Zanussi ZEI5681FB Руководство пользователя

  • Привет! Я прочитал инструкцию по эксплуатации варочной панели Zanussi ZEI5681FB. Я могу ответить на ваши вопросы о ее функциях, таких как индукционный нагрев, сенсорное управление и функции безопасности, а также помочь с устранением неисправностей. Задавайте свои вопросы!
  • Как включить варочную панель?
    Что делать, если панель управления залита?
    Как выбрать конфорку?
    Как работает функция блокировки?
    Что означает индикатор остаточного тепла?
Қолдану туралы нұсқаулары
2
Инструкция по эксплуатации
18
KK
RU
ZEI5681FB
Пісіру алаңы
Варочная панель
Мазмұны
Қауіпсіздік ақпараты 2
Қауіпсіздік нұсқаулары 4
Бұйым сипаттамасы 6
Әркүндік қолдану 7
Ақыл-кеңес 9
Күту менен тазалау 11
Ақаулықты түзету 11
Орнату 13
Техникалық дерек 16
Қуат тиімділігі 17
Өндіруші ескертусіз өзгеріс енгізу құқығына ие.
Қауіпсіздік ақпараты
Құрылғыны орнатып іске қолданар алдында бірге
жеткізілген нұсқауларды мұқият оқып шығыңыз. Дұрыс
орнатпау немесе пайдаланбау нәтижесінде орын алған
жарақат немесе зақымдарға өндіруші жауапты емес.
Нұсқаулықтарды кейін қарап жүру үшін әрқашан қауіпсіз
және қол жетімді жерде сақтаңыз.
Балалар мен дәрменсіз адамдардың қауіпсіздігі
Бұл құрылғыны 8 жастан асқан балалар мен денесіне,
сезім жүйесіне не ақыл-есіне зақым келген не тәжірибесі
аз адамдар өз қауіпсіздіктерін қамтамасыз ететін
адамның қадағалауы не құрылғыны қауіпсіз қолдану
бойынша берген нұсқауына сүйеніп, дұрыс қолданбау
салдарын түсінсе, онда қолдануына болады.
Балаларға құрылғымен ойнауға рұқсат бермеңіз.
Барлық орам материалдарын балалардан алыс ұстап,
қоқысқа тиісті түрде тастау керек.
Құрылғы жұмыс істеп тұрғанда немесе ол суып тұрғанда,
балалар мен үй жануарларын оған жақындатпаңыз. Қол
жететін бөлшектері ыстық.
Құрылғы бала қауіпсіздігінің құралымен жабдықталса,
оны қосу керек.
Балалар құрылғыны жөндеу және тазалау жұмыстарын
бақылаусыз орындамауы керек.
3 жастағы және бұл жасқа толмаған балаларды жұмыс
істеп тұрған құрылғыдан әрқашан алыс ұстау керек.
2 www.zanussi.com
Қауіпсіздік туралы жалпы ақпарат
ЕСКЕРТУ: Құрылғы мен оның қол жететін жердегі
бөлшектері қолдану барысында ысып тұрады.
Қыздырғыш элементтерге тиіп кетпеу үшін абайлау
керек. 8 жасқа толмаған балаларды үнемі бақылап
отырмаған жағдайда құрылғыдан алыс ұстау керек.
Құрылғыны сыртқы таймермен немесе бөлек қашықтан
басқару жүйесімен басқармаңыз.
ЕСКЕРТУ: Май немесе өсімдік майы қосылған тағамды
пештің үстіне қараусыз қалдыру қауіпті және өрт шығуы
мүмкін.
Өртті ЕШҚАШАН сумен сөндіруге әрекет жасамаңыз,
оның орнына құрылғыны сөндіріп, жалынды қақпақ
немесе өртке төзімді көрпе, т.б. тәрізді затпен жабыңыз.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ: Пісіру барысын қадағалап отыру
керек. Пісіру барысы қысқа болса, үздіксіз қадағалап
отыру керек.
ЕСКЕРТУ: Өрт қаупі бар: Пісіру алаңына зат сақтамаңыз.
Пышақ, шанышқы, қасық және қақпақ тәрізді темір
заттарды пештің үстіне қоймаңыз, себебі ысып кетеді.
Құрылғыны бумен тазалау құралын пайдаланып
тазаламаңыз.
Пайдаланып болғаннан кейін пеш үстінің элементін,
ыдыс анықтағышқа сүйенбей, оның басқару тетігімен
сөндіріңіз.
Егер шыны керамика бет / шыны сынса, электр қатері
пайда болмас үшін құрылғыны сөндіріңіз.
Егер қуат cымына зақым келген болса, қатерден сақтану
үшін оны өндіруші немесе уәкілетті техник немесе сол
сияқты білікті маман ауыстыруға тиіс.
ЕСКЕРТУ: Пісіру құрылғысының өндірушісі жасаған пеш
қорғағыштарды ғана немесе құрылғы өндірушісі
пайдаланушы нұсқаулығында арнайы көрсеткен немесе
құрылғының өзіне орнатылған қорғағыштарды ғана
қолданыңыз. Сай келмейтін қорғағыштарды
пайдалансаңыз, оқыс жағдай орын алуы мүмкін.
www.zanussi.com 3
Қауіпсіздік нұсқаулары
Орнату
ЕСКЕРТУ!
Бұл құрылғыны тек білікті маман
ғана орнатуға тиіс.
Орам материалдарының барлығын
алыңыз.
Бүлінген құрылғыны орнатпаңыз немесе
іске қоспаңыз.
Құрылғымен бірге жеткізілген орнату
бойынша нұсқауларды орындаңыз.
Осы құрылғы мен басқа
құрылғылардың, заттардың арасындағы
минимум қашықтықты сақтаңыз.
