАНДЫРУ ТУРАЛЫ
ЕСКЕРТУ!
Тағам пісіру барысында
шашыраған сұйық,
шыныны сындырып жіберуі
мүмкін.
5.2 Ыдыстың диаметрі
Оттықтың диаметрлеріне
сай келетін ыдыстарды
пайдаланыңыз.
Оттық Ыдыстың
диаметрі
(мм)
Жылдам 160 - 240
Жартылай жылдам 140 - 240
6. КҮТУ МЕНЕН ТАЗАЛАУ
НАЗАРЫҢЫЗДА
БОЛСЫН!
Қауіпсіздік тарауларын
қараңыз.
6.1 Жалпы ақпарат
Пештің үстін пайдаланған сайын
тазалаңыз.
Ыдысты қолданғанда табаны
әрқашан таза болсын.
Пештің үстіне түскен сызаттар
немесе қошқыл дақтар оның
жұмысына ешқандай әсер етпейді.
Пештің үстін тазалауға жарамды
арнайы тазалағышты
пайдаланыңыз.
НАЗАРЫҢЫЗДА
БОЛСЫН!
Шынының бетін немесе
оттықтың жиектері мен
жақтаудың (бар болса)
арасын тазалау үшін
пышақтарды,
қырғыштарды немесе сол
сияқты құралдарды
қолданбаңыз.
Тот баспайтын болат бөліктерін
сумен жуыңыз да, содан кейін
жұмсақ шүберекпен құрғатыңыз.
www.electrolux.com10
6.2 Таба тағандары
Ыдыс тағандары ыдыс
жуғыш машинада жууға
төзімді емес. Оларды
қолмен жуу керек.
1. Пештің үстін оңай тазалау үшін
таба тағандарын алыңыз.
Пештің үстін бүлдіріп
алмас үшін таба
тағандарын орнына
қойған кезде абай
болыңыз.
2. Эмальмен қапталған ыдыстан
кейде жолақ қалуы мүмкін,
сондықтан, ыдыс тірегін қолмен
жуып, кептірген кезде байқаңыз.
Қажет болса, қатып қалған
дақтарды тазартқыш
қоймалжыңмен тазалаңыз.
3. Ыдыс тағандарын тазалап
болғаннан кейін орындарына
дұрыс салынғанына көз жеткізіңіз.
4. Оттық дұрыс жұмыс істеу үшін таба
тағандарының тармақтары
оттықтың ортасына дәл келіп
тұрғанына көз жеткізіңіз.
6.3 Пештің үстін тазалау
Дереу тазалаңыз: балқыған
пластмасса, пластик фольга және
қант қосылған тағам. Дереу
тазаламасаңыз, пештің үстін
бүлдіріп алуыңыз мүмкін.
Пештің үсті жеткілікті түрде
суыған кезде алыңыз: әк дақтары,
су дақтары, май дақтары, металдың
жылтыраған дақтары. Пештің үстін
дымқыл шүберекпен және жеміргіш
емес жуғыш затпен тазалаңыз.
Тазалап болғаннан кейін пештің
үстін жұмсақ шүберекпен сүртіңіз.
Эмальмен қапталған бөліктерді,
қақпақшасы мен шілтерін жылы
сабыны бар сумен жуып, орнына
қайта қояр алдында жақсылап
құрғатыңыз.
6.4 От алдырғыш құралды
тазалау
Бұл функция керамикалық тұтандыру
білтесі мен металл электродтың
көмегімен орындалады. Тұтандыру
қиынға соқпауы үшін осы құрамдас
бөліктерді таза ұстаңыз және
оттықтағы шілтер тесіктерінің
бітелмегеніне көз жеткізіңіз.
6.5 Мерзімдік техникалық
қызмет көрсету
Газбен жабдықтау түтігінің, егер
орнатылған болса, қысым реттегіш
құралдың қалып-күйін тексеру үшін
жергілікті уәкілетті қызмет көрсету
орталығына уақытылы хабарласыңыз.
6.6 Шыны панель
Шыны жиекті, шыны жиек пен шыны
керамика арасын тазалау үшін
қырғыш немесе өткір заттарды
қолданбаңыз. Шыны жиек шыны
керамикаға жалғанған.
