Electrolux ESL98825RA Руководство пользователя

  • Привет! Я прочитал инструкцию по эксплуатации посудомоечной машины Electrolux ESL98825RA. Я готов ответить на ваши вопросы о работе устройства, его программах (например, ECO 50°, Intensive 70°), функциях (TimeManager, AirDry) и решении возможных проблем. Спрашивайте!
  • Как выбрать правильную программу мойки?
    Что делать, если посудомоечная машина не включается?
    Как использовать функцию TimeManager?
    Что означает индикатор соли?
    Как очистить фильтры?
ESL98825RA
KK Ыдыс жуғыш машина Қолдану туралы нұсқаулары 2
RU Посудомоечная машина Инструкция по эксплуатации 29
МАЗМҰНЫ
1. ҚАУІПСІЗДІК АҚПАРАТЫ................................................................................. 3
2. ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЛАРЫ............................................................................ 4
3. БҰЙЫМ СИПАТТАМАСЫ................................................................................. 6
4. БАСҚАРУ ПАНЕЛІ.............................................................................................7
5. БАҒДАРЛАМАЛАР............................................................................................ 8
6. ПАРАМЕТРЛЕР...............................................................................................10
7. ОПЦИЯЛАР..................................................................................................... 12
8. ЕҢ АЛҒАШ ПАЙДАЛАНУ АЛДЫНДА.............................................................14
9. ӘРКҮНДІК ҚОЛДАНУ......................................................................................16
10. АҚЫЛ-КЕҢЕС................................................................................................ 19
11. КҮТУ МЕНЕН ТАЗАЛАУ............................................................................... 20
12. АҚАУЛЫҚТЫ ТҮЗЕТУ...................................................................................23
13. ТЕХНИКАЛЫҚ АҚПАРАТ..............................................................................27
СІЗ ОЙЫМЫЗДА БОЛДЫҢЫЗ
Electrolux құрылғысын сатып алғаныңызға рахмет. Сіз ондаған жылдар
бойғы кәсіби тәжірибе мен инновацияға сүйеніп жасалған құрылғыны
таңдадыңыз. Тапқырлықтың туындысы болған, көз тартарлық бұл құрылғыны
жасау барысында сіз ойымызда болдыңыз. Сондықтан, қолданған сайын
тамаша нәтижеге қол жеткізе алатыныңызға сенімді болыңыз.
Electrolux әлеміне қош келдіңіз.
Біздің веб-сайтқа барып келесіні қараңыз:
Пайдалану туралы ақпарат, кітапша, ақаулықты түзету, қызмет ақпаратын
мына жерден алыңыз:
www.electrolux.com/webselfservice
Сізге барынша жақсы қызмет көрсету үшін өніміңізді мына жерге тіркеңіз:
www.registerelectrolux.com
Құрылғыңызға қажетті керек-жарақтарды, шығынды материалдарды және
фирмалық қосалқы бөлшектерді сатып алу үшін:
www.electrolux.com/shop
ТҰТЫНУШЫҒА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
Фирмалық заттарды қолдануды ұсынамыз.
Қызмет көрсету орталығына хабарласқанда келесі деректердің дайын
болуын қамтамасыз етіңіз. Үлгісі, Өнім нөмірі, Сериялық нөмірі.
Деректерді техникалық ақпарат тақтайшасынан алуға болады.
Ескерту / Қауіп-қатерден сақтандыру ақпараты
Жалпы ақпарат және ақыл-кеңес
Қоршаған ортаға қатысты ақпарат
Өндіруші ескертусіз өзгеріс енгізу құқығына ие.
www.electrolux.com2
1. ҚАУІПСІЗДІК АҚПАРАТЫ
Құрылғыны орнатып іске қолданар алдында бірге
жеткізілген нұсқауларды мұқият оқып шығыңыз.
Дұрыс орнатпау немесе пайдаланбау нәтижесінде
орын алған жарақат немесе зақымдарға өндіруші
жауапты емес. Нұсқаулықтарды кейін қарап жүру
үшін әрқашан қауіпсіз және қол жетімді жерде
сақтаңыз.
1.1 Балалар мен дәрменсіз адамдардың
қауіпсіздігі
Бұл құрылғыны 8 жастан асқан балалар мен
денесіне, сезім жүйесіне не ақыл-есіне зақым
келген не тәжірибесі аз адамдар өз қауіпсіздіктерін
қамтамасыз ететін адамның қадағалауы не
құрылғыны қауіпсіз қолдану бойынша берген
нұсқауына сүйеніп, дұрыс қолданбау салдарын
түсінсе, онда қолдануына болады.
3 және 8 жас арасындағы балалар мен
мүмкіндіктері өте шектеулі мүгедек адамдарды
басқалар қадағаламаған жағдайда алыс ұстау
керек.
3 жасқа толмаған балаларды үнемі қарап
отырмаған жағдайда алыс ұстау керек.
Балаларға құрылғымен ойнауға рұқсат бермеңіз.
Жуғыш заттарды балалардан алыс ұстаңыз.
Құрылғының есігі ашық тұрғанда, балалар мен үй
жануарларын оған жақындатпаңыз.
Балалар құрылғыны жөндеу және тазалау
жұмыстарын бақылаусыз орындамауы керек.
1.2 Қауіпсіздік туралы жалпы ақпарат
Бұл құрылғы үйде және сол сияқты төменде
аталған жерлерде қолдануға арналған:
фермадағы үйлердің; дүкендердегі, кеңселер
мен басқа жұмыс орындарындағы
қызметкерлерге арналған ас бөлмелерде;
ҚАЗАҚ 3
қонақ үйлерде, мотельдер мен төсек және таңғы
аспен қамтамасыз ететін қонақжайлар мен басқа
да тұрғынды жерлерде.
Бұл құрылғының техникалық сипаттамасын
өзгертпеңіз.
Судың жұмыс қысымы (ең аз және ең көп) 0.5
(0.05) / 8 (0.8) бар (МПа) аралығында болуы керек
Ең көбі 15 орыннан асырмаңыз.
Егер қуат cымына зақым келсе, қатерден сақтану
үшін оны өндіруші немесе уәкілетті қызмет көрсету
орталығы немесе сол сияқты білікті маман
ауыстыруға тиіс.
Ас үй құралдарын ас үй құралдарына арналған
себетке ұштарын төмен қаратып немесе өткір
қырларын төмен қатарып, ас үй тартпасына
көлденеңінен салыңыз.