Құрылғы ауыр болғандықтан, орнынан
жылжытқан кезде әрқашан абай
болыңыз. Әрқашан қауіпсіздік қолғабы
мен бітеу аяқ киім киіңіз.
Кесілген беттерге ылғал кіріп үлкейтіп
жібермес үшін тығыздағышпен бітеңіз.
Құрылғының астыңғы жағын бу мен
ылғалдан қорғаңыз.
Құрылғыны есікке жақын жерге
терезенің астына қоймаңыз. Бұл есік
немесе терезе ашылған кезде ыстық
ыдыс құрылғыдан құлап кетпеу үшін
қажет.
Егер құрылғыны тартпалардың үстіне
орнатсаңыз, құрылғының астыңғы жағы
мен үстіңгі тартпаның арасында ауа
ауысып тұруға жеткілікті орын қалуын
қамтамасыз етіңіз.
Құрылғының астыңғы жағы ысып кетеді.
Құрылғының астыңғы жағын қол
жетпейтін етіп бітеу үшін тұтанбайтын
оқшаулағыш панель орнатыңыз.
Жұмыс алаңы мен оның астындағы
құрылғының алдыңғы жағында 2 мм ауа
алмасып тұратын саңылаудың бар
екеніне көз жеткізіңіз. Ауа алмасып
тұруға қажетті саңылаудың жеткіліксіз
болуына байланысты орын алған
ақауларға өндіруші жауапты емес.
Электртоғына қосу
ЕСКЕРТУ!
Өрт шығу және электр қатеріне
ұшырау қаупі бар.
Электртоғына қосу жұмыстарын білікті
электрші ғана іске асыруға тиіс.
Құрылғыны міндетті түрде жерге
тұйықтау қажет.
Қандай да бір жұмысты іске асырмай
тұрып, құрылғының электр желісінен
ажыратылғанына көз жеткізіңіз.
Техникалық ақпарат тақтайшасындағы
электр параметрлерінің электр
желісіндегі параметрлерге сай
келетініне көз жеткізіңіз. Сай келмесе,
электршіге хабарласыңыз.
Құрылғының дұрыс орнатылғаныа көз
жеткізіңіз. Босап қалған және дұрыс
жалғанбаған электр сымы немесе
ашасы (бар болса) ағытпаны өте
ысытып жіберуі мүмкін.
Дұрыс электр сымын пайдаланыңыз.
Электр сымдарының оратылуына жол
бермеңіз.
Электр қатерінен сақтандыру
құралының орнатылғанына көз
жеткізіңіз.
Сымды тартылудан босататын
қапсырманы пайдаланыңыз.
Құрылғыны жақын тұрған розеткаға
жалғаған кезде электр сымы немесе
ашасы (бар болса) ыстық құрылғыға
немесе ыстық ыдысқа тиіп кетпес үшін
абай болыңыз
Көп тармақты адаптерлер мен ұзартқыш
сымдарды қолданбаңыз.
Құрылғының сымына немесе ашасына
(бар болса) зақым келтірмеу үшін абай
болыңыз. Зақым келген электр сымын
ауыстырту үшін біздің уәкілетті қызмет
көрсету орталығына немесе электршіге
хабарласыңыз.
Тоққа қосулы тұрған және оқшаулағышы
бар бөлшектердің электр қатерінен
сақтандырғышын, саймансыз
алынбайтын етіп бекітіп қою керек.
Құрылғының ашасын розеткаға тек
құрылғыны орнатып болғаннан кейін
ғана жалғаңыз. Орнатып болғаннан
кейін ашаның қол жететін жерде
тұрғанына көз жеткізіңіз.
Егер розетка босап тұрса, оған ашаны
сұқпаңыз.
Құрылғыны тоқтан ажырату үшін
сымынан тартпаңыз. Әрқашан
ашасынан тартып суырыңыз.
Дұрыс оқшаулағыш құралдарды ғана
қолданыңыз. желіні қорғайтын
ажыратқыштар, сақтандырғыштар
4 www.zanussi.com
(ұстатқыштан алынған бұрандалы
сақтандырғыштар), жерге тұйықталудан
қорғау тетіктері мен тұйықтағыштар.
Электр жүйесі құрылғыны кез келген
полюсте ажыратуға мүмкіндік беретін
оқшаулағыш құралмен жабықталуға
тиіс. Оқшаулағыш құралдың контакт ара
қашықтығы кем дегенде 3 мм болуға
тиіс.
Пайдалану
ЕСКЕРТУ!
Жарақат алу, күйіп қалу және
электр қатеріне ұшырау қаупі
бар.
Ең алғаш пайдалану алдында барлық
орам материалын, жапсырмасын және
қорғау таспасын (бар болса) алыңыз.
Бұл тұрмыста қолдануға арналған
құрылғы.
Бұл құрылғының техникалық
сипаттамасын өзгертпеңіз.
Желдеткіш саңылаулардың бітеліп
қалмағанына көз жеткізіңіз.
Жұмыс істеп тұрған құрылғыны
назардан тыс қалдырмаңыз.
Пісіру алаңын пайдаланып болған
сайын "off" (сөндіру) қалпына қойыңыз.
Ыдыс анықтағышқа сенбеңіз.
Пісіру алаңдарына ас құралдарын
немесе кәстрөлдердің қақпақтарын
қоймаңыз. Қызып кетуі мүмкін.
Құрылғыны су қолмен іске қоспаңыз
немесе суға тиіп тұрған құрылғыны
пайдаланбаңыз.
Құрылғыны жұмыс орны немесе зат
сақтайтын орын ретінде қолданбаңыз.
Құрылғының бетіне сызат түссе, дереу
тоқ көзінен ағытыңыз. Бұл әрекет электр
қатеріне ұшырап қалуға жол бермейді.