Шыны жиекке кәстрөлдерді
қоймаңыз.
Ыдыстар мен кәстрөлдердің шыны
жиекке тиіп тұрмағанына көз
жеткізіңіз.
7. АҚАУЛЫҚТЫ ТҮЗЕТУ
НАЗАРЫҢЫЗДА
БОЛСЫН!
Қауіпсіздік тарауларын
қараңыз.
ҚАЗАҚ 11
7.1 Не істерсіңіз, егер...
Ақаулық Ықтимал себебі Шешімі
От алдырғышты қосқан
кезде ешбір жарқыл
шықпайды.
Пеш электр тоғына
қосылған жоқ немесе
теріс қосылған.
Пештің электр көзіне
дұрыс қосылғанына көз
жеткізіңіз.
Сақтандырғыш ағытылып
қалған.
Ақаулыққа
сақтандырғыштың себеп
болғанына көз жеткізіңіз.
Сақтандырғыш қайта-
қайта босап кетсе, білікті
электршіге
хабарласыңыз.
Оттықтың қақпағы мен
шілтері дұрыс
салынбаған.
Оттықтың қақпағы мен
шілтерін дұрыс
орнатыңыз.
Жалын тұтатқаннан кейін
дереу сөніп қалады.
Қыздырғыш элемент
жеткілікті қызған жоқ.
От жанғаннан кейін
тетікті шамамен 10
секунд басып ұстап
біркелкі тұрыңыз.
Жалын шығырығы
біркелкі емес.
Оттықтың шілтерін тағам
қалдығы бітеп тастаған.
Инжектордың бітеліп
қалмағанын және оттық
шілтерінің таза екенін
тексеріңіз.
7.2 Ақаулықты түзету шешімін
өзіңіз таба алмасаңыз...
Ақаулықты түзету шешімін өзіңіз таба
алмасаңыз, дилеріңізге не уәкілетті
қызмет көрсету орталығына
хабарласыңыз. Техникалық ақпарат
тақтайшасындағы деректерді беріңіз.
Пешті дұрыс пайдаланғаныңызға көз
жеткізіңіз. Бұлай істемеген жағдайда,
қызмет көрсету орталығының технигі
немесе дилер көрсеткен қызмет,
кепілдік мерзімі кезінде де ақылы
болуы мүмкін. Қызмет көрсету
орталығына қатысты нұсқаулар мен
кепілдік шарттары кепілдік
кітапшасында берілген.
8. ОРНАТУ
НАЗАРЫҢЫЗДА
БОЛСЫН!
Қауіпсіздік тарауларын
қараңыз.
8.1 Орнату алдында
Пешті орнату алдында
сериялық нөмірін
(Сериялық №) техникалық
ақпарат тақтайшасынан
жазып алыңыз. Техникалық
ақпарат тақтайшасы
пештің астыңғы жағында
орналасқан.
www.electrolux.com12
ELECTROLUX
EQG4120BOG
Өнім нөмірі PNC
941 460 008 01
Түрі 55 FED 04
GA
220 - 240 В
50 - 60 Гц
Газ түрі: G20 2H
2E+ - 20 мбар
PIN 0063CL3461
Бутан: 350 г/сағ. Qn (Hs): 4,9 кВт
Сер.№. .................
8.2 Газға қосу
НАЗАРЫҢЫЗДА
БОЛСЫН!
Құрылғыны орнату, жалғау
мен жөндеу бойынша
төмендегі нұсқауларды
нормаларға және жергілікті
заң ережелеріне сәйкес
білікті техник қызметкерлер
іске асыруға тиіс.
Құрылғыны орнату барысында оның
электр тоғынан ажыратулы екеніне көз
жеткізіңіз. Қуат ашасын розеткадан
ағытыңыз. Газбен жабдықтау
желісінен ажыратыңыз.
Газбен жабдықтау шлангы мен
құрылғының арасында тоқтатқыш
тетіктің орнатылғанына көз жеткізіңіз.