Құрылғының есігін басып кетпеу үшін, байқамай
ашық қалдырмаңыз.
Кез келген жөндеу жұмысын орындау алдында
құрылғыны сөндіріп, ашаны розеткадан суырыңыз.
Құрылғыны тазалау үшін сулы спрейді және/
немесе буды қолданбаңыз.
Құрылғының желдету саңылаулары астыңғы
жағында болса, оларды мысалы кілеммен жабуға
болмайды.
Құрылғыны жаңа түтіктер жинағын пайдаланып, су
жүйесіне қосу керек. Ескі түтіктерді қайта
пайдалануға болмайды.
2. ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЛАРЫ
2.1 Орнату
ЕСКЕРТУ!
Бұл құрылғыны тек білікті
маман ғана орнатуға тиіс.
Орам материалдарының барлығын
алыңыз.
Бүлінген құрылғыны орнатпаңыз
немесе іске қоспаңыз.
Құрылғыны температурасы 0 °C
градустан төмен жерге орнатпаңыз
немесе қолданбаңыз.
Құрылғымен бірге жеткізілген
орнату нұсқауларын орындаңыз.
Құрылғы ауыр болғандықтан,
орнынан жылжытқан кезде әрқашан
абай болыңыз. Әрқашан қауіпсіздік
қолғабы мен бітеу аяқ киім киіңіз.
www.electrolux.com4
Құрылғының үсті мен жан-жағын
қоршаған конструкциялардың
қауіпсіз болуын қамтамасыз етіңіз.
2.2 Электртоғына қосу
ЕСКЕРТУ!
Өрт және электр қатеріне
ұшырау қаупі бар.
Құрылғыны міндетті түрде жерге
тұйықтау қажет.
Техникалық ақпарат тақтасындағы
параметрлердің негізгі қуатпен
жабдықтау желісіндегі электр
параметрлеріне сәйкес келетініне
көз жеткізіңіз.
Әрқашан дұрыс орнатылған,
қатерден сақтандырылған
розетканы қолданыңыз.
Көп тармақты адаптерлер мен
ұзартқыш сымдарды қолданбаңыз.
Құрылғының ашасына және
сымына зақым келтірмеңіз. Қорек
сымын ауыстыру қажет болса, оны
міндетті түрде қызмет көрсету
орталығы жүзеге асыруға тиіс.
Құрылғының ашасын розеткаға тек
құрылғыны орнатып болғаннан
кейін ғана жалғаңыз. Орнатып
болғаннан кейін ашаның қол
жететін жерде тұрғанына көз
жеткізіңіз.
Құрылғыны тоқтан ажырату үшін
сымынан тартпаңыз. Әрқашан
ашасынан тартып суырыңыз.
Бұл құрылғы E.E.C. ережелеріне
сай келеді.
Ұлыбритания мен Ирландия үшін
ғана. Бұл құрылғыға 13 A қорек
ашасы орнатылған. Егер қорек
ашасының сақтандырғышын
ауыстыру қажет болса 13 А ASTA
(BS 1362) сақтандырғышты ғана
пайдаланыңыз.
2.3 Суға қосу
Су түтіктеріне зақым келтірмеңіз.
Жаңа түтіктерді немесе ұзақ уақыт
қолданылмаған түтіктерді орнату
алдында, жөндеу жұмыстарын
орындағаннан кейін немесе жаңа
құралдарды орнатқаннан кейін (су
өлшегіш құрал, т.б.) суды таза және
тұнық су аққанша ағызыңыз.
Құрылғыны пайдалану барысында
немесе бірінші рет қолданғаннан
кейін ешбір су ағып тұрмағанына
көз жеткізіңіз.
Су құятын түтік, ішіне сым өткізілген
екі қабат қаптамадан тұрады және
қауіпсіздік клапанымен
жабдықталған.
ЕСКЕРТУ!
Қатерлі кернеу.
Су құятын түтікке зақым келсе,
судың шүмегін дереу жауып, ашаны
розеткадан суырыңыз. Су құятын
түтікті ауыстыру үшін уәкілітті
қызмет көрсету орталығына
хабарласыңыз.
2.4 Пайдалану
Ашық тұрған есіктің үстіне отыруға
немесе үстіне шығып тұруға
болмайды.
Ыдыс жуғыш машинаға арналған
жуғыш заттар қауіпті. Жуғыш
заттың орамында көрсетілетін
нұсқауларды орындаңыз.
Құрылғыдағы сумен ойнауға немесе
ішуге болмайды.
Ыдыстарды бағдарлама
аяқталғанша құрылғыдан алмаңыз.
Ыдыстарда жуғыш зат қалуы
мүмкін.
Бағдарлама орындалып тұрғанда
құрылғы есігін ашсаңыз, ыстық бу
шығуы мүмкін.
Тұтанғыш заттарды немесе ішіне
тұтанғыш зат салынған дымқыл
заттарды құрылғының ішіне, қасына
немесе үстіне қоймаңыз.
ҚАЗАҚ 5
2.5 Ішкі жарықтама
ЕСКЕРТУ!
Жарақат алу қауіпі бар.
Бұл құрылғының есікті ашқан кезде
қосылып, есік жабылған кезде
сөнетін ішкі шамы бар.
Бұл құрылғы үшін тек тұрмыстық
құрылғыларда пайдаланылатын
шам қолданылады. Оны бөлмені
жарықтандыру үшін қолданбаңыз.
Ішкі жарықтама шамын ауыстыру
үшін уәкілетті қызмет көрсету
орталығына хабарласыңыз.
2.6 Сервис
Құрылғыны жөндеу үшін уәкілетті
қызмет көрсету орталығына
хабарласыңыз.
Тек ғана фирмалық қосалқы
бөлшектерді қолданыңыз.
2.7 Құрылғыны тастау
ЕСКЕРТУ!
Жарақат алу немесе
тұншығып қалу қаупі бар.
Құрылғыны электр желісінен
ажыратыңыз.
Қуат сымын кесіп алыңыз да,
қоқысқа тастаңыз.
Балалар мен жануарлар құрылғыға
қамалып қалмас үшін есіктің
бекітпесін алыңыз.