Кардиостимуляторы бар адамдар
құрылғы іске қосылып тұрған кезде
индукциялық пісіру алаңдарынан кем
дегенде 30 см алыс тұруға тиіс.
Тағамды ыстық майға салғанда, май
шашырауы мүмкін.
ЕСКЕРТУ!
Өрт және жарылыс пайда болу
қаупі бар
Тоңмайларды немесе майды қыздырған
кезде тұтанғыш бу пайда болады.
Тоңмайға немесе майға тамақ пісірген
кезде қызған заттарды немесе оттың
жалынын алыс ұстаңыз.
Қатты қызған майдан бөлініп шығатын
бу, кенет жарылыстың орын алуына
себеп болады.
Құрамында тағам қалдықтары бар
қолданылған май, бірінші рет
қолданылып отырған майға қарағанда,
төмен температурада өрт пайда болуға
әкелуі мүмкін.
Тұтанғыш заттарды немесе ішіне
тұтанғыш зат салынған дымқыл
заттарды құрылғының ішіне, қасына
немесе үстіне қоймаңыз.
ЕСКЕРТУ!
Құрылғыны бүлдіріп алуыңыз
мүмкін.
Басқару панеліне ыстық ыдыс
қоймаңыз.
Ыстық табаның қақпағын пештің ыстық
әйнек бетіне қоймаңыз.
Ыдысты ішіндегісі сарқылғанша
қайнатпаңыз.
Құрылғының үстіне зат немесе ыдыс
құлап кетуге жол бермеңіз. Құрылғының
бетне зақым келуі мүмкін.
Пісіру алаңдарын бос ыдыс қойып
немесе ешбір ыдыс қоймай іске
қоспаңыз.
Құрылғының үстіне алюминий жұқалтыр
қоймаңыз.
Құйылған шойыннан, алюминийден
жасалған немесе астына нұқсан келген
ыдыстар, шыны / шыны керамика бетке
сызат түсіреді. Бұндай заттарды
құрылғының бетінде үнемі көтеріп
жылжыту керек.
Бұл тек тағам пісіруге арналған
құрылғы. Басқа мақсатта, мысалы
бөлмені қыздыру үшін қолдануға
болмайды.
Күту менен тазалау
Құрылғының қаптамасының сапасы
түспес үшін мезгіл-мезгіл тазалаңыз.
Құрылғыны тазалардан бұрын сөндіріңіз
де, суығанша күтіңіз.
Қызмет көрсету алдында құрылғыны
электр желісінен ажыратыңыз.
Құрылғыны тазалау үшін сулы спрейді
және буды қолданбаңыз.
Құрылғыны дымқыл, жұмсақ
шүберекпен тазалаңыз. Тек бейтарап
тазартқыш заттарды қолданыңыз.
www.zanussi.com 5
Жеміргіш заттарды, түрпілі жөкелерді,
еріткіштерді немесе металл заттарды
пайдаланбаңыз.
Құрылғыны тастау
ЕСКЕРТУ!
Жарақат алу немесе тұншығып
қалу қаупі бар.
Құрылғыны қоқысқа дұрыс тастауға
қатысты ақпаратты жергілікті әкімшілік
мекемеге хабарласып алыңыз.
Құрылғыны электр желісінен
ажыратыңыз.
Құрылғыға жақын орналасқан электр
сымын кесіп, қоқысқа тастаңыз.
Сервис
Құрылғыны жөндеу үшін уәкілетті
қызмет көрсету орталығына
хабарласыңыз.
Тек ғана фирмалық қосалқы
бөлшектерді қолданыңыз.
Бұйым сипаттамасы
Пісіру алаңдарының көрінісі
210 mm
145 mm
180 mm
145 mm
1
1
1 1
2
1
Индукциялық пісіру алаңы
2
Басқару панелі
Басқару панелінің көрінісі
1 32 4 5
Құрылғыны іске қосу үшін сенсорлық өрістерді пайдаланыңыз. Бейнебеттер, индикаторлар
мен дыбыстық сигналдар қай функциялардың жұмыс жасайтынын көрсетеді.
6 www.zanussi.com
Сенс
орлы
қ өріс
Функция Түсіндірме
1
ҚОСУ/СӨНДІРУ Пештің үстін қосуға және сөндіруге арналған.
2
Құлып / Бала қауіпсіздігінің
құралы
Басқару панелін құрсаулайды/құрсауын
ағытады.
3
- Пісіру алаңын таңдауға арналған.
4
- Қыздыру параметрінің
бейнебеті
Қыздыру параметрін көрсетуге арналған.
5
/
- Қызу параметрін орнатуға арналған.
Қызу параметрінің бейнебеттері
Дисплей Сипаттама
Пісіру алаңы сөндірулі.
-
Пісіру алаңы жұмыс істейді.
Қуат функциясы жұмыс істейді.
+ сан
Ақаулық орын алды.
Пісіру алаңы әлі ыстық (қалдық қызу).
Құлып / Бала қауіпсіздігінің құралы функциясы жұмыс істейді.
Пісіру алаңына жарамсыз ыдыс немесе тым кішкене ыдыс қойылған не
мүлдем ыдыс қойылмаған.
Автоматты түрде сөндіру функциясы жұмыс істейді.
Қалдық қызу индикаторы
ЕСКЕРТУ!
Қалдық қызуға күйіп қалу
қаупі бар.
Индукциялық пісіру алаңдары тағам пісіру
үшін қажет қызуды ыдыс түбінен тура
жібереді. Ыдыстағы қалдық қызу пештің
керамика бетін қыздырады.
Әркүндік қолдану
ЕСКЕРТУ!
Қауіпсіздік тарауларын қараңыз.