Осы құрылғыға арналған мәндер
техникалық ақпарат тақтайшасында
көрсетілген. Газ түрі мен газ қысымы
бойынша ағымдық параметрлер
жапсырмада көрсетілген.
Қолданыстағы ережелерге сәйкес
тұрақты қосылым сымдарын немесе
тот баспайтын болатпен қапталған
иілгіш түтікті таңдаңыз. Егер иілгіш
металл түтіктерді пайдаланатын
болсаңыз, олардың жылжымалы
бөлшектерге жанаспауын немесе
қысылып қалмауын қадағалаңыз.
Сондай-ақ пешті тұмшапешке абайлап
орнатыңыз.
Бұл құрылғы жанған газ шығатын
саңылауға жалғанбаған. Бұл
құрылғыны қолданыстағы орнату
ережелеріне сәйкес желіге қосу қажет.
Ауа ағынының дұрыс болуына ерекше
назар аударыңыз.
Құрылғының газбен
жабдықтау қысымының
ұсынылған мәндерге
сәйкес екеніне көз
жеткізіңіз. Реттелетін
қосылым бұрандалы
сомынының көмегімен
ауқымды еңіске бекітіледі.
G 1/2". Бөлшектерді
салмақ салмай бұраңыз,
қосылымды қажетті
бағытқа қарай баптап,
барлығын қатайтыңыз.
A B C
A) Білікшенің ұшы
B) Тығырық
C) Келте құбыр (қажет болса)
Иілмелі, металл емес түтік
қосылымы:
Егер қосылымды түгелдей оңай
басқаруға болатын мүмкіндік болса,
иілгіш түтікті пайдалануыңызға
болады. Иілгіш түтікті
қапсырмалардың көмегімен мықтап
бекітіңіз.
Сұйылтылған газ
Сұйылтылған газ үшін резеңке түтік
ұстатқышты пайдаланыңыз. Әрқашан
тығыздағышты орнатыңыз. Содан
кейін газ желісіне қосуды
жалғастырыңыз.
Иілгіш түтік төмендегі жағдайларда
қолдану үшін дайындалады:
ол бөлме температурасынан
жоғары, 30°C-тан асып қызып кете
алмаса;
ұзындығы 1500 мм-ден аспаса;
ешбір жері жаншылмаса;
оны тартып не бұрап майыстыруға
болмаса;
ҚАЗАҚ 13
ол өткір жиектер мен бұрыштарға
жанаспаса;
оның күйін тексеру үшін оны оңай
қарап шығу мүмкін болса.
Иілгіш түтіктің жақсы сақталғанын
бақылау үшін төмендегілерді тексеру
керек:
екі ұшында және ұзына бойында
жарылған, кесілген жерлер, күйген
белгілері болмауын;
материал қатқылданбаған,
керісінше, серпімділігі дұрыс
болуын;
бекіткіш қапсырмаларды тот
баспағанын;
жарамдылық мерзімі өтіп
кетпегенін.
Егер бір немесе бірнеше ақаулығы
байқалса, түтікті жөндеудің керегі жоқ,
ауыстыру керек.
НАЗАРЫҢЫЗДА
БОЛСЫН!
Орнату аяқталғаннан кейін
әр түтік фиттингінің
жақсылап бекітілгенін
тексеріңіз. От емес, сабын
ерітіндісін пайдаланыңыз!
8.3 Инжекторларды ауыстыру
1. Таба тағандарын алыңыз.
2. Оттықтың қақпақтары мен шілтерін
алыңыз.
3. 7-ші сомынкілттің көмегімен
инжекторларды алыңыз да,
орнына қолданылатын газ түріне
арналған инжекторларды салыңыз
("Техникалық ақпарат"
тарауындағы кестені қараңыз).
4. Осы әрекеттерді кері тәртіпте
орындау арқылы бөлшектерді
құрастырыңыз.
5. Техникалық ақпарат тақтайшасын
(газбен жабдықтау құбырының
қасында) жаңа газ түріне сай
келетін тақтайшаға ауыстырыңыз.
Бұл тақтайшаны құрылғымен бірге
жеткізілген қалтадан таба аласыз.