3. БҰЙЫМ СИПАТТАМАСЫ
5
4
10
9
67
11
12
2
3
1
8
1
Ең үстіңгі бүріккіш түтік
2
Үстіңгі бүріккіш түтік
3
Астыңғы бүріккіш түтік
4
Сүзгілер
5
Техникалық ақпарат тақтайшасы
6
Тұз сауыты
7
Ауа саңылауы
8
Шайғыш зат үлестіргіші
9
Жуғыш зат үлестіргіші
10
Астыңғы себет
11
Үстіңгі себет
12
Ас құралдарының тартпасы
www.electrolux.com6
3.1 TimeBeam
TimeBeam құрылғы есігінің астыңғы
жағындағы еденде келесі ақпаратты
көрсетеді.
Бағдарлама басталса,
бағдарламаның уақыты.
0:00 және бағдарлама аяқталғанда
CLEAN көрсетіледі.
DELAY кешіктіріп бастау
басталғанда кері санақ уақыты
көрсетіледі.
Құрылғыда ақаулық пайда болса
ескерту кодын көрсетеді.
Кептіру кезінде AirDry
жанса, едендегі проекция
толығымен көрінбеуі
мүмкін. Орындалып тұрған
бағдарламаның соңына
дейінгі уақытты басқару
панелінің дисплейінен
қараңыз.
4. БАСҚАРУ ПАНЕЛІ
1 2 3 4
6 5
1
Қосу/Өшіру түймешігі
2
Шарлау түймесі (жоғары)
3
Бейнебет
4
Option түймесі
5
OK түймесі
6
Шарлау түймесі (төмен)
4.1 Түйме функциясы
Шарлау түймелері (жоғары және
төмен)
Бұл түймелерді дисплейде
көрсетілетін тізімдерді және
ақпараттық мәтіндерді шарлау үшін
қолданыңыз.
Option түймесі
Опция тізімін ашу үшін қысқа
басыңыз.
Опция тізімінде қысқа бассаңыз
бағдарлама тізіміне қайта
ораласыз.
Параметр тізімінде қысқа бассаңыз
опция тізіміне қайта ораласыз.
Кешіктіріп бастау немесе
бағдарлама жұмыс істеп тұрғанда
пернені ұзақ басқанда (3 сек),
ҚАЗАҚ 7
кешіктіріп бастау, бағдарлама және
опциялар біржола тоқтайды.
Дисплейде әдепкі бағдарлама
көрсетіледі: ECO 50°.
OK түймесі
Таңдалған бағдарлама, опциялар
мен параметрлер құпталады.
MyFavourite бағдарламасын бастау
үшін ұзақ (3 сек) басыңыз. Егер
бағдарлама сақталған болса,
дисплейде келесі көрсетіледі:
MyFavourite орн.
5. БАҒДАРЛАМАЛАР
Бағдарлама Кірдің ауқымы
Кірдің түрі
Бағдарлама
циклдары
Опциялар
ECO 50°
1)
Қалыпты
кірлеген
Ыдыс-аяқтар
мен ас
құралдары
Алғашқы жуу
Жуу 50 °C
Шаю циклдары
Кептіру
XtraDry
AutoFlex
45°-70°
2)
Барлығы
Ыдыс-аяқтар,
ас құралдары,
кәстрөлдер мен
табалар
Алғашқы жуу
45 °C градустан
70 °C градусқа
дейін жуу
Шаю циклдары
Кептіру
XtraDry
FlexiWash
50°-65°
3)
Аралас ластық
Ыдыс-аяқтар,
ас құралдары,
кәстрөлдер мен
табалар
Алғашқы жуу
Жуу 50 °C және
65 °C
Шаю циклдары
Кептіру
TimeManager
XtraDry
Intensive 70°
4)
Қатты
ластанған
Ыдыс-аяқтар,
ас құралдары,
кәстрөлдер мен
табалар
Алғашқы жуу
Жуу 70 °C
Шаю циклдары
Кептіру
TimeManager
XtraDry
Quick Plus 60°
5)
Жаңа
ластанған
Ыдыс-аяқтар
мен ас
құралдары
Жуу 60 °C
Шаю циклдары
XtraDry
Glass Care
45°
6)
Қалыпты не
аздап кірлеген
Морт сынғыш
ыдыс-аяқтар
мен шыны
ыдыстар
Жуу 45 °C
Шаю циклдары
Кептіру
XtraDry
www.electrolux.com8
Бағдарлама Кірдің ауқымы
Кірдің түрі
Бағдарлама
циклдары
Опциялар
Rinse & Hold
7)
Барлығы Алғашқы жуу
1)
Бұл бағдарлама қалыпты кірлеген фарфор ыдыс-аяқ пен ас құралдары үшін су мен
қуатты барынша тиімді пайдалану мүмкіндігін ұсынады. Бұл сынақ мекемелеріне
арналға стандартты бағдарлама.
2)
Құрылғы себеттердегі заттардың қаншалықты ластанғанын және заттардың санын
анықтай алады. Бұл судың температурасы мен мөлшерін және жуу уақытын
автоматты түрде реттейді.
3)
Бұл бағдарлама аралас заттарды жууға сай келеді. Қатты ластанған заттарды
астыңғы себетке және қалыпты ластанған ыдыстарды үстіңгі себетке салыңыз.
Астыңғы себеттегі судың қысымы мен температурасы үстіңгі себетке қарағанда
жоғарырақ.
4)
Бұл бағдарлама қатты ластанған заттарды жоғары су қысымы мен температурасын
пайдаланып жууға арналған.
5)
Бұл бағдарлама жаңа ластанған немесе шамалы ластанған ыдыстарды ақ уақытта
жууға арналған.
6)
Бұл бағдарлама судың температурасын басқарады және нәзік ыдыстарға, әсіресе
стакандарға арнайы күтім жасайды.
7)
Осы бағдарламамен ыдыстарға жабысқан тағам қалдықтарын дереу шайып,
құрылғы ішінде иіс пайда болуға жол бермейсіз. Бұл бағдарламаны қолданғанда,
жуғыш заттарды пайдаланбаңыз.
5.1 Пайдалану көлемі
Бағдарлама
1)
Су
(л)
Қуат
(кВт)
Ұзақтық
(мин)
ECO 50° 11 0.857 235
AutoFlex 45°-70° 8 - 15 0.7 - 1.7 46 - 170
FlexiWash 50°-65° 14 - 16 1.2 - 1.5 160 - 180
Intensive 70° 12.5 - 14.5 1.4 - 1.7 170 - 190
Quick Plus 60° 10 0.9 30
Glass Care 45° 12 - 14 0.8 - 1.0 82 - 92
Rinse & Hold 4 0.1 14
1)
Мәндерді судың қысымы мен температурасы, электр қуатының ауытқуы,
параметрлер және ыдыс-аяқтың мөлшері өзгертуі мүмкін.
