10. АҚЫЛ-КЕҢЕС
10.1 Жалпы
Күнделікті тазалау және кептіру
нәтижесін жақсарту үшін келесі ақыл-
кеңестерді орындап, қоршаған ортаны
қорғауға үлес қосыңыз.
• Ыдыстарға жабысқан тағамның
үлкенірек қалдықтарын алып,
қоқысқа салыңыз.
• Ыдысты алдын ала қолмен
шаймаңыз. Қажет болса, алдын ала
жуу фазасы бар бағдарламаны
таңдаңыз.
• Себеттердің ішіндегі орынды үнемі
толық пайдаланыңыз.
• Себеттердегі заттардың бір-біріне
тимей немесе қалқаламай
тұрғанына көз жеткізіңіз. Сонда ғана
су ыдыстарға жетеді.
• Ыдыс жуғыш машинаға арналған
жуғыш, шайғыш құралды және
тұзды бөлек пайдалануға не көп
функциялы таблеткаларды
пайдалануға болады (мысалы, ''All
in 1''). Орамындағы нұсқауларды
орындаңыз.
• Бағдарламаның ыдыс түріне және
ластану дәрежесіне сай таңдаңыз.
ECO 50° су мен қуатты барынша
оңтайлы пайдалану мүмкіндігін
ұсынады.
10.2 Тұз, шайғыш зат және
жуғыш затты пайдалану
• Тек ыдыс жуғыш машинаға
арналған тұзды, шайғыш және
жуғыш затты пайдаланыңыз. Басқа
өнімдер құрылғыға нұқсан келтіруі
мүмкін.
• Cуы кермек және өте кермек
аймақтарда жуу және кептіру
нәтижесін барынша жақсарту үшін
жеке жуғыш (қосымша
функциялары жоқ ұнтақты, гельді,
таблеткаларды), шайғыш затты
және тұзды жеке-жеке
пайдаланыңыз.
• Кем дегенде айында бір рет
құрылғыны құрылғы жууға арналған
заттан құйып, іске қосыңыз.
• Жуғыш таблеткалар қысқа
бағдарламаларда әбден ерімейді.
Жуғыш заттардың қалдықтары
ыдыстарға тұрып қалмас үшін
жуғыш таблеткаларды
пайдаланғанда ұзақ
бағдарламаларды қолдануды
ұсынамыз.
• Жуғыш затты қажетті мөлшерден
артық пайдаланбаңыз. Жуғыш
заттың орамындағы нұсқауларды
қараңыз.
10.3 Жуғыш таблеткаларды
пайдалануды тоқтатқыңыз
келсе
Жуғыш затты, тұзды және шайғыш
заттарды жеке-жеке пайдалану
алдында келесі әрекеттерді
орындаңыз:
1. Су жұмсартқыштың ең жоғары
деңгейін орнатыңыз.
2. Тұз және шайғыш зат
сауыттарының толы екеніне көз
жеткізіңіз.
3. Шаю циклы бар ең қысқа
бағдарламаны бастаңыз. Жуғыш
зат қоспаңыз және себеттерді
толтырмаңыз.
4. Бағдарлама аяқталған кезде, су
жұмсартқышты тұратын жеріңіздегі
судың кермектігіне қойыңыз.
5. Шайғыш заттың қосылатын
мөлшерін реттеңіз.
10.4 Себеттерді толтыру
• Құрылғыны тек ыдыс жуғыш
машинада жууға болатын заттарды
жуу үшін ғана пайдаланыңыз.
• Ағаш, мүйіз, алюминий, қалайы
және мыстан жасалған заттарды
құрылғыға салып жумаңыз.
• Құрылғыға су сіңіретін заттарды
(жөке, ас үй шүберектері) жумаңыз.
• Ыдыстардағы үлкен тағам
қалдықтарын алыңыз.
• Күйіп кеткен тағам қалдықтары
жабысқан ыдыстарды құрылғымен
жуу алдында жібітіңіз.
• Шұңғыл ыдыстардың (кесе, стакан
және кәстрөл) ернеуін төмен
қаратып салыңыз.
ҚАЗАҚ 19