Егер газбен жабдықтау қысымы
өзгермелі немесе қажетті қысымнан
басқаша болса, газбен жабдықтау
түтігіне қолданылатын қысым өтпелігін
орнату қажет.
8.4 Ең кіші деңгейді лайықтау
Оттықтардың ең төменгі деңгейін
баптау үшін:
1. Оттықты жағыңыз.
2. Тетікті ең кіші қалыпқа бұраңыз.
3. Басқару тетігін алыңыз.
4. Жіңішке бұрандамен орағытпа
бұранданың орнын реттеңіз
(сыртқы A).
A
5. Егер ауыстырсаңыз:
G20 20 мбар газды
сұйылтылған газға
ауыстырсаңыз, реттегіш
бұранданы шегіне дейін
қатайтыңыз.
егер сұйылтылған газды G20 20
мбар табиғи газға
ауыстырсаңыз, реттегіш
бұранданы шамамен
айналымның 1/4 мөлшеріне
дейін босатыңыз.
НАЗАРЫҢЫЗДА
БОЛСЫН!
Тетікті ең үлкен қалпынан
ең кіші қалпына дейін
жылдам бұраған кезде,
жалынның өшіп
қалмайтынына көз
жеткізіңіз.
www.electrolux.com14
8.5 Электртоғына қосу
Техникалық ақпарат
тақтайшасындағы атаулы кернеу
мен электрмен жабдықтау түрінің
жергілікті кернеу мен қуатпен
жабдықтау мәндеріне сай
келетініне көз жеткізіңіз.
Бұл құрылғы негізгі қуат сымымен
және ашасымен бірге жеткізіледі.
Әрқашан дұрыс орнатылған,
қатерден сақтандырылған
розетканы қолданыңыз.
Орнатып болғаннан кейін ашаның
қол жететін жерде тұрғанына көз
жеткізіңіз.
Құрылғыны тоқтан ажырату үшін
сымынан тартпаңыз. Әрқашан
ашасынан тартып суырыңыз.
Құрылғыны ұзартқыш сыммен,
адаптермен немесе көп тармақты
қосылым арқылы қосқан кезде өрт
шығу қаупі бар. Жерге тұйықтау
стандарттар мен ережелерге сай
іске асырылғанына көз жеткізіңіз.
Қуат сымын 90° C градустан асатын
температурамен қыздырмаңыз.
Көк бейтарап сымның "N"
таңбасы салынған
ағытпаға жалғанғанына көз
жеткізіңіз. Қоңыр (немесе
қара) фаза сымын "L"
таңбасы бар ағытпаға
жалғаңыз. Фаза сымын
үнемі қосып қойыңыз.
8.6 Қосылым сымы
Қосылым сымын ауыстыру үшін тек
арнайы сымды немесе соның
баламасы болатын сымды ғана
пайдаланыңыз. Сымның түрі:
H05V2V2-FT90.
Сымның қимасының кернеуге және
жұмыс температурасына сәйкес
екеніне көз жеткізіңіз. Сары/жасыл
түсті жерге қосу сымы қоңыр (немесе
қара) түсті фазалық сымнан шамамен
2 см ұзынырақ болуға тиіс.
8.7 Құрастыру
ҮСТІНЕ ОРНАТУ
min.
450mm
min.
650mm
ҚАЗАҚ 15
R 5mm
min.
55mm
340
+1
mm
490
+1
mm
min.
30 mm
min. 20 mm
8.8 Бірнеше пешті орнату
Жинаққа кіретін керек-жарақтар:
қосылым білікшесі, қызуға төзімді
силикон, резеңке пішім, тұмшалағыш
таспа.
Қызуға төзімді, арнайы
силиконды ғана
қолданыңыз.
Жұмыс бетін кесу
Қабырға
дан
қашықты
ғы
ең азы 50 мм
Тереңдігі 490 мм
Ені орнатылатын пеш үстінің
барлық ендерінің
қосындысынан 20 мм алу
керек
Мысалы:
580 mm
520 mm
490 mm
360 mm
+ - =
20 mm 920 mm
Құрастыру
1. Дұрыс кесу өлшемдерін есептеңіз.