5.2 Сынақ институттарына
арналған ақпарат
Жұмыс сынағын өткізу үшін қажетті
ақпарат алу үшін (мысалы EN60436
бойынша) мына мекенжайға
электронды хат жолдаңыз:
Өтінішіңізде техникалық ақпарат
тақтасынан алуға болатын өнім
нөмірін (PNC) көрсетіңіз.
Ыдыс жуғыш машинаға қатысты кез
келген қосымша ақпарат үшін
құрылғымен бірге берілген сервис
кітапшасын қараңыз.
ҚАЗАҚ 9
6. ПАРАМЕТРЛЕР
6.1 Параметр тізімі
Параметрлер Мәндер Сипаттама
MyFavourite орн Бағдарламалар
тізімі
Өзіңізге ұнайтын
күнделікті бағдарламаны
орнатыңыз. Осы тарауда
берілген нақты ақпаратты
қараңыз.
AirDry ҚОСУ
ӨШІРУ
Кептіру циклы кезінде
есікті автоматты ашу
параметрін орнатыңыз.
Осы тарауда берілген
нақты ақпаратты
қараңыз.
Зауыттық параметрлер:
ҚОСУ.
Аяқтау сигналы ҚОСУ
ӨШІРУ
Бағдарлама аяқталған
кезде қосылатын
дыбыстық сигналды
орнатыңыз.
Зауыттық параметрлер:
ӨШІРУ.
Түймешік сигналдары Басу
Сигнал
Өшіру
Түймелерді басқан кезде
естілетін сигналды
орнатыңыз.
Үнділік 1-деңгейінен 10-
деңгейге дейін.
Дыбыс деңгейін
өзгертіңіз.
Ажыратымдылық 0-деңгейінен 9-
деңгейге дейін.
Дисплейдің жарығын
реттеңіз.
Контраст 0-деңгейінен 9-
деңгейге дейін.
Дисплейдің контрастын
реттеңіз.
Судың кермектігі 1-деңгейінен 10-
деңгейге дейін.
Су жұмсартқыштың
деңгейін өзіңіз тұратын
жердегі судың
кермектігіне сай реттеңіз.
Зауыттық параметрлер:
5-ші деңгей.
Шайғыш заттың деңгейі 0-деңгейінен 6-
деңгейге дейін.
0 деңгей = шайғыш
зат үлестірілмейді
Шайғыш заттың
үлестірілетін мөлшерін
қажетті дозаға сәйкес
реттеңіз.
Зауыттық параметрлер:
4-ші деңгей.
Тілдер Тілдер тізімі Қалаған тілді орнатыңыз.
Әдепкі тіл: Қазақша.
www.electrolux.com10
Параметрлер Мәндер Сипаттама
Едендегі бейнебет Түстердің тізімі
Ешбір
TimeBeam түсін
орнатыңыз немесе
TimeBeam опциясын
сөндіріңіз.
Параметр. баст. қалп. Қою Қалпына келтіру
Болдырмау
Құрылғының зауытта
орнатылған
параметрлерін қалпына
келтіріңіз.
6.2 2 мәні бар параметрді
қалай өзгертуге болады
(ҚОСУ және ӨШІРУ)
Сақталған параметрлер бұларға қайта
өзгеріс енгізгенше жарамды болып
тұрады.
1.
түймесін басыңыз.
Дисплейде функция тізімі көрсетіледі.
2. Параметрлерсодан кейін
түймесін басыңыз.
Дисплейде параметр тізімі көрсетіледі.
3. Параметрді таңдап, параметр
мәнін өзгерту үшін
түймесін
басыңыз.
Параметр мәні ҚОСУ мәнінен
ӨШІРУ мәніне немесе керісінше
өзгереді.
Дисплей параметр тізімін
көрсетіп тұрады.
4. түймесін дисплейде таңдалған
бағдарлама тізімі көрсетілгенше
қайталап басыңыз.
6.3 Бірнеше мәндері бар
параметрді қалай өзгертуге
болады
Сақталған параметрлер бұларға қайта
өзгеріс енгізгенше жарамды болып
тұрады.
1. түймесін басыңыз.
Дисплейде функция тізімі көрсетіледі.
2. Параметрлерсодан кейін
түймесін басыңыз.
Дисплейде функция тізімі көрсетіледі.
3. Параметрді таңдап, параметрге
ену үшін түймесін басыңыз.
4. Параметр мәнін өзгерту үшін
және пайдаланыңыз.
5. Параметрді сақтау үшін
түймесін басыңыз.
Дисплейде параметр тізімі көрсетіледі.
6.
түймесін дисплейде таңдалған
бағдарлама тізімі көрсетілгенше
қайталап басыңыз.
6.4 MyFavourite
бағдарламасын қалай сақтау
керек
Таңдаулы бағдарламаны қолжетімді
опциялармен бірге сақтауға болады.
MyFavourite бағдарламасын Кешіктіру
опциясымен бірге сақтау мүмкін емес.
Бағдарламаны тек бір-бірден сақтауға
болады. Жаңа параметр алдыңғы
параметрді өшіреді.
1.
түймесін басыңыз.
Дисплейде функция тізімі көрсетіледі.
2. Параметрлерсодан кейін
түймесін басыңыз.
Дисплейде параметр тізімі көрсетіледі.
3. MyFavourite орнсодан кейін
түймесін басыңыз.
Дисплейде бағдарлама тізімі
көрсетіледі.
4. Бағдарламаны таңдап,
түймесін басыңыз.
Дисплейде екі мән көрсетіледі.
Қосу функц.: опцияны
бағдарламаға қосу үшін мәнді
таңдаңыз.
Аяқталды: бағдарламаны
опцияларсыз сақтау немесе
опцияларды бағдарламаға
ҚАЗАҚ 11
қосуды аяқтау үшін мәнді
таңдаңыз.
5. түймесін басыңыз.
Егер бағдарлама TimeManager
функциясымен үйлесетін болса,
дисплейде тиісті бағдарлама
уақытымен бірге екі мән көрсетіледі.