Іске қосу және сөндіру
Пештің үстін қосу немесе сөндіру үшін
белгісін 1 секунд түртіңіз.
www.zanussi.com 7
Автоматты түрде сөндіру
Функция пештің үстін келесі
жағдайларда автоматты түрде
сөндіреді:
барлық пісіру алаңдары сөндірулі болса,
пештің үстін іске қосқан соң қызу
параметрін орнатпасаңыз,
басқару панеліне бір нәрсе төгіліп қалса
немесе ол 10 секундтан артық (ыдыс,
киім т.с.с.) жабық қалса. Дыбыстық
сигнал естіліп, пештің үсті сөнеді.
Заттарды алыңыз немесе басқару
панелін тазалаңыз.
пештің үсті қатты қызып кетсе (мысалы,
кәстрөлдің ішіндегісі сарқылғанша
қайнаса). Пештің үстін қайта қолдану
алдында пісіру алаңын салқындатыңыз.
егер сай келмейтін ыдыс пайдаланылса.
белгісі жанып, пісіру алаңы 2
минуттан кейін автоматты түрде сөнеді.
пісіру алаңын сөндірмесеңіз немесе
қызу параметрін өзгертпесеңіз. Шамалы
уақыттан кейін жанады да, пеш
жұмысын тоқтатады.
Пештің үстін сөндіргеннен кейінгі уақыт
пен қызу параметрінің арасындағы
байланыс:
Қызу параметрі Пештің үсті мына
уақыттан кейін
сөнеді:
, 1 - 2
6 сағаттан кейін
3 - 4 5 сағаттан кейін
5 4 сағаттан кейін
6 - 9 1,5 сағаттан кейін
Пісіру алаңын таңдау
Пісіру алаңын таңдау үшін тиісті алаңның
сенсорын
басыңыз. Бейнебет қызу
параметрін ( ) бөлектеп көрсетеді.
Қызу параметрі
Пісіру алаңын орнатыңыз.
Қызу параметрі мәнін көбейту үшін
белгісін түртіңіз. Қызу параметрі мәнін
азайту үшін белгісін түртіңіз. Пісіру
алаңын сөндіру үшін және белгісін
бір уақытта басыңыз.
Қуат функциясы
Бұл функция индукциялық пісіру
алаңдарына көп қуат береді. Бұл
функцияны индукциялық пісіру алаңы үшін
уақытын шектеп қосуға болады. Осы уақыт
аяқталғаннан кейін, индукциялық пісіру
алаңы автоматты түрде ең үлкен қызу
параметріне қойылады.
“Техникалық ақпарат” тарауын
қараңыз.
Функцияны пісіру алаңы үшін қосқыңыз
келсе: әуелі пісіру алаңын, содан кейін ең
жоғары қыздыру параметрін орнатыңыз.
түймешігін жанғанша түртіңіз.
Функцияны сөндіру үшін: түймешігін
басыңыз.
Құлып
Басқару панелін пісіру алаңдары жұмыс
істеп тұрғанда бұғаттауға болады. Ол қызу
параметрінің кездейсоқ өзгеруіне жол
бермейді.
Әуелі қыздыру параметрін орнатыңыз.
Функцияны қосу үшін: белгішесін
басыңыз. белгішесі 4 секунд жанады.
Функцияны сөндіру үшін: түймешігін
басыңыз. Алдыңғы қызу параметрі жанады.
Пешті сөндірген кезде, осы
функция да сөнеді.
Бала қауіпсіздігінің құралы
Бұл функция пеш үстінің кездейсоқ
қосылып кетуіне жол бермейді.
Функцияны қосу үшін: пештің үстін
көмегімен қосыңыз. Қызу параметрін
орнатпаңыз. белгішесін 4 секунд
басыңыз. белгішесі жанады. Пештің
үстін
көмегімен сөндіріңіз.
Функцияны сөндіру үшін: пештің үстін
көмегімен қосыңыз. Қызу параметрін
орнатпаңыз.
белгішесін 4 секунд
8 www.zanussi.com
басыңыз. белгішесі жанады. Пештің
үстін көмегімен сөндіріңіз.
Функцияны бір пісіру уақыты үшін ғана
қайта орнату: пештің үстін
көмегімен
іске қосыңыз. белгішесі жанады.
белгішесін 4 секунд басыңыз. Қызу
параметрін 10 секунд ішінде орнатыңыз.
Пештің үстін іске қосуға болады. Пешті
көмегімен сөндірген кезде, функция қайта
жұмыс істейді.
Қуатты басқару функциясы
Пісіру алаңдары пештегі фаза санымен
және орналасқан орындарына қарай
топтастырылған. Суретке қараңыз.
Әр фаза ең көбі 3700 Вт электр
жүктемесін көтере алады.
Бұл функция бір фазаға қосылған пісіру
алаңдарының арасындағы қуат
мөлшерін бөледі.
Бұл функция бір фазаға қосылған пісіру
алаңдарының жалпы электр жүктемесі
3700 Вт-тан артқанда іске қосылады.
Бұл функция бір фазаға қосылған басқа
пісіру алаңдарының қуат мөлшерін
төмендетеді.
Қуаты азайған алаңдардың қызу
параметрін көрсететін дисплейде екі
деңгей кезек-кезек көрсетіліп тұрады.
Ақыл-кеңес
ЕСКЕРТУ!
Қауіпсіздік тарауларын қараңыз.
Ыдыс-аяқ
Индукциялық пісіру
алаңдарында, электр-магнитті
өріс ыдыс ішінде жылдам қызу
пайда болдырады.
Индукциялық пісіру алаңына
дұрыс ыдыс қойып
пайдаланыңыз.