2. Жұмыс бетінің кесілетін жерін
дайындаңыз.
3. Пештердің үстін бір-бірден
астыңғы жағын жоғары қаратып
www.electrolux.com16
жұмсақ заттың үстіне (мысалы
көрпенің үстіне) қойыңыз.
4. Тұмшалағыш таспаны пештің
астыңғы жиегі мен шыны
керамиканың сыртқы жиегіне
ораңыз.
5. Бекіткіш пластиналарды
корпустағы тиісті саңылауларға
бостау бұрап салыңыз.
6. Бірінші пешті кесілген бетке
салыңыз. Содан кейін қосылым
білікшесін жұмыс бетінің кесілген
жеріне салыңыз. Оны пештің
астына кіргізіп ортасына дейін
итеріңіз.
7. Бекіткіш пластиналарды ас үй
қаптамасының және қосылым
білікшесінің астыңғы жағынан
бостау етіп бұраңыз.
8. Келесі пешті кесілген бетке
салыңыз. Пештердің алдыңғы
жиектерінің бір деңгейде екенін
тексеріңіз.
9. Бекіткіш пластиналарды / қысқыш
бұрандаларды қатайтыңыз.
10. Силиконмен пештер мен ас үй
қаптамасының арасындағы бос
орындарды тұмшалап бітеңіз.
11. Силиконға аздап сабынды су
құйыңыз.
12. Резеңке пішінді шыны керамикаға
қойып, сәл күшпен итеріп, еппен
орнынан жылжытыңыз.
13. Силиконға әбден қатайғанша
тиіспеңіз, бұған шамамен бір күн
керек.
14. Шығып тұрған силиконды
ұстараның жүзімен еппен қырып
алыңыз.
15. Шыны бетті тазалаңыз.
8.9 Кірістіру жолдары
Пештің астына орнатылатын тақта
алуға оңай және техникалық қызмет
көрсету қажет болғанда қол жеткізуге
оңай болуға тиіс.
Есігі бар ас үй жиһазы
min 20 mm
(max 150 mm)
30 mm
60 mm
B
A
A) Алынбалы тақта
B) Қосылым сымдарына арналған
орын
Тұмшапеш орнатылған ас үй
жиһазы
Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін және
тұмшапешті құрылғыдан оңай алу үшін
пештің үсті мен тұмшапешті электр
желісіне жеке-жеке қосу керек.
ҚАЗАҚ 17
9. ТЕХНИКАЛЫҚ АҚПАРАТ
9.1 Пештің өлшемдерi
Ені 360 мм
Тереңдігі 520 мм
9.2 Байпас диаметрлері
ОТТЫҚ Ø БАЙПАС 1/100 мм
Жылдам 39
Жартылай жылдам 30
9.3 Газ оттықтарының қуаты
және инжекторлары
Газ оттықтарының қуаты
Оттық Табиғи газ Сұйылтыл
ған газ
Жылдам
оттық
3,0 кВт 2,8 кВт /
204 г/сағ.
Жартылай
жылдам
оттық
1,9 кВт 1,9 кВт /
138 г/сағ.
Жалпы
қуаты
4,9 кВт 4,7 кВт /
342 г/сағ.
Газ оттықтарының инжекторлары
Оттық Табиғи газ
G20/20
мбар
СГ G30/30
мбар
Инжекторл
ар
Инжекторл
ар
Жылдам
оттық
119 88
Жартылай
жылдам
оттық
96 71
10. ҚУАТ ТИІМДІЛІГІ
10.1 Өнім ақпараты EU 66/2014 стандартына сай берілген
Үлгінің техникалық
параметрлері
EQG4120BOG
Пеш үстінің түрі Кіріктірілген пеш
Газ оттықтарының саны 2
Әр газ оттығының қуат
тиімділігі
(EE gas burner)
Артқы ортаңғы - Жылдам 57.5%
Алдыңғы ортаңғы -
Жартылай жылдам
58.0%
Газ пешінің қуат тиімділігі
(EE gas hob)
57.8%
EN 30-2-1: Газбен жұмыс істейтін тұрмыстық пісіру құрылғылары - 2-1 бөлім :
Қуатты тиімді пайдалану - Жалпы
www.electrolux.com18
10.2 Қуат үнемдеу
Құрылғыны пайдалану алдында, оттықтар мен таба тағандарының дұрыс
құрастырылғанына көз жеткізіңіз.