Жылдам: мәнді таңдап
TimeManager опциясын
қосыңыз.
Қалыпты: мәнді таңдап
TimeManager опциясын
сөндіріңіз.
6. Растау үшін түймесін
басыңыз.
Дисплей MyFavourite
бағдарламасының сақталғанын
растайды.
6.5 AirDry
AirDry Бұл функция қуатты аз
қолданып, жақсы кептіру нәтижелеріне
қол жеткізуге көмектеседі.
Кептіру циклы кезінде есік
автоматты ашылып,
ашылған қалпы тұрады.
АБАЙЛАҢЫЗ
Есік автоматты түрде
ашылғаннан кейін, 2 минут
ішінде қайта жабуға
тырыспаңыз. Бұл
құрылғыны бүлдіруі мүмкін.
Егер артында есік тағы 3
минутқа жабылса, жұмыс
істеп тұрған бағдарлама
аяқталады.
AirDry Бұл Rinse & Hold
бағдарламасынан басқа (егер бар
болса) бағдарламаларда автоматты
түрде қосылып тұрады.
Кептіру нәтижесін жақсарту үшін
XtraDry опциясын қараңыз немесе
AirDry функциясын қосыңыз.
АБАЙЛАҢЫЗ
Балалардың қолдары
құрылғыға жететін болсағ
AirDry сөндіріңіз, себебі
есікті ашу қауіп тудыруы
мүмкін.
7. ОПЦИЯЛАР
Қажетті функцияларды
міндетті түрде
бағдарламаны бастау
алдында іске қосу керек.
Бағдарлама жұмыс істеп
тұрған кезде
функцияларды іске қосу
немесе ажырату мүмкін
емес.
Опцияларды қосу су мен
қуаттың пайдаланылатын
мөлшеріне, сонымен қатар
бағдарламаның
ұзақтығына әсер етеді.
www.electrolux.com12
7.1 Функция тізімі
Опциялар Мәндер Сипаттама
Кешіктіру 1 сағаттан 24 сағатқа дейін
ӨШІРУ (әдепкі мән)
Бағдарламаны кешіктіріп
бастайды.
XtraDry ҚОСУ
ӨШІРУ (әдепкі мән)
Кептіру әрекетін
жақсартады. Осы
тарауда берілген нақты
ақпаратты қараңыз.
TimeManager Жылдам
Қалыпты (әдепкі мән)
Таңдалған бағдарлама
уақытын шамамен 50%
мөлшеріне азайтады.
Осы тарауда берілген
нақты ақпаратты
қараңыз.
Параметрлер Құрылғы параметрлерін
көрсетеді
7.2 Функцияны қалай орнату
керек
Бұл опция тізімі тек таңдалған
бағдарламада қолжетімді опцияларды
көрсетеді.
Кей функциялар өзара үйлесімді емес.
Егер өзара үйлесімсіз опцияларды
таңдасаңыз, құрылғы олардың біреуін
немесе бірнешеуін автоматты түрде
сөндіреді. Дисплейде қай
опциялардың сөндірілгені туралы
ақпарат көрсетіледі.
Бағдарлама аяқталса немесе біржола
тоқтатылса, опциялар бастапқы
қалпына келеді.
1. Бағдарламаны таңдаңыз.
2.
түймесін басыңыз.
Дисплейде қолжетімді опциялар
көрсетіледі.
3. Функцияны таңдаңыз.
Дисплейде әдепкі опцияның мәні
жақшаның ішінде көрсетіледі.
4.
пернесін параметр мәнін
ӨШІРУ қалпынан ҚОСУ қалпына
немесе керісінше өзгерту үшін
басыңыз.
Егер Кешіктіру таңдап, түймесін
бассаңыз, дисплейде кешіктіріп бастау
үшін орнатуға болатын уақыттар
көрсетіледі. Қажетті уақытты таңдап,
түймесін басып растаңыз.
5. түймесін дисплейде таңдалған
бағдарлама көрсетілгенше
бірнеше рет басыңыз.
7.3 XtraDry
Кептіру нәтижесін жақсарту үшін осы
опцияны қосыңыз.
XtraDry бұл ECO 50° функциясынан
басқа бағдарламаларда тұрақты опция
болып табылады. Бұл келесі
циклдарда автоматты түрде қосылады.
Бұл конфигурацияны кез келген
уақытта өзгертуге болады.
ECO 50° қосылған сайын
XtraDry опциясы сөнеді
және оны қолдан таңдау
керек болады.
XtraDry қосқанда TimeManager сөнеді
не керісінше қосылады.
7.4 TimeManager
TimeManager функциясы таңдалған
бағдарламаның ұзақтығын шамамен
50% мөлшеріне азайтуға мүмкіндік
береді.
ҚАЗАҚ 13
Бұл функция судың қысымы мен
температурасын көбейтеді. Жуу және
кептіру циклдары қысқарақ болады.
Жуу нәтижесі қалыпты уақыты бар
бағдарламаны пайдаланғанмен
бірдей. Кептіру нәтижелері төмендеуі
мүмкін.
TimeManager функциясын төменде
көрсетілгендей қосыңыз:
Бағдарламаны таңдап, түймесін
басыңыз.
Егер таңдалған бағдарламада
TimeManager қолжетімді болса,
дисплейде тиісті бағдарлама
уақытымен бірге екі мән көрсетіледі.
Жылдам: мәнді таңдау арқылы
TimeManager опциясын іске
қосып, растау үшін
түймесін басыңыз.
Қалыпты: мәнді таңдау арқылы
TimeManager опциясын
сөндіріп, растау үшін
түймесін басыңыз.
TimeManager қосқанда XtraDry сөнеді
не керісінше қосылады.
8. ЕҢ АЛҒАШ ПАЙДАЛАНУ АЛДЫНДА
Құрылғыны алғаш рет іске қосқанда,
тіл параметрін орнату керек. Ағылшын
тілі әдепкі тіл болып табылады.
1. Тілді орнатыңыз.
Ағылшын тілін растау үшін
түймесін басыңыз.
Басқа тілді таңдап,
түймесін басып растаңыз.
2. Су жұмсартқыштың ағымдық
деңгейінің сумен жабдықтау
жүйесіндегі судың кермектігіне
сай келетініне көз жеткізіңіз.
Олай болмаса, су
жұмсартқыштың деңгейін
реттеңіз.