Ыдыс-аяқтың материалы
жарамды: шойын, темір, эмальмен
қапталған болат, тоттанбайтын темір,
табаны көп қабаттан тұратын ыдыс
(өндіруші тарапынан жарамдылығы
көрсетілген).
жарамсыз: алюминий, мыс, сары мыс,
шыны, керамика, фарфор.
Ыдыс индукциялық пісіру алаңына сай
келеді, егер:
жоғары қызу параметрі орнатылған
пісіру алаңына аз су қойылса, жылдам
қайнап кетеді.
ыдыстың түбіне магнитке жабысса.
Ыдыстың түбі барынша қалың
әрі мүмкіндігінше жайпақ болуға
тиіс.
Ыдыстардың өлшемдері
Индукциялық пісіру алаңдары, ыдыс
табанының өлшеміне белгілі бір шамада
автоматты түрде бейімделеді.
Пісіру алаңының тиімділігі ыдыстың
диаметріне байланысты. Диаметрі
көрсетілген ең кіші диаметрден кіші ыдыс,
пісіру алаңынан бөлінетін қуаттың бір
бөлігін ғана қабылдай алады.
“Техникалық ақпарат” тарауын
қараңыз.
Жұмыс кезіндегі шуыл
Егер келесі шуыл естілсе:
www.zanussi.com 9
сыртылдаған дыбыс естісеңіз: ыдыс әр
түрлі материалдардан жасалған (көп
қатпарлы құрылым).
ысқырған дыбыс: сіз пісіру алаңын
жоғары қуат деңгейіне қойып
пайдаланасыз, және ыдыс әр түрлі
материалдардан жасалған (көп
қатпарлы құрылма).
гуілдеу: жоғары қуат деңгейін
пайдаланғансыз.
шыртылдау: электр тоғы қосылып-
ажыратылады.
ысылдау, ызыңдау: желдеткіш жұмыс
істейді.
Бұл шуыл қалыпты болып есептеледі
және пештің ақаулығына жатпайды.
Тағам пісіру бағдарламаларының
үлгілері
Қызу параметрі мен пісіру алаңының
қуатты тұтыну мәні өзара тура байланысты
емес. Қызу параметрінің мәнін көбейткен
кезде, пісіру алаңы пайдаланатын қуаттың
мәні пропорциональды түрде көбеймейді.
Сондықтан да, орташа қызу параметрін
қолданатын пісіру алаңы, өз қуатының
жартысынан азын жұмсайды.
Кестедегі деректер жалпылама
нұсқау ретінде ғана берілген.
Қызу
параметрі
Пайдалану: Уақыт
(мин.)
Ақыл-кеңес
- 1
Піскен тағамды жылы ұстаңыз. қажетіне
орай
Ыдыстың қақпағын жабыңыз.
1 - 2 Голланд тұздығы, балқытылған:
сары май, шоколад, желатин.
5 - 25 Ара-тұра араластырыңыз.
1 - 2 Қойылту: шайқалған омлет,
піскен жұмыртқалар.
10 - 40 Қақпағын жауып пісіріңіз.
2 - 3 Күріш және сүтке пісірілген
тағамдарды баяу қайнату,
дайын тағамдарды жылыту.
25 - 50 Күрішке кем дегенде, оның
мөлшерінен екі есе артық су
құйыңыз, сүт тағамдарын
арасында араластырыңыз.
3 - 4 Буға піскен көкөністер, балық,
ет.
20 - 45 Бірнеше ас қасық су қосыңыз.
4 - 5 Буға піскен картоптар. 20 - 60 750 г картопқа ең көбі ¼ л су
пайдаланыңыз.
4 - 5 Көп мөлшердегі тағамдар,
бұқтырылған тағамдар мен көже
пісіру.
60 - 150 3 литрге дейін су және
құраластар.
6 - 7 Баппен қуыру: эскалоп, "кордон
блё" бұзау еті, котлет, риссоль,
шұжық, бауыр, майға қуырылған
ұн, жұмыртқа, құймақ, бауырсақ.
қажетіне
орай
Орта тұсында аударыңыз.
7 - 8 Қатты қуыру, қуырылған картоп,
қоң ет, бифштекстер.
5 - 15 Орта тұсында аударыңыз.
9 Суды қайнату, макарон пісіру, етті қызартып қуыру (гуляш, бұқтырып пісіру),
фри қуыру үшін.
10 www.zanussi.com
Қызу
параметрі
Пайдалану: Уақыт
(мин.)
Ақыл-кеңес
Суды көп мөлшерде қайнатыңыз. Қуат функциясы қосылып тұр.
Күту менен тазалау
ЕСКЕРТУ!
Қауіпсіздік тарауларын қараңыз.
Жалпы ақпарат
Пештің үстін пайдаланған сайын
тазалаңыз.
Ыдысты қолданғанда табаны әрқашан
таза болсын.
Пештің үстіне түскен сызаттар немесе
қошқыл дақтар оның жұмысына
ешқандай әсер етпейді.
Пештің үстін тазалауға жарамды
арнайы тазалағышты пайдаланыңыз.
Шыныға арналған арнайы қырғышты
қолданыңыз.
Пештің үстін тазалау
Дереу тазалаңыз: балқыған
пластмасса, пластик фольга, қант және
қант қосылған тағам. Дереу
тазаламасаңыз, пештің үстін бүлдіріп
алуыңыз мүмкін. Күйіп қалмау үшін абай
болыңыз. Қырғышты шыны бетке
арнайы сүйір бұрыш жасап қойып, жүзін
жылжыта отырып тазалаңыз.
Пештің үсті жеткілікті түрде суыған
кезде алыңыз: әк дақтары, су дақтары,
май дақтары, металдың жылтыраған
дақтары. Пештің үстін дымқыл
шүберекпен және жеміргіш емес жуғыш
затпен тазалаңыз. Тазалап болғаннан
кейін пештің үстін жұмсақ шүберекпен
сүртіңіз.