Оттықтың диаметрлеріне сай келетін ыдыстарды пайдаланыңыз.
Ыдысты оттықтың ортасына қойыңыз.
Суды тек қажетті мөлшерде ғана ысытыңыз.
Егер мүмкін болса, ыдысқа әрқашан қақпақ жабыңыз.
Сұйықтық қайнай бастағанда, оны ақырындап қайнату үшін отты азайтыңыз.
Мүмкін болса бу кәстрөлін қолданыңыз. Оның пайдаланушы нұсқаулығын
қараңыз.
11. ҚОРШАҒАН ОРТАҒА ҚАТЫСТЫ ЖАҒДАЙЛАР
Белгі салынған материалдарды
қайта өңдеуден өткізуге тапсырыңыз.
Орам материалдарын қайта өңдеуден
өткізу үшін тиісті контейнерлерге
салыңыз. Электрлік және
электроникалық құрылғылардың
қалдығын қайта өңдеуден өткізу
арқылы, қоршаған ортаға және
адамның денсаулығына зиын
келтіретін жағдайларға жол бермеуге
өз үлесіңізді қосыңыз. Белгі
салынған құрылғыларды тұрмыстық
қалдықтармен бірге тастамаңыз.
Өнімді жергілікті қайта өңдеу
орталығына өткізіңіз немесе жергілікті
мекемеге хабарласыңыз.
ҚАЗАҚ 19
СОДЕРЖАНИЕ
1. СВЕДЕНИЯ ПО ТЕХНИКЕ БЕЗОПАСНОСТИ...............................................21
2. УКАЗАНИЯ ПО БЕЗОПАСНОСТИ................................................................. 23
3. ОПИСАНИЕ ИЗДЕЛИЯ...................................................................................26
4. ЕЖЕДНЕВНОЕ ИСПОЛЬЗОВАНИЕ.............................................................. 27
5. ПОЛЕЗНЫЕ СОВЕТЫ.....................................................................................28
6. УХОД И ОЧИСТКА.......................................................................................... 29
7. ПОИСК И УСТРАНЕНИЕ НЕИСПРАВНОСТЕЙ............................................30
8. УСТАНОВКА.................................................................................................... 31
9. ТЕХНИЧЕСКИЕ ДАННЫЕ.............................................................................. 37
10. ЭНЕРГОЭФФЕКТИВНОСТЬ.........................................................................38
МЫ ДУМАЕМ О ВАС
Благодарим Вас за приобретение прибора Electrolux. Вы выбрали изделие,
за которым стоят десятилетия профессионального опыта и инноваций.
Уникальное и стильное, оно создавалось с заботой о Вас. Поэтому когда бы
Вы ни воспользовались им, Вы можете быть уверены: результаты всегда
будут превосходными.
Добро пожаловать в Electrolux!
На нашем веб-сайте Вы сможете:
Найти рекомендации по использованию изделий, руководства по
эксплуатации, мастер устранения неисправностей, информацию о
техническом обслуживании:
www.electrolux.com
Зарегистрировать свое изделие для улучшения обслуживания:
www.registerelectrolux.com
Приобрести дополнительные принадлежности, расходные материалы и
фирменные запасные части для своего прибора:
www.electrolux.com/shop
ПОДДЕРЖКА ПОТРЕБИТЕЛЕЙ И СЕРВИСНОЕ
ОБСЛУЖИВАНИЕ
Мы рекомендуем использовать оригинальные запчасти.
При обращении в сервис-центр следует иметь под рукой следующую
информацию: модель, код изделия (PNC), серийный номер.
Данная информация находится на табличке с техническими данными.
Внимание / Важные сведения по технике безопасности.
Общая информация и рекомендации
Информация по охране окружающей среды
Право на изменения сохраняется.
www.electrolux.com20
/