3. Су сауытын толтырыңыз.
4. Шайғыш зат үлестіргішін
толтырыңыз.
5. Су құятын шүмекті ашыңыз.
6. Өндіру барысында қалған
қалдықтарды тазалау үшін
бағдарламаны бастаңыз. Жуғыш
затты қолданбаңыз және
себеттерге ыдыс салмаңыз.
Бағдарламаны бастағаннан кейін
құрылғы су жұмсартқыштың ішіндегі
шайырды 5 минут бойы зарядтайды.
Жуу циклы тек осы процедура
аяқталғаннан кейін басталады. Бұл
процедура уақытылы қайталанып
отырады.
8.1 Су жұмсартқыш
Су жұмсартқыш жуу нәтижелеріне
және құрылғыға жағымсыз әсер етуі
мүмкін судың құрамындағы
минералдарды тазалайды.
Осы минералдың мөлшері неғұрлым
көп болса, судың кермектігі де
соғұрлым жоғары болады. Судың
кермектігі балама шкаламен
есептеледі.
Су жұмсартқыш аймағыңыздағы судың
кермектігіне сәйкес бапталуға керек.
Аймағыңыздағы судың кермектігі
туралы ақпаратты жергілікті су
мекемесінен ала аласыз. Жақсы жуу
нәтижесіне жету үшін су
жұмсартқыштың дұрыс деңгейін
орнату керек.
Судың кермектігі
Неміс
градусы (°dH)
Француз
градусы (°fH)
mmol/l Кларк
градусы
Су
жұмсартқыштың
деңгейі
47 - 50 84 - 90 8,4 - 9,0 58 - 63 10
www.electrolux.com14
Неміс
градусы (°dH)
Француз
градусы (°fH)
mmol/l Кларк
градусы
Су
жұмсартқыштың
деңгейі
43 - 46 76 - 83 7,6 - 8,3 53 - 57 9
37 - 42 65 - 75 6,5 - 7,5 46 - 52 8
29 - 36 51 - 64 5,1 - 6,4 36 - 45 7
23 - 28 40 - 50 4,0 - 5,0 28 - 35 6
19 - 22 33 - 39 3,3 - 3,9 23 - 27
5
1)
15 - 18 26 - 32 2,6 - 3,2 18 - 22 4
11 - 14 19 - 25 1,9 - 2,5 13 - 17 3
4 - 10 7 - 18 0,7 - 1,8 5 - 12 2
<4 <7 <0,7 < 5
1
2)
1)
Зауытта орнатылған параметр.
2)
Тұзды осы деңгейге қойып қолданбаңыз.
Пайдаланылған жуғыш затқа
қарамай, судың кермектігін дұрыс
орнатып, тұз индикаторын белсенді
күйде ұстаңыз.
Тұзы бар аралас
таблеткалар кермек суды
тиімді түрде жұмсарта
алмайды.
8.2 Тұз сауыты
АБАЙЛАҢЫЗ
Тек ыдыс жуғыштарға
арналған ірі тұзды
қолданыңыз. Ұсақ тұз тот
басу қаупін арттырады.
Тұз су жұмсартқыштың ішіндегі
шайырды толтыру үшін және
күнделікті жуу нәтижесін
қанағаттанарлық ету үшін
қолданылады.
Тұз сауытын қалай толтыру
керек
1. Тұз сауытының қақпағын сағат
тіліне бағытына қарсы бұрап
алыңыз.
2. Тұз сауытына 1 литр су құйыңыз
(ең алғаш қолданғанда ғана).
3. Тұз сауытына жуғыш тұздан
салыңыз (сауыт толғанша).
4. Тұз түйірлерін арылту үшін,
құйғышты тұтқасынан ұстап тұрып
қозғаңыз.
5. Тұз сауытының ернеуіндегі тұзды
тазалаңыз.
ҚАЗАҚ 15
6. Тұз сауытын жабу үшін тұз
сауытының қақпағын сағат тілінің
бағытымен бұраңыз.
АБАЙЛАҢЫЗ
Тұз сауытын толтырған
кезде одан су және тұз
ағады. Тұз сауытын
толтырғаннан кейін тот
басуға жол бермеу үшін
бағдарламаны дереу
бастаңыз.
Тұз үлестіргішті толтыру
қажет болғанда, дисплейде
тиісті хабар көрсетіледі.
8.3 Шайғыш зат үлестіргіші
Шаю құралы ыдыс-аяқты ешбір жолақ
немесе дақ қалдырмай құрғатуға
мүмкіндік береді.
Шайғыш зат ыстық сумен шаю циклы
кезінде автоматты түрде қосылады.
Шайғыш зат үлестіргішін
толтыру
A
B
C
АБАЙЛАҢЫЗ
Ыдыс жуғыш машинаға
арналған шайғыш
заттарды ғана
пайдаланыңыз.
1. Қақпақшаны (C) ашыңыз.
2. Үлестіргішті (B) жуғыш зат ''MAX'’
деңгейіне жеткенше толтырыңыз.
3. Төгіліп қалған шайғыш зат қатты
көпіршіп кетпеу үшін сіңіргіш
шүберекпен тазалаңыз.
4. Қақпақшаны жабыңыз. Қақпақтың
жабылғанына көз жеткізіңіз.
Шайғыш зат үлестіргішін
(A) индикаторы мөлдір
болған кезде толтырыңыз.
Шайғыш зат үлестіргішін
толтыру қажет болғанда,
дисплейде тиісті хабар
көрсетіледі.
Егер аралас жуғыш таблетканы
пайдалансаңыз және жуу нәтижесі
қанағаттанарлық болса, шайғыш затты
толтыру хабарын шайғыш зат деңгейін
0-ге қойып сөндіруге болады.
Шаю сапасын жақсарту
үшін үнемі құрамында
шайғыш заты бар аралас
таблеткамен бірге шайғыш
затты пайдалануды
ұсынамыз.
9. ӘРКҮНДІК ҚОЛДАНУ
1. Су құятын шүмекті ашыңыз.
2. Құрылғыны іске қосу үшін қосу/
сөндіру түймесін басыңыз.
Егер дисплейде тұз үлестіргішті
толтыру хабары пайда болса,
тұз сауытын толтырыңыз.
Егер дисплейде шайғыш зат
үлестіргішті толтыру хабары
пайда болса, шайғыш зат
сауытын толтырыңыз.