Жылтыраған металл дақтарын
кетіріңіз: сірке суы қосылған ерітіндіні
пайдаланып, әйнек бетін дымқыл
шүберекпен тазалаңыз.
Ақаулықты түзету
ЕСКЕРТУ!
Қауіпсіздік тарауларын қараңыз.
Не істерсіңіз, егер...
Ақаулық Ықтимал себебі Шешімі
Пешті қосып немесе іске
пайдалана алмадыңыз.
Пеш электр тоғына қосылған
жоқ немесе теріс қосылған.
Пештің электр көзіне дұрыс
қосылғанына көз жеткізіңіз.
Қосылым сызбасын қайта
қараңыз.
Сақтандырғыш жанып кеткен. Ақаулыққа сақтандырғыштың
себеп болғанына көз
жеткізіңіз. Сақтандырғыш
қайта-қайта жанып кетсе,
білікті электршіге
хабарласыңыз.
www.zanussi.com 11
Ақаулық Ықтимал себебі Шешімі
Пешті қайта іске қосыңыз да,
қызу параметрін 10 секундтан
аз уақыт ішінде орнатыңыз.
Бір уақытта 2 немесе одан да
көп сенсорлық өрістерді
басып қойғансыз.
Бір ғана сенсорлық өрісті
басыңыз.
Басқару панеліне су немесе
май шашыраған.
Басқару панелін тазалаңыз.
Дыбыстық сигнал естіліп,
пештің үсті сөнеді.
Пеш сөнген кезде дыбыстық
сигнал естіледі.
Бір немесе бірнеше
сенсорлық өріске зат
қойылған.
Сенсорлық өрістердегі затты
алыңыз.
Пештің үсті сөнеді.
Сенсорлық өріске бір зат
қойылған.
Сенсорлық өрістердегі
заттарды алыңыз.
Қалдық жылу индикаторы
жанбай тұр.
Алаң ыстық емес, себебі ол аз
уақыт ғана қосылып тұрған.
Егер алаң қызу үшін едәуір
ұзақ жұмыс істесе, уәкілетті
қызмет көрсету орталығына
хабарласыңыз.
Екі қызу параметрі ауысып
көрсетіледі.
Қуатты басқару функциясы
жұмыс істейді.
"Әркүндік қолдану" тарауын
қараңыз.
Сенсорлық өрістер қызып
кетеді.
Тым үлкен ыдыс қолданылған
немесе ыдыстар басқару
құралдарына тым жақын
қойылған.
Үлкен ыдыстарды артқы пісіру
алаңдарына қойыңыз.
жанады.
Автоматты сөндіру құралы
қосылады.
Пешті ажыратыңыз да, қайта
қосыңыз.
жанады.
Бала қауіпсіздігінің құралы
немесе Құлып функциясы іске
қосылады.
"Әркүндік қолдану" тарауын
қараңыз.
жанады.
Алаңда ешбір ыдыс жоқ. Алаңға ыдыс қойыңыз.
Ыдыс дұрыс қолданылмаған. Дұрыс ыдысты
пайдаланыңыз.
“Ақыл-кеңестер және
ұсыныстар” тарауын қараңыз.
Ыдыс түбінің диаметрі алаң
үшін тым кішкене.
Өлшемі сай келетін ыдысты
пайдаланыңыз.
“Техникалық ақпарат” тарауын
қараңыз.
12 www.zanussi.com
Ақаулық Ықтимал себебі Шешімі
және сан жанады.
Пеште ақау бар. Пешті электр желісінен біраз
уақыт ажырата тұрыңыз.
Сақтандырғышты электр
желісінен ағытып қойыңыз.
Қайта қосыңыз. Егер қайта
көрініс берсе, уәкілетті қызмет
көрсету орталығына
хабарласыңыз.
жанады.
Пеште ақау пайда болды,
себебі ыдыстың ішіндегісі
таусылғанша қайнаған.
Автоматты қосқыш сөндірулі
және алаңдардың қатты
қызудан қорғау құралы іске
қосылады.
Пешті сөндіріңіз. Ыстық
ыдысты алыңыз. Шамамен 30
секунд өткеннен кейін алаңды
қайта қосыңыз. Мәселе
ыдысқа байланысты болса,
ақау хабары көрінбей кетеді.
Қалдық қызу индикаторы
қосылып тұруына болады.
Ыдысты әбден салқындатып
алыңыз. Ыдыстың пештің
үстіне сай келетін-келмейтінін
тексеріңіз.
“Ақыл-кеңестер және
ұсыныстар” тарауын қараңыз.
Ақаулықты түзету шешімін өзіңіз таба
алмасаңыз...
Ақаулықты түзету шешімін өзіңіз таба
алмасаңыз, дилеріңізге не уәкілетті қызмет
көрсету орталығына хабарласыңыз.
Техникалық ақпарат тақтайшасындағы
деректерді беріңіз. Сонымен қоса, шыны
керамиканың үш саннан тұратын нөмірін,
(шынының бетіндегі бұрышта) және
ақаулық орын алғанда көрсетілген хабарды
беріңіз. Пешті дұрыс пайдаланғаныңызға
көз жеткізіңіз. Бұлай істемеген жағдайда,
қызмет көрсету орталығының технигі
немесе дилер көрсеткен қызмет, кепілдік
мерзімі кезінде де ақылы болуы мүмкін.
Қызмет көрсету орталығына қатысты
нұсқаулар мен кепілдік шарттары кепілдік
кітапшасында берілген.
Орнату
ЕСКЕРТУ!
Қауіпсіздік тарауларын қараңыз.