3. Себеттерді толтырыңыз.
4. Жуғыш заттан қосыңыз.
www.electrolux.com16
5. Бағдарламаны салынған заттар
мен олардың ластану деңгейіне
қарай дұрыс орнатып, іске
қосыңыз.
9.1 Жуғыш затты қолдану
A
B
C
АБАЙЛАҢЫЗ
Ыдыс жуғыш машиналарға
арналған арнайы жуғыш
құралдарды ғана
пайдаланыңыз.
1. (A) босату түймешігін басып,
қақпақты (C) ашыңыз.
2. Ұнтақ немесе таблетка түріндегі
жуғыш құралды (B) бөлігіне
салыңыз.
3. Бағдарламаның алдын ала жуу
циклы болса, құрылғы есігінің ішкі
бөлігіне жуғыш заттан аздап
салыңыз.
4. Қақпақшаны жабыңыз. Қақпақтың
жабылғанына көз жеткізіңіз.
9.2 Бағдарламаны орнату
және бастау
Бағдарламаны қалай бастау
керек
1. Құрылғыны іске қосу үшін қосу/
сөндіру түймесін басыңыз.
Дисплейде бағдарлама тізімі
көрсетіледі.
2. Бағдарламаны таңдаңыз. ECO 50°
бағдарламасы үнемі әдепкі
бағдарлама болып табылады.
3. Қажет болса, тиісті опцияларды
орнатыңыз. Опцияларды
орнатқаннан кейін бағдарлама
тізіміне өтіңіз.
4. түймесін басыңыз.
Егер таңдалған бағдарламада
TimeManager опциясына қолжетімді
болса, дисплейде бағдарлама
уақыттарымен бірге екі мән
көрсетіледі.
Жылдам: мәнді таңдау арқылы
TimeManager опциясын іске
қосып, растау үшін
түймесін басыңыз.
Қалыпты: мәнді таңдау арқылы
TimeManager опциясын
сөндіріп, растау үшін
түймесін басыңыз.
5. Бағдарламаны бастау үшін
құрылғының есігін жабыңыз.
MyFavourite бағдарламасын
қалай бастау керек
1. түймесін дисплейде
MyFavourite бағдарламасы пайда
болғанша шамамен 3 секунд басып
тұрыңыз.
2. Бағдарламаны бастау үшін
құрылғының есігін жабыңыз.
Бағдарламаны қалай
кешіктіріп бастауға болады
Кешіктіріп бастау функциясын
MyFavourite бағдарламасымен бірге
орнату мүмкін емес.
1. Бағдарламаны таңдаңыз.
2. түймесін басыңыз.
Дисплейде функция тізімі көрсетіледі.
3. Кешіктіру таңдап, содан кейін
түймесін басыңыз.
Дисплейде кешіктіріп бастау үшін
орнатуға болатын уақыттар
көрсетіледі (1-ден бастап 24-ке дейін).
4. Қажетті уақыттарды таңдап,
басып растаңыз.
Дисплейде опция тізімі көрсетіледі.
5. Басқа да қол жетімді опцияларды
орнатуға болады.
ҚАЗАҚ 17
6. түймесін дисплейде таңдалған
бағдарлама көрсетілгенше
бірнеше рет басыңыз.
7. Таңдалған бағдарламаны растау
үшін түймесін басыңыз.
8. Кері санақты бастау үшін
құрылғының есігін жабыңыз.
Кері санақ аяқталған кезде,
бағдарлама басталады.
Кері санақ кезінде кешіктіріп
бастау функциясын біржола
тоқтату
Кешіктіріп бастауды біржола тоқтатқан
кезде бағдарлама мен опциялардың
әдепкі мәндері қалпына келеді.
1. Құрылғының есігін ашыңыз.
2. түймесін 3 секунд басып
тұрыңыз. Дисплейде төмендегілер
көрсетіледі: Жойылсын ба? және
екі мән.
Тоқтату: кешіктіріп бастауды
біржола тоқтату үшін мәнді
таңдаңыз. Растау үшін
түймесін басыңыз.
Жалғастыру: кері санақты
жалғастыру үшін мәнді
таңдаңыз. Растау үшін
түймесін басыңыз. Құрылғы
есігін жабыңыз.
Жұмыс істеп тұрған
бағдарламаны қалай біржола
тоқтатуға болады
1. Құрылғының есігін ашыңыз.
2. түймесін 3 секунд басып
тұрыңыз. Дисплейде төмендегілер
көрсетіледі: Жойылсын ба? және
екі мән.
Тоқтату: жұмыс істеп тұрған
бағдарламаны тоқтату үшін
мәнді таңдаңыз. Растау үшін
түймесін басыңыз.
Жалғастыру: жұмыс істеп
тұрған бағдарламаны
жалғастыру үшін мәнді
таңдаңыз. Растау үшін
түймесін басыңыз. Құрылғы
есігін жабыңыз.
Жаңа бағдарламаны бастар алдында,
жуғыш зат үлестіргіште жуғыш заттың
бар екеніне көз жеткізіңіз.
Құрылғы жұмыс істеп тұрған
кезде есікті ашу
Бағдарлама жұмыс істеп тұрғанда
есікті ашсаңыз, құрылғы тоқтайды. Бұл
қуатты пайдалану мен бағдарлама
уақытына әсер етуі мүмкін. Есікті
жапқаннан кейін, құрылғы тоқтаған
жерінен бастап жұмыс істейді.
Кептіру циклы кезінде есік
30 секундтан ұзақ ашық
тұрса, жұмыс істеп тұрған
бағдарлама аяқталады.
Есік AirDry көмегімен
ашылса, бұндай жағдай
болмайды.
Бағдарламаның аяқталуы
Бағдарлама аяқталған кезде
TimeBeam дисплейде 0:00 және
CLEAN көрсетіледі.
1. Қосу/сөндіру түймесін басыңыз
немесе Auto Off функциясының
құрылғыны автоматты түрде
сөндіруін күтіңіз. Есікті Auto Off
функциясы қосылмай тұрып
ашсаңыз, құрылғы автоматты
түрде сөнеді.
2. Судың шүмегін жабыңыз.
Auto Off функциясы
Бұл функция құрылғы жұмыс істемей
тұрған кезде автоматты түрде сөндіру
арқылы қуатты үнемдейді.
Құрылғы келесі жағдайда іске
қосылады:
Бағдарлама аяқталғаннан кейін 5
минут өткенде.