Орнату алдында
Пешті орнату алдында, техникалық
сипаттама тақтайшасынан келесі
деректерді жазыңыз. Техникалық ақпарат
тақтайшасы пештің астыңғы жағында
орналасқан.
Сериялық нөмірі ...........................
Кіріктірілген пештер
Кіріктірілген пештерді, пешті дұрыс
қондырылған құрылғыларға және
стандартты талаптарға сай келетін жұмыс
беттеріне құрастырғаннан кейін ғана
пайдаланыңыз.
Қосылым сымы
Пеш электр қосылымы сымымен
жабдықталған.
Зақымданған қуат сымын ауыстыру үшін
келесі сымның түрлерін (немесе
жоғары) қолданыңыз: H05V2V2-F T
www.zanussi.com 13
кемінде 90°C. Жергілікті қызмет көрсету
орталығына хабарласыңыз.
Құрастыру
min.
50mm
min.
500mm
min.
2mm
min. 2 mm
A
B
A
12 mm
28 mm
38 mm
B
57 mm
41 mm
31 mm
min
30 mm
min. 500 mm
< 20 mm
> 20 mm
min. 2 mm
A
B
A
12 mm
28 mm
38 mm
B
57 mm
41 mm
31 mm
min. 500 mm
14 www.zanussi.com
R 5mm
min.
55mm
560
+1
mm
490
+1
mm
min.
38 mm
min.
2 mm
min.
12 mm
min.
2 mm
www.zanussi.com 15
Қорғаныс қорабы
Егер қорғаныс қорабын қолдансаңыз
(қосымша керек-жарақ), пештің алдыңғы
жағынан ауа алмасуға 2 мм орын
қалдырудың және астыңғы жағына
қорғаныш тақтасын орнатудың қажет жоқ.
Керек-жарақ болып есептелетін қорғаныс
қорабы кей елдерде берілмеуі мүмкін.
Жергілікті жабдықтаушыға хабарласыңыз.
Егер құрылғыны тұмшапештің
үстіне орнатсаңыз, қорғаныс
қорабын пайдалана алмайсыз.
Техникалық дерек
Техникалық ақпарат тақтайшасы
ZEI5681FB үлгісі Өнім нөмірі PNC 949 492 095 01
Түрі 60 GAP D5 AU 220 - 240 В 50 - 60 Гц
Индукция 6.6 кВт Румынияда жасалған
Сер.№. ................. 6.6 кВт
ZANUSSI
Пісіру алаңдарының сипаттамасы
Пісіру алаңы Номинальды
қуат (ең
жоғары қызу
параметрі)
[Вт]
Қуат
функциясы
[Вт]
Қуат
функциясы ең
көп ұзақтық
[мин]
Ыдыстың
диаметрі [мм]
Алдыңғы сол жақ 2300 2800 10 180 - 210
Артқы сол жақ 1200 - - 125 - 145
Алдыңғы оң жақ 1200 1800 4 125 - 145
Артқы оң жақ 1800 - - 145 - 180
Пісіру алаңдарының қуаты кестеде
көрсетілген мәндерден сәл ғана өзгеше
болуы мүмкін. Бұл мәндер ыдыстың
материалы мен өлшемдеріне байланысты
өзгереді.
Жақсы пісіру нәтижелеріне жету үшін
табанының диаметрі кестеде көрсетілген
диаметрлерден үлкен емес ыдысты
қолданыңыз.
16 www.zanussi.com
Қуат тиімділігі
EU 66/2014 стандарты бойынша берілген өнім ақпараты
Үлгінің техникалық
параметрлері
ZEI5681FB
Пеш үстінің түрі Кіріктірілген пеш
Пісіру алаңдарының саны 4
Қыздыру технологиясы Индукция
Дөңгелек пісіру
алаңдарының диаметрі (Ø)
Алдыңғы сол жақ
Артқы сол жақ
Алдыңғы оң жақ
Артқы оң жақ
21,0 см
14,5 см
14,5 см
18,0 см
Әр пісіру алаңының
пайдаланатын қуат мөлшері
(EC electric cooking)
Алдыңғы сол жақ
Артқы сол жақ
Алдыңғы оң жақ
Артқы оң жақ
165,0 Вт-сағ / кг
179,3 Вт-сағ / кг
179,3 Вт-сағ / кг
177,2 Вт-сағ / кг
Пештің пайдаланатын қуат
мөлшері (EC electric hob)
175,2 Вт-сағ / кг
EN 60350-2 - Тағам пісіретін тұрмыстық
электр құрылғылары - 2-бөлім: Пештің үсті
- Жұмыс тиімділігін өлшеу тәсілдері
Қуатты үнемдеу
Төмендегі кеңестерді орындасаңыз,
күнделікті тағам пісірген кезде қуатты
үнемдеуге болады.
Суды тек қажетті мөлшерде ғана
ысытыңыз.
Егер мүмкін болса, ыдысқа әрқашан
қақпақ жабыңыз.
Пісіру алаңын іске қосу алдында оған
ыдыс қойыңыз.
Шағын ыдысты шағын пісіру
алаңдарына қойыңыз.
Ыдыстарды пісіру алаңының тура
ортасына қойыңыз.
Тағамды жылы ұстау немесе жібіту үшін
қалдық қызуды пайдаланыңыз.
ҚОРШАҒАН ОРТАҒА ҚАТЫСТЫ ЖАҒДАЙЛАР
Белгі салынған материалдарды қайта
өңдеуден өткізуге тапсырыңыз. Орам
материалдарын қайта өңдеуден өткізу үшін
тиісті контейнерлерге салыңыз. Электрлік
және электроникалық құрылғылардың
қалдығын қайта өңдеуден өткізу арқылы,
қоршаған ортаға және адамның
денсаулығына зиын келтіретін жағдайларға
жол бермеуге өз үлесіңізді қосыңыз. Белгі
салынған құрылғыларды тұрмыстық
қалдықтармен бірге тастамаңыз. Өнімді
жергілікті қайта өңдеу орталығына өткізіңіз
немесе жергілікті мекемеге хабарласыңыз.
www.zanussi.com 17
Содержание
Сведения по технике безопасности 18
Указания по безопасности 20
Описание изделия 23
Ежедневное использование 24
Полезные советы 26
Уход и очистка 28
Поиск и устранение неисправностей 28
Установка 31
Технические данные 33
Энергоэффективность 34
Право на изменения сохраняется.
Сведения по технике безопасности
Перед установкой и эксплуатацией прибора внимательно
ознакомьтесь с приложенным руководством.
Производитель не несет ответственности за какие-либо
травмы или ущерб, возникший вследствие неправильной
установки или эксплуатации. Всегда храните данное
руководство под рукой в надежном месте для
последующего использования.
Безопасность детей и лиц с ограниченными
возможностями
Данный прибор может эксплуатироваться детьми старше
8 лет и лицами с ограниченными физическими,
сенсорными или умственными способностями и с
недостаточным опытом или знаниями только при
условии нахождения под присмотром лица, отвечающего
за их безопасность, или после получения
соответствующих инструкций, позволяющих им
безопасно эксплуатировать электроприбор и дающих им
представление об опасности, сопряженной с его
эксплуатацией.
Не позволяйте детям играть с прибором.
Храните все упаковочные материалы вне досягаемости
детей и утилизируйте материалы надлежащим образом.
Не подпускайте детей и домашних животных к прибору,
когда он работает или остывает. Доступные для контакта
части прибора сохраняют высокую температуру.
Если прибор оснащен устройством защиты от детей, его
следует включить.
18 www.zanussi.com
Очистка и доступное пользователю техническое
обслуживание прибора не должно производиться детьми
без присмотра.
Детям младше 3 лет категорически запрещается
находиться рядом с прибором во время его работы.
Общие правила техники безопасности
ВНИМАНИЕ: Прибор и его доступные для контакта части
сильно нагреваются во время эксплуатации. Будьте
осторожны и не прикасайтесь к нагревательным
элементам. Детям младше 8 лет запрещается
находиться рядом с прибором, если только за ними не
обеспечивается постоянный надзор взрослых.
Не эксплуатируйте данный прибор с помощью внешнего
таймера или отдельной системы дистанционного
управления.
ВНИМАНИЕ: Оставление на варочной панели продуктов,
готовящихся на жире или масле, может представлять
опасность и привести к пожару.
НИ В КОЕМ СЛУЧАЕ не пытайтесь залить пламя водой;
вместо этого выключите прибор и накройте пламя,
например, крышкой или противопожарным одеялом.
ПРЕДУПРЕЖДЕНИЕ: ход приготовления требует
надзора. При малом времени приготовления надзор
должен быть постоянным.
ВНИМАНИЕ: Опасность возгорания: не используйте
варочные поверхности для хранения каких-либо
предметов.
Не следует класть на варочную поверхность
металлические предметы, такие как ножи, вилки, ложки и
крышки, так как они могут нагреться.
Не используйте пароочистители для очистки прибора.
После использования выключите конфорку ее ручкой
управления и не полагайтесь на датчик обнаружения
посуды.
www.zanussi.com 19
При обнаружении трещин на стеклокерамической панели
или при ее растрескивании отключите прибор во
избежание поражения электрическим током.
В случае повреждения шнура питания во избежание
несчастного случая он должен быть заменен
изготовителем, авторизованным сервисным центром или
специалистом с равнозначной квалификацией.
ВНИМАНИЕ: Используйте только защиту духового
шкафа, которая была разработана производителем
прибора для приготовления пищи, обозначена
производителем прибора в инструкциях в качестве
пригодной для использования с данным прибором, либо
встроена в прибор. Использование ненадлежащей
защиты может стать причиной несчастного случая.
Указания по безопасности
Установка
ВНИМАНИЕ!
Установка прибора должна
осуществляться только
квалифицированным
персоналом.
Удалите всю упаковку.
Не устанавливайте и не подключайте
прибор, имеющий повреждения.
Следуйте приложенным к прибору
инструкциям по его установке.
Обеспечьте наличие минимально
допустимых зазоров между соседними
приборами и предметами мебели.
Никогда не забывайте о мерах
предосторожности при его
перемещении: прибор имеет большой
вес. Всегда используйте защитные
перчатки и закрытую обувь.
Поверхности срезов столешницы
необходимо покрыть герметиком во
избежание их разбухания под
воздействием влаги.
Защитите днище прибора от пара и
влаги.
Не устанавливайте прибор возле
дверей или под окнами. Это позволит
избежать падения с прибора кухонной
посуды при открывании двери или окна.
В случае установки прибора над
выдвижными ящиками убедитесь, что
между днищем прибора и верхним
ящиком имеется достаточное для
вентиляции пространство.
Дно прибора сильно нагревается.
Обязательно разместите под прибором
пожаробезопасную разделительную
прокладку для предотвращения доступа
к прибору снизу.
Обеспечьте свободный вентиляционный
просвет шириной 2 мм между
столешницей и передней частью
изделия под ней. Гарантия не
распространяется на повреждения,
вызванные отсутствием достаточного
для вентиляции пространства.
Подключение к электросети
ВНИМАНИЕ!
Существует риск пожара и
поражения электрическим током.
Все подключения к электросети должны
производиться квалифицированным
электриком.
Прибор должен быть заземлен.
Перед выполнением каких-либо
операций по чистке прибора или по
уходу за ним его следует отключить от
сети электропитания.
20 www.zanussi.com
/