Бағдарламаның басталмағанынан
бері 5 минут өтсе.
www.electrolux.com18
10. АҚЫЛ-КЕҢЕС
10.1 Жалпы
Күнделікті тазалау және кептіру
нәтижесін жақсарту үшін келесі ақыл-
кеңестерді орындап, қоршаған ортаны
қорғауға үлес қосыңыз.
Ыдыстарға жабысқан тағамның
үлкенірек қалдықтарын алып,
қоқысқа салыңыз.
Ыдысты алдын ала қолмен
шаймаңыз. Қажет болса, алдын ала
жуу фазасы бар бағдарламаны
таңдаңыз.
Себеттердің ішіндегі орынды үнемі
толық пайдаланыңыз.
Себеттердегі заттардың бір-біріне
тимей немесе қалқаламай
тұрғанына көз жеткізіңіз. Сонда ғана
су ыдыстарға жетеді.
Ыдыс жуғыш машинаға арналған
жуғыш, шайғыш құралды және
тұзды бөлек пайдалануға не көп
функциялы таблеткаларды
пайдалануға болады (мысалы, ''All
in 1''). Орамындағы нұсқауларды
орындаңыз.
Бағдарламаның ыдыс түріне және
ластану дәрежесіне сай таңдаңыз.
ECO 50° су мен қуатты барынша
оңтайлы пайдалану мүмкіндігін
ұсынады.
10.2 Тұз, шайғыш зат және
жуғыш затты пайдалану
Тек ыдыс жуғыш машинаға
арналған тұзды, шайғыш және
жуғыш затты пайдаланыңыз. Басқа
өнімдер құрылғыға нұқсан келтіруі
мүмкін.
Cуы кермек және өте кермек
аймақтарда жуу және кептіру
нәтижесін барынша жақсарту үшін
жеке жуғыш (қосымша
функциялары жоқ ұнтақты, гельді,
таблеткаларды), шайғыш затты
және тұзды жеке-жеке
пайдаланыңыз.
Кем дегенде айында бір рет
құрылғыны құрылғы жууға арналған
заттан құйып, іске қосыңыз.
Жуғыш таблеткалар қысқа
бағдарламаларда әбден ерімейді.
Жуғыш заттардың қалдықтары
ыдыстарға тұрып қалмас үшін
жуғыш таблеткаларды
пайдаланғанда ұзақ
бағдарламаларды қолдануды
ұсынамыз.
Жуғыш затты қажетті мөлшерден
артық пайдаланбаңыз. Жуғыш
заттың орамындағы нұсқауларды
қараңыз.
10.3 Жуғыш таблеткаларды
пайдалануды тоқтатқыңыз
келсе
Жуғыш затты, тұзды және шайғыш
заттарды жеке-жеке пайдалану
алдында келесі әрекеттерді
орындаңыз:
1. Су жұмсартқыштың ең жоғары
деңгейін орнатыңыз.
2. Тұз және шайғыш зат
сауыттарының толы екеніне көз
жеткізіңіз.
3. Шаю циклы бар ең қысқа
бағдарламаны бастаңыз. Жуғыш
зат қоспаңыз және себеттерді
толтырмаңыз.
4. Бағдарлама аяқталған кезде, су
жұмсартқышты тұратын жеріңіздегі
судың кермектігіне қойыңыз.
5. Шайғыш заттың қосылатын
мөлшерін реттеңіз.
10.4 Себеттерді толтыру
Құрылғыны тек ыдыс жуғыш
машинада жууға болатын заттарды
жуу үшін ғана пайдаланыңыз.
Ағаш, мүйіз, алюминий, қалайы
және мыстан жасалған заттарды
құрылғыға салып жумаңыз.
Құрылғыға су сіңіретін заттарды
(жөке, ас үй шүберектері) жумаңыз.
Ыдыстардағы үлкен тағам
қалдықтарын алыңыз.
Күйіп кеткен тағам қалдықтары
жабысқан ыдыстарды құрылғымен
жуу алдында жібітіңіз.
Шұңғыл ыдыстардың (кесе, стакан
және кәстрөл) ернеуін төмен
қаратып салыңыз.
ҚАЗАҚ 19
Стакандарды бір-біріне тигізбеңіз.
Жеңіл заттарды үстіңгі себетке
салыңыз. Заттарды оңай жылжып
кетпейтін етіп салыңыз.
Ас құралдары мен кішкене
заттарды ас құралдары тартпасына
салыңыз.
Бағдарламаны қосу алдында
бүріккіш түтіктердің еркін айнала
алатынына көз жеткізіңіз.
10.5 Бағдарламаны бастау
алдында
Таңдалған бағдарламаны бастау
алдында мынаны тексеріңіз:
Сүзгілердің таза екенін және
орнатылып тұрғанын.
Тұз сауытының қақпағының мықтап
жабылғанын.
Бүріккіш түтіктердің бітеліп
қалмағанын.
Тұз бен жуғыш заттың жеткілікті
екенін (егер көп функциялы
таблетканы пайдаланбасаңыз).
Заттардың себеттерге дұрыс
салынып тұрғанын.
Бағдарламаның салынған ыдыс
түріне және ластану дәрежесіне сай
екенін.
Жуғыш зат дұрыс мөлшерде
қолданылғанын.
10.6 Себеттерді босату
1. Ыдыстарды суытып алғаннан кейін
ғана құрылғыдан алыңыз. Ыстық
заттар осал келеді.
2. Әуелі астыңғы себеттегі, содан
кейін үстіңгі себеттегі заттарды
алыңыз.
Бағдарлама аяқталғаннан
кейін құрылғының ішкі
бетінде әлі де су тұруы
мүмкін.
11. КҮТУ МЕНЕН ТАЗАЛАУ
ЕСКЕРТУ!
Құрылғыны жөндеу
алдында электр желісінен
ағытыңыз және ашасын
розеткадан суырыңыз.
Қоқыс тұрған сүзгілер мен
бүріккіш түтіктер жуу
нәтижесін төмендетеді.
Уақытылы тексеріп, қажет
болса тазалаңыз.
11.1 Сүзгілерді тазалау
Сүзгі жүйесі 3 бөліктен тұрады.
C
B
A
1. Сүзгіні (B) сағат тілінің бағытына
қарсы бұрап алыңыз.
www.electrolux.com